Қырым хандығының қалыптасуы
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасы
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ноғай ордасы және Қырым мен Қазан
хандықтарының тарихы
ДАЙЫНДАҒАН БАЙМАҒАМБЕТОВ ЕРЛАН
Атырау қ., 2019 ж.
Жоспар
І тарау. 1. Ноғай Ордасы және Қырым мен Қазан
хандықтарының тарихы
1.1. Ноғай Ордасының қалыптасуы
1.2. Қырым хандығының қалыптасуы
1.3. Қазан хандығының қалыптасуы
Негізгі бөлім.
ІІ тарау.2.Ноғай Ордасы және Қырым мен хандығының әлеуметтік -
экономикалық жағдайы
2.1. Ноғай Ордасының саяси тарихы мен құлауы
2.2. Ноғай және Қырым мен Қазан хандықтарының экономикасы
мен мәдениеті
2.3.
ІІІ тарау. Ноғай Ордасы және Қырым мен Қазан хандықтарының тарихи маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Ноғай Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Жошы хнаның шөбересі.
Ол ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келіп, 1300 жылы
қаза тапқан. Ноғай жорықта Батумен бірге бастап, Алтын
Орданың бесінші ханы тұсында әскер қолбасшысы болады. Ноғай
1252 – 1269 жылдары. Батудың кейінен Берекенің мысыр сұлтаны
Бейбарыспен дипломатиялық қатынас орнатып, Хулагуге қарсы одақ
құруына зор ықпал етті. Береке ханның әскерге баптап, Хулагуге
және оның мирасқорлығына қарсы тала рет жорық жасады. Береке
өлгеннен кейін, Донның Дунайға дейін ұлан – байтақ жер
Ноғайдың бақылауында юболды. Ноғай 1273 жылы Византия императоры
Михайл Палелогтың өгей қызы - Евфросияға үйленді. Польша,
Венгия, Болгари, Сербияға және кейбір орыс княьздіктеріне жиі
- жиі шабуыл жасады. Бұл елдер ноғаймен одақ құруға тырысты.
орыстың 1276 жылғы жазбаларына қарағанда, орыс князьдері В.В.
Волынскиге , А.Д. Галищкийге, Метиславқа елші жіберіп, қол
асындағы ел ретінде лейтвандарғы қарсы ұрысқа шақырған. 1288
– 1291 жылдары орыс князьдері Метислов пен Донилович Ноғайдың
польшаға жасаған жорығына қатынаста Болгар княздерін сайлауға
да басшылық жасады. Ноғай хан аталмағанымен Бату жаулап
алған Доннан Днепрге дейінгі аумақты билеп, Алтын Орданың
беркеден кейінгі хандары Мөңке Темір, Туда Мөңке Төле Бұқағ
ьықпал жасады. Оның орналасуымен Төле Бұқа тақтан түсіп, орнына
Тоқты отырған. Беделі артып тұрған Ноғайдан құтылу үшін
Тоқты оған қарсы соғыс бастады. 1300 жылы Днепр өзені
жағасында әскері жеңіліп, Ноғай қарсыласының қолынан қза тапты.
Орыс жазбаларындағы деректерге қарағанда оның қоластындағы
халықтың көшпелілігі Каспий маңына қоныс аударды.
Рим папасының елшісі өзге де құрметті қонақтарымен
бірге 1246 жылға Күйікті хан сайлауға байланысты шаңырылған
ұлы құрылтайға қатысқан. Бірақ бұл құрылтайға Алтын Орда
билеушісі Бату келмейді. Күйік ханда Бату баһадүрді өз ырқына
бағындырудан үмітін үзбесе керек. Ресми жаушы жіберіп, Алтын
Орда билеушісін Қарақорымға шақырмады. Бірақ Бату Қарақорымға
шағын жасақ пен емес, соңына қолың қоя ертіп аттанады. Мұны
естіген Күйік ханда қалың қолмен немере ағасына қарсы
жүреді. Екі қолдың қазіргі Жетісу аумағында кездеуі мүмкін
еді. Бірақ кездеспеген қарсыласының әскеріне жетуге бір күндік
жер қалғанда қаза табады. Алтын Орда әскерлері шайхаспастан
кейін қайтқын.
Ноғай ордасы (Ноғайлы) – XIV ғасырда Алтын Орданың ыдырауы
нәтижесінде пайда болған мемлекет. Ноғай әскерлерінің құрамына
енген тайпалар мен маңғыт тайпаларынан құрылған. Түпкі бтілдес
халық ноғайлар Еділден Ертіскедейін, Каспий және Арал теңіздерінен
Түменге дейінгі жерлерде көшіп жүрген. орданың орталығы жайық
өзені соғысындағы Сарайшық қаласы болды әлемге бейлік
жүргізген Алтын орда ыдырап, оның орнына Қазақ хандығы Астрахан
хандығы , Ноғайлы және Көк орда қонысы иелеген Қазан Ордасы,
тағы басқа хандықтар дүниеге келіп XVI ғасырда күш - қуат
бар жеке мемлекеттер ретінде белгілі болатын. Алайда, Ноғай
Ордасындағы алауыздың бүкіл түркі дүниесіне қасірет әкелген
еді. Ноғайлар жауға есесін жіберіп, жақынын қарақтауға көшті.
Ноғай ордасының әміршілері Мамай би мен Ағыс батыр 1523 жылы
Қажы тархан (Астрахан) түбінде өздерінің қандас бауырларын –
Махамбет – Терей хан бастаған 30 мыңдық Қарым әскерін қапыда басы,
түгел қырып тастайды.
Алтын Орданың батыс бөлігін біртұтас ұлысқа
айналдырмақ болып ант ішіскен қандас бауырлар бірінің түбіне
бірі жетеді. Сөйтіп Русь мемлекетіне Еуразияны жаулап алуға
өздері жол ашады. Орыс мемлкеті Қазан мен Астрахан хандықтарына
көз алартатын дәрежеге жетеді. Содан, XVI ғасырдың 2 жартысында
Ноғай Ордасы бірінше мемлекеттік бірлестіктері ыдырап кетті. Қасым
хан тұсында атажұртқа отырған қуатты Қазақ ордасы әлсіреген
ноғайлы ұлысының жойықтан Еділге дейінгі үлкен бөлігін өз
құрамына қосып алады. Ауыз бірлігінен айырылған Қазан, Астрахан
және Ноғай ордалары Орыс мемлкеттеріне қор боп, жем бола
бастайды. Қасым хан сияқты Қазақ Ордасының іргеленуіне үлкен
үлес қосқан Хақ назар хан Еділ бойындағы ноғайлының үлкен
бөлігін өзіне қосып алып, Орыс мемлкеті табыынң қандастарын
құтқаруға тырысады. Ыдыраған Ноғай Ордасының бір бөлігі Ресей
мемлкетіне кітаптар болып қалады. XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ
ғасырдың басында Кіші Ноғайдың біраз бөлігі бұрынғы өте
қоныс -Азов маңына (Доннан), (Құбандарға дейін) ауып кей бөлігі
Түркияға көшті.
Ноғай ордасының құрылуы, жер аумағы Алтын Орданың
дырауы, Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік -
батысында Ноғай ордасы мемлекетттік бірлестігі құрылды. Орданың
алғашқы алып жатқан жері Еділ мен Жайық өзендерінің жазық
алабы болады. Ноғайлар солтүстік - шығысында батыс сібір ойпатына
дейі, солтүстік – батысында Қазан қаласы, ол оңтүстік - батысында
Арал мен Каспий теңізіне дейін көшіп – конып жүрген Орданың
орталығы Жайық бойындағы Сорайшық қаласы болған.
Қаланың іргесі Х ғасырда қалған. Алтын Орда дәуіріндегі
Сарайшық қаласы Кавказбен Қырымды Қарақорым , Қытаймен
байланыстырған. Қала XIII – XIV ғасырларда дуірлеген. Кейін Алтын
орда күйреп, қала әлсірегенмен Ноғай Ордасының астанасына айналып,
қайта көркейді. Қасым хан тұсында Қазан хандығының біраз жылдар
астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ қазақтарының Жайық бойында
Шапқыншылық жасау салдырынан Сарайшықта Алтын Орданың , қазақ және
ноғай хандары жерленген ноғай ордасының аты Алтын орда
әскерінің қолбасышысы ноғайдың есімімен бірге бастап, Алтын
Орданың бес қанының тұсында қолбасшы болған ноғай хан
болмаса Алтын Ордаға өз ықпал жүргізген. Осы ноғайға (1260 – 1306)
қараған рулар ноғайлы немесе ноғай елі атанып кеткен.
Ноғай әскерлерінің басым көпшіліг түрік тілдес маңғыт тайпасы
болғандықтан маңғыт елі деп те аталған. Ал Орданың іргесін
қолаған - Ноғайдың баласы Едіге орда Едігенің кезінде Алтын
Ордадан оқшаулана бастайды. Едігенің баласы Ну рад – днинің
кезінде (1426 – 1440) жылдары өз алдына жеке мемлкет болып,
Алтын Ордадан бөлініп шығады.
Қырым хандығы-Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қырым
түбегінде құрылған мемлекет (1430 — 1783). 13 ғасырдың аяғында Қырым
түбегінде Алтын Ордаға тәуелді ерекше аймақ құрылды. Оның орталығы
— Солхат қаласы болды. Алтын Орда билеушілерінің өзара күрес-тартыстарынан
кейін Қажы Керей (1397 –1466 жж.) мен оның ұлы Меңлі Гирей хан (1428 —
1515) 1443 жылы тәуелсіз Қырым хандығының негізін қалады. Оған Қырым
түбегінен басқа Днепрдің төменгі бөлігі де кірді. Ол хандықтың астанасы
Қажы Керейдің билігінен бастап Бақшасарайда болды. 1475 жылы Қырымға түрік
әскерлері басып кіріп, хандық Түркияға тәуелді болды. Қырым
хандығы Ресей, Украина жерлеріне бірнеше жорықтар жасады. Қырым
әскерлерінің орыс жеріне жорықтары әсіресе Ливон соғысы (1558 — 83) кезінде
жиіледі. 16 — 17 ғасырларда Ресей өкіметі оңтүстік шекарасын Қырым
татарларынан қорғау үшін шекара бекініс шептерін құрды. Орыстардың 1687 —
89 жылдары Қырымға жасаған жорықтары нәтижесіз аяқталды. 18 ғасырдағы орыс-
түрік соғысында Ресей жеңіске жетіп, Қырым хандығы әлсірей бастады. 1774
жылы Күшік-Қайнарджа бітімі бойынша Қырым хандығы Түркияның қол астынан
шығып, Ресейдің қарамағындағы тәуелсіз ел болып танылды. 1783 жылы Қырым
хандығы Ресей империясының құрамына кірді. Ақ Орда Әбілқайыр хандығы,
Ноғай Ордасы және Моғолстан мемлекеттерінің шеңберінде Шығыс Дешті Қыпшақ
пен Жетісу халқының саяси, шаруашылық және әлеуметгік дамуы, оның қоғамдық
өмірдің барлық нысандарындағы қарым-қатынастары мен өзара іс-қимыл жасауы
үшін монғолдардың ұлыстарындағымен салыстырғанда неғұрлым қолайлы жағдайлар
пайда болды. Алтын Орда мен Шағатай мемлекетінде олардың ыдырауы кезінде
талас-тартыстар мен соғыстар салдарынан пайда болған тайпалардың этникалық
аумақгарын, ұлыстары мен иеліктерін саяси жағынан біріктіріп, аталған
мемлекеттердің әрқайсысы өз аумағында өзіне кірген тайпалар мен руларға
аумақтық және саяси бірлігін, Қазақстанның түрлі өңірлері халықтарының
экономикасын, мәдениетін, бейбіт катынастарын дамыту мүмкіндігін қамтамасыз
еткен, этникалық жағынан оқшау, неғұрлым мықгы мемлекетгік ұйым болды.
Тайпалардың халыққа қосылуының маңызды шарты шаруашылықтың, экономикалық
байланыстардың дамуы болып табылатыны мәлім. Отырықшы егіншілік және қала
мәдениеті шектесіп жатқан аумақгармен сол аумақтардың сан - салалы
экономикасы жаратылысының өз себебіне қарай шаруашылық байланыстары нақ
көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы кезінде ерекше қажет болып
орнықты. Халықтың шаруашылық, сол XIV—XV ғасырдың бірінші жартысында, Ақ
Орда кезеңінде, Көшпелі өзбектер мемлекеті Қазақстан аумагандағытайпалардың
этникалық құрамына тұрақтанып, түрік, монғол тайпаларының бірсыпыра мәдени-
тұрмыстық ерекшеліктері бір ізге түседі, түрлі тайпалық бірлестіктердің
этникалық белгілерінің ортақтығы байқалады. Бұл мемлекеттер халық болып
қалыптасқан көптеген рулар мен тайпаларды қамтыды; бұл орайда Ақ Орда,
Көшпелі өзбектер мемлекеті, Ноғай Ордасы халқының этникалық құрамы
негізінен алғанда ұқсас болатын. Оларда сол кездегі жазбаша деректемелерде
өзбектер деген жинақтаушы этникалық саяси терминмен (этнополитониммен)
белгілі болған түркі тілдес тайпалар: қыпшақтар, үйсіндер, қоңыраттар,
керейіттер, маңғыттар, арғындар, қарлұқтар, наймандар мекендеді. Солармен
қоса деректемелерде бүркіт, қият, кенегес, күрлеуіт тайпалары мен рулары
және басқа да көптеген тайпалар мен рулар аталады. Олардың бір белігі қазақ-
тың Орта және Кіші жүздерінің құрамына кіріп, басқа бір бөлігі XV—XVI
ғасырлар шебінде Орта Азияға барған, сөйтіп оған өзбек есімін апарған.
Ноғай Ордасында қалыптасқан халық та маңғытгармен, алшывдармен,
қытайлармен, астармен және басқаларымен қатар кыпшақ, қаңлы, найман, үйсін
және қоңырат тайпаларының беліктерін қамтыды. Бұлардың бәрі Орта Азия мен
Қазақстанның XIII ғасырдағы буырқанған оқиғалары аймақгың орасанқан
аумағына бытыратып, араластырып жіберген көптеген түрік халықтары үшін
ортақ түрік және түркі тілдес тайпалары мен рулары болатын. Аталған
мемлекеттер ауқымындағы этникалық-саяси даму процестері көп жағынан алғанда
өзбектер, ноғайлар, қаракалпақгар, сібір татарлары, қазақтар үшін ортақ
еді. Бұл халықгар соңғы орта ғасырлар дәуіріңце іс жүзінде бір мезгілде
қалыптасты, олардың қалыптасуы оқшау емес, қайта этникалықтоптардыңтығыз
жанасымдары, мемлекеттік бірлестіктердің саяси байланыстары, халыктың
шаруашылық және мәдени өзара қатынастары жағдайында етті. Моғолстанда да
нақ сондай процесс болды. Онда орта ғасырлардағы деректемелерде моғолдар
деген жинақтаушы этникалық-саяси терминмен белгілі дуғлат (дулат), керейіт
(керей), қаңлы (бекшік), қарлұқ, барлас, шорас, жалайыр, қалушы, бұлғашы
тайпалары және басқалары мекендеді. Бұл рулар мен тайпалардың негізгі
бөлігі қазак халқының басқа бір тармағы — Ұлы жүз құрамына енді. Шығыс
Түркістанның моғолдары Тянь-Шань өңірін мекендеген этникалықтоп ұйғырлардың
құрамдас бөлігі болды, кырғыздардың кұрамына кірді. Шыңғысханның кезінде
Алтын Ордадан бөлініп шыққан атақты Керейлер әулеті Қажыкерей құрған Қырым
хандығы. Оның ұлы Меңлікерейдің тұсында (1475) жылдары Қырым хандығы Осман
Империясына бағынышты болып қалады. Кейін осы тұқымнан шыққан билеушілердің
барлығы сұлтанның келісімімен ғана таққа отырды. XVI – XVII ғ.ғ. Қырым
хандығы Түріктердің барлық жаулап алу жорығына қатысады. Олар Ресей мен Реч
посполитаның бітіспес жауы болып, бұл мемлекеттерді үнемі үрейде ұстады.
Қырым хандығын құрған Қажыкерей мен одан кейінгі билеушілер Меңлікерей мен
Дәулеткерейдің суреті. Бұларда ханды сайлау үшін, Арғын, Қыпшақ, Шырын және
Барын деген атақты төрт Рудың билері Құрылтайда арнайы бас қосатын
болған. Қырым хандарыКерейлер тұқымынан шыққан. Туған жерлерін Қырым юрты
дейді. Қырым деген сөздің өзі – бекініс дегенді білдіреді. Қырым хандары
өздерін Қос теңіздің қағаны, қос құрлықтың сұлтаны санаған...
XIV—XV ғасырларда Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің саяси шең-
берде біршама тұрақты өмір сүруі жекелеген ірі этникалықтоптарды сақтап
қалу мен дамытуға айтарлықтай мүмкіндік туғызды. Ақ Орда (Кек Орда),
Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және Ноғай Ордасы кейіннен аймақта этникалық
жағынан біртектес мемлекеттердің пайда болуы үшін, оларды кейініректе осы
заманғы ұлттарға айналған ірі халықтардың саяси құрылым-дарына топтастыру
үшін жағдайлар дайындады. Қазақстанның және оған шектес Жайық пен Еділ
арасындағы, Оңтүстік Сібір мен Алтай, Тянь-Шань мен Арал өңірлері
аумағындағы жерде аталған. Ноғай Ордасы Еділ мен Жайық арасындағы созылып
жатқан жалпақ дала мен құмды, таулы жерлерді мекендеді. Оның халқы
солтүстік батыста - Қазанға, оңтүстік шығыс-та - Арал, Атырау өңірлерінің
солтүстігіне, тіпті Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі жерлерде көше-қонып
жүріп мекендеді. Сыр бойындағы қалалар мен қамалдардың да бірқатары осы
Ноғай Ордасына қарады. Оның орталығы Жайықтың төменгі сағасындағы Сарайшық
қаласы. Ноғай Ордасының негізін қалаушы Едіге болып саналады. Ол XIV
ғасырдың соңы - XV ғасырдың басында 15 жыл Алтын Ордада бүкіл билікті өз
қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарды. "Беклер
бегі, немесе Ұлы әмір атанған Едіге керші ұлыстардың өміріне де ықпал етіп
отырған. Едіге түрік тектес халықтардың тарихи зердесінде өшпес із
қалдырды. "Ел қамын жеген Едіге" - деп ардақтаған халық оның тұлғасын
"Артынан келіп қарасам, қаһардан пайда болғандай, алдынан келіп қарасам,
лапылдан пайда болғандай, - деп сүйсіне жырға қосты. Ол 1399 жылы Литва-
Польша әскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете
соққы берді. 1408 жылы Едіге орыс әскерлерін талқандап, Мәскеуге дейінгі
жерлерді жеңісті жорықпен жүріп етті. Оның есімі тарихи шежіре жылна-
малардың бәрінде де үлкен құрметпен аталады. Едіге Тоқтамыспен де егесіп
соғысқан. Алтын Ордадағы феодалдық өзара қырқыс кезінде Ноғай ұлысын
нығайтуға тырысқан жаулары Едігені 1419 жылы өлтіреді. Едіге өлгеннен кейін
де Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық жағдай шын мәнінде
оның ұрпағы -манғыт әмірлерінің қолында болды. Мұнда Алтын Ордадан
бөлектенген бірқатар иеліктерде Шыңғыс әулетінен хан көтеру Едіге ұрпағының
келісімінсіз қабылданбайтын дәстүр қалыптасты. Ноғай Ордасы құрамына
Маңғыттармен катар Қоңырат, Найман, Арғын, Қаңлы, Алшын, Қыпшақ, Кенгерес,
Қарлұқ, Алаша, Тама және басқа ру тайпалары кірді. Олардың басшылары
арасында билік пен жер үшін толассыз тартыстар үнемі орын алды. Өйткені
Ноғай Ордасы да Алтын Ордадан кейін құрылған басқа бірлестіктер сияқты
біртұтас этникалық құрылым емес, көбінесе саяси құрылым негізінде
ұйымдасқан хандық еді.
Қазақстан жеріндегі басқа да кешпелі мелекеттер сияқты, Ноғай
Ордасының шекарасы тұрақты болмай, сыртқы жағдайларға байланысты өзгеріп
отырды. XV ғасырдың екінші жартысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауынан
өтіп, "Көшпелі өзбектердің" өріс-қонысын басып ала бастайды. Бұл кезде
Сырдария қалалары мен Орта Азияға шапқыншылық жасаудан қолы тимеген
Әбілхайыр хан ноғайларға қарсылық көрсете алмады. Нәтижесінде ноғайлардың
солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Батыс Сібірге дейін жеткен, ал оңтүстік
шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген.
Ноғай ру тайпаларының билеушілері Уақас би, Мұса мырза, Жаң-быршы мырза
және басқалары Әбілхайыр ханға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға
көмектескен. Кейбір кезде ноғайлар қазақ хандығымен соғысса, енді бірде
татуласып, олармен одақ құрып отырған. ХIV-ХV ғасырларда Ноғай Ордасында
ерте феодалдық қатынастар қалыптасқан. Әлеуметтік бай-феодал топтардың
қатарында хандар мен мырзалар, сұлтандар мен билер, бектер болды. Олар Орда
құрамындағы ұлыстарды, ру-тайпаларды басқарды. Барлық байлық, экономикалық
маңызды мәселелер далалық ноғай ақсүйектерінің қолдарына жинақталды.
Мұндағы жер-су, жайылым жерлер сөз жүзінде рулық қауымдастықтың меншігі
болып есептелгенімен, шын мәнінде қоныстар, мал өрістері, аң аулайтын
жерлер бай топтардың иелігінде болды.
Тарихи заңдылық қой. Кеше қожайын болған ел іргесі сөгілсе, құл-
құтанға жем болады. Рим империясы әлсірегенде, варварлар қожайынға айналып
шыға келді емес пе? 600 жыл түрік астында болған гректер, Осман империясы
жығылғанда Анкарасына дейін алып қоймақ болды емес пе? Тура солай, Алтын
Орда ыдырағанда кешегі басыбайлы, вассал Мәскеу енді сол Алтын Орданың
жырындысы – кіші-кіші хандықтарды жұтпақ болды. Иә, дәл осы кезде Мәскеу
кінәздігі – іргеленіп, күш жиып, төңірегіндегі мордва, коми, карел, удмурт
халықтарын кіріптарлыққа түсіріп, енді шығысқа қарай аяқ баса бастаған.
Бірақ, жыланды жеті кессең де кесірткедей күші бар деген бар емес пе?!
Алтын Opданың мұрагерлері әлі де қуатты еді. Қырым хандығы бірге-бір
келгеннің өзінде Ресейдің аяғын қия бастырмайтын. Ал Ұлы Opда жалғыз өзі-ақ
үш жүз мың әскер шығара алатын. Бірақ, әттеген-ай... Діні бар, тегі бар,
әдет-ғұрпы ортақ туыстас түрік жұрты, бір-бірімен байланысын мықтау орнына
өзара қырқысқа бейім тұрды. Ақыры Алтын Opданың тікелей мұрагері саналатын
Ұлы Opда ыдырады. Ноғай Ордасы тозып, әлсіреді. Бұл кезде бодандықтан
біржола құтылған, енді өзін Мәскеу княздігі емес, Русия деп атай бастаған
орыс мемлекетінің күші әбден толысқан болатын. Шығысқа жол ашу үшін кеше
ғана құдыретті мемлекет құрып отырған түрік тектес қауымды бір-бірлеп
талқандап, мәңгілік бұғауға түсіріп, баяғы Византия үлгісіндегі әлемдік
империя құру үшін ең алдымен іргедегі Қазан хандығын талқындау керек еді.
Ашық соғыстың үлкен шығынға түсетінін аңдаған Ресей әуелде Қазанды саяси
тұрғыдан бағындыруға тырысады. Қазан хандығының ел билеушілері арасындағы
алауыздықты пайдаланып, Қазан тағына өзінің жандайшаптарын отырғызбақ
болады, елінен безген сатқындардың көмегімен бір-бірлеп ұлыстың игі-
жақсыларының көзін жояды. Бірақ Қазан жұртының ынтымағы күшті, рухы биік
еді. Мәскеу қойған хандарды құлатып, шын жанашырды таққа көтерді.
Интригадан ештеңе шықпасына көзі жеткен Ресей ашық соғыс жолына түседі.
1552 жылы сәуір айында орыс армиясын бастап, Иван Зұлым Қазанға қарай жүріп
кетеді...
Ноғай Ордасында өкімет пен елді басқару ісі саяси ұйымдастырудың
ұлыстық жүйесі негізінде қалыптасты. Шыңғыс тұқымынан шыққан хандар мен
сұлтандарға Ордадағы өкімет билігі, соның ішінде әскери, елшілік, әкімшілік
т.б. билік түрлері мұра ретінде көшіп отырған. Орда бірнеше ұлыстарға
бөлінген. Ұлыстың қарапайым қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен, бай-
ақсүйектермен бірге көшіп-қонып отырған. Олар алым салық төлеп отыруға,
соғыстар мен жорықтар кезінде мінетін атымен, қаружарағын асынып келуге
міндетті болды.
Бүгінгі Мәскеудің Мәскеу болып қалыптасуына басқа басқа байырғы
қырымдықтардың еңбегі көбірек сіңді деп айтсақ артық айтқандық емес. Олай
дейтінім, Қырым хандығын Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Қажыгерей басқарған
тұста өзінің дербес әскері жасақталып, билік құрылымы толықтай қалыптасып
үлгерген болатын. Қырым хандығы Алтын Орда мемлекеті құрамында болған
уақытта төңірегіндегі халықтарға саяси, әскері, әлеуметтік-экономикалық
жағынан ықпалы өте күшті болған. Ол кезде іргедегі Киевті айтпағанда,
Мәскеудің өзі Қырым хандығына Сібір, Литва және Шығыс Еуропаның кейбір
мемлекеттерімен дипломатиялық, һәм сауда-саттық жасауда тәуелді де болды.
Кейін Алтын Орда мемлекетін басқарып тұрғандар арасында билікке таласу
басталғанда Қырым хандығы біртіндеп әлсірей бастайды. Жылдар бойы Қырымның
оңтүстік-шығысындағы Севастополь секілді ірі сауда-саттық порттарын
пайдаланған орыстар экономикалық жағынан күшейіп алады да, Қырым жеріне
еніп, 1782-1783-ші жылдары түріктер мен арада болған соғыста жеңіске
жетеді. Орыстар сол жеңістен кейін Қырымды бақылауға алған. Қырымдықтарға
ең ауыр соққы болып тигені - Сталиннің 1944 жылы оларды туған жерлерінен
жер аударып жіберуі болды.
XV ғасырда Ноғай Ордасы өздерінің солтүстіктегі көршісі Орыс
мемлекетімен сауда-экономикалық қатынастар және саяси байланыстар орнатады.
Мұның өзі Ноғай Ордасы тарихын Еділ бойы мен Сібірдегі, сондай-ақ Орта Азия
мен Қазақстан жеріндегі басқа да көрші мемлекеттер тарихымен тығыз
байланыстырып қарауда үлкен маңызы бар. Ноғайлар тарихы, әсіресе, көшпелі
өзбектер мен қазақтар тарихына ерекше жақын келеді. Өйткені Ембі мен
Сырдария арасында кешіп жүрген ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-
құраласып байланысып жатқан. Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының
жақын туысқандығы туралы Ш. Ш. Уәлиханов өзінің шығармаларында әдейі атап
көрсеткен. Ол алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібек тұсында достық
қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды "екі туысқан орда" деп
атаған. Ордасында да сұлтандар мен ақсүйек-феодалдардың арасында хандық
билік үшін талас-тартыс тоқтамай үнемі жүріп жатты. Осы алауыздық оның да
түбіне жетті. ХУ-ші ғасырдың брінші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, оның
орнына Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары құрылды. Оның Қазақстан жеріндегі
бір бөлігі қазақтардың Кіші жүзінің құрамына кірді.
Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты, Ноғай ордасының шекарасы да сыртқы
саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырады. XV I г. екінші жартысында
ноғайлар Жайықтың сол жағалауы шебікен өтіп, өзбектердің өріс-қонысын
басып ала бастайды, сөйтіп шығыс псн оңтүстікке қарай терендеп жылжи
береді. Сырдария қалаларын жаулаудан, Орта Азияға шапқыншылық жасаудан қолы
тимеген Әбілқайыр ноғайларга қарсылық көрсетпейді. Олар оның көшпелі
бодандарының қатарын толықтыра түсуі мүмкін ғой. Ноғайлардың солтүстік-
шығыстағы өріс-қоныстары Сібірге дейін Қанатын жайды (Төменнің оңтүстік-
шығыс жағындағы жер Ноғай даласы деп аталған, ал оңтүстік-шығыста олар
кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген. Олардың
билеушілері Уақас би маңғыт, Мұса мырза, Жаңбыршы және басқалары
Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдескен. Кейін,
жүре келе ноғайлар қазақ хандарымен соғыса, енді бірде татуласып, одақ
құрып отырған. XVI ғ. орта кезеңдегі деректерде Хақназарханды қазақтар мен
ноғайлардың ханы деп атаған. Ноғай ордасының құрамы белгілі бір кезеңге
дейін, сол аймақтың түрік халықтарының бас қосып, ынтымақтасуы аяқталғанға
дейін Ақ орда мен Әбілқайыр хандығының құрамына жақын болатын. Оның
құрамында түрік және түріктенген моңғол тайпалары мен тайпалық бірліктер
бартұғын. Маңғыттарды есептемегенде, Ноғай ордасына қыпшақтар мен қанлылар,
қоңыраттар мен наймандар, үйсіндер мен кітйй, аз (ас), алшын мен тама т. б.
енетін. Ноғай ордасы этникалық-саяси бірлестік ретінде пайда болады; оған
кірген тайпалар аяғында басы құралып біткен ноғай халқының негізін
салады. XV екінші жартысында осынау халықтын, “ноғай” аты пайда болады.
олар көрші жұртқа осы атымен мәлім болған.
Қазақ халқы мемлекеттік Тәуелсіздігінің арқасында өзінің тарихи,
рухани және мәдени құндылықтарына ие бола бастады. Енді, қазір еліміздің
бұрынғы атақты батырларына, ұлы қайраткерлеріне іздеу салуда. 1992 жылы
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш
құрылтайында: Бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ
тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі
ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта
сақтап қалған халық, – деген еді.
Сондықтан да біз өз сапарымызды Қазан мемлекетінің алғашқы туын тіккен осы
аттас қаладан бастадық. Кезінде кілең түркі ұлыстарынан құрылған бұл
тарихи қаланы татарлар қаласы атандырғандар сол тұстағы ел басқарушы
төрелер болатын. Ал, шындығында сол кезде қаладағы татарлар теңіздің
тамшысындай ғана болыпты. Хандық билік құрылғаннан кейін, әмірші өз
жарлығымен Сарай мен Хажытархандағы өз сенімділерін жинап алыпты. Қала
осылай тұрғызылған. Біз сапарымыздың біссімілләсін, жақында ғана Қазақстан
Президентінің құрметіне аталған көшеден бастадық.
Жалпы, бүгінгі Қазанды кешегісімен салыстыра алмайсың. Әйтсе де, тастан
қаланған ғимарат, сарайлар, биік мұнаралы мешіттер, кесенелер мұнда сәулет
өнері мен құрылыс техникасының дамығандығын көрсетеді. Ұлттық салт-дәстүр,
инабат ежелгі құндылықтар негізінде сақталыпты. Халықтың тілі де, ділі
де сол құндылықтар өзегінен нәр алғаны байқалады.
Ұлы жазушы Максим Горький: Халықтардың күші мен байлығы жерінің кеңдігі,
орман-тоғай, малының, қазба кендерінің көптігінде емес, білімді адамдарының
саны мен сапасында, білімге деген құштарлығында, ақыл-ойының алғырлығы мен
оралымдылығында, яғни халықтың күші материяда емес, ішкі қуатында, – деген
болатын. Ұлы жазушының осы айтқанын біз татар елінің бүгінгі тынысынан
көре алдық. Ол туралы алдағы уақытта Қазан қаласы туралы арнайы әзірлейтін
мақаламызда сөз етпекпіз. Алда қыпшақтардың атының дүбірі қалған Нижний
Новгород және Дешті-Қыпшақ мемлекетінде билік құрып, кейін Қасым
хандығында билік жүргізген Ораз Мұхаммед хан мен оның ақылшысы –
атақты ғалым, жылнамашы Қадырғали би Қосымұлы Жалайыри және одан басқа осы
өңірде ұзақ уақыттар бойы әмір жүргізген 14 сұлтанның тағдыр-талайы
жатқан Қасымов қаласы тұр.
XIV—XV ғғ. Қазақстан халқының негізгі тіршілігі өткен ғасырлардағы
секілді көшпелі мал шаруашылығы болып қала береді. Көшпелілер қой мен
жылқы, түйе өсірген, жекелеген аудандарда ірі қара мал шаруашылығы дамиды,
мәселен, ноғайлар мен қара қалпақтар батыс пен оңтүстіктегі өңірлерде, өзен
жайылмалары мен таубаурайларында сыйыр есіреді. Сол аймақтардың халқы
суармалы және тәлімі егіншілікпен де айналысады, балық аулап, аңшылық
құрады. Көші - қон кезінде, әскери жорықтарда ат таптырмайтын кәлік болады.
Қой шаруашылығы барлық жерге жайылып кеткен аді. Негізгі асетке қоса
қой былғары, тері береді, оның жүні киім кешек, тесек заттарың кілемдер мен
киіз бұйымдарын әзірлеуге, уйжылытуға қолданылады, Малдың шикізаттарын
өңдеу жөніндегі үйінінің кәсібі көшпелілердің киім мен тұрмыс заттарына
сұранымын қанағаттандырып отырады. Кейбір жекелеген ісмерлер аса күрделі
бұйымдарды — аттың ертұрманың метал әшекейлерін, Қару-жарақ (семсер, суңгі,
садақ, оқ), арба, үй сүйектері т. б. келістіріп жасаған. Мал өсіру
шаруашылығы эволюциясының барысында, онын, Ірктеліп-сұрыпталып шыққан:
көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы сияқты Қазақстан жерінде қадым
замандардан бері өмір сүріп келе жатқан үш түрі ғасырлар бойы өзгермей
қалды деуге мүлде болмайды. Ол экологиялық жағдайларға байланысты ғана
емес, саяси оқиғаларға, тайпалар мен халықтардың қоныс аударуы секілді
жәйттерге байланысты өзгеріп отырған, ал экологияның өзі қандай жағдайлар
мен оқиғаларға тәуелді болған ғой. Бұл оқиғалар хал-ақуалдар ертеден
қалыптасқан табиғи-географиялық жағдай тарихи дәстүрлерге сәйкес, тіпті
көші-қон жолдарына дейін өзгертіп отыруға әсер ететін болған. Сол дәстүр
бойынша, Ақ орда мен Әбілқайыр хандығының көшпелі рулары мен тайпалары
Шығыс Дешті-Қыпшақтың жеке аудандары өріс-қонысынан қыстау үшін Сырдария
мен оның салалары алқабына, Қаратау баурайы мен Арал өңіріне көшіп барады
екен.
Көрші мемлекет билеушшерімен күрес-тартыс барысында ор ел жерін
біліктің күшімен, найзаның ұшымен әзер ұстап тұрған. Ноғай мал
өсірушілерінің Еділ құярлығы мен Каспийдің солтүстік-Жағалауы маңындағы
қысқы мекендерінен Еділ, Жайық, Ембі бойларымен жоғары жүретін жазғы
жайлауларының дәстүрлі көшіп жолы саяси хал-ақуалға лайықталып, шығыста
Арал өңірі мен Сырдарияның төменгі жағына қарай, батыста — Құм ойпатына
сол сияқты Каспийді жағалап оңтүстікке қарай өзгертіліп отырған. Жетісуда
көші-қон жолдары қысқарақ болған. Деректер белгілі жайылымдар ішінен Іле
өзені бойындағы Үлкен жұлдыз және Кіші жұлдыз, Шарын мен Шелек арасындағы
Әбіш жазығының жайлауларын т. б. атап етеді.
XIV—XV гғ. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан халқының шаруашылық тірлігінің
жалпы балансында түбірлі өзгерістер болады. Моңғол хандары мен
феодалдарының ұзақ уақыт өктемдік жүргізуі, ХІІІ бастап шығыс жақтан
хисапсыз көп көшпелі тайпалардың келіп қосылуы, Шағатай ұлысы мен Хайду
мемлекетіндегі иеліктерді қайта бөлісу үшін жүргізілген ішкі қырқыстардан
жұрт қөзінің ашылмауы — ал осынау соғыстарға байланысты моңгол әскерінің
жиі – жиі немесе сирегірек орнын ауыстырып отыруы — осының бәрі жиналып
келіп, XIV ғ. соқғы кезінде Жетісудағы отырықшы егіншілік және қала
мәдениетін жойып жібереді. Әуелі қалалар маңындағы ауыл шаруашылық
окруктері, содан кейін ежелден келе жатқан Баласағұн, Алмалық, Алматы,
Тараз, Иланбалық, Қаялық Екіоғыз сияқты көптеген қалалар ғайып болып құрып
кетеді. Көшпелі мал шаруашылығы барлық жерде де басты кәсіпке айналады, ол
жергілікті халық тіршілігінің негізгі саласы болды орнығады.
Егіншілік кәсібінің айқын іздері XIV—XV ғғ. Батыс Жетісудың Шу мен Талас
алқаптарында, құрып кеткен қалалар өңірінде сақталып қалады. Жазба
деректерде XV ғ. жана мекдер, керуен-сарайлар мен бекіністер салынғаны
жөнінде айтылады, мәселен мұхаммед Хайдарда Ыссық көл мақында осындай
құрылыс салынғаны жайлы мәлімет бар. Бірак тұтас алғанда Оңтүстік Шығыс
Қазақстан мен Қырғызстан аймағы Моғолстан мемлектер құрамына кірген кезенде
бұл арада қала өмірі қайтадан жаңғырмайды. Сол себепті де осынау
мемлекеттің экономикалық және саяси өмірінде Қашғариянығ отырықшы егіншілік
аудандары мен қалаларының манызы айрықша туып тұрады. XV ғ. соңына таман
Сырдарияның орта ағысы алқабындағы қалаларды билеу үшін қазақ хандары мен
Шайбани билеушілері, Темір ұрпақтары арасындағы қиянкескі күреске келіп
киліккен моғол ханы Ташкент пен Сайрамды уақытша бағындырады. Жетісу
көшпелі аудандар халықтарының өмірлік мүдделері, мал шаруашылығы өнімдерін
өткізіп, қала қолөнер кәсібінің заттары мен азық түлікті алып тұр зәру
қажеттігі олардың Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның егіншілікпен
айналысатын облыстарының халқымен де экономикалық байналыс жасап тұруға
ұмтылдырады.
Қырым әскері көмекке келе жатыр Осы кезде Қазан хандығына көмекке
Қырымлы жұрты дүр көтеріліп, жорыққа шығады. Олар Иван Зұлымның армиясын
орта жола ұстап алу үшін Тула қаласын бетке алады. Алайда Иван IV-ші бұ
жолғы жорықтың маршрутын мүлдем өзгертіп тастап еді. Иә, бұрындары Қазанды
алу үшін орыс әскер Тула маңында жиналатын. Бұл жолы Иван Муром шаһарында
армиясын жинап, қалыпқа келтіріп, Ока өзенінің бұрынғы кеуіп қалған
сағасымен жасырынып, Қазанға жүріп кетті. Қырым әскерін алдаусырату үшін
Тула қаласына Иван кішігірім әскер жұмсап қойғаны бар. Қырымнан тіке
тартқан Дәулет Керей Тула қаласына жеткенде, орыс әскерін көріп, Иван
зұлымның армиясын ұстадым деп қуанып кетеді. Қырымлықтар ауыр ұрыс салып,
Тула шаһарын өртеп, енді Мәскеуге бет алады. Бірақ, орта жолда орыс әскері
Қазанды қоршауға алды деген ақпаратты естиді. Дәулет Керей хан қалың қолды
бірнеше бөлікке бөліп, едел-жедел татар астанасына жетіп баруға асығады.
Бірақ, дәл осы әскерді бірнеше бөлікке бөлу – үлкен қателік еді. Орта
жолда, орыстың құрған торуылына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz