Экономикалық жағдайлар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=fea20a8ecd2654748837c94e807bdee1&n=13

Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы

Пән:Бизнесті ұйымдастыру

Тақырып: 1. Кәсіпкерлік обьектілері және субьектілері. 2. Қазіргі кәсіпкерліктің негізгі белгілері. 3. Кәсіпкерлік қызметті реттеу қажеттілігі. Жауаптар қысқа және нұсқа болуы қажет.

ҚҚҚ-19-ТҚБ

Орындаған:Кайтбекова А. Р

Тексерген:Нурымбетова Б. И

Сұрақтар:

Кәсіпкерліктің объектілері мен субъектілері

Қазіргі кәсіпкерліктің негізгі белгілері

Кәсіпкерлік қызметті реттеу қажеттілігі.


Кәсіпкерліктің объектілері мен субъектілері

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Осы кодексітің 24-бабына сәйкес:

1. Жұмыскерлердің жылдық орташа санына және жылдық орташа кіріске қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатқызылады:

- шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері;

- орта кәсіпкерлік субъектілері;

- ірі кәсіпкерлік субъектілері.

Кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы толық және анық ақпарат беруге;

4) қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау үшін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға не хабарлама жіберуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға;

6) табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға;

7) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың және қызметті жүзеге асыру процесінде оларды басқарудың тиімділігін арттыруға;

Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.

Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:

1. Новаторлық қызметі . Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.

2. Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді.

3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді.

4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап, қорытындысына не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі қажет.

1. Экономикалық жағдайлар : Нарыққа тауар, қызметтер ұсы-ну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.

2. Әлеуметтік жағдайлар . Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалып-тастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты. Әрбір кәсіпкер әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау.

3. Құқықтық жағдайлар. Кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республика-сының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.

Қазіргі кәсіпкерліктің негізгі белгілері

Шаруашылықты жүргізу әдісі ретінде кәсіпкерліктің бірнеше белгілері бар. Оның негізгі белгісіне шаруашылықпен айналысатын субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігін жатқызуға болады.

Кәсіпкерліктің тәуелсіздік белгісі кәсіпкерге заңдарға қайшы келмейтін іс-әрекет жасауына еркіндік береді. Яғни, ақша қаржысы және бір істі бастайын деген ниеті бар адамдар меншіктің белгілі бір формасына негізделген өз өндірісін ұйымдастыруына құқылары бар. Сондай-ақ, қанша және қандай өндіріс факторларын сатып алатындығын, қанша және қандай мөлшерде өнімдерді өндіретіндігін, кімге және қандай бағаме сататындығын кәсіпкер нарықтың конъюктурасына қарай дербес өзі шешеді. Кәсіпкерліктің тәуелсіздік белгісін абсолютті түрде түсінуге болмайды. Себебі, экономикада абсолютті еркіндік болмайды . Кәсіпкердің дербестілігі әрқашанда нарық экономикасының заңдарымен шектеліп отырады.

Дербестілік экономикалық ынталық принципімен тікелей байланысты. Кәсіпкерліктің бұл белгісі кәсіпкерді табысты барынша көп алуға ынталандырады және кәсіпкерліктің дамуының негізгі қозғаушы факторы болып табылады. Көп жағдайда осы мол табысты алу үшін өндіріс ұйымдастырылады және оның көлемі ұлғайтылады. Сонымен қатар, кәсіпкер нарықтық экономиканың негізгі субъектісі ретінде өзінің ерекше мүддесі үшін өндірісті ұйымдастыра отырып, ол сондай-ақ түбінде қоғам үшін, қоғамдық мақсатқа жету үшін жұмыс істейді-бұл тауар өендірісінің диалектикасы. Мысалы, Г. Форд кезінде автокөлік шығара бастағанда, ол өзінің жеке мүддесін, яғни пайда табуды көздеді, бірақ ол бара-бара автокөлік империясын құрғаны бәрімізге мәлім.

Кәсіпкерлікке творчестволық ізденіс, жаңашылдық белгілері тән. Себебі, шиеленіскен бәсеке жағдайында ешнәрсені өзгертпей тек бағаны өсіру есебінен пайда аламын деуге болмайды. Бәсеке күресінде өнімнің сапасына, оның ассортиментіне көп көңіл бөлгендер ғана жеңіп шығады. Ол үшін тауар өндірушінің назарында жаңа технология, өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатардағы әдістері болуы керек.

Кәсіпкерлікткң тағы бір белгісі- шаруашылық тәуекелділік пен жауапкершілік. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, тәуекелділік белгісіздікті білдіреді. Себебі, тәуекелге барған кәсіпкер өз ісін алдын ала болжауға мүмкіншілігі болмайды, өйткені кәсіпкер бір іс-әрекет туралы шешімді тез арада қабылдауы қажет. Мұндай жағдайда кәсіпкер нарықтағы жағдайды қаншалықты мұқият есептегенімен барлық факторларды алдын ала толық ескере алмайды . Сондықтан, көп жағдайда тәуекелдіктің дәрежесін экономикалық бағалау өте қиынға түседі, немесе мүмкін болмайды. Ал жауапкершілік шаруашылық өмірде нақты көрініс алады, оны тиісті көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Кәсіпкерліктің осы белгісі кәсіпкердің іскерлігіне, қиындықтарға қарсы тұра алатындығына, бәсекелесе білетіндігіне негізделген.

Кәсіпкерліктің экономикалық табиғатына толық сипаттама беру үшін, кәсіпкердің экономикалық ойлау қабілетін ескеру керек. Кәсіпкерді өнертапқышпен салыстыруға болады. Кәсіпкер өнертапқышқа қарағанда, ашқан жаңалықпен ғана шектелңп қоймай, ол оны практика жүзінде тез арада пайдалануды және қысқа мерзімде тиісті нәтиже алуға тырысады. Ол үшін кәсіпкердің сол салада тиісті арнайы білімі болуы керек, сондай-ақ нарық экономикасынң заңдылықтары туралы хабары болуы тиіс.

Кәсіпкерлік қызметті реттеу қажеттілігі.

Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В. Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. «Іс жақсы жүру үшін жел керек - ол мүдде. Руль - мемлекеттік реттеу». Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік»-дейді. Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты реттеледі деген пікірде.

Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялық қортынды берген атақты ағылшын экономисі Дж М. Кейнс (1883-1946жж. ) . Оның теориялық қортындылары 1929-1939 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыстан шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дж М. Кейнс теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ең алдымен фискалдық және ақша-кредит саясатын тиімді іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.

Кейнс теориясы практикалық тілге айналдырғанда: жұмыссыздық жойылса халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді, өндіріс инвестицияны көп талап етеді, ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді. Ал салық массасы бюджетке түседі, қортындысында мемлекет бойынша өндірілген жалпы ұлттық өнім фискалдық саясат арқылы оның 40-45% қайта бөлініп елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.

Жоғарыдағы көрсетілген ойлардан шығатын қортынды: мемлекет экономиканы реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл елдердің тәжірибесінен алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды түгел және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштердің дамытып өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру. Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процесстерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды. Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін, қоғам үшін өте қажет болса да. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік экономикалық мәні бар актуалды проблемаларды шешпейді. Ол мәселелер тек қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел төмендегенін инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т. б. қолайсыз жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмеушілігінен, өзіне жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.

Мемлекетке мынандай негізгі функциялар жүктеледі.

1. Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекет меншік құқын анықтайтын, кәсіпкерлік істі реттейтін, өнімнің сапасын қамтамасыз ететін т. б. заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтық негіздер көмегімен кәсіпкерлік іс субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейді.

2. Елде қажетті құқықтық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың, барлық қоғамның нарықтық экономикасы субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Егер мемлекет бұл функцияны орындай алмаса, ол жағдайда елде қылмыстық іс-әрекеттер өріс алады: қылмыстық істер, мафия, коррупция, парақорлық т. б. жағымсыз құбылыстар кәсіпкерлік іске, жалпы елдің экономикасына апатты әсер етеді.

3. Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту, ол үшін макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету: жалпы ұлттық өнім, ішкі ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, инфляция деңгейі және жұмыссыздық, бюджеттің жетіспеушілігі т. б. Ол үшін мемлекет қолда бар барлық рычагтар мен әдістемелерді фискалдық, финанс - кредит, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат арқылы іске асыруы керек.

Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол кәсіпкерлік іске жағдай тұрғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды. Мысалы, егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын берекетсіздендіреді.

- ұлттық тауарлар импорт тауарларымен бәсекелес бола алмайды, ол төлем балансының жетіспеушілігіне әкеледі, отандық өндіріс төмендейді, жұмыссыздық өседі;

- валютаны алып-сатушылық басталады;

- елден валютаның шығуы, ол импорт тауарларының қымбаттауына және жалпы бағаның өсуіне әкеледі;

- тұрғындардың жинақтарының құнсыздануына;

- инвестицияның қысқаруына т. б. қолайсыз жағдайларға әкеледі.

4. Әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік кепілдіктьі қамтамасыз ету.

Мемлекет әлеуметтік саясатты белсенді түрде жүргізуге міндетті. Оның мәні мынада: барлық жұмыс істейтіндерге минималды еңбек ақымен, кәрілік және мүгедектік зейнетақылармен, жұмыссыздарға жәрдемақымен қамтамасыз етуге кепілдік; тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету; инфляциямен байланысты белгіленген табыс алатындардың табысын индексациялау т. б.

Мемлекет бұл саясатты жүргізу нәтижесінде барлық азаматтарға минималды күнкөріс деңгейін қамтамасыз етеді, ол халық наразылығын бәсеңдетеді.

5. Бәсекелестік қорғау. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік - негізгі реттеу инструменті. Бәсекелестік - барлық экономика сферасында прогрестің негізі, ол тауар өндірушілерді ғылым жетістіктерін өндіріске енгізіп, өнім сапасын арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ынталандырады. Сондықтан мемлекет бәсекелестікті қорғауы тиіс. Бәсекелес жағдайда тұтынушы - қожа, нарық - агент, ал кәсіпорын - оның құлы. Ал монополия жағдайында тұтынушы қожалықтан, құлдыққа ауысады.

Бірақ бәсекелестік ақырында монополиялық жағдайға әкеледі. Бұл жағдайды диалектиканың бірінші заңы - әлемнің бірлігі және қарама-қарсылық күресі деуге болады.

Қортынды

Елiмiз нарықтық экономикаға көшкелi берi кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тұрғыдан қолдаудың маңызы аса жоғары деңгейге көтерiлдi деп айтуға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда менiң курстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған, бұл мәселе тәжiрибелiк және теориялық тұрғыдан алып қарағанда, өте өзектi тақырып болып табылады.
Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсiпкерлiк қызметтке мемлекет тарапынан қолдау көрсету керектiгiн сондай-ақ кәсiпкерлiктiң экономика өмiрiнде аткаратын ролiнiң ұшан-теңiз екендiгi дәлелдеудi қажет етпейдi. Казiргi заманда кемелiне келiп дамып тұрған өркениеттi елдердiң қайсысы болмасын кезiнде шағын жөне орта кәсiпкерлiктi дамыта отырып, айтарлыктай дөрежеге жеткенi баршаға мәлiм. Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық Кәсіпкерлік қызметтері» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы Кәсіпкерлік қызметтерінің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды. Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және сақтандыруболып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар болып табылады:
- Қазақстанның азаматтары;
- Шетел мемлекеттерінің азаматтары;
- Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы, біріккен серіктестер, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, қожалықтар, әр түрлі бірлестіктер, корпорациялар т. б. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары»
Төтенше жағдайлар және олардың алдын алу
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Қонақ үй кәсібінің нарықтағы ішкі және сыртқы факторларының дамуы
Мемлекеттің қаржы саясаты
Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары
Экономикалық даму дәрежесі әртүрлі өңірлердің өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейін бағалау
Халықтың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасындағы өрт жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz