Оқушылардың математикадан жарыстары


КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құрай алмаймыз» - делінген. Ал мектеп бағдарламасы анықтайтын математикалық білімін, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін оқушылардың терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету; математикалық тілді меңгеруге үйрету; оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, стандарт емес есептерді шығаруға, проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйрету; оқушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, онда оқушыларды математика пәніне ынталандыру маңызды мәселе. Қазақстан Республикасы білім стандартында анықталғандай математиканы оқыту төмендегідей мақсаттармен анықталады:
- Ақиқатты танудың математикалық әдістері туралы оқушыларғамағлұмат беру.
- Логикалық ойлау қабілетін және кеңістікті елестете білуге қажетті элементтерді құрастыра білу.
- Жалпылау, синтездеу, сұрыптау, салыстыру сияқты ойлана білуқабілеттілігін қалыптастыру.
- Мектептегі математика курсының негізгі мазмұны бойыншаматематикалық білім мен іскерлігінің белгілі бір жүйесін оқушыларғажеткізе білу.
5. Өмірде күнделікті кездесетін оңай есептерді шешу үшін және басқа да пәндерде қолдану мақсатында қажетті математикалық біліктілік пен дағдыларды сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру. Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, іскерлігін арттыру, жалпылай алу, дедуктивті ойлау, логикалық икемділіктерін салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру математика пәнін оқытудың өн бойында жүзеге асыруға болатындай мүмкіндіктер өте көп.
Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың жалғасы болып табылады. Математикадан сыныптан тыс жұмыстың мақсаты: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін тереңдете түсу, оқушылардың логикалық ойлауын, тапқырлығын, математикалық қырағылығын дамыту, неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды таныта білу, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, тәртіпке, табандылыққа, еңбекке, ұжымшылдыққа баулу. Және күнделікті сабақтан айырмашылығы еріктілік принципінде құрылады, баға қойылмайды, ойын және жарыс түрінде өтеді. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны математиканың негізгі курсын толықтырушы болып табылатындай және сынып жұмысымен үйлесімді болатындай болуы шарт.
Жұмыстың мақсаты - бастауыш сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, практикалық дағдылары мен білімдерін тереңдете түсу, математикаға деген қызығушылығын арттыру;
бастауыш сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың ойлауы дамытылатын болса, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды, өйткені пәнге деген ынтасы оянып, қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға әдістемелік тұрғыдан шолу жасау.
- Бастауыш сыныптың математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, білім, практикалық дағдыларын қалыптастыру;
- Бастауыш сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылы әдістемесін және оныңтиімділігін тексеру; математикадан алған білімдерін тереңдетеді, қызығушылықтарын арттырады.
Зерттеу нысаны - бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқыту процесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып математикасында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары
І БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстар арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері мыналар: Оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту, неғұрлым қабілетті дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, балаларды қызықты сабақтарға, жұмыстарға тарту, соның арқасында тәртіпті күшейте түсу, табандылыққа еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Бастауыш сынып мұғалімдерінің математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды қолдану жұмыстары сыныптан тыс жұмыстарында ары қарай жалғастырып кеңейтілуі мүмкін. Мектепте бастауыш курсының математикасынан басқа пәндермен сыныптан тыс сабақтарында пәнаралық байланыстарды іске асырудың мүмкіншіліктері бар (үйірмелер, викториналар т. б. ) .
Сыныптан тыс жұмыс үшін оқушылардың шамалары келетіндей қиынырақ материалды немесе математиканың негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып табылатын (бірақ сынып жұмысының үйлесімділігі болатындай) материалдарды таңдап алады. Сыныптан тыс жұмыстың сабақтан өзгешелігі - ол математикалық ойын-есептер, ойындар, жарыстар сипатында болып келеді. Мұнда қызықтыратын формадағы жаттығулар кеңінен пайдаланылады.
Мектептер тәжірибесінің негізінде математикадан мына сияқты сыныптан тыс жұмыстарын ұсынады:
- Викториналар мен эстафеталар.
- Мектеп олимпиадалары.
- Оқушылардың математикадан жарыстары.
- Математикадан экскурсиялар.
- Сыныптан тыс оқу-барысында оқушылармен мазмұнды кітаптарды оқу.
Үйірме жұмысының мақсаты мыналардан тұрады:
- оқу процесінде өтілген материалдарды қайталау, сонымен математикадан және басқа пәндерден білімдерін тереңдету;
- балалардың математикалық ойлау образын өркендету; сөз қысқалығы, нышандарды пайдалана білу, математикалық терминдерді дұрыс пайдалану, назарын тек сандық жағына жинақтап пәндермен құбылыстардың барлық жағымды жақтарына көңілін аударып, әкете білу, түсінікті түрде жалпылай және қорыта білу, өз ойларын дәлелдеу;
- математика бойынша білімдерінде ақсаңдығы бар балаларды мүмкіндігінше үйлерінде көбірек қамту.
Үйірме арқылы білімдердегі кемшіліктерді жоюға мүмкіндік жасалады.
Балалардың үйірмеде жұмыс істеуі - олардың қоғамдық белсенділіктеріне әсерін тигізеді, олар көрнекі құралдарды жасау көмектерімен, экскурсияларды ұйымдастырып өткізуден, математикалық газетті ұйымдастырып жасауды, сыныпта математикалық бұрышты жасауда және т. б. байқалатын үйірме жұмысы тек үйірмешілерге ғана математикаға қызығушылығын көтермей, сыныптағы басқа оқушылардың да қызығушылығына әсерін тигізеді.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың басты және аса маңызды нәтижелерінің бірі-оқушылардың есептеулер жүргізе білу машығын қалыптастыру. Натурал сандармен есептеулер жүргізуді шапшаң, мінсіз, әрі дәл орындауда қажет болатын шеберліктер мен дағдыларды меңгеру бастауыш мектепті бітіретін бала үшін міндетті болып табылады.
Қолданылатын әдісіне қарай есептеулер жүргізудің үш негізгі түрі бар. Олар: ауызша есептеу, жазбаша есептеу және есептегіш құралдарды пайдаланып есептеу.
Жалпы алғанда, бастауыш сыныптар үшін есептеу тәсілдерінің түрлерін іріктеп алу өте оңай шешілетін мәселе емес. Қазіргі әдістемелік ғылымда және мектеп тәжірбиесінде бұлардың алғашқы екеуіне басымырақ мән беріліп жүр. Ал, соңғы мәселе жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Алайда, қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктер мен өмір талабы бастауыш сыныптарда есептеулер жүргізу тәсілдерінің ара қатынасын түбегейлі қайта қарауды талап етіп отыр. Біздіңше, бастауыш сынып оқушыларына осылардың қай-қайсысы да болмасын оқып-үйретілуі тиіс. Мұғалім оқу процесінде оларды үйлесімді ара қатынаста пайдалана білуі керек.
1. 2. Бастауыш мектепте математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы экономикалық білім мен тәрбие беруді жүзеге асырудың жолдары
Нақты дүниедегі заттар мен құбылыстарды, негізінен алғанда, саны жағынан зерттейтін ғылым болғандықтан, экономикалық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыруда математика пәні маңызды орын алады. Өйткені, қоғамдық өмірдегі барлық дерлік экономикалық процестерді нормативті сан көрсеткіштерісіз, әр алуан шамалардың сандық сипаттамаларынсыз және өзара қатынастарынсыз көзге елестетудің өзі қиын. Тіптен, математиканы білмейінше экономика негіздерін оқып - үйрену де мүмкін емес.
Математика пәнінің, сондай-ақ математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнына бағдарламалық білім, білік және дағдының негізін құрайтын экономикалық білім элементтерін енгізу-өмір талабы. Біздің пікірімізше, бастауыш сыныптарда математикадан сыныптан тыс жұмыстарда экономикалық тәрбие беруді жүзеге асырудың нақтылы жолдары мыналар болмақ:
- Тиімді іс-әрекеттер орындаумен байланысты практикалық мәселелерді шеше білуге оқып-үйрету;
- Ең үлкен немесе ең кіші мәндер табумен байланысты практикалық
мазмұнды жаттығуларды орындай білу дағдыларын қалыптастыру;
- Экономикалық мазмұнды жаттығуларды орындай білуге оқып-үйрету;
- Оқушылардың есептеу мәдениетін дамыту.
Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту барысында экономикалық тәрбие беруді жүзеге асырудың маңызды бір шарасы оқушыларды тиімді іс-әрекеттер орындаумен байланысты мәселелерді шешуге оқып-үйрету болып табылады. Мынандай мәселені қарастырайық.
Әкелері Рахат пен Қанатты ертіп жорыққа шықты. Біраз жүргеннен кейін олардың алдынан өзен кездесті. Алайда, жағада тұрған сал 100 кг жүкті ғана көтере алатын еді. Рахаттың массасы 41 кг, Қанат-38 кг, ал олардың әкелелерінің массасы 75 кг. Олар өзеннен қалай өтеді?
Күнделікті жұмыста қандай да бір жағдайлармен байланысты осы сияқты практикалық мазмұндағы мәселелермен жиі ұшырасуға болады. Олардың басты ерекшелігі-айналадағы өмір шындығын бейнелейді және оларды шешу барысында математикалық білімді шын мағынасында қолдану керек болады. Сондықтан олардың қай-қайсысы болмасын бастауыш мектеп оқушысы үшін аса пайдалы болмақ. Әрине, жоғарыдағы мәселені шешу барысында математиканың күрделі формулалары мен аса қиын ережелерін білу талап етілмейді. Сондықтан, бір қарағанда, ол өте оңай және тым қарапайым болып көрінуі мүмкін. Ойы ұшқыр оқушы оны шешу жолын тез тауып кетуі де мүмкін. Бірақ осы сияқты мәселені шешу тіптен де оңай шаруа емес екендігі аңғарылады. Өйткені, оларды шешудің жалпылама, ортақ әдісі жоқ, әр мәселенің өзіне тән құпия сыры бар. Ал ол сырды шыдамды да табанды балалар ғана аша алады.
Жоғарыдағы ұқсас мәселелердің әрбіреуін шешу барысында бала туындап отырған жағдаяттан шығу жолын іздей отырып, әр-алуан іс-әрекеттер, соның ішінде ақыл-ой іс-әрекеттерін (салыстыру, салғастыру, қарама-қарсы қою, бақылау, талдау, қорытындылау, т. б) орындайды. Мәселен, жоғарыдағы келтірілген жаттығу ұсынылғаннан кейін оқушы мына сияқты талқылаулар жасауы мүмкін. Олардың үшеуін бірге сал көтере алмайды, өйткені 41+38+75тең154>100. Сондай-ақ, салға олардың біреуі ғана да отыруы мүмкін емес, себебі салды қайтадан бергі жағаға алып өтетін адам керек. Олай болса, алдымен салға 2 адам отыруы керек. Егер әкелері мен балалардың бірі ғана отырады десек, онда бұл да мүмкін емес, өйткені, 75+41тең116>100 немесе 75+38тең113>100. Ендеше, өзеннен алдымен екі бала өтеді, өйткені олардың екеуін сал көтере алады, яғни 41+38тең79>100. Олардың бірі арғы жағада қалады да, екіншісі қайтадан бергі жағаға өтеді. Келесі кезекте олардың әкелері өтеді (75<100) де, арғы жағада қалған бала салды алып өтеді. Осы сияқты талқылаулар жүргізу барысында оқушылар біртіндеп тиімді іс-әрекеттер орындауға үйренеді. Бұл, бір жағынан, оқушының бойындағы ойлаудың логикалық стилін дамытуға, екінші жағынан математикалық білімді өмірде қолдана білумен байланысты шеберліктің қалыптаса түсуіне себін тигізеді. Мұның бәрі, сайып келгенде, оны қандай да бір дәрежеде өмірге бейімдейді. Ең бастысы, оның қарапайым экономикалық дағдылары қалыптаса түседі.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының қарапайым экономикалық дағдыларын қалыптастырудың маңызды элементтерінің бірі-олардың ең үлкен және ең кіші мәндер табумен байланысты практикалық мазмұнды жаттығуларды орындай білуге оқып-үйрету болып табылады.
Адам баласының күнделікті тұрмыстың қажетті мәселелеріне байланысты тәжірбиелік мұқтаждықтары мейілінше әр алуан болып келеді. Осы мұқтаждықтарды өтеу барысында оған қандай да бір нәтижеге жету үшін бірнеше тәсілдермен әрекет етуге тура келеді. Көпшілік жағдайда мұндай мәселелер қандай да бір шаманың ең үлкен немесе ең кіші мәнін табуға келіп тіреледі. Бұдан бақшалық жерді қоршап алуды әр түрлі 20 тәсілмен жүзеге асыруға болатыны және солардың ішінде қабырғасының ұзындығы 20м етіп, шаршы түрінде қоршап алу ең тиімді болатындығы байқалады. Өйткені, оның ауданы 400 шаршы метрге тең, яғни басқа тік төртбұрыштың кез келгенін ауданынан үлкен.
Осы сияқты тәжірбиелік мәселелермен біз күнделікті тұрмыста қадам басқан сайын істес болып отырамыз десек артық айтпаған болар едік. Әсіресе, қазіргі кезде нарықтық қатынастар жағдайында мұндай есептердің маңызы ерекше артып отыр.
Мұндай есептердің сан алуан үлгілерін келтіруге болады. Өйткені, тиімділік ұғымының өзі күнделікті өмір мен тұрмыстағы әр алуан мұқтаждықтарға байланысты ең үлкен немесе ең кіші мәндерді табумен, анығырақ айтқанда, «ең үлкен аудан», «ең аз уақыт», «ең қысқа қашықтық» және т. с. с. әр түрлі сандық критерийлермен сипатталады. Бірақ соған қарамастан олардың мазмұны мен құрылымында және шешу жолдарына төмендегідей ортақ ерекшеліктер болатындығы аңғарылады;
- мүмкін болатын шешімдер вариантының көп болуы;
- ең үлкен немесе ең кіші мәнді іздеу талабының болуы;
Көп жылғы іс-тәжірбиелер оқушылардың ең үлкен және ең кіші мәндер табумен байланысты есептерге құштарлығын байқатты. Ал, мұндай есептер мектепке арналған математика оқулықтрында бола бермейді. Осындай есептерді шешу барысында балалар бірнеше шешімдер варианттары ішінен есеп шартына сәйкес тиімді шешімді таңдап ала білуге үйренеді. Бұл олардың шығармашылықпен ойлай білу қабілеттерін дамтып, танымдық ой-өрісін кеңейте түседі және математиканы оқытудың өмірмен байланысын нығайтуға көмектеседі. Ең негізгісі, олар оқушылардың бойында қарапайым экономикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мәселенің негізгі түіні де, міне осында. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда экономикалық мазмұнды есептерді шығартып отырудың маңызы ерекше.
Адам баласының күнделікті тіршілік әректетері, жалпы алғанда, өзі өмір сүріп отырған қоғамның жағдайын жақсарта түсуге, сондай-ақ өзінің әл-ауқатының өсе түсуіне, күннен күнге өз тұрмысының жеңілірек, дастарханның молырақ бола түсуіне бағытталады. Ал, бәріміздің де және жеке-жеке алғанда әрқайсысымыздың да әл-ауқатымыздың өсуінің негізі материалдық игіліктерді тиімді және үнемді пайдалана білуде жатыр. Сондықтан күнделікті тұрмыстағы экономикалық сипаттағы мәселелермен байланысты есептерді қарастырудың зор маңызы бар. Мынадай мәселені қарастырайық.
Пойыз Алматыдан Үштөбе станциясына дейін 7 сағат жүреді және билеттің бағасы 380теңге тұрады. Үштөбеге 600теңге төлеп, жеңіл машинамен 4 сағатта жетуге де болады. Жолаушы үшін осының қайсысы тиімді болар еді?
Егер «тез жету» тұрғысынан алып қарасақ, жолаушының екінші жағдаймен әрекет еткені тиімді болады. Ал, егер «ақшаны үнемдеу» тұрғысынан алып қарағанда, жолаушыға пойызбен жүру тиімді болатындығы түсінікті. Әрине, бұл аса күрделі мәселе емес және оны шешу де соншалықты үлкен қиындық тудырмайды. Алайда, шаруашылықтың әр түрлі салаларында, сондай-ақ ғылым мен техникада осыған ұқсас, бірақ бұдан күрделі мәселелермен жиі ұшырасуға болады. Көпшілік жағдайларда шаруашылықты ұйымдастыруды дұрыс жолға қою мәселесі мейілінше аз шығын жұмсай және жоғары еңбек көрсеткішін сақтай отырып, материалдық игіліктерді тиімді пайдаланумен байланысты болады. Мәселен, ракеталардың, спутниктер мен космос корабльдерінің ұшатын жолдарының (траекторияларының) ең тиімдісін алдын ала анықтау оларға ұқсас, бірақ аса күрделі есептерді шешуді талап етеді. Сол сияқты спутникті көздеген орбитаға шығару үшін шығынды (мәселен отынды) мейілінше аз жұмсауға байланысты есептерді алдын ала шешіп алуға тура келеді. Байқап қарасақ, осындай мазмұндағы қарапайым тәжірбиелік мәселелермен байланысты есептермен күнделікті тұрмыста жиі істес болып отырамыз. Әсіресе, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында мұндай есептер айырықша мәнге ие болып, оларға деген қызығушылық арта түсуде. Оларды шығару оқушылардың бойында ұқыптылық, үнемділік, ақшаны ойластырып жұмсау сияқты қасиеттердің қалыптасына пәрменді әсер етеді. Сонымен бірге математиканың практикалық маңызын, оның күнделікті тұрмыстағы, экономикадағы, ғылым мен техникадағы ролін терең түсіне білуге жәрдемдеседі.
Ең маңыздысы, осы сипаттағы есептерді шығару барыснда оқушылардың қарапайым экономикалық дағдыларын қалыптастыруға кең жол ашады.
Олар қарапайым экономикалық ұғымдарды меңгерумен бірге, нақты тәжірбиелік мәселелерді экономикалық талдау шеберлігіне бейімделе түседі. Әрине, ұсынылатын есептердің оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сай болуын басты назарда ұстаған жөн. Бұл біздің ғылым-әдіскерлер мен мұғалімдеріміз үшін педагогикалық ізденіс пен сынақтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының экономикалық сауаттылығының аса маңызды элементтерінің бірі-олардың есептеу мәдениетін дамыту болып табылады.
Есеп-қисап жүргізіп отырудың адам өміріндегі мәні орасан зор. Бізге дүкенде, базарда, асханада, автобуста, барлық жерде де есеп-қисап жүргізуге тура келеді. Әсіресе, бүгінгі күні нарықтық қатынастардың және осыған орай сауда-саттық ісінің кең қанат жаюы кезінде тұрмыстың барлық салаларында есеп-қисап жүргізу ісінің маңызы одан сайын артып отыр.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың басты және аса маңызды нәтижелерінің бірі-оқушылардың есептеулер жүргізе білу машығын қалыптастыру. Натурал сандармен есептеулер жүргізуді шапшаң, мінсіз, әрі дәл орындауда қажет болатын шеберліктер мен дағдыларды меңгеру бастауыш мектепті бітіретін бала үшін міндетті болып табылады.
Қолданылатын әдісіне қарай есептеулер жүргізудің үш негізгі түрі бар. Олар: ауызша есептеу, жазбаша есептеу және есептегіш құралдарды пайдаланып есептеу.
Жалпы алғанда, бастауыш сыныптар үшін есептеу тәсілдерінің түрлерін іріктеп алу өте оңай шешілетін мәселе емес. Қазіргі әдістемелік ғылымда және мектеп тәжірбиесінде бұлардың алғашқы екеуіне басымырақ мән беріліп жүр. Ал, соңғы мәселе жөнінде ғалымдар арсында ортақ пікір жоқ. Алайда, қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктер мен өмір талабы бастауыш сыныптарда есептеулер жүргізу тәсілдерінің ара қатынасын түбегейлі қайта қарауды талап етіп отыр. Біздіңше, бастауыш сынып оқушыларына осылардың қай-қайсысы да болмасын оқып-үйретілуі тиіс. Мұғалім оқу процесінде оларды үйлесімді ара қатынаста пайдалана білуі керек.
Есептеулерді неғұрлым дәл, әрі мінсіз орындау қажырлық пен табандылықты, байыптылықты және тапқырлықты қажет ететін аса қиын жұмыстардың бірі болып табылады. Әрине, қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында есептеу жұмыстарын жеңілдету электронды - есептеу техникасын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Алайда, әрдайым микрокалькуляторды қолдану мүмкіндігі бола бермейтіндігі белгілі. Оларға шектен тыс сеніп кету, дау жоқ, оқушының есептеу мәдениетін дамытуға кері әсерін тигізуі де мүмкін. Бүгінгі күні ол біздің бәрімізге де анығырақ көрініп отырған ақиқат. Көпшілік жағдайда, есеп-қисап жұмыстарын кейде басқа бір жұмыстар кезінде немесе қысылтаяң уақытта микрокалькуляторсыз тез және тура орындауға да тура келеді. Мұндай жағдайда ауызша немесе жазбаша есептеудің тиімді, қолайлы тәсілдеріне жүгініп, сол арқылы есеп-қисапты жылдам орындауға болады. Бұл тәсілдерді меңгеру әрбір оқушы үшін қажетті іс болып табылады. Сондықтан құралда қосымша ретінде есептеулердің жылдам орындаудың кейбір тәсілдері көрсетіліп, олар нақтылы мысалдар арқылы түсіндірілген.
Міне, осындай есеп түрлерін жүйелі түрде қолдану аталған ойлау операцияларын дамытуға, балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруга жагдай жасайды. Логикалық есептерді шығару көбінесе байқап көріп іздену процесімен жүреді. Ойша болжай білу балалардың бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады. Тапкырлық -шығармашылықтың ерекше көрінісі, ол талдау, салыстыру, жалпылау, байланыстарды анықтау, ұқсастыру, тұжырымдау ой корыту нәтижесінде байқалады. Ал аңғарымпаздыктың белгісі нақты жағдайды ой елегінен өткізіп, өзара байланыстарды анықтай білу, соның негізінде есеп шығарушы бір тұжырымға келіп, ойын топтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz