ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МAЗМҰНЫ

КІPІCПE . . . 3

І ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ . . . 5

ІІ НӘЗИРАШЫЛДЫҚ ҮРДІС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССАЛАР МЕН ДАСТАНДАРДЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ . . .

ҚOPЫТЫНДЫ . . . 62

ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТІЗІМІ . . . 65

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Иcлaм дінінің ықпалы шығыcтық әдeбиeткe де өзгepіcтep алып келді. Шығыc әдeбиeтіндeгі сарындық және жaнpлық өзгeшeліктep орта ғасырлық түркі шығармаларына да белгілі бір дәрежеде әсер бepді. Орта ғасырлық қазақ әдeбиeтінің Х-ХІІ ғacыpлapдағы дaмyының aлғaшқы тyындылары діни, филocoфиялық, дидaктикaлық, нәзирагөйлік бағытта болғанымен, көркем шығармалар ретінде белгілі бір шығыстық сарындар мен жанрлар тұрғысынан жазылған мұpaлap бoлып тaбылaды. Сондай шығармалардың қатарына қазақтың қиссалары мен дастандарын жатқызуға болады. Қазақ арасына мол тараған шығыс әдебиетінен келген ғашықтық, эпикалық, батырлық сипаттағы әңгіме-өлең, поэма-дастандар «қисса» деген атпен басылып тарағаны белгілі. Қисса қазақ әдебиетінде, әсіресе, кітап бастыру жұмысының жандана бастаған кезеңі ХІХ ғасырдың басынан бастап кең өріс алды. Біріншіден - қазақ халқының ауыз әдебиеті басқа көршілес Орта Азия халықтарының фольклорындай Шығыс тарапынан келген аңыз, дастан, хикаялармен толысып, тарамдала түсті. Екіншіден, «кітаби ақындар» Шығыстың классикалық әдебиеті, аңызы мен қазақтың ауыз, жазба әдебиеті аралығындағы дәнекерлік, жалғастырушы, әрі көпір секілді қызметті атқарады.

Әсіресе, Шығыс әдебиетінің ықпалы айрықша болды. Шығыстың классик ақындары жырлаған қисса-дастандарымен қатар, шығыстың новеллалық, романдық тақырыпта жырланған дастандары да қазақ арасына кеңінен жайыла бастады. Қазақ әдебиетіндегі қисса-дастандар жанрына Шығыс аңыз-ертегілерінің сюжеті бойынша жазылған көлемді көркем шығармалар, жыр-дастандарды жатқызамыз. Қисса-дастандар қазақ әдебиетінде ХІХ-ХХ ғасырларда кең өріс алған. Қазіргі таңда әдебиетшілер алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі осы шығыстық сюжеттер негізінде жырланған қисса-дастандарды барынша толық әрі жан-жақты меңгеру арқылы олардың жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, мән-маңызын терең тексеру, құнды мәтіндерге барынша текстологиялық салыстырулар жүргізу, әдебиет тарихының басты кезеңдеріне барлау жасау тәрізді жұмыстар жүргізу болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі. Қ азақ ауыз әдебиетінің көптеген жанр- ларының жиналып, баспа жүзін көргеніне, олар жөнінде азды-көпті ғылыми пікірлер айтыла бастағанына ғасырдан артық уақыт өтті. Жанрлардың ішінде ең көп зерттеліп, жарияланғаны батырлар жыры мен ғашықтық жырлары десек қателеспейміз. Эпостың бұл екі түрі арқылы халық өз тарихындағы елеулі оқиғаларды сөз ете отырып, дүниетанудағы көзқарас, түсініктерін жырлайды. Әйтсе де қазақ халқының эпикалық поэзиясы тек батырлар жыры немесе ғашықтық жырлармен шектелмейтіні белгілі. Көлемі, тақырыбы жағынан сан алуан, көпшілікке белгісіз, толық жиналмаған, зерттелмеген халық туындылары баршылық. Бұл әлі де болса зерттеуді қажет ететін тақырыбы, сюжеті, идеясы, образдар жүйесі және көркемдік бейнелеу құралы жағынан дәстүрлі батырлық және ғашықтық жырларға ұқсамайтын туындылар - қиссалар мен дастандар. Қиссалар мен дастандар қазақ әдебиетінің мазмұн мен форма жағынан қалыптасуына зор ықпал етті. Қазақ қисса, дастандарының фабулалық негіздерін біріншіден, шығыстық материал, екіншіден, жергілікті материал құрайды. Осы зерттеу жұмысының өзегі ретінде фабулалық негізі шығыстан келген аңыз-әңгімелер, оқиғалар арқау болған дастандар мен қиссалар алынып типологиялық жағынан талданды.

Ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы. Қисса-дастандар ел арасына кең таралғанына қарамастан осы кезге дейін түпкілікті зерттеліп болды деп айтуға келмес. Бір айта кетерлігі, соңғы жиырма жыл ішінде ғана қисса-дастандарға едәуір көңіл бөлініп келеді. Бұның бір дәлелі ретінде М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған «Бабалар сөзі» көп томдығын айтуға болады.

Фольклортанушы ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде кейбір дастандардың жанрлық белгілерінің сақталатыны және өзге шығармалармен кей жерлері типологиялық тұрғыдан ұқсас болып келетіндігі айтылған. Мұндай құбылыстан шығыстық сюжеттің негізі арқау болған қазақ дастандары да шет қалмаған. Яғни, қазақ дастандарының болмысы батырлық, ғашықтық, тарихи жырлардан біршама бөлек болып қалыптасқанымен, олар өз бойына осы тектес шығармаларға тән жалпы типологиялық қасиеттерді жинақтады. Бұл қисса-дастандардың барлығы да сол тұстағы әдебиетіміздің даму сипаттарын аша түседі. Сондықтан шығыстық қисса-дастандардың көркемдік ерекшеліктерін айқындау, типологиялық тұрғыдан зерттеу әдебиеттану ғылымының қазіргі көкейкесті талаптарынан туындап отыр. Себебі бұл дастандарды әлі де болса жаңа қырынан зерттеуді қажет етіп тұрған құнды дүниелер қатарында қарауымыз керек. Міне, осындай тұрғыдан алғанда біздің де жұмыс қисса-дастандардың жанрлық табиғаты мен көркемдік-эстетикалық өрісі тұрғысынан зерделенді. Диплом жұмысының түйіндері мен негізгі нәтижелерін, басты пайымдаулары мен ой-тұжырымдарын қазақ әдебиеті тарихына қатысты еңбектерде, жоғары оқу орындарының филологиялық мамандықтарына арнап оқытылатын дәрістерде, сонымен қатар ежелгі және көне әдебиет бойынша белгіленген базалық және элективті курстарда қолдануға болады.

Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Бұл жұмыстың мақсаты - шығыстық қисса-дастандардың көркемдік ерекшелігін, нұсқаларын салыстырып, талдау жасау. Шығыстық сюжеттің негізінде қайта жырланған қисса- дастандардың маңызын ашып, көркемдік ерекшелігін, типологиясын анықтауды көздейді. Осы аяда бірнеше қисса-дастанның қазақ әдебиеті тарихында лайықты орны бар екенін ғылыми дәйектеуді мақсат етеді. Осы мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер:

- қазақ әдебиеттану ғылымында қисса мен дастан жанрының қалыптасу тарихы мен зерттелуін қарастыру;

  • Шығыстық қисса-дастандардың қазақ әдебиетінен алатын орны мен олардың шығу тарихынан деректер келтіру;
  • қисса-дастандардың жанрлық ерекшеліктерін саралау;
  • нәзиралық дәстүрмен жырланған дастандарды қарастыру;
  • зерттеу нысанына алынған дастандарды типологиялық тұрғыдан қарастыру.

Жұмыстың нысаны мен пәні. Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде шығыстық қисса-дастандар мен олардың белгілі бір нұсқалары алынып, типологиялық тұрғыдан қарастырылады. Жұмысқа нысан болған мәселенің шешімін іздеуде қазақ әдебиеттануының жетекші өкілдерінің, зерттеуші ғалымдардың еңбектері назарға алынды.

Жұмыстың теориялық - әдіснамалық негіздері. Осы зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері ретінде жұмысқа нысан болған мәселенің шешімін іздеуде қазақ әдебиеттануының жетекші өкілдерінің, зерттеуші ғалымдардың еңбектері қарастырылды. Атап айтқанда, М. Әуезов, С. Мұқанов, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Е. Ысмайылов, Н. Келімбетов, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Р. Бердібай, Р. Нұрғали, Ә. Қоңыратбаев, Ш. Ыбыраев, Ү. Сұбханбердина, Ө. Күмісбаев, Б. Әзібаева, А. Қыраубаева, У. Асатов, Т. Тебегенов, С. Исматова, М. Төлегенов, т. б. зерттеушілердің еңбектеріндегі теориялық-әдіснамалық тұжырымдар негізге алынды.

І ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ

Қазақ әдебиетінің сонау замандардан бері өсіп өркендеп келе жатқандығына еш дау жоқ. Біздің мәдениетіміздің қайнар бұлағы - әдебиет, яғни әдеби жырлар, халық ауыз әдебиеті, сан алуан өлең жыр-дастандар, қисса-хикаялар, ақсақалды қарияларымыздың асыл сөздері, сәнді де сазды төгілген күй термелері және т. б. Әр бір ұлт мәдениетінің, әдебиетінің өзіндік өсу, қалыптасу жолы және өзіне тән ерекшеліктері бар. Сол секілді қазақ әдебиеті де негізінен діни наным-сенімдермен тығыз байланыста болды. Егер он ғасырға артқа қарай шегінер болсақ, сол кездегі жырлар мен әдеби шығармаларда діни терминдер немесе діни тұрғыдағы сөздердің табылмауы мүмкін емес. Әдебиетіміздің діни сеніммен тығыз байланысы халық болып қалыптасқан кезден Кеңес өкіметі құрылған жылдарға дейін жалғасып келді. Кеңес өкіметі орнап, «дін апиын» деп танылған соң, діни тұрғыда жазылған шығармаларды теріс пиғылды деп танып, оқырманнан айыруды қолға алды. Дегенмен, Кеңес халқы сырттай Құдай жоқ дегенімен, іштей тәубесіне келіп жататын.

Біздің еңселі ел болып, шаңырағымызды көтеріп, мемлекет болып қалыптасқан хандық құру кезеңімізді тарих ғалымдары ХV ғасыр деп көрсетіп жүр. Қазіргі қазақ жерін біздің мемлекет пайда болмай тұрып түркі тілдес тайпалар мекен еткені баршамызға мәлім. Сол түркі тайпалары, яғни, біздің халқымыз Ислам діні келген уақыттан бастап жаңа дінді қабылдап мұсылман болған. Біздің халқымыз XV ғасырда өз алдына мемлекет болып құрылған болса, VII ғасырда Алла тағала тарапынан соңғы Мұхаммед (с. а. с. ) пайғамбарға жіберілген Ислам діні қазақ жеріне сонау түркілер заманында яғни ІХ-Х ғасырда келді. Ислам діні түркілерге (қазіргі қазақ жеріне) зорлық-зомбылықпен орнатылмаған. Ислам дегеннің өзі бейбітшілік деген мағына білдіретіні белгілі. Сол уақытта түркілер Көк Тәңіріге табынған, яғни Ұлы Жаратушыны көкте деп білген. Арабтардың жаңа дінді уағыздауымен түріктер мұсылман болды. Ислам тек дін емес ғылым да әкелді, онымен бірге араб әдебиетін де жетелей келді. Ислам дінінің қасиетті кітабы - Құран. Ол - араб әдебиеті тарихынан ең алғашқы жазба ескерткіш ретінде үлкен орын алды. Өйткені, ол араб тілінің сақталып қалуы мен өзге елдерге тарауы, араб тілі грамматикасының қалыптасуына барынша әсер етті. Кейінгі ғасырларда өмір сүрген шығыстың ақын, жазушылары (біздің елімізден шыққан ақын жыраулар да), шежіреші, тарихшы, жағрапияшылары Құраннан көп дәйектемелер алып, өз шығармаларында пайдаланып отырған.

Қисса арабтың «әңгіме, тарих» деген сөзі. Кейде баяндау деген де мағынаны береді. Түркі халықтары тілінде қиссалық әдебиеттің пайда болуы да тікелей араб әдебиетінің әсерінен десек, қателеспейміз. Өйткені түркі жазбаларында «қисса» деген сөзді алғаш рет XIV ғасырдағы Рабғузидің «Қисас-үл әнбия» («Әулиелер тарихы») кітабының атынан, бұдан кейінгі қиссалардың аты да араб грамматикасы заңдылығымен «Қисса-и…» болып келеді.

Қазақ сахарасында өткен ишан, қожалар жас балаларға, ең алдымен, қиссаларды үйреткен. Көгілташ, Қарнақ медреселерінде оқыған шәкірттер Рабғузидің «Қисас-үл әнбиясымен» танысты. Бұл үрдіс мың жыл бойы жалғасты.

Олардың Сыр мен Батыс, Арқа өңіріндегі көрнекті өкілдері Шораяқтың Омары, Мәшһүр Жүсіп, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шегебай Бектасұлы, Қашаған Күржіманұлы, т. б. Құран қиссаларын жыр-өлең түрінде шығарып, халыққа таратты. Соның арқасында қарапайым халық Құранның мазмұнына жетік болды. «Өнеге шашқан жыршылық, Құдайға ол да құлшылық» деген сөз осыдан қалса керек.

Алғашқы қиссалардың мазмұнының, негізінен, мұсылман дінін уағыздайтын ертегі, әңгімелермен шектелуінің себебі де сондықтан. Кейін махаббат, ерлік тақырыптарын жыр еткен қиссалар шыға бастаса да, олардың бірқатарының негізгі мазмұны ислам дінінің «кереметтерін» насихаттауға арналатын.

О бас-та шығыс әдебиеті сюжетіне құрылған көлемді, уақиғалы шығармаларды қисса деп атаса, кейін бұл термин талғаусыз, әйтеуір, баспа бетін көрген, өлеңмен жазылған дүниелердің бәріне де қосыла берген тәрізді. Дегенмен, қисса термині бастапқы мағынасына сай «әңгіме, тарих» деген ыңғайда көбірек қолданылған.

«Қисса» деген атпен қазақ тілінде шығыс әдебиетіндегі белгілі сюжетке құрылған лирикалық поэмалар, ислам дінінің бес парызын насихаттайтын насихатнамалар, қажыға барғандардың жолжазбалары, өлген адамдарды мадақтайтын арнау өлеңдер, әртүрлі медициналық, ветеринарлық тақырыпқа жазылған кеңестер де жарық көреді.

Негізінен, XIX ғасырдың 70-80 жылдарынан басталатын бұл еңбектер Қазан төңкерісіне дейін біршама етек алып, кең жайылды. Тек қана XIX ғасырдың аяғына дейінгі: 20-30 жылдарда, Қазақ КСР ҒА орталық кітапханасының библиографиялық көрсеткіші бойынша, қазақ тілінде 100-ден астам атпен қисса-хикаялар жарық көріпті. Бұлардың таралымы бізге мәлім емес, алайда кейбір қиссалардың, әсіресе қазақтың ауыз әдебиет үлгілерінің сол жылдар ішінде 5-тен 10 мәртеге дейін қайта басылып тарағанын ескерсек, бұл әдебиетке халықтың қаншалық құштар болғанын айқын көруге болады.

Тілі бөтен, ділі басқа, ғұрпы мен салты, дәстүрі мен талғамы бір-біріне ұқсамайтын шалғай жатқан әр түрлі елдерді өзара жақындастыратын құндылықтардың бірі - көркем шығармалар, яғни рухани дүниелер. Осындай, рухани дүниелер қатарына жататын және оны ерекшелеп сөз етуге тұрарлық құндылықтарымыз, сөз жоқ, шығыстық қиссалар мен дастандар екендігі анық.

Қисса-дастандардың сюжеті түркі халықтарына ортақ болғанымен, оларды қайта жырлаушылар - қазақ ақындары немесе қазақша жақсы білген басқа ұлт өкілдері. Сондықтан бұлар қиссада сөз болатын оқиғаларды шама келгенше қазақ шындығына жақындатуға тырысқан, сол себепті олардың тілінде де ортаазиялық түркі әдеби тілінің жалғау-жұрнақтарына қарағанда халықтың сөйлеу тіліне тән үлгілер көбірек орын алған. Бұлардың ара салмағы қиссаның та-қырыбына, авторына қарай әр қиссада әртүрлі болып келеді. Бұл қиссалардың тақырыбы тек діни ғана емес, кө-біне адамгершілік, махаббат және тәрбие мәселесіне арналады, өлеңдік көркемдігі, идеясы аса жоғары болмағанымен, бұлардың көпшілігінде образды теңеулер, әдемі көріністер, суреттеулер кездесіп қалып отырады.

Орта Азия мен Қазақстан халықтарының мәдениетіне, әдебиетіне әр дәуірлерде Шығыстың да, Батыстың да игі әсер-ықпалы болғаны бұрыннан-ақ белгілі. Қазақ халқының тарихы алыс-жақын елдермен арадағы мәдени-экономикалық байланыстардың негізінде жатыр. Ата-бабаларымыз Египет, Грекия, Византия, Иран, Ауған, Үнді, Қытай, Монғолия, т. б. елдермен әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты аралас-құраластықта өмір сүрді [1, 41] .

Орта ғасырларда түркі халықтарына араб, парсы және үнді мәдениетінің зор ықпалы болғанын да осы тарихтан білеміз. Шығыстың классикалық әдебиетінің шығармалары қазақ даласына сол елдердің өзінен тікелей және көршілес Орта Азия халықтары арқылы да келіп жеткен. Осы орайда, М. Әуезовтің: «Дін өлеңдерін, қиссаларды алсақ, көбінің сарыны шеттікі болудан басқа, мазмұндары да түгелімен мұсылман ғаламынан келген әңгімелер. Сондықтан оларды тексеріп, ұғынып түсіну үшін, жалғыз ғана қазақ топырағындағы көлеңкесіне қарап тон пішу керек емес, әрқайсысын тудырған жағдай мен себепті әуелі шыққан ұясынан бастап ұғыну керек» [2, 10], - деген сөздері біздерге біршама ой салуға тиіс.

Қисса-дастандардың тууына тікелей негіз болған Құран сюжеттері, «Мың бір түн», «Тотынама», «Шаһнама» желілері болғанымен, оның түпкі бастауларында Ассирия-Вавилон, Грек-Рим, Араб-Парсы фольклорында жатыр деп толық айта аламыз. Қазақ әдебиетіндегі қисса-дастандық желілер «Гилгамеш пен Авеста», одан бұрынғы көне мифтермен ұштасып жатады. Сондықтан да, ежелгі әдебиетімізде кездесетін ең көне мифтер «Гильгамеш» пен «Авестада» жазылып қалған [3, 18] деген тұжырымның негізі бар.

Шығыстық қисса-дастандардың мәтінінде Бабыл (Вавилон), Кәбіл (Кабул), Мысыр (Каир), Шын-Машын (Қытай-Византия), т. б. көптеген елдер аталып, қызықты оқиғалар жер-су атауларымен астасып, жағрапиялық сипат алады [4, 321] .

Қиссалар мен дастандар мәселесінің жалпы жағдайлары М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М. Ғабдуллин, Б. Шалабаев, Х. Сүйіншәлиев, М. Бөжеевтің, З. Ахметовтың, М. Ғұмарованың еңбектерінде сөз болады. Ілгерідегі В. В. Радлов, А. Байтұрсынов, Ш. Сәтбаева, Қ. Өмірәлиев, т. б. белгілі ғалымдардың еңбектерінде қаралады. Қисса мен дастанды арнайы зерттеген ғалымдар С. Қасқабасов, Б. Әзібаева, Ө. Күмісбаев, А. Қыраубаева, З. Сейітжанұлы десек орынды болар. Сондай-ақ, Ә. Қоңыратбаев, Ы. Дүйсенбаевтың еңбектерінде де жүйелене бастады. Қисса мен дастанды фольклорлық тұрғыда танып-білудің маңыздылығын талдап жазған Р. Бердібаев пен Н. Келімбетовтің еңбектерінің де мәні зор.

Сонымен қатар, қисса-дастандар жайлы жариялап, дамыту мақсатында Ү. Сұбханбердина, Ә. Дербісалин, К. Матыжанов, Н. Сағындықов, Н. Мыңжани, Б. Бейжин сияқты ғалымдар еңбектерін атауға болады. Бұлардан бұрын Е. Э. Бертельс, В. М. Жирмунский мен Х. Т. Зарифов, Е. М. Мелетинский, т. б. ғалымдардың еңбектері жарық көрген. Мәселен, алғаш Ү. Сұбханбердинаның құрастыруымен жарық көрген «Ғашық наме» (1976), «Қисса-дастандар» (1986), кейін «Ғашықтық дастандар» (1994) және «Батырлық дастандар» (1995) болып басылып шықты. Сондай-ақ, Б. Әзібаеваның құрастыруымен «Дастандар» (1990) екі томдығы жарық көрді. С. Қасқабасов, К. Матыжановтар құрастырған «В. В. Радлов жинаған қазақ фольклорының үлгілерінен» бірнеше қиссалар қосылды.

Сексенінші жылдардан бері қарай қазақ-шығыс әдеби байланыстары жөнінде елеулі еңбектер жазылды. Бұл салада Ш. Қ. Сәтбаеваның, Ө. Күмісбаевтың кітаптары жарық көрді. Ежелгі қиссаларды зерттеудің, талдаудың талаптары мен үлгілерін А. Қыраубаеваның монографиясынан көруге болады. «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» (1994) атты ұжымдық кітапта Жүсіпбек Шайхұсламұлы, Шәді Жәңгірұлы, Ақылбек Сабалұлы сияқты қиссашыл ақындардың шығармашылығы берілген.

Шығыс сюжетіне құрылған дастандардың зерттелуіне Р. Сыздықова, Б. Әбілқасымов сынды белгілі зерттеушілер де айтарлықтай үлес қосып, сүбелі еңбектерін арнады.

ХІХ ғасырда қазақ даласында пайда болып, кең тараған қисса-дастандардың зерттелуі, олардың ғылыми түрде негізделуі, бір жүйеге түсуі сол ХІХ ғасырдың ортасынан бастау алады. Сол кезеңде жарық көрген қазақ баспасөзінің алғашқы басылымдары «Түркістан уәлаяты» газеті (1870-1883) мен «Дала уәлаяты» газетінің (1888-1902) беттерінде қиссалар және олардың тілі туралы пікірлерді кездестіруге болады [5, 274] .

Қазақ әдеби тілін дамытуда қиссалардың да қосқан белгілі үлесі болғаны даусыз. Қиссалардың тілі туралы алғашқы пікір «Түркістан уәлаяты» газетінің 1876 жылғы 29-нөмірінде Қазанда басылған «Қожа Ғафан уа һәм Сәдуақас» деген қиссаның тілі сөз болады. Бұл кітаптың «қазақша делінгенімен, сөзінің көбі ноғайша» екені айтылып, мысалдар келтірілген.

«Дала уәләяты» газетінің 1887 жылғы 41-санында Б. Адықов деген кісінің мақаласы жарияланған [6, 30] . Ол өз тұсында жарық көрген кітаптардың қазақ тілінде емес, «біршамасы ноғайша, сартша һәм ғайры тілі де аралас» дей келіп, алдағы уақытта оларды қазақ тілінде шығып тұрса деген тілек білдіреді. Осы сияқты пікірлер «Айқап» журналының беттерінде де жарияланып тұрған. Мысалы, 1913 жылғы 19, 20, 22 сандарында С. Торайғыров: «Қазақ тілінде шығып жатқан кітаптардың көбінде қазақтың иісі жоқ, тілі бытбырақ» дей келіп, «Мен тілімізге шала тілдердің шатасуынан тілдің ағыны теріске бейімделіп, өріс алып бара жатқанынан қорқамын» [7, 28. ], - дейді. Біз бұдан қиссалардың, қазақтың төңкеріс алдындағы рухани өмірінде белгілі орында болғандығын көреміз.

Бір топ әдебиетші ғалымдар, атап айтқанда, Ханғали Сүйіншәлиев пен Шамшат Әлібеков: «Қиссалар - ислам дінін уағыздайды, реакциялық бағыттағы әдебиет қатарында болды, мұсылмандық моральді үгіттеді» [8, 62], - деп, мәселенің ақ, қарасын айырмай, ысыра салушылыққа ұрынды. Олар көбіне Шоқан Уәлихановтың пікіріне сүйенеді. Себебі, Шоқан өз тұсындағы ақындар туралы: «Шығармаларының мазмұны етіп небір діни уағыздарды алады. Олар қазір Сейітбаттал қожаның ерлігін, Жүсіп пен Зылиханың махаббатын, т. б. өмірін жырлап жүр. Олардың бәрі өзінің фанатизм идеясы және өтірік әсірелеулерімен мүлдем жалықтырарлық шығармалар» [9, 48], - деп жазған еді.

Әлбетте, Еуропалық мәдениетке, ірі ілімге қол жеткізген жас Шоқан үшін шығыс мақамын берік ұстанған, жыр, қисса жазған ақындар бір шеңберде ғана фанатистік, қияли жағынан ғана көрінуші еді. Көп уақыттан кейін қиссалардың халық арасына тез тарап, қазақ эпосына, батырлық жырларға, әдебиетке тигізбек әсерін - Шоқан әрине болжай алмай, көзімен көре алмай кетті. Сондықтан, Шоқан пікірінің тасасына тығыла беруге болмайды [10, 109] . Өйткені, пікір, қағида - уақыт өткен сайын, заман өткен сайын жаңарып, жаңғырып, жалғасып отырады. Кейіннен Шоқан Уәлиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінен» атты зерттеуінде қисса өлеңдерді өлеңнің бесінші түріне жатқызады [11, 39] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыстық қисса - дастандардың табиғаты
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ халық дастандары және халқымыздың рухани мәдениетінің әлемге танылу мәселесі
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
Қазақ фольклорының тарихы
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz