Жасуша рецепторлары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

C:\Users\Lenovo_B50\Desktop\4b2187d57e6deff3950d68bc683a0ed9.jpg Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері. ДНҚ және РНҚ бар вирустар.

Орындаған: Жумасеитов Ж. , 1-018 топ

Қабылдаған: Абдиева А. А.

Қарағанды, 2018 жыл

Мазмұны

1. Мақсаты

2. Жалпы вирустың анықтамасы

3. Вирустардың генетикалық ақпаратының ерекшелігі.

4. ДНҚ және РНҚ вирустары

5. Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мақсаты:Вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктерін анықтау және ДНҚ-сы, РНҚ-сы бар вирустарды сипаттау.
  2. Жалпы вирустың анықтамасы

Вирус, биологияда - нуклеин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ) мен белоктық қабықтан тұратын, клеткалық құрылымы болмайтын, өсуі мен бинарлық көбею қабілеті жоқ өте ұсақ тірі бөлшектер.

Вирусты (латынша vіrus - у деген ұғымды білдіреді) 1892 ж. орыс ғалымы Дмитрий Ивановский ашты. Вирус терминін 1899 ж. ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 ж. америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді.

1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 ж. америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді.

Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, т. б. ) . Вирустың клеткадан тыс (вириондар) және клетка ішінде тіршілік ететін топтары бар.

Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар - нуклеин қышқылдары мен белокты қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар - нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады.

Вириондардың мөлшері 15 - 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді) ; негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 - 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі - 106 - 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады.

Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60ӘС-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90ӘС-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80ӘС-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға (қышқыл, сілті) төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0, 5%, күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганецқышқыл калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды. Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: клеткаға ену; клеткада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың клеткадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына клетка қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда клетка мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана клетканың зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір клетканы «іштей жеген» вирустар көршілес клеткаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды молекулалық биология зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін (генетикикалық кодты анықтау) пайдаланылады.

  1. Вирустардың генетикалық ақпаратының ерекшелігі.

Вирустар - клеткасыз организмдер. Олар негiзiн құрайтын ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған белокты капсидтен тұрады. Вирустар бактериялардан миллион есе кiшi және оны 4 есе үлкейтетiн электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы - нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

Топтары: I: dsDNA вирустары, II: ssDNA вирустары, III: dsRNA вирустары, IV: (+) ssRNA вирустары, V: (−) ssRNA вирустары, VI: ssRNA-RT вирустары, VII: dsDNA-RT вирустары, Ротавирус кездеседі.
Иесінің жасушамен вирус арасындағы өзара әрекеттесу - өте күрделі процесс. Вирустардың репродукциялану (лат. reproduce - өзіне ұқсасты өндіру ) циклы келесі сатыдан тұрады:

  1. жасушаға жабысу
  2. жасушаға ену
  3. шешіну
  4. вирустық ДНҚ немесе РНҚ -ның репликациялануы
  5. вирустық геномның транскрипциялануы
  6. вирустық ақпараттың РНҚ-ның транслокациялануы
  7. вирустық бөлшектердің (вириондардың ) бастырылуы
  8. вирустың жасушадан шығуы

Адсорбция (жасушаға жабысу) - ол жасушаның вирионмен инфицирленуінің бірінші сатысы, вирион жасушалық беткейлерге жабысады, әрбір вирус жасушаларының бәріне ие, кейбіреулеріне ғана адсорбциялану қабілеттілігі болатыны белгілі. Ол кейбір вирустардың ақуызында "вирустық рецепторлар" деп аталатын тиісті аминқышқылдық реттіліктердің болуымен байланысты. Вирустық рецепторлар "тіркеуші "деп аталатын ақуыздардың құрамында болады, жасушалық рецепторларды танып алу және олармен өзара әрекеттесу қызметін атқарады, капсидтік беткейлік ақуыздарының қатысуымен орындалады.

Вирустар майдаланатын жасушалық рецепторлар

Вирус
Жасуша рецепторлары
Вирус: Эпштейн-Барр вирусы
Жасуша рецепторлары: В- лимфоциттер бетіндегі R2(комплимент жүйесінің рецепторлары)
Вирус: 2, 3, 12 типті аденовирус
Жасуша рецепторлары: Жасушалық беткейлік интегриндер
Вирус: Аденовирустың 37- типі
Жасуша рецепторлары: Гликопротеиндердің сиал қышқылы;
МНЖ І
Вирус: Адам иммундытапшылық вирусы - АИВ (ВИЧ)
Жасуша рецепторлары: Т- жасушалардың СD4 рецепторы ; CCR6\CXCR4 хемокиндік рецепторлар
Вирус: Қарапайым ұшық жасушасы
Жасуша рецепторлары: TNF рецептор; комплименттің С3в компоненті
Вирус: Цитомегаловирус
Жасуша рецепторлары: Эпидермалық өсу факторының рецепторы
Вирус: Қызылша вирусы
Жасуша рецепторлары: СD46 комплимент жүйесінің рецепторлары
Вирус: Грипп вирусы
Жасуша рецепторлары: Гликопротеитердің сиал қышқылы
Вирус: Қызамық вирусы
Жасуша рецепторлары: Ацетилхолин рецепторы
Вирус: С гепатит вирусы
Жасуша рецепторлары: Дендритті жасушалардың спецификалық адгезия рецепторлары
Вирус: Құтыру вирусы
Жасуша рецепторлары: Эпидермалық өсу факторының рецепторы; хемокиндік рецепторлар; гепаринсульфат.

Вирустың жасушаға енуі вирус жабысуынан кейін келесі жағдайлардың нәтижесінде бірден басталады:ЦПМ арқылы вирустың жасуша ішіне қарай ығысуы, вирустық бөлшектің эндоцитозы, нәтижесінде олар цитоплазмалық вакуольдерде жинақталады, цитоплазмалық мембрананың вирус қабықшасымен бірігуі. Қосылып - бірігу процесіне қатысатын гликопротеиндердің бәріне ортақ қасиеттері бар:

  1. Олар вирион беткейінде шамамен 100-150 нм көтеріңкі орналасады;
  2. Олигомерлер түзеді және олардың пайда болуы вириондардың жасуша ішінде тасымалдануына елеулі әсер етеді;
  3. Құрылымында біріктіруші пептид болады;

Қабықшалы вирустардың шешінуі екі кезеңмен жүреді- жасушалық мембранамен қосылған беткейлік ақуыздардың жойылуы және мембраналық ақуыздармен байланысқан ДНҚ немесе РНҚ-ның босансып шығуы. Қабықшасыз вирустардың шешінуі бірнеше кезеңдерден тұрады. Бұл процестердің механизмі толық зерттелмеген.
Вирустық нуклеин қышқылдарының репликациялануы. Жаңа жасушалық бөлшектер - ол жұқтырылатын жасушада болмайтын вирустық нуклеин қышқылдарының және вирустық ақуыздардың барлық молекулалардың жиынтығы.

  1. Құрамында РНҚ және ДНҚ бар вирустар

ДНҚ-лы вирустар генетикалық ақпаратты жасушалық геном тәріздес іске асырылады:вирустың геномдық ДНҚ-лы > аРНҚ транскрипциялануы > вирус ақуызының трансляциялануы.
Оң жіпшелі РНҚ-лы вирустарда (пикорнавирус, флавивирус, тогавирустар) РНҚ-ның қызметін атқаратын геномдары болады. Ол рибосомалармен танылып, трансляцияланады.
Теріс біржіпшелі және екіжіпшелі РНҚ-лы вирустардың геномы (ортомиксовирустарда, парамиксовирустарда, рабдовирустарда) екіжіпшелі (реовирустарда) вирустың нуклеин қышқылымен байланысқан РНҚ-полимеразаның қатысуымен аРНҚ транскибирленетін матрица қызметін атқарады.
Ретровирустардың геномы бірдей екі РНҚ молекулаларынан тұрады.
Вирустық геномдардың репликациясы бір -бірімен ерекшеленетін құрамдардан тұрады:

  1. екіжіпшелі ДНҚ
  2. біржіпшелі ДНҚ
  3. оң-біржіпшелі РНҚ
  4. теріс- біржіпшелі РНҚ
  5. екіжіпшелі РНҚ
  6. ұқсас оң-жіпшелі РНҚ

Екіжіпшелі ДНҚ-вирустардың репликациясы әдеттегідей жартылай концервативті механизммен жүреді: ДНҚ-ның жіптері сөгілгеннен кейін оларға комплиментарлы жолмен жаңа жіпшелер қосылады. Бір аналық пен бір жаңадан түзілген жіпшеден тұрады.
Біржіпшелі ДНҚ- вирустарының жалғыз өкілі - парвовирустар болып табылады. ДНҚ-полимеразаларды репликациялық түрі деп аталатын екіжіпшелі вирустық геномның құрылуына пайдаланады.

РНҚ-да болатын вирустардың геномикалық репликация әдістері

Оң-біржіпшелі РНҚ-вирустарға - пикорнавирус, флавивирус, тогавирустар жатады, геномдық оң жіпшелі РНҚ-лы аРНҚ-ның қызметін атқарады.
Теріс- біржіпшелі РНҚ-вирустарының құрамында (ортомиксовирустарда, парамиксовирустарда, рабдовирустарда) РНҚ-тәуелді РНҚ-полимераза болады.
Екіжіпшелі РНҚ-вирусы (ротавирус, реовирус) репликациялану механизміне терңс болады, жасуша цитоплазмасында жүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің мембраналық және цитоплазмалық иммундік рецепторлары
ДНҚ және РНҚ вирустар
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Эндоцитоз түрлері және олардың механизмі
Иммунитет теорияларының дамуы
МИТОХОНДРИЯ
Вирустың организмге енуі,таралуы,орналасуы жайлы мәлімет
Вирустардың генетикалық ақпаратының ерекшелігі
Көру анализаторының физиологиясы
ЖАЛПЫ ИММУНОЛОГИЯ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz