Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасы

«Бекітемін»
Гуманитарлық ғылымдар
және өнер факультетінің деканы,
т. ғ. к., қауымдастырылған профессор
Г. Қайырғалиева
«« мамыр 2019 ж.

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

Пән бойынша Қазақстанның орта ғасыр тарихы

Тақырып: Шығыстың ұлы ғұламалары: Әл - Фараби, Әл - Бируни, М. Қашқари, Ж. Баласағұни

баға

Комиссия мүшесі Жетекші

(лауазымы, ғылыми атағы) (лауазымы, ғылыми атағы)
(Аты - жөні, тегі ) Жұмабаев Амангелді Жеңісұлы

(Қолы) (Уақыты) (Қолы) (Уақыты)

Студент:
Баймағамбетов Е. Р.

(Қолы) (Уақыты)


Атырау қ., 2019 ж.

Мазмұны

Кіріспе

1 тарау. Әбу Насыр Әл - Фараби

1. 1 Әбу Насыр Әл - Фарабидің өмірі және еңбектері

1. 2. Әбу Насыр Әл - Фарабидің ғылымға қосқан үлесі

2 тарау. Әбу Райхан Әл - Бируни

2. 1. Әбу Райхан Әл - Бирунидің өмірі

2. 2. Әбу Райхан Әл - Бирунидің тарихи - тәлімдік пікірлері

3 тарау. Махмұт Қашқари

3. 1. Махмұт Қашқаридің өмірі

3. 2. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат - түрік» еңбегі

4 тарау. Жүсіп Баласағұни

4. 1. Жүсіп Баласағұнидің өмірі

4. 2. Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» еңбегі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес.
Солардың бірі - бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде “Тархан” деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. А. Н. Бернштам, шекарадағы аса манызды мекен және керуен жолдарының торабы болған Отырарға орта ғасыр авторларының көп назар аударғанын атап көрсетеді. Географиялық көрінісі түрліше бұл өнір суармалы егіншілікпен айналысуға да қолайлы болған.
Әбу Рейхан Мухаммед ибн Ахмед әл-Бируни (4. 10. 973), кят, Хорезм қазіргі Бируни Өзбекстан 13. 12. 1048, газни (газна), қазіргі Ауғанстан, орта азиат оқымысты - энциклопедші және ойшыл. Тәжірибелік жаратылыстану білімнің негізін қалаушылардың бірі, ғылым мен діннің шекарасын ажыратуды қарастырды. білім таратудың жақтаушысы, б. ғылым мен ағартушылық халықтарды дөрекіліктен, кедейліктен босатады деп ойлады. ол оқыту мен тәрбие жұмысын ізгілік ойлау қасиеттерін қалыптастыру - бақытқа жету амалы деп санады. Ол нашар мінез-құлықты тәрбиелеу арқылы түзетуге болады деді. Араб тілдерінде жазылған көптеген табиғи-ғылыми шығармалардың авторы, (30 түрі сақталды) . Математика, астрономия, география және басқа ғылымдар негізінде жазылған «Жұлдыздар жайлы» кітабы (араб, парсы тілдерінде) бірнеше ғасырлар бойы медреседелерде оқу құралдары болып пайдаланылды. Оқыту тәжірибесіне математикалық және астрономиялық мәселелерді енгізді. Өз еңбектерімен қатар ол Птоломей, Эвклидтің кейбір шығармаларын санскритке аударды. Үндістанда Бируни («Үндістан» еңбегіндегі) педагогика тарихын (1020-ға жуық) оқытуға ынта білдіруде. Ай шарындағы бір таудың аты аль Бируни атымен аталғаны белгілі.
Махмұд Қашқари ( 1029-1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М. А. Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы.

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021-1075) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Туған жері- Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған. Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Онда жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Шығыстың ұлы ғұламаларының еңбектерін, тарихи тәлімгерлік ойларын анықтау.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Әл-Фарабидің толық аты-жөні: Мұхаммед ибн Мұхам- мед ибн узлағ Тархани -деп жазылатын болған. (870-950 жылдар) -дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші үстазы (арабша: „Муаллими соний») атанған даныш- пан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға қүя беріс саласындағы ежелгі Отырар (оны қыпшақтар Қарашоқы деп те атаған) қаласында туылған. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде негізінен Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Отырар - бір жағы көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы-егіншіліқпен айналасатын түрлі түркі ру- тайпаларын өзара байланыстырып түрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп атаған. Сол бойынша, үлы ұстаз әл-Фараби атанып кеткен. Мұндағы тархан сөз екі нәрсені аңғартады; б і р і н ш і д е н, әл-Фарабидің түркі тектес ру-тайпалардан шыққанын білдіреді. Е к і н ш і д е н, оның ата-бабасы дәулетті, қыпшақтар ара- сында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді. Өйткені қыпшақтардың атақтылары ғана дәстүр бойынша тархан деп аталатын болған. Ежелден-ақ Отырар қаласын мекен еткен түркі тектес тайпалардың барлығы дерлік бертін келе қазақ халқының этностық қүрамына енгені көне тарихтан жақсы мәлім. Алайда „әл-Фарабиді қазақ етіп көрсетуге тырысу да жа- санды әрекет болады. Ол заманда үлт болып бірігу процесі аяқталудан әлі тіпті алыс еді. Сол сияқты оны өзбек деп кесіп айту да әділеттік бола қояр ма екен. Фактілер негізіне сүйене отырып, әл-Фараби кейін қазақ халқының қүрамына қосылған түркі тайпасынан шыққан дей аламыз» Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше қүштар болып өскен әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз за- манының ас маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдад, Қорасан, Дамаскі, Каир, т. б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз зергерлерімен танысады. Олардан тәлім- тәрбие алады. Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік білген жан. Ғылыми шығармаларын, өлең-жырларын өз дәуірінің рухани- ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды.

Ғұлама-ғалым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол филосо- фия, логика, математика, тіл білімі, әдебиет теориясы, т. б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған. Со- ның өзінде үлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Ұлы ғалымның үшан-теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі үрпақтың қолына ти- гені қырыққа жуық шығарма деуге болады. Әйтсе де осы қырық шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциклопе- дист-ғалым, дарынды әдебиетші, үшқыр ойлы ақын болғанын толық дәлелдейді.

Әрине, Әбу Насыр әл-Фараби ең алдымен кезінде „Шығыстың Аристотелі» атанған есімі әлемге мәшһүр фи- лософ болды. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Га- лен сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Сөйтіп, Фа- раби Шығыс пен Батыстың ғылыми қауымын грек филосо- фиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдениетімен таныстыруда зор рөл атқарады.

Фарабидің „Ақылдың мәні туралы трактат», „Даныш- пандықтың інжу-маржаны», „Ғылымдардың шығуы», „Фи- лософияны оқу үшін алдымен не білу керек», „Аристотель еңбектеріне түсіндірме» («Поэтика’, „Риторика», „Софи- стика» т. б. ) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге фило- соф ретінде танытты. Әл-Фарабидің әлеуметтік-қоғамдық және этикалық көзқарастарын танытатын туындылары да аз емес. Бүл түрғыдан алып қарағанда, әсіресе „Қайырымды қала түрғындарының көзқарастары», „Бақыт жолын сілтеу», „Азаматтық саясат», „Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», „Бақытқа жету жайында» деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.

Үлы ғалым нағыз гуманист ретінде адам ақыл-ойының жан-жақты дамып, табиғат пен қоғам сырын толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық мәселелерді шешуге қабілетті ең басты күш - ақыл-пара- сат деп біледі. Әл-Фараби өзінің „Қайырымды, қала түрғындарының көзқарастары» атты кітабында бірқатар қоғамдық- әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мүндағы қала деп отырғаны - мемлекет. Ғалым бүл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге ке- луі, идеал қала халқының моральдық бейнесі, мүндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі керектігі, т. б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Ол халық бақытты өмір сүру үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп түсінді. Ал, жақсы әкім - әділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны қүмар, жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін адам болуы тиіс. Фараби мемлекег басқаратын адамға осындай биік талап- тар қояды. Сонымен, Фараби болашақ қоғамда адамдардың емін- еркін, азат өмір сүретін, қоғам мүшелерінің бәрі тең, бірін- бірі қүрметтейтін, бақытты қоғам ретінде суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден-бір жолы ғылымды, білімді игеруде деп білді. Фараби үлы гуманист ретінде феодалдық соғыстарға, ел-жұртты тонауға, тақ пен тәж үшін болған қантөгістерге, әділетсіздікке қарсы шықты, адамның еңбекке, білімге, бейбіт өмірге деген қүқығын қорғауға әрекет жасады.

Әл-Фарабидің философия, логика, тіл білімі, музыка т. б. ғылым салалары бойынша жазылған еңбектерін оқып білудің өзі үлы ғалымның әдебиет теориясы мәселесіне арналған трактаттарын тереңірек түсінуге мүмкіндік бе- реді. Әбу Насыр әл-Фараби әдебиет теориясымен де жан- жақты шүғылданған ғалым. Әдебиет теориясы бойынша бірқатар келелі еңбектер жазғанын ғалым шығармаларының сақталып қалған тізімдерінен білеміз. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген араб ғалымы Ибн Аби Усайбаның (1203-1270) айтуы бойынша, әл-Фарабидің өлең қүрылысын зерттеуге арналған „Қалом фи ашшеьер ва ал-қавофий» («Өлең және үйқас туралы сөз») деген шығармасы болған. Әл-Фараби дәурінде және одан кейінірек өмір сүрген бірқатар әдебиетшілер бүл еңбекті поэзия табиғатын зерттеуде теңдесі жоқ туынды деп жоғары бағалағаны мәлім. Өкінішке орай, үлы ғалымның бүл шығармасы әзірше табылған жоқ. Сондай-ақ, Фараби еңбектерінің тізімінде оның „Өлең ырғағы туралы», „ЬІрғақ пен өлең туралы сөз“ және „Поэ- зия өнерінің негіздері туралы трактат» деп аталатын зерт- теулері болғаны көрсетіледі. Соңғы жылдары әл-Фарабидің бүрын ғылымға белгісіз болып келген аса қүнды бір шығармасы Братислава (Че- хославакия) университетінің кітапханасынан табылды. Арабша жазылған бүл ғылыми еңбек „Китаб ашшеьер» («Өлең кітабы») деп аталады. Бүл шығарманы араб тілінен өзбек тіліне аударып, оған алғы сөз, ғылыми түсініктер жазып, жеке кітап етіп шығарған белгілі өзбек ғалымы А. Ирисов болды. Әрине, әл-Фараби өмір сүрген дәуірде үлкен ғалымдардың өлең де жазуы өзінше бір әдетке айналып кеткен салт, дәстүр болған. Мәселен, Фарабидің заманда- сы, үлы ғалым, медицина ғылымының негізін қалаушьілардың бірі Әбу Әли ибн Сина, энңиклопедист- ғалым Бируни, үлы математик әл-Хорезми т. б. кезінде аз- ды-көпті өлең-жыр жазумен де айналысқан. Бірақ орта ғасырдың әдебиет зерттеушілері мен тарихшылары поэзия мәселесін сөз еткенде көбінесе дерлік әл-Фарабидің есімін қайталап отырады. Өкінішке орай, Фарабидің поэ- зиялық мүрасы біздің дәуірімізге дейін толық сақталмады. Әйтсе де саусақпен санарлықтай азғана жыр жолдары- ның өзінен оның зор шабытты, кең тынысты, терең ойлы, нәзік сезімді, дарынды ақын болғанын аңғару қиын емес. Сонымен, Махмүд Қашқари, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Беруни сияқты түркі тілдес халықтардан шыққан ғүламалардың еңбектері әлемдік мәдениетпен ғылымға қосылған сүбелі үлес болды. Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб тіліне аударылып үлгіргенді. Араб шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ көп еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы грек философиясының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіндірме жазуды үйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс әрекетін таныта білді. Сондықтан да, шығыс философтары оны “Ал муалим ас-саны”- “екінші ұстаз” деп атаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттану пәні, мақсаттары мен міндеттері
Тақырыптың өзектілігі
Мемлекеттік білім беру саясаты
Мәдениет құрылымы
Балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы
Қазақстанда психологияны оқыту тарихы
Университеттің Диссертациялық кеңесі жұмыстарын үйлестіру
Педагогиканың негізгі категориялары
Қазіргі қоғамның түсінігіндегі әлеуметтанудың рөлі
Академиктің тіл білімінде қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz