Стресс және дистресс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай Мемлекеттік Педогогикалық Институты
Психологиялық-педагогикалық факультеті
Психология кафедрасы

Алмат Ж.С

Стресс және дистресс

Курстық жұмыс

Ғылыми жетекші:аға оқытушы Молдахметова Г.М.

Қостанай,2015ж.
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Стресс және дистресстің теориялық негіздері 5
1.1 Стресстің анықтамасы 5
1.2 Стресстің белгілері мен түрлері 9
1.3 Стрессті тудыратын факторлар 14
2 Стресс және дистресстің ерекшеліктері 16
2.1 Стресс және психикалық басқа жағдайлар 16
2.2 Стресстің механизмдері. Дистресс және ауру 17
2.3 Стрестің организмге әсері 21
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Елдегі әлеуметтік – экономикалық өзгерістерімен
байланысты балаларды оқыту жөнінде өте маңызды мәселелер туындап жатыр.
Қазіргі кезде төменгі сыныпта оқитын балаларда оқу мәселесіне
байланысты әр түрлі эмоционалдық жағдайлар көрініс тауып отырады. Осындай
жағдайлардың бірі қобалжушылық болып табылады.
Балалардың жағымсыз эмоционалдық жағдайы, олардың бірі уайымшылдық
жағдайы болып табылады.
Уайымшылдық қаболжушылық сезімін тудырады, кейіннен ол баланың
психикалық дамуының орталық буыны болып қалыптасады. Осы даму жолында
баланың қажеттіліктері көрініс табады – оның талпынысы, тілектері, ниеттері
және де олардың өзара күрделі байланысы мен олардың қанағаттандыру
арақатынасы болып табылады. Сонымен қобалжушылық баланың қажеттілігі мен
талпынысына және де оқуының жемісті болуына да әсер етеді.Қобалжушылық
әрқашан да балалар педагогикалық психологиясының зерттеу пәні болып келген.

ХХ ғасырдың басынан шетелдік және отандық психологияда бірқатар теріс
эмоционалдық жағдайлар, ашу – ыза, агрессия, айыптылық сезімі,
қобалжушылық, психикалық ыңғайсыздық, стресс және дистресс секілді
жағдайларды зерттеу мәселелері актуальды болып табылады.
Қобалжушылық жағдайды зерттеушілер өте көп болды, олардың қатарында
З.Е.Фрейд және К.Корни, Г.С.Салливан, Э.Э.Фромм болды. Сонымен қатар
С.Кьеркегор, Л.Г.Сэразон, Х.Хекхаузен, И.Сарасан, К.Э.Изар, Е.Д.Спилбергер,
Э.Гельгорн және басқа да зерттеушілер зерттеді.
Қобалжушылық мәселесіне гумманистік бағыттың психологтары да бет
аударды – К.Роджерс, А.Маслоу және т.б. Қобалжушылық жаңаша түрде болса да
орыс нейрофизиологтарының еңбектерінде де қарастырылды, И.М.Сеченовтың,
И.П.Павловтың және В.М.Бехтеревтің еңбектерінде кездеседі.
Жалпы психологияда эмоционалдық жағдай мәселесі Б.Г.Анатьевтің,
Л.С.Выготскийдің, П.Я.Гальпериннің, В.К.Вилюнастың, А.Н.Леонтьевтің,
А.С.Рубинштейннің және басқалардың еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың
базалық теориялық негіздері қарастырылады.
Стресс – ортаның күші мен қасиеті әр түрлі түрткілеріне жауап ретінде
туатын организмнің бейарнамалы әсерлесінің жиынтығы. Бұл күйдің биологиялық
мәні-ортаның жаңаша жағдайларына икемдеуші іс-әрекетін көтеру.икемделу
әсерленістері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым организм қоршаған ортаның
төтенше жағдайларына төзімді келеді және тез бейімделеді.
Зерттеу обьектісі – стресс және дистресс.
Зерттеу пәні – стресс және дистресстің ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты – стресс және дистресстің ерекшеліктерін зерттей
отырып,оның ерекшеліктерімен танысу.
Зерттеу міндеттері:
1. Стресстің анықтамасын толық қарастыру.
2. Стресстің белгілері мен түрлерін зерттеу.
3. Стрессті тудыратын факторларын анықтау.
4. Стресстің механизмдері. Дистресс және ауруды көрсету.
5. Стрестің организмге әсерін ашу.
Жұмыс құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 2 негізгі бөлім,
қорытындыдан, әдебиеттір тізімінен және қосымшлардан тұрады.

1 Стресс және дистресстің теориялық негіздері

1.1 Стресстің анықтамасы

Стресс (ағылш. Stress - зорлану, күштену, қиналу) деп қоршаған
ортаның кез келген қолайсыз әсерлеріне организмнің арнайыланбаған бірбеткей
серпілістермен жауап қайтаруымен көрінетін, оның қорғану - бейімделу
мүмкіншіліктерінің жаңа деңгейде қалыптасуын айтады. Бұл қолайсыз
ықпалдарға физикалық әсерлер (ыстық немесе суық температуралар, иондағыш
сәулелер, электр соққы жарақат, ауыр қол жұмыстарын атқару т.с.с), химиялық
әсерлер (улы химиялық заттар, гипоксия ж.б.), биологиялық әсерлер
(жұқпалар, вирустар, микробтардың уыттары, жәндіктердің улары ж.б.),
психогендік (жан-дүниелік жарақаттар, күйзелістер, ауыр қайғы-қасіреттер,
көңіл-күйдің толқулары), әлеуметтік жағдайлардың (қазіргі адамдарға шамадан
тыс артық ақпараттардың әсерлері, уақыттың тапшылығы, жеке тұлғалардың
арасындағы шиеліністер, қоғамның заңдары мен жеке адамдардың
еркіндіктерінің шектелуі, қимыл қозғалыстарының азайтуы т.с.с.) әсерлері
жатады. Адам үшін жағымсыз сөздің стресс жағдайын дамытуда маңызы өте
үлкен. Бұл организмге қолайсыз әсерлерді стрессорлар деп атайды.
Стресс (ағылшын тілінен қатты күйзелу, абыржу) деген мағынаны
білдіреді. Ғылымға ең алғаш канадалық физиолог Ганс Селье болатын. Оның
анықтамасы бойынша: Стресс-өте жағымсыз әсерлге жауап ретінде туған
организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы [1].
Стресс 3 түрлі жағдайда байқалып отырады.Оның алғашқы көрінісін
мазасыздану дейді.Ағзаның күшті тітіргендіргіштері мен айқасқа түсуін куш
салу немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп
беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай
қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан
келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап
реттеп отыруы қажет.[2]
Стресс атауын медицинаға Канада ғалымы Ганс Селье алғаш XX ғ. 60-шы
жылдары енгізді. Бұл ғалымның байқауы бойынша әсер еткен қолайсыз
ықпалдардың (ол жарақатпа, жұқпама, химиялық уланума немесе ауыр қайғы-
қасіретпе) түріне қарамай оларға организм әрқашан бірбеткей жауап
қайтарады. Бұл кезде: айырша без бен лимфалық түйіндердің кері дамуы,
бүйрек үсті бездерінің гипертрофиясы, асқазан мен ұлтабардың шырышты
қабықтарында ойық жара дамуы, қандай нейтрофильдер көбейіп, эозинофильдер
мен лимфоциттердің азаюы, тіндерде зат алмасуларының өзгерістері байқалады.
Көрсетілген өзгерістер әсер еткен қолайсыз ықпалдың түріне қарамай эрдайым
бір түрде болатын болғандықтан, оларды организмнің арнайыланбаған,
серпілістеріне жатқызады. Стресс кезіндегі бейспецификалық серпілістердің
бір көрінісі болып, кез келген жағымсыз ықпалдардың әсерлерінен жасуша
қабықтарындағы май қышқылдарының асқын тотығуы, фосфолипаза, липаза,
протеаза ферменттерінің артық әсерленуі есептеледі.
Стресс дегеніміз не? Психологтар стресс тақырыбын ұзақ уақыт бойы
зерттеп, оның себебін түсінуге және одан шығу үшін адамдарға жол ашуға
тырысты. ХХғ. 30-50 жылдары канадалық ғалым Ганс Селье стресстің
биологиялық теориясын жасады. Оған мынадай ғылыми анықтама беріледі: Стресс
– аса кушті сыртқы әсерден жүйкенің жоғарғы деңгейде ширығуы.
Стресс – адамның ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты,
маңызды немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын көңіл-күй ахуалы. Ол
сондай-ақ денеге және ақыл-ойға тез және жауапты шешімді талап ететін көп
салмақ түскенде, дау-жанжал т.б кезінде туындайды. Стресс кезінде орын
алатын денедегі өзгерістер мен уайым диапазоны өте үлкен. Әлсіз стресс
немесе оның бастапқы көрінісі кезінде адам жинақылынады, оның психологиялық
процесстері жұмылып, деңгейі жоғарлайды. Ұзақ немесе қатты стресс ағза
жұмысын қамтамасыз ететін қызметтердің ұйымдасуын бұзады немесе олар азып-
тозып, қызмет етуден қалады.
Стресс кезінде адам ағзасында қандай құбылыстар болып жатады?Ағзадағы
барлық құбылыс мидың қозуынан болатыны белгілі.Кез-келген стрессте осылай
басталады.Ол алдымен мидың елегінен өтеді.Келесі кезекте оған эндокриндік
жүйе қосылып,бүйрек үсті бездері гормондар бөле бастайды.Осымен бір мезетте
вегатативті жүйке жүйе жұмысын бастайды,артериалды қан қысымы
көтеріледі,жүрек соғысы жиілейді,стрессті жағдайға бейімделуге,қарсы тұруға
көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды.[3]
Бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы.
Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз. Біз оны әруақытта сезінеміз –
сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім
болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стресстің өзі
шарасыздыққа алып келеді. Стресс адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей
тұрғанмен стресстің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек[4].
Стресс үш кезеңнен тұрады:
1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың
алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған
төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жуйесінің ықпалымен
бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп
кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы
жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу
қабілеті күшейеді;
3) әлсіреу – бейімделу қорының мүикіндігі азайып, таусылады, сондықтан
психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.
Стресстің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады. Бұны
төмендегі сызбада келтіруге болады.
Г.Селье адамның жеке ерекшелігіне, жоғары жүйке әрекетінің типтеріне
орай стресті бұлай жіктейді:

Үрейлену

Төзімділік

Әлсіреу

1- Стрестің алғашқы үрейлену сатысы;
2- Ашуға беріліп, жүйке жүйесінде жағымсыз тітіркендіргіш пайда болған
кезең;
А-Стрестің төзімділік сатысы;
В-Стрестің нашарлап жойылуы [5].
Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған
тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп,
жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің
жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген,
бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын
үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап
әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды
стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты
қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стресстің жағымды және
жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стрессті тудыратын әсерлерге қарай
физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық
стрессті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз
хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба
алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық
стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі
қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпінісі
қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі
бұзылады. Стресстің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті
безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда
глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс
көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және
самотомединдер де стресстің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп
болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің
стресске қарсы тұру төзімділігін арттырады.
Бұл биологиялық жағдайлардың барлығын жеңу үшін айналаны қоршаған
ортаның жаңа жағдайларына ағзаның бейімделу қабілетінің деңгейін
(резистенттігін) жоғары деңгейге жеткізу керек. Күйзелістік (стресстік)
әсер алдымен орталық нерв жүйесін мазалайды, сипатикалық нерв жүйесінің
мөлшерден тыс жұмыс істейтіндігін арттырады. Бұлардың неше түрлі үрдістерін
туғызатын гормондар бар. Олар адреналин мен норадреналин. Бұған ағзадағы
(мидағы) гипофиз қосылады да өте үлкен физиологиялық-биохимиялық
үрдістердің жүруіне әкеп соғады. Бүйрек бездерінің глюкокортикоидты
гормондарының бөлінуін арттырып ағзаға күйзеліс (стресс) тудырады. Жанды
әсер созылып кетсе, ағза әлсіреп кетеді. Адреналиннің концентрациясы
мөлшерден тыс көбейе түседі. Бұл ағзаны әбден әлсіретеді. Ұзақ уақытқа
стресс созылса ағзаға тіпті жаман өзгерістер әкеледі. Адамның көңіл-күйі
тым төмендеп кетіп денсаулық нашарлап ұйқы қашады. Бұл жақсы биологиялық
көрсеткіш емес. Егер күйзеліс жиі-жиі болып тұрса, онда ағзада бұрынғы
қалпына келмейтін физиологиялық-биохимиялық үрдістер жүріп, дәрменсіздік
пайда болады. Психикалық дерттер ағзада орын ала бастайды.
1950 – 1970 жылдары өсімдіктер физиологиясын да стресс, жануар
физиологиясында психиологиялық стресс деген биологиялық терминдер пайда
бола бастады. Өмірге, тұрмыс игілігіне, стресс әлеуметтік қоғамдағы орнына,
адамгершілігіне, өзіне деген биологиялық ерекшелігіне күмәндік сезім
тудыратын оқиғалар пеихологиялық стресстің себепкері болып саналады.
Адамзат баласы өзін-өзі тәрбиелеудің, танымдық сезімін күшейтудің
нәтижесінде танымдық қызығушылығы артып, ауыр стресс тудыратын факторларды
болдырмай, ал ол бола қалған жағдайларда олардан тез арада шығып кетіп
отырады [6].

1.2 Стресстің белгілері мен түрлері

Стресске әлеуметтік жағдайға және қызмет түріне байланыссыз барлық
адамдар ұшырайды. Бірақ бір жағдайларда адамдар қатер тобына көбірек
жатқызылады, ал басқалар азырақ. Америкалық мамандардың зерттеулеріне
сәйкес стресске әлеуметтік орта қызметкерлері және зиян, әрі қауіпті
өндірісте жұмыс істейтін адамдар ұшырайды. Бұл мұғалімдер, дәрігерлер,
әскерлер, ақпарат орталығының операторлары, полиция және басқа да мамандар.
Сондықтан жұмысқа алар алдында жұмысберушілер стресске тұрақтылық тестін
өткізеді. Бірақ олар шынында нәтижелі ме? Барлығына шектеу бар ғой! Бүгін
бай, жетістікті және белсенді болу сән. Бірақ мұндай критерийлерге сәйкес
болу үшін адам көп жұмыс істеу қажет. Осыдан бастап, адам түскі астағы
үзілісті өткізеді, кешке бөгеледі, елді-мекендерді және сағаттық
белдеулерді ауыстырып, жиі іссапарға ұшады. Сонымен бірге оның тоқтап және
демалуға уақыты жоқ. Стресс ақырындап өзі туралы білдіре бастайды, адамға
үзіліске уақыт келегенін байқатады.
Оның бірінші белгілері:
• алаңғасарлық;
• жоғарғы қозғыштық;
• жиі шаршау;
• әзiлшiлдiк сезiмiнiң жоғалтуы;
• кенеттен тартылатын темекі санының өсуімен бірге, алкогольдік
сусындарға құмарлықтың пайда болуы;
• ұйқының және тәбеттің жоғалуы;
• естің нашарлауы;
• кейде баста, арқада, асқазанда психосоматикалық деп аталатын
аурулар болуы мүмкін;
• қуаныш негізінің толық жоғалуы[7].
Эмоциялық стрестің жалпы даму заңдылықтары физикалық, химиялық
ауыртпалықтармен ұқсас болып келеді. Шамалы жан-дүниелік ауыртпалықтар
адамның кейбір жағдайларға адаптациясын (икемделуін, бейімделуін)
туындатса, (мысалы, олардың әсерінен жаңа пәндерді игеруі арқылы
оқушылардың еске сақтау қабілеті артады, әртістер жан-тәнімен өздері
сомдаған кейіпкерлері бейнесін көрермендерге жеткізеді, кәсіпкерлер нарыққа
бейімделеді, т.с.с), шектен тыс ауыртпалықтар көптеген дерттердің дамуына
себепкер болады. сондықтан да қазіргі уақытта тым ауырлап бара жатқан жан-
дүниелік ауыртпалықтардың ауру туындататын ықпалы адаптациялық
бейімділіктен басым болып отыр.
Адам денсаулығы туралы ерекше зерттеулер жүргізген Өтейбойдақ бабамыз
атпалы ұшық жүрек пен мидың сырқаттарын туындатады деп түсінген. Бірақ,
ол кезде дерттердің аңғарымдық мүмкіншіліктері қазіргіден төмен
болғандықтан, жан-дүниелік ауыртпалықтардан дамитын дерттердің көріністерін
тек соңғы сатыларында, адамның ақыл-есінен айырылғанда ғана байқағанын
зерттеушінің мына сөйлемінен түсінеміз: Серейлік ықпалдар ұшықтық тек
адамзатты сезгір ой, сезімтал көңіл, теңіздей толғамдық естік жалғамның
тоғалылығының бұзылуына ғана көз көргелік бермек. Бұл сөйлемнен біз жан
дүниелік ауыртпалықтарға әр адам әр түрлі жауап қайтаратынын түсінеміз. Ол
ойы олқы, көңілі жарым, көңіл-күйі қатты толқып тұратын адамдарда ақыл-
есінің бұзылуына дейін әкелетін дерттер болуы ықтимал дейді. Бұл туралы
қазіргі ғылым не дейді?
Эмоциялық ауыртпалықтың әсері адам организмінің дене бітімі мен мінез-
құлқының ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ерекшеліктеріне қарай адам
организмінің бірнеше конституциялық түрлерін ажыратады. Солардың ішінде
бүгінгі күні адамның орталық жүйке жүйесінде (миында) өтетін физиологиялық
қозу мен тежелу процестерінің күшіне, олардың өзара бірімен-бірі теңгерілу
және ауысу жылдамдығына қарай И.П. Павловтың жіктеуі кең тараған. Осы
жіктеу бойынша жоғары жүйке жүйесі әрекеттерінің түрлері:
1-түрі күшті, ұстамды, жігерлі түрімен көрінетін адамдардың еті тірі,
қиындықтарға төзімді, өмір қиыншылықтарын икемділікпен шеше білетін болады.
Мұндай адамдарды Гиппократтың жіктеуі бойынша сангвиниктер деп атайды.
2 түрі күшті, ұстамды, салмақты түрімен сипатталатын адамдардың мінез-
құлқы сабырлы, тым салмақты, байсалды, мінезі ауыр болады. Бұндай адамдар
ойына келген істі бітірмей, басқа іске кіріспейді. Олардың миында қозу мен
тежелу үрдістерінің орын ауыстыруы баяу болады. бұл адамдарды Гиппократ
флегматиктер деп атаған.
3-түрі күшті, ұстамсыз адамдар көп жағдайда алды-артын байқамайтын,
тіпті шамасын білмей, артық кетіп қалатын, ашушаң, күйгелек болады. бұл түр
Гиппократта хоелриктер делінеді.
4-түрі әлсіз, қиындықтарға төзімсіз, жұрттың айтқанына көнгіш, енжар,
уайымшыл адамдар. Мұндай адамдар Гиппократтың жіктеуі бойынша
меланхоликтерге жатады. Осыған байланысты эмоциялық ауыртпашылықтарға
жоғарылығы 1 және 2-түрлеріндегі адамдар жеңіл түрде икемделсе, 3 және 4-
түрлеріндегі адамдар оларға дұрыс икемделе алмайтындықтан артынан дене
мүшелерінің көптеген ауруларына ұшырайды[8].
Ақпараттық стресс субьект тапсырманы орындай алмайтын, талап етілетін
қарқында дұрыс шешім қабылдауға үлгермейтін кезде пайда болады.
Ойсоққыға ұшыраған кезде мидың кейбір бөліктерінде белсенділігі
көтерілген нерв жасушаларының тобы пайда болады. ол мида ұдайы қозу ошағын
туындатады. Бұл қозу ошағы бастапқы кезеңдерде шектеліп, сыртынан тежелу
үрдістерімен қоршалады. Артынан қозу үрдісі өз бетінше, ешқандай сырттан
әсер болмай-ақ күшейе түсіп, айналасындағы ми орталықтарына тарайды. Осылай
белсенділігі көтерілген нерв жасушалары дерттік қозу ошағын туындатып,
мидың басқа құрылымдарын жұмылдырып, оларды бір функциялық дерттік жүйеге
біріктіреді. Ішкі ағзалар мен дене мүшелерін нервтік реттеу бұзылады. Ары
қарай ешбір сыртқы әсерсіз-ақ организмде дерттік үрдістер туындап немесе
ойда бар дерттері өрши түседі. Жан мидың қызметі болғандықтан, жан
жараларынан дамитын дене мүшелерінің аурулары психосоматикалық аурулар деп
аталады. Оларға жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, асқазан мен
ұлтабардың ойық жарасы, тері, нерв, буын аурулары, жандүниелік дерттер,
т.б. жатады. Кейде алдында тұрған мәселелерді шеше алмай, тығырыққа
тірелуден кейбір адамдар өздеріне-өздері қол жұмсайды. Соңғы кездері
психосоматикалық аурулардың жиілеп бара жатқаны байқалады. Ресей
ғалымдарының зерттеуінше, 1941-1945 жылдары екінші әлем соғысында қоршауда
қалған Ленинград қаласы тұрғындарының арасында ауыр эмоциялық стрестен
аурушаңдық кең етек алғандығы көпшілікке мәлім. Ал соңғы қайта құру
жылдарында халық арасында аурушаңдық одан да көбейгені анықталып отыр. Оның
себебі неде? Бұл сұраққа ғалымдар қазіргі адамдардың нарық заңдылықтары
алдында дәрменсіздігінен, бейшаралығынан, амалсыздығынан, болашаққа сенімі
жоғалуынан, ауыр мәселелерді шеше алмай, тығырыққа тірелуден деп жауап
қайтарады.
Осы көзқараспен әбден келісуге болады. шынында, соғыс кезіндегі оның
жеңіспен аяқталатынына адамдарда үміт болды, олар ертеңгі күнге белгілі бір
сеніммен қарады. Қазіргі заманда адамдарды үмітсіздік билеп алған.
Сонымен, жағымсыз ойсоққының әсері: 1. Адамның жоғары жүйке жүйесі
әрекеттерінің түрлерінен, 2. өмірден алған тәжірибелерінен, 3. организмнің
стресті шектейтін жүйесінің туа біткен жағдайларына байланысты бүліністерге
тұрақтылығынан немесе бейімділігінен және 4. ауыртпалық туындатқан ықпалдың
күші мен қарқынына байланысты болады. Осы себепті өмірлік тәжірибесі аз
жастар жандүниелік ауыртпалықтарға төзімсіз келеді.
Қазіргі өмірде стрестен қашып құтылу мүмкін емес. Ауа-райының күрт
ауысуы, жұмыстағы проблемалар, көліктегі ұрыс-керіс, кездесуге кешігу,
отбасындағы келеңсіздіктер...Кей адамдар мұндай стрестерге бейімделген,
қандай проблеманы болмасын шыбын шаққан құрлы көрмейді. Екінші біреулер
салы суға кетіп, ауруына ауру жамап жатады. Демек, бұл тек көңіл-күйге әсер
ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер
ете алатын медициналық проблема.
Ағзадағы барлық құбылыс мидың қозуынан басталатыны белгілі. Кез-келген
стресс те осылай басталады. Ол алдымен мидың елегінен өтеді. Келесі кезекте
оған эндокриндік жүйе қосылып, бүйрек үсті бездері гормондар бөле бастайды.
Осымен бір мезетте вегетативті нерв жүйесі жұмысын бастайды, артериалды қан
қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, стрестегі жағдайға бейімделуге,
қарсы тұруға көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды. Қатты
стресс дені сау адам үшін зиянсыз түрде тез өтеді. Ал денсаулығы нашар
адамдар үшін оның психофизиологиялық әсері қатты сезіледі: көңіл-күй
бұзылады, ұйқы нашарлайды, эмоционалды қозу байқалады, жүрек қағысы және
дем алу нашарлайды. Әйтсе де, бірақ уақыттан кейін бәрі де қалпына келеді
[9].
Ал хроникалық, яғни созылмалы стресс — ұзаққа созылған келеңсіз
жағдайлар, күн сайын еңсені езетін нәрселер — адам денсаулығы үшін өте
зиянды. Өйткені, бұл жағдайда, ең алдымен, артериалды гипертония,
бронхиалды астма, жүректің коронарлы аурулары, қант диабеті сияқты
психосоматикалық аурулар пайда болады.Стресс бізге алдымен ағзаның
спецификалық емесм қорғаныс құралы ретінде белгілі болады. Бірақ ол ұзақ
мерзімге созылған жағдайда ағзаның қорғаныс күштері әлсірей бастайды.
Стресс түрлі жағдайда болады. кейде жағымды жайлардың өзі адамға қосымша
стресс әкелуі мүмкін. Мысалы, екі адам кездесіп, ғашық болып, үйленсін
делік. Адам өміріндегі осындай оқиғалардың өзі — екі адамның бас қосуы, бір-
біріне үйренуі, жаңа жағдайға бейімделуі де стрессорлық фактор болып
табылады.

Стрестің физиологиялық тетігі – гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті безі
жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделеді. Бұл кезде қанда
глюкокортикоидтар, катехоламиндер, серотониннің мөлшері көбейеді.
Тосыннан тосын жағымсыз хабар естігенде мәліметтік немесе информациялық
стресс пайда болады. Адам не істерін білмей, абыржып қалады.
Ал, эмоциялық стресс – қауіп туғанда не оқыс қорыққанда, не көңілі
қалғанда байқалады. Жүйке жүйесінде тежелу байқалады.

Қазіргі кездегі ғалымдар стрестің келесі түрлерін ажыратады:
• Эустресс : жағымды стресс. Ол қалаулы әсерімен үйлеседі және
ағзаны жинақтайды. Эустресс жағдайында танымдық процестердің
белсенділігі және сана сезім процестері шынайы өмірде ұғысуы,
есте сақтау қабілеті артады.
• Дистресс: Жағымсыз стресс. Әр адам стресстің оптимальды деңгейін
ұстауға қабілетті, Бірақ стрестік әсерлер адамның бейімделушілік
мүмкіншілігінен аспауы керек. Олай болмаған жағдайда стресс –
дистреске айналуы мүмкін. Ол шаршау, жұмысқа ынтаның төмендеуі,
қобалжу, үрейлену деген сияқты өзгерістермен сипатталады. Осы
сияқты стреске төзімсіздік азуға әкеп соғады. Ал, азу жүйке
ауруына шалдықтырады, кейде психоздық ауруға, үнемі шаршап тұру
синдромына, немесе психосоматикалық ауытқуларға жетелейді [10].

1.3 Стрессті тудыратын факторлар

Шамадан артық стрессті дистресс деп атайды. Ол адам басында қайғы,
бақытсыздық, ауру-сырқау, мұқтаждық, жарақат болған кезде орын алады.
Стрессті тудыратын факторларды стессорлар деп атайды. Оның негізгі
себептері: температураның, атмосфера, қысымы мен ылғалдылықтың ауытқуы;
сізге жақын жерде бос жүрген аң; тым жарқыраған шам, у-шу, ыстық, жабық
кеңістік; ішкі улармен, ағза гармондарымен, дәрілермен белсендірілген
паразиттер немесе вирустар; мақсат пен идеал арасындағы нәтижеге деген
қажеттілік пен тиісті мерзім ішінде оған қол жеткізу арасындағы тартыс;
басшылықпен, жақын адаммен, өз-қзіңмен тартыс; салауатты өмір сүрмеу,
ауырсыну және ішкі жайсыздық; ағзада стимуляторлар мен депрессанттардың
жоғарғы деңгейде болуы; омыртұалардың орнынан жылжып кетуі және т.б.
Сондай-ақ Ганс Селье стресс аффектілерінің үлгісін жасаған. Үлгі үш
сатыдан тұрады. Бірінші – қобалжу және мобилизация сатысы, бұл адамдар
стрессордың қатысып отырғанын байқағанкезде болады: мысалы, сіз
университеттің бірінші сынағында өзіңізді қызық сезініп сұраққа қорқа
отырып жауап бересіз. Әрі өз күшіңізді жинақтай бастайсыз және қалған оқу
жылында жақсы оқу керек деп өзіңізге уәде бересіз. Келесі саты – қарсыласу.
Стрессормен дербес күресуге дайындаласыз. Қарсыласу кезінде адамдар түрлі
жағдайларды қолданады. Стрессорды жеңу кейде сәтті болады, бәрақ ол
физикалық және психологиялық жалпы күйге тәуеді. Мысалы, сіздің
қарсыласуыңыз оқуға ұзақ уақытты арнау формасында болуы мүмкін. Сондықтан
да сіздің үлнеріміңіз жоғарлайды. Бұл мазасыздану мен ұйқысыз күндердің
есебінен іске асуы ықтимал.
Егер қарсыласу адекватты болмаса, модельдің соңғы сатысы қажуға жетеді.
Қажу сатысы кезінде адамның қабілеті стрессордың төмедеуіне бейімделеді.
Бұл жағдайда стресстің жағымсыз салдарынан физикалық ауру, жиі ашулану
немесе маңызды жағдайды шындықпен байланыстыжоғалтпау және дезориентация
белең алады.
Тұмыс қалпы адамдардың денсаулығына орасан зор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стресс дегеніміз не?
Әдістер топтамасы
Эмоциялар мен ерік психологиясы
Стресстің түрлері
Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері туралы
Сезім мен эмоция туралы
Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері жайлы
Ағза және қоршаған орта
Стресске бейімделу кезеңдері
Тұлғалық факторлар
Пәндер