Педагогикалық әдептің негіздері
ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Психология және педагогика факультеті
Педагогика кафедрасы
Алмат Жансая Сүйіндікқызы
Педагогикалық әдеп,оның мәні,мазмұны, талаптары
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекші:Шалгимбекова А.Б
Аға оқытушы
Қостанай,2016
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Педагогтық әдеп, шеберлік туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.1 Педагогикалық әдеп-педагогикалық шеберліктің элементі ... ... ... ... ...
0.2 Педагогтың кәсіби мәдениетін қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ..
2 Педагогикалық әдептің негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1Қазіргі мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Педагогикалық имиджді қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Адамдар қарым-қатынасының өзегін адамгершілікпен нәрлендіріп тұрған кереметтің аты-әдеп деп аталады. Біздің бүгінде әдеп-инабат нормалары деп жүргеніміз,сайып келгенде, адамдар арасындағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды жарасымдылық,сыйымдылық,қолайлылық, жағымдылық,үнемділік, бір сөзбен айтқанда адамгершілік-имандылық тұрғыдан реттеудің шартты қағидалары болып табылады.
Әдеп ұғымы келе-келе әдептанудың (этиканың) арнайы зерттейтін пәніне айналды. Бұл термин (etike-этика,грекше ethos-ғұрып деген сөзден шыққан) тұңғыш рет осы мағынада ғылымға ежелгі заманның ұлы философы Аристотель тарапынан енгізілген. Ұлықпан Асылов және Ж.Нұсқабайұлының әдеп инабаттылық дәрістерідеген еңбектерінің 4-6 беттерінде әдеп жайында төрткүл дүниенің шартарабында ежелгі Мысыр мен Греция,Үндістан мен Қытайда, Туран елі Иранда,орта ғасырлық Еуропада...талай-талай әдеби,дидактикалық жәдігерліктер дүниеге келгенін жазады. Сонда біз сөз етіп отырған нормативтік әдеп талаптарын практикалық тұрғыдан қалай бағамдауға болады? Адам ажарлы,ақылды ,қайратты,сымбатты болуы мүмкін, бірақ ол әдепті болмаса, пәс,көргенсіз кісіге саналады! Ондайлар мейлі хан болсын,қара болсын,қаншалық қайран қалатын жеңістерге,биік мансап дәрежеге жеткенімен, бәрібір қастерлі қадірлі адам аттана алмайды.
Әдеп - белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі.
Педагогикалық әдеп - оқытушының аса бағалы педагогтық қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді, ең алдымен білімгерлердің психологиясын терең біліп, түсінуге негізделеді.
Мұғалім сахнадағы актёр сияқты әрқашан көз алдында жүреді.
Қарым - қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан - жақтылығын, идеялық сенімінің, жүріс - тұрыс мәдениетінің, арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістерінің қоры, яғни ақыл - ойының көрінісі. Әр бір оқытушының дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогты әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогикалық бірнеше жайыттарды бөліп көрсетуге болады.
Педагогикалық шеберлік - ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр - сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін, -- айтады.
Педагогикалық шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы, жан - жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.
Зерттеу мақсаты: педагогикалық әдепті зерттей отырып, оның талаптары мен міндеттеріне назар аудару.
Зерттеу объектісі: педагогикалық әдеп.
Зерттеу пәні: педагогикалық әдеп және шеберлік, оның талаптары.
Зерттеу міндеттері:
1. Педагогикалық әдептің мәнін ашу.
2. Педагогикалық шеберлік жайлы түсінік беру.
3. Педагогикалық кәсібилікті қалыптсатыру жайлы мәлімет беру.
4. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
5. Педагогикалық әдептің талаптары мен міндеттері.
Зерттеу әдістері: тақырыпқа байланысты педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, ізденушілік және зерттеушілік жұмыстар жүргізу.
Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 2 негізгі бөлім, қорытындыдан, әдебиеттір тізімінен және қосымшлардан тұрады.
І Педагогтық әдеп, шеберлік туралы жалпы түсінік
Педагогикалық әдеп-педагогикалық шеберліктің элементі
Педагогикалық әдеп - педагогикалық деонтологияның теориялық негізі. Педагогикалық деонтология педагогикалық әдептің жеке мамандыққа тән моральдық ұстанымдары мен нормаларының ерекшеліктерін қарастыратын бөлігі болып табылады. Педагогикалық этиканың жалпы ұстанымдары мен нормаларының мазмұндары өзгеріп, деонтологиялық талаптар, адамгершілік нормалары түрленіп, белгілі бір педагогикалық қызмет аясында практикалық іс - әрекеттің реттеуші рөлін атқарады.
Педагогикалық әдеп студенттердің кәсіптік этика салаларының негізгі мәселерінің түсінуіне жетелейді.
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандар даярлау үлкен педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Отандық педагогиканың негізін салушы ғалымдар педагогикалық шеберлікті қалыптастыру проблемаларын болашақ оқытушыларды оқытудағы бастамаларының бірі деп есептейді. Шеберлік практиканың жалпы сипаттарына ие бола отырып, жаңа тенденциялар, жаңа білімдер тасымалдаушы ретінде педагогикалық құбылыстарды кеңейтеді. Педагогикалық құзыреттілік және шеберлік қоғам дамуының жалпы тенденциясына сәйкес келетін мектептің практикасына жол салады.
Шеберлік - педагогта ештеңеге ұқсамайтын ерекше шешім қабылдау кезінде, педагогикалық дарынды айқындауда, адамзаттық рухтың шексіз мүмкіндіктеріне сенуде аяқ астынан туындайтын ұлы керемет.
Педагогикалық шеберлік - әрбір оқытушы мен әрдайым жетілдіруді қажет ететін өндірістік оқыту шеберлеріне қол жетімді оқыту мен тәрбиелеу өнері. Бұл дүниетанымы және қабілеттерімен оқушылардың жан - жақты дамуына оқу - тәрбие жұмыстарының барлық түрлерін бағыттап тұратын кәсіби біліктілік [1.5 б].
Әдеп адамдардың алдына моральдық талаптар қоятын жағдайлармен байланысты және оны дербес, саналы таңдауға көмектеседі. Мұндай жағдайларды шығармашылықты, шабытты, қамқоршы болу керек деген абстрактілік ойлар пайда болмайды. Кәсіби педагогикалық айырықша ерекшелігі: педагог қызмет ету барысында оқушыға не жақсы, не жаман, не пайдалы, не зиянды екенін анықтау жауапкершілігін өзіне алады.
Педагогикалық этиканың мәселелері неғұрлым толық оқытушы тұлғасына және оның кәсіби қызметінің сипатына қойылатын моралдық талар тар жүйесін анықтайтын Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, А.Дистервег, Р.Оуэннің педагогикалық көзқарастарында айқындалады.
Орыс прогрессивті қоғамдық - педагогикалық ойлардың этика - педагогикалық идеяларына ерекше назар аудару қажет. Онда екі балама бағыт қатар жүреді:
oo Либералды - демократиялық (өкілдері Н.И.Пирогов пен К.Д.Ушинский, т.б);
oo Революциялық - демократиялық (өкілдері А. И. Радищев, В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. Г. Чернышевский және Н. А. Добролюбов).
Қоғамдық - педагогикалық қозғалыстағы либеральды - демократиялық бағыттың танымал өкілдері ретінде қазақ қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин және А. Құнанбаевты атауға болады. Олар еңбекші халықтың өмірін ізгілендірудің адамгершілі мұраттарын оларға білім берумен және ағартумен, ары қарай адамгершілікке өзін - өзі жетілдірумен, жеке басын тәрбиелеумен байланыстырған.
Педагогикалық этиканың теориялық негізінің іргетасын қалаушылар ретінде ұстаздар Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, С. Т. Шацкий, А.С. Макаренко және В. А. Сухомлинскийді атауға болады. Олардың әрқайсысы қоғамдық сананың арнаулы формасы ретінде мораль туралы матералистік ілім негізінде өзднрінің, ұстаздың еңбегін бағалаудың адамгершілік өлшемімен, этикалық кредосымен, адамды сүю идеясымен, азаматтылықпен және т.б. педагогикалық этика жүйесін жасады.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан оқытушының кәсіби этикасының теориясы мен практикасының мәселелерін ары қарай дамыту жолында жаңашыл - педагог Е. И. Ильин (әдебиет сабақтары - адамгершілік сабақтары), В.Ф. Шаталов, М. П. Щетининнің және адамгершілік педагогикасымен Ш. А. Амонашвилидің, адамгершілікке өте жақын , бірақ уақыттық жаңа кезеңінде В. А. Сухомлинскийдің, ал Қазақстан Республикасы бойынша - халық ұстазы Құмаш Нұрғалиевтің және т. б. тәжірибелеріне ерекше назар аударылып отыр.
Соңғы жылдары шетелде де кәсіби этика проблемасына деген қызығушылық артып отыр (Б. Кауфман, А. Джерайлд, В. Уоллер және т.б. (АҚШ); Ж. Троншер, А. Ферре, М. Маршан (Франция); П. Петерс, Р. Буш (Англия); Г. Бауэр, Ф. Шнайдер(ГФР); К. Котарский, И. Козловский (Польша)т.б.).
Педагогикалық әдеп категориялары - кәсіби педагогикалық парыз, педагогикалық әділеттілік, педагогикалық абырой және педагогикалық бедел.
Әділеттілік адамдардың лайықтылығы мен қоғамдық белгілері, ережелері мен мүмкіндіктері арасындағы сәйкестікті сипаттайды; педагогикалық әділеттілік мұғалімнің объективтілігінің өзіндік өлшемі болып табылады, оқушылардың әрекеттерін, оқуға және қоғамдық пайдалы іс - әрекеттеріне деген қатынасы мен адамгершілік тәрбиелік деңгейін сипаттайды (ақ жарқындығы, ұстамдылығы, адамилығы), т.б. Әділеттілік - мұғалімнің адамгершілік қасиеті және оқушыға әсерін өлшеу бағасы. Педагогикалық әділеттіліктің ерекшелігі әрекетті бағалау мен жауапты реакциясын педагог пен оқушының алуан түрлі деңгейдегі адамгершілігімен үйлестіруде көрініс табады. Сонымен қатар, объективтіліктің өлшемдерін анықтау, көбінесе, педагогқа байланысты, жалпы моралдық бағаға жүйкелік өзін - өзі қорғау қырларына әсер етуге ұшырайды.
Кәсіби педагогикалық абырой - педагогикалық әдептің маңызды санаттарының бірі. Бұл түсінікте мұғалім тұлғасына, кәсіби міндеттерді орындауға ( қандай да бір еңбек функцияларын жүзеге асыру; оқушылармен, олардың ата - аналарымен, жұмыстағы әріптестерімен өзара қарым - қатынасты дұрыс құру; таңдап алған кәсібіне, оқу және педагогикалық ұжымға, қоғамға өзінің көзқарасын сезіну) қоғамның қоятын талаптары мен моралдарының қосылысы туралы көзқарасты көруге болады. Кәсіби педагогикалық абыройдың негізі өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қоғамның объективті және көкейкесті қажеттіліктері болып табылады. Педагогтың кәсіби абыройында өзінің еңбегіне шығармашылық қарым - қатынастың қажеттілігі, өзіне деген ерекше талапшылдық, кәсіби білімдерін толықтыруға және педагогикалық шеберлікті шыңдауға құлшыныс, оқушылар мен олардың ата - аналарына құрметті және талапты қарым - қатынастың қажеттілігі, мектеп өмірінің күрделі коллизялар мен шиеленістерді шешу біліктілігі бағдарланған.[2, 50-52б]
Педагогикалық шеберліктің құрамды қырлары мен сырлары баршылық. Олардың арасында ең алдымен көрінетін аса қажетті сапа - ұйымдастырушылық, яғни оқу үдерісінің қандай жағдайында болмасын, тіпті қолайсыз болған күнде де, тәрбие, даму және білімнің алдын ала жоспарланған деңгейіне қол жеткізу. Нағыз мұғалім қалаған сұраққа қалыптан тыс жауап тауып, оқушы көңілінен шығады, оның ойына қозғау салып, тоғанысқа келтіре алады. Мұндпай ептілік өз пәнін тереңдей білген, өз білгендерін оқушыға жеткізе алатын мұғалімге тән қасиет. Қазіргі заман оқу әдістерін жете меңгеруде осы шеберліктің бір қыры. Ал осының бәріне үйрену мүмкін бе? Шеберлер тәжрибесі мұндай ұстаздық деңгейге көтерілудің кілті мұғалімнің өз бойында болатынын дәлелдеп отыр. Әлбетте, бұл оңай шару емес, үлкен күш-қуат жасауды қажет етеді. Шеберлікке жекізу кезеңдері келесідей: озат мұғалімдер тәжрибесін бақылау; үздіксіз біліктілік көтеріп бару, арнайы әдебиеттерді оқу, өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіріп бару, өзіндік сарап жүргізіп отыру.
Шеберліктің және бір маңызды көрсеткіші - оқушыларды белсенділікке ынталандыра білу, олардың қабілеттерін, дербестігі мен зерделілігін көтере түсу, балаларды сабақ барысында ой толғастыруға ойыстыру.
Оқу үдерісінде тәрбие жұмыстарын тиімді жүргізе білу, оқушыларды жоғары инабаттылық, ұлтжандылық, отансүйгіштік сезім, еңбеккерлік, өз әрекет-қылығына жауапкершілік қалыптастыру ептіліктері де - мұғалімдік шеберліктің ажыралмас элементтерінен.
Шеберлік деңгейінен көріне алмаған мұғалім баланың ойлануына, пікір жүргізуіне мүмкіндік бермей, өз білгенін оған қандай да жолмен таңа салуға ұмтылады. Ал шебер ұстаз сол білім арқылы баланы оқу ләззәтына бөлеп, қуанышқа жеткізеді. Мұғалімнің міндеті - оқуға қажет ұнамды көңіл шарпуларының сол оқу үдерісінң өзінен пайда ету. Сол үшін де ол жұмыс түрлерін ауыстырып барады, оқушылардың белсенділігіне қозғау салады, жарқын мысалдар, деректер пайдаланумен бала қызығуларын оятады,т.с.с. Бір жұмыс не әдіс түрін қайталай беруден оқушы жалығады, сондықтан жаңа да соны тәсілдерді шаршамай іздестіру мұғалімнің шартты міндеті болуы қажет.[3,394-395бет]
1.2 Педагогтың кәсіби мәдениетін қалыптастыру жолдары
Ішкі кәсіптік дифференциация анық байқалған шарттары, педагог қызметінің жалпы ұйымдастырылған шешімі мен тұтас педагогикалық процесте аса маңызды педагогикалық тапсырамалары әр түрлі мамандарға бағытталған, қазіргі заман мұғалім-тәрбиеші-оқытушы айырмашылығы.
Кәсіптік білім берудегі педагог жоғары кәсіби білімімен жалпы білім беру және арнаулы пән оқытушы, сонымен қатар өндірістік оқытудың шебері қызметін атқаруына болады. Ол мынадай кәсіптік-педагогикалық қызметтерді орындауға дайын болуы қажет: кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу,ұйымдастыру-басқару іс-әрекеті, ғылыми зерттеу, мәдени-ағарту іс-әрекеті. [4, 18бет]
Ы.Алтынсарин барлық еңбектерінде жеке адамның жоғары қасиеттерін қалыптастыруда еңбек,адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің ерекше орын алатынын атап көрсетті. Ендеше кемеңгер ұстаз Ы.Алтынсаринның ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта жаңарту кезеңінде кең мағынада насихаттау әрбір ғалымның, мұғалімнің борышы болуы қажет.[5,13бет]
Педагогтың тұлғалық құрылымының маңызды компанентіне кәсіби маңызды қасиеттер жатады. В.Д.Шадриковтың айтуынша кәсіби маңызды қасиеттер іс-әрекеттің тиімділігіне және оны меңгерудегі жетістігіне әсер ететін іс-әрекет субъекстісінің жеке қасиеттері. Кәсіби маңызды қасиеттерге қабілеттілік те жатады. Педагогикалық қызметтің тиімділігі педагог жеке тұлғасында кәсіби маңызды қасиеттердің қалыптасқандығына да байланысты.
Маңызды кәсіптік-педагогикалық қасиеттердің бірі логикалық ойлау болып табылады. Логикалық ойлау талдау, синтез, ұғымдарды жіктеу операцияларын орындауға, логикалық қарым-қатынастарды анықтауға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы ретінде ойлаудың логикалық жолдарының қалыптасқандығын бейнелейді. [6,28 бет]
Кәсіби мәдениетті белгілі бір мамандыққа қатысты адамдар тобының бір қасиеті ретінде бөліп алу, арнайы іс-әрекет түрінің жекешеленуіне алып келетін еңбек бөлісінің нәтижесі болып табылады.
Кәсіптік мәдениет - адамның кәсіптік мәселелерді шешудің әдістері мен тәсілдерін меңгеруінің белгілі бір деңгейі.
Ұзақ уақыт бойы педагогикалық мәдениет ұғымы педагогикалық әдебиеттерде үйреншікті сана сезім категориясында бейнеленіп, нақты ғылыми түсінікті қажет етпеді. Педагогикалық мәдениет ретінде жүріс-тұрыс нормаларының ережелері мен жиынтығы, педагогикалық тактінің, педагогикалық техника мен шеберліктің байқалуы, педагогикалық сауаттылық пен білімділік деп түсіндірілді. Философияда, әлеуметтануда, педагогика және психологияда мәдениеттану тәсілін белсенді жасай бастаумен бірге, педагогикалық мәдениеттің жекелеген жақтары мен бағыттарына арналған зерттеулер жүргізілді. [7,31 бет]
Әрбір адамды қалаған еңбек саласында қажет болатын білімдер, ептіліктер және дағдылармен қаруландырады. Кәсіптік оқу орындары жұмысшыларды дайындайды, ал орта және жоғары кәсіптік оқыту мекемелері халық шаруашылығының әртүрлі саласы үшін қажет болған орта және жоғары маманданған кәсіпкерлерді дайындайды.[8,20бет]
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуы неде?
Педагогтың психологиялық жағынан қалыптасуы және кәсіптік жағынан қарулануы.
Психологиялық жағынан қалыптасуы: кәсіптік бақылампаздығы, жүйке-жүйелерінің ерекше төзімділігі, ұстамдылығы, ұжымдағы қарым-қатынас стилі, өнерге, әдебиетке, қоғамға, ғылымға қызығушылығы, эмоциялығы, педагог оптимизмі, артистігі, денсаулығы, дене бітімі, сыртқы келбеті, жинақтылығы, ұқыптылығы, белсенділігі, кез-келген жаста жарқын жүзділігі, жағымды көңіл-күйі, шығармашылық қабілеті, жалпы мәдениеті болып келеді.
Кәсіптік жағынан қарулануы, кәсіби құзыреттілігі төмендегідей критерийлерді қамту қажет:
* пәндік біліктілік, өз кәсіби қызметінің мәселелерін шеше алуы;
* бақылау-талдау (өз пәнінің бақылау және талдау мәселелерін шеше алуы);
* ұйымдастырушылық (оқушының өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда кездесетін мәселелерді шеше алуы);
* қарым-қатынастық (мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы, мұғалім-ата-ана жүйелеріндегі қарым-қатынас мәселелерін шеше алуы);
* адаптациялық (өмірдің өзгермелі жағдайлары мен талаптарына сай бейімделу мәселелерін шеше алуы);
* мотивациялық-психологиялық (тұлғалық және тұлғааралық ішкі қайшылықтарды, тұлғаның психологиялық мәселелерін шеше алуы);
* диагностикалық (оқушылар мен сыныптың даму нәтижелерін зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу мәселелерін шеше алуы).
* Қазақстан Республикасының білім беру ісін дамытудың 2005-2015 жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек ету;
* Тіл туралы заңды жүзеге асыру;
* оқушыларды пәндік олимпиадаға, КҒА-ның және Дарын орталығының жоба байқауларына дайындау;
* 12 жылдық білім беруге көшу бойынша дайындық жұмыстарын жалғастыру;
* білім беру ұйымдарында интерактивті режимдегі іс-шараларды өткізуді, барлық деңгейдегі қашықтықтан оқыту технологиясын әзірлеуді және өндіруді кеңінен тәжірибеден өткізу;
* кәсібилікті, педагогикалық шеберлік пен шығармашылықты дамытуға бағытталған педагогикалық мамандардың үздіксіз білім алу жұмыстарын жалғастыру;
* мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамтамасыз ету және мектеп оқушыларының сабаққа қатысуына бақылауды күшейту. Мектепке жол акциясының жұмысын жалғастыру;
* білім беру ұйымдарының күшін бұзушылық, маскүнемдік, нашақорлық, басқа да жағымсыз іс-әрекеттердің алдын алуда жасөспірімдермен және балалармен жеке тәрбие жұмыстарын түбірімен жақсартуға бағыттау;
* оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, тәрбие берудің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты күшейту, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
* Қазақстандық патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелеу, ұлттық және азаматтық құндылықтарға тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру.[9]
2 Педагогикалық әдептің негіздері
2.1Қазіргі мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптар
Педагогикалық әдеп - этика ғылымының салыстырмалы дербес бөлімі. Ол медморальдың ерекшеліктері мен кәсіптік ортадағы өнегелік қатынастарды зерттейді. Педагогтық әдеп - мұғалімдер арасындағы пайда болған қарым-қатынастың ерекшеліктерін, мінез-құлқының, киінуінің, балалармен қарым-қатынасының және т.б. жиынтығын білдіреді. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең плдымен оның педагогикалық әдебіне жатады. Әнші немесе музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет.
Педагогтық әдеп - жастардың тәлімгері ретінде өзіне қойылатын әлеуметтік үмітті тепе-тең қабылдау негізінде құрылатын мұғалімнің мінез-құлқы. Бұл педагогтың шәкірттерімен, олардың ата-аналарымен және әріптестерімен дұрыс қарым-қатынасты қолдау іскерліктер мен өлшемдерді сезіне алу арқылы көрінеді.
Педагогтық әдеп оқуда, тәрбиеде де өте қажет. Оның ролі тәрбие жұмысында тіпті ерекше. Әдеп әлеміне алыстау кезінде мұғалімнің тәрбиесі нәтиже бермейді. Моральдық сенімді, ынта,ықылас жәнеталғамды күштеп қалыптастырмайды. Қалыптастыру үшін амал біреу; балалар мұғалімдерін шексіз сүйіп, құрмет тұтуы керек. Балалар көбіне ескерпе жасағыш, сол арқылы өздерінің артықшылықтарын көрсетуге, үстемдік жүргізуге тырысатын мұғалімдерді жүре тыңдайды. Сондықтан, педагогтық әдепті сақтамайынша, олармен тіл табысу мүмкін емес. Белгілі психолог М.Д.Левитов айтып көрсеткендей, педагог әдептен құр қол болса, балалардың әрекетіне залалы тиеді,олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп, қылықтардың пайда болуына әкеп соғады. М.Д.Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлеміне алыстығы , оқушыларды тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейді. Олар мұғалімге өшігіп, бәрін теріс ұстауға бейім тұратын көрінеді. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлылық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ салушылық, ұстамдылық, байсалдылық, сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады.
Жалпы әдеп және педагогтық әдеп бар. Кез келген тәрбиеші, мәдениетті адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді. Педагогтық әдеп - медициналық қызметкерлерінің дәрігерлік этикасы сияқты мұғалімнің кәсіптік белгісі, педагогтардың кейбіреулері педагогтық әдеп - мұғалімнің балаларды баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері - мұғалімнің жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі, ал үшіншілері - пәнді жетік білу және оның әдістемесін жақсы меңгеру деп есептейді. Бұл айтылғандардың барлығы да қай-қайсысында педагогтық әдептің азды-көпті белгілері бар. Педагогтық әдепті мұғалімнің жалпы мәдениеті тәртібі және жалпы әдістемелік сауаттылығымен қою қате. Педагогтық әдеп мұғалімнің барлық жақсы қасиеттерімен жымдасып жатады, бірақ өзіндік ерекшелігі болады. Педагогтық әдеп дегеннің өзі, шын мәнінде психологиялық әдеп, - деген болатын К.Д.Ушинский.
Педагогтық әдеп тек қана педагогтық мораль принцптерінің мәнін қарастырып қоймай, олардың категорияларының мәнін де қарастырады.
Категориялары:
1. Кәсіби педагогтық борыш.
2. Педагогтық әділеттілік (әділдік), абырой.
3. Педагогтық беделділік.
Педагогтық әдептің басты ерекшеліктерінің бірі - мұғалім жас буынға моральдық тәрбие беру процесінде қайталау арқылы емес, бүкіл оқу-тәрбие жұмысын адамгершілікке тәрбиелеу ісімен тығыз ұштастыра білуге байланысты болмақ. Бұл мұғалімнен принцпшілдік пен жауапкершілікті талап етеді.
Ұстаздық білімділігі жастардың моральдық қасиетін өзінен-өзі қалыптастыра алмайды. Адам білімді болуы мүмкін, бірақ оның мінез-құлқы, адамгершілік қасиеті кейбір жағдайларда оның біліміне қайшы келуі мүмкін. Өмірде кейбір білімді адамдар арасында мораль нормасы мен принцптері қайшы келетін, сөзі мен ісі арасында алшақтық бар адамдар да кездесіп отырады.
Педагогтық әдептің тағы бір ерекшелігі - мұғалім жас ұрпаққа белгілі бір салада жүйелі білім беру мен қатар, өздерінің іс-әрекеті, дүниеге көзқарасы, адамгершілік пен гуманистік қасиеттері арқылы оларды мораль нормаларына тәрбиелеуі тиіс. [10,142-143бет]
Мұғалімге қойылатын талаптар:
Адамзаттық, әлеуметтік белсенділік;
Адамгершілік мәдениет;
Жоғары деңгейдегі іскерлік;
Шығармашылық жаңашылдық әрекет;
Педагогикалық ұстанымдылық;
Психологиялық саулық;
Өзін-өзі дамыту қажеттілігі
Дамыған интеллект;
Оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасы;
Өзіндік позиция;
Педагогикалық тактісі;
Ғылыми және көркемдік көзқарасы;
Қабілеті мен педагогикалық шеберлігі.
[11]
Педагог пен тәрбиешінің педагогикалық мәдениеті
Кең дүниетаным,психологиялық-педагогика лық ой-өріс пен біліктілік
Оқу-тәрбие жұмысын оны жетілдіру жолдарын іздестіру мен бірлікте
Педагогикалық бағдарлар
Педагогикалық мәдениет
Дамыған сана сезімдік және ұйымдастырушылық сапалардың үйлесімі
Іс-әрекеттегі жоғары педагогикалық ұқыптылық пен шеберлік

[12, 38 бет]
Мұғалімнің ерекше кәсіптік және қоғамдық қызметі өз тәрбиеленушілерінің, ата-аналарының, бүкіл жұртшылықтың тарапынан мұғалімнің жеке басына, оның моральдық бейнесіне орасан зор талаптар жүктейді.Ең бірінші бірінші білікті мұғалімге қойылатын талап - педагогикалық қабілеттілік болуы.
Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық саласына да өте қажет, ал мұғалім үшін, ол - ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы, педагогикалық еңбекте шешуші орын алады. Мұғалімде педагогикалық қабілет пен бейімділіктің болуы - оның еңбегінің нәтижелі болуының кепілі. Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне бастайды да, педагогикалық институттағы оқумен әрі қарай дамып жетіледі.
Демек, идеалдық жағдайда педагогикалық қызмет пен мамандыққа бейімділік аңғартқан, дарынды, қабілетті адамдар айналысуы қажет. Педагогикалық қабілеттілікті (талант, мамандықты сүю, нышан) біз педагогикалық мамандықты ойдағыдай меңгерудің негізгі алғы шарты боп табылады, бірақ шешуші кәсіби сапа деп қарастыруға болмайды. Қаншама адам айқын нышанды аңғартып, мұғалімдік мамандыққа үміткер болғанымен, шын мәнінде педагог болып шыға алмайды керісінше, алғашында жеткіліксіз қабілеттілік аңғартқан ұстаздар кейіннен педагогикалық шеберліктің шыңына жеткені қанша ма? Сондықтан да педагогтің қажетті кәсіби сапаларына еңбексүйгішті, тәртіптілікті, жауапкершілікті, мақсат қоя білу іскерлігін, жетістікке жету жолын таңдай білу, ұйымдастырушылықты, табандылықты, өзінің кәсіби деңгейін арттыруды және т.б. жатқызуға болады.
Мұғалімге міндетті сапалардың бірі - гуманизм,яғни, даму үстіндегі адамға жер бетіндегі ең жоғарғы құндылық деп қарау. Ізгілік қарым-қатынас дегеніміз оқушының жеке басына ерекше құрметпен қарау, оны сыйлау, оған әруақытта көмекке келуді айтады.
Мұғалім - әруақытта да белсенді,шығармашылық жеке тұлға. Ол- оқушылардың күнделікті өмірін ұйымдастырушы.
Мұғалімнің бөлінбейтін кәсіби сапасы - әділдік.Өзінің кәсіби қызметіне байланысты педагог оқушылардың білімін, ептілігін, іс-әрекетін жүйелі түрде бағалап отыруы мүмкін, сондықтан да оның берген бағасы шәкірттердің даму деңгейіне сәйкес келуі қажет. Ол бойынша оқушылар тәрбиешінің әділдігін бағалайды. Педагогтың әділдігі оның адамгершілік беделін арттыра түседі.
Ұстаз әруақытта да талап қоя білу қажет. Ол оның жемісті жұмысының негізгі шарты болып табылады. Жоғары талапты мұғалім ең әуелі өзіне қоюы керек, демек, басқалардан өзінде жоқ қасиеттерді талап ете алмайсың. Педагогикалық талап қоя ойластырылған болуы керек. Тәрбиенің майталмандары даму үстінде жеке тұлғаның мүмкіншіліктерін ескере отырады.
Мұғалімді кәсіптік-педагогикалық даярлау проблемасын зерттеуге арналған еңбектерде (Ф.Н.Гоноболин, Т.А.Воробьева, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, Р.И.Хмелюк, Н.Д.Хмель, А.И.Щербаков және т.б.) кез-келген адамның мұғалім бола алмайтындығы дәлелденген болатын. Мұғалімдік мамандықтың соншама көптігіне қарамастан, оны меңгеру үшін қабілеттіліктер мен тұлғалық сапалардың ерекше қатаң құрылымы, белгілі әлеуметтік-психологиялық бейімділік қажет.
ХХІ ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар:
1.Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойлаушылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп, табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар-ожданын үнемі қорғай алады.
2. мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп, үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білу керек. Дүние жүзінде жаһандану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz