Мембрананың құрылысы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Жалпы фармакология кафедрасы

Фармацевтикалық пәндер және химия кафедрасы

https://nauchebu.kz/uploads/posts/2017-04/1493311674_kgmu.jpg

Реферат

Тақырыбы: Бөліну беткейіндегі әрекеттесу түрлері. Жасушалық мембрананың құрылысы.

Орындаған: Әмірханов Сүндет

Тобы: 2-011 ЖМ

Тексерген: Аширбекова Б. Б.

Қарағанды, 2018 ж.

Жоспары:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2. 1. Биологиялық мембрананың түрлері

2. 2. Жасуша мембранасының құрылысы

2. 3. Биологиялық мембрананың қызметтері

2. 4. Бөліну беткейіндегі әрекеттесу түрлері

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

І Кіріспе

Биологиялық мембрана - жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрии, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 - 10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша.

Биологиялық мембрана - аса күрделі құрылымды зат. Оның құрамында ферменттік ақуыздар, ерекше рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер мен гликолипидтер болады. Мембраналық ақуыздар түрлі қызмет (мысалы, гликопротеиндер антиген рөлін) атқарады. Кейбір химиялық реакциялар (мысалы, хлоропластарда жүретін фотосинтездің жарық реакциялары немесе митохондриидағы тотыға фосфорлану процесі) биологиялық мембрананың өзінде жүреді.

Биологиялық мембраналар:

  • Жасушаны сыртқы қоршаған ортадан шектейді және сыртқы ортаның кері әсерінен қорғайды;
  • Жасуша мен оны қоршаған ортаның арасындағы зат алмасуды басқарады;
  • Электрлік потенциалдардың пайда болуына ықпал етеді;
  • Митохондриядағы АТФ энергиясын синтездеуге қатынасады.

Биологиялық мембрананың түрлері:

  • Плазмолемма(жасушаның сыртқы қабаты)
  • Жасушаішілік мембраналар
  • Базальды мембрана

2. 1. Биологиялық мембрананың түрлері .

1. Плазмалық мембрана (плазматическая мембрана) - жасуша қабықшасы - плазмолемманың негізін құрайтын билипидті-протеинді құрылым, қалындығы 6-10 нм. Екі қабатты липидті мембрана құрамына фосфолипидтер, сфингомиелиндер, холестерин кіреді. Плазмалық мембрананы құрауға билипидті қабатпен байланысқан интегральды, жартылай интегральды және шеткі протеиндер молекулалары енеді. Плазмалық мембрананы 40% липид, 60% протеиндер құрайды.

217 1-сурет. Плазмалық мембрана құрылысы

2. Жасушаның протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана жасушалық мембрана деп аталады. Жасушалық мембрана қос қабатты ақуызды-липидті молекулалардан тұрады.

3. Базальды мембрана гликолипидтер мен ақуыздардан тұрады және қанның құрамындағы қоректік заттардың ұлпаға, жасушаға енуін қамтамасыз етеді.

Мембраналардың қалыңдығы бірнеше нм
(5-10 нм)
шамасында, сондықтан оны оптикалық микроскоппен емес, электрондық микроскоппен ғана көруге болады. Мембрана жасушаның автономдығын, заттың тасымалын, тыныс алу функциясын және т. б. анықтайды. Мембрананың екі жағында қышқылдылық, температура, заттың ерітілген концентрациясы, электрлік потенциалы және т. б. бірдей емес.

2. 2. Жасушалық мембрананың құрылысы

Мембрананың құрылысы

  • Фосфолипидтердің екі қабаты;
  • Липид молекулалары гидрофилды бастан және гидрофобты құйрықшаны түзейді;
  • Билипидты қабатына ақуыз молекулалары, гликопротеиндер мен көмірсулар батырылған.

Мембрананың химиялық құрамы:

  • липидтер;
  • ақуыздар;
  • көмірсулар;
  • гликопротеидтер (көмірсулардың ақуыздармен байланысы) ;
  • органикалық заттар .

Мембраналық липидтер 3 негізгі топқа бөлінеді:

  1. Фосфолипидтер
  2. Гликолипидтер
  3. Стероидтар

1. Фосфолипид құрамы:

-Полярлы (гидрофильді) - басы және денесі;

-Полярлы емес (гидрофобты) - құйрықшалары.

Басы - азотты (этаноламин, холин) және азотты емес (серин, инозин, треонин) негіздерінен құралған. Ортофосфорлы қышқылдардың әсерінен басы денесімен байланысады.

Денесі глицериннен немесе сфингозиннен (қанықпаған аминспиртінен) тұрады .

Құйрықшалары полярсыз май қышқылдарының СН тізбегінен тұрады.

Мембрананың майлы қабатының 40 90%-ын глицерин немесе сфингозин туындылары, фосфолипидтер алып жатады.

Похожее изображение 1- басы; 2-құйрықшалары

2-сурет. Фосфолипид құрылысы

2. Гликолипидтер - көмірсулар байланысы мен ақуыздардан тұрады.

3. Стероидтар . Стероид-холестирин фосфолипидтті биқабаттарға енуге қабілетті. Стероид - холестерин -мембрана тығыздығына әсер етеді. БМ -да холестериннің көбеюі мембрананың тығыздығын арттырып, заттар үшін өтімділігін азайтады.

Нәруыздар

Мембраналық ақуыздардың көпшілігі мембрананы тесіп өтіп орналасса, ал кейбірі оған жартылай ғана еніп немесе жанасып жатады. Мембрана көптеген әртүрлі ақуыздардан тұрады. Бір ақуыздар мембрананың беткі жағында орналасса (перифериялық немесе шеткері), басқалары мембрананы тесіп өтеді (интегралдық) .

Бұлар сұйық күйде болғандықтан кейбір ақуыздар (шеткейлі түрлері) қалқып немесе малынып (бірлестіруші түрлері), мембрананың екі бетіне ұштары шығып тұрады. Шеткейлік ақуыздардың бәрі түгелдей энзимдік (ферменттік) қызмет атқарады. Мембрананың қабылдағыштары мен антитектері бірлестіруші және шеткейлік ақуыздардан құралған.

3-сурет.

Мембраналық ақуыздар түрлі қызмет (мысалы, гликопротеиндер антиген рөлін) атқарады. Кейбір химиялық реакциялар (мысалы, хлоропластарда жүретін фотосинтездің жарық реакциялары немесе митохондриядағы тотыға фосфорлану процесі) биологиялық мембрананың өзінде жүреді.

Мембранадағы көмірсулар:

1. Ақуызбен байланысқан болса - гликопротеиндер

2. Липидтермен байланысқан болса - гликолипидтер.

Көмірсулар - олиго-немесе полисахаридтітізбекті құрайды, олар мембрананың жоғарғы жағында тарамдалып орналасқан, антенаға ұқсас болады.

Гликокаликстың бұзылысы (көмірсулы компоненттің) жасушаға вирустың енуіне, ісіктің ұлғайуына әкеліп соқтырады.

2. 3. Биологиялық мембрананың қызметтері

Биологиялық мембрана мынандай қызметтер атқарады:

- Механикалық, бұл арқылы жасуша өзін қоршаған ортадан оқшауланады, оның дербес болуына және тиісті қызмет етуіне мүмкіндік береді;

- Тосқауылдық, бұл арқылы жасуша өзін қоршаған ортамен талғампаздық (селективті) түрде пассивті және активті зат тасымалдауға қол жеткізеді;

- Матрицалық, бұл арқылы биологиялық мембранада ақуыздар мен ферменттердің болуы қамтамасыз етіледі,

- Энергетикалық, бұл арқылы биолгиялық мембранада АТФ синтезделуі, биопотенциалдардың пайда болуына мүмкіндік алады.,

- Рецепторлық, мұндай қызмет арқылы мембрана басқа жасушаларды, сыртқы тітіркендіргіштердің әсерін сезуге, заттарды танып білуге мүмкіндік алады.

Мембрана жасушыларды бір- бірінен бөлумен қатар, оның ішкі бөлігі цитоплазманы өз беттерінше жеке қызмет атқара алатын бөліктерге-компартменттерге бөледі. Қазіргі кезеңде биологиялық жүйлердің қызметін сипаттауда осы компартментализация принципі үлкен қолдау табуда. Жасушаның , ондағы биохимиялық процесстер мен түрлі реакциялардың бір бірінен оқшау жүруіне мүмкіндік береді, бұл реакциялардың бір ортада жүруі мүмкін емес. Осы принципке сәйкес, цитоплазмада - май қышқылдары синтезделсе, олардың тотығуы-митохондрияда жүреді, ал рибосомда- ақуыз синтезделсе, оның бұзылуы-лизосомда орын алады.

Органоидтар дегеніміз - тұрақты құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқаратын жасушаның бөлінбейтін ең ұсақ бөлшектері. Органоидтар цитоплазмада жүзіп жүреді. Цитоплазма дегеніміз - бұл жасушаны толтыратын сұйықтық, тұтқыр ішкі орта. Цитоплазманың органоидтарсыз сұйық бөлігі «гиалоплазма» деп аталады. Рибосомалар - екі: үлкен және кіші төменгі өлшембірліктен түратын жарғақшасыз органоидтар. Төменгі өлшембірліктердің пішіні - дөңгелек. Сондықтан рибосомалар дүрыс емес сегіздікке үқсас жөне оның астыңғы шеңбері жоғарғысынан әлдеқайда үлкен болады. Бүл - ең маңызды органоид. Рибосомалар барлық тірі ағзалардың: саңырауқұлақтар, жануарлар, өсімдіктер және бактериялардың жасушаларына тән органоидтар. Рибосомалар нәруыздарды синтездейді. Егер тіршілік болса, онда нәруыз болуы қажет. Ал егер нәруыз болса, онда рибосомалардың болуы керек. Жасушалық орталық немесе центриолдар - жасуша көбейген уақытта қызмет атқаратын жарғақшасыз органоид. Жасуша бөліне бастағанда және екі еншілес жасушалар түзілгенде негізінен оларға хромосомалардың тең мөлшерде түсуінің маңызы бар.

2. 4. Бөліну беткейіндегі әрекеттесу түрлері

Дәрілік заттардың көбісінің әсері сан алуан рецепторлармен байланысу арқылы орындалады, тек кейбір дәрілер ғана рецепторлық емес әсер ету механизмімен жұмыс жасайды.

Рецепторлық әрекеттесулер

- Табиғи агонистің (вегетативтік жүйке жүйесіне, потенциалға тәуелді және лигандға тәуелді арналарға әсер ететін заттар) әсерін имитациялау немесе оған тосқауыл қою арқылы рецептордың белсенді орталығына әсер ету.

- Рецептордың табиғи лигандларды сезгіштігін өзгертетін оның реттегіш бөліктерінің конформациялық ығысуы - рецептормен аллостериялық әрекеттесу (бензодиазепиндер, жүрек гликозидтері) .

- Жасушадан тыс немесе жасушаішілік ферменттерді белсенділендіру немесе әлсірету (антихолинэстеразалық заттар, ангиотензинге айналдыратын ферменттің және мономиноксидазаның ингибиторлары) .

- Геноммен әрекеттесу (стероидтық гормондар және олардың аналогтары, А және Д витаминдері) .

Рецепторлық емес әрекеттесулер

- Макромолекула құрылымының бұзылуы (ісікке қарсы заттар, иммундық депрессанттар, антибиотиктер, антисептиктер) .

- Эндогендік қосылыстардың түзілуіне қойылатын бәсекелес тосқауылдар (антиметаболиттер) .

- Субстраттық күшейту (леводопа) .

- Эндогендік және экзогендік қосылыстармен тікелей әрекеттесу (антацидтер, хетат түзетін қосылыстар, кейбір антидоттар) .

ІІІ Қорытынды

Қорыта айтатын болсақ, жасушалық мембрана (немесе цитолемма, немесе плазмалемма, немесе плазматикалық мембрана) әрбір жасуша құрамын тұрақтылығын сақтай отырып сыртқы ортадан бөліп тұрады, жасуша және сыртқы орта арасындағы зат алмасуды реттейді, жасушаішілік мембраналар жасушаны арнайы тұйық бөлімдерге - компартменттерге немесе жасушаішілік ортаның белгілі жағдайларын ұстап тұратын органеллаларға бөледі. Жасушалық мембрана екі қабаттан тұрады (биқабат), олардың көбісі күрделі липидтер- фосфолипидтер деп аталатын липидтер класы малекуласынан тұрады. Липидтер молекуласында гидрофильді («басы») және гидрофобты («құйрығы») бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мембрана құрылысын зерттеу әдістері. Мембраналардың өтімділігінің механизмі
Биологиялық мембрана туралы
Биологиялық мембраналардың қызметтері.Мембраналардың иондық каналдары туралы
Биологиялық мембранының құрылысы және оның қызметі
Жасуша мембранасының құрылысы
Биомембраналар: құрылысы, қызметі
Клетка қабығының құрылысы
Молекулярлық биология және медициналық генетика
Биологиялық мембраналар арқылы зат тасымалдау процесі
Биологиялық мембрананың құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz