Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Технология пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
0.1 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды педогогикалық тұрғыда сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
0.2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1 Технология пәні арқылы оқушылардың шығармашылығын және шығамашылық қабілетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
0.1 Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
0.2 Технология сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кiрiспе

Бүгінгі күнгі білім беру бағдарламасының басты бағыты - әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушығы қолайлы жағдай жасау. Мектепте жүргізілетін технология сабағының басты міндеті - жас ұрпақты келешекте кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне көмектесу.
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай мектептегі оқытудың негізгі міндеттері - білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы зерделі, білімді, ұлтымыздың болашағы үшін өз бетімен іс-әрекет ете алатан шәкірттерді дайындау. Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан, технология пәнінің тәрбиелік мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастыру қажет. Қазіргі кезде мектепте оқушыларды еңбекке баулу технология пәні бойынша жүргізіледі. Ұлдар ұсталық, ағаш өнерімен мектеп қабырғасында танысса, қыз балалар тоқыма, кесте тігу, тамақ пісіру, киім тігу сияқты жұмыстарды үйрене отырып, олардың тарихымен танысады және өңдеу, жасалу технологиясын оқып-біліп, әр түрлі бұйымдарды жасауды, түрлі ас даярлауды үйреніп, жұмыс түрін дер кезінде аяқтауды толық меңгереді. Тігін өнерімен қатар бисер тоқу, су моншақпен жұмыс жасау, қағазбен жұмыс істеу, жіппен өрнектеу, мата қалдықтарымен ойыншық жасау, өмірге қажетті бұйымдар тігу, табиғи заттармен жұмыс жасау оқушылар қиялын кеңейтіп, жұмыс істеуге деген қабілеттерін арттырады. Сабақ барысында бұл өнерлерді үйрену сызу, бейнелеу өнері, математика, геометрия, биология пәндерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Оқушы өзінің қабілетіне қарай өнердің белгілі бір түрін меңгеруге табандылығы, таланты, қиялымен алдына мақсат қоя білуі арқылы жетеді.
Заман талабына сай оқушыларды оның ішінде қыз балаларды тігін өнеріне баулу арқылы сән үлгісіне деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, үнемді білуге, іскерлікке тәрбиелеу болса, тамақ дайындау бөлімінде аспаздық өнердің қыр-сырын уйрету басты мақсат. Оқушы алған теориялық бiлiмiн iс жүзiнде қолдана отырып, оны өмiрiмен, өзiнiң iс-әрекетiмен байланыстыра бiлгенде ғана, өзiне де пайдасын тигiзе алады...
Шығармашылық - бұл адамның өмiр шындығында өзiн-өзi тануға ұмтылуы, iзденуi. Өмiрде дұрыс жол табу үшiн адам дұрыс ой түйiп, өздiгiнен сапалы, дәлелдi шешiмдер қабылдай бiлуге үйренуi керек. Адам бойындағы қабiлеттерiн дамытып, олардың өшуiне жол бермеуге, оның рухани күшiн нығайтып, өмiрден өз орнын табуға көмектеседi. Өйткенi, адам туынды ғана емес жаратушы да.
Iс тәжiрибе көрсеткенiндей технология сабағында оқушылардың шығармашылық, зерттеушiлiк қабiлетiн дамыту мақсатында жүргiзiлген жұмыстар оқушыларды заман талабына сай еңбекке баулу, бiлiм беру, алған теориялық бiлiмдерiн практикада ұштастыра отырып, iс - жүзiнде орындап шығумен бiрге оқушының ой - өрiсiн дамытып, бiлiмдi тереңiрек меңгеруге жәрдемдеседi. Оқушының алған бiлiмдерi алдағы өмiрлерiне жол ашып, олардың қабiлеттерiмен ұштастырып, өз қолдарымен кез - келген нәрсенi жасай бiлудi үйрену, өздерiне керектi заттарды өз қалаулары бойынша, тiптi қажетсiз деген заттың өзiн пайдалы нәрсеге, әдемi сыйлыққа айналдыра бiледi. Адам баласы еңбек ету үстiнде бiр сәт өзiмен - өзi болып, көңiл - күйi орнына түсiп, шаршағаны басылады. Сапалы бiлiм берумен қатар еңбекке баулу, үйрену аса қажет. Оқушылардың өнерлi болуы қоғамдық өмiрге үлкен әсерiн тигiзедi. Сондықтан әр сабақта мәселен, бисермен тоқу аппликация өнерi панно жасау, жұмыртқа қабыршағымен жұмыс iстеу, квиллинг (қағаз пластикасы), тоқыма тоқу, iс тiгу және т.б. оқушыларды қызықтырады және оның жасалу жолдарын үйренуде жаңа технологияны пайдаланып, әр түрлi әдiс - тәсiлдер арқылы өнер мен бiлiм беру iсiн бiр-бiрiмен ұштастыра жүргiзедi. Оқушылар меңгерген iс- тәжiрибелiк әрекеттер жүйесiн көрсете бiлумен қатар эстетикалық талғамға, еңбек сүйгiштiкке ие болады. Нәтижесiнде мақсат қоюшылыққа және шығармашылыққа тартыла отырып жобаны тани бiлуге, он саусағынан өнерi тамған шәкiрттердiң шеберлiгiн, бiлiм мен еңбегiн, iскерлiк, икемдiлiк қабiлеттерiнiң артқанын, тәрбиелiк дағдысының калыптасып, еңбектену жұмысына төзiмдiлiгiн көремiз.
Адамның ерекше ойлау мәселесі барлық уақытта адамдардың үлкен қызығушылығын тудырды. Алайда, өткен қоғамда адамдардың шығармашылық ойлауын игерудің ерекше қажеттілігі болған жоқ. Ғылыми-техникалық прогресс дәуіріндегі өмір әр түрлі және күрделі бола түсуде. Бұл адамнан стереотипті емес, әдеттегі әрекеттерді емес, ұтқырлықты, ойлаудың икемділігін, жаңа жағдайларға тез бейімделуді және үлкен және кіші мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарасты қажет етеді. Егер бізде барлық мамандықтардағы ақыл-ой еңбегінің үлесі үнемі өсіп отыратындығын және орындаушылық іс-әрекеттің өсіп келе жатқан бөлігі машиналарға ауысатынын ескеретін болсақ, адамның шығармашылық ойлау қабілеті оның ақыл-ойының маңызды бөлігі ретінде танылуы керек және оны дамыту міндеті маңызды міндеттердің бірі болып табылады. қазіргі адам тәрбиесінде.
Бала кезіндегі шығармашылық ойлауды дамыту процесі осы құнды мүліктің тасымалдаушысын анықтауда қиындықтарға тап болады. Психологтар мен мұғалімдер шығармашылық ойлауды тануды бірқатар қиындықтармен байланыстырады: шығармашылық дарынды балалардың дамуындағы дезинхрондылық, жасырын шығармашылық феноменімен байланысты оларды анықтау қиындықтары; ересектердің шығармашыл баланың ересектердің түсініксіз, қиын және басқалары ретінде қабылдауы.
Баланың шығармашылық ойлауын дамыту мәселесін шешу білім беру ұйымдарының осы қиындықтарды тиімді жеңетін мұғалімдерге деген қажеттілігімен байланысты. Психологтар мен мұғалімдердің шығармашылықты ынталандыру режимінде жұмыс істеуге дайындығы қазіргі уақытта өзекті және сұранысқа ие.
Зерттеудің мақсаты:
Зерттеудің міндері:
Зерттеудің нысаны:

1. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР

1.1 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды педогогикалық тұрғыда сипаттау

Технология сабағы - әрбiр оқушының рухани байытып, дүниетанымын қалыптастыратын бiрден - бiр пән. Технология пәнiнiң мұғалiмi өзiнiң лауазымдық мiндеттерiне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудiң әдiстемесi мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелi жүргiзуi тиiс.
Технология пәнiн халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебi ол - бiлiм алушылардың еңбекке икемдiлiгi мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттiк бiлiм стандарттарына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен үйiрме материалдарын құрастырады. Сонымен қатар, оқушыларды техникалық шығармашылыққа, халықтық , ұлттық өнердi жалғастыруға , ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отырады.
Технология пәнi мұғалiмiнiң кәсiптiк бағдарлау жұмыстарын үнемi тиiмдiлiкпен жүргiзiп отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс
жүргiзуде танымдық әрекеттiң репродуктивтi, продуктивтi түрлерiн қолданудың маңызы зор. Репродуктивтi - шығарамшылықты қажет етпейтiн, берiлген нұсқау бойынша орындалатын iс - әрекет. Продуктивтi - шығармашылық iзденiстер нәтижесiнде iске асатын iс - әрекет екенiн бiлемiз. Оқушылармен шығармашылық жобамен жұмыс жүргiзгенде, осы танымдық әрекеттердiң бәрi қолданылады. Продуктивтi танымдық әрекет нәтижесiнен игерген бiлiмдерiнiң конструктивтi және шығармашылық деңгейлерiн байқаймыз. Конструктивтi игеру деңгейi - стандарттан өзге, тыс алған, көрген, бiлген бiлiмдерiн пайдалану. Ал , шығармашылық игеру деңгейi - өз бетiмен мақсатты түрде iзденiп, зерттеп, қортындыланады. Жоба мен жаттығудың өзара айырмашылықтары бар. Жаттығуда оқушылар белгiлi практикалық бiлiктiлiктердi меңгередi. Жобалау барысында белсендi оқыту әдiстерiн пайдаланып оқушыларға жаттығулар орындату барысында бiлiктiлiктер мен дағдыларға қалыптасты. Сұранысты қанағаттандыру үшiн оқушылардың ойына келетiн дайындалатын бұйым туралы алғашқы идеялары талқыланады. Мысалы: қағаздан бұйымдар жасағанда,оқушылар, дизайн, әдемiлiк пен түс үйлесiмдiлiктерiне де мән берiлiп, эстетикалық талғамдары қалыптасады.
Заманауи сабақты өткiзгенде мұғалiм білуі қажет:
- Әр оқушы жеке интеллектуалды және шығармашылық әлеуетке ие екенiн жетекшiлiкке алу;
- Бiлiм беру үрдiсi (сабақ) бұл шарт (орта), ол оқушыға өзiнiң интеллектуалды және шығармашылық әлеуетiн барынша жүзеге асыруға көмектесетiндей етiп жобалау;
- Бiлiм алушыға өзiнiң интеллектуалды және шығармашылық әлеуетiн барынша жүзеге асыруға көмектесетiн оқыту әдiстерi мен тәсiлдерiн жетiк бiлу;
- Әр оқушының өзiнiң интеллектуалды және шығармашылық мүмкiндiктерiн анықтай алатынына сену;
- Оқушының интеллектуалды және шығармашылық әлеуетiн дамыту үшiн сабақта оқытудың фронталды әдiсiн және Мен сияқты жаса, менен де артық жаса ұранын мүмкiндiгiнше пайдалану;
- Сабақта әр оқушының қызметiн бағалауға үлгеру;
- Сабақта оқушыға өзiнiң интеллектуалды және шығармашылық әлеуетiн жүзеге асыруға кедергi жасауға ешкiмнiң құқығы жоқ екенiн естен шығармау.
Заманауи сабақ мұғалiмнен талап етіледі:
- шығармашылық iзденiстi;
- мамандықты бiлумен қатар педагогиканың теориялық және практикалық бiлiмiн,
- тиiстi оқу материалын оқушының қабылдау ерекшелiгiне бейiмдеуiн;
- сыныптағы әр баланың мүмкiндiктерi шегiнде белсендi әрекет ететiнiне жағдай жасауын;
- оқу жоспарлары мен материалдардың үнемi жаңартылуын;
- қажеттi ақпаратты iрiктей алуын;
- сабақ барысында мұғалiмнiң жұмысқа жағымды эмоционалды көңiлiнiң болуын;
- оқушыларға сабақ тақырыбын ғана емес, мақсатын, олардың қызметiн ұйымдастыру түрiн хабарлауын;
- үнемi iзденiс үстiнде болуды;
- әр тақырыптың мағынасын аша алуды;
- сабақтың мақсатын ашуда түрлi iзденiс тапсырмаларының жүйелiлiгiн;
- оқушылардың осы сабақта меңгеретiн және болашақта нақты құрамды құзыреттiлiктi меңгеруi үшiн қажеттi операцияны таңдай алуын.
Шығармашылық жобаны iске асыру барысында қол жеткен жетiстiктері:
- Оқушылар бұйым жасауда және пайдалануда әлеуметтiк, экономикалық, экологиялық әсерiн қарастыра отырып нақтылап талдап алуы, ұсынған идеяны өз бетiнше iзденуi, практикада жүзеге асыруы;
- Бұйым дайындаудың тұтас әдiстерi мен тәсiлдерiн пайдалану, бұйымның сапалық критерийлерiн талдау, практикалық жүзеге асыру процесiнде келесiлердi қамтитын күрделi қызмет түрi: адамдардың сұранысына жауап беретiн бұйымды талдау мен жасаудың мақсатын анықтай бiуi. Сұраныста бар ма зерттеу. Бұйымдарды өндiрiп, сату да - үлкен өнер. Табыс табудың екi жолы бар: бiрiншiсi - жұмыс iстеп, ақша табу, екiншiсi қолда бар байлықты, өнiмдi пайдаланып табыс табу. Сөйтiп,оқушылар өз бұйымдарын тез өткiзудiң әдiсi жарнама екенiн де бiледi. Мысалы: Қағаздан жасалатын бұйымдар немесе сыйлықтар т.б
- Сабақтан бос уақытта маңызды әлеуметтiк шығармашылықпен айналысатын балалар санының өсуi;
- Ата - аналардың өз балаларының iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға қатысуға қызығушылығының артуы;
- Баланы шығармашылық жұмыс iстеуге дағдыландыруға бағытталған әр iс-шараның тәрбиелiк мақсаттарға жетуi;
- Ұйымдастырылған iс-шаралардың сапасы және жобаға қатысушылардың ынталандырылуы.
Оқушыны iскерлiкке, ұқыптылыққа, әдемiлiктi сезiп қабылдауға үйретiп, өздерiне керектi заттарды өз қалаулары бойынша жасап, еңбек ету үстiнде бiр сәт өзiмен - өзi болып, көңiл - күйi орнына түсiп, шаршағаны басылатын еңбектiң бiр түрi - оригами өнерi. Оригами өнерiнiң балалардың дамуына тигiзетiн әсерi зор (жүйке жүйесi, қан айналу жүйесi, тыныс алу жүйесi, ас қортыу жүйесi, зәр шығару жүйесi т.б)
Қоғам дамуының қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық шарттары білім берудің негізгі мақсаттары ретінде оқушылардың танымдық, жалпы мәдени және тұлғалық дамуын алға қоятын екінші буын федералды мемлекеттік білім стандарттарында көрсетілген білім жүйесіне қойылатын талаптарды қалыптастырады. Рухани-адамгершілік білім беру саласында ерекше маңыздылығы - шығармашылық қызметтегі әлеуметтік тәжірибені қалыптастыру, сонымен қатар мәдени және бос уақытты қанағаттандыру үшін басқа тұлғалармен өзара әрекеттесу болып табылады [1]. Білім берудегі заманауи бағыт - оны ізгілендіру. Білім беруді ізгілендіру адамның білім берудегі басымдығы, оның адамгершілік дүниетанымы мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру туралы тұжырымдамалық ережені болжайды.
Екінші буынның федералды мемлекеттік білім беру стандарттарының енгізілуіне байланысты білім сапасы дами бастады. Бұл оқушылардың зияткерлік деңгейін ғана емес, сонымен бірге оқушының шығармашылық әлеуетін арттырады.
Осыған сүйене отырып, заманауи мектептің әлеуметтік институт ретіндегі негізгі мақсаты - студенттердің белгілі бір пәндер бойынша білімін, қабілеттері мен дағдыларын дамытуынан жалпыға бірдей білім беру іс-шараларының көмегімен үйренуге үйрету құзіреттілігін қалыптастыруға көшу. Сонымен қатар балалардың шығармашылық, сонымен қатар олардың танымдық қызығушылықтары, білім беру және танымдық құзіреттілігі, өзін-өзі тәрбиелеу дағдылары және жеке тұлғаны жүзеге асыру қабілеттерін қоса алғанда, жан-жақты дамуы маңызды болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты - технологиялық сабақтарда адамның шығармашылық әлеуетін дамытуды зерттеу.
Жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытудағы технологияның рөлі. Әдеби дереккөздерді талдай отырып, Технология білім беру саласы әртүрлі пәндер бойынша алған білімдерін біріктіретін және олардың қазіргі қоғамда қолданылуын көрсететін зерттеу саласы деп қорытынды жасауға болады. Технологиялық сабақтарда оқушылардың білім алуы маңызды. В.А. Сухомлинский: Ақыл-ой қабілетін ояндыратын күшті ынталандыру - бұл қолдың дана жұмысы ... еңбек адамның жеке басының үйлесімді дамуына негіз болады, - деп сенді. Технология тек технологиялық сабақтарда ғана емес, сонымен қатар мектептегі барлық пәндерде, соның ішінде сыныптан тыс жұмыстарда алынған білім мен дағдылардың жиынтығы ретінде қызмет етеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатына жетудің бірінші кезеңі мұғалімдердің дайындық деңгейінен өтуі керек. Сонымен қатар, құзыретті мұғалім кейде пәнге құштарлықсыз сабақ береді, сонымен бірге білімі біріншіден төмен болуы мүмкін жас мұғалім оқушыларды пәнге деген сүйіспеншілікке шақырады.
Технология пәні бойынша сыныпта еңбек тәрбиесі үшін ең қолайлы жағдайлар туындайтыны сөзсіз. Бұған студенттердің өнімді және қоғамдық пайдалы жұмысқа белсенді қосылуы ықпал етеді.
Біз өзімізге жиі сұрақ қоямыз: мектепке Технология пәні қажет пе? Бұрын бұл тақырып Еңбекке баулу деп аталды. Еңбек сабақтарында жынысына қарамастан, олар әртүрлі жұмыс құралдары, жұмыс орындары болатын шеберханада айналысатын. Олардың барлығы жоспарлады, көрді, көрді, боялды, бұралды және бұралды ... Ал қыздардың мұндай жұмыстармен ұлдармен тең дәрежеде айналысқаны ешкімді мазаламады. Негізгі қағидаттар: барлығын адал етіп, жұмысты соңына дейін және дұрыс орындау. Заманауи студент мұндай машинаға отырғысы келмейді, ол қызықтырмайды! Бұған ішінара кінәлі - бұл қоғамның жұмысшылардың мамандықтарына деген қатынасы: қазір токарь немесе слесарь болып жұмыс істеу беделді емес, бұл көп пайдасыз адамдар болып саналады. Мұндай дүниетаным жылдар бойы қалыптасып келді, оны бірден өзгерту нәтиже бермейді. Сонымен бірге, ел президенті басқаратын үкімет жұмыскердің мәртебесін көтеруге тырысуда, ал мектептің міндеті - жұмысшылардың қоғамдағы мамандықтарға қатынасын өзгерту.
Бізді қазіргі өмірде мамандандырылған кәсіпорындарда жасалған құрылғылар мен жабдықтарды пайдалану үшін қолданады. Мұндай жабдыққа тек тиісті мамандар ғана қызмет көрсете алады, ал технологиялық сабақтарда сіз технологиялар әлеміне, жаңа өндірістерге үңіле аласыз және болашақта осындай мамандардың бірі бола аласыз. Немесе, мысалы, сурет сабақтарының күшін жоюға байланысты, мұндай пәнді технологиялық сабақтар тұрғысынан зерттеуге болады, өйткені болашақ мамандардың графикалық сауаттылығы өте маңызды. Тағы бір маңызды фактор - адамдардың әр түрлі бейімділігін әркім біледі, көпшілігі теориялық білім алуға бейім емес, сондықтан бұл практикалық тип технологиялық сабақтарда өзін-өзі тануға мүмкіндік алады. Болашақта мұндай студенттер осы стереотипке сәйкес кәсіби білім беру ұйымын таңдайды. Олардан өз саласының үздік мамандары алынады. Мектеп бұл балаларға өздерін табуға өзіндік серпін беріп, қалған оқушыларды қызықтыруы керек
Технология сабақтарының маңыздылығын ұмытпауымыз керек, нәтижесінде оқушылардың тек теориялық білім алуға ғана емес, сонымен бірге қоғам өмірінің қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыс нәтижесіне жауап беретін, ересек өмірге еліктейтін жағдайларды қолдана біледі; онда үйде және күнделікті өмірде модель бар, бұл үйдегі жайлылықты құру міндетін одан әрі жеңілдетеді.
Көкөністерді, гүлдер мен жемістерді өсіруге байланысты ауылдық мектептердегі технологиялық сабақтарды өз күшімен жою, жастардың ауылда немесе ауылда қалып, ауылшаруашылық саласында жұмыс істеуге деген құлшынысын одан әрі төмендете түсті. Қала мектептерінде егін жинау және оны мектеп асханаларында пайдалану үшін мектептерге тиесілі жылыжайларда өсімдік отырғызу және күтім жасау тәжірибесі алынып тасталды.
Егер сіз мектеп оқушыларының арасында сауалнама жүргізіп, олардың технологиялық сабақтар туралы пікірін білсеңіз, онда респонденттердің 99% -ы мынаны айтады: Ия, мектепте міндетті түрде сабақтар қажет, өйткені олар:
* Үй шаруашылығымен айналысады, тамақ пісіреді, пәтер интерьерін жасайды;
* Еңбексүйгіштікке, нақтылыққа, тәуелсіздікке тәрбиелейді;
* Сабақтың рухы бізді жақындастырады, біріктіреді. Технология сабақтары - бұл шығармашылық сабақ
Технология сабағы, көптеген оқушылардың ойынша, іш пыстырарлық болмауы керек. Көптеген теория мен аз тәжірибе қызығушылықты төмендетеді. Қызықты тапсырмалардың болмауы, монотонды жұмысты орындау, жағымсыз немесе қажет емес заттарды жасау, қарым-қатынастың болмауы балалар мен ересектерді мазаламайды. Бұл оқушылардың енжарлығы мен жұмысқа деген құлшынысы емес, технологиялық сабақтың өзекті мәселесі. Шығармашылық белсенділік пен шығармашылық ізденіс жағдайында дағдыларды қалыптастыру процесі қажет. Егер шығармашылық болмаса, онда неге? Ересектер жиі қоятын бірнеше сұрақ туындайды: біздің мектепте Технология сияқты пәнді оқу керек пе? Дүкен ыңғайлы тағамдардың үлкен ассортиментін ұсынғанда, неге қыздар тамақ дайындауды үйренеді? Осының бәрін сатып алуға болатын кезде, неге қолөнер тігуге және жасауға болады? Инновациялық өнімдерді оқытуға басымдық беріледі, мысалы, компьютерді, бизнес-процестерді, екінші шет тілін және т.б.
Егер сіз уақытты ұстанатын болсаңыз, бұл болашақ жұмыс берушілерге сауатты және қазіргі заманғы еңбек жағдайларына бейімделген қызметкерлерге бере алатын технологиялық сабақтар. Мектепте компьютерді пән ретінде білу мамандықты тез игеруге көмектеседі деп сену қате. Бұл кәсіби бағдарланған білім беру ұйымдарының міндеті, ал мектептегі балалардың негізгі міндеті - олардың қоғамында өмір сүру, ерекше жағдайларда, ұжымда өзін-өзі ұстай білу және шешім табу. Ол әрқашан, соның ішінде технология сабақтарында да жүзеге асырылды.

1.2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшелігі

Қазіргі білім берудің басты мақсаты -- шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту -- мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат -- оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.
Шығармашылық дегеніміз -- оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін -- оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.
Бірінші кезең - жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.
Екінші кезең -- қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең -оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену -- шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.
1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).
2. Берілен тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).
3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.
Үшінші кезең - тапқырылық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.
Сабақ барысында баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек. Бала өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетідей жадайға тірелуі керек. Сонда ғана ол білуге ықыластанады, әрекеттенеді. Сабақ барысында мұғалім ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде болуы тиіс. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды. Әдіскер-ғалым Қ.Тасболатов Проблемалық ситуация тудыру -- оқушыларға сұрақ қойып, оны шешу ғана емес, мұндағы сұрақ оқушыға бейтаныс, өздігінен ізденіп, өзінше қорытынды жасай білетіндей сұрақ болуға тиіс дейді. Бұл орайда оқушыларға танымдық сұрақтар қоюдың маңызы зор.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс -- әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс -- әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.
Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
* оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
* сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
* шығармашылық ой -- өрісі артады;
* кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
* ұжымдық ой -- пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
* мұғаліммен оқушылардың қарым -- қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артады;
* оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
* білімін жүйелі түрде толықтыруға үйренеді;
* өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға үйренеді;
* тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;
* оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін таниды;
* дүниетанымы кеңейіп, рухани дамиды;
* дарынды тұлға ретінде "мен" деген пікірі қалыптасады;
* бәсекелестік қабілеттері дамиды;
* мұғалімге тәуелділіктен арылып, шығармашылық жұмыстарға белсене араласуға үйренеді.
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу, ізденушілік әрекеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме, факультатив сабақтарын, таңдау курстарын, пәндік кештерді, КВН, конференция, дәстүрлі емес сабақтар түрлері, дебат ұйымдастыру шығармашыл тұлғалардың ашылуына көп септігін тигізеді. Олар өздіктерінен ғылыми-бұқаралық әдебиеттер оқуға және әдістемелік журналдармен жұмыстар жасауға жаттығады, зерттеушілік іскерліктері мен машықтары шыңдалады.
Пәндік бағыт бойынша оқыту, үйрету әдістері арқылы оқушылар бойында мынадай дағды-әрекеттер қалыптасады: өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді; зерттеу тәсілі арқылы көркем шығармаға идеялық-көркемдік баға беретін дәрежеге жетеді; түрлі сайыстарға қатысу белсенділігі артады; пәндік теориялық білігі молаяды; ойын әдеби тілде көркемдеп жеткізе алады; көркем шығармаға әдеби-теориялық кешенді талдауды меңгереді; сөйлем талдаудың кешенді жолдарын игереді; барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады; ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара алады.
Қазіргі таңда мектеп алдындағы ең басты міндет -- оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтай отырып оқушылардың дүниетанымы мен шығармашылық қабілетінің қалыптасуына жағдай жасау.
Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай етіп тәрбиелеу ісіне қосар үлесі үлкен. Оқушы осы пәннің талабын орындау мақсатында түрлі жанрдағы көркем шығармаларды оқиды, ізденеді. Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденісте болу керек. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні - оқушыға өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі.
Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оларды білуге ынталандыру, шығармашылыққа ұмтылдыру, ойлана, іздене білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақты айтып беруге дағдылану сияқты сапаларды оқушы бойына дарыту -- білім саласының өзекті мәселесі. Оқыту үрдісінің үш түрлі құрамды бөлігі бар, ол -- ғылым, шеберлік, өнер дейді белгілі педагог В. А. Сухомлинский. Осы қасиеттер мұғалім бойынан табылса, сонда ғана ол сабақ үстінде білімділік пен тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыра алады.

2. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

2.1 Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары

Егеменді еліміздің бүгінгі таңда білім беру саласында қол жеткізген жектістіктері аз емес. Соның бір айғағы елімізде болып жатқан қоғамдық реформаларға орай әлеуметтік, экономикалық, рухани жағынан толысқан жан-жақты азаматтарды даярлау мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесі, әлемдік білім беру стандартына сай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Вундеркинд оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық - психологиялық негіздері
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
Пәндер