Тапсырма сұрақтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мамандық: 6B01101 Педагогика и психология
Оқу деңгейі: Первое высшее сокращенное образование
Курс: 1
Бөлім: қазақ
Ақбай Сабира Айданқызы

Тапсырма №6. Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту. Оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту. Оқытудың арнайы және балама әдістерін қолдану.
Тапсырма сұрақтары
1.Оқу жоспары мен оқу бағдарламалары.
Білім мазмұны оқу жоспарларында, бағдарламаларында, оқулықтар мен оқу құралдарында айқындалады. Оқу жоспары - оқу орнында игерілетін оқу пəндерінің құрамын, оларды меңгеру бірізділігі мен кезек тəртібін, əр пəн бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу жылының бас-аяқ мерзімі жəне апта, айларын анықтап беретін құжат. Оқу жоспарлы түбір (типтік) жəне нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп (ЖОО) қабырғасында оқу жылдарына орай жүргізілетін барша оқу пəндерінің тізімі беріледі. Игерілуі қажет пəндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді: 1) міндетті (базалық-мемлекеттік бөлік), 2) оқушылар қалауы бойынша (аймақтық бөлік) жəне 3) мектеп (ЖОО) кеңесі бекімімен өтілетін пəндер (мектептік (ЖОО) бірлік). Түбір оқу жоспарында əрқилы білім саласына, факультативтерге, оқушылар таңдауымен енген курстерге арналған сағаттар бөлігі өрнектеледі.
Түбір жоспар негізінде жеке ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарларын жасайды. Оқу формаларына қарай күндізгі, ауысымды, сырттай, қашықтықтан оқыту жоспарлары да əр қилы келеді. Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі. Оқу бағдарламалары өз ішіне:1) нақты пəнді оқу жөніндегі түсініктемені; 2) оқушылардың (студенттердің) біліміне қойылатын талаптарды; 3) əр сыныпта (курста) пəн бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарын; 4) пəн курсы бойынша білімдер мен тақырыптар тізімін, яғни бағдарламаның өзін; 5) пəнге орай оқу жабдықтары мен көрнекі құралдар тізімін; 6) қажетті əдебиеттер ауқымын; 7) бақылау сұрақтарын, 8) курстық, дипломдық жұмыстар тақырыбын (ЖОО да)-қамтиды.
Оқу бағдарламаларының түбірлі (типтік), оқу-жұмыс (рабочие) жəне авторлық түрлері ажыралады.
Түбір бағдарламалары Мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пəн бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады.
Оқу - жұмыс бағдарламалары түбір жоспары негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖОО да жетекші кафедра) шешімімен бекиді. Бұл бағдарламалар білім стандартының талаптарына сəйкес, сонымен бірге ол нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерумен жасалады.
Авторлық оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті сақталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өзгеше қисыны, оқу барысында оқып-зерттелетін құбылыстар мен процестерге автор тарапынан өзіндік көзқарастар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар көбіне таңдамалы курстар мен факультативтерде қолданыс табады. Оқу бағдарламаларын құрастырудың педагогика тарихында екі əдісі белгілі: концентрлі жəне тізбекті.
Концентрлі əдіске орай бір оқу сатысында өтілген оқу материалы алдағы жоғарылау сатыларда күрделірек күйде жəне оқылады.Бұл əдісті қолданудың қажеттігі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принципін сақтаудан туындайды.
Тізбекті əдіспен түзілген оқу бағдарламаларында əр кезекті оқу сатысының материалы өткен жылдардағы игерілгендердің қисынды жалғасы ретінде қабылданады. Мұндай оқу өзінің үнемділігімен еленеді.
Білімдік оқу материалының нақты мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында ашылады.
Оқулық мектептік (ЖОО) білім ақпаратының көзі əрі оқу жабдығы, білімдену мақсаттары мен мазмұнын айқындайды.
Оқулықтың басты көрінісі - мəтінде. Мəтін келесі бірліктерден құралады:
- негізгі (тұғыр терминдер, олардың анықтамалары, негізгі деректер, құбылыстар, оқиғалар; заңдар, теориялар жəне жетекші идеялар жəне т.б. баяны);
- қосымша (құжаттар, хрестоматиялық жəне анықтамалық материалдар, өмірнама деректері, статистика мəліметтері ж.т.б.);
- түсініктеме (кіріспе, ескертулер, сөздіктер, көрсетпелер ж.т.б.)
Оқулықтарға қосымша оқу құралдары дайындалады. Мұнда оқулық материалдарының кейбірі мазмұн тұрғысынан тереңдей түседі, кеңейеді. Оқу құралдары - бұлар хрестоматиялар, есеп жинақтары, атластар, жаттығу жинақтары жəне с.с.
2) Оқытудың арнайы және балама әдістері.
Оқытудың мақсаты оқушының адамзат тәжірибесін игеруінде. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсіл, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділігі педагогикалық ынтымақтастыққа байланысты.
Әдіс пен тәсілдің шек арасы өте жылжымалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы, егер мұғалім баяндау барысында суреттерді шеру арқылы көрсетсе, онда шеру әдістемелік тәсілге жатады. Ал оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді шеру оқыту әдісіне, баяндау тәсілге жатады. Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әнгіме әдіс ретінде танылады. Сонда оқушылар тәжірибелік тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгімені қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдалынылады.
Оқыту әдістері мен тәсілдері жиындағы зерттеу мәліметтері мұғалімдер арасында әлі де бірыңғай түсініктер жоқтығын көрсетеді.
Оқыту процесінің нәтижесі ең алдымен оқушылардың оқыту әдістердің ұйымдастыруға тәуелді. Сондықтан, мұғалімдер оқыту әдістерін жетілдіру үінін әртүрлі тәсілдер колданылады.
Оқыту әдістері арнайы зерттеу негізінде топтарға бөлінді. Оқыту әдістерін әртүрлі белгімен топтастыруға болады. Мысалы, оқыту кезеніне байланысты жіктеуге болады.
- білім алудың алғашқы кезеніндегі әдістер;
- білімді бекіту кезеңіндегі әдістер;
- дамыту әдістері.
Арнайы педагогиканың дидактикасы, жалпы педагогиканың әдістерін қолдана отырып , өзінің арнайы әдістерін ажыратады. Олар:
- логикалық әдістер-бұл индукция, дедукция жолымен оқыту.
- гностикалық әдістер-іздеуге байланыстырылған әдістер
- репродуктивті әдістер - еске түсіру, қайталау әдісі
Бұл әдістер жалпы мектепте дербестілік жолымен болса, арнайы мектепте тек мұғалімнің жетекшілігімен ғана іске асырылуы мүмкін. Арнайы оқыту әдістерінің жіктелуі жалпы педагогиканың әдістерінің жіктелуімен бірдей. Ол жіктеу бойынша әдістер үш топқа бөлінеді.
- сөздік әдістер тобы;
- көрнекілік әдістер тобы;
- практикалық әдістер тобы.
Бұлай топқа бөлудің білім алуда негізгі танымдық іс -әрекеттің жетекші жолы ретінде қарау болып табылады.
Балалардың білім алу процесі мұғалімнің түсіндіруі мен сөзіне сүйенсе, онда оқытудың сөздік әдістерінің тобы пайда болады. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіндру, кітаппен жұмыс істеу.
Әңгімелеу - мұғалім оқу материалын бір ізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Деректерге негізделген мәліметтер әңгімелеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютердің программалық жабдықтары
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Денсаулық - зор байлық. Жұмысқа қабілеттіліктің сатылары
Педагогикалық эксперимент түрлері
Математикадан логикалық есептер жинағы
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Бас жоспардың жел тармақтары
Массив элементіне қатынас жасау тәсілі
Сұйықтық қозғалысының ламинарлық режимі
Пәндер