Педагогиканың шығу тарихы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Педагогиканың шығу тарихы

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: ХХI ғасыр - Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.

Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі.

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл - Фараби бекерден айтпаған болса керек.

Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте:

- мәдени құбылыс;

- педагогикалық ықпал ету;

- балалардың әрекетін ұйымдастыру;

- қарым - қатынас құралы ретінде жан - жақты қарастырылады.

Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері-теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет, осыған орай тәрбиенің мақсаттары;

а) жастардың дүниеге ғылыми-матералистік көзқарастарын қалыптастыру;

ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.

Педагогика ғылымында оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік кызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап кала алмайды. Даму, ілгері қозғалу-ұжым өмірінің заңы.

Зерттеудің нысаны: оқу-тәрбие процесіндегі оқушылар ұжымы мен педагогтардың қарым-қатынасы.

Зерттеу пәні: педагогикалық процестегі оқу жұмысын ұйымдастырудағы обьект-субьект қарым-қатынасы.

Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларын ұжым ретінде қалыптастыруға бағытталған іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыра отырып, ұжымды балаға ықпал жасайтын құрал ету.

Зерттеудің міндеттері:

- тақырыптың мазмұнына байланысты «оқушылар ұжымы» мен «педагогикалық ұжымға» теориялық тұрғыдан сипаттама беру;

- «оқушылар ұжымы» мен «педагогикалық ұжымның» қарым-қатынасы жөнінде қалам тартқан ұлы педагогтар мен ғалымдардың еңбектерімен танысу;

- озық тәжірибелі ұстаздардың іс-әрекеттерімен танысып, оны практика жүзінде қолдана білу;

Зерттеу әдістері: тақырыптың мазмұнына байланысты тәжірибелі педагогтардың еңбектерін сұрыптау, бақылау, байқау, сұрақ-жауап әдістерін қолдану, дерек көздерін пайдалану.

Курстық жұмыстың құрылымы: отыз машина жазба бетінен, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда педагогиканың теориялық негіздері қарастырылып және оның теориялық ғылым, өнер сипатындағы мәні мен қызметі, тәрбиенің мақсаты мен мазмұнының ерекшеліктері ашып көрсетілген.

Екінші тарауда оқушылардың іс-әрекетінің негіздері мақсатында, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасының нәтижелері баяндалған.

Қорытындыда оқушылардың іскерлігі, дағдысы мен шеберліктерін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі, жалпы мұғалім оқушылардың ойлау қызметін дамытып және шеберлік пен дағдыларын қалыптастырудың маңызы мен міндеттерін білу керек екендігі сипатталған.

  1. Педагогиканың теориялық негіздері

1. 1 Педагогика теориялық ғылым жəне өнер сипатында

Педагогиканың дамуы мен оның мəн-мағынасына зер сала отырып, оның ғылым ретiнде де көрiнiс беретiн ерекше өзiндiк сипатына көңiл аудармай болмайды. К. Д. Ушинскийдiң пiкiрiнше, педагогиканың басқа ғылымдарға ұқсамайтын ерекшелiгi: ол теориялық жағынан, бiрiншiден, өз зерттеулерiнiң нəтижелерiн, қорытындыларын пайдаланады, екiншiден, адам жөнiндегi ғылымдардың теориялық идеяларын бiрiктiрiп, оларды өз теориясын дамытуда негiзге алады [1, 123] . Сонымен қатар, педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тəрбиесiне бағытталған практикалық iс-əрекеттi, яғни қажеттi болған ептiлiктер, дағдылар мен қабiлеттер жүйесiн қамтиды. Бұл тараптан ол тəрбиелiк шеберлiк, өнермен ұштасып жатады. Педагогиканың мiне осы ғылымдық əрi өнерлiк ерекше сипатына кейбiр үстiрт ойлайтын адамдар, оны аса қажет теориялық құндылық деп бағаламай, тəрбие iсiндегi ептiлiктер мен икемдiлiктерге бұра салады. К. Д. Ушинский «Тəрбие iсi бiршама жеңiлдеу көрiнедi. Тəрбиеге шыдамдылық керек екенi баршаға аян, кейбiреулер ол үшiн тума дарын қажет деп ойлайды, тек аздаған ғана мамандар шыдамдылық, тума қабiлет жəне ептiлiктерден басқа арнайы бiлiмдердiң де қажет екенiн бүгiнгi күнi мойындап отыр», -деген [2, 205] .

Тəрбиелiк қызметте ептiлiк, дарын жəне теориялық бiлiмдер бiрдей керектi екенiн П. П. Блонский ескерген [3, 146] . Ептiлiк күнделiктi тəрбиеде ұшталады, дарын тəрбиелiк жұмыс барысында шыңдалады, теориялық бiлiмдер адам дамуы мен тəрбиенiң мəн-мағынасын тереңдеп танумен қалыптасады да, ғылыми идеялар түрiнде бiрден бiрге өтедi деген. А. С. Макаренко ықпалды тəрбие жүргiзу үшiн əрбiр мұғалiм-тəрбиешi педагогикалық шеберлiкке бейiмделуi тиiс, ал сол шеберлiктiң астарында мiндеттi түрде игерiлген теориялық бiлiмдер болуы шарт деп өте дұрыс пайымдаған [4, 212] . Адам қызметiнiң əртүрлi саласында теорияның маңыздылығын ежелгi ойшылдарда айтып кеткен. Грек философы Анаксагор «Практикалық iс-əрекеттiң еркiн өрiстеуi мен үнемдi болуы тек қана теориялық танымнан», -деген. «Əркiм жақсы бiлгенiнен данышпан», - деп Сократ та текке айтпаған [5, 187] . Теориялық бiлiмдердiң маңыздылығы бүгiнгi ғылым мен техниканың, өмiрдiң барша тармағында кең орын алуына орай ерекше айтып отыр. Сондықтан да, педагогиканың мəнiн түсiнiп, тəрбиеге байланысты негiзгi теориялық идеяларын игеру педагогикалық қызметке дайындалуда өте маңызды.

Бұл жұмыста тәрбие ұғымы әдіснамалық тұрғыдан сипатталады, тарихи-педагогикалық білім әдіснамалық негізде талданған. Әдіснамалық негіздеуді қажет ететін тарихи-педагогикалық білімнің негізгі мәселелерді ерекше бөлініп берілген.

Әдіснамалық шындықты танудың ерекше жалпы жолдары туралы ғылым ретінде қарастырылды. Әдіснаманың басқа да анықтамалары баршылық. Мәселен, ондағы танымдық мәселені бөле отырып, әдіснаманы шындықты танудың жолдары туралы ғылым деп анықтама беруге болады.

Болмыстың мәні, болмыс пен сананың қатысы, адамның мәнін тану сияқты мәселелердің әдіснамалық тұрғыдан мәні ерекше. Бұл мәселелерді диалектикалық-материалистік негіздеуде әр уақытта да болмыстың біріншілігі және сананың екінщілігі туралы түсіндірілді. Осындай орын алған, қалыптасқан көзқарас рухани дүниенің мәнін, сананың белсенділігін тежеп келді.

Қазіргі кезде зерттеушілер орыс философиясы мен педагогикалық ой-пікірінің көрнекті өкілдері Н. А. Бердяев, В. В. Зенковский, И. А. Ильин және көптеген басқаларының идеяларына көңіл бөле бастады. Олардың пайымдауынша, рухани дүниенің мәнін, сананың рөлін, оның адамның және қоғамның дамуына әсерін атап көрсетті [6, 232] .

Жалпы алғанда, әдіснама танудың елеулі қызметін атқарады, оның ішінде белгілі білім саласының дамуының, әсіресе, әлеуметтік ғылымдарының әртүрлі саласына қатысын орындайды. Бұл қызметтерін жүйе ұйымдастырушылық, түсіндірме-бағалаушылық, жобалаушылық ретінде анықтауға болады.

Тарихи-педагогикалық білімді әдіснамалық негіздеу үшін тәрбиенің мәнін түсінудің маңызы орасан зор. Педагогика тарихы ғылым ретінде және оның негізінде құрылған оқу пәні жалпы түрде қоғам өміріндегі тәрбиенің теориясы мен тәжірибесінің даму заңдылықтары үрдісін зерттейді. Тәрбиені кең мағынада түсінетін болсаң, сонда оның құрамына оқыту да, білім беруде кіреді.

Тәрбиені әлеуметтік және педагогикалық құбылыс ретінде қарастыру қажет. Тәрбие үрдіс ретінде белгілі әлеуметтік, қоғамдық жағдайларда пайда болды. Ол қоғамдық дамудың тарихымен тығыз байланысты. Егер де тәрбиеге жан-жақты берілген анықтамалардың бірінде “тәрбиені адамзат тәжірибесін бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру үрдісі ретінде қарастырады, демек, тәрбиенің қоғамның дамуында, ұрпақтар сабақтастығында, жас ұрпақтық өркениеттің, жинақталған тәжірибесін меңгеруде мәні ерекше”.

Педагогика тарихы-ғылым және оқу пәні ретінде кеңестік дәуірде көп жылдар бойы өзінің әдіснамалық негізі ретінде марксистік-лениндік ілімдігі, диалектикалық және тарихи материалдық біржақты басшылыққа алып келді. Бұл ілімнің қатаң қағидалары негізге алынады, ғылыми зерттеу жұмыстары мен әдебиеттер, өткендегі белгілі педагогтардың, ағартушылардың көзқарастары мен педагогикалық жүйелері, сонымен қатар әртүрлі тарихи кезеңдегі тәрбиенің, білім берудің, оқытудың теориясы мен тәжірибесін қарастырғанда және оған баға бергенде марксистік-лениндік әдіснама, партиялық таптық көзқарас тұрғысынан түсіндіріледі.

Тарихи-педагогикалық үрдісті, оның ішінде тәрбие тарихын әлеуметтік құбылыс ретінде бағалауда таптық көзқарас басшылыққа алынды. Тарихи-педагогикалық құбылыстарға таптық тұрғыдан қарау тәрбиенің тарихи-теориялық теориясы мен тәжірибесінің барлық байлығын тежеп отырды, тарихтағы көрнекті педагог тұлғалардың идеяларын жеткіліксіз бағалауға, олардың дүниетанымдық идеяларын пайымдауда біржақтылыққа ұрындырды, сонымен қатар объективтік тұрғыдан олардың тарихи-педагогикалық үрдістегі орны мен мәнін дұрыс бағалалауға жол берілді. Әсіресе, бұл кемшіліктер педагогика тарихынан жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында ерекше орын алды.

Дей тұрғанмен, барлық кеңестік кезеңдегі педагогика тарихының дамуын тек ғана біржақты жағымсыз тұрғыдан бағалау дұрыс болмаған болар еді. Кезінде педагогика тарихынан оқулықтар мен оқу құралдарын жазған белгілі ғалымдар Н. А. Константинов, Е. Н. Медонский, М. Ф. Шабалда, тұңғыш қазақ тілінде шыққан “Педагогика тарихы” оқулығының авторлары, белгілі ғалымдар, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қартбай Бекенұлы Бержанов пен педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Сыздық Мусиннің еңбегін ерекше атаған жөн [7, 153] . Бірақ бұл оқулықтар ескі әдіснама мен идеологияға негізделіп жазылғандықтан, қазіргі уақыт талабына сай көптеген тарихи мәселелерді тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан қайтадан қарастыру қажет болды.

Тарихи-педагогиканың білім беруде маңызды әдіснамалық негіздеуге өркениет тұрғысынан қарау жатады, ол тәрбиенің тарихи педагогикалық идеялары мен тәжірибесінің дамуын бағалауда әлеуметтік алғышарттарды енгізуге мүмкіншілк жасайды, оның дамуын қозғалысын әлеуметтік себептермен негіздейді.

Келесі педагогика тарихының мәнді әдіснамалық негіздеріне мәдениеттану тұрғысынан қарауды жатқызуға болады. Оның мәні мәдениет ұғымының өз мәнімен байланысты, мәдениетті өмір сүру үрдісінде адамзаттың жинақтаған тәжірибесі деп анықтама беруге болады. Сонымен қатар тәрбие жалпы алғанда тәжірибені бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру мағынасында қолданылады. Осы мәдениет, адамзат тәжірибесі, тәрбие ұғымдарының өзара байланысында, мәдениеттанудың негіздері жатыр. Екінші байланысы-тарихи-педагогикалық ілімінің өзі - бұл мәдениеттің бір бөлігі.

Әрбір педагогикалық ілім ғылымның даму тарихында белгілі орын алады және басқа ғылымдармен бірге мәдениеттің дамуына көмектеседі, оны байыта түседі.

Педагогика тарихы курсында өткендегі көрнекті педагогтардың ілімдерімен қатар аса дарынды философтардың, ойшылдардың, жазушылардың және қоғамдық қайраткерлердің педагогикалық көзқарастары талданылады, олар кәсіптік білімі бар педагогтар-болмағанымен, педагогикалық теорияны дамыту үшін ерекше еңбек сіңірді, тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері туралы, кейбір әдістемелік мәселелер туралы құнды идеялар қалдырды [8, 384] .

Қазіргі кезде өткендегі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихын зерттеуде үкіметтің “Мәдени мұра” атты мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алып, сол бағдарлама саласында тарихи-педагогикалық мұраны тарихқа көзқарас тұрғысынан зерделеуге тиіспіз. Өткен тарихи мұрамызды зерттеуде әдіснамалық тұрғыдан тарихи-педагогикалық құбылыстарды бүгінгі күннің мәселелерімен байланыстыра отырып пайымдауда, педагогикалық теориялар мен көрнекті педагогтарымыздың мұраларын зерделеуде тарихилық қағида басшылыққа алынды.

“Педагогиканың қазіргі мәселелерін, - деп жазды профессор Н. К. Гончаров, барлық педагогика тарихына сын көзқараспен пайымдамайынша, түпкілікті шешу мүмкін емес. Үрдістер немесе құбылыстардың мәні тарихи дамуда ашылады, ал құбылыстың өзі педагогика тарихының жалпы фонында түсінікті болады” [9, 169] .

Тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеуде дәстүрлі педагогикалық әдістер кеңінен қолданылады. Дәстүрлі әдістер деп педагогика ғылымының бастауында тұрған зерттеу ілімдерден, ағартушы-ойшылдардан мұрагерлікпен қазіргі педагогика ғылымына жеткен әдістерді айтамыз. Бұл Платон мен Квинтилиани, Коменский мен Песталоцци пайдаланған әдістер; олар күні бүгінге дейін педагогика ғылымында пайдаланылып келеді [10, 97] .

Зерттеу жұмысының мәселесі, пәні және міндерттеріне сәйкес барлық тарих ғылымдарына ортақ тарихи және логикалық зерттеу әдістері бір-бірімен бірлікте қарастырылады, сонымен қатар арнаулы әдістер, атап айтқанда, тарихи-салыстырмалы, ретроспективті, статистикалық және тағы басқа да зерттеуге, салыстырмалы талдауға және деректі әдеби, мұрағат материалдарын теориялық жинақтауға бағытталған әдістер қолданылады.

Тәрбиені зерттеу - педагогикалық зертеудің ертеден қолданылып келе жатқан әдістердің бірі. Кең мағынада тәжірибені зерттеу әдісі тәрбиенің тарихи байланысын орнатуға, жалпы, оқу-тәрбие жүйелерін айқын көрсетуге бағытталған ұйымдасқан таным қызметі болып табылады. Бұл әдістің көмегімен нақтылы мәселелерді шешудің жолдары талқыланады, жаңа тарихи жағдайда оны қолданудың қажеттігі туралы ойластырылған қорытынды жасалады. Сондықтан да қарастырып отырған әдісті кейде тарихи әдіс деп те атайды.

Бұл әдіс әдебиетпен жұмыс істеу әдісімен тығыз байланысты.

Педагогика тарихын зертеу үшін қажетті әдебиет құжаттары мен қайнар көздеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары: Ата Заңымыз, Білім беру туралы заң, 2004-2010 жылдарға дейін арналған Білім беру тұжырымдамасы, Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен нормативті құжаттары;

2. Жалпы адамтану мәселелері, педагогика тарихы мәселелері бойынша классиктердің еңбектері; тарихи-педагогикалық әдебиеттері; мұрағат құжаттары мен басқа да тарихи-педагогикалық материалдар; мерзімді педагогикалық басылым;

3. Мектеп, мұғалім, тәрбие туралы көркем әдебиеттер; халықтың педагогиканың даналығы, халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік үлгілері: мақал-мәтелдер, ертегілер, шешендік өнері, айтыс өнері, батырлар жырлары мен дастандар және т. б. ; тәрбие мәселелері жөніндегі жазылған мемуарлық және көркем әдеби шығармалар, ескі жазба ескерткіштер, жазушылардың, философтардың, ойшылдардың, педагогтардың әр кезеңдердегі педагогика, тәрбие, білім беру мәселелеріне арналған еңбектері және т. б. жатады.

Педагогика тарихы - ғылым және пән ретінде көптеген гуманитарлық ғылымдармен байланысты. Педагогика тарихы ең алдымен мәдениет тарихымен тығыз байланысты.

Педагогика тарихы тарих ғылымдарының өзімен, әдебиет және өнермен, психология және социологиямен де байланысады.

Адам тәрбие субъектісі ретінде мәдениетті тұтынушы және оның иесі болып табылады. Тәрбиенің білім берудің, оқытудың міндеттерін дұрыс шеше білу - қоғамдағы мәдениеттің дамуының басты шарты. Жас ұрпақтың мәдениеті мен тәрбиесінің дамуының арасындағы өзара байланысты тарихи-педагогикалық үрдісте анықтау-педагогика тарихының ғылым және оқу пәні ретінде негізгі міндеттерінің бірі.

Педагогикалық ой-пікірдің кез-келген өкілі мәдениеттің жаршысы, насихаттысы болып табылады. Тарихи-педагогикалық мәселелелерді зерделеуде зерттеуші адамзат тарихының, мәдениет тарихының, философия тарихының, әдебииет тарихының қайнар көздерін әртүрлі еңбектерін кеңінен пайдаланады.

Педагогика тарихы азамат тарихымен байланысты. Ең алдымен педагогика тарихын дәуірлерге бөлуде азамат тарихында алынған негізгі кезеңдермен сәйкес келеді.

Педагогика - кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.

Педагогиканың іргетасы - философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия - педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс-тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі деп атау қабылданған.

Қоғамдық құбылыс ретінде тəрбие дамуы мен педагогикалық білімдердің өткен жолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа көз тігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу жəне оны бүгінгімен салыстыру осы заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы қателерді қайталаудан сақтандырады. Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды: жалпы педагогика, жас кезеңдер педагогикасы, əлеуметтік педагогика, арнайы педагогика.

Жалпы педагогика - адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады:

1) оқу - тəрбие процесінің негіздері;

2) дидактика (оқу теориясы) ;

3) тəрбие теориясы;

4) мектептану.

Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөлектеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу-тəрбие мекемелеріндегі тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары - мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы жəне т. б.

Ғылыми пəндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен - жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары технологиялық жəне компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының əртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін тəрбие процестер ерекшелігін əскери педагогика зерттейді.

Əлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мəжбүрлі тəрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогикасы дамуда.

Өз дамуында əрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Естімейтіндер мен мылқаулар оқуы жəне тəрбиесімен сурдопедагогика, зағиптар- тифлопедагогика, ақыл-есі кемдер- олигофренопедагогика шұғылданады.

Педагогика ғылымдарының арнайы тобын жекеленген немесе пəндік əдістемелер құрайды. Олар оқу-тəрбие мекемелерінің барша типтерінде өтілетін нақты оқу пəндерінің оқытылуы мен игерілуі заңдылықтарын ашып, мұғалімдерге ұсынады. Өз пəнін оқыту əдістерімен əрбір педагог жоғары деңгейде таныс болуы міндетті. Педагогиканы оқыту əдістемесі де жоқ емес. Қолыңыздағы оқу құралы осы əдістеме талаптарына лайық жазылған. Соңғы он жылдықтарда педагогиканың барша салалары дəстүрлі əдістемелерден ерекшеленген, нақты жағдайларда жоғары нəтижеге жеткізуші ең тиімді деген жолдар мен тəсілдерді түзуге көмектесетін жекеленген технологиялар жасау бағытында дами бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан педагогикасының тарихы
Педагогиканың шығу және даму тарихы
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсi
Жауаптар педогогика
Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас халықтық құралы
Халықтық педагогика – тәрбие өзегі
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу
Педагогикалық бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz