Таттылар қатары саңырауқұлағы тудыратын аурулар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Таттылар қатары
2.2Таттылар қатары саңырауқұлағы тудыратын аурулар
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Өсімдік аурулары туындау себептеріне байланысты жұқпалы ( түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ, гематода және т.б тудыратын) және жұқпайтын ( қоректену бұзылуынан, ыстық - суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т.б ) аурулар топтарына бөлінеді. Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктерінің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен қуаңшылығы, аңызық желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарына дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т.б жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы таяқша тәрісдес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың механикалық немесе аяздан зақымданғандіндерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денеліліер жұмыртқаларын салыпсонда өсіп - көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.
Солардың ішінде, саңырауқұлақтардың 100000-дай түрі белгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорафилл болмайды. Саңырауқұлақтардың кейбіреулері бір клеткалы, алайда олардың көпшілігі көпклеткалы организмдер болып келеді. Қоректену ерекшеліктеріне қарай саңырауқұлақтарды не сапрофиттерге, не парзиттерге жатқызады. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенді, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларын өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді. Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді хитродиомицеттер класы, гифохитродиомицеттер класы, оомицеттер класы, зигомицеттер класы, аскомицеттер класы, базидиомицеттер класы, жетілмеген саңырауқұлақтар класы. Алғашқы төрт кластың өкілдері төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері көлденең перделері арқылы жекеленген бөліктерге бөлінбеген, немесе мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді.

2.1 Таттылар қатары

Тат саңырауқұлақтары - Uredinales қатары. Тат саңырауқұлағы табиғатта көп тараған, оның 400 8000 шамасындай түрі бар. Олар әртүрлі фитоценоздың құрамында енетін өсімдіктердің облигатты паразиттері. Әрбір таттың өздеріне тән таралу ареалы болады, сонымен қатар олар әр өсімдік түріне, астықтардың сортына бейімделу ерекшеліктері болады.
Барлық тат саңырауқұлағы да жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің, сирек папоротниктер мен қылқын жапырақтылардың паразиттері. Тат саңырауқұлағының мицелийлері өсімдік тіндерінің арасындағы клетка аралық қуыстарда және олардың клетка ішіне де енуі жиі кездеседі. Мүшелерінің бетінде қызғылт сары, немесе тат түсті дақ көрінеді, бұл - түсі жағынан каротинге ұқсас, ішінде қызғылт сары пигменттері липохром бар - споралар жиындысы. Тат саңырауқұлақтары тат ауруын тудырады.
Ауру қоздыратын эцидиоспора сау өсімдікке түсіп, саңылау тесігінің маңына аппрессория арқылы бекінеді. Одан саңылау тесігі арқылы клетка аралықтарына қарай өтіп диплоидты мицелий өседі. Эпидермис арқылы жапыраққа түскен базидиоспора өне келе клетка аралықтарына эндофитті гаплоидты мицелий түзіп, иесінің клетка ішіне өтіп гаустория құрайды. Сөйтіп клетка ішілік заттарын сорып, аз уақытта өсімдіктің тіршілігін жояды.
Даму циклінің аздаған уақыты базидиоспора және бүршіктенетін клетка сапрофитті күйде өтетін қаракүйе саңырауқұлағын айырмашылығы, бұларда сапрофитті кезеңі болмайтын облигатты паразиттер. Тат саңырауқұлағының даму кезеңінде бірінен соң бірі заңды түрде ауысып отыратын әр түрлі спора тасушы мүшелер түзіледі. Таттардың көпшілігі екі иелі. Олар өсімдіктің вегетативтік мүшелерін зақымдайды.
Қыстап шығатын вегетативтік спора болып, диплоидты мицелийде пайда болатын телейтоспора. Біраз уақыттан кейін диплоидты телейтоспорадан гаплоидты базидий мен базидиоспора дамиды.
Тат саңырауқұлағының толық емес сатысында эцидиальды кезеңі түсіп қалған уаытта екінші уредостадияның алдында спермогон кезеңі өтеді. Ал эцидиальды стадия мен уродостадиясы түсіп қалғанда, телейтоспораның алдында спермогон жүреді.
Барлық тат саңырауқұлақтары ұзын сағақты телейтоспоралы пункциниялары ( Pucciniaceae) және телейтоспоралы сағақсыз мелампспоралылар ( Melampsoraceae) деп екі тұқымдасқа бөледі.
Пункциния тұқымдасы - Pucciniaceae. Тұқымдасқа ауылшаруашылық өсімдіктерінің ауру қоздырғыштарының көптеген түрлері жатады. Залалданған мүше бетінде эпидермиспен жабылған бөртпелер пайда болады.
Телиоспоралары бір, екі және көпклеткалы, сабақты. Кейбір саңырауқұлақтарда шырынды зат бөлінеді. Тат саңырауқұлақтары бір және әр иелі болады. Құрамында бірнеше туыстары болады.
Uromyces туысының телиоспоралары бір клеткалы. Уредений және телий кезеңдері бұршақ және алабұта тұқымдасына жататын өсімдіктерде өтіп, ал эций кезеңі сүттіген туысында өтеді.

1 - сурет Uromyces betae - Қызылша таты Uromyces pisi - Бұршақтың тат ауруы
Puccinia туысының телиоспоралары екі клеткалы. Бұл саңырауқұлақтары әр иелі, көбінесе дәнді дақылдарды залалдайды.
Tranzschelia туысы орыс микологы Траншельдің атымен аталған. Бұл туысқа жататын түрлер әр иелі. Телиоспоралары екі клеткалы қоңыр, сүйелді ортасында пердесі бар.

2 - сурет
Пункциниялылар ( Pucciniaceae) тұқымдасына 360- тай түр жатады, олардың ішінде көп тараған пункциния ( Puccinia) - 227 мен уромицес ( Uromyces) - 74 туыстары. Бұл туыстарды ішінде даму кезеңі жеткілікті зерттелгендерінің ішінде белгісі астықтың сызықтық таты - Puccinia graminnes саңырауқұлағы. Бұл өзінің дамуын сарағаштың (Berberis) жапырағынан ие басқа өсімдікке бастайды.
Жапырақтың жоғарғы жағында қызғылт сарғыш түсті нүктелер пайда болады. Бұл саңырауқұлақтың спора тасу органы. Ол алғашқы уақытта шумақталған гиф түріне, кейіннен бір ядролы гаплоидты клеткалардан құралған мицелийлер, клетка аралық кеңістіктерге еніп жатады. Бұзылған тіннің сарғыш түсі май ташыларына байланысты. Жапырақтың жоғарғы бетінде спермогондар немесе пикнидийлер, ал төменгі жағында эцидийлер дамиды. Спермогондар құмыра пішінді қуыс дене. Оның қуысында тарамдалған қысқа спора түзуші бір ядролы гаплоидты гифалар дамиды, олардың ұшынан бір ядролы пикноспоралар өседі. Пикнидийлер піскенде оның ішінен гифалар тпталып қылтиып шығып тұрады, олармен бірге ішінде пикноспоралары бар иісті сұйық зат шығады. Пикноспоралар өздігінен індет туғыза алмайды. Ол үшін әртүрлі белгілері бар пикноспора гифалары қосылып дикарионды мицелий құру қажет.
Жапырақтың төменгі жақ бөлімінде эцидийлер шумақталған жіп сияқты дөңгелек пішінді болып, клетка аралық қуыста жатады, оның да гифалары бір ядролы және қатар түзеп орналасқан. Қатар жатқан бір ядролы қарама - қарсы гифалардың анастомозға ұшырауынан цитоплазмада екі ядролы гифалар түзіледі. Олардан базальды жағынан бастап екі ядролы цилиндр пішінді клеткалар құралады, кейін олар тізбектелген екі ядролы спораларға ыдырайды. Шеткі базальды клеткалардан эцидийдің қабығы түзіледі. Эцидий піскен жапырақ бетінен көтеріліп, перидий қабығы екі жаққа қарай жыртылады да, эцидийде гүл сияқты ашылады, оның іші толған эцидиоспора болады. Олар жел арқылы астық тұқымдасына түседі, эцидиоспора қайтадан сарағашта індет туғыза алмайды. Астық тұқымдасының жапырағына, сабағына түскен эцидиоспора өніп, саңлау тесігі арқылы ішкі тінге өтіп, онда клетка аралық дикарионды мицелий түзеді, 5 - 7 күн өткеннен кейін эпидермистің астынан сопақ пішінді, екі ядролы, бір клеткалы, қысқа сабағы бар уредоспоралар дамиды. Ол эпидермистің жыртылуы арқылы босап, темірдің татындай болып көзге көрінеді де, жел арқылы бір өсімдіктен екінші өсімдікке түседі, бірнеше күннен кейін оның орнына жаңа жаздық уредоспоралар пайда болады. Бұл процесс бір жазда 5 - 6 рет қайталанады.
Егер пісе бастаған кезде қызыл сары дақтардың орнына қара дақтар пайда бола бастайды, бұл - саңырауқұлақтың жаңа қыстық - тынышталған телейтоспоралары. Телейтоспоралары уредоспораның орнына, сол мицелий үстінде жетіледі. Ол екі клеткадан тұрады, қалың қоңыр түсті қабығы, екі ядросы, сағағы болады. Телейтоспораның ядросы қосылып, диплоидты ядро түзеді де, ол тек келесі жылы көктемде өсе бастайды. Мұнда диплоидты ядро редукциялы жолмен бөлінеді. Телейтоспораның әрбір клеткасынан 4 клеткалы фрагмобазидий өседі. Әрбір фрагмобазидий клеткасынан стеригма өсіп шығады, оның ұшы түйреуіштің басы сияқты буылтықтанып, гаплоидты базидиоспораға айналады. Астық татының базидиоспорасы желмен таралады, тек сарағаштың жапырағына түссе ғана өніп, гаплоидты мицелий түзеді. Осылай даму циклы қайталана береді.
Астық татының даму циклын алғаш рет неміс микологы А.де - Бари 1864 - 1865 жылдары ашты. Көп уақыт бойы пикноспораның мән - жайы белгісіз болып келді, тек 1927 жылы Канада ғалымы Крэги пикноспораның атқаратын қызметін анықтады. Тат саңырауқұлағының мицелийлерінің әр түрлі жынысты екенін ашып, базидиоспорада дамыған гаплоидты мицелийден эцидиоспора түзілмейтіндігін дәлелдеді. Эцидиоспора дамуы үшін қарама - қарсы жынысты мицелий болуы керек. Табиғатта бұл процесс әр түрлі жынысты базидиоспоралармен зақымданған сарағаш жапырағында өскен мицелий клеткаларының қосылуының, немесе насекомдарының қарама - қарсы жынысты мицелийлерінің пикноспораларын бір өсімдіктен екінші өсімдікке жұқтыруы арқылы жүреді. Бұл пикноспралар пикнидийден ирелеңдеп шығып тұратын шырынды гифалар болады, қонған жәндіктерге жабысады. Қарсы белгісі бар спора клеткасының ішіндегі затын өзі жабысқан гифа арқылы мицелийге құяды да, ядрлары синхронды көбейіп дикарионды мицелий түзеді, енді одан эцидиоспора дами алады.
Тат саңырауқұлағының толық даму циклында ядро фазасының алмасуы байқалады: 1. Гаплоидты фазасы - базидиоспорадан басталып гаплоидты мицелий, пикнидийлер мен эцидия түрінде болады; 2. дикарионды фаза - эцидиоспора түзілуінің алдында мицелий клеткаларының қосылуынан басталып, уредоспора, телейтоспора ядроларының қосылуына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл тат саңырақұлағы дамуының көп уақытын алады;3. Диплоидты фаза ересек телейтоспорадан басталып, оның редукциялы бөлінуіне дейінгі уақыт.
Астық татының жабайы немесе мәдени өсімдіктерге өсетін әртүрлі биологиялық формалары да бар. Олардың астық татының морфологиялық айырмашылықтры да болады.
Пикнидийлер көбінесе құмыра пішінді, кейде жалпақ болып та келеді. Эцидийлер - сопақ, дөңгелек және ұзын мүйіз тәрізід өсінділері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таттылар қатары
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары
Septoria, Alternaria және Drechslera фитопатогенді саңырауқұлақтарының ауруларының таралу ерекшеліктері, зияндылығы және олармен күресу жолдары
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
Саңырауқұлақтардың жыныстық споратасушысы
Хитродиомициттер туралы түсінік
Аурулардың өсімдікті залалдауы
Адам ауруын қоздырушы дрожжилар. Өнеркәсіпте қолданылатын дрожжилар
Микотоксикоздар және микотоксикоздар тудыратын аурулар
Өсімдіктердің патогендермен залалдануы
Пәндер