Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Исабеков Ренат
Исабеков Ренат

CӨЖ
CӨЖ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПӘНІ БОЙЫНША
№1 СОӨЖ СӨЖ

Тақырыбы:

Есептің пайда болу және даму тарихы.

Орындаған:
Исабеков Ренат

Алматы, 2015
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы және қалыптасу кезеңдері
Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар
Қортынды
Әдебиеттер тізімі

0. КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап, бухгалтер кәсібінің дамуы КСРО кезінде қалыптасқан жоспарлық - административтік экономика тәріптемесіне (режимінде) іске асты. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі алынып, ерікті мемлекет құрылғаннан кейін бухгалтерлік мамандыққа нарықтық экономиканың сұранысын және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа талаптар қойыла бастады.
Қазақстан Республикасы дамуына, оның әлемдік экономикаға өтіуіне байланысты бухгалтерлік есепке оның әлемдік экономикалық қоғамдастыққа түсінікті болуы және тағы басқадай үлкен талаптар қойылып отыр, бұл қаржылық есептің халықаралық стандарттарына толық көшуге негіз болды.
Экономика секторы ҚЕҰС - на өту барысында мамандардың, әдістемелік негіздердің жетіспеушілігінен көптеген қиындықтарға тап болды. Бұл сұрақтар бугалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заң жобасында қарастырылып, бүгінгі күні ҚР Парламент Мәжілісінде тыңдалып, ҚР Парламент Сенатының отырысында қаралуда.
Берілген стандарттар дүние жүзінде шаруашылық қызмет жүргізуші субъектілер туралы айқын және түсінікті ақпарат алудың тиімді көздерінің бірі. Жаңа стандарттар және ережелер ұйымға бақылау мақсатында, сондай - ақ басқару мақсатында да сенімді ақпараттарды ұсыну үрдісін жеңілдеттеді. Бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесінің халықаралық стандарттарға көшу жұмысқа дайындыққа және бухгалтерлік есеп мамандарының квалификациясының жоғарлауына сәйкесінше өзгеріс тудырады.Бухгалтерлік кадрларға кәсіпкерлік дайындық жүйесі мемлекеттік білім стандарттарына сай келуі қажет.
Бухгалтерлік есептің ұлттық стандарттарға көшуі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың сәйкесінше ұлттық ұйымдардың белсенді ынтымақтастығансыз мүмкін емес.
Жоспарланған экономика негізінде дамыған - бухгалтерлік есеп жүйесі қоғамдық тәуелділік сипатына және энономиканы мемлекеттік басқару қажеттілігіне негізделіп келеді.Бухгалтерлік есеп жүйесінде қалыптасатын ақпараттың негізгі тұтынушысы - статистикалық органдар негізінде мемлекет болып табылады.Мемлекетік қаржылық бақылау жүйесі ұйымдардың шаруашылық әрекетенің ауытқушылық мәселелерін шешумен айналысты.
Нарықтық экономика жағдайында өндірістерде бухгелтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдірудің бір бағыты оның ҚЕҰС - на негізделуі болып табылады.
ҚЕҰС енгізу есеп пен бақылау жүргізудің сапасын жоғарлатады, өнеркәсіптердің техникасы, өндіріс ұйымның технологиясы, еңбегі, ерекшеліктері жөнінде нақты, толық көрініс беретін есеп жүйесін пайдалануына мүмкіндік береді.

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1. Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы және қалыптасу кезеңдері
Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу ретінде) дүниежүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәніп айқындап, бағалауға мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:
- есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;
- оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;
- шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.
Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді. Сондықтан әрдайым кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауынын себебі осында.
Есеп қашан пайда болғанын тура тауып айту мүмкін емес. Оның пайда болуының алғы шарты - адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы.
Бухгалтерлік есептің пайда болып, қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
- Ежелгі дүние.
- Ортағасырлық.
- Ренессанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы.
- Ғылымның пайда болуы. XIX г. екінші жартысы.
- XX ғ. - бухгалтерлік есептің үдемелі (интенсивті) дамуы.
Есеп және оның техникасы қашан да оның есептік регистрлерінің түрлеріне байланысты.
Алғашқы сауда операциялары б.з.д. 3200 ж. саз кестелерде (таблицаларда) тіркелді (бәрі есептегі жүйелік тіркеуді алдын ала белгіледі). Ертедегі Мысырдағы (Египеітегі) папирустар хронологиялык тіркеудің дамуына жол ашты. Осыдан бес мың жыл бұрын есеп жүргізу үшін піл сүйегінен жасалған кестелер қолданылды. Ерте замандағы Үндістанда сапты аяқтар шот-регистр ретінде пайдаланылды, оларға уақ тастар -- бастапқы құжаттар (картотека бейнесі тәрізді) салынатын. Греция мен Римде балауыз кестелер, мыс тақталар, кенеп, пергамент (май мен ылғал өткізбейтін жылтыр қағаз), папирус пайдаланылды. Галияда керамикалық тас тақталар мен қыш сынықтары, Перуде жіптер колданылды. Кейіннен кодекс-кітаптар пайда болды.
Қытайда бухгалтерлік есепті жүргізудің елеулі ерекшеліктеріне 8000 жыл толды.
Адамзат тарихындағы бірінші рет ірі еңбек бөлінісі - жалпы жер иеленушілер қауымынан мал бағушылардың бөлініп шығуы - тұрақты сипатқа ие болған шын мәніндегі экономикалық айырбасты тудырды.
Адамзат тарихындағы екінші ірі еңбек бөлінісі - айырбасты одан сайын дамытуға жағдай жасады. Өнімнін біраз бөлігі ең алдымен айырбас үшін өндіріле бастады, яғни тауарға айналды. Мұның бәі айырбастың баламалығы ұғымын қалыптастыруға және құл өлшемінің пайда болуына мүмкіндік берді.
Үшінші ірі еңбек бөлінісі - көпестер тобы бөлініп шыққанда болды. Сауда айқын қоғамдық сипатқа ие болғандықтан, шаруашылық қызмет деректерін бейнелейтін бухгалтерлік теорияның пайда болуы мен дамуына жол ашты.

2. Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар
Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде сауданың арқасында шықты. Осылайша 1458 ж. көпес Бенедетто Котрульидің Сауда және нағыз көпес туралы деген бірінші кітабында бухгалтерлік есептің гылым ретінде пайда болып, қалыптасуы карастырылды. Тараулардың бірі Сауда кітабын жүргізу тәртібі туралы деп аталады. Ал 1494 ж. итальяндық белгілі математик, монах Луки Пачоли (1445-1517) жазған Есептер мен жазбалар туралы трактат атты бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы кітап басылып шықты. Италияда, Францияда, Германияда. Англияда ол бірнеше ғасыр бойы бухгалтерлік есеп бойынша негізгі басшылық ретінде пайдаланылады. Екі жақты жазу тәсілі (мұның жэрдемімен материалдарды, дайын өнімді, негізгі қаражат пен тағы басқа құндылыктарды сақтауға қойылган бақылау жүзеге асты) әлі күнге дейін өзінің мәнін жоғалтқан жок.
Луки Пачолиден кейінгі көрнекті автор Жак Савари (1622 - 1690). Ол Нагыз көпес туралы жүмысын жариялады, шоттарды синтетикалық және аналитикалык деп бөлді, сауда калькуляциясын түсіндірді. мүліктік (өзіндік құны бойынша бағалау) және конкурстық (ағымдағы бағалар бойынша бағалау) баланстарды жіктеді, соңғысына меншік иесінің жеке мүлкі де кіреді. Ол басқару есебін құрушылардың бірі болып саналады.
Матье де ла Порт Саваридің мықты бәсекелесі болды. Оның еңбегі мынада, ол шоттарды үш топқа жіктеді:
- мешпік иесі - экономикалық қызмет аткарады (капитал қозғалысы);
- мүліктік (материалдык) - арнайы шаруашылық қызметін орындайды (кәсіпорын ішіндегі ресурстарды басқару);
- жеке (корреспоқцеютік) - зандық қызмет атқарады (үшінші субъект үшін бөгде, тыс тұлғамен есеп айырысулар).
Бухгалтерлік терминологая әлі белгіленбесе де; ол өзінің кітабын бухгалтерлік терминдермен толықтырады.
1796 жылы Бристолда Эдварда Томастың Есеп жүргізудің агылшындық жүйесі кітабын шығарды. Оның орнына тек есептік регисгрді ғана емес, алғаш рет бухгалтерлік есепті түгел қамтитын теориясын карастыратын Дегранж жүйелеп баяндаған америкалык үлгі келді. Дегранж есептін екі мақсатын көздеді: уақыттың кез келген сәтінде есептердің жагдайын айқындау және субъектінің меншікті капиталы мөлшерін анықтау. Бұл үрдіс ол бас есеп шоттарын пайдаланды: касса. тауар, алынуға тиісті қүжаттар, телемге арналған кұжаттар, шығындар мен пайда. Ол барлық осы есепті бір регистр Басты Журналда біріктірді.
ХҮШ ғ. Ортасында Англияда өндірістік шығындарды есептеу жүйесі қалыптасты. Бухгалтерлік және өндірістің табиғи-құлдық есеп техникасын жете баяндаған, математика мұғалімі Джеймс Додсон (1750) жана бағыттың нсгізін қалаушыға айналды. Дегенмен, оның есебінің мақсаты - дайындалған бұйымға кеткен шығындар емес, оны қай шебер дайындағанда қанша ақы табуға болатындығы жөніндегі қорытынды еді.
Әрбір бөліс бойынша нәтижелілікті есептеуте назар аударғандардың бірі -философия профессоры Роберт Гамильтон (1788). Зығыр өндірісін жете зерттеген ол үш бөлісті: шіру, тоқу және ағартудың әрқайсысы бойынша пайда мен шығынды анықтауды бөліп көрсетті. Бұл өнеркәсіпті: бөлістің бар болғаны жөн бе, әлде сатып алынатын жартылай өнімдерді пайдаланып, неғұрлым көп кіріс әкелетіндерін қалдырған дұрыс па деген шешімге жетелейді.
Ф.В. Кронхейльм (1818) өндірістік есептін алғашқы теоретигі болды. Ол есепті екіге бөлді: өндірістік және бухгалтерлік. Өндірістік есептер тек заттай ғана бейнеленді; ал бухгалтерлік қалыптасқан дәстүрлі жұйемен ұсынылды өндіріс есебіндегі дебет сальдосы әлі бітпеген өндірісті көрсетті. Алайда ол материалдар бірлігі калькуляциясы туралы ойға әлі келе койған жоқ еді.
Алғаш алгоритм машинасын жасаушы, астроном және ұлы математик Чарлъз Бэббидж (1832) әрбір өндірістік процесс бойыпша шыққан шығынды есептеуді, бұзылған жабдықты жөндеуге байланысты негізгі құрал-жабдықтың тозуы мен шығын сомасын анықтауды бірінші болып түсіндіріп жазған болатын.
XIX г. ортасынан бастап Еуропаның әр түрлі елдерінде бухгалтерлік есеп тәжірибені қорытатын, сонымен бірге оны жетілдіретін ғылым ретінде дами түсті. Үііі атақты итальян мектебі дүниеге келді.
Бірінші - ломбардтық мектепті құрушы Франческо Вилла (1801-1884) болды. Бұл бағыт, бухгалтерлік есепті техникалық тәртіпке жалғастыруға болмайды деп санайды, өйткені ол экономикалық-әкімшілік ұғым кешені екендігі айтылады. Ол есептер көмегі арқылы ұйымдастырылады. Бухгалтерлік есеп шаруашылық процесімен шұғылданған тұлғаларды бақылау үшін әкімгерге (администратор) қажет. Ол басқа екі тосқан және венециан мектебін құрушыларга үлкен ықпал етті.
Тоскан мектебінің басшысы Джузеппе Чербони (1827-1917) еді. Ол Э. Дегранждін ісін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері
Жарғылық капитал аудитінің есебі
Кәсіпорын қаржылық орнықтылығын
Бухгалтерлік есептің стандарттарын қарастыру
Университеттің ғылыми кітапханасы
Қайтарылып алынған капиталдың есебі
Бухгалтерлік есептің даму тарихына шолу
Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу
Бухгалтерлік есеп және аудит
Кәсіпорынның есеп саясаты
Пәндер