Өсімдік қорғау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Астық дақылдарына зиян келтіретін сорғыш зиянкестердің түр құрамы, оларға қарсы қолданылатын күресу шаралар жүйесі


Алматы, 2020ж
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Цикадалар отряд тармағы таралуы, биологиясы және күресу шаралары
2.2 Бітелер отряд тармағы таралуы, биологиясы және күресу шаралары
3. Қорытынды
4. Пайдалынылған әдебиеттер

Кіріспе

Энтомология (грек. entomа - жәндіктер және logos - ілім) - жәндіктерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы.Ауылшаруашылық дақылдарына насекомдармен қатар жануарлар дүниесінің басқа топтарының (нематодалар,кенелер, жалаңаш шырыштар, кемірушілер) өкілдері де зиян келтіреді.Солардың ішінде түрлерінің саны жағынан өте көбі - насекомдар класы.
Практикалық маңызынп байланысты насекомдар пайдалы және зиянды болып екі топқа бөлінеді. Пайдалы насекомдарға зиянды организимдерді құртатын жыртқыш және паразиттік тіршілік ететін (энтомофагтар) түрлер, топырақ пен орман төсенішін мекендеп, топырақ түзілуге қатынасатындар, өсімдіктердің айқас тозаңдауын қамтамасыз ететіндер, сонымен қатар аса бағалы азық - түлік (бал) және өндіріс шикізаттарды (балауыз, жібек, бояу т.б.) беретіндер жатады. Ал зиянды өсімдіктерге ауыл шаруашылық дақылдарын, басқа да пайдалы өсімдіктерді және орман ағаштарын зақымдайтын өсімдік қоректілер фитофагтар, адамға және үй жануарларына қауіпті аурулар жұқтыратын әр түрлі қан сорғыш жәндіктер жатады.
Энтомология өзінің негізгі зерттеу обьектісі - насекомдардың практикалық маңызының алуан түрлілігіне сәйкес өз алдына дербес бірнеше жеке - жеке ғылыми пәндерге бөлінеді. Олардың ішінде Жалпы энтомология насекомдардың ішкі, сыртқы құрылысын, тіршілік әрекеттерін, олардың түр байлығы және тіршілік ортасымен өзара қарым - қатынасын зерттейді.
Ауыл шарушалық энтомологиясы мен Орман шаруашылық энтомологиясы ауыл шаруашылық дақылдар мен жайылым өсімдіктерінің және орман ағаштарының зиянкестерін зерттейді. Ал адам мен үй жануарларын ауру жұқтыратын қан сорғыш насекомдарды зерттеу Медицина энтомологиясы мен Ветеринария энтомологиясы үлесіне тиеді.
Энтомологияның негізгі міндеті - зиянды насекомдар ен басқа организимдерді зақымдау салдарынан ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімнің шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейлінше азайту.
Энтомология жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді.

Негізгі бөлім

Цикада отряды тармағы - Cicadinea . Тең қанаттылардың ең ірісі. Нағыз немесе сайрағыш, цикада тұқымдасына жататындардың кейбіреулерінің денесінің ұзындығы 65 мм - ге, ал қанаттарының өрісі 180 мм дейін жетеді Индонезиялық цикада. Басқа тұқымдастар өкілдерінің, мысалы, саңырауқұлақ цикадасының дене ұзындығы 3-5 мм аспайды. Цикадаларының барлығына тән белгі- олардың 3 бунақты қысқа мұртшалары ұзын да жіңішке қылшықпен аяқталады. Күрделі көздерінің аралығында 2-3 қарапайым көздер орналасқан. Барлық аяқтарының табаны 3 бунақты, артқы аяқтары секіргіш. Қанат жүйкелері жақсы жетілген. Көпшілік түрлері өсімдік шырынымен қоректенеді. Цикада мынандай 3 түрлі жолмен зиян келтіреді: шырының сорып алып өсімдіктерді әлсіретеді. Ол кейбір түрлердің жаппай өсіп - өнген кездерінде анық байқалады. Ұрғашы насеком жұмыртқалаған кезде салғыш қынабымен өсімдіктің жас өрккенін егеп жарақаттайды. Мұның салдарынан сабақтың зақымданған жерінен жоғарғы бунақтары қурап қалады.Ең қауіптісі - әр түрлі өсімдіктермен қоректенгенде вирус ауруларын таратады. Өсімдіктердің вирус ауруларын жұқтырып таратушы түрлерге жататындары қара цикада (Laodelphax striatella Fall.) , жолақ цикада (Psammotettix striatus L.), шырмауық цикадасы (Hyalesthes obsoletus Sing.). Ауру қоздырғыш вирус осы цикадкаларының денесінде болып, белгілі бір даму циклінен өтеді.
Біте отряд тармағы - Aphidinea.Денесі өте жұмсақ, ұсақ насекомдар 1-3мм. Мұртшалары 3-6 бунақтан тұрады: соңғы бунақ аздап сүйірленген, оның ұшында бірнеше тікенек тәрізді қылшықтар бар. Табаны әдетте 2 бунақты. Аз жүйкелі 2 жұп қанатты болады: қанатсыздары да жиі кездеседі. Құрсақтың 5- бунағының бүйір жағында 2 жіңішке өсінді - шырын түтікшелері орналасқан, олар зәр шығару қызыметін атқарады. Ең соңғы бунақ құйрық тәрізді болып ұзарған, болмаса дөңгеленіп келеді.
Бітелердің гетерогендік полиморфизм, партогеногенездік және гамогенездік даму және көп жағдайда ие - өсімдіктерін алмастыру сияқты бірқатар ерекшеліктері бар. Бітелер нағыз біте (Aphidoidea) және херместер (Adelgoidea) деп аталатын 2 топқа бөлінеді. Херместерден аса қауіпті зиянкестердің қатарына филлоксера тұқымдасының (Phylloxeridea) өкілдері, әсіресе жүзім(Viteus vitifolli Fitch.) филлоксерасы және алмұрт филлоксерасы (Aphanostigma piri Chol. et Mokrz.) жатады. Ал нағыз бітелердің көпшілігі ауыл шаруашылық дақылдарының қауіпті зиянкестері.
Астық цикадалары: алты нүктелі- Macrosteleslaevis Rib. және жолақты - Psammotettix striatus (Cycadellidae - тұқымдасы, Auchenorrhyncha - цикадалы отряд тармағы, Homoptera - тең қанаттылар отряды). Денелерінің-ұзындығы 3-5 мм, артқы аяқтары секіргіш. Алты нүктелі цикада-ашық сары түсті, басында 6 күңгірт нүкте болады. Жолақтың басы сүйірленген, қанаттарында мәрмәрлі сурет бар. Дернәсілдері ересектерге ұқсайды. Жылда 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Жұмыртқа кезінде аңыздарда, шөптерде, астық тұкымдас жабайы өсімдіктерде қыстайды. Жұмыртқасын жапырақтың ұлпаларына салады, өсімталдығы 50-200 жұмыртқа. Дернәсіл 5 жастан өтеді. Цикадалар жасырынды өмір сүреді. Олар құрғақшылық жылдары көбірек көбейеді. Селдір, күнмен жақсы жылынатын алаңдарды керек етеді. Дернәсілдері және ересектері бидайды, арпаны, сұлыны, тарыны, жүгеріні залалдайды. Қоректену жерінде ақ дақтар пайда болады, жапырақ пен сабақтары мәрмәрлі түске боялып, өсімдік солады. Қатты зақымдалған кезде өсімдік өледі.
Күресу шаралары. Топырақты сыдыра жырту және өсімдік қалдықтарын жою. Бір жылдық астық тұқымдастарды көп жылдық шөптерден, күздік дақылдардан оқшаулау. Тексеруді энтомологиялық аулағыштың көмегімен жүргізеді, егістікте 10 жерден 10 рет сермеп қағады. Инсектицидтер Тізім... бойынша пайдаланылады (1 - сурет).

1 - сурет. Алты нүктелі- Macrosteleslaevis Rib. және жолақты - Psammotettix striatus

Бидай трипсі - Haplothrips tritici Kurd.(Phloethripidae-тұқымдасы, Tubulifera -түтікше құйрықтылар отряд тармағы, Thysanoptera-шашақ канаттылар отряды). Ересек трипстердің денесі күңгірт қоңыр қара, ұзындығы 1,5-2 мм, түссіз шашақты қанаттары бар. Дернәсілдері ашық қызыл, ұзындығы 2 мм-ге дейін. Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Дернәсілдері топырақтың үстіңгі қабатында, аңыздарда қыстайды. Ересек трипстер мамыр-маусымда ұшып шығады. Жаздық бидайдың түтіктену кезеңің аяғында - масақтану кезеңінің басында олардың саны әдәуір көбейеді. Жұмыртқаларын бір-бірлеп немесе топтап 3-5 данадан масақшалардың қабыршақтарына және масақ өзегіне салады.
Жалпы, 20-25 жұмыртқа салады, 6-8 күннен кейін дернәсілдер пайда болады. Трипстердің көбеюіне жылы құрғақ ауа райы қолайлы болады. Дәннің ылғалдылығы 40 пайыздан аз болса, трипстер қоректенуін тоқтатып, қыстайтын жерлеріне кетеді. Трипс күздік және жаздық бидайларды, қара бидайды зақымдайды. Ересектері де дернәсілдері де зиян келтіреді. Ересек трипсілер сабақта, масақшаларының қабыршақтарында және жапырақтың қынабының шырынын сорып қоректенеді. Масақшалары өсуін тоқтатады. Дернәсілдері дәнмен қоректенеді, олардың әсерінен дән зақымдалады, солып салмағы азаяды, тұқымдық сапасы төмендейді.
Күресу шаралары. Топырақты сыдыра жырту; ауыспалы егісті қолдану; бұршақ, жүгеріден кейін жаздық бидайды өндіру. Жүйелі әсерлі инсектицидтерді өсімдіктердің түтіктену кезеңінің аяғында-масақтану кезеңінің басында қолданғанда, трипсілерге қарсы ең жоғары нәтиже көрсетеді. Осы кезде жұмыртқа салатын ұрғашылар құрып, дернәсілдердің саны да аз болады. Әдетте инсектицидтерді қолдану басқа да зиянкестермен күресу кезеңдерімен бірдей болады (бітелер, бақашықтардың дернәсілдері, дән сұр көбелегінің жұлдызқұрттары және т.б.). Трипстерді тексергенде егістіктен 10 масақтан 10 үлгі алынады. Есептеу үшін масақшалардың қабыршақтарын ашады. Егер түтіктену мен масақтану кезеңінің басында егінде 8-10 трипстер бір сабақта, не болмаса 30 трипстер аулағыштың 10 қаққанында және бір масақта (дән толысу-сүттену пісу кезеңінде) дернәсілдердің саны 40-50 данадан асса, инсектицидтер қолданылады
(2 - сурет).

2 - сурет. Бидай трипсі - Haplothrips tritici Kurd.

Бітелер: кәдімгі астық - Schizaphis graminum Rond., үлкен астық - Sitobion avenae S. және арпа бітесі-Brachycolus noxius Mord. ( Aphidinea-отряд тармағы, Homoptera - отряды).
Кәдімгі астық бітенің қанатсыз партеногенетикалық ұрғашы бітелер ашық жасыл, арқасында жасыл жолақ, ұзындығы 1,2-2,2 мм. Шырынды түтікшелері цилиндр тәріздес құйрығынан екі есе артық. Арпа бітесі сарғыш жасыл түсті және кішкентай шырынды түтікшелері бар; ұзындыѓы 2-3 мм. Аталықтарында қанаттары болады. Жыл бойы 10 және одан да көп ұрпақ береді. Ұрықтанған жұмыртқалары күздік дақылдарының жапырақтарында, жабайы астықтарда қыстайды. Жұмыртқалардан негізгі аналықтар туады. Кейін қанатты біте таратушылар пайда болады, олар көп жылдық шөптерден және күздік дақылдардан жаздық дақылдардың егіндерге ұшып барып, мекендерін құрайды. Бітелер вегетация кезеңінде партеногенетикалық (ұрықтанбай) әдісімен көбейеді. Күзде аталықтары мен аналықтары пайда болады, олар көпжылдық шөптерден және күздік дақылдардан жаздық дақылдардың егіндеріне ұшып барып, шоғырларын құрайды. Бітелер вегетация кезеңінде ұрықтанбай көбейеді. Күзде аталықтары мен аналықтары пайда болады. Аналықтар ұрықтанған жұмыртқаларын топтап салады, жалпы саны 12 жұмыртқа. Астық тұқымдасқа жататын мәдени және жабайы өсімдіктер зақымданады. Дернәсілдер мен ересек бітелер жапырақтың, сабақтың, масақтың шырынын сорып зақымдайды. Зақымдалған жапырақтар түссізденеді, ширатылады, солады. Егер бітелер өсімдіктерді масақтану кезеңіне дейін мекендесе, масақтар пішінін өзгертеді, не болмаса өсімдік масақтанбайды. Ылғалды, жылы ауа-райы бітелердің сандық көбеюіне қолайлы.
Күресу шаралары. Өсімдіктердің қалдықтарын жою, сыдыра жырту. Бітелердің егінді мекендеуінің санын 10 сабақтағы және масақтағы 10-16 үлгіде санайды. Егер егінде 10 бітесабақта болса, 50 пайыздық мекендеу-шілік не болмаса 20-30 бітемасақта тұтас мекендегенде, инсектицидтерді қолдану қажет (3-сурет).

3 - сурет. Кәдімгі астық бітесі - Schizaphis graminum

Бидайдың гүлді кенесі - Steneotarsonemus panschini. (Arachnida-өрмекші тәріздес класы, Acaryformes - отряды, Tarsonemidae - тұқымдасы ). Пішіні микроскопиялық, дене ұзындығы 0,15- 0,2 мм. Түсі мөлдір немесе сары. Дернәсілдері ересектеріне ұқсас. Кененің аналықтары топырақта қыстайды. Тіршілік кезеңінде 5 ұрпақ беріп дамиды, колония түзейді. Өсімдіктерде егін көгінен бастап бидайдың пісу кезеңіне дейін болады. Дернәсілдері мен ересектері қатты бидайды, жатаған бидайықты зақымдайды. Масақтану кезеңіне дейін сабақтан шырын сорып алады. Масақтанудан кейін кене гүлдің барлық мүшелерін зақымдайды, олар формасын бұзып, ұрықсызданады. Алақат дәнділік пен қысыр масақты пайда болдырады. Залалданған масақтардың сыртқы түрі сау масақтардан айырмашылығы жоқ, бірақ масақтардың ішіндегісі үңгіп, қоспаға айналады.
Күресу шаралары. Зиянкестердің санына қарамастан қатты бидайды тек қана сүрі жерден кейін отырғызу керек. Көбеюіне және зияндылығына алғы астық дақылдары жағдай туғызады. Жүйелі түрде арамшөптермен күресу керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбылобылысы шу ауданы жағдайында күнбағысты негізгі зиянкестері мен ауруларынан қорғау шараларын ұйымдастыру
Топырақ эрозиясы туралы ақпарат
Дәрілік өсімдіктер (шипалы өсімдіктер )
Дәнді дақылдардың аурулары
Жылыжайдағы қырыққабаттың аурулары
Алматы облысы, Жамбыл ауданы жағдайында қиярдың аурулары, арамшөптері және зиянкестерімен кешенді күресу тәсілдерін жүргізу
Шаруашылықта өсімдік қорғау жүйесін ұйымдастыру
Майлы зығыр дақылының маңызы
Жеміс ағаштарының зиянкестері
Бұршақ тұқымдас дақылдар
Пәндер