Өсімдіктер биотехнологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
М. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті

Р Е Ф Е Р А Т

ТАҚЫРЫБЫ:
Өсімдік шикізатының биотехнологиясы

ОРЫНДАҒАН: Айтен А.
ТОП: ХТ 18-5к4
ҚАБЫЛДАҒАН:Рысбаева Г.С.

Жоспар

1. Өсімдіктер биотехнологиясы
2. Өсімдік биотехнологиясының даму тарихы мен дамуының жетістіктері
3. Өсімдік биотехнологиясының ерекшеліктері
4. Өсімдік биотехнологиясының мақсаттары мен міндеттері

Өсімдіктер биотехнологиясы және оның ерекшелігі

Өсімдіктердің биотехнологиясы - бұл өсімдік текті жаңа өнімді жоғары сұрыптар мен линиялар, биологиялық белсенді қосылыстарды алуға бағытталған ғылым саласы.
Өсімдіктердің шаруашылықтағы бағалы сұрыптары ( бидай, жүгері, күріш, соя, картоп) барлық уақытта селекционерлердің назарында болып келеді. Ауыл шаруашылықты дақылдардың өнімін жоғарлату, олардың жағымсыз ауа райына, әртүрлі ауруларға тұрақтылығын жоғарлату қазіргі уақытта да әрбір мемлекеттің экономикасында маңызды мәселелерінің бірі болып келеді. Қазақстан да бұдан тыс қалған емес. Оның сотүстік аймақтарының көп бөлігінде дәндә-дақылдар, оңтүстігінде - мақта мен күріш, және айтарлықтай барлық аймақтарында картоп өсіріледі.
Өсімдікті өсіруде қарқынды әдістә қолдану нәтижесінде 20 ғасырдың 50-60 жылдарында экономикалық дамыған мемлекеттерде дәнді дақылдардың өнімі 2-3 есе өскен. Ауруларға, зиянкестерге төзімді, топырақ өңдеудің интенсификациясы факторларын қабылдағыш, қысқа сабақы сұрыптары алынды. Тұқымның сапасын жақсартуға, олардың келесі егу кезеңінде дайындауға және т.б. егін шаруашылығына бағытталған жаңа технологиялар қолданыла бастады.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары "жасыл революция деген сөз тіркесі пайда болды, бұл кезде тек дамыған елдерде ғана емес, сонымен қатар Мексика, Филлипин сияқты және т.б. дамып келе жатқан мемлекеттерде қарқынды технология бидай мен күріштің өнімін жоғарлатуға мүмкіндік берді.
Дәстүрлі селекциялық жұмыстармен қатар қалемше (черенок), клоннан бүтін өсімдікті алу үшін тәжірибелер жасалды, өсімдік микроорганизмінің изоляцияланған тіндермен зерттеулер жүргізіле бастады (klon - өсімдікті өсіруге жарамды қалемше немесе өскін; Уэббер, 1903 ж.). 1892-1902 жылдар аралығында неміс ғалымы Хаберландт, Фехтинг және Рихенгер сахарозасы бар ерітіндіге бақ-бақ пен теректің сабағын салып біріншілікті каллусты алғаш алды. Бірақ каллустан бүтін өсімдік алу әрекеті іске асырылмады. Осы бағыттағы жұмыстардың көптеген елдердің ғылыми селекционерлері жалғастырды. Бұл зерттеулердің негізінде өсімдік жасушаларының типотенттік қабілеті туралы гипотезасы жатты, яғни осындай жасушаларға олардың суі үшін қажетті жағдай туғызғанда, бүтін бір өсімдікті алуға болатыны анықталды.
Регенерация нәтижелері қоретік орта құрамы мен өсіру жағдайларына байланысты. 1930 жылы американдық зерттеуші Робинс пен неміс ғалымы Коте тығыз қоректік орталарда томат пен жүгері тамырларының ұштары меристемаларын өсіру мүмкіндіктерін крсетті. Бірақ белгілі уақыттан кейін өсімдіктердің тіні қоңырланып өле бастаған. Француз Готре өсімдік тінін ұзақ уақыт in vitro жағдайда қоректік ортаны жаңасына ауыстыра отырып өсіре алады. Тек өткен ғасырдың 50-ші жылдары ғана Ж. Морей ғалымы клонды микрокөбею жолымен орхидеяның апикальді меристемасынан in vitro жағдайда бүтін өсімдік алды.
Апмкальді меристемада (сабақтың ұшында орналасқан және жетілдірілмеген жасушалардан тұратын мөлшері 0,1 мм-ден аспайтын бөлігі; бұл бөлік барлық уақытта өсіп өсімдіктің мүшелерін түзеді) вирустар болмайды, сондықтан меристемалардың көбею жолымен сау, вируссыз өсімдіктер алуға болады. Меристемалардың жасушалары бөлініп, одан 5-6 жапырағы бар кішкентай өсімдіктер түзіледі. Бірнеше апта бойы өскен сабақты 5-6 кішкене бөліктерге бөліп, олардың өсуіне қажетті жағдай жасап, бүтін өсімдік алады. Осындай жағдайларда өсе алатын өсімдіктерді өсіру үшін, қолайлы өсу жағдайларын анықтау бірнеше жылдарға созылады.
Өсімдіктің биотехнологиясының дамуының жетістікері өсімдіктің өсуімен көбеюін жоғарлататын фитогомондардың, биологиялық белсенді заттардың ашылуына көп әсер тигізді. Фитогормондардың зерттелуі өткен ғасырдың 20-шы жылдарында басталған. Неміс ғалымы Ф. Гегель гомонды заттардың бір тобын - ауксиндер, атап айтқанда индолил-сірке қышқылы (ИСҚ) бөліп алды. Ол ИСҚ сабақтың апикальді меритемаларында болатынын және олардың өсімдік жасушасының созылуын, бөлінуін және жетілуінің реттелетінін көрсетті.
Фитогормондардың басқа тобы - гиббереллиндер 1926 жылы ашылып, химиялық таза түрі 1938 жылы Жапонияда алынды. Олар сабақтың өсуін қоздырса, тамырдың өсуін басып, ол жапырақтың өсуіне әсер етпейді, меристемалық тіннің белсенділігін жоғарлатады.
Өткен ғасырдың 50-шы жылдары фитогомондардың тағы бір тобы - цитокинидер ашылды. Олар өсімдік жасушаларының бөлінуін белсендіріп, тамырдың апикальді меристемаларында синтезделеді. Митоздың инициациясы үшін қолайлы жағдай тудыратын (ДНҚ жетілуі мен репликациясы) ауксиндерден айырмашылығы цитокинидер жасушаның бөлнудің келесі сатыларын күшейтеді (РНҚ-полимераза жұмысын, РНҚ түзілуі мен ақуыздардың синтезі; органогенезді бақылау). Цитокининдер олардың жасыл түсін сақтап, жапырақтарының қартаюынан қорғап қанақоймай, жапырақтың дамуының алғашқы сатыларында хлоропласттардың түзілуін және хлоропластты РНҚ мен ақуыздардың синтезінің белсенуі нәтижесінде, олардың өсуі мен бөлінуі бақылайды. Олар абиотикалық фактарларға төзімділікті жоғарлатады: температураның зақымдаушы әсеріне, ығалдың жеткіліксіздігіне, топырақтың тұздалуына және т.б.
Баяулатқыш әсерге ие фитогормондар зерттеліп бөлініп алды. Мысалы, абсцизді қышқыл алғашқы рет мақтаның жас қауыршығынан бөлініп алынды. Бұл фитогомон күшті ретарднатты (вегетативті өсуді тежейтін), нуклеин қышқылдрдың, ақуыздардың, хлорофилдің ыдырауын жоғарлату әсеріне ие.
Фитогормондар селекцияда, өсімдіктерді микроклональды көбейтуде, реттелуінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трансгенді өсімдіктерді құру
Өсімдіктер биотехнологиясының негізгі салалары
Жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктер биотехнологиясы пәні бойынша қысқаша дәрістер мазмұны
Өсімдіктердің биотехнологиясы. Өсімдік жасушаларын мәдени өсіру
Жұмыс гипотезаларын тұжырымдау
Биотехнология дамуының негізгі бағыттары және анықтамасы
Рекомбинантты ДНК технологиясы негізіндегі жаңа буынды вакциналар
Экобиотехнология пәнінен дәрістер жинағы
ДНҚ вакциналарын алу технологиясы
Өсімдіктердің биотехнологиясы
Пәндер