Бейімделу алдындағы кезең


Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Психология және педагогика факультеті
Психология және дефектология кафедрасы
Көбекова Ақбота Қонысбайқызы
Бірінші курс студенттерінің колледжге әлеуметтік-психологиялық бейімделуі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010300-«Педагогика және психология»
Қостанай 2019
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Бірінші курс студенттерінің бейімделу мәселесі қазіргі зерттеу саласында негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда бірінші курс студенттерінің іс-әрекеті мен функционалды күйіне деструктивті әсер ететін айрықша факторлар туралы деректер жетіп артылуда, осының салдарынан жаңа іс-әрекет түрлерінің мүмкіндіктері мен талаптары арасында қарама-қайшылықтар туындауда.
Зерттеу жұмысымыздың аясында біз студенттердің бейімделу мәселесін әлеуметтендірудің міндетті кезеңі және әлеуметтік, тұлғалық мінез қасиеттерін оқу мекемесінің жаңа жағдайларына сәйкес қалыптастыру ретінде түсінеміз. Алғашқы оқу кезеңдеріндегі міндеттердің шешілу табыстылығы бейімделу үрдісіне байланысты болып келеді. Жүргізілген зерттеу деректері бойынша бірінші курс студенттерінің 89%-ы оқу жылын негативті стресс күйінде бастайды екен. Осыған орай, И. Н. Симаева студенттердің бейімделуінің келесі мерзімдерін бөледі: оқу үрдісіне физиологиялық бейімделу (шамамен 2 аптаға созылады), психологиялық бейімделу (2 айға дейін созылады), әлеуметтік-психологиялық (3 жылға дейін созылады) . Жыл ортасына (бірінші семестр соңына) қарай студенттердің басым көпшілігі айтарлықтай жақсы деңгейге көтеріледі, оның аясында оқуда, қарым-қатынаста, ішкі психикалық немесе физикалық хал-жайда (бейімделуде) айқын көрінетін қиындықтарды сезінетін студенттер тобы бөлінеді. Алайда бейімделу кезеңінде психологиялық көмек оқу мекемесінің нормаларына сай оқуда немесе қарым-қатынасқа түсуде қиындықтарды сезінетін студенттерге ғана емес, сондай-ақ жақсы оқитын немесе психологиялық күш жұмсау арқылы қинала қарым-қатынасқа түсетін (өзіне жоғары талап қою, өзін төмен бағалау т. б. ) студенттерге де көрсетілуі керек.
Сонымен қатар бірінші сессия кезеңі бірінші курс студенттері үшін жаңа, үстеме дезадаптациялық фактор болып табылады, бұл да психикалық, эмоционалды, физикалық ресурстар жұмсауды қажет ететін қиын кезең [1] .
Бірінші курс студенттерінің колледж өміріне табысты бейімделуі тұлға ретіндегі және болашақ маман ретіндегі әрбір студенттің даму кепілі. Болашақ маманның кәсіби іс-әрекеті оның бейімділік деңгейіне байланысты.
Бірінші курс студенттерінің колледжде оқуға бейімделу мәселесі аса өзекті, себебі колледжде оқу барысында проффесионализм негіздері бекітіліп, өзгермелі жағдайда үздіксіз өзіндік білім алуға қажеттілік пен дайындық қалыптасады.
Студенттердің колледжге оқуға бейімделуінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жасөспірімдердің колледжде оқу жүйесіне енуі, олардың студент деген жаңа әлеуметтік статус алуы олардан осы жаңа статусқа лайық болуға мүмкіндік беретін мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін қалыптастыруды талап етеді. Бейімделудің мұндай үрдісі айтарлықтай ұзақ уақыт өтеді, адамда психологиялық және физиологиялық деңгейде қысымды, күштенуді тудыруы мүмкін, осының салдарынан студентте белсенділік төмендеп, мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін қалыптастыруда қиналып қана қоймай, өзінің үйренген іс-әрекет түрлерін де орындай алмайды.
Колледжге түсу - жасөспірім өміріндегі жауапты кезеңдердің бірі. Ол адамның өмір салтын өзгертеді. Колледждің жаңа әлеуметтік-психологиялық жағдайларына бейімделу үрдісі мыналардан басталады: студенттер жаңа әлеуметтік рөл қабылдауға, факультет талаптарын орындауға, жаңа ұжымға үйренуге және мамандықты игеруге икемделеді. Кәсіби қалыптасудың маңызды кезеңінде болашақ кәсіби қызметке қызығушылықтың дамуы, болашақ мамандық туралы түсініктердің және кәсіби қажетті қасиеттердің қалыптасуы жүреді. Студенттердің аталған іс-әрекеті әлеуметтік-психологиялық бейімделудің табыстылығына байланысты.
Бейімделу - жаңа жағдайға үйренісу, яғни адамның іс-әрекеттің жаңа түрін, жаңа рөлді меңгеруі, әлеуметтік ортасының өзгеруі. Студенттің оқуға бейімделуі - үйренген әрекет-қылықтардан бас тартып, әртүрлі бейімделу мәселелері мен кәсіби қиындықтарды жеңу қажеттігімен байланысты [1; 2; 3] .
Әдетте жаңа орында оқу, жалпы білім беру мектебінен орта кәсіби білім беру мекемесіне ауысу - өмірде айтарлықтай өткір өзгерістер әкеледі, мектеп пен колледжде оқу мазмұны, формасы, жүктемесі жағынан ерекшеленеді әрі белгілі бір нәтижелерді талап етеді. Әсіресе, студенттің оқуға ынта-жігері болмаса, уақытын үнемді әрі пайдалы қолдана алмаса тіптен қиындай түседі. Сонымен қатар, табысқа жету мотивациясы төмен студент үшін оқу қиынға түседі, студенттің ата-анасынан алыстап, жатақханада тұруы да үлкен ықпал етеді.
Оқудың алғашқы кезеңдерінде бейімделу сапасын анықтайтын психологиялық себептер ішінде өзіндік бағалауды (бұл көрсеткіш оқуға, оқытушыларға және курстастарға қатынаспен айтарлықтай байланысты) атауға болады. Сонымен қатар, жаңа жағдай, жаңа тәртіп, жаңа қатынастар, жаңа әлеуметтік рөл, ата-аналармен қарым-қатынастың жаңа деңгейі, өзіне өзгеше қатынас т. б. Бірінші курс студенттерінің үйренген әдеттегі өмір салтының өзгеруі бірден бейімделуі үрдісіне енгізеді [2; 3] .
Колледжге бейімделу үрдісінің ерекшелігі - оқыту әдістерінің өзгешеліктерімен де анықталады, атап айтқанда дидактикалық кедергілер де орын алуы мүмкін, бірінші курс студенттеріне колледжде оқу бағдарламасын табысты меңгеруге қажет ептіліктер мен дағдылар да жетіспей жатады. Жаңа жағдайға бейімделу - көп күш жұмсауды талап етеді, осының әсерінен мектеп және колледжде оқу іс-әрекеті мен нәтижелерінде айтарлықтай маңызды ерекшеліктер туындайды.
Бейімделу кезеңі мен оның ерекшеліктері келешекте бірінші курс студенттерінің моральды-психологиялық сезімдерін, олардың тәртіптілігін, жауапкершілігін, оқуға деген қатынасын, белсенді өмірлік ұстанымын анықтайды [4; 5] .
Студенттің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі - бұл жас буынның колледждегі топ ішіндегі қатынастар жүйесіне енуі және бейімделуі, топтың құндылықтар мен нормалар жүйесін бейнелейтін ойлау және мінез-құлық үлгілерін бойда қалыптастыру, топтағы тұлғааралық қарым-қатынас ептіліктері мен дағдыларын меңгеру, бекіту және дамыту.
Бірінші курс студенттерінің колледжге әлеуметтік-психологиялық бейімделу дәрежесі бірқатар факторларды анықтайды, олар: адамның жеке-психологиялық ерекшеліктері, оның тұлғалық, іскерлік және мінез-құлықтық ерекшеліктері, құндылық бағдары, белсенділігі, денсаулық күйі, әлеуметтік ортасы, отбасы статусы т. б.
Студенттердің бейімделуі - әлеуметтік психологиялық бейімделудің негізгі элементтерінен тұратын көп деңгейлі үрдістен тұрады және студенттердің интеллектуалды және тұлғалық мүмкіндіктерінің дамуына мүмкіндік береді [6; 7] .
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселесі студенттердің жеке басының дамуының маңызды факторы ретінде отандық(С. М. Жақыпов., М. Шайхова., А. Жайтапова және т. б. ) және шетелдік ғалымдардың (Адлер А., Эриксон Э., Олпорт Г., Роттер Д., Роджерс К., Дж. Дьюи., Б. Г. Ананьев., А. А. Бодалев., И. А. Зимняя., Т. Шибутани., С. А. Шапкин., А. А. Реан., Т. В. Барлас., Андреева Д. А., Лагерева В. В. т. б. ) еңбектерінде зерттелгенімен, колледж жағдайына бейімделу мәселесі жеткілікті дәрежеде терең қарастырылмаған. Шибутани пікірінше, бейімделу - бейімделуші реакциялар жиынтығы, оның негізінде ортаны игеру белсенділігі және табысты іс-әрекет үшін қажетті шарттарды өзгерту, жасау жатыр. С. А. Шапкин және Л. Г. Дикая бейімделу үдерісін стрессогенді жағдаятта өзін-өзі ұстай білу, басқару стратегияларын қалыптастыру деп санайды [8; 9] .
Андреева Д. А., Лагерева В. В. пікірінше, студенттің жаңа орынға бейімделу үрдісі бірнеше психологиялық бейімделу түрлерінен тұрады: ұйымдастырушы -оқу мекемесін және ондағы ұйымдастырушы ортаны, талаптар мен нормаларды зерттеу, оларды іштей қабылдау және оған сәйкес өзінің ұйымдасушы мінез-құлқын құру; Іс-әрекеттік - студенттің жауапкершілігін, құқықтары мен әрекеттерін, оқу іс-әрекеті сапасына міндеттемелерін, талаптарын анықтау; Кәсіби - мамандықтың сипатын, жалпы жүйедегі орнын түсіну, мамандықты игеруге тырысу - мотивацияның пайда болуы; Әлеуметтік-психологиялық - студенттің өз тобына үйренісе бастауы, олармен іскерлік және жеке қатынастар орнату, өзінің жеке басын таныту, осылайша топта өзін-өзі таныту. Аталған бейімделу түрінің маңызды аспектісі - оқытушылармен, әкімшілікпен байланысқа түсу; Тұрмыстық өмірдегі жұмыс тәртібіне, жоғары психологиялық және ақыл-ой жүктемелеріне, тамақтану, демалу, сондай-ақ баспана мәселелерін шешіп үйрену [10; 11; 12] .
Студенттер әлеуметтік-психологиялық бейімделу үрдісінде көптеген қиындықтарды басынан өткереді. Олар мыналар болуы мүмкін: мектеп ұжымынан кетумен байланысты қобалжулар; таңдалған мамандыққа мотивациялық дайындықтың жеткіліксіздігі; өзін психологиялық басқарып, реттей алмау (өзіндік жұмыстарды орындау дағдысының болмауы; конспект жаза алмау; түпнегіздермен, ғылыми әдебиеттермен, сөздіктермен, каталогтармен жұмыс жасай білмеу) ; жаңа жағдайда ұтымды еңбек тәртібі мен демалысты аңсау; өзінің курстастары мен оқытушылар алдында сөйлеуден қорқу; басқа қаладан, ауыл-аймақтардан келген студенттердің әлеуметтік-экономикалық мәселелері: өзін баспанамен және қаржымен қамтамасыз ету, жаңа қаланы білмеу, туыс-туғандары мен жақындарының эмоционалды қолдауының болмауы. Осындай жағдайда студенттерге салауатты өмірлік стильді қалыптастыруға мүмкіндік жасайтын ресурстарды ұғынуына және осы ресурстарды дамытуға көмектесіп, олардың негізінде салауатты мінез-құлық стратегиялары мен дағдыларын қалыптастыру қажет.
Аталған мәселелердің нәтижелі шешімін табу - студенттермен өзара қатынастардың келесі түрлерін енгізумен байланысты деп санаймыз: білім беру - оқу іс-әрекетіне бейімделу; психологиялық - оқуға мотивацияны, өзіне сенімділікті дамыту; тұлғааралық - тиімді тұлғааралық өзара әрекеттесу үрдісін қамтамасыз ету. Осыған байланысты, бірінші курс студенттерінің анағұрлым табысты әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне мүмкіндік жасайтын бірқатар іс-шараларды ұсынуға болады. Олар: бірінші курс студенттерінің колледждегі оқу жүйесіне бейімделу дәрежесіне диагностика жүргізу; студенттік топтардың қалыптасу кезеңінде ұйымшылдық пен сенім сезімін қалыптастырып, дамыту мақсатында психологиялық тренингтік сабақтар жүргізу, бейімделу үрдісіндегі негізгі қиындықтарды анықтау.
Бірінші курс студенттерін бейімдеу бойынша психотүзету ықпалы бар іс-шараларды жүзеге асыру - бейімделу ортасын жасауға, студенттердің оқу іс-әрекетін оңтайландыруға, студент тұлғасын дамытуға, оның интеллектуалды және тұлғалық әлеуетін ашуға, оның психикалық денсаулығын қолдауға, топ жетекшілеріне көмектесуге және барлық бірінші курс студенттерін әлеуметтік-психологиялық бейімделу үрдісіне енгізуге, эмоционалды дағдарыстарды жеңу ептіліктерін қалыптастыруға, жасалған кәсіби таңдау дұрыстығын ұғынуға және студенттердің «тәуекел тобы» санын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дезадаптация симптомдарының азаюына, психологиялық денсаулықта болуы мүмкін бұзылыстардың дер кезінде алдын алуға, кәсіби оқуға психологиялық дайындықты дамытуға көмектеседі.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделудегі негізгі үрдіс - бұл студенттің жеке басын, оның қызығушылықтарын, сондай-ақ жаңа әлеуметтік ортаға бейімделу ептілігі мен қалауын колледждегі оқу жағдайларына қарай психологиялық қайта құру, студенттерді қазіргі өмірдің жағдайына енгізу. Сондықтан, студенттерде бейімделу қиындықтарын анықтап, оларды жеңу жолдарын іздестіру - студенттердің бейімделу белсендігін, олардың үлгерімі мен білім сапасын жақсартуға да игі ықпалын тигізері сөзсіз [12; 13] .
Бейімделу кезеңі барлық оқу кезеңінде жүреді. Алайда, аса маңызды, өзіндік іргетасын қалайтын кезең бірінші курста оқу болып табылады. Сондықтан, студенттердің колледжге ойдағыдай, табысты бейімделуі үшін оңтайлы жағдай жасау қажет. Осыған орай, зерттеу жұмысымыздың мақсаты - бірінші курс студенттерінің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі ерекшеліктерін анықтау және олардың колледж - қолайлы мүмкіндік жасау.
Зерттеу объектісі : әлеуметтік-психологиялық бейімделу.
Зерттеу пәні : бірінші курс студенттерінің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі болып табылады.
Зерттеу жұмысымыздың болжамы : арнайы құрастырылған психотүзету бағдарламасын бірінші курс студенттерінің колледжге бейімделу үрдісінде байқалатын мазасыздық, қорқыныш, қобалжу, қарым-қатынас қиындықтарын жеңу құралы ретінде қолдануәлеуметтік-психологиялық бейімделу мүмкіндіктерін жоғарылатады.
Зерттеу объектісі, пәні және мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталды:
- Әлеуметтік-психологиялық бейімделу үрдісі бойынша отандық және шетелдік психологтар еңбектерін талдау.
- Колледжде оқу жүйесінде студенттердің әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелерін қарастыру.
- Бірінші курс студенттерінің колледжге бейімделу ерекшеліктерін анықтау мақсатында психодиагностикалық әдістемелерді таңдау, жүргізу және өңдеу.
- Бірінші курс студенттерін колледжге бейімдеуге бағытталған психотүзету бағдарламасын құру және жүргізу.
- Тәжірибеге дейінгі және кейінгі нәтижелерді салыстыру арқылы психотүзету бағдарламасының тиімділігін анықтау.
- Теориялық және эмпирикалық деректер негізінде дезадаптациялаушы факторлар ықпалын төмендету мақсатында топ жетекшілеріне, студенттерге практикалық ұсыныстар жасау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі : тұлғалық-бағдарланған тәсілдеме (С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев), қарым-қатынас тәсілдемесі (В. М. Мясищев) .
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияны түзету мақсатында арнайы құрастырылған психотүзету бағдарламасын психологтардың, педагог-психологтардың жұмысында қолдану мүмкіндігімен, студенттерге, педагогтарға арналған ұсыныстар жасаумен ерекшеленеді.
Зерттеу әдістері: байқау, әңгімелесу, стандартталған әдістемелер, математикалық-статистикалық талдау.
Жұмыс құрылымы : кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, ұсыныстардан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ КОЛЛЕДЖГЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1. 1 Психология ғылымында әлеуметтік-психологиялық бейімделудің зерттелінуі
Бейімделу мәселесі психология ғылымы тарихынан келе жатқан мәселесі болғанымен де бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймаған мәселелердің бірі.
Бейімделуұғымы (латыннан аударғанда adaptane - бейімделу, adaptacio - бейімделушілік мағынасын білдіреді) . Бұл терминді ХҮІІІ ғ. екінші жартысында неміс физиологы Ауберт көру және есту мүшесі сезгіштігінің тітіркендіргіштер әсеріне жауабы ретіндегі бейімделу құбылысын сипаттау үшін қолданған. Кейін бейімделу мәселесі эволюциялық теория және жалпы биология (Ж. Ламарк, Ж. Сент-Иллер, Г. Спенсер, Ч. Дарвин) негізінде дамыды. «Бейімделу» терминінің қолданысы кеңейіп, бұл мәселеге биологтармен қатар дәрігерлер, психологтар, педагогтар, әлеуметтанушылар, философтар қызығушылық таныта бастады.
Бейімделу кең мағынада ағзаның ортамен тиімді өзара әрекеттесу үрдісін білдіреді. Бұл үрдіс әртүрлі деңгейде (биологиялық, психологиялық, әлеуметтік) өтуі мүмкін.
«Бейімделу» термині ғылыми және тұрмыстық айналымға нық енген ұғым, алайда оның мазмұны әртүрлі. Бейімделуұғымы мазмұнының күрделілігі мен көпаспектілігі ғылыми әдебиеттерде қалыптасқан көзқарастар мен тәсілдерді талдау қажеттігін дәлелдейді.
Бейімделу(адаптация) (adaptation) - бұл қоршаған ортаның өзгермелі жағдайлары мен талаптарына организмнің немесе тұлғаның жүйелі реакциясы.
Бейімделудеп адамның жаңа ортаға енуін және оның жағдайларына бейімделуі үрдісін айтады. Адаптация ұнамды немесе ұнамсыз (стресс) нәтижеге әкелетін белсенді үрдіс. Бейімделушілік организм және психиканың барлық пайдалы өзгерістерінің жиынтығы. Табысты бейімделудің екі негізгі өлшемдерін бөледі: ішкі комфорт (эмоционалды қанағаттанушылық) және мінез-құлықтың сыртқы адекваттылығы (ортаның талаптарын оңай әрі нақты орындауға қабілеттілік) [14] .
Бейімделу(адаптация) - бұл пәнаралық категория. Ол әр ғылымда әртүрлі тұжырымдалады. Қазіргі кезеңде аталмыш үрдісті философтар, әлеуметтанушылар, педагогтар, медициналық қызметкерлер зерттеуде, «әлеуметтік адаптация» категориясының статусы негізделіп, оның механизмдері зерттеуге алынған (Андреева Г. М. 1994, Битянова М. Р. 1997, Бочарова В. Г. 1994, Буева Л. П. 1988, Вульфов Б. З. 1995, Гурьянова М. П. 2000, Залевский Г. В. 1999, Иовчук Н. М. 2002, Казначеев В. П. 1980, Корель Л. В., 1998, Лисовский В. Т. 1981, Филонов Г. Н. 1985, Шпак Л. Л. 1991, Эльконин Д. В. 1989, Яркина Т. Ф. 1996 и др. ), дегенмен де әрбір ғылым бейімделуді өзінің спецификалық аспектісіне қарай қарастырып, өзінің ұғымдық аппаратын қолданады.
Биологияда бейімделу - бұл организм құрылымдары мен қызметтерінің ортаның жаңа жағдайларына бейімделуі. Бейімделу - бұл динамикалық үрдіс, ол арқылы организмнің шапшаң жүйелерінің ортаның өзгермелілігіне қарамастан ұрпақты дамуы мен өмір сүруіне қажетті тұрақтылықты сақтауы.
Бейімделу үрдісі «ағза-орта» жүйесінде маңызды өзгерістер туындаған кезде және жаңа гомеостатикалық күй қалыптасқан кезеңде кез келген уақытта жүзеге асады. Ағза мен орта статикалық күйде емес, динамикалық тепе-теңдікте болғандықтан, олардың байланысы үнемі өзгеріп отырады, сонымен қатар адаптация процесі үнемі жүзеге асып отыруы тиіс. Сондықтан, биологияда бейімделубиологиялық түрлердің морфофизиологиялық, мінез-құлықтық, популяциялық және басқа ерекшеліктерінің жиынтығы. Олар сыртқы ортаның белгілі бір жағдайларында түр-тұқымдардың өмір салты мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді. Бейімделу деп икемделуге, ыңғайлануға дағдылану үрдісін айтады.
Медицинада бейімделумәселесі адам организмінің белгілі бір күйін - денсаулық және ауруды бейнелейтін норма, патология тәрізді ұғымдармен тығыз байланысты.
Демография бейімделуге ең алдымен халықтың көбеюінің тарихи типтерінің алмасуы тұрғысынан назар аударады. Демограф мамандардың айтуынша, демографиялық тепе-теңдіктің бұзылуы туу және өлім процестері арасындағы тепе-теңдік және қоғамда жүріп жатқан басқа да процестер мен өмірдегі өзгермелі жағдайларға бейімделу қажеттігі болып табылады.
Этнография әлем халықтарының құрамын, шығу тегін, орналасуын, материалды және рухани мәдениетін зерттей келе, этногенезде бейімделуүдерісіне баса назар аударады. Этнографияда бейімделу - бұл мінез-құлықта өзгерген стереотиптердің дағдылану жолымен этностардың орта (ландшафт) жағдайларына бейімделуі.
Философияда бейімделу ұғымы сыртқы және ішкі орта жағдайларына бейімделу жүйелері процесі ретінде тұжырымдалады. Бейімделуді кейде ортаның кейбір факторларына икемделу жүйесі деп атайды [15] .
Психологтар индивидтің бейімделуіне баса мән береді. Бұл жерде психикалық әрекеттермен байланысты құрылымдардың бейімделуінің психологиялық механизмдері мәселесі маңызды.
Бейімделу үрдісі гомеостазды - орта мен адамның өзара қатынастары жүйесінің тепе-теңдігін сақтауға бағытталған. Психологиялық деңгецде бейімделу шешім қабылдау, жауапкершілікті алуға бастамашылдық, әрекет нәтижесі арқылы жүзеге асады.
Когнитивті психология өкілі, швейцария психологы Ж. Пиаже адамның бейімделуін баланың интеллектуалды дамуының негізгі үрдісі ретінде қарастырған. Ж. Пиаже бейімделу үрдісінің екі құрылымын бөлді: аккомодация және ассимиляция.
Ғалым аккомодацияны жаңа ақпаратты меңгеру мақсатында ақыл-ой белсенділігі механизмдерінің қайта құрылуы, ал ассимиляцияны - сыртқы жағдайларды, оқиғаларды игеру, оны ойша өзгерту деп түсіндірді. Пиаже бойынша біріншіден, білім, ептілік және дағды игеріліп, құзыреттілік, шеберлік қалыптасады, екіншіден, адамның психикалық жүйесі - когнитивті және жеке тұлғалық процестер өзгереді [16] .
Э. Фромм бойынша адам ұнамсыз әлеуметтік құбылыстарға да бейімделе алады, мысалы, құлдық, фашизм, диктатура. Бірақ мұндай бейімделу тұлға ретіндегі адамға нұқсан келтіреді, оның «интеллектуалды және моральды қасиеттерінің» төмендеуіне, менталды және эмоционалды бұзылыстардың пайда болуына әкеледі. Э. Фромм пікірінше, адамның биологиялық-физиологиялық деңгецде бейімделуі жануарларға инстинктивті бейімделушілігінің төмендігімен ерекшеленеді, осының салдарынан адам бейімделудің басқа жолдарын іздеуге мәжбүрленеді. Сондықтан, адаптацияның биологиялық деңгейі адам үшін ортақ болып келеді. Ол организмнің ортаның тұрақты және өзгермелі жағдайларына (жылылық, атмосфералық қысым, ылғалдылық, жарық т. б. ), сыртқы физикалық жағдайларға, сонымен қатар организмдегі өзгерістерге бейімделуден тұрады. Физиологиялық адаптация көрінісіне бірқатар психофизиологиялық реакция жатады. Адам өз іс-әрекетінің жемісі болып табылатын әртүрлі көмекші құралдарды қолдана алады (мысалы, жылы киім, баспана т. б. ) .
Адамның тағдыры көп жағдайда бейімделушілік деңгейімен, яғни кез келген жағдаятта барлық жағдайларға бейімделушіліктің туа біткен және жүре пайда болатын қабілеттіліктерімен анықталады. Орташа және төмен бейімделетін адамдар болады. Адаптивтіліктің туа біткен негіздері - бұл инстинкттер, темперамент, дене конституциясы, эмоция, интеллектінің және қабілеттің туа біткен нышандары, сыртқы келбеті мен организмнің физикалық күйі. Адаптивтілік деңгейі тәрбиелеу, оқыту және өмір салты жағдайлары ықпалымен жоғарылайды немесе төмендейді.
Тұлғаның адаптивтілігі (бейімделушілігі) келесідей болуы мүмкін:
- ішкі, адамның функционалды құрылымының, жүйесінің ортаның белгілі бір өзгерістері кезінде қайта құрылуы. Мұндай жағдайда мінез-құлықтың сыртқы формалары және тұлға іс-әрекеті ортаның талаптарына сай өзгереді. Тұлғаның маңызды, толық, жалпыланған бейімделуі жүреді;
- сыртқы, мінез-құлықтық, тұлға іштей өзгермейді, өзінің ішкі қалпын, өзінің дербестілігін сақтайды. Осылайша тұлғаның инструменталды бейімделуі жүреді;
- аралас, тұлға ортаға жартылай икемделеді, өзінің «Менін», дербестілігін сақтай отырып, жартылай инструменталды бейімделеді [17] .
Биологиялық бейімделуде «адаптациялық синдром» ұғымы қолданылады (Г. Селье) . Адаптациялық синдром - күші және ұзақтығы жағынан күшті, қолайсыз әсерлерге - стрессорларға жауап ретінде туындайтын, қорғану сипаты бар адам және жануарлар организмінің адаптациялық реакциясының жиынтығы. Адаптациялық синдромның негізгі симптомдары бүйрек безінің үлкеюі, айыр безінің, көкбауыр мен лимфалық түйіннің ұлғаюы, зат алмасудың бұзылуы т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz