Қазақ драматургиясының өркендеуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Реферат


Тақырыбы: ХХ ғасырдағы қазақ драматургиясы,опера оододрдрщшорындаушылары.

Жоспар
І. Кіріспе бөлім
Драматургия жайында қысқаша мағлұмат;
ІІ. Орта бөлім
Қазақ драматургиясы; Қазақ драматургиясына М.Әуезовтың қосқан үлесі; Қазақ драматургиясының өркендеуі;
ІІІ. Қорытынды
Тәуелсіз Қазақ драматургиясы;
Қазақстандағы опера және орындаушылары жайында ақпарат;

Драматургия (гр. dramaturgіa) -- қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы.
Драматургия шығармалардың алғашқы үлгілері Ежелгі Грекияда діни дәстүрлерден (Дионис құдайға табынудан) басталған. Олардың сюжетінің негізін құдайлар мен мифтік кейіпкерлер құрады. Ежелгі гректер драматургиясы құдайлардың әділеттілігі мен әлемдік тәртіп туралы ой толғады (Эсхил), адамның құқығы мен оны қайғы-қасіретке душар ететін жағдайларға қарсы наразылықты бейнелеп көрсетті (Софокл, Еврипид), адамдардың кемшіліктері мен кемістіктеріне, олардың бір-бірімен қарым-қатынастарына күліп, діни табынушылықтарына күмәнмен қарады (Аристофан, б.з.б. 445 -- 385). Осылайша драматургияның комедия және трагедия жанрлары туды.

Қазақ драматургиясы.
Ұлттық драматургияда төңкеріс тақырыбын алғаш көтерген Сәкен Сейфуллин болды. Оның "Бақыт жолында", "Қызыл сұңқарлар" пьесаларында драмаға лайықты сипат сақталған. Бұл аталған пьесалардың үгіттік бағытынан, көркемдік және тарихи шындықтың тұтастығынан, оқиғаның құжаттық дәлділігінен, этнограф бедерінің сақталуынан көрінеді. Осы тақырыптың жалғасы ретіндегі Шаниннің "Шахта" пьесасы бірнеше рет жөнделіп, өңделген нұсқасында қазақ жұмысшыларының өмірін, саяси күреске араласуын суреттейді. 20 ғасырдың 20-жылдарындағы отандық драматургияда әйел бостандығы мен теңдігі басты тақырыпқа айналды. Солардың бірі 1926 жылы Кемеңгеровтың "Алтын сақина" мен "Ескі оқу" пьесалары Қазақ драма театрының сахнасында қойылды. Театрдың алғашқы жылдарындағы репертуарынан Б.Майлиннің шағын комедиялары, Ж.Тілепбергеновтің "Сүйіскендер", "Перизат -- Рамазан", Р.Малабаевтың "Үй тұтқындары", "Ғұрып күні", С.Аблановтың "Күндеспейтін қатын", А.Тоқмағанбетовтың "Екі заң", т.б. пьесалары орын алды. Бұлардың ішінде театр репертуарында ұзақ сақталғаны -- "Перизат -- Рамазан" және А.Оспанов пен Е.Өтеулиннің "Зарлығы".

20 ғасырдың 20 -- 30-жылдарындағы драматургияда трагедия жанрының дамуы айқын көрініс берді. Олардың көбісі тарихи-эпостық жырлардың негізінде жазылған. Кезінде театр репертуарынан берік орын алған Шаниннің "Арқалық батыры" 1924 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Екі бөлімнен тұратын пьеса премьерасы сахнада қатарынан екі күн жүрген. "Арқалық батыр" трагедиясы -- отандық драматургиядағы фольклорлық материалды игерудің тұңғыш қадамы. Шаниннің бірнеше шағын комедиялық шығармалары да сахнаға шықты. Олар -- "Торсықбай" мен "Айдарбек", бұлардың сюжеттерінің желісі -- ауыз әдебиетінің негізіне құрылған, қазақтың әйгілі әзілкештерінің төңірегінен өрбитін аңыз-әңгімелер мен олардың күлдіргі әрекеттері. Комедия жанрына ерекше көңіл аударып, негізін қалаушылардың бірі -- Майлиннің көптеген шағын күлкілі шығармалары театр мен үйірмелердің репертуарынан берік орын алды. Атап айтқанда "Шаншар молда", "Ел мектебі", "Неке қияр", "Айша", "Сәлде", "Көзілдірік", т.б. Бұларда комедияның шағын үлгілері -- скетч, водевильге тән түрлері кездеседі.
Қазақстан драматургиясының дамуына М.Әуезовтың қосқан үлесі.
Ұлттық драматургияның пайда болып, қалыптасуы мен дамуына ерекше еңбек сіңірген ұлы қаламгер Әуезов 20 ғасырдың 20-жылдары "Еңлік -- Кебек", "Ел ағасы", "Бәйбіше -- тоқал", "Қарагөз" пьесаларын жазып, сахнаға шығарды. Бұлардың барлығында да өткен замандағы қоғамның әлеуметтік қайшылықтарын суреттеп, сан қилы кейіпкерлердің қайталанбас бейнелерін жасады. Күні бүгінге дейін сахнадан түспей келе жатқан "Еңлік -- Кебек" халық жырының негізінде жазылып, бірнеше өңдеу мен жөндеулерден кейін ұлттық драматургияның қайталанбас көркем, классикалық дүниесіне айналды. Трагедияның түпнұсқасы 1923 жылы жеке кітап болып басылып шықты. 20-жылдардағы драматургияның көркемдік шоқтығы биігі "Қарагөз" -- махаббат пен жеке бастың бостандығы жолындағы күресті суреттейтін шығарма. Трагедия ауыз әдебиетінен ұтымды пайдаланған "жар-жар", "беташар", айтыс және басқа өлең-жырлар ерекше көрік, поэтикалық мазмұн береді. Фольклорлық материалды пайдаланып жазылған осы пьесалар отандық драматургия жанрының дамуына ерекше ықпал етті. ПпппДраматургияның тақырыптық аясы кеңейіп, сюжет пен тартыс ұйымдастырудың, кейіпкер бейнелерін сомдаудың, диалог пен монолог құрудың тың үлгілері жасалған, көркем-идеялық мазмұны терең пьесалар театр репертуарын байыта түсті. Қазақстан топырағында өтіп жатқан күрделі де сан қилы саяси-әлеуметтік құбылыстарды бейнелеп, өткір тартысқа, жаңа тіршілік жолындағы айқасқа құрылған Майлиннің "Майдан", Ғ.Мүсіреповпен бірігіп жазған "Амангелді", І.Жансүгіровтің "Кек", "Түрксіб", "Біздің жігіттер", Әуезовтің "Түнгі сарын", т.б. пьесалар жазылып, сахнада қойылды. Бұлардың кейбіреулері партиялық идеологияға ыңғайлап жазылғанымен, тарихи шындық арқауы үзілмей, шынайы бейнелеу тапқан.
Қазақ драматургиясының өркендеуі.
20 ғасырдың 40 -- 50-жылдары ұлттық драматургия жаңа белеске көтерілді. Бұрынғы тарихи-күрескерлік тақырып М.Ақынжановтың "Исатай -- Махамбет", Сәбит Мұқановтың "Күрес күндерінде", Әуезов пен Ә.Тәжібаевтың "Ақ қайың", Әуезовтің "Абай" трагедияларында жалғасын тапты. Ұлы Абайдың өмірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ комедиясы. Драммадағы тарихи тұлға
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі
Қазақ балалар драмасының шағын түрлері
Қазақ драматургиясы
БАЛАЛАР ДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ БАСПАЛДАҚТАРЫ
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Тарихи трагедия табиғаты
Шахмет Хұсайынов драмалық шығармаларының көркемдік ерекшелігі
АЛҒАШҚЫ ПЬЕСАЛАРДАҒЫ ТАРТЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Драманың өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамасы
Пәндер