Суретшілердің жанр саласындағы туындыларының көркемдік бейнелеу тілі мен мазмұндық ерекшеліктері


Жоспар:
I. Кіріспе 4
II. Негізгі бөлім
2. 1 Қазақстан суретшілерінің шығармашылығындығы тұрмыстық жанрдың қалыптасуы мен дамуы 6
2. 2 Суретшілердің жанр саласындағы туындыларының көркемдік бейнелеу тілі мен мазмұндық ерекшеліктері 10
2. 3 Суретшілердің шығармашылықтарындағы эпикалық-романтикалық сарын 12
2. 4 Ұлттық суретшілердің рухани әлемі 18
2. 5 Портреттің ерекше басты сипаты оның түпнұсқамен ұқсастығы 21
2. 6 Ұлы шетелдік суретшілер 24
III. Қорытынды 27
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі 29
I. Кіріспе
Қазіргі кезде дүние жүзілік мәдениеттің дамуы, халықтың сана - сезімінің өсуі, тоталитарлық империяның күйреуі, жас тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, бұрыннан қалыптасып, сіресіп қалған пікірлер мен қағмдаларды сын көзбен қарап, жаңаша әдістемелік қатынас тұрғысынан ойлау мен жан - жақты әрекетімізді ұйымдастыруымыз бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі.
Өнер - өмір, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнер - өмір көрінісі, ол халық ескерткіші. Өнер адамзат өмірінде, тарихында үлкенроль атқаратын өрісі кең, ұшы - қиыры жоқ, қиын да қызықты жол. Ол шынайы талант, шындықты,
шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой мен
көркемдік, сұлулықты талап етеді. Өнер туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіштер мен классикалық шығармалар туындыларын көргенде, біз оның тек әдемілігіне ғана қызығып қоймай, оның мазмұнына мән бере отырып, ұрпаққа қалдырылған рухани байлықты көреміз. Өнердің қоғамдық тәрбиелік мәнін жан - жақты түсіну оның әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Сондықтан біз халық өнерін айнала қоршаған әдемілікті, сұлулықты жете түсініп, сүйуіміз керек, өнердің тылсым ғажайып сырларын ашып, оны үйренуіміз қажет.
Өнер түрлерінің қатарына бейнелеу өнері де жатады. Өнердің бұл түрі бізге өзімізді қоршаған дүниенің шынайы сипаты мен оның табиғи құбылыстарын, таңғажайып әсемдігін танып білуге жол ашады.
« Бейнелеу өнері - шындығын, біздің өзімізді қоршап тұрған дүниедегі жанды - жансыз заттарды көре отырып тікелей кескіндеп не мүсіндеп түсіруді айтамыз. Оған көркем өнердің кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолөнері, тағы басқа түрлері жатады ».
Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының әлеуметтік-мәдени дамуы жөніндегі тұғырнамасында Республикада тұратын барлық халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне тиісті көңіл бөлінетіндігі және кез келген мәдениет қайталанбас, теңдесі жоқ қазына екендігі, сондай-ақ, белгілі бір халықтың өзін дүние жүзіне сол арқылы толық танытатыны айтылған.
Сонымен қатар, бұрынғы өткен өзіндік мәдени дәстүрлерін еске түсіру, есте ұстануына, одан рухани қуат алып, өзіндік жасампаздық үрдісін тыныту үшін оған басқа мәдениеттердің белгілерін шеберлікпен өз бойына дарытуға мүмкіндік беретіні көрсетілген.
Халықтық мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктерін мойындай келіп, Қазақстан халықтары мәдени қазыналарының бірлігі қалыптасатынын ескеріп, мемлекет барлық халықтардың мәдени мұраларын сақтап, қорғайтыны, мәдениеттердің теңдігін және әрбір халықтың өз мәдени ерекшелігін орнықтыру, сақтау және дамыту құқығын қамтамасыз ететіндігі тұжырымдалған.
Қазақстан мәдениеті деген үлкен ұғымға негізгі ұйықты болатын Қазақ мәдениеті ертең қай бағытта дамуы керек? Азиялық па, еуразиялық па, түркілік пе, әлде мұсылмандық негізде ме? Мемлекетаралық, ұлттық интеграцияға ұмтылып отырған Қазақстанның қазіргідей саяси жағдайында бір ғана ұлттық шеңберде дамуды мақсат етіп қоюдың өзі дүние-әлемде қалыптасып отырған бүгінгі таңдағы реалды жағдайды ескермегендік боп табылар еді. Ұлттық мәдени дамудың перспективаларын негізге ала отырып, біз өзімізді қоршаған басқа да озық үлгідегі мәдени дәстүрлер мен ағымдарды есепке алуға тиіспіз.
Мәдениет ұлтты қорғайды, сол ұлттың басын құрып отырған мемлекетті қорғайды. Бұл - дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Демек, мемлекет те өз мәдениетін қорғауы керек, оның жаңарып, түрленіп, гүлденіп отыруына баса көңіл бөлуі қажет.
Мәдениетті күнделікті болып жататын көңіл көтерер факт ретінде қабылдамай, ұлттың негізі, мемлекеттің тірегі деп қарайтын кез жетті. Олай болмаған жағдайда ұлт мәдениетінің босаған орнын басқа елдің жат өнері жайлап алады. Ол - жаңғар шапқыншылығынан әлдеқайда қауіпті.
ХХІ ғасырда бейнелеу өнері сияқты адам жайында айтудың осындай көне тәсілі қажет бола ма? Жердегі жаңа адамдардың суретшінің алдында ол бейнелеудің ұтымды формасын тапқанға дейін тапжылмай отырып күтуге уақыттары мен шыдамдары жете ме? Өмір сүре келе, көрерміз. Дегенмен, жақсы нәрсе текке кетпейді дегенге сенгің келеді және екі адам өмір мен өнер туралы достық рәуіштегі әңгімеде бір-біріне өздеріне сын көзбен қарауға мүмкіндік беретін де күндер туады: суретші ерекше түс белгісін табуды қажет ететін модель болса, модель суретші үшін шығармашылық пен өнердің мәнін түсіндірудің құралы.
II Негізгі бөлім
2. 1 Қазақстан суретшілерінің шығармашылығындығы тұрмыстық жанрдың қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы тұрмыстық жанрдың пайда болуы мен дами бастауының жалпы өткелдері мен сатыларын таразылай келе, ол кезеңдегі суретшілердің туындыларындағы тұтастық, көпқырлылық, тарихилық пен әлеуметтік болып құрылған екі арнаның кіріктірілгендігін, ұлттық сипаттың айқын көріністерін, шындық өмірдің көркемдік тұрғыдан сәйкестенген нышандарын ұғынуымызға болатындығын көрсеттік. Біз қарастырып отырған тұрмыстық жанрдың ерекшеліктерін тарихи тұрғыдан ашып көрсету - ұлттық рухты, мәдениетімізді қайта жандандыру мен нығайта түсудің шарты екендігін атап өттік.
Сырттан келген ресейлік суретшілердің көш басында тұрған әуесқой Н. Хлудов шығармашылығы экзогендік фактордың көріністерінің бірі. Тарихи деректер бойынша Н. Хлудовтың 62 жыл өмірін қазақ жерінде өткізіп, бейнелеу өнерінің алғаш студиясын ұйымдастырып, онда қазақ бейнелеу өнерінің тұңғыш суретшілерінің кәсіби шеберлігін қалыптастыруға ықпал еткендігі белгілі. Бірақ бейнелеу өнеріндегі сыни көзқарастарға назар аударсақ, Н. Хлудов шығармашылығын алғаш сараптаған А. Байтұрсынұлының, кейіннен Б. Байжігітовтың оған деген ескертпелерінің дәйекті екендігін де атап өтуімізге болады.
Сонымен қатар бұл салада Қазақстанға 1920-1930 жылдар аралығында Ресей жерінен келген В. Каптерев, С. Богданов, Ю. Зайцев, Л. Литвиненко, М. Гайдукевич, Н. Крутильников, Ф. Болкоев сынды суретшілердің өзіндік әсері болғандығы анық. Олар сол кездегі қазақ жерінде кеңестік уақыт талабына сай болып жатқан өзгерістерді өздерінің шығармаларында белгілеп кетеді.
Кескіндеме өнеріндегі тұрмыстық жанрдың қалыптасуы мен дамуының алғышарттарын таразылау үшін оған әсер еткен сыртқы факторлардың бірі - еліміздегі саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік өзгерістерге шолу жасай отырып, осы ықпалдастықтың айқын мысалдарын атап өтуіміз қажет. 1930-1940 жылдары - социалистік индустрияландырудың өркендей түсуі, ірі өндіріс орындары мен ауыл шарушылығы өнімдерін өңдейтін зауыттар мен фабрикалардың салынуы, жеңіл өнеркәсіптің дами бастауы, ғылым мен өнердің бір жақты болса да дамуы, сауатсыздықты жоюдың жалғаса түсуі, темір жолдардың салынуы т. б. өзгерістер қазақ суретшілерінің тұрмыстық жанрдағы тақырып аясын кеңейтті. Осындай республикамыздың жас индустриалды орталықтарына арналған тақырыптар Ю. Зайцевтің диптих түрінде кескінделген «Балқаштағы түнгі құрылыс» (1935) және «Балқаштағы құрылыс» (1936), Н. Крутильниковтың «Балқаш стахановшылары» (1940), Қ. Қожықовтың «Риддер көрінісі» (1936), «Шымкент зауыты» (1937), «Түрксіб құрылысы» (1937), Ә. Қастеевтің «Түрксіб» (1932), Ә. Ысмайыловтың «Балқаш. Құрылыстағы жастар бригадасы» (1938) атты туындыларында баяндалады.
Экзогенді факторларға, яғни сыртқы ықпалдарға қарамастан, қазақ кәсіби суретшілеріміздің шығармашылықтарында негізінен эндогенді фактор, яғни халықтық ішкі сана-сезім қуаты, дәстүрлі дағдылар, ұлттық дүниетаным басты орында тұрды. Өйткені сол кездегі суретшілердің шыққан түп тамырлары нағыз халық ортасы болып табылған және олар сол ортадан әлі де қол үзе қоймаған еді. Осы кезде қазақ бейнелеу өнерінде халық арасынан талантымен көзге түсіп алға шыққан және әрқайсысы өзіндік қолтаңбаларымен ерекшеленген ұлттық қылқалам шеберлерінің шағын ортасы қалыптасады.
Бұл өнер рухындағы ортаның негізін қалаған - Ә. Қастеев, Қ. Қожықов, Ә. Ысмайыловтар өздерінің халықтық сипаттағы туындыларымен көрерменге кеңінен танылған болатын. Сонымен бірге осы уақыт өнерінде есімдері ауызға көп іліге қоймаған А. Ташбаев, Б. Сәрсенбаев сынды суретшілерді атап өтуіміз керек.
Бұлардың ішінде өзінің аса дарындылығымен көзге түскен Қ. Қожықов шығармашылығы нағыз халық шаруашылығы өмірі мен өнерінен терең түсінік береді. Шебердің композицияларындағы қолданған өзіне ғана тән декоративтік әдіс-тәсілі, түстік түзілімінің халықтық сипаты мен сол кездегі қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер шындығын өткір қабылдап, өзінің қайталанбас туындыларында көрсете білуі оны нағыз халық суретшісі деңгейіне көтереді. Аталған қылқалам шеберлерінің шығармашылықтарындағы сол кездегі көркемөнер тізбегіндегі ұлттық дәстүр мен ұлттық мінез-құлық сипаты, оларды өз халқының сана сезімі мен дүниетанымының тікелей насихатшылары ретінде танытады.
Қазақ кескіндеме өнеріндегі тұрмыстық жанр аясында Ә. Қастеев шығармашылығы өзінің халықтық этномәдени сипатымен, ондағы ұлттық дүниетаным тәлім-тәрбиесі тұрғысынан болашақ ұрпаққа құнды мұралар қалдырған. Жалпы шебердің туындыларының ауқымдылығы мен шығармашылық ой ағымының кеңдігіне байланысты еліміздегі өнертанушы ғалымдар мен зерттеушілер арасында бүгінгі күнге дейін жалғасын тапқан танымдық дискурс алаңы қалыптасқаны белгілі.
Белгілі өнертанушы Р. Ерғалиеваның айтуынша: «Қ. Қожықов туындылары мен Ә. Қастеев, Ә. Ысмайылов шығармаларының өзіндік ерекше қасиеттерінің айқындалуы, тұтастай алғанда, бүкіл келер шақтағы қазақ бейнелеу өнерінің негізгі пішінін қалыптастыру сапасын анықтайды . . . Қазақ суретшілерінің әрқырлы кескіндемелік туындыларындағы рәсімдік, салт-дәстүрлік ой-идеяларын кіріктіру ұмтылыстары көркем сөзде, ырғақта, әдет-ғұрыптарда, дәстүрлі ұлттық ойындарда, халық ауыз әдебиетінде мәнерленуі табылған тұрақты дәстүрлі стереотиптік дүниетанымға айналады». Мәселен, Ә. Қастеевтің «Киіз үйдің ішкі көрінісі» (1934) атты туындысында суретші сырттай бақылаушы ретінде қалмайды. Үй ішіндегі бұйымдармен және адам тұлғалары үлкен үйлесімдікте шешілген деп түсіндірген өнертанушы-философ Б. Байжігітов те оның ұлттық қолтаңбасын орынды байыптайды.
Шебердің туындыларында қарапайым еңбек адамдары, олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі мен алаңсыз бір сарындағы қалыптасқан бақытты өмір жайындағы көріністер анық айшықталады. Шығармаларында бүгінгі күннің қаталдығы мен шым-шытырық қайшылықтары жоқ. Ондағының бәрі меймандос, жайбарақат кейіпте беріледі. Суретші сонымен қатар, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрпы мен туған өлкесінің бейнесіне сол уақыттағы социалистік қоғамның ықпалымен енген өзгерістерді бейнелейді. Жалпы алғанда, осы кезеңнің қылқалам шеберлеріне ұлттық мектептің негізін қалаушылары ретінде үлкен саяси салмақ түскені де рас. Өйткені олардың алдарында, біріншіден, өнердегі өз орнын табу міндеті тұрды, яғни, ол қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, дәстүрлі сана-сезімін бейнелеу арқылы, оның қайталанбастығын айқындау болса, екіншіден, социалистік қоғамның, сол кездегі өнердің өзіне қойылған «социалистік реализм» әдістерінің қатаң талаптарын орындау үлкен сын болды. Ә. Қастеев өзінің шығармашылығында осы екі міндетті еш ауыртпалықсыз орындап өзінің қайталанбас халықтық арнадағы қолтаңбасын таба білді.
Қылқалам шеберінің шығармашылығы хақында өнертанушы Д. Шарипова: «Ә. Қастеев қазақ кескіндеме өнерінің майталманы болғанда да, өзінің терең тамырлы өнеріне негізделген көркемдік ойлау логикасының халықтық қасиетін сақтайды» деп атап өтеді.
Қылқалам шеберінің алғашқы шығармаларынан бастап-ақ туған жер табиғаты мен қарапайым халық өмірінің көріністері жайлы сүйіспеншілікпен асықпай, толыққанды баяндау сипаты өмірінің соңғы күніне дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан емес.
Ә. Ысмайыловты қазақ кескіндемесіндегі тұңғыш кәсіби суретшілердің ішіндегі романтикалық тақырыптардың алғашқы қарлығашы десе де болады. Қылқалам шебері жайлы өнертанушы Қ. Болатбаев: «Халық суретшісі Әубәкір Ысмайылов көлемдік көркем туынды жазуда дәуір мен дәстүрге, түр мен мазмұнға толы тұжырымды ойларын ортаға сала білді» - деп баға береді. Суретші шығармашылығының негізі лирикалық-романтикалық сарындағы табиғат көрінісі мен халық эпостары тақырыптары аясын қамтиды. Халық өмірі мен дәстүрінің түп тамырынан нәр алған шебердің шығармашылығында орын алған халық ауыз әдебиеті кейіпкерлері мен халқымыздың әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары мен мереке-мейрамдары ғасырдан-ғасырға сабақтасқан ұлт дәстүрлерінің философиялық және дүниетанымдық маңызын көркемдік таным тұрғысынан ашып көрсетеді.
Еліміздегі ұлы үдерістерден, әрине, қазақ кескіндеме өнері ешбір шет қалған емес. Ұлы Отан соғысы жылдары еліміздің өнеріндегі ортақ тақырып - майдангерлер ерлігі мен отансүйгіштігі, жеңіс жолындағы халқымыздың тылдағы тынбай жасаған ерен еңбегі туралы болды. Суретшілердің шығармашылығындағы үлкен орын алған майдан тақырыбы жайлы туындылар төңірегінде өнертанушы И. Рыбакова М. Лизогубтың «Майдангерлерге сыйлық» (1942) «Тыл майданға», «Жаңа отбасында» (1945), Л. Леонтьевтің «Майданға аттандыру» (1956), Б. Урманченің «Жеңіспен оралыңдар», О. Кужеленконың «Алматы соғыс күндері», «Майдангер әңгімесі» атты туындыларында ел басына түскен ауыр жылдар тыныс-тіршілігі бейнесін үлкен сезіммен бейнелейтінін атап өтеді. Сол сияқты суретшілердің қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін өз пайымдауындарынан өткізіп бейнелеген туындыларында қазақ халқының дарқандығы мен меймандостығы, олардың тұрмысындағы қарапайым көріністер жылылыққа толы. Айта кететін болсақ, ол Л. Леонтьевтің «Колхоз базары» (1940), М. Лизогубтың «Ертегі» (1958), «Халық шебері» (1961), А. Черкасскийдің «Жамбыл Жабаев пен Дина Нұрпейісова» (1955) атты туындылары қазақ халқына деген алғыс сезімінен туындаған шығармалар болып табылады.
Бұл тараушада Қазақстандағы тұрмыстық жанрдың қалыптасуындағы алғашқы қылқалам шеберлерінің шығармашылығын таразылап, олардың өз алдына бір кәсіби мектеп болып өркендей түсуі үшін әсер еткен ықпалдарды сыртқы және ішкі факторларға ажыратып көрсеттік. Сол кезеңдегі мәдени-әлеуметтік өмір шындығының суретшілер назарынан тыс қалмауы, ұлттық болмыс нақыштарының да айшықталуы, кеңес заманындағы идеологиялық талаптардың да орындалуын өнер иелерінің туындылары арқылы дәйектеп көрсеттік.
2. 2 Суретшілердің жанр саласындағы туындыларының көркемдік бейнелеу тілі мен мазмұндық ерекшеліктері
Ұлттық мектептің бастапқы жылдарында туындаған кейбір мәселелер жайында өнертанушы А. Юсупованың тұжырымдауынша: «1920-1930 жылдар аралығында кезеңінің өнеріндегі туындаған күрделіліктер, сол кездегі тарихи уақыттың күрт өзгеруіне байланысты, ол қазақ кескіндеме өнерінде қазіргі кезге дейін сақталған ұлттың рухани алғашарттары жүйесінің трансформацияға ұшырауы мен көпқырлы екіұдайлық болып табылады . . . Орыс реалистік өнерінің дәстүрлері арқылы Қазақстан кескіндемесі әлемдік көркемдік мектептер тәжірибесімен таныса алатын болды. Бір жағынан, реалистік әдіс суретшілерді ұлттық, азиаттық менталитетіне тән астарлы көркемдік «өзіндік сөз» қолдану мен философиялық-пайымдаушылық ойлау түрінен алып кетіп отырды».
Кеңес заманының өнерге қойған талабы бойынша, «пішіні ұлттық, мазмұны социалистік» деп аталған құбылыс шеңберінде ұлттық кескіндемешілеріміз халықтың рухани дәстүрлерін, ондағы рәсімдер, әдет-ғұрыптар мен салт-жоралардың дүниетанымдық маңызын барынша сюжетке салып бейнелей білді. Яғни, нақты тұрмыстық жанр көлемінде уақыт пен кеңістік аумағындағы халық өмірінің күнделікті тіршілігі мен оның ғасырлар бойы жинаған әр қырлы тәжірибесін тұтастай қамтып, осы мәселелердің астарлы мағынасы мен түйткілді тұстарын да белгілі бір деңгейде көркемдік таным құралдарымен ашып көрсетуге тырысты. Олай болса тұрмыстың кең ауқымды, әр салалы екендігіне байланысты, оны бейнелеу сәтінде де сан алуан образдар мен оқиғалардың көрініс табатындығына сай тұрмыстық жанрда нақышталған туындыларды жинақтай отыра, біз ұлттық және елімізге келген суретшілердің өзіндік көркемдік тіл ерекшелігіне әсер еткен тақырыптар мазмұны аясын шартты түрде былайша жіктеп, топтастырып көрсеттік:
- ұлттық және халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің сәттері;
- қоғам мен адам мәнін ашып көрсету;
- идеологиялық және оның әртүрлі мазмұндағы көріністері.
Осы тараушада өнер иелерінің шығармашылығында өмір шындығымен тікелей астасып жатқан тұрмыстық жанрдың аясында, шеберлеріміздің бейнелеу көркемдік тіл ерекшелігінің қалыптасуына ықпал жасаған факторларды зерделеп өттік. Ондағы халықтық мінез-құлық және ұлттық түстік ерекшеліктерін, сол кездегі уақыт талабындағы социалистік реалистік тіл шеңберінде өзіндік ұлттық ішкі мазмұны мен сыртқы формасын анықтаған кескіндеме өнеріндегі бейнелеу көркемдік тілінің қалыптасуында тұрмыстық жанр аясындағы еңбек еткен суретшілердің де үлесі болғанын пайымдадық.
Бұл тарауда Қазақстандық кескіндеме өнеріндегі тұрмыстық жанрдың қалыптасуының негізгі алғышарттары талданып, бастапқы кезендерін 1930-1940 жылдар бойынша жіктеп алып, сол уақыттағы суретшілердің шығармаларынан мысалдар келтіре отырып дәйектедік. Әрбір суретшінің шығармашылығындағы тұрмыстық жанр төңірегінде жазылған туындыларының тақырыптық мазмұнын, сюжетін, құрылымын, түстік және т. б. ерекшеліктерін кешенді түрде жеке-жеке талдап көрсеттік. Және сол арқылы суретшілер шығармашылығының халықтық, дәстүрлі, ұлттық, дүниетанымдық, қоғамдық-әлеуметтік сипаттары мен шығармашылықтарында қалыптасқан көркемдік бейнелеу тілінің өзіндік көрінісін айқындадық.
2. 3 Суретшілердің шығармашылықтарындағы эпикалық-романтикалық сарын
Қазақстан бейнелеу өнерінің эволюциясы 1950 жылдарда ұлттық мәдениет дамуының өркендеу үрдісімен жалғасын табады. Бейнелеу өнерінде осы уақыттан бастап саяси «жылымық» кезеңінің әсері тиген, жаңа және өте маңызды кезең басталады. Қазақ өнерінің дамуының өн бойында тақырыптық туындылар кеңістігі үшін өзара үзіліссіз жүріп отырған күрес жалғаса түседі. Алайда нақты осы бір уақыт - жанрлық кескіндеме өнерін дамытушы өкілдердің өмір шындығына, тұрмыс-тіршілікті бейнелеуге аса қызығушылық танытып, заманауи тақырыптар төңірегін кеңінен тарқатып, өзінің өрістеуі бойынша сан алуандылық бағыттарымен ерекшеленген кезең болатын.
Бірінші кезекте суретшілердің кәсіби шеберліктері деңгейінің жоғарылауымен қатар сол шеберлікке деген талаптың күшейтілуіне және оның заманауи түсініктегі кескіндеме өнерінің тек қана кәсіби техникалық жақтарын меңгеруімен ғана емес, сонымен бірге көркемдік таным көзқарасын, эстетикалық ойдың күш-қуатын туындыдағы әлем бейнесімен бірегейлендіре білуіне байланысты болды. Яғни, ең алдымен туындылырының мазмұнында ұлттық өнердің өзіндік ерекшелігінің нышандарымен айқындалған осы кезеңнің жанрлық кескіндемесі халық өмірі мен дүниетанымын, дәстүрлі ұлттық тағылымдарды түбегейлі, әрі тереңінен зерттеуге негізделеді. Алайда суретшілер сюжеттік-тақырыптық туындылар жасау жолына бірден-ақ қол жеткізген жоқ, тарихи-әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, бұл үрдіс «алғышарт - ізденіс - басталу - даму - өркендеу» тәрізді сатыларды бастан өткерді деп айта аламыз.
Өткен ғасырдың 1950-1960 жылдарында Ресей жеріндегі Мәскеу, Ленинград сынды Кеңес Одағының саяси-мәдени орталықтарында арнайы көркемдік білім алып, туған жерге оралған дарынды суретшілеріміздің ұлттық мектеп негізін қалағандығын атап өтуімізге болады. Бұл ұлттық мектептің негізін қалағандар бүгінгі қазақ бейнелеу өнерінің классиктеріне айналып отыр. Олар: Қ. Телжанов, М. Кенбаев, С. Мамбеев, А. Ғалымбаева, Г. Исмаилова, Н. Нұрмұхамедов, Ә. Жүсіпов, С. Айтбаев, Ш. Сариев және тағы басқа суретшілер. Бұл кескіндеме өнерінің еліміздегі өрлеу кезеңінің бастапқы қадамына жол ашады. Демек, мұндағы айтарымыз тұңғыш кәсіби суретшілеріміз қалыптастырған халықтық, эпикалық сипатымен айқындалған ұлттық кескіндеме мектебі арнайы көркем білім алып, техникалық шеберліктері жетіле түскен қылқалам шеберлеріміздің шығармашылықтарымен өз жалғасын тауып, кемелдене түседі. Шеберлеріміздің туындыларында халықтық, эпикалық сарын дами түсіп, ендігі жерде олардың сюжеттеріндегі ұлттық тақырып эпикалық-романтикалық сарынға айналып, кенептерінің баяндаушылық, созыңқы көлденең пішіні мен монументалды көлемділігі дәстүрлі қолөнеріміздегі ою-өрнек жүйесімен үндестік табады.
1950 жылдардың соңына таман тұрмыстық туындылар жазу төңірегін қамтыған кескіндемешілеріміз арасында өзіндік жеке тұлғаларымыз қалыптаса бастайды.
Олардың ішінде Қ. Телжанов өзіндік төлтума шығармашылығымен көзге түседі. Оның жанрлық туындысының дамуындағы жаңа көріністердің айқындылығы, композиция шешіміндегі түстік түзілім және көркемдік мүмкіндіктерінің кеңеюі мен тереңдеуі, ондағы сайын даладағы тіршіліктің нақышталуы қазақ кескіндеме өнерінде өзіндік қайталанбас ерекшелігімен тұрмыстық жанрдың дами түсуіне ұйтқы болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz