Рефлексия - тұлғаның өзіндік тануының жолы мен формасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудағы рефлексияның теориялық негіздері
1.1 Рефлексия - оқу үдерісін жетілдіру құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...6
1.2 Шет ел және педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі рефлексия ... ..6
2 Педогогикалық үдерістегі рефлексияның рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1 Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастырудағы рефлексияның алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0
2.2 Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда ұрпақ алдында Қазақстан -2050 стратегиясында Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеу қауіпсіздіті мен әл ауқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру жаупкершілігі туралы ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.[1]
Оқушыларды оқудың соңында алынған білімнің маңыздылығын ұғынуы, қарапайым болжамдар қоя білуі және олардың шешемдерін, дәлелдеу жолдарын табуы, өз қызметін талдай білуі, табысын бағалай алуы, қателіктер мен кемшіліктердің себебін анықтай алуы керек. Бұл егер оқушыға оқу қызметі қалыптасқанда, оқыту үрдісі оқушыны субьектіге айналдырса, яғни оқушыны өзін-өзі оқтуға үйретсе, оқу нәтижесіндегі өзінің жауапкершілігін сезінсе, өзін-өзі дамыту мен оқытудың білік пен біліктілігін игерсе ғана мүмкін болады. Бұл тұрғыда оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастыру маңызды.
Бұл жұмыста рефлексия түсінігінің әлеуметтік - психологиялық интерпретациясы қолданылады, бұл процестің перцептивті жағын көрсетеді: қарым-қатынастағы серіктестер өзін қалай қабылдағаны жайлы индивидтің өзінің түсінігінің пайда болуы.
Рефлексия процесі барлық жас ерекшелік кезеңдерінде жүреді. Маңызды кезеңнің бірі ерте есею кезеңі болып саналады, өйткені бұл жас ерекшелік кезеңде қоршаған орта бағалауына көп көңіл бөледі де, сезімділік пайда болады. Абсолютті адекватты рефлексия болуы мүмкін емес, өйткені бұл процесте күйзелістерден арылу мүмкін емес, ол қабылданатын адам жайлы нақты пікірлерінің болмауына тікелей байланысты. Кейбір тұлғаларда бұл процесс толығымен қалыптаспаған болса, онда оларды басқа адамдар қалай қабылдағаны жайлы нақты пікірлерінің болмауына әкеледі.
Қазіргі ғылыми таным негізінде рефлексия мәселесінің екі көрініс белгілерін ажыратуға болады:
- адамның өзін-өзі танып білуінің көп ғасырлық тарихының болуы.
- рефлексия дәрежесінің көп аспектілі мазмұны
Рефлексвиті мүмкіндіктерді психикалық қасиетке жатқызу және кәсіби іс-әрекеттегі рефлексия мәселесінің туындауының маңыздылығымен байланысты. Қазіргі кезде рефлексия мәселесіне қатысты жетістіктерді көрсетіп, жүйелеп, сәйкестендіріледі. Рефлексия психологиясының даму тенденциялары мен кезеңдері сипатталып көрсетілді.
Зерттеу жұмысы көптеген авторлардың еңбектеріне сүйене отырып жүргізілді. Атап айтқанда В.А.Лефевраның еңбегі ол рефлексия ең алғаш философиядан бөліп алып, пән аралық деңгейге шығарған. Г.П.Щедровицкий рефлексия мәселесінің дамуы мен қалыптасуын зерттеген. С.Ю.Степанов пен И.П.Семенов рефлексияны жеке даму қасиеттерінің механизмдері ретінде карастырылды.
Кәсіби іс-әрекеттегі рефлексия мәселесінің қалыптасуы қазіргі қоғам жағдайына байланысты өзгеше болатындығы анықталады. Кәсіби іс-әрекетте рефлексияның туындауы қызығушылығы мол, білімді маман алуға әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеті тұр. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұғымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады, - деп көрсетілген. Осы бағытта әдістемелік жұмыстарды жүргізуде тек қана пәнді терең әрі мазмұны игеріп қана қоймай, өз ісіне сын көзбен қарай алатын, өз әрекетін бақылай және бағалай білетін ұрпақ тәрбиелеу қажет.
Оқу үрдісінде рефлексия арқылы оқытушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудағы мәнін, жолдары мен тәсілдерін, танымдық белсенділігін қалыптастыру туралы жазған еңбектерді атап өтсек: Ы.Алтынсарин, Н.А.Половникова, Т.И.Шамова, В.В.Давыдов, М.В.Кларин, И.Н.Семенов, А.В.Петровский, М.П.Ярошевский, У.Найссер, Б.М.Величковский, Д.Р.Андерсон т.б. .[8,9,10,]
Елімізде әлемдік білім кеңістітіне ену мен білім беру стандарт талабына сай жоғары оқу орындағы білім беру саласын жақсартуды жүзеге асыратын рефлексия арқылы оқытушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудағы проблемасы әліде зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орны үрдісі
Зерттеу пәні: оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудағы рефлексияның алатын орны.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудағы рефлексияның мәнін ғылыми тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
:: оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық негіздерін қарастыру;
:: оқушылардың оқу-танымдық қабілетін арттырудың рефлексияның ерекшеліктерін анықтау;
:: болашақ педагог-психолог мамандардың оқу-танымдық қабілетін арттырудың рефлексиялық әдіс тәсілдерін қарастыру.
Зерттеу әдістері: талдау кезеңі теориялық әдістер бойынша іске асады:психологиялық, педагогикалық, философиялық әдебиеттер, жалпылау мен жүйелеу, үлгілеу, жобалау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудағы рефлексияның теориялық негіздері

1.1 Рефлексия - оқу үдерісінің жетілдіру құралы

Рефлексия - тұлғаның өзіндік тануының жолы мен формасы. Тек осының көмегімен тұлға біртіндеп жекелене түседі, өз өмір іс-әрекетінің субъектісі болады, ол оның өзіндік дамуына және өзіндік қайталанбауына көмегін тигізеді. Рефлексия көмегімен тұлға өмірдің сыртында, (тыс жағын ойша біле алады, өмірлік жағдайдан сырт шыға алады, өмірге қатынасының, езінің мен түсінігінің маңызын түсінеді.
Мәселелік рефлексия - өзін талдаудың толық психологиялық амалы. Оны мәселелік өзіндік танымның жолы мен формасы ретінде қарастыруға болады. Жас өспірімдік кезең - бұл тұлғаның өзіндік танымның сензитивті даму кезеңі. Бұл сензитивті кезеңде өзінің өмірлік әрекетінің мәселелік -карсыластық мазмұнын түсіну, өзінің өмірімен мәселелік қасиетті иемдену, осының барлығы мәселелік рефлексияның қалыптасуына әсер етеді.
Өзіндік сана табиғаты жайлы және оны құрушы (мен, мен - бейне, мен-концепция) және өзіндік таным (С.Л.Рубинштейн, В.В.Столин, И.И.Чеснокова, В.Г.Ананьев). [29,30]
Өзіндік таным мен өзіндік сана сананың түрі, тек формасы ғана болатыны дәлелденді. Санадан өзіндік санаға өту түсіну арқылы жүреді, ол тасымалдаушы рөл атқарады өзіндік сана өзіндік таныммен тікелей байланыста және тұлғаның нақты психикалық өмірінде тұтастылықты құрайды.
Рефлексия өзіндік танымға жетудің жолы формасы ретінде карастырылады. Рефлексия өзі жайлы басқалардың ойы арқылы тану, өзінің өмір әрекетін түсіну, сонымен қатар рефлексия терең өзіндік танымға итермелейтін жол ретінде түсіндіріледі. Рефлексия психотерапевтік және консультациялық жұмыстың бөлінбес бөлігі ретінде де жүреді.
Тұлға өзін қоршаған ортаны терең танып және өмірлік қатынастарын дұрыс түсінсе өмірлік іс-әрекетінің шығармашыл субъектісі болады. Бұл мәселелік рефлексияның дамуы көмегін тигізеді. Ол өзін тануға, өмірін тұтастай түсінуге әсерін тигізеді.
Рефлексияның даму деңгейіне байланысты тұлғаның 4 түрі кездеседі:
1.мәселелік рефлексиясы қарқынды дамыған тұлға;
2.мәселелік рефлексиядан ығыстырылған, шектелетін тұлға;
3.мәселелік рефлексиясы жетілмеген тұлға;
4.мәселелік рефлексияға икемділігі жоқ тұлға;
деген бірнеше түрлері ескерілген. Ол өзіндік танымда рефлексияның көрінуіне байланысты көрінеді.
Өзіндік таным сезімдерінің қалыптасуы, яғни қоршағандарды ғана емес өзін де ұғыну, өзін Мен ретінде ұғыну іс-әрекетті саналы өздігінен тәуелсіз жүзеге асыру болып табылады және мінез-кұлық, жеке бастық сапалар шешуші сол атқарады.
Өзіндік танымды күрделі жүйелі психологиялық құрылымының калыптасуы ретінде оны тікелей диагностикалау және өлшеу мүмкін емес. Өзіндік танымның бір формасы Мен бейнесі.
Мен бейнесі бұл тұтастай интегративті құрылым. Оған өзін-өзі реттеудің негізгі болып табылатын адамның өзіндік таным процесімен өзіне эмоциялық кұнды қатынасты құру жүйесі енеді. Дегенмен Мен бейнесінде тікелей өлшей аламыз. Әдетте бұл мақсатта жанама көрсеткіштер қолданылады. Жанама көрсеткіштерге: адамның мінез-құлқының іс-әрекеттегі өзара қарым-қатынасының әртүрлі формасында мүмкіншілігінше көрінуін объективті өлшеуге болатын жағдайлар жатады. Тұлғаның өзіндік таным құрылымының қалыптасу жағдайлары бұл құрылымға бірқатар әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды ендіруді қарастырады. Осы ендіру өзі туралы өзі, өзінің қасиеттері, қабілеттері, өзін бағалау формасындағы ептіліктер туралы ой пікірлердің қалыптасуын шарттандырады. Бұлар біртіндеп жинақтала отырып жеке адамның өзіне қатынасын анықтайды. Бұл өзіндік таным өзіне жалпы қатынас ретінде іс-әрекетпен өзара әрекеттесудің әрқилы түрлерінде тұлғаның нәтижелі ену өлшемін көрсетеді.
Көптеген психологиялық еңбектердегі өзін тану ұғымына талдау жасай отырып, бірқатар ерекшеліктерді көрсетуге болады. Бірқатар еңбектерде өзіндік танудың адекватты мәселесі баса айтылып, бұл ұғым өзі туралы ойы ұғымымен пара-пар келеді. Енді бірқатар еңбектерде өзін тану балаға өзіне жалпы қатынас түрінде көрсетіледі. Авторлардың мұндай бірыңғай емес позициялары өзін тану шындығында да тұлғаның әрі өзі туралы ойы, әрі өзіне қатынасы болғандықтан шындық жағдайда бейнелейді. Дегенмен біздің көзқарасымыз бойынша өзін тану ұғымы - оның атқаратын қызметі бойынша қолданылса онда өзі турлы ойы деген ұғымды пайдалануға болады. Тұлғаның өзіне қатынасы өзі туралы ойдан тұратындықтан өзін тану ұғымы көп деңгейде тұлғаның өзіне қатынасын белгілейді.
Кеңес психологтарының тұлғаның өзін тануы әртүрлі аспектілерін қарастырған (өзіндік танудың қалыптасуы механизмдері, тұлғаның әртүрлі қасиеттерінің қалыптасуындағы, мінез-құлық, іс-әрекетті саналы өзіндік реттеудегі өзіндік бағалаудың рөлі) зерттелулері өзіндік бағалау жеке тұлғалық қалыптасудың ең негізгі, тұлғаның құрылымының немесе оның дамуының негізгі компоненті, өзін реттеу процесінің негізгі тірегі болып табылатындығын, өзіндік тану бағалау мотивация құрылымына енетіндігін, өзіндік реттелудің бағыттылығы мен оның жүзеге асу құралын анықтайтындығын көрсетеді.
А.Г.Спиркиннің айтуы бойынша өзін-өзі танусыз өмірде өз орнынды анықтау қиын және тіпті мүмкін емес.
В.Ф.Сафин өзін-өзі тануды тұлғаның өзіндік анықталудың екі механизімінің бірі деп көрсетіледі. Оның айтуынша өзіндік тану тұлғаның кәсіби өзін-өзі тану механизімінің бірі бола отырып тұлғаның кәсіби бағыттылығының қалыптасу процесіне әсер етеді. [33]
Тұлғаның жүйелі қасиеті ретінде өзіндік тануды талқылай келе тұлғаның жеке компоненттерінің даму ерекшеліктерін, жасқа қатысты заңдылықтарды, саналы іс-әрекет типін өзгеруін анықтайтын жеке адамның дамуының күрделілігіне баса көңіл аударамыз. Жеке компоненттердің дамуы өзіндік танудың тұтастай дамуын қамтамасыз етеді, әрі оны одан әрі дамуын жетілдіріп отырады. Бірқатар мазмұнды компоненттері саналы ұғыну деңгейіне байланысты сондай-ақ адекваттылығына байланысты өзгешеленуі мүмкін. Өзіндік танудың жасқа байланысты дамуының жасқа қатысты ерекшеліктері арнайы зерттеулердің пәні болып табылады.
Дегенмен де тұлғаның өзін-өзі тануын зерттеу, танымдық іс-әрекеттің, қарым-қатынастың субъектісі ретінде тұлғаның дамуында ғана өзекті мәселе емес, сонымен қатар кәсіби өзіндік анықталуға байланысты да мәнді сұрақтар болып табылады.
Өзіндік тану өзіндік сананың когнетивті және эмоциялық бағалық компонентінің бірлігі ретінде кәсіби өзіндік анықталудың екі деңгейінің бірі гностикалық деңгейі ретінде бейнеленеді. Кәсіби жоспарда өзіндік анықталудың екінші деңгейінің көрсеткіші мінез-құлықты, практикалық, өзіндік тану сияқты іс-әрекеттің ішкі реттеушісі табылады және онда бағдарлаушы (өзін тануға ептілігі) және ынталандырушы (белсенді іс-әрекетті қоздырушы) қызметін атқарады.
Тұлғаның өзіндік тануы нақты әлеуметтік топтардың әсерімен қалыптасады. Тұлғаның жалпы өзіндік танудың бағасы өзіндік бағаның жеке құрылымынан тұрады. Өзі туралы өмір барысында жинақталған ойдың негізінде тұлғаның жалпы өзіндік тануы өзіне тұтастай қатынас құрумен, жеке адамның өзін-өзі кұрметтеу мазмұнымен байланысты. Өзіндік танымды зерттей отырып жеке тұлғалық қалыптасуды ашамыз.
Тұлғаның өзін-өзі сыйлау, оның негізгі функцияларына:
1. Тұлғаның күшті белсенділігі үшін жағдайларды қамтамасыз ету, өзінің ішкі мүмкіншіліктерін жүзеге асыру, тұлғаның қоғамдық құндылықтарының өнімділігі мен өсуі жатады;
2. Ішкі адамгершілік психикалық күйінің жақсаруын қамтамасыз ету жатады. Потенциялды қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетудегі іс-әрекеттің әлеуметтік мәнін анықтау адамның басқа адамдармен өзара әрекеттесудің негізіне үйретеді, өзіндік сана мен өзін тануы дамиды, тұлғаның мұндай даму бағыттары өзін-өзі сыйлауды өсірудің негізі болып табылады.
Тұлғаның өзін-өзі тануы дегеніміз адамның барлық қасиеттерді басқару функциясында көрінетін автономды жеке тұлғалық сипаттама. Өзін-өзі тану тұлға құрылымында қандай да бір орын алатын бірқатар жеке тұлғалық қалыптасу. Өзіндік тануды нәтижелі зерттеу үшін өзіндік тануы әсер ететін көп нәрселерді ескеру қажет. Өзін-өзі тануды қарастыратын тұлғалардың комплексті зерттеудің психологиялық жағдайы өзіндік бағалаудың бір мезгілде көптеген жақтарын зерттеу болып табылады.
Дегенмен, кәсіби кеңес беру жүйесінде кездесетін кемшіліктердің бірі тұлғаның ішкі жан-дүниесінің, олардың қызығушылықтарын, бейімділіктерін, қабілеттерінің өзіне тән ерекшеліктерін аса ескере бермейміз. Мұнда кәсіби тануды басқару мәселесі негізгі орынға ие. Осыған орай зерттеу пәнін талдау. Кәсіби іс-әрекетті таңдау құралын, формасын кәсіби кеңес беру жұмыс әдістерін талдау болып табылады.
Енді бірқатар зерттеулерде кәсіби іс-әрекетте өзін-өзі тану бойынша (кәсіби жоспар, өзіндік бағалау) іс-әрекетті іштей реттеу мәселесі қаралған.
Кеңес психологтарының өзін-өзі тану мәселесі бойынша зерттеулерінде мінез-құлық пен іс-әрекетті саналы реттеудегі өзіндік танудың үлкен рөлін көрсетеді. Жасөспірімдік шақта бұл құбылыс ересектердің бағалауына тікелей еліктеумен сипатталады. Өсе келе өзіндік таным өзбеттілікке көшеді.
Тұлғаның өзін-өзі тану барлық зерттеулер бұл процестегі өзіндік танудың ерекше рөлін баса айтады.Кәсіби бағдар бұл жоғары тұлғаға сәйкес келетін кәсіпті таңдауға мақсатты бағытталған көмек беру, ал кәсіби кеңес беру бұл мамандықты таңдау кезіндегі ұсыныстар.Екінші жағы адамға қойылатын өзінің көп жақты талаптарына орай еңбек, мамандық бойынша көрінеді.Кез-келген адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейтіні белгілі. Ол әрине қандай да бір кәсіпті игеріп, қалайда жұмыс істеуі мүмкін, бірақ оның жұмысында міндетті қателіктер көріне бастауы мүмкін. Тұлға бойындағы жеке даралық ерекшеліктерді анықтаудың өзі бір-екі ғана қасиетпен сипатталмайды, тіпті түсіндірмелі сөздіктерде адамға тән қасиеттерді бес мың жеті жүз сөзбен сипаттап көрсетеді. Мұның өзі жоғарыдағы бірнеше мүмкіндіктерде элементтердің бір көрінісі. Өзін-өзі тануда тұлғалардың өзін, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін,
Тұлғаларда кәсіби іс-әрекетке деген дұрыс рефлексия қатыстыру жеке адамның бірқатар өзгеруіне әкелер еді, яғни еңбекке және еңбекшілерге қоғам алдындағы өзінің міндеттерінде жағымды көзқарас қалыптасады, кәсіби қызығушылықтары әрі қарай дифференцияланады, өмірлік болашақтары қалыптасады. Осыған орай, тұлғаның өзінің сапасы да өзгереді, яғни еңбек субъектісі ретінде өзі туралы пікір, еңбекте, қандай да бір мамандықты меңгеруде өзінің мүмкіндігін бағалау қалыптасады.
Тұлғаларда әр түрлі іс-әрекетіндегі өзіндік бағалауын зерттеу бұл өзгерістердің психологиялық механизімін ашуға итермелейді.
Психология ғылымында өзін-өзі тану ерекшелігі уақытқа дейін негізінен оқу іс-әрекеті жағдайында зерттелініп келеді.
Бірнеше зерттеулердің көрсеткендей өзіндік тану тұлғаның мотивациялық-эмоциялық сферамен тығыз байланысты, тұлғаны іс-әрекетке бағыттайды, оны өзіндік реттеулері жағдайлары негізгі болады, тұлғалардың тартымдылығының негізі болып табылады.
Өзін-өзі тану не себептен жоғары болады? Жоғары өзіндік тану тұлғаның мінез-құлқында қандай рөл атқарады?
Жоғары өзіндік тану психологиялық зерттеулерде көптеп кездеседі.
Әр түрлі авторлардың мәліметтері бойынша зерттеушілердің 43 % -тен, 68 %-ке дейінгілерде өзіндік тану жоғары болады. Бұл көрсеткіштер студенттердің арасындағы көрсеткіштерінде кездеседі.
Егер өзін-өзі тану және тартымдылық балаларда болатындай мүмкіндікке айналса, онда сәтсіздікті мойындамайтын, аффектілі күйге келтіретін қарама-қайшылық туындайды. Балалар өзін қорғау үшін оны не мүлдем теріске шығарады, не өздеріне тәуелсіз жағдайларға байланысты түсіндіреді. Мұндай балалар адекватты емес және кез-келген жоғары өзіндік тану (айналасындағылардың берген бағасы мен салыстыруы бойынша) мінез-құлықтың адекватты емес көрінуі деп есептейді және мұны негативті ретінде қарастырылады.
Біздің ойымызша жоғары өзіндік тану қорғаныс рөлінен басқа, субъектінің компенсаторлы іс-әрекетін қозғаушы, ынталандырушы рөл атқарады. Осыған байланысты өзін-өзі тәрбиелеудің көптеген фактілерін көрсету керек болды. Жоғары көптеген зерттеушілердің өзіндік тануы өздерінің қол жеткізген жетістіктерін бағалап қоймай, сонымен қатар әлі жүзеге аспаған бірақ қалауында бар тырысушылығымен мақсаттары негізінде бағалауы бойынша құрылады. Өзіндік тануға енетін мұндай тырысушылықтармен мақсаттар оған қозғаушы күш береді. Қазіргі кездегі психологияда тұлға өзін-өзі тану мазмұнын зерттеуде екі бағытты көрсетуге болады.
Оның біріншісі өзіндік танымның жалпы сипаттамасын, оның қалыптасу жағдайларын іздестірумен байланысты болса, екіншісі микроанализбен байланысты, яғни өзіндік танымның құрылымдық элементтерін бөлшектеу және олардың байланысын қарастырады. Енді осы екі бағыттың әрқайсысына сипттама беріп көрелік. Өзіндік танудың жалпы сипаттамасын өзгешелей отырып, авторлар әр түрлі жас кезеңдерінде оның қалыптасуының негізгі факторларына тұлғаның іс-әрекеті, оқу іс-әрекеттегі жетістіктер мен сәтсіздіктер және әлеуметтік факторлар жасөспірімнің тұлға аралық қатынас жүйесіндегі сыртқы бағалар жатады. Осыған орай өзіндік танудың анықтамасы баланың әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуінде және айналасындағылардың берген бағасының әсерінен қалыптасатын ішкі эталондағы қасиеттерді саналы ұғыну проекциясы ретінде қалыптасады. Өзін тану субъектінің шындықтағы Мен мен идеалды Мен арасындағы өзгешеліктермен сипатталынады. Бұл бағыттылық сферасында және азаттық іс-әрекеттік мазмұны диалектикалық бірлікте болатын өзін интегралды бағалау ретінде сипатталады.
Әдебиеттерді талдай келе өзін тану термині өзін тұтас тұрғыда өзіне деген қатынасын, тұлғаның нақты сапаларын және оның мүмкіншіліктерін бағалауға қатынасын білдіреді. Мұндай нақты жағдайларға қатысты операциялы сипаттамасы, ең алдымен, функцияналдылықпен байланысты.
Жас өспірімдік кезеңінде жаңа құрылым қалыптасады: өзін тану айналасындағылардың берген бағасына қанда да бір деңгейде тәуелсіз бола отырып - өзі үшін және басқалар үшін - екі жақтылық туындайды.
Әрбір теорияның даму деңгейі іс-әрекеттің негізінде құрылған принциптердің құрамы мен сапасымен анықталады. Кәсіпті таңдаудағы белсенділік принципі кәсіби өзіндік анықтаул процесіндегі жеке адамның іс-әрекет типімен сипатталынады. Кәсіпті аданың өзі белсенді іздестіруі қажет. Мұнда мына жағдайлар үлкен қызмет атқарады: еңбек және кәсіби дайындықтағы практикалық күші, ата-аналардың кеңесі мен олардың кәсіби тэжірибесі.
Кәсіби іс-әрекет - күрделі объект, берілген жүйенің интеграцияланған компоненттер жүйесін береді, тіршілік әрекетін қамтамасыз ете отырып, еңбек субъектісі, сол жүйелердің ерекшелігін бейнелейтін көп бейнелі бегілерді береді.Кәсіби іс-әрекет жүйесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі - кәсіби өзіндік таным мен кәсіби өзіндік сана мәселелері екені жоғарыдағы теориялық талдауларда көрдік. Кәсіби өзін танудың когнетивті компоненттерінің динамикасы жайлы жұмыстарды талдау барысында бұл мәселелердің аз зерттелгенін көруге болады. Бұл зерттеулерде кәсіби өзіндік сана мен кәсіби іс-әрекет моделін жасау талпынысын көруге болады. Кәсіби сана сезімдердің дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі кәсіби өзін тану мен кәсіби өзіндік бағалау, өзіңе, іс-әрекет нәтижесіне, өзін жетілдіру мүмкіндіктеріне сынды қатынас. Кәсіби өзіндік тану детерминация мәселесінің контексінде қаралады, яғни сыртқы себептер ішкі жағдайлар арқылы қайта түсініледі. Сондай-ақ кәсіби өзін тану мәселесінде мына жағдайды көрсетуге болады. Өзіндік тану тұлғаның өзіндік мазасыздану мен мағына құрушы факторлардан (когнитивті, мотивациялық) байланысты болады және адаптация процесінің механизмі ретінде әрекет етеді.
Таным процесі - бұл, ең алдымен, адамның өзін және өзі кабылдайтын әлемді тануы және өзгертуі. Ол тек өзінің жалпы мәдени деңгейін көтеріп, белгілі бір білімдерді, дағдыларды меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар өз әлемін жасайды. Ерте замандағы даналар айтқандай, адам өзі ойланатын категорияларда өмір сүреді. Адамның калай көретіндігін, еститіндігін, сезетіндігін, нені есте калдыратындығын, неге зейін аударатындығын, оны калай ойланып және шешім кабылдайтындығын зерттейтін саласы бүгінде когнитивті психология деп аталады. Когнитивті ұғымы танымдық дегенді білдіреді. Сонымен, когнитивті психология - бұл танымдық процестер психологиясы. Танымдық процестер коршаған табиғат пен әлеуметтік ақиқатты тануды камтамасыз етеді. Танымдық процестердің арқасында адам сыртқы әлемді енжар бейнелеуге тиісті емес. Ол шын мәнінде өзінің санасында сыртқы әлемді және өзін - өзі белсенді құрастырады. Оның танымдық іс-әрекеті қоршаған шындықты ғылыми тұрғыда түсінуге қолжеткізуге бағытталған. Танымдық психология соgіtо еrgо sum деген Декарттық қағидадан бастау алады. Ұлы Декарттың Соgіtо дегеніне тек ойлау ғана емес сондай-ақ құмарлық пен ерікте, яғни адамзат жанының барлық қасиеттері енеді. Танымдық психология дамуында Г.Эббинхауздың есті алғашқы эксперименттік зерттеулері үлкен рөл атқарады. Ал ойлау ауқымында, танымдық психологияға қарағанда, көптетен зерттеулер біршама танымдық түрде болады. Сонымен бірге Д.Сперлинттің осыдан 40 жыл бұрын жүргізген иконикалық есті зерттеулерінің де мәні туралы естен шығармаған жөн. Оның бірқатар парадокстарға жүргізген зерттеулері мен түсініктемелері тек психологияның ғана емес, сонымен бірге тұтасымен ғылымның кушті және беделді бағыттарының біріне бастау болды. бүгінгі таңда тек танымдық психология ғана емес, сондай - ақ танымдық ғылымы да бар.
Ресейлік және Қазақстандық психологияда ағылшын тіліндегі сөздері сақталып калған және олар қолданыла береді, мәселе оның орнығып калғандығында ғана емес, мұның басқа да себептері бар.
Біріншіден, танымдық процестерден психологиялық құбылыстардың ерекше тобына бөлуді психологтардың көпшілігі қанағаттанарлық емес деп мойындайды, өйткені ол дидактикалық тәсілден, басқа да психологиялық актілерде, мысалы, заттық іс-әрекеттерде танымдық мазмұнды көруте кедергі жасайтындәлелдегбеген теорияға айналды.
Екіншіден, американдық психология тарихындағы контексте танымдық үғымы осы сөздің еуропалық мәнінде болмайтын қосымша мағынаға ие. Танымдық деген толықтауыш - бұл психологиялық болмытстың тек мінез-қулықтық және рефлексолотиялық топтамаларға қарсы аядын-ала сақтану шарасы.
Танымдық психологияның шеңберінде калыптастырылған эксперименттік зерттеулердің әдістемелік базасы оны өз дәстүрлерін дамыту үшін бейімдеген көптетен еуропалық әсіресе ресейлік талымдардың зейінін аудартты. Қазіргі кезде танымдық психологияның мәселелерімен М.А.Холодная, В.П.Зинченко және басқалар белсенді айналысады. [34]
Есту - уақыт бойынша созылған. белсенділік болып табылады. Дыбыстық толқындар тек уақыт бойынша ғана болады, әдетте адам ести бастайтын белгілі бір сәт жоқ. Дыбыстық қысымның бастапқы сәтін тіркеуте болады, бірақ оны есту мүмкін емес. Кейбір акустикалық бірізділіктің соңында - мысалы, аяқтың дыбысы немесе айтылған сөзді - естуші әлде қайда уақыт бойында естіген болады, ал оны бастапқыда ол әлі естімеген. Зерттеуші естуде көздің нсмесе қолдың көзғалысы сияқты қөзғалыстарды талап етпейді, шындытында бұл сол циклдік белсенділік болып табылады. Естуші қабылдаған ақпараттарға сүйене отырып, одан кейін болуы тиіс нәрсеге катысты біршама арнайы дайындық күйін үнемі қалыптастырады. Оқшауланған сәттердің емес, уақыттық қурылымдардың терминдерімен сипаттау қажет бұл күн ілтері сөзінулер келесі сәтте бөліп көрсетілетіндерді басқарады және өз кезегінде кабылданғандарға байланысты түрі өзгертеді. Олар жоқ болғанда, иидивид тек дыбыстардың мағынасыз, ретсіз, араласуын тана есітер еді.
Естушінің күн ілтері сезінуі, көрушінікі сияқты, аса өзгеше емес. Ол қазір нені естейтінін дәл білмейді, өйтпесе оған естудің қанша қажеті болар еді? Қабылдаушылар келесі сәтте болатын жағдайға байланысты өте бір өзгеше болжамдарды үнемі қалыптастырып отырады және оларды жарамсыздығын анықтаған кезде ғана оларды тастап, анағұрлым ыңғайлысына кешеді деп есептеу кате болар еді. Әрбір нақты сәтте қабылданған нәрсе келесі сәтте алынатының кеңістіктік бастауын және жалпы табиғатын болжайды, бірақ оны дәл анықтамайды. Қабылдау тек жалпы мағынада ғана болжамдарды тексеру болып табылады. Бұл анағұрлым сай келетін мағына болуы мүмкін. Сондай-ақ жалпы сипаты бар жемісті ғылыми болжамдар ненің табылатындығын дәл табудан гөрі, зерттеуді бағыттайды
Қазіргі кезде танымдық процестерді зерттеулерінде, экологиялық инвалидтілік экспериментті жоспарлаудың саналы мақсаты болған жағдайдағыдай әдетте дерексіз, меңіреу және тек үлкен тарту күшпен реалды болып табылатын стимулдық материал пайдаланылады Зерттеушілерге, әдетте, оқшауланған әріптер, сөздер, кейде контурлық сызбалар немесе шартты бейнелер ұсынылады және ешқашанда заттар үсынылмайды. Бұл стимулдар қандай да бір қалыпты тәсілмен ұсынылмайды. Әдетте олар бос фоннан бұрын пайда болмайды және көбінесе индивид оларды қарап үлгерместен, тез арада кайтадан жойылып кетеді. Бейнелер ауада сиқырмен ілініп тұрған сияқты болады ешқандай фонсыз, тереңдіксіз және кандай да бір көру сүйеніштерінсіз.
Егер көру белсенділігі торшадағы бейнеленуден басталып осы торшалық бейнеленудегі ақпараттар белініп алынып, колданылатын кезде аяқталатындығы ақиқат болса, онда қысқа және жасанды стимулдармен эксперимент жасауға жеткілікті негіз болар еді. Перцептивті процестердің басталуын дәл бақылауға мүмкіндік бере отырып, бұндай стимулдар тең шамада оның ұзақтылығын дәл өлшеуді мұмкін етеді. Түрлі жағдайларда жауаптардың жасырын кезеңдерін салыстыруды алдын ала болжайтын шебер теориялық құрылымдар бұл жағдайда әкспериментаторға ақпаратты кайта өңдеудің ішкі механизмдеріне қатысты әр түрлі болжамдарды тексеруге мүмкіндік береді. Бірақ, егер біз қабылдаудың өте қарапайым мысалдарын қарастырсақ, онда осы іргелі жорамалдардың шындыққа сирек сәйкес келетіндігін көре аламыз.
Кабылдау алдын ала сезінуді болжайды деген жағдай дұрыс түсінілмей қалуы мумкін. Ол тек мен көргім келген нәрсені тана көремін дегенді білдірмейді. Егер біреу маған айтпастан менің шамымды алмастырып қойса, мен оны байқап қоямын. Менің алғашқы көзқарасым схеманы өзгеретін және жаңа объектіні ары қарай тексерудің бағытын беретін ақпаратты қамтамасыз етеді. Перцептивті цикл калыпты өткенде схемалар нақты бар ақпараттарға қарай тез келтірілелі. Қабылдау шындыққа сәйкес келеді.
Қабылдаудың таңдамалышығында қажетті схемалар бар, бірақ олар қолданылмайтын жағдайда ерекше қызығушылықты туғызады және кейбір жағдайда, басқа жағдайдағы оңай қабылдана алатындарды кабылдамаймыз. Мысалы, біз А-ның айтқандарын естиміз, ал Б-ның сөздерін елемейміз, корғаушы-футболшыны бақылаймыз, ал шабуыл жасаушыны көрмейміз, аяқ киімнің қысқандығын бірде байқаймыз, бірде байқамаймыз. Бүның барлығы қазіргі кездегі психологияда үлкен рөл атқаратын ұғым, яғни таңдамалы зейіннің мысалдары. Өкінішке орай, ол әдетте, перцептивті тандаудың мумкіндіктерін есепке алуға орын қалдырмастан интерпретацияланады. Канеман жазғандай, постбихевиористік психолотиядағы зейін ұымының негізгі қызметі, стимулдардың мәнділігін анықтайтын және осылайша бір ғана стимуляцияларды есепке алу негізінде мінез-құлықты алдын ала болжауы мүмкін емес ететін кейбір ішкі механизмдерге атау беруден түрады. Соңғы жылдары психологиялық та, физиолотиялық та деңгейлерде осы ішкі механизмдерді интенсивті іздеу қарқынды жүріп жатыр.
Теоретиктер психиканы екі бөлімге бөлуге шешім қабылдатан сияқты әсер калады, ол бөлімдер: белсенділігі тек бір ғана стимуляциямен анықталатын жақсы жасаған үлкен бөлім және оған қатысты таңдау мүмкіндігі енжар мойындалатын кірпияз кіші бөлім. Әзірше бұл ізденіс жетістікке алып келген жоқ және зейіннің ешқандай да тәуелсіз механизмдері табылған жоқ. Менің ойымша, бұл ондай механизмдердің болмайтындығымен тусіндіріледі. Қазірті кездегі зерттеу әдістерінің ішінде бір шама кызықтысы Черри 50- жылдарда ұсынған таңдамалы тыңдау болып табылады. Ол үнтаспаға байланысы жоқ вербалды екі хабарламаны жазған және бір мезгілде өз зерттелушілерінің әр бір қулағына және бірдей дауыста тыңдатқан. Ол алдын ала оларға кай хабарламаны зейін салып тындау қажет екендігін алғашқы хабарлама айтқан. Зерттелушілердін нұсқауға сәйкес жұмыс жасап жатқандығын тексеру үшін ол осы хабарламаны олардың берілу шамасы бойынша дауыстап кайталауын талап еткен. Зерттелушілер екінші хабарламаны толығымен дерлік елеместен, тапсырманы оңай орындаған. Черридін бақылаулары біз үшін екі себепке байланысты қызықты болып табылатын көптеген өнер тапқыштық эксперименттер жасауға алып келді. Біріншіден, тапсырманың өзі салыстырмалы түрде таныс болып табылады. Біздің барлығымыз бір адамның айтқандарын тындап, қалтандарды елемеуге тырысуға тура келетін адам толған жерлерде болғанбыз. Екіншіден, осы тапсырмада зерттелуші жеткілікті көп уақыт бойы жалғасатын, азды-көпті үздіксіз және мәнді жағдайлармен жұмыс жасайды. Бұл табиғи тәсілмен қабылдау үшін ақпаратты үсынатын және перцетттивті циклдің калыпты ашылуына кедергі келтірмейтін аздаған эксперименттік процедуралардың бірі болып табылады.
Есте сақтауға жасалынтан эксперимеиттерге алғаш болып ғылыми түжырымдама берген Германия тұрғыны Герман Эббинхауз. Ол естің белгісіз касиеттерін зерттеуді қолға алды. Оның бір кездері біздің санамызда болған сезім, түйсіну және пікірлер есте тұтылып қалады деген күдіті болды. Ол өзінің есте сақтаудың қодамы мен оған қол жеткізуге болатындығы туралы пікірін келесі үзіндіде өте айқын көрсетіп берді:
Ішкі көзқарас оларды көрмеуі мүмкін болмағанымен, олар сонда да толығымен жойылмаған және жоғалып кетпеген кандай да бір жолмен олар есте болыл, сақтала береді. Әрине, бір олардың ағымдық тіршілігін тікелей бақылай алмаймыз, бірақ олар, біздің көкжиектің артында жұлдыздардың болатындығы туралы пайымдау жасайтындығымыз сияқты нақтылықпен бізің білімімізге ашылатын нәтижелер түрінде көрінеді... Осы ізденістер арқасында өзінің Ес туралы кітабы жарыкқа шықты.
Қысқа мерзімді ес - көлемі бойынша аса үлкен болмаса да, өзінің маңыздылығы жағынан орасан зор болып табылатын бұл ес қоймасы сыртқы ортадан келіп түсетін стимулдарды алғашқы өндеуге басқа ес жуйелерінен гөрі көп қатысады. Оның шағын сақтау көлемі оның шектелген өткізу қабілетіне сәйкес келеді және кейбіреулер сақтау көлемі мен өткізу кабілеті арасында үнемі алмасу жүріп отырады деп есептейді.
Жалпы ұзақ мерзімді есті тап осы шақта қолданылмайтын, бірақ кейін талап етілуі мүмкін барлық ақпараттың қоймасы ретінде қалдыруға, қабылдауға болады. Ұзақ мерзімді есте сақталатын кейбір ақпарат түрлерінің ең бір жалпы тізімі мынадай:
:: қоршаған ортаның өзіміз жасап алған кеңістік моделі-үйіміздің, қала
мен планетаның образдарына сай келетін симболдық құрылымдар,
сондай-ақ маңызды объектілердің бұл когнитивті картада қалай
орналасқаны туралы мәліметтер.
:: физикалық заңдар, космология, заттар мен объектілердің қасиеттері
туралы біздің білімдеріміз.
:: басқа адамдарға, өзімізге және түрлі әлеуметтік жағдайларда өзімізді
қалай ұстауымызға қатысты біздің көзкарастарымыз бен ой-сеніміміз.
Біздің құндылықтарымыз және одан туындайтын әлеуметтік
мақсаттарымыз.
:: біздің моторлық дағдыларымыз, машинаны, аңшы мыштығын
пайдалану, велосипед жүртізу қабілетіміз, түрлі мақсаттарға жету үшін
жоспар құру.
:: біздің сөйлеу тілін түсіну және көркем сурет пеп музыкалы талдай алатын перцептивті дағдыларымыз.
Ойлау-тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекет. Түйсік пен қабылдаудан бастау ала отырып, ойлау тікелей сезімдік біліктер аймағына шығып, нақты қабылдаумен білуге мүмкін болмаған дүние құбылыстар жанама қорытындылау арқылы біліп, танымдық шектерімізді кеңейтуде жәрдемдеседі. Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақыл қызметтерін өзара байланысқан, бір-біріне ауысып отыратын ойлардың әрқилы әдістерінен кұралады. Бұлардың негізгілері: талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау және қорытындылау. Тұлғаның ойлау дербестігі оның жаңа мәселелер мен проблемаларды қоя біліп, оларды тың әдістермен шеше білуінде, ал бұл қабілет өз көзеңінде ойлаудың белсенділігімен, яғни көзіккен міндеттер мен мәселелерді өз бетінше шешуге ұмтылыс жасап, өзінше шешім жолдары мен құралдарын барластыра алумен байланысты.
Қиял - алда күтілтен проблемдік жағдайлар анық болмаған кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен қандай да әрекет бағдарламасын түзуге жәрдемдесетін психикалык процесс. С.Л.Рубинштейн қиялды нақты және абстрактты тұрде бөлуді ұсынады. Қиялға түсетің бейнелер әр түрлі болатыны сөзсіз бірде ол бейне жалқы, заттасқан, косалқы бөліктермен күрделенген, сонымен бірге бейне жалпыланған, қорытынды схема және барша жағдайда қолданылатын символ кейпінде берілуі мүмкін. Бір бәрінен жалқы мен жалпы мән ерекшеленген көп санды және сатылы көрнекі бейнелср жүйесінің болуы да ықтимал, осыдан киялдың нақты, нақтылау, жалпы, әбден дерексізденген түрлері келіп шығады.
1.2 Шет ел және педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі рефлексия

Теориялық талдауды құрайтын жұмыстың бұл бөлімінде психология ғылымындағы кәсіби іс-әрекеттегі рефлексияның рөлі, шет елдік және кеңестік "психологиядағы рефлексия мәселелерінің зерттеулері қарастырылады.
Рефлексия ұғымы қаншалықты маңызды болғанымен ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін психологияда оған қатысты зерттеу жұмыстары болмады. Осы ұғымды анықтаған көптеген анықтамалар рефлексияны, өз ақыл ой әрекетінің немесе психикалық күй туралы ойлану деп қарастырады.
Мұнда рефлексияға тән ойлау процесінің ерекшелігі көрсетілмейді, бағыттылығын ғана сипаттайды. Психологияда бұдан басқа рефлексияны басқа адамдардың ой пікірлерін имитациялау деп түсінген бағыттар да болды. Рефлексия психологиядан бұрын, философияда ұзақ зерттелініп, дамыды. Философиялық көзқарастарда рефлексия, теориялық танымның негізі, өзіндік санаға деген бейімділік, адамның өзіндік даму құралы деп түсінілді.
Психологияда рефлексивті жолдың орнының өсуі гуманитарлы және жаратылыстану ғылымдарында - синергетика ретінде, яғни ғылымдарда перспективті бағыттың жақындасуын В.Е.Лепский байқаған. .[12]
Рефлексия мәселесін өңдеу бағытында ойлау іс-әрекетінің жүйесі жолын айқындауға болады. Осымен келісе отырып рефлексия ойлау әрекетінің формасы деуге болады. Рефлексия мәселесін практикалық жоспарда толығымен зерттеген В.А.Лефевр болды. Бұл бағыттың өкілдеріне В.А.Лефевраның жұмыстарын жатқызуға болады. В.А.Лефевраның негізгі сіңірген еңбегі рефлексияны философиядан бөліп алып пән аралық деңгейге шығарды. Сонымен қатар, ол рефлексивті жүйе түсінігін енгізді, оның көмегімен рефлексивті жолдың дамуы жүрді. Даму бойынша зерттеу жүйесін салыстыру (1969), Рефлексивті ойын және рефлексивті басқару логикасы (1967), Конфликтілеу структурасы (2000), жұмыстарында автор рефлексия процесін феномен ретінде көрінуін қарастырды .[13]
Келесі рефлексия мәселесінің дамуы мен қалыптасуын зерттеген Г.П.Щедровицкий болды. Оны рефлексия философиялық көзқараста қызықтырды яғни құрастыруды басқаратын нақты ережелер немесе табиғи іс-әрекеттердің даму заңдылықтарының механизмдерінің көрінуі болды. Г.П.Щедровицкий рефлексияны түсіндіру үшін рефлексивті шығу түсінігін енгізді, ол индивид үшін қажет іс-әрекеттің әткен көзқарасынан шығып жаңа жаңа көзқарасқа өту, сырттай қарағанда жасалған әрекеттерге қатынасымен және болашақ жоспарланған әрекетке катынасы.
С.Ю.Степанов пен И.Н.Семенов рефлексияны жеке даму қасиеттерінің ламу механизмдері ретінде қарастырылады. Сонымен бірге рефлексияны өзіндік ұйымдастырушы мен өзіндік даму механизіміне жатқызады.
Рефлексия іс-әрекеттің бағытында, оның мәні оны іс-әрекет құрылымының компоненті ретінде қарастырудан тұрады. Осы бағыттағы өкілдерге Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев жатады. Практикалық қатынаста Л.С.Выготский психикалық дамуда рефлексияның теориялық рөлін ескерген. Ол байланыстың жаңа типтері мен функцияның бірлестігі санадағы өзіндік процестің бейнесі ретінде болжамды деп есептейді. Мұның негізінде сыртқы әлемдегі жағдайларды өзінен кез-келген кайғыруды өткеру деп түсініледі. Сонымен қатар Л.С.Выготский онтогенез процесінде адамның рефлексивті мүмкіндіктерінің игеруімен жеке психикалық актіде тұлғаның қатысуы байкалады деген ойы да маңызды. Бұл тұжырым ішкі тұлғалық белсенділіктің психикалық актісі арқылы байқалу мүмкіндігін меңгереді. Выготский рефсивтіліктің эмпирикалық зерттелу мүмкіндігін ескереді. Сонымен қатар жас ерекшеліктер, соның ішінде адамдағы рефлексияның пайда болуы мен сананың құрылу кезеңі ретіндегі жас өспірімдік кезең айтылады.
А.Н.Леонтьев рефлексияны психикалық бейненің формасы ретінде, сыртқы іс-әрекеттің ішкіге механикалық түрде өтуі деп қарастырады. Рефлексия адамда өзінің сыртқы іс-әрекет шындығында, өзінде сананың пайда болуы ретінде карастырылады. Мұнда рефлексия енді сананың критериясы ретінде көрінеді.
Б.Г.Ананьев тәрбие мен өзін ақылды тәрбиелеу жайлы сұрақ қойып, оқушылардың өзіндік жұмыс процесінде оны бақылап, рефлексияның даму проблемасын ажыратты. .[14]
Қазіргі уақытта рефлексия мәселесін қарастыру жаңа болып табылмайды. Оның рөлі нақты және гуманитарлық ғылымдардың әртүрлі теориялық бағыттарында, соның ішінде жалпы, әлеуметті, педагогикалық психологияның т.б. әртүрлі бағыттарында зерттелген. Психологияда рефлексия мәселесі сананың мәселесімен үздіксіз байланысты, осындай сапада рефлексия шет елдердегі сияқты отандық психотерапияда да кең тараған. Рефлексия - адам санасының маңызды ерекшеліктерінің бірі. Рефлексияны ойлау туралы ойлау деп те түсінеміз. А.П.Огурцовтың пікірінше, рефлексия - бейнеден ауытқығанда, бұрынғы бейнеге қанағаттанбаған сезімді ұғынғанда пайда болады, - дейді. Ал А.З.Зак рефлексия мәселесі бойынша бірнеше бағыттарды көрсетеді, соның бірі, рефлексияның кәсіптік ойлаумен байланысты .[15]. В.П.Зинченконың жұмыстарында әлемді бейнелеу, ол туралы ойлар, мінез-құлықты реттеу механизмдері, сана процестері рефлексияның объектісі ретінде қарастырылды, сананың екі деңгейі белгіленген: тұрмыстық және рефлексивтік. .[16] Рефлексивті деңгейге - мағына мен мән жатады.
Яғни санадағы идеялар әлемі, ұғымдар, түрмыстық және ғылыми білімдер, әсерленулер, құндылықтар, эмоциялар, аффектілер. Ойлау жұмысының продуктивтілігін қамтамасыз ете алатын рефлексивті - тұлғалық реттеу механизмдерде негізгі рөл атқарады.
Біз бұл зерттеуде, рефлексияны жүйелік ықпалда, ойлауды таза интеллекттік процесс, біртекті, гомогенді деп қарастырған рационалистік түсініктерден айырмашылығы бар, бір текті емес, күрделі ұйымдасқан, көп деңгейлі, тұтастай кұрылым деп қарастыратын тұжырымдарды талдадық.
К.Дункердің X- сәулелер деп аталатын модельдегі міндеттерді дискурсивті шешкен, классикалық тәжірибелеріне сүйеніп, біз мынандай тұжырым жасауға мүмкіндік алдық, субъектінің ойлауының интеллектік мазмұнын ғана емес, жүзеге асыратын ойлау ізденісіне өзіндік бағалау мен рефлексиялық қатынасты білідіретін мағыналарды шешу процесіндегі реттелуді көруге болады. .[17]
Кейінгі кездері, когнитивизмдегі интроспекцияға (Д.Рэдфорд, 1974); метакогнитивизмде рефлексияға (Д.Дорнер, 1984; Ф.Райтер, 1979) ойлаудың мағыналық құрылуларына (А.Г.Асмолов, В.С.Братусь, Б.В.Зейгарник және басқалар, 1979) деген қызығулар туындап, продуктивті ойлаудың, интеллектілік психологияның дамуы мен ассимиляциясының мүмкіндіктерін, рефлексивті - тұлғалық жоспарының мазмұнды жоспарымен әзара әрекетін мақсатты бағытты зерттеу жолы нақтыланды. .[18,19]
Рефлексия - тұлғаның өзіндік танымының негізгі формасы.
Рефлексия арқылы субъект біртіндеп өзіндік даму мен өзіндік жетілдіру негізінде болатын, өз әрекетінің нағыз субъектісі жетілген тұлғаға айналады.
Рефлексия - ойлаудың жүйе қалыптастырушы факторы және оның реттелуін жүзеге асырады.
Рефлексия мынандай жағдай себептерімен ішкі диалогқа апарылмайды: ол рефлексия) ішкі диалогтың барлық кезеңіне қатыспайды, тек қана үздіксіздікті үзген кезеңде, яғни тұрып қалудың (задержка) туындауына байланысты бұрынғы (танымдық процестер тізбегіндегі үзілу) іс-әрекетті жалғастыру мүмкіндігі жоқ кезеңде ғана қатысады. Нәтижесінде субъект өтіп жаткан іс-әрекетін тоқтатып, теория облысына келеді. Мұндай жағдайда теориялық ойлаудың функциясы мынада: біріншіден, пайда болған кедергінің себебін табады; екіншіден, басқа шығу жолдарын іздейді. Ендеше ішкі дискуссия тек рефлексивті шығуда ғана емес оған дейін де, содан кейін де катысады. Рефлексия ұғымының анықтамасын қарасақ ол теориялық іс-әрекеттің формасы дейді (А.П.Огурцов). Ендеше ол тек теориялық әрекетте ғана көрінеді, ал дәстүрлі мәдениетте кездеспейді деген ұғымға әкеледі. Ол теориялық іс-әрекет терминін түсінуге байланысты. Адамдар тек не теориялық, не практикалық ғана ойлайтын адамдар деп бөлінбейді ғой. Мұнда С.Л.Рубинштейннің пікіріне негізделеміз, яғни теориялық іс-әрекет практикалық іс-әрекеттен өндіріледі деген. Адамның сүруінің екі тәсілі бар, бірі тікелей байланыстардан шықпау әкесі, шешесі, т.б.), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рефлексия арқылы студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру
Мектепке дейінгі жастағы баланың өзін-өзі бағалау ерекшелігі
Тұлғаның өзін - өзі тануы, психологиялық тұлға
Мектеп психологының өзін-өзі тану мәселесі мен кәсіби қызметінің ерекшеліктері
Өзін-өзі тану пәнінінен лекциялар жиыны
Қарым- қатынас арқылы өзін- өзі тану
Колледж оқушыларының рефлексивті қабілеттерін оқу әрекетінде дамытуға арналған әдістерді қарастыру
Өзін-өзі танудың философиялық қырлары
Психика мен сананың өзара байланысы туралы түсініктер
Ойлау ұғымына түсініктеме
Пәндер