Түйе - жайылым малы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ
Жанғазықызы Ж.
Түйені күту және азықтандыру
Курстық жұмыс
мамандығы 5B120100 - (ветеринарлық медицина)
Нұр-Сұлтан 2020
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.1. Түйені азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.2. Түйелер мен боталарды күтіп-бағуды ұйымдастыру ... ... ... ... ... .9
2.3.Түйе өсіру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.4.Сүт өнімділігі және сауу техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..13
2.5. Алматы облысында түйе шаруашылығымен айналысатын қожалықтардағы түйелердің күтімі және шұбат өндірісі ... ... ... ... ... 17
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
VІ. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
V. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ
Түйе шаруашылығы - мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні - киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.
Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Салаға орынды жұмсалған қаржы 5 - 6 есеге дейін табыс әкелетіндігі ғылыми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген. Дәрігерлердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсетті. Сонымен бірге асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі. Түйе сүтінен дайындалатын шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық қасиеттері ертеден-ақ белгілі болған. Оның адам ағзасына сіңімділігі 98%-ды құрайды. Құрамындағы құрғақ заттың үлесі 14,5 - 15,5%-ға, май - 5,5 - 6,5%-ға, ақуыз - 4,0 - 4,5%-ға, сүт қанты - 5,0 - 5,5%-ға, минералды заттар 0,6 - 0,8%-ға сәйкес келеді. Қос өркешті інгеннен тәулігіне майл. 5,5 - 7,0% болатын 4 - 6 л, маусымда 1200 л сүт сауылса, дара өркешті таза тұқымды аруана маясынан майл. 3,5 - 4,2% болатын 12 - 15 л, маусымда 3500 л сүт сауылады. Қос өркешті және дара өркешті түйелердің будандарынан бір маусымда майл. 4,0 - 4,5% болатын 3000 л сүт өндіріледі. Түйе сүті сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік қасиеті жоғары болғандықтан ұзақ мерзімге сақталады.
Түйе - ірі, күшті, төзімді жануар. Салмағы 700-800 кг бактрианның биіктігі (өркешінің арасынан) - 178 см, тұрқы - 158 см, жүні қара қоңыр. Дромедар биіктігі -200 см, тұрқы - 155 см, жүнінің түсі қызыл сұр. Жасында жақсы бағылып-күтілген түйе майын өркешіне жинайды. Қыста ұзақ уақыт шөп жемей, су ішпеген уақытында сол жинаған майдың қажеті бар. Күші жағынан ол жылқы мен өгізден əлдеқайда мықты. Бактериан мен дромедар еркін будандаса береді. Оның үстіне өте-мөте баяу өсетін түлік болып ерекшеленеді. Біздің елімізде түйе саны əлі де болса аз. Түйе шаруашылығын сөз еткенде одан алынатын өнімдер - сүт, шұбат, балқаймақ құрт, ірімшік, түйе жүні, терісі жəне ет, тек қана өзінің жоғары калориялығымен емес, өзгеше биологиялық қасиеттерімен əрі адам денсаулығына пайдалылығымен ерекшеленетінін естен шығармаған абзал. Түйенің еті мен майы құнарлылығы жағынан өзге ешбір малдан артық болмаса, кем түспейді. Əрбір қоңды түйе 61,7-65,8 % таза ет береді. Ал, кейбір атандардың салмағы күтімі болса 1000 кг дейін жетеді. Орта есеппен бір түйеден 160-200 кг дейін май алуға болады. Оның 120-130 км-ы өркеш майы. Қазір түйенің өркеші шұжық, ет консервісін жасауға кеңінен пайдаланылады. Сапасы жағынан өркеш майы жылқының жалына пара-пар.
Түйе сүтінде болатын иммундық түйіршіктер сияқты қорғаныш заттар, зиянды бактерияларды қырып жоятын қуат береді. Осы заттар біразға дейін сүтті микроорганизмдердің көбеюіне мүмкіндік бермейді, сол себепті түйе сүті ұйымайды жəне ұзақ уақытқа дейін бұзылмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты - түйені азықтандырудың ерекшеліктерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.Түйені күту жəне азықтандыру.
2. Түйе өсіріп, өнімін ұлттық брендке айналдыру
3. Алматы облысында түйе басын көбейту шараларын жүргізу.
Курстық жұмыстың өзектілігі - Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сыр, дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінің 85%-ы таза, өте бағалы түбіт. Осындай бағалы жануарымыздың басын неге көбейтпеске...
1.1Əдебиетке шолу
А.А. Ахмедиевтің мəлімдемесі бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысының Темір түйе зауытындағы күйі нашар қазақы түйелер көктемде (наурыз айынан мамыр айына дейін) бір жастағылары тəулігіне 606 г, екі жастағылары 1240 г, үш жастағылар 1304 г салмақ қосқан.
В.М. Попованың деректері бойынша түркменнің аруана тұқымының екінші сүттену кезеңінде сүт өнімділігі 4387 л, ал бірінші сүттену кезеңінде 3117 л тең болды. А.Я. Окорокованың бақылауы бойынша, Түркменстанда бір інгеннен 2000-2500 л сүт сауылады. Қос өркешті түйенің сүт өнімділігі бір өркешті түйеге қарағанда төмендеу, бірақ сүтінің құрамында май мен протеин көп болады. В.А. Кулаеваның бақылауы бойынша, бактриандардың сүт өнімділігі сүттену кезеңінде 878-1571 л, ең жоғарғы сауым сүттенудің үшінші айында болады. Будандардың сүт өнімділігі аралық орында. Оңтүстік облыстың бір шаруашылығында сүттенудің 6 айында қазақ бактриандардың сүт өнімділігі 1140 л, дромедарлардың - 1786 л болды. Нар мая будандардан 1716 л, қоспақтардан - 1102 л, күрттерден - 1433 л, кез нарлардан - 2067 л, күрт нарлардан - 2490 л сүт алынған.
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Түйені азықтандыру
Жыл бойы түйелер өрісте, жердегі шөппен азықтанады, түйе тікенектер мен жантақтардан басқа да түрлі өсімдіктерді жей - ді, ал қыста оларды пішенмен қорек - тендіреді. Қатты жемді қорыту түйе үшін сөз емес. Түйені қыста тәу - лігіне бір рет, жазда екі рет суарады. Олар 10 минут ішінде 13 шелек су ішеді.
Түйе-жайылым малы. Оның негізгі азығы-жайылым өсімдіктері. Ол күндіз жайылып, түнде күйіс қайырады. Түйе жайылымда жақсы семіреді, еркештеріне май жинайды, ал ашыққан кезде немесе жол жүргенде өз майын өзі қорек етеді. Қазірде түйе ауыл шаруашылық жұмыстарына жəне жүк тартуға көлік ретінде де пайдаланылып жүр. Сондықтан түйені қаншалық ауыр жүк тарта алатынына, сүттілігіне, жасына қарай дұрыс азықтандыру маңызды мəселелердің бірі.
Түйенің азықтары. Түйенің сүйіп жейтін өсімдіктері: жоңышқа, əр түрлі жусан, изен, жантақ, күйреуік, кеурек тағы басқа құрамында протеин, минерал заттары көп өсімдіктер. Түйені жыл бойы жайылым өсімдіктерімен қамтамасыз ету үшін оның қай маусымда қай өсімдікті жақсы жейтінін білу қажет. Түйенің қыста жейтін азығының түрі жаз айларында жейтін азығымен салыстырғанда ете аз. Күзде түйе қыс маусымында жейтін өсімдіктерді жейді. Ал кектемде түйе көбінесе жоңышқа жəне бидайық топтарына жататын өсімдіктерді жеп, сораң жəне жусан топтарына жататын өсімдіктерді аз пайдаланады. Бұл кестеде көрсетілген азық мөлшері қоңдылығы орташа дамыған түйелерге арналған. Ал қоңдылығы өте нашар дамыған түйелерге азық мөлшері қосылып отырады. Түйе пішеннің ішінен өзі ұнататын өсімдіктерді ғана таңдап жейді. Сауылып жүрген інгендерге 1 кг түйе сүті түзілуі үшін 0,7 -- 0,8 азық өлшемі жұмсалу керек. Салмағы 500 -- 600 кг жұмыс түйелерін азықтандыру үшін 8 -- 10 азық өлшемі беріледі.
Түйенің әр маусымдағы жейтін өсімдіктері
1-кесте
Өсімдік түрлері
Жазғытұрым
Жазда
Күзде
Қыста
1-ші жарты
2-ші жарты
1-ші жарты
2-ші жарты
1-ші жарты
2-ші жарты
1-ші жарты
2-ші жарты
Сораңдар
14
12
20
21
37
49
41
42
Жусандар
8
17
12
3
23
13
1
29
4
5
28
3
7
3
1
9
5
3
9
8
1
9
8
2
Басқалары
80
94
82
76
26
30
4
4
Барлығы
131
145
136
133
74
96
63
65
Қазақстанда жылдың әр маусымында түйенің жейтін өсімдіктері
2-кесте
+ жақсы жейтінін, - жемейтінін көрсетеді.
Өсімдік аттары
Маусымдар
жазғытұрым
жаз
күз
қыс
І. Сораңдар Алабота Балқаңбақ Балық көз Бұйырғын
Боз изен
Изен
Көкпек Құмаршақ
Күйреуік
Май қаңбақ Сексеуіл
Сораң Домаламба Торғай оты Төбе сораңы Шытыр
+
-
+
-
+
-
+
+
+
+
-
-
+
-
-
+
+
+
-
+
-
+
-
+
+
+
+
-
-
+
+
+
+
-
+
+
-
-
-
+
+
-
+
-
+
+
+
+
+
-
+
+
+
+
+
+
-
-
+
-
+
-
-
+
ІІ. Жусандар
Ақ жусан
Қара жусан
+
+
+
-
+
+
+
+
ІІІ.Жоңышқалар
Беде
Бозқонақ Жантақ
Түйе жоңышқа
+
-
+
-
+
+
+
+
-
-
+
+
-
-
+
+
IV. Бидайықтар Еркек шөп
Қияқ
+
+
+
-
+
-
+
-
V. Басқалары Ақ жапырақ Кеуел
Қурай
Сүтті жапырақ Түйе жапырақ
+
-
+
+
+
+
+
-
+
-
+
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Жұмыс істейтін түйелерді азықтандыру мөлшері
3-кесте
Күту жолдары
Түйенің салмағы(кг)
Бірқалыпты
3,4
3,7
4,0
4,2
4,5
4,7
5,0
5,2
Салқын мезгілде
5,5
6,0
6,0
6,9
7,3
7,7
8,1
8,5
2.2.Түйелер мен боталарды күтіп-бағуды ұйымдастыру
Түйені дұрыс күтіп, өсіру үшін шаруашылықтарда түйе фермалары немесе жеке іңген табындары ұйымдастырылады, түйешілер (бота күтушілер) бекітіледі. Түйе күтушілерге келетін жұмыс көлемі нақты шаруашылық жағдайларына байланысты белгіленеді. Түйешілердің атқаратын жұмыстары мыналар: түйені күзету, бағу, азықтандыру жəне суару, інгенді қайыту жəне боталату, ботаны күту, түйені жұмысқа үйрету, түйені жүндету жəне семірту. Сүт өндіруге тапсырма алған фермаларда сауыншылар бөлінеді. Інген белгілі бір маусымда күйлейді.
Інгенді қаңтар-мамыр айының арасында ғана қайытады. Інгеннің күйлеу уақыты орта есеппен 8 тəулікке, ал бүкіл қайыту кезеңі 16 тəулікке созылады. Бұл мерзімнен ілгері-кейін ауытқу жиі болып тұрады. Қайыту маусымында (қаңтардан мамыр айына дейін) інгенді бір-екі немесе үш шөгергенде-ақ қайып кетеді. Қыста қолда күткен жағдайда інгенді қолдан қайытады. Күйлеген інгенді табу үшін шираң өрі жуас 4-5 жасар бураны жетелеп табынды аралатады. Інгенге бураны күйіті анықталысымен сол күні таңертең жəне кешке қайытады, сонан соң бір тəуліктен кейін тағы қайытады. Келеге салып қайытқанда бура табындагы інгенмен бірге жайылымда болады. Қайыту маусымын-да бір бураға 20- 30 іңген қосады. Айыр інген 13,5 ай, аруана інген 12,8 ай, яғни бір жылдан аса уақыт бойы бота көтереді. Інген белгілі бір маусымда ғана қайып болатындықтан, екі жылда бір, жеке жағдайларда үш жылда екі рет боталайды. Бура 5 жасында бірінші рет қайытуға жіберіледі, ал олардың жыныс мүшелері 6 жасында толық жетіледі, інгенді үш жасынан бастап қайытуға болады. Бураны 18-20, інгенді 20-22 жасқа дейін пайдаланады. Бота өте өлсіз, нəзік болып туады, аяғын қаз басып əрең тұрады, сондықтан оған жақсы күтім керек.
Алғашқы күндері іңгеннің сүтін ботасының өзі ғана емеді. Інген 10-15 күннен кейін ғана сауыла бастайды. Інген тəулігіне 5-6 рет сауылады, сауған сайын өуелі ботасын емізіп идіріп алады. 2-3 айға дейін ботаның бар қорегі інгеннің сүті, содан əрі қарай бота шөпке отыға бастайды. Бота інгеннен бір жарым жасында бөлінеді. Түйелер үш жасынан жұмысқа үйретіле бастайды.
Түйе - шөл мен аңызақ дала жағдайында жайылымда жақсы көндіккен, күйік қайыратын мал. Түйе ыстыққа, сондай-ақ құрғақ аязға төзімді, бірақ ауа мен топырақтың ылғалдылығын көтере алмайды. Түйе өсірген кезде оны осы ерекшеліктерін ескерген жөн. Түйені жайылымда бағып семіртудің зор маңызы бар. Түйе қысқа жоғары қоңдылықпен түсу керек, оның қоңдылығын өркешіне жиналған майға қарап опоңай анықтауға болады. Қолда күткен жағдайда, жем берген күннің өзінде де түйенің қоңын көтеру қиын. Қыста түйе қырбық қарда ғана жайыла алады, ал жылқы мен қой сияқты тебіндеп жайыла алмайды. Түйеге қырқадағы жусан, изен, жантақ, күйреуік сияқты ащы шөптер мен жайылым жақсы. Түйенің жұмсақ жалпақ табаны құмдауыт жерлердегі жайылымның шөбін таптап басып кетпейді. Сондықтан əр түрлі түлектердей малға жайылым бөлген кезде түйенің осы өзгешелігін ескерген жөн. Жұмысқа жегілетін түйелерге жұмыстың ауыр-жеңілдігіне қарай тəулігіне 8-ден 10-ға дейін азық өлшемін беру керек. Сауылатын інгенге ілгеріде айтылған нормаларға қосымша сүтейту үшін үстеме азық (1 л сүтке 0,7-0,8 азьщ өлшемін) беру керек. Жазда жəне қыста қолда күткенде түйені күн сайын, ал қыста табында баққанда 2-3 күнде бір суарады. Сауындағы інгенді міндетті түрде күн сайын суарып отыру керек.
Оңтүстік облыстарда табында баққанда түйеге қора керек емес. Бұл облыстарда түйе жыл бойы ашық далада жүре береді, жалғыз-ақ жас боталарға арнап қора салу керек. Батыс, солтүстік аудандарда (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды жəне басқа облыстарда) қыс күндері түйе тұратын жабың қора не жаппалар салған жөн.
Сауылып жүрген інгенге 1 кг түйе сүті түзілуі үшін 0,7-0,8 азық өлшемі жұмсалу керек. Салмағы 500-600 кг жұмыс түйелерін азықтандыру үшін 8-10 азық өлшемі беріледі.
Түйелерді суару ережелері:
1. Бірнеше күн су ішпеген түйені бірден қандыра суаруға болмайды.
2. Жүк артып немесе мініп келген түйені демалдырмай суаруға болмайды.
3. Түйені күніне бір рет суарып отыру қажет.
4. Сауылып жүрген інгенді уаңытымен суару қажет.
5. Түйені жайылымға жіберіп немесе пішен беріп 2-3 сағаттан кейін суарған жөн. Осы ережелер дұрыс сақталған кезде ғана түйе түрлі ауруға шалдықпай жақсы өседі.
Бота 1-1,5 сағаттан кейін буыны бекіп аяқтанып, енесінің емшегін іздей бастайды. Ең алғашқы емізер алдында інгеннің желінін жылы сумен жуып тазартады, содан кейін жас ботаны енесінің бауырына салып емізеді жəне 2-3 күн енесімен бірге қалдырады. Алғашқы тəулігінде боталарды енесіне 7-8 реттей емізу қажет, ал 1 айға жақындағанда бұл процесті 3-4 ретке дейін азайтып, аз-аздан көк шөп беру керек. Себебі осы кездері бота отыға бастайды. Енесінің уыз сүтімен жəне көк шөппен азықтанған бота тез өсіп жетіледі.Боталардың өсіп-жетілуі кезеңінің ең қауіпті мезгілі алғашқы 6 ай болып есептелінеді. Осы кезең аралығында олардың жататын жері сыз болмауы жəне аңызақ жел соқпауы тиіс. Бота 3-4 күндей ауызданғаннан кейін інгендерді сауа бастаған дұрыс. Біріншіден, олар сауу процесіне үйренеді, екіншіден, желінде сүт қалып, желінсау ауруына шалдықпайды. Ботаның жақсы жетіліп, өсуі оның сүтпен жəне жемшөппен қамтамасыз етілуіне байланысты. Азықта минералды заттар жеткіліксіз болған жағдайда боталар бірінің жүнін бірі жұлып жейді. Олар ішектерінде кептеліп қалып боталарды өлімге əкеледі. Ет-жүн бағытында өсірілетін түйе келелерінің боталары енесімен жайылымда бірге болып, 16-18 айлығында ажыратылады да, топ-топқа бөлінеді. Ал енелері сауылатын боталарға 2-3 айлығынан бастап табиғи жайылымнан басқа тəулігіне қосымша 2-3 кг жем, 4-5 кг пішендеме берілуі қажет. Ол боталар 12 айлығында енелерінен ажыратылып, басқа топқа шоғырландырылады.
Қалыпты деңгейде өсіп-жетілген боталардың салмақтары 6 айлығында 165 кг-нан, 1 жасында 250-270 кг, ал 1,5 жасында 320-340 кг кем болмаулары керек.
2.3. Түйе өсіру əдістері.
Мал өсіру əдістері деп шағылыстыратын малдың тұқымдық жəне түрлік тегін ескере отырып, жүргізген жұп таңдау жүйесін айтады. Негізінен, түйе өсіру ісінде оны өсіріп шығарудың мынадай əдістері қолданылады: таза тұқым өсіру, қайыту, түраралық будандастыру.
Бұлардың əрқайсысы мал тұқымын асылдандыруда нақтылы бір селекциялың мəселені шешуге бағытталған.
Олардың биологиялық мəні, генетикалық əсері əр түрлі. Дегенмен де мал өсіру əдістерін бір-біріне қарсы қоюға болмайды.
Таза тұқым алу үшін тек қана бірыңғай тұқымның буралары мен інгендері шағылыстырылады. Таза тұқым өсірудің мақсаты - түйенің бағалы тұқымдық жəне өнімділік сапаларын сақтау жəне оны одан ары жетілдіру. Таза тұқым өсіріп шығаруда түйелердің таза тұқым қуалаушылық сапаларын жақсартудың ең тиімді əдістерінің бірі - ұрпақтары бойынша өсіру болып табылады. Мəселен, қалмақ түйелерінің тұқымын ұрпағы бойынша өсіріп шығару жүзеге асырылуда. Ол малдың бағалы ерекшеліктерін, сапасын бүкіл ұрпағына орнықтыруға мүмкіндік береді.
Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ жəне астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бүл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның əсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір жəне ұзын. Денесінің əр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті жəне шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені шөл дала кемесі деп атайды. Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы жүйелер.
Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі.
Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Монғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені - төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - Ойсылқара, кей жерде Қаусыл- қазы деп атайды.
Қазір Қазақстанда түйе шаруашылығын дамытуға көптеген игі шаралар қолға алынуда. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Агромеркур шаруа қожалығында 3 мыңдай түйе өсіріледі. Шаруашылықтағы мыңдай інген сауылып, өнімдері халық қажетін өтеуде. Түйе шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді мол беретін саласы. Қазір кейбір шет елдерде түйе шаруашылығын өркендетуге ерекше көңіл бөлінуде.
Қазақстанда түйе шаруашылығын дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген ғалым - Асылбек Баймұқанұлы. Түйенің ұрғашылары 3-4 жаста, буралары 5-6 жаста жыныстық жағынан толық жетіледі. Сыңар өркешті түйенің буаздық мерзімі - 1З, айыр өркешті түйенің буаздық мерзімі 14 айға созылады. Түйе екі жылда бір рет боталайды. Ботасы нəзік, ерекше күтімді қажет етеді, күніне 6-7 рет емеді. Бота анасын 18 айдай еміп жетіледі. Түйе 30-35 жыл жасайды.
2.4.Сүт өнімділігі және сауу техникасы
Түйе сүтінде май, белок жəне минералды заттар өте көп. Сондықтан одан əртүрлі сүт тағамдарын жасауға болады. Алайда басқа мал түліктеріне қарағанда түйе сүтінің өнеркəсіптік негізінде кең түрде өндірілмеуіне байланысты, ол тек қана шұбат түрінде пайдаланылады. Түйе сүтінен май, ірімшік, құрт жəне йогурт та дайындауға болады.
Бұл түлік сүтінің жəне одан жасалған шұбаттың қоректілігі, диеталық жəне емдік қасиеттері Орта Азия республикалары мен Қазақстан халқына ежелден мəлім. Дəрігерлердің жүргізген тəжірибелерінде Қазақстан мен Түркемстанның елді мекендерінде шұбат ішетін адамдардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz