Қозғалтқыштың сипаттамалары
М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қозғалтқыштың реттеу сипаттамасы тұрғызу және жылу есептемесі
Орындаған: Шыңғысбек Бекзат
Қабылдаған: Тәліп Ақерке
Шымкент-2020
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Қозғалтқыштың сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы ... ... ... .3-5
Жүктеу сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-6
Улылық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-7
Техникалық қауіпсіздік ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..7-8
Алғашқы жәрдем ,электрзақымдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Қозғалтқыштың жылу есептемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3.1. Іштен жанатын қозғалтқыштың негізгі элементтері ... ... ... ..9-10
3.2 Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесі ... ... ... 10-12
4. Қозғалтқышты реттеу сипаттамасы тұрғызу ... ... ... ... ... ... ... ...12-16
5. Қолғалтқыштың поршеньді кинематика ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .16-18
6. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
7. Пайдалынған Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20-21
Кіріспе
Автомобиль қозғалтқышының ерекшелігі оның жылдамдық режимін кең ауқымда өзгерту кезіндегі жұмысы болып табылады. Иінді білік айналымдары-ның кез келген саны болғанда қозғалтқыш барлық жүктемелерде тұрақты жұмыс істеуі тиіс. Күштік берілістегі үйкелісті, тербелуге кедергіні және ауаның кедергісін жеңу үшін пайдаланылатын қуат балансының шарттары бойынша автомобиль көтерілгенде, орнынан қозғалғанда, екпін алғанда және т.с.с. кезде қозғалу кезінде пайда болатын қосымша кедергілерді жеңу үшін қуаттың анықталған қоры болуы тиіс. Барлық режимдерде қозғалтқыш үнемді жұмыс істеуі тиіс. Автомобиль үшін қозғалтқышты сипаттамалары бойынша таңдайды, олар берілген қозғалтқыштың барлық сапаларын және оның әр түрлі жағдайларда жұмысқа жарамдылығын анықтайды. Бұл сипаттамалар сондай-ақ өз араларында әр түрлі қозғалтқыштарды салыстыруға мүмкіндік береді. Пайдалану жағдайларында қозғалтқыш барлық уақыт бойы үздіксіз өзгеретін қалыптаспаған режимдерде жұмыс істейді. Осындай режимдердегі қозғалтқыштың жұмысын сипаттайтын толық деректерді алу қиынға соғады. Сондықтан негізгі сипаттамаларды қалыптасқан режимдерде стендтегі қозғалтқышты сынау кезінде анықтайды.
Қозғалтқыш бірінші реттік (бастауыш) және екінші реттік (қостауыш) Қ. болып бөлінеді. Бірінші реттік қозғалтқыш (бу, газ, жел қозғалтқыштары) табиғи энергетикалық ресурстарды (отын, су, жел энергиясын, ядролық энергияны) механикалық энергияға тікелей түрлендіреді. Оған жылу қозғалтқышы, бу қозғалтқышы, газ қозғалтқышы, жел қозғалтқышы, гидравликалық қозғалтқыш, тағыда басқа жатады. Олардың ішінде отын немесе атом энергиясын механикалық жұмысқа айналдыратын жылу қозғалтқышы ең басты топты құрайды. Ал екінші реттік қозғалтқыш бірінші реттік қозғалтқыш көмегімен алынған энергияны түрлендіреді. Олардың қатарына электрикалық қозғалтқыштар, пневматик. (сығылған ауаның қысымын пайдаланатын) қозғалтқыш, тағыда басқа жатады. Жинақталған механикалық энергияны беретін құрылғылар да қозғалтқыш (инерциялық, серіппелі, гірлі механизмдер) қатарына кіреді. Атқаратын қызметіне қарай қозғалтқышты орнықты, мобильді (көшпелі, жылжымалы) және көліктік қозғалтқыштар деп бөледі. Адамзат тарихындағы тұңғыш механикалық қозғалтқыш су дөңгелегі болды. Оны ертеде суландыру жүйесінде өзен-көлден су тартуға, кейін келе мануфактура өндірісінің күш құралы ретінде қолданды.
1.Қозғалтқыштың сипаттамалары.
1.1 Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы
Карбюраторлы қозғалтқыштағы кедергіш жапқыш толығымен ашық болғанда немесе дизельдегі отынды максимум беру кезінде тиімді қуаты айналымдарының санына, бұрау моментіне, отынның сағаттық және меншікті шығынына тәуелділікті сыртқы жылдамдық сипаттамасы деп атайды. Сыртқы жылдамдық сипаттамасында оған тән келесі нүктелер белгіленеді:
· айналымдардың минимум саны, ол кезде қозғалтқыш жүктемені қабылдауы мүмкін;
· бұрау моменті аса үлкен мәнге жететін айналымдар саны;
· отынның меншікті шығыны ең кіші мәнге жететін айналымдар саны;
· тиімді қуат номинал мәнге жететін айналымдар саны;
· максимум айналымдар саны реттегішпен шектелетін айналымдар саны;
· бұрау моменті және тиімді қуат механикалық шығындар моментіне және механикалық шығындар қуатына тең болатын айналымдар саны - тасқындық жиілік;
Индикаторлық бұрау моменті мынаған тең:
(1)
Осыған ұқсас Me және Mм арналған формулалар жазылады.
14.1-сурет - Қозғалтқыштардың сыртқы жылдамдықтық сипаттамасы
Жартылай жылдамдық сипаттамалары қозғалтқыш көрсеткіштерінің кедергіш жапқыш немесе ЖҚБО рейкалары әр түрлі тұрақты орындарда болғанда айналу жиілігіне тәуелділігін анықтайды. Кедергіш жапқыштың жабылуына және жүктеменің төмендеуіне қарай кедергінің ұлғаюы салдарынан кіру жүйесінде толтыру коэффициенті айналу жиілігі жоғарылағанда күрт төмендейді, ал максимум тиімді қуат кіші айналу жиілігіне қарай ығысады. Мұны қозғалтқыш жүктемесі азайған жағдайда тасқынды болдырмау үшін пайдалануға болады.
КИВ1 болғанда отынның меншікті шығыны минимум болады, бірақ кедергіш жапқышты жапқанда КИВ азаяды, ал отынның меншікті шығыны өседі. Дизельді қозғалтқышта жүктеме төмендегенде айналымдар саны аса күрт өседі, бұл тасқындық жиілікті болдырмау мақсатында жиілік бойынша аса қатаң реттеудің енгізілуін тудырады.
1.2 Жүктеу сипаттамасы
Айналымдар саны тұрақты болғанда қозғалтқыштың негізгі көрсеткіш-терінің жүктемеге тәуелділігін жүктемелік сипаттама деп атайды. Қозғалтқышты тежеу стендінде сынағанда жүктемені арнайы құрылғының көмегімен өзгертеді, жылдамдық режимі кедергіш жапқышпен анықталады, дизельде ─ ЖҚБО рейкасының орны ауыстырылады. ЖС төрт параметрмен анықталады:
· толық жүктеме болғанда отынның сағаттық жұмсалуы;
· толық жүктеме болғанда отынның меншікті шығыны;
· отынның минимум тиімді меншікті шығыны болғандағы жүктеме;
· отынның бос жүрістегі сағаттық шығыны.
2-сурет-Жүктеу сипаттамасы
1.3 Улылық сипаттамасы
Реттеу сипаттамасы дамитын қуатқа байланысты қозғалтқыш параметрлерімен анықталады.
Реттеу сипаттамалары қозғалтқыш параметрлерінің УОЗ немесе УОВТ сияқты көрсеткіштерге тәуелділігін анықтайды.
Улылық сипаттамалары СО, СхНу Nox, дизельдердегі күйенің құрамын көрсетеді. Жеке улы компоненттердің құрамы туралы аса толық түсінікті көп параметрлі сипаттамаларды талдау кезінде алуға болады, мұнда аталған компоненттердің біреуінің тұрақты мәндерінің жүктемеге және айналу жиілігіне тәуелділіктері салынған. Талдау көрсеткендей, дизельдердегі СО меншікті құрамы - 10 есе, СхНу - 4 есе кіші, азот тотықтары аз, бірақ карбюраторлы қозғалтқышпен өлшемдес. Форкамера-факелдік тұтану кезінде Со дизель деңгейіне дейін төмендейді, қалған компоненттер өзгеріссіз қалады.
3-Сурет-Улылық сипаттамалары
2.Техникалық қауіпсіздік ережелері
Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.
Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек.
Құрылыстық-жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз - бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шараларына мыналар кіреді:
- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
- құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;
- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:
- құрылыстық-жобалау;
- техникалық;
- ұйымдастырушылық;
- өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары.
Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:
1. ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;
2. ауадағы оттегі концентрациясын азайту;
3. ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.
Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.
2.1 АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ ЭЛЕКТРОЗАҚЫМДАНУ.
Электротогымен зақымдану пайда болады:
●Екі ашық электросымды үстау.
●Бір сымды үстап суда немесе ылғалда тұрсаңыз.
Сіздің іс-әрекетіңіз:
●Бөлмеде электр қуатын түгел айырып, тоқтан шнурды айырып қою керек.
Егер бұл мүмкін болмаса:
●Өзінді токті өткізбейтін материалға (резинадал жасалған коврик, құрғақ ағаш тақтайға, қалың қағаздар) тұрып сақтау.
●Электр тогын өткізбейтін материалды қолданып, жарақаттанған ауруды алып шығу.
●Жарақатталған адамды қауіпсіз жерге алып кету.
●Егер ток адамға әлі әсер етіп жатса ағаш тақтайға немесе құрғақ киімге тұру керек, қолды құрғақ матаға орап, қалған матамен жарақаттанған адамды шығару керек.
●Содан кейін егер жарақаттанған адам ессіз болса, оның жағасын, түймесін ағытуы керек.
●Нашатыр спиртпен иіскету.
●Жедел жәрдемді шақыру.
●Жарақаттың өзіне тиіспей, сулы ватамен жарақаттының айналасын сүрту керек.
●Жарақаттың өзін йодпен жағып, оны таза бинтпен байлап тастау керек.
3. Қозғалтқыштың жылу есептемесі
3.1 Іштен жанатын қозғалтқыштың негізгі элементтері.
Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышы білігінің айналу шапшаңдығы әдетте 3000 - 7000 айнмин-қа тең. Жарыс автомобилі мен мотоцикл қозғалтқыштарының жиілігі 15000 айнмин, кейде одан да жоғары болады. Массасы бойынша жанғыш қоспадағы ауаның бензин буымен арақатынасы - 15:1 шамасында. Қозғалтқыш жанғыш қоспадағы ауаның бензин буымен салыстырғандағы үлесі 18:1-ден төмен және 12:1-ден жоғары болса ғана жұмыс істейді. Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышының қуатын цилиндрге берілетін қоспа мөлшерін өзгерту арқылы реттеуге болады. Айналу жиілігінің жоғары болуы, қоспадағы отын мен ауаның тиімді қатынасы қозғалтқыш қуатын арттыруға әсерін тигізеді. Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышы цилиндрінің диаметрін үлкейтсе, қозғалтқыш детонацияға бейім келеді. Сондықтан қозғалтқыш цилиндрінің диаметрін үлкен етіп жасамайды. Ең қуатты 4 тактілі карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышының қуаты 600 квт (800 а. к.). Мотоцикл карбюраторының 2 және 4 тактілі Іштен жану қозғалтқышытарының қуаты 3,5 - 45 квт-қа (5 - 60 а.к.) тең. Авиациялық поршеньді қозғалтқыштардың қуаты 1100 квт-қа (1500 а. к.) жетеді.
Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышы - әр түрлі тораптар мен жүйелерден құралған күрделі агрегат.Қозғалтқыш қаңқасы - механизмдер мен жүйелерге тиянақ (база) болатын қозғалмайтын бөлшектер тобы.
Оған картер блогы, цилиндрлер, иінді білік подшипниктерінің қақпақтары, картер блогының алдыңғы және артқы беттері, сондай-ақ май құйылатын астау мен бірқатар ұсақ бөлшектер жатады. Қозғалыс механизміне цилиндрдегі газ қысымын қабылдайтын және сол қысымды қозғалтқыштың иінді білігінің айналдырушы моментіне түрлендіретін қозғалмалы бөлшектер жатады. Оның құрамына поршень, шатун, иінді білік пен маховик кіреді. Газ тарату механизмі жанғыш қоспаны тиісті цилиндрге дер кезінде беру және пайдаланылған газды сыртқа шығару қызметін атқарады. Бұл механизм құрамына жұдырықшалы білік, итергіш, штанга, клапанды ашатын күйенте мен оны жабатын серіппелер жатады. Майлау жүйесі үйкеліске түсетін беттерге жағар май жеткізетін агрегат пен арналар жүйесінен тұрады. Суыту жүйесі сұйықты немесе ауалы болуы мүмкін. Сұйық арқылы суытқыш сұйықпен (су, антифриз) толтырылған цилиндр астарларынан, сорғыдан, радиатордан (сұйық желдеткіш тудыратын ауа ағынымен суытылып отырады) және су температурасын реттеп отыратын құрылғыдан құралады. Ауамен суыту цилиндрлерді желдеткішпен не ауа ағынымен (мотоциклде) үрлеуге негізделген. Қоректендіру жүйесі қозғалтқыштың жұмыс режиміне сәйкес белгілі пропорцияда әрі қозғалтқыштың қуатына сәйкес қажетті мөлшерде отын мен ауадан жанғыш қоспа дайындау қызметін атқарады. Бұл жүйе отын багынан, айдамалау сорғысынан, сүзгіден, түтіктер мен карбюратордан құралады.
4-сурет Қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі
4-сурет
А) Майды тартады б) Қысады в) ұлғаю г) шығару.
3.2 Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесі
Карбюраторлы двигательдердіің қоректендіру жүйесі жану қоспасын дайындау қызметін атқарады. Ал жану қоспасы деп жанар май мен ауаның араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның құрамы двигательдің жұмыс істеу жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс. Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану қоспасын дайындайды.
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында двигательден шыққан газдағы зиянды заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты. Мысалы: Европалық стандартқа сай дүние жүзінде карбюраторлы бензинді двигательдер пайдалануға тыйым салынған. Қазіргі автомобиль двигательдеріенде орталық және тікелей бүрку бензинді қоректендіру жүйелері пайдаланылады.
Ауа мен жанар майды араластыру процесін "карбюрациялық" процесс деп атайды, ал осындай жұмысты іске асыратын құралды карбюратор деп атайды. Карбюраторлы двигательдердегі қоректендіру жүйесіндегі негізгі құрал осы карбюратор болып табылады. Жоғарыда, қоректендіру жүйесінің принципилдық схемасын қарағанда тек қарапайым карбюратордың жұмысы көрсетілген. Ал двигательдерге орнатылған крбюраторлардың құрылысы өте күрделі болады. Себебі ол жанар май мен ауаны араластырып қана тұрмайды, осыған қосымша двигательдің жұмыс жағдайына қарай сол араластырып жасалынған жану қоспасының сапасын да әртүрлі етіп өзгертіп отырады. Жану қоспасын сапасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оның негізгі белгісі ауа мен жанар майдың өзара қатынасы болып табылады. Жалпы 1 кг жанар май толық жануы үшін 15 кг ауа қажет болады. Егер жану қоспасы осы мөлшерде жаслса, онда оныв қалыпты жану қоспасы деп атайды. Ал қажетті ауаның мөлшері аз болса, онда байытылған, керісінше болса кедейлетілген қоспа деп атайды. Осы қажетті ауа мен нағыз шығын болған ауаның қатынасын a - деп белгілесек, онда қалыпты жану қоспасының бұл коэффициенті a=1,0. Егер a1,0 ден болса, онда байытылған, ал a1,0 ден болса, онда кедейлетілген қоспа деп атайды. Ондай байытылған немесе кедейлетілген қоспалар бірнеше түрге бөлінеді. Егер a=0,8:0,9 мөлшерінде болса, онда ондай қоспаны аздап байытылған қоспа, ал a0,8 ден аз болса өте байытылған қоспа дейді. Сол сияқты a=1,01 шамасына дейін аздап кедейлетілген, ал a1,1 болса өте кедейлетілген қоспа болады.
4.Қозғалтқышты реттеу сипаттамасы тұрғызу.
Тұтандыру жүйесі жану камерасындағы жанғыш қоспаны тұтандыратын ұшқын тудыру үшін қажет. Бұл жүйенің құрамына ток көздері - аккумулятор мен генератор, үзгіш енеді. Оталдыру жүйесі электрлік стартерден, беріліс шестерняларынан, ток көзі мен дистанциялық басқару элементтерінен құралады. Жанғыш қоспаны ендіру және қайта шығару жүйесіне түтіктер, ауа сүзгі және бәсеңдеткіш жатады. Газды Іштен жану қозғалтқышы көбінесе табиғи немесе сұйық отынның жануы кезінде пайда болатын газбен жұмыс істейді. Ол сонымен қатар қатты отынның шала жануы кезінде бөлінетін газбен, металлургия және канализация газбен де жұмыс істейді. Газды Іштен жану қозғалтқышының 4 тактілі және не 2 тактілі түрі бар. Қоспаның түзілуі және тұтану тәсілі бойынша газды Іштен жану қозғалтқышы, сырттай қоспа түзіп ұшқыннан от алатын Іштен жану қозғалтқышы, сырттай қоспа түзіп сығылу нәтижесінде тұтанатын Іштен жану қозғалтқышы және іштей қоспа түзіп ұшқынмен от алатын Іштен жану қозғалтқышы болып ажыратылады. Табиғи газбен жұмыс істейтін газды Іштен жану қозғалтқышы стационар электр станциясында, компрессорлы газ айдайтын қондырғыларда, т.б. пайдаланылады. Іштен жану қозғалтқышы жұмысының тиімділігі, оның п.ә. коэффициентімен сипатталады. Кемелдендірілген Іштен жану қозғалтқышының ең үлкен п.э.коэффициенті 44%. Іштен жану қозғалтқышытар және басқа да жылу қозғалтқыштары гидравлика және электрлік қозғалтқыштар сияқты тұрақты энергия көзіне (мысалы, су қоры, электр станциясы, т.б.) тәуелді емес. Іштен жану қозғалтқышы қондырғылары кез келген жерде жұмыс істей алатындықтан, олар көлікте (автомобильде, а. ш. және жол құрылыс машиналарында, өздігінен жүретін әскери техникада) кеңінен пайдаланылады. Қазіргі кезде Іштен жану қозғалтқышының қуатын, сенімділігі мен ұзақ мерзімге шыдамдылығын арттыру, массасы мен габаритін кішірейту, олардың жаңа құралымдарын жасау (мысалы, Ванкель қозғалтқышы) жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге автомобиль көліктеріндегі карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышын дизельмен алмастыру, көп отынды қозғалтқышты пайдалану, айналу жиілігін арттыру мүмкіндіктері қарастырылуда.Қозғалтқыш, мына негізгі бөліктерден тұрады: айналшық - бұлғақ механизмдерден (піспектен, бұлғақ, иілмелі біліктен және сермерден); қозғалтқыш корпусынан (ірге тас рамасы подшипнигімен, картерден, цилиндірлі блок толкесімен және цилиндірлік қақпақпен); газ бөліп таратушы механизмнен (бөліп таратқыш біліктен, шестернадан, қақпақшадан, көлдектен, итерушіден және басқалары); қоректендіруші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz