Логистиканың функционалдық салалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Логистиканың дамуы және оның жүйелері
Қарғанды - 2017
Логистиканың дамуы және оның жүйелері
Кіріспе
Логистиканың дамуының тарихы және анықтамасы.
1.1Логистиканың мақсаты, міндеттері, қызметтері, факторлары.
Логистиканың теориялық концепциялары мен функциялары
3.Логистиканың функционалдық салалары
Кіріспе
Логистика - клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды. Логистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарын жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде бөлуге болады. Оларға жататындар: қысқа жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде ұсталуы және өндірістік қуаттарды жоғарғы деңгейде .
Логистиканы келесідей салаларға бөлуге болады:
Қамтамыз ету логистикасы
Өндірістік логистика
Тарату логистикасы
Сатудан кейінгі (after sales) логистика
Шығарып тастау (disposal) логистикасы
Қамтамыз ету логистикасы нарықты зерттеу, қажеттіліктерді жоспарлау, жасау немесе сатып алу шешімдері, тапсырыс беру және тапсырысту бақылау сияқты әрекеттерден тұрады.
Өндірістік логистика қамтамасыз ету мен тарату логистикасын біріктіреді.
Тарату логистикасы негізгі мақсаты ретінде дайын өнімдерді клиентке жеткізу болып саналады. Бұл өз кезегінде тапсырысты өңдеу, қоймалау және тасымалдаудан тұрады. Тарату логистикасының қажеті мол, өйткені өндірудің уақыты, орны және көлемі тұтыну уақыты, орны және көлемінен өзгеше.
Шығарып тастау (disposal) логистикасының негізгі функциясы болып бизнес үрдістері кезіндегі пайда болған қоқыс-қалдықтарды шығарып тастауға байланысты логистика құнын азайту, қызмет түрдерін көбейту болып есептеледі.
Логистика - шығындар тұрғысынан тиiмдi және үнемдi материалдарды, жартылай фабрикаттарды және дайын өнiмдердi сақтау және тасымалдау операцияларын, сондай-ақ солармен байланысты клиенттердiң талаптарына сәйкес, өндiрiс орнынан тұтыну орнына тауарларды жеткiзу жөнiндегi ақпараттарды жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау туралы ғылым.
Бұл анықтама, оның мазмұнына сәйкес, логистиканы ғылым ретiнде пайымдайды. Шаруашылық қызмет ретiнде логистика келесi анықтамада ұсынылған: логистика - жабдықтаушыға ақша төлеген кезден бастап тұтынушыға дайын өнiмдi жеткiзгенi үшiн ақша алу мезетiне дейiнгi шаруашылық айналымдағы шикiзаттың, бөлшектердiң және дайын өнiмдердiң қозғалысын және сақталуын басқару үрдiсi. Логистика түсiнiгiн осылай пайымдау көбiнесе шетел әдебиетiнде кездеседi.
1.Логистиканың дамуының тарихы және анықтамасы.
Логистика - материалдық және ақпараттық ағымдардың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейінгі кеңістіктегі және уақыттағы қозғалысын жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылау және реттеу жөніндегі ғылым.
Соңғы жылдарда бір қатар елдердің тауарлық айналымының саласында маңызөды өзгерістер пайда болды. Шаруашылық практикада тауарларды жеткізудің жаңа әдістері мен технологиялары қолданыла бастады.
Логистика гректің logistike сөзінен шыққан. Ол есептеу, дұрыс ойлау деген мағынаны білдіреді. Практикалық логистиканың пайда болуы мен дамуының тарихының тамырлары терең. Гамбург университетінің профессоры Г. Павеллек Рим империясының дәуірінде тамақ өнімдерін таратумен айналысатын логист немесе логистик атағына ие болған қызметкерлердің болғанын атап айтады. Біздің жыл санауымыздың бірінші мыңжылдығында бір қатар елдердің әскери сөздігінде логистикамен қарулы күштердің материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетін байланыстыратын.
Бір қатар батыс ғалымдарының пікірі бойынша, логистика әскери істің арқасында ғылымға айналған. Логистика жөніндегі бірінші ғылыми еңбектердің авторы деп ХІХ ғ. бсындағы француз әскери маманы Джоминиді санау қалыптасқан. Ол логистиканы әскерлерді қолайлы орын алу мақсатын көздеп орын ауыстыруджың (маневрлеудің) практикалық шеберлігі деп анықтаған.
Логистиканың кейбір ережелерін Наполеон әскері де қолданған деп саналады. Бірақ әскери ғылым ретінде логистика тек ХІХ ғ. отасында қалыптасты.
Белсенді түрде логистика екінші әлем соғысының кезінде, ең алдымен АҚШ әскерін материалдық-техникалық жабдықтауда қлданыла бастады. әскери өнеркәсіптің, тылдағы және майдандағы жабдықтау базалары мен көліктің дәл өзөара әрекеттесуі американдық әскерді қару-жарақпен, жанар-жағар маймен және азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Осы себептен көптеген батыс елдерінде логистиканы экономикадағы материалдық ағымдарды басқару тиімділігінің қызметіне қойған. Қолданбалы математиканың басқа да әдістері сияқты логистика біртіндеп әскери саладан шаруашылық практика саласына ауыса бастады. Бастапқыда ол айналым саласындағы, содан соң өндіріс саласындағы тауарлық-материалдық ресурстардың қозғалысын басқаруды іске асыру теориясының жаңа түрі ретінде қалыптасты.
Сонымен,нарықтық экономикасы бар елдерде 30- жылдардың кезінде пайда болған материалдармен және шикізатпен қамтамасыз ету, өнім өндіру, оны сақтау және тарату қызметтерін байланастыратын жабдықтау - өндіру - тарату жүелерін үйлестіру ойлары ғылыми зерттеулердің жеке бағыттары мен шаруашылық практика формасына, яғни логистикаға ауыстырылды.
Кәсіпкерлік іс-әрекетте, экономикалық және ғылыми әдебиеттерде шетелдік мамандар логистиканы анықтауда екі ережелі бағытты бөледі:
тауар қозғалысының функционалдық тәсілі, яғни тауарларды жабдықтаушыдан тұтынушыға жеткізу кезінде орындалуы тиісті барлық физикалық операцияларды басқару;
тауар қозғаласының операцияларын басқарудан тыс жабдықтаушы мен тұтынушылар нарықтарын талдауды, нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеуді қамтып, тауар қозғалысына қатысушылардың мүдделерін үйлестіруді іске асырады.
Осы бағыттарға байланысты логистиканың көптегени анықтамалары бар. Оларды қорытындылай отырып, логистиканы тауар қозғалысымен және оған жататын ақпарат ағымымен байланысты минималды шығындармен материалдық ағымдарды бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейін басқару ғылымы деп анықтауға болады.
Қазіргі кезде батыс мамандары логистиканың бірнеше түрлерін бөледі:
өндірісті материалдармен қамтамасыз ету логистикасы, яғни сатып алушылық логистика;
өндірістік логистика;
өткізу немесе маркетингтік, таратушылық логистика;
көлік логистикасы;
ақпараттық логистика және т.б.
Логистиканың бұл түрлерін логистиканың функционалдық салалары деп атаған дұрыс.
Логистиканың аталған салаларының арасында өзара байланыс бар. Логистикалық жүйеде, яғни жабдықтаушыдан тұтынушыға дейін тауарлық және ақпараттық ағымдар өтетін жүйеде келесі негізгі бөлімдерді бөледі:
материалдарды, шикізатты және жартылай фабрикаттарды жеткізу;
өнім мен шикізатты сақтау;
тауарлар өндірісі;
тауарларды тарату;
дайын өнімді тұтыну.
Логистикалық жүйенің әрбір бөлімі логистиканың материалдық негізін құрайтын элементтерді қамтиды. Логистиканың материалдық элементтеріне көлік құралдары, қойма шаруашылығы, байланыс және басқару құралдары жатады, сонымен қатар кадрлар жатады.
Әртүрлі операцияларды жоспарлау және логистикалық жүйе элементтерінің деңгейлерін талдау мүмкіндігі оның макро- және микрологистикаға бөлінуін ұйғарады. Макрологистика жабдықтаушылар мен тұтынушылар нарығын талдаумен, таратудың ортақ концепциясын өңдеумен, қоймаларды орналастырумен, көлік түрін таңдаумен, көліктік процесті ұйымдастырумен, материалдық ағымдардың тиімді бағыттарын таңдаумен байланысты мәселелерді шешеді. Микрологистика логистиканың жеке бөлімдері мен элементтерінің шеңберіндегі локалды мәселелерді шешеді. (мысалы өндіріс ішіндегі логистика). Микрологистика өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішінде тауарлар қозғалысының процестерін жоспарлау, дайындау, іске асыру және бақылау жөніндегі операцияларды қамтамасыз етеді
1.1 Логистиканың мақсаты, міндеттері, қызметтері, факторлары.
Нарықтық іс-әрекетті оптимизациялаудың жаңа формаларын іздестіру және осы саладағы шығындарды қысқарту,
Нарықтық қатынастар жүйесінің күрделенуі және тарату процесінің сапалы сипаттамаларына деген талаптардың өсуі
Икемді өндірістік жүйелерді құру
Сатушы нарығынан сатып алушы нарығына ауысу.
Сонымен қатар логистиканың дамуына мүмкіндік жасауға себеп тудырған факторлар:
экономикалық міндеттерді шешу үшін жүйелер мен компромистер теориясын қолдану. Жүйелер теориясына сәйкес тауар қозғалысының мәселесі кешенді болып қарастырыла бастады. Ал логистика шеңберіндегі өзара қатынастарды реттеу компромистер теориясының арқасында мүмкін болды (мысалы, жүктерді ұсақ партиялармен тасымалдауға өтумен байланысты көліктің өсуші шығындары клиенттер көліктен тыс тиімділік алуға үміттеніп келісетін тарифтерді көтеру арқылы өтеледі ).
байланыс және информатика құралдарындағы ғылыми-техникалық прогрестің жеделдетілуі (қағазсыз технология, компъютерлік логистика).
Сыртқы экономикалық іс-әрекетте тауарларды жеткізу ережелері мен мөлшерлерін бір ыңғайға келтіру, әртүрлі импорттық және экспорттық шектеулерді жою. (ұлттық стандарттардың айырмашылықтары, үлкен ара-қашықтық, кедендік кедергілер).
Логистиканың дамуының бірінші кезеңі келесімен сипатталады. Компаниялар жоспар тапсырмаларын орындау негізінде жұмыс істейді, логистиканы басқару формасы ең төмен жетілген түрде. Логистикалық жүйеніңм әрекетінің саласы әдетте кәсіпорыннан жіберілетін дайын өнімді сақтау мен тасымалдауды қамтиды. Логистика жүйесінің жұмысы сатудан түскен жалпы табыс сомасындағы тасымалдау мен өнімді тарату жөніндегі басқа да операцияларға кеткен шығындар үлесінің шамасымен бағаланады.
Дамудың екінші деңгейіндегі логистика жүйелері бар компаниялар үшін кәсіпорынмен өндірілетін тауарлар ағымын өндірістік арнаның ақырғы пунктінен ақырғы тұтынушыға дейін басқару тән болады. Логистика жүйесін бақылау келесі қызметтерге тарайды: тапсырыс берушіге қызмет көрсету, тапсырыстарды өңдеу, кәсіпорындағы дайын өнімді сақату, дайын өнім қорларын басқару, логистика жүйелерінің жұмысын перспективтік жоспарлау. Осы міндеттерді орындау барысында компьютерлер қолданылады, бірақ сәйкес ақпараттық жүйелер аса күрделілікпен ерекшеленбейді. Логистикалық жүйенің жұмысы шығындар сметасы мен анқты шығындарды салыстыру арқылы бағаланады.
Үшінші деңгейдегі логистика жүйелері шикізат сатып алудан өнімнің ақырғы тұтынушысына қызмет көрсетуге дейінгі логистикалық операцияларды бақылайды. Мұндай жүйелердің қосымша қызметтеріне жататындар: шикізатты кәсіпорынға жеткізу, өткізуді болжау, өндірістік жоспарлау, шикізат табу немесе сатып алу, шикізат қорларын басқару, логистика жүйелерін жобалау. Логистика жөніндегі менеджер бақыламайтын бір ғана сала ол кәсіпорынды күнделікті басқару. Жүйенің жұмысы шығындарды салыстыру арқылы ғана емес, қызмет көрсету сапасының стандартымен салыстыру арқылы бағаланады.
Дамудың төртінші деңгейіндегі логистикалық жүйелерді қолданатын компаниялар саны қазіргі кезде әлі көп емес. Мұндағы логистикалық қызметтердің үшінші даму деңгейінен бір ғана айырмашылығы бар. Мұндай компаниялар логистика операцияларын жоспарлау және бақылау процестерін маркетинг, өткізу, өндіріс және қаржы операцияларымен интерграциялайды (біріктіреді). Интеграция компанияның әртүрлі бөлімшелерінің жиі жағдайда қарсылас мақсаттарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
2. Логистиканың теориялық концепциялары мен функциялары
Ғылым ретінде логистика - материалдық ағындардың тиімділігін арттырудың жаңа мүмкіндіктерін іздеумен байланысты пәнаралық ғылыми бағыт.
Шаруашылық іс-әрекет ретінде логистика - өндіріс және айналым салаларындағы материалдық ағындарды басқаруды қамтитын шаруашылық іс-әрекет бағыты.
Логистиканың негізгі объектісі - бастапқы шикізат көзінен бастап ақырғы тұтынушыға дейінгі алмаспайтын (тура) материалдық поток.
Логистикалық процесс барысында материалдық поток кәсіпорынға жеткізіледі, содан соң қоймалық және өндірістік учаскілер жүйесі арқылы оның тиімді қозғалысы ұйымдастырылады, содан кейін дайын өнім тұтынушыға оның тапсырысы бойынша жеткізіледі.
Түрлі сапалы материалдық ағындарды басқару жөніндегі іс-әрекеттің аталған түрлері логистиканың мазмұнын құрайды.
Логистиканың дамуының келесі себептері бар:
сатушы нарығының сатып алушы нарығына өтумен байланысты бәсекенің дамуы;
70-жылдардағы энергетикалық кризис;
ҒТП және басқаруды компъютерлендіру.
Логистиканың дамуының бірнеше кезеңдері бар:
1-кезең, ол айналым саласындағы материалдық ағындарды басқару үшін логистикалық тәсілді қолданумен сипатталады. Осы кезеңде екі басты ережені түсіну пайда бола бастады:
А) өндірісте, сақтауда, тасымалдаудағы материалдардың жеке ағындары басқарудың бірыңғай жүйесі арқылы өзара байланыстырылуы мүмкін;
Б) материалдарды физикалық таратудың жеке функцияларының интеграциясы маңызды экономикалық үнемдеу бере алады.
2-кезең (80-жж). Осы мерзімде логистиканың интеграциялық негізі кеңейіп, өндірістік процесті қамти бастады, яғни мұнда қоймалау мен тасымалдаудың өзара әрекеттесуіне өндірісті жоспарлау қосылабастайды. Бұл қорларды қысқартуға, сатып алушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, құрал-жабдықтың пайдаланылуын жақсартуға мүмкіндік береді.
3-кезең қазіргі уақытқа жатады және бүкіл әлемдік экономикадағы нарықтық процестерді ұйымдастыру жәнеи басқарудағы өзгерістермен сипатталады. Яғни қазіргі коммуникациялық технологиялар өнім қозғалысының барлық фазаларының мониторингін іске асыруға көмектеседі, логистика саласында қызмет көрсетумен айналысатын салалар дамуда, материал өткізуші субъектілерінің жинағы тұтас сипатты бола бастайды.
Шаруашылық іс-әрекетті материалдық ағындардың басқарылуын тиімді ету арқылы жетілдіруге көзқарастар жүйесі логистиканың концепциясы болып табылады. Оның келесі негізгі ережелері бар:
Жүйелік тәсіл принципін іске асыру. Экономикадағы материалдық ағындар көптеген қатысушылардың әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасады. Егер қатысушылар өз іс-әрекетін басқарудың бірлескен объектісін, яғни материалдық ағынды тиімді ету мақсатында келістіре алса, олар барлығы бірге маңызды экономикалық ұтысв алады. Максималды үнемдеуді жалпы материалдық ағынды немесе оның жеке маңызды учаскекелерін тиімді ету арқылы алуға болады. Мұнда материал өткізуші жүйенің барлық бөліктері бірыңғай жөнге салынған механизм сияқты жұмыс істеуі қажет.
Бүкіл логистикалық жүйе бойында логистикалық шығындарды есепке алу. Логистиканың негізгі міндетерінің бірі - материалдық ағынды шикізаттың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейін жеткізу жөніндегі шығындарды басқару. Бірақ шығындарды тек өлшей алған кезде басқаруға болады. Сондықтан логистикалық процестерге қатысушылардың өндіріс және айналым шығындарын ескеру жүйелері логистика функцияларын іске асыру процесінде пайда болатын шығындарды бөлу, ең маңызды шығындар туралы ақпарат құруы қажет. Осы шартты орындау нәтижесінде логистикалық жүйнің оптималді вариантының критерийін - бүкіл логистикалық жүйе бойындағы жалпы шығындар минимумын пайдалану мүмкіндігі пайда болады.
Технологиялық процестер гуманизациясы, еңбектің қазіргі заманға сай жағдайларын жасау. Логистикалық жүйенің маңызды элементі - кадрлар, яғни өз қызметңн жауапкершілікпен орындауға қабілетті арнайы оқытылған персонал. Бірақ, материалдық ағындарды басқару саласындағы жұмыс беделді емес, сондықтан онда әрдайым кадрлар мәселесі бар. Логистикалық тәсіл материалдық ағындарды басқару саласындағы іс-әрекеттің қоғамдық маңыздылығын күшейте отырып, салаға неғұрлым жоғары еңбектік потенциалы бар кадрларды қатыстыру үшін алғы шарттар жасайды. Осыған сәйкес еңбек жағдайлары да жетілдірілуі қажет.
Нарықта өз орныңды келесілер арқылы табуға болады:
Тауар сапасын арттыру;
Жаңа тауар шығару;
Логистикалық сервис деңгейін арттыру.
Бірінші екі стратегияны қолдану үлкен күрделі салымдардың қажеттілігімен шектеледі. Үшінші жол айтарлықтай арзан.сондықтан кәсіпкерлердің көпшілігі логистикалық сервисті бәсекелік қабілетті арттыру құралы ретінде қолданады.
Қоршаған ортаның белгізісдігінің жағдайында логистикалық жүйелердің бейімделу қабілеті. әртүрлі тауарлар мен қызмет көрсетулердің пайда болуы логистикалық жүйелер арқылы өтетін материалдық ағындардың сапалық және сандық сипаттамаларының өзгерулерін ұйғарады. Осы жағдайда логистикалық жүйелердің бейімделі қабілеті нарықта тұрақты орын алудың маңызды факторы болып табылады.
Материалдық ағындар әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдар іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады, олар:
- ортақ пайдаланудағы транспорттық кәсіпорындар;
- көтерме сауда кәсіпорындары;
- коммерциялық-делдалдық ұйымдар;
- өндіруші-кәсіпорындар, олардың дайын өнім қоймалары әртүрлі логистикалық операцияларды орындайды.
Осы кәсіпорындар мен ұйымдар күшімен материалдық ағындар құрастырылады, тауар қозғалысының процесі іске асырылады және бақыланады. Аталған логистикалық процеске қатысушылардың әр қайсысы логистикалық функциялардың белгілі біртобын орындауға маманданады. Логистикалық функция - бұл логистикалық жүйенің мақсаттарын орындауға бағытталған логистикалық операциялардың іріленген тобы. Кестеде негізгі логистикалық функциялардың тізімі және олардың логистикалық процесс мүшелері арасындағы бөлінуі көрсетілген.
Логистиканың дамуының бірінші кезеңі келесімен сипатталады. Компаниялар жоспар тапсырмаларын орындау негізінде жұмыс істейді, логистиканы басқару формасы ең төмен жетілген түрде. Логистикалық жүйеніңм әрекетінің саласы әдетте кәсіпорыннан жіберілетін дайын өнімді сақтау мен тасымалдауды қамтиды. Логистика жүйесінің жұмысы сатудан түскен жалпы табыс сомасындағы тасымалдау мен өнімді тарату жөніндегі басқа да операцияларға кеткен шығындар үлесінің шамасымен бағаланады
3. Логистиканың функционалдық салалары
Жоғарыда айтылғандай, логистиканың объектісі болып материалдық ағым табылады, бірақ жеке учаскілерде оны басқарудың ерекшеліктері бар. Осыған байланысты логистиканың бес функционалдық саласын бөледі: сатып алушылық, өндірістік, таратушылық, транспорттық және ақпараттық.
1. Кәсіпорынды шикізат және материалдармен қамтамасыз ету процесінде сатып алушылық логистиканың міндеттері шешімді. Бұл кезеңде жеткізіп берушілер зерттеліп, таңдап алынады, келісім-шарттар жасалынып, олардың орындалуы бақыланады, жеткізіп беру шарттары орындалмаған кезде шаралар қолданылады. Кез келген өндірістік кәсіпорында аталған функцияларды орындайтын қызмет болады.
Практикада сатып алушылық логистиканың негізгі мазмұнын құрайтын іс-әрекет щеңберлері жеткізіп берушілермен келісім-шарттың шарттарымен және кәсіпорын ішіндегі жабдықтау қызметінің функцияларының құрамымен анықталады (сур. 1а).
2. Кәсіпорынның ішінде материалдық ағымды басқару процесінде негізінен өндірістік логистиканың міндеттері шешіледі. Бұл кезеңнің ерекшеліктері - ағымды өткізу жөніндегі жұмыстардың негізгі көлемі бір кәсіпорын территориясының шеңберінде орындалады. Бірақ логистикалық процестің мүшелері тауарлық-ақшалай қатынастарға қатыспайды, себебі бұл саладағы негізгі міндет - өндірісті іске асыру процесіндегі материалдық ағымдарды басқару (сур. 1б).
өндірістік кәсіпорын
А) б) в)
3. Дайын өнімді сату процесінде материалдық ағымдарды басқару кезінде таратушылық логистика міндеттері шешіледі. Оларды өндірістік кәсіпорындар да, саудалық-делдалдық кәсіпорындар да орындайды. Тарату функциясын іске асыру басқаша айтқанда өткізу деп аталады.
1сур. В-да көрсетілгендей тарату логистика саласына материалдық ағым өндірістік цехтарда бола тұрып түседі. Демек, орама және ыдыс, партияның көлемінің, дайындалу уақытының мәселелері материалдық ағымды басқарудың ертерек кезеңдерінде шешіле бастайды.
транспорттық учаскілерде материалдық ағымдарды басқару кезінде транспорттық логистиканың ерекше міндеттері шешіледі. Материалдық ағымды шикізаттың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға жеткізу процесінде орындалатын транспорттық жұмыстың жалпы көлемін екі үлкен топқа бөлуге болады:
арнайы транспорттық ұйымдар көлігімен орындалатын жұмыс (ортақ пайдалану транспорты);
бүкіл басқа кәсіпорындардың меншікті көлігімен орындалатын жұмыс (транспорттық емес кәсіпорындардың).
Логистиканың басқа салалары сияқты транспорттық логистиканың анық шекаралары жоқ. Оның әдістері кез келген тасымалдауларды ұйымдастыру кезінде қолданылады. Бірақ бұл бөлімдегі зертеу мен басқарудың негізгі, басты объектісі - ол ортақ пайдалану көлігімен тасымалдау процесінде орын алатын материалдық ағым.
5. Ақпараттық логистика. Материалдық ағымдар қозғалысының нәтижелері ақпараттық ағымдар қозғалысын тиімді ұйымдастыруға тікелей байланысты болады. Мұндағы зерттеу объектісі - материалдық ағымдардың басқарылуын қамтитын ақпараттық жүйелер, қолданылатын микропроцессорлық техника, ақпараттық технологиялар және басқа да ақпараттық ағымдарды ұйымдастырумен байланысты мәселелер. Ақпараттық логистика логистиканың басқа функционалдық салаларымен тығыз байланысты. Бұл бөлім кәсіпорын ішіндегі ақпараттық ағымдардың ұйымдастырылуын және бір бірінен маңызды ара қашықтықта орналасқан логистикалық процестің әртүрлі қатысушылары арасындағы ақпаратпен алмасуды қарастырады.
Сатып алушылық логистика - бұл материалдық ағымдарды кәсіпорынды материалдық ресурстармен қамтамасыз ету процесінде басқару. Онымен арнайы қызмет - жабдықтау қызметі айналысады. Бұл қызметтің іс-әрекеті үш деңгейде қарастырылуы мүмкін, себебі жабдықтау қызметі бір мезгілде:
- кәсіпорын кіретін микрологистикалық жүйенің мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ететін элемент;
- Микрологистикалық жүйе элементі, яғни кәсіпорын мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ететін осы кәсіпорынның бөлімшелерінің бірі;
- элементтері, құрылымы, дербес мақсаттары бар дербесжүйе болып табылады.
Аталған деңгейлердің әр қайсысында жабдықтау қызметінің мақсаттарын қарастырайық:
1. Макрологистикалық жүйенің элементі ретінде жабдықтау қызметі тауарды жеткізіп берумен байланысты техника-технологиялық, экономикалық және әдістемелік мәселелерді келістіріп, жеткізіп берушілермен шаруашылық байланыстарды бекітеді. Логистиканың негізгі идеясы - барлық қатысушылардың келісімді әрекеттерінен қосымша пайда алу. Осы ой жабдықтау қызметі өз кәсіпорынның мақсаттарына оны жекелеген объект ретінде емес, бүкіл логистикалық макрожүйенің звеносы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz