Жасушалардың жіктелуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Онтогенез және аурулар кезіндегі ақуыз құрылысының өзгерісі.

Орындаған: Жумасеитов Ж. , 1-018 топ
Қабылдаған: Абдиева А.А.

Қарағанды, 2018 жыл
Жоспар:
1. Мақсаты
2.Онтогенез туралы түсінік
3. Онтогенез сипаты
4. Аурулар кезіндегі ақуыз құрылысының өзгерісі
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Мақсаты: Онкогенез генетикасын талқылап, ауру кезіндегі ақуыз құрылысының өзгерісін сипаттау.
2. Онтогенез туралы түсінік
Онтогенез -- бір тірі ағзаның туған сәттен өлгенге дейінгі жеке дамуы. Жыныстық жолмен түзілетін ағзалар үшін ұрықтану онтогенездің басталуы болып табылады. Онтогенез үш кезеңнен тұрады: ұрыққа дейінгі (проэмбрио-нальды), ұрықтық (эмбриональды), ұрықтан кейінгі (постэм-бриональды). Яғни онтогенездің алғашқы сатысы ұрықтанған жұмыртқажасуша -- зигота. Біржасушалы өсімдіктердің де, сондай-ақ жануарлардың да митоз жолымен бөліну нәтижесінде туындаған жаңа жасушаның пайда болуын онтогенез деп есептеуге болады. Партеногенездік түрлер үшін жұмыртқажасушаның митоздық жолмен бөліне бастауын онтогенез деуге болады.
Ұрықтың даму жолы:
1. Жасушалардың бөлінуі
2. Жасушалардың өсуі
3. Жасушалардың жіктелуі
4. Органогенез
3. Онтогенез сипаты
* Сыртқы қабат - энтодерма. Энтодерма қабатынан көз,тері жабын мүшесі,есту және иіс сезу мүшелері пайда болады. Энтодерма қабатынан ас қорыту жүйесі, өкпе, бауыр, ұйқыбезі дамиды.
* Ішкі қабат - эктодерма. Эктодерма қабатынан ми мен жұлынның бастамасы түзіледі. Эктодерма қабатынан желі,бұлшық
ет,шеміршек,қанқа,бүйрек,қан тамырлары жүйесі дамиды.
* Аралық қабат - мезодерма.
Нейрула кезеңінде жеке мүшелері дами бастайды.
Биогенетикалың заң. Ғалымдар әр түрлі топтағы ағзалар ұрықтарының құрылысы ұқсастығын әлдеқашаннан байқады. Ұрық ұқсастығының заңын орыс эмбриологі К.М. Бор 1828 жылы тұжырымдады. Ол омыртқалы жануарлар жұмыртқажасушаларының даму сатысын бақылай отырып, ерте кезеңдерде барлығының ұқсастығын тапты. Яғни эмбриогенезде барлық жоғары сатыдағы формалар едәуір қарапайым формадағы кезеңдерден өтеді. Арнайы бағыттық белгілер эмбриогенез соңында біртіндеп пайда болады. Со-нымен бірге алдымен кластың, бұдан соң отрядтың, соңынан туыс пен түрдің белгілері пайда болады. Өкінішке орай, Бір бір жағынан оптикалық техниканың жетілдірілмеуінен өсімдіктердің жөне омыртқасыз жәндіктердің эмбриогенезін зерттеген жоқ. Сондықтан оның қорытындысы тек қана омыртқалы жануарларға қатысты болды.
Биогенетикалық заңды 1864 жылы неміс эмбриологта-ры Ф.Мюллер жөне Э.Геккель тұжырымдады. Онтогенез -филогенездің қысқаша және тез қайталануы, басқаша айтқанда тірі ағзалардың әрқайсысы өз түрінің қалыптасу тарихын қысқаша қайталайды. Дара даму -- онтогенез барысында ағзалар өздерінің ататектерінің белгілерін қайталайды, яғни Жер бетінде тіршіліктің даму тарихын -- филогенезі қайталайды. Кейініректе ересек ата-тектер дарақтарының қцрылысы онтогенезде қайталанбайтыны, тек қана олардың црпақтарынікі қайталанатыны дәлелденді; атап айтқанда филогенездің ұрықты сатылары онтогенезде өте дәлме-дәл көшірмеленеді. Мысалы, адамның ұрығының эмбриондық дамуы зигота сатысының басында біржасушалықтарды көшірмелейді, бұдан соң бластула сатысы шоғырлы қарамайымдарға (домалаңғы) сөйкес келеді, ерте гаструла сатысы құрылысы бойынша ішекқуыстыларға ұқсас, ал кеш гаструла жалпақ құрттарға сөйкес келеді. Адамның жүрегі бастапқыда қандауыршадағыдай түтік сатысы сияқты бо-лады да, бұдан соң балықтағыдай екі камералы бола бастайды, бұдан кейін жорғалаушылар мен қосмекенділердікі сияқты үш камераға өзгереді, тек қана ең соңында төрткамералы жүрек пайда болады. Қаңқада ең алдымен шеміршекті желі қалыптаса бастайды да, барлық сүйекті түзілістер бастапқыда шеміршек ұлпасынан құралады, тек соңынан сүйектеніп өзгереді. Желбезек саңылаулары түзіледі (гаструла сатысында), олар соңынан бітісіп кетеді. Адамның қаңқасы қалыптасқан кезде жетінші мойын омыртқада қабырғалар бастау алады, сойтіп 9-жөне 10-құйрық омыртқалары пайда болады. Туғаннан кейін адамның мойын омыртқасында ешқандай қабырға болмайды, ол құйымшақта 4-5 омыртқа қалады. Мұның бұлай болуы бұл мүшені бастамалаушы жасушалар өліп бітеді де, оның генетикалық бастамаланған эволюциялық бағдарламасына сәйкес адам ұрығының дамуына мүмкіндік туғызады.
Онтогенез -- бір тірі ағзаның ұрық біте бастағаннан өлгенге дейінгі даму үдерісі. Онтогенез екіге бөлінеді: эмбриогенез (тууға дейінгі тіршілік) жөне постэмбриогенез (туу соңынан кейінгі тіршілік).

Реттелу кезеңдері
Гаструляция(1 - бластула, 2 - гаструла).

Жануарларда Онтогенез процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады. Олардың Онтогенезінде мынадай кезеңдер бар: ұрыққа дейінгі кезең (ол гаметогенез бен ұрықтанудан тұрады); эмбрионалдық кезең - жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі; постэмбрионалдық кезең - жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады. Жануарлар Онтогенезінің: дернәсілдік, жұмыртқа салу және құрсақтық типтері бар.
Сатылары
Жоғары сатылы өсімдіктердің Онтогенезі төрт сатыдан тұрады: эмбрионалдық, ювенилдік, толықсып көбею және қартайып, тіршілігін тоқтату. Онтогенез барысында өсімдік жасушаларының, ұлпалары мен органдарының құрылымдық және функционалдық жетілуі жүріп, әр түрлі бөліктерінің арасындағы байланыстар күрделілене түсіп, өсімдік организмі біртұтас жүйе ретінде қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырайды. Онтогенез сатыларының ретімен жүруін фитогормондар және өсімдік органдарының арасында толассыз жүріп жататын метаболиттер алмасу механизмі қамтамасыз етеді .
Гаметогенез (gametogenesis; грек, gametos [1] -- жыныс, жыныс клеткасы; genesis -- шығу тегі) -- жыныс жасушаларының жыныс бездеріндегі (ен, жүмыртқалық) даму процесі.
Аталық жыныс жасушалары -- сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары -- овоциттердің дамуын ''овогенез'' деп атайды.
Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің (ен) ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді. Ол төрт: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.
Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.
Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚ, протеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік
сперматоциттерге айналады.
Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен ерекшеленеді.
Бірінші бөліну нәтижесінде екіншілік сперматоциттер, ал екінші рет бөлінуден соң, екіншілік сперматоцитерден ядроларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар хромосомалар) жиынтығы болатын сперматидалар пайда болады.
Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі.
Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді. Овогенез процесінде овоциттер үш даму кезендерінен: көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен өтеді. Аталған кезендерде кезегімен әртүрлі даму сатыларындағы аналық жыныс жасушалары: овогониялар, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер және пісіп жетілген овоциттер (жүмыртқа жасушалары) дамиды. Әрбір біріншілік овоциттен тек бір ғана жүмыртқа жасушасы (овоцит) пісіп жетіледі. Овоцитпен қатар, кейіннен кері ыдырап кететін 3 бағыттауыш денешіктер де пайда болады.
Эмбрион (грек, embryon -- ұрық) аталық және аналық жыныс жасушаларынын қосылуы нәтижесінде пайда болады. Ұрықтану -- жануарлар мен адам организмінде жатыр түтігінің жоғарғы бөлігінде, ал суда тіршілік ететін жануарларда -- сулы ортада жүреді.К. Бэр - эмбриологияның негізін қалаушы. Эмбриондық даму кезеңін эмбриология ғылымы зерттейді. Эмбриогинездің даму сатылары Эмбриогинездің негізгі 4 даму сатылары бар.Бірінші саты бөлшектену, екінші саты гаструляция, ушінші саты нейруляция, төртінші саты органогенез деп аталады. Бөлшектену кезеңі Бөлшектену (лат. flssio -- бөлшектену) -- ұрықтанған біржасушалы организмнің (зиготаның) митоз арқылы бөлініп, көпжасушалы ұрыққа (бластулага) айналуының эмбриондық кезеңі. Бөлшектену кезінде пайда болған жасушаларды бластомерлер деп атайды. Бөлшектенудің белгілі кезеңіне дейін бластомерлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасушаның алуан түрлілігі
Зақым (альтерация). Дистрофия. Морфогенездік механизмдері
Тіндердің жіктелуі
Дәнекер тіндері
Өсімдік ұлпасы түзуші ұлпалар немесе меристемалар
Тіндердің шығу тегі мен заңдылықтары
Өсімдік ұлпалары туралы жалпы түсінік
Патологиялық анатомия лекция кітапшасы
Бактериялардың құрылымы
Онтогенез сатылары
Пәндер