Инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың отандық және шетелдік тәжірибесін талдау.

Алматы 2020ж
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Инновациялық кәсіпті мемлекеттік реттеу
Дамыған елдердегі инновациялық кәсіпті реттеу
Ұлттық инновациялық жүйе мәні мен мазмұны
Қорытынды

Кіріспе
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды.
Кәсіпкерлікте, соның ішінде инновациялық та, ерекше экономикалық субъекттің - нарық экономикасымен байланысты кәсіпкердің, өзгеше қызметін білдіретін, оқиғамен байланысты қиын экономикалық мазмұн бар. Осымен байланысты кәсіпкершіліктің өзі қайта өндіру, тауар мен капитал айналу, өндірістік қорларын беру процестеріне келтіретін нарық экономика элементі ретінде алға шығады. Нарық құрылымының элементі бола тұра, кәсіпкершілік нарықтық жүйе жағынан ықпалын көреді, нарық экономикасының заңдарына бағынады. Ол ұлттық экономикасына өсімділік пен тұрақтылық келтіріп, оның жағдайы мен жұмыс істеуіне әсер етеді.
Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары,сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып,заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалары еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркелді,жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге аасырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік - кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен - кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады , тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тиым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысана, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс . Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерді тиым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етіледі.
Кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселе кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің дамуы мен өркендеуі бағыттарымен қатар жүреді.Қазіргі кәсіпкерлік қызметті дамыту проблемалары кешенді түрде қарастырылған: нарықты кешенді зерттеу, кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторлар, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің қалыптасу және даму кезеңдері анықталған, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті дамытудағы мемлекеттің рөлі қарастырылған. Мұнда кәсіпкерлік қызметпен атқарылатын функциялар: экономикалық ресурстарды рационалды пайдалану, кәсіпкерлік қызметті тиімді ұйымдастыру, жоспарлау және талдау, қаржыландыру көздері мен инновацияны енгізу, шығын көлемін төмендету жолдары зерттелген
Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік - шаруашылық қызметтің маңзды түрі болып табылады. өйткені, нарықтық экономиканың өзі - кәсіпкерлік экономика. Оның ролін көрсетуде, Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда табу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттайды.
Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкерліңтің теориясы мен тәжірибесіне деген мүдделілік өсіп отыр.
Экономикалық теорияда кәсіпкерлік түсінігін өзіндік ерекшлеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі кәсіпкерлік теориясыныңклассигі, Кантильон есімімен байланысты. Ол бірініш рет кәсіпкерліктің негізгі тұлғасын анықтады.

1. Инновациялық қызметтерді реттеу мақсатында мемлекет инновациялық қызметке тікелей және жанама қолдау көрсете алады. Инновациялық қызметті тікелей мемлекеттік реттеу ғылым мен техниканың дамуының негізгі бағыттарын таңдау, мемлекеттік бюджеттен жобаларды мақсатты қаржыландыру, инновациялық қызмет инфрақұрылымын қалыптастыру және т.с.с. негізінде жүзеге асады. Ал инновациялық қызметті жанама реттеуге фискалдық әдістерді қолдану (жеңілдікті салық салу, жылдамдатылған амортизация, жеке нарықтар мен саласында реттеу), интеллектуалдық меншікті құру және қорғау саласында нормативті құқықтық реттеу, ғылыми білімді коммерциялизациялауға қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау жатады.
Өндірістік қатынастардың негізгі субъектісі - мемлекет болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекеттің тиімді әлеуметтік - экономикалық жүйені қалыптастыруда белгілі рөлге ие болуында ғана емес, елді жаңа инновациялық деңгейге көтеруде, әсіресе өндірістік салада бір талпыныс күшін құру керек. Бұл өз кезегінде ұзақ мерзімді қаржылық шығындар, яғни осы үдерісті ұйымдастырумен байланысты үлкен қызмет. Осыған орай инновациялық үдеріске тиімді әсер ету үшін мемлекет қандай іс - қимыл жасау керек екенін анықтап алу керек.
Эволюциялық даму жағдайында ұлттық деңгейде инновациялық жүйенің қалыптасуының негізгі субъектісі - жеке бизнес болып табылады. сондықтан да, инновациялық кәсіпкерлікті қалыптастыруға мемлекеттің белсенді қатысуы заңды құбылыс деп түсіну керек.
Мемлекет қызметінің маңыздылығы жаңа өнімді ойлап табу, оны жасау және өндіріске енгізу арқылы инновациялық өнімді шығарудың бірыңғай инновациялық тізбегін қалыптастыру. Инновациялық өнімді жылжытудың бірыңғай технологиялық тізбегін қалыптастыру керек, себебі, бірыңғай жүйесіз инновациялық үдеріс субъектілерінің қызметі нақты нәтижеге жете алмайды.
Қазіргі таңда мемлекет инновациялық үдерістердің кординаторы, ынталандырушы рөлін атқарып жатқанда, ғылыми - технологиялық саясаттың негізгі міндеттері мынадай:
Ғылыми - техникалық және инновациялық саланы заңды шамалар негізінде қорғау, қолдау;
- Өнеркәсіп пен ғылым арасындағы байланысты күшейту, инновацияларды өнеркәсіпке енгізуді жылдамдату;

- Ғылыми - технологиялық даму бағытын реттеу, келешекте, стратегиялық салалардың дамуына жағдай жасау;

- Ғылыми - технологиялық зерттеулерге, инновациялық үрдістерге мемлекет тарапынан қаржыландыру жолдары мен формаларын ұйымдастыру, инвестициялар бағыттауды қолдау, ынталандыру;

- Ғылым саласындағы білім беру, мамандандыру мәселелерін шешу, жоғары оқу орындарын, ғылыми институттарды, лабораторияларды қолдау;

- Мемлекеттік экономика инновациялар диффузиясы мен технологиялар трансфертін күшейту, отандық өнім өндірісін шетелдік бәсекелестерден қорғау.

Мемлекеттің инновациялық саясаты жаңа өнім және технологияны өндіруге жіне осы негізде отандық тауарларды нарыққа өткізу кеңейтуде мемлекеттің ықпалымен баіытталған, әдістер мен бағыттардың жиынтығын көрсетеді. Жеке сектордың рөлі өз зерттеулерінің негізінде инновацияны нарыққа өңдеу мен өткізуде, сонымен қатар отандық және шетелдік технологияларды тартуда көрінеді. Мемлекеттің рөлі сапалы берік білімді алуға, инновациялық инфрақұрылымды құру, стратегиялық мінездегі технологиялық кешенді құрастыру және инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін институционалдық қолайлы шарттар жасауға көмектесуді білдіреді.
Инновациялық саясаттың негізгі қағидаларын қалыптастыруда, қоғамның әлеуметтік - экономикалық мақсаттары есепке алынады. Мұнда қысқа, ұзақ, орта мерзімдік ішкі заңдылықтарға негізделген ғылым мен техниканың дамуы, халық шаруашылығы мен есеп жүргізудің бірлігін анықтайды. Инновациялық саясатты іске асыруда өнеркәсіппен кәсіпорындар көбінесе экономикалық өркениетке ұмтылуға тырысады.
Жалпы мемлекетте жүргізілетін ғылыми - техникалық саясатты қағидалары төмендегідей:

- орта және шағын бизнес субъектілерін инновациялық қызметке тарту, олардың қаржылық - несиелік салада толық мемлекет тарапынан қамтамассыз етілуін талап ету;

- инновациялық саясатты дамытуға халықаралық серіктестіктерді тарту және ұлттық мүддені, интеллектуалдық әлеуетті қорғау;

- инновациялық саясаттың экономикалық - әлеуметтік бағытын жеке - дара қарастыру;

- әлеуметтік - экономикалық тиімділікті қамтамассыз ететін ғылыми - техникалық дамудың жаңа бағыттарын таңдап алу;

Инновациялық инфрақұрылымды құру мақсатында, мемлекет инновациялық үдерістерді дамытуға қолдау көрсетеді, яғни инновацияның таралу орталықтарын құру, ғылыми технологиялық парктер, бизнес инкубаторлар, әр түрлі инновациялық қорлар құру.
Әлемдік тәжірибеде инновация үдерістерге тек тікелей әсері ғана емес, сонымен қатар, көптеген жанама әсерлері де бар. Олар мемлекеттің салықтық, несиелік, кедендік, амортизациялық саясаты арқылы жүзеге асырылады. Жанама инновациялық саясаттың ең көп тараған түрі: салықтық және амортизациялық заңнамаларға либерализациялау. Оның тиімділігі көптеген алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибелерінің көрінуде.
Бұл елдерде жанама инновациялық саясатты мемлекеттік реттеу, салық, несие жеңілдіктері, амортизацияны тездету және де инновациялық жеңілдіктер арқылы, ауқымды түрде қолданылады. Ескертетін бір жайт, барлық көрсетілетін мемлекеттік қолдау түрлері инновациялық үдерістерді тек дамытып қана қоймай, сонымен қатар, инвестициялық салымдарды көбейтуге де бағытталған.
Салықтық реттеу мемлекеттік қолдаудың формасы ретінде жақын арада көрініс тапты. Бірақ оған қарамастан жиі қолданылады. Бұндай қолдау көбіне дамыған елдерде қолданылады, себебі келесідей артықшылықтарға ие:

- Жеке сектордың автономдығы және де зерттеу жұмыстарының экономикалық жауапкершілігін сақтайды.

- Биліктің барлық деңгейіндегі бюрократиялық жұмыстардың аз болуын талап етеді.

Жеңілдетілген түрдегі салық салу, салық салу базасын азайту, яғни өзіндік құн арқылы жүзеге асырылады.

Әлемдік тәжірибеде инновациялық қызметті жүзеге асыруда салықтық жеңілдіктердің келесідей түрлері бар:

- Өнімнің өзіндік құнына инновациялық үдеріске кететін шығындарды қосу;

- Инвестициялық және зерттеушілік несиелер беру, яғни салық салудан түскен қаржының белгілі бір мөлшерін инновациялық зерттеулерге жұмсау;

- Салықтық демалыстар инновациялық жобаларды жүргізудегі бірнеше жылдық салықтық демалыстар;

- Әр түрлі кәсіпорындарда зерттеушілік шығындар көлемін әрдайым қадағалау мақсатында салықтық жеңілдіктер жүйесін қолдану;

- Инновациялық кәсіпорындарда берілетін, жеке және заңды тұлғалардың салық салу жеңілдіктеріндегі дивиденттер;

- Ғылыми - зерттеу институттарына және де басқа кәсіпорындардағы құрал - жабдықтарға салынатын салық мөлшерін азайту;

- Инновациялық жобаларды қаржылық қолдайтын қайырылымдық қорларға, салықтық түсімдерді жұмсау;

Салық жеңілдіктерінің екі түрі бар:

- Көлемді. көлемді қағида бойынша жеңілдік шығындарға пропорционалды беріледі;

- Өспелі. өспелі қағида бойынша жеңілдік сол компанияның зерттеу жұмыстарына жіберген шығындарына байланысты анықталады.

Инновациялық кәсіпорындарында салық салудағы жеңілдіктерді қолданудың негізгі мәні - кәсіпорынның инновациялық қабылдаушылық деңгейіне байланысты пайдаға салықты азайту. Сол деңгей қаншалықты жоғары болса, салық жеңілдігі соншалықты көп болады. Бірақ кәсіпорын инновациялық коммерциялану жағдайына жететіне күмән болмауы керек.

Осы екі қағиданы қайсысы тиімді екенін әрине анықтап көрсету қиын. Әр мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КәсIпкерлIк туралы жалпы түсIнIк және оның ұйымдық - құқықтық формалары
Қазақстан Республикасында кәсIпкерлIк қызметтIң дамуы және оны мемлекеттIк реттеу
Қазақстан Республикасында кәсiпорын қызметінiң дамуы және оны мемлекеттiк реттеу
Кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару
Кәсіпорын қызметінің дамуы
Кәсіпкерлік іс-әрекет
Экономикадағы кәсіпкерліктің рөлі мен теориялық негіздері
Кәсіпкерлік түсінігі және кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
Шағын кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік қолдау қағидаттары
Пәндер