Қазақтың салт дәстүрлері негізінде оқушыларды тәрбиелеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ

ЖҰМЫС

(пәннің атауы)

Тақырып: Халық педагогикаcы-ұлттық қазына

Карағанды 2018

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
4
: 1
Кіріспе: Халық педагогика -ұлттық қазына
4: 6
: 1. 1
Кіріспе: Қазақтың салт дәстүрлері негізінде оқушыларды тәрбиелеу
4: 6
: 1. 2
Кіріспе: Тәлім -тәрбие тал бесіктен басталады
4: 14
: 2
Кіріспе: Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың рөлі
4: 16
: 2. 1
Кіріспе: Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасының жастар тәрбиесіндегі маңызы
4: 16
: 2. 2
Кіріспе: Ыбырай Алтынсарин мен Мағжан Жұмабаевтың ұлт тәрбиесіндегі рөлі
4: 22
:
Кіріспе: Қорытынды
4: 28
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4: 30

Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс - әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелейбілді.
Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі - ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғ, ымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан.

Зерттеудің мақсаты: Халық педагогикасының жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі.

Зерттеудің нысаны: мектептің оқу үрдісі.

Зерттеудің пәні: Қазіргі уақытта бүкіл оқу - тәрбие жүйесі халықтық педагогикаға негізделіп, қайта құрылып жатқанда, ұмыт қалған салт-дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді насихаттау, баланың ауызекі сөйлеу тілін дамытып, олардың бойында ұлттық психологияны қалыптастыру - әрбір ұстаздың міндеті.

Зерттеудің міндеттері: Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың ролі: халық педагогикасы - қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы. Сондықтан оқушылардың ой-өрісін, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.
Ұмыт болған салт-дәстүр халқымызға тән ұлттық асыл қасиеттеріміз қайта жаңғырып жатқан уақытта осы мұраларды педагогикамен ұштастыру басты мақсат. Осы міндеттерді шешудегі мәселелердің қайнар бұлағы, сарқылмас көзі - халықтық педагогика

  1. Халық педагогика -ұлттық қазынаҚазақтың салт дәстүрлері негізінде оқушларды тәрбиелеу

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі - болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт - дәстүрінен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған - тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес. Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл - өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім - тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел - жұрт, ауыл - аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім - тәрбиенің түрі. Ендеше халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.

Еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын жақсарту қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі терең өзгерістер жасауды, ең алдымен, адам санасын шыңдауды, жаңаша ойлар қалыптастыруды, халқының өткен тарихи -мәдени мұраларын игере отырып шығармашылықпен еңбек етуді талап етеді.

Қазіргі кезде көп ұлтты мемлекетіміздің алдында тұрған ұлы міндет, біріншіден біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру болса, екіншіден, халықтық педагогиканы тәрбие үрдісінде пайдалана отырып ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-тарихи қажеттілік.

Халық педагогикасының мақсаты - оқушылардың бойында адамгершілік, отансүйгіштік, елжандылық, имандылық қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашақта еліміздің тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеп шығару. Халық педагогикасы - ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі, халықтың ең берекелі, ең парасатты тәжірибесі. Ол ғасырлар бойы жинақталған сан алуан іс-тәжірибелер мен ой-пікірлер негізінде қалыптасты. Оның мұралары уақыт талабы мен өмірге қайта оралып, мектептің оқу - тәрбие жұмыстарында кең қолданылуда. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» дегені мәлім [17, 47] .

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр - салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян. Халқымыздың ұлттық педагогикасының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Ерекшелігі сол: жас жеткіншектерді есті, адал, еңбекқор, парасатты болсын деген үмітпен ата-баба тәлім -тәрбиесін әрқашан мұра тұтып келген және оны талап етіп отырған. Ұрпағын жаман әдеттерден жирендіріп, жақсылыққа жетелеп, өсиет сөздерін күнделікті бойына ұялатып отырған. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ер жүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәжірибесінен сыннан өткен салт-дәстүрлерді, педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді.

Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптары мен байланысты туады. Салт дегеніміз - халықтың кәсіп, сенім, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын дәстүрдің бір түрі. Ұлттық дәстүр дегеніміз - тарих барысында қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мінез-құлық қалыптары. Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, сүйінші сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу тойлары; үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, келін түсіру тойлары, қалын-мал алу, жасау беру т. б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде-ырымдар, өлген адамды жерлеумен байланысты: арыздасу, қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау, өлген адамның жетісін, қырқын, жылын беру т. б. ырым-жырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Мұны салт-дәстүрлері деп атайды.

Тұрмыс - салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады

Бүгінгі таңда мектептегі оқып жатқан жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін тағылымды тәлім-ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту. Халқымыздың ұлттық мұрасын оқу -тәрбие ісімен сабақтастыру басты парызымыз. Осы тұрғысынан сыныптан тыс шараларда халықтық педагогиканың үлгілерін үнемі пайдаланып отырсақ жақсы болар еді.

Қазіргі уақытта бүкіл оқу - тәрбие жүйесі халықтық педагогикаға негізделіп, қайта құрылып жатқанда, ұмыт қалған салт-дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді насихаттау, баланың ауызекі сөйлеу тілін дамытып, олардың бойында ұлттық психологияны қалыптастыру - әрбір ұстаздың міндеті.

Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың ролі: халық педагогикасы - қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы. Сондықтан оқушылардың ой-өрісін, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.
Ұмыт болған салт-дәстүр халқымызға тән ұлттық асыл қасиеттеріміз қайта жаңғырып жатқан уақытта осы мұраларды педагогикамен ұштастыру басты мақсат. Осы міндеттерді шешудегі мәселелердің қайнар бұлағы, сарқылмас көзі - халықтық педагогика. Халықтық тәлім- тәрбиенің басты ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстылығында. Ұлттық тәрбиенің тағылымы, берері орасан зор. Әсіресе, тәрбиелік шараларды түрлендіріп өткізу әр мұғалімнің ізденісіне байланысты болмақ. Негізгі мақсат-тәрбиенің ұлттық жаңа үлгісін жасау және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру.

Бүгінгі таңда халық педагогикасына ерекше көңіл бөлу керек. Ата - бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттер бойына дарыту үшін тәрбие сағаттарымызда мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді, аңыз-әңгімелерді жиі мысалға келтіріп, ұлылардың айтқан даналық сөздерін ұрпақ санасына сіңіруді шара сайын жүргізсек.

Көптеген халықтар өз ұрпағын өз халқының қағидаларымен тәрбиелейді. Ендеше, егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, ұлттық тәрбие тағылымын басшылыққа алып, халқымыздың рухани байлығын бүгінгі күн талабымен ұштастыра білсек ғана ұлттық тәрбиенің берері көп.

Халық педагогикасы мен психологиясын терең зерттеп жүрген С. Қалиев халық педагогикасының мақсаты, мазмұны, әдістерін айқындай келе, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиесін қалыптастыру нәтижесінде «сегіз қырлы, бір сырлы» жаны таза, дені сау, адам қалыптастыру мүмкіндігін атап көрсетеді. К. Қожахметова өз еңбегінде мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу мәселелері жөнінде ой қозғаса, Б. Мұханова диссертациялық еңбегінде мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ этнопедагогикасымен сусындата тәрбиелеу үшін этнопедагогикалық біліммен қаруландыру керектігіне тоқталады. Қ. Сарыбеков өз еңбегінде экологиялық білім берудің дүниетанымдық, моралдық жағын анықтай отырып қазақтың табиғат қорғау дәстүрін бірнеше топтарға жіктеп көрсетсе, Ф. Жұмабекова жас ұрпақтың рухани-эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсерлі ықпал ететін эстетикалық тәрбие құралы - өнер екендігін алға тартады [2, 47] .

Жалпы салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттер, әдепсіз қылықтан арылу, ауырып ем іздемей тұрып, салауатты ғұмыр кешуге жол табу туралы мәселе ерте кезден-ақ зерделенген. Адамның рухани ішкі және сыртқы тазалығы адамгершілік, имандылық қасиеті, ақыл-ойының, дене бітімінің саулығы, тәлім-тәрбиесі туралы мәселелерді адамзат тарихи тамырын тереңнен алады. Халқымыз жас ұрпақты рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуге ерекше көңiл бөлiп, кейiнгiге талай ұлағатты сөздерiн, iс-тәжiрибесiн қалдырған.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында және оқу-тәрбие саласына байланысты басқа да құжаттарда жан-жақты білімді, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, денсаулығы мықты, шешен тілді, рухани дүниесі бай және салауаттылық деңгейі жоғары ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі көрсетілген.

Ұлттық мәдениет, ұлттық мүдде, ұлттық сана-сезім, ұрпақты руханилыққа және салауаттылыққа тәрбиелеуде ұлтымыздың өзіне тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, жазба мұралары негізінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан асыл мұраларды жинақтап, зерттеп зерделеудің құндылығы арта түсуде. Қазақ халқы жастарды отбасында кiшiпейiлдiлiкке, iзеттiлiкке, имандылыққа, инабаттылыққа, салауаттылыққа тәрбиелеудi бiрiншi мiндет етiп қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендерiне қос қолдап сәлем берудi, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендерге жол берудi, олардың алдын кесiп өтпеудi уағыздаған. Жастардың жадына «сiз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық, «Адамдықтың белгiсi - иiлiп сәлем бергенi», «Кiшiпейiлдiктен кiшiреймейсiң», «Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкiмдi» деген қағидаларды үнемi уағыздаған.

Ұлт тағдыры - ұрпақ қолында екенiн жақсы түсiнген ата-бабамыз жас жеткiншектердi өнерге, еңбекке шақыра отырып, рухани-адамгершiлiк iзгi қасиеттерге баулу мәселесiн алғашқы орынғақойған.

Халық мұраларында рухани-адамгершiлiк қасиеттердi, әсiресе, ар-ожданды қастерлеу тәрбиенiң басты қағидасы болып саналған. Осыны басты нысана етiп ұстанған ата-бабамыз «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», «Ақ жүрген адам азбас», «Әдептiлiк, ар-ұят - адамдықтың белгiсi» деп ар тазалығы басқаға қиянат жасамауға, шыншыл, әдiл болуға баулиды. Әдептiлiк, сыпайылық, кiшiпейiлдiлiк, мейiрiмдiлiк, иманжүздiлiк қасиеттердiң бәрi ар-ұят, ождан тазалығынан туындайды. Имансыз болу - ата-ананы, ұстазды, үлкендi сыйламауды халқымыз кешiрiлмес үш күнә деп санаған. Қазiргi мейiрiмсiздiк, қатыгездiк, дөрекiлiк етек алып отырған заманда жасанды ар-ождан тазалығын сақтауға, рухани-адамгершiлiкке, имандылыққа тәрбиелеуге ерекше көңiл бөлу қажет болып отыр.

Рухани-адамгершілік пен салауаттылыққа баулитын халқымыздың сан ғасырлық тәлім-тәжірибесін, мұраларын болашақ жастар тәрбиесіне пайдаланудың берері мол екендігін халқымыздың зиялы азаматтары, ұлы ғұламалары да атап көрсеткен.

Қазақ ұлтының салауаттылық, парасаттылық, имандылық, адамгершілік тәлім-тәрбие туралы мәңгі өлмес құнды ұлттық мұрасының дамуын шолып өтсек, Ибн Сина еңбектері, Шығыс Аристотелі атанған ғұлама әл-Фараби, сонау көне түркі жазуымен тасқа қашап жазған ескерткіш «Орхон-Енисей жазуларынан» бастап, Ержүрек қолбасшы Күлтегін, Білге Қаған, мемлекет қайраткері Тоныкөк, Омар Хаям рубайлары, түркі тілдес халықтардың бәріне өшпес рухани мұра қалдырған: Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки, Қыдырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар Дулати шығармаларының орны ерекше. Араға бес ғасыр салып, қолымызға сағындырып жеткен ғұлама-ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі, ұлттық психологиядан болашақтың салауаттылығына, имандылығына арналған мол мағлұмат алуға болатын еңбек. Тауасарұлы Қазыбек бектің «Түп тұқианнан өзіме шейін» атты еңбегі қазақ тарихының асыл мұралары екені айқын.

Адамның қоғамдағы орны, маңызы, тәлім-тәрбиесі, жан мен тән, өмірдің қыр-сыры туралы толғаныстар, ақыл-кеңес, даналық өсиеттер жөнінде толғаған ақын-жыраулар: Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар Жырау, Шал ақын, Дулат, Махамбет.

Қазақ халқын әлемге танытқан, Шоқан, Ыбырай, Абай еңбектерінің ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше. Бүкіл бір халықтың ұстазы Ұлы Абай өзінің қара сөздерінде (45 сөзі) жан мен тән тазалығы, имандылық қасиеттері «толық адам», дені сау адамның іс-әрекет нәтижелері, жалпы қауымның игілігіне айналады деп тұжырымдайды. [9, 115] .

XX ғасыр басында қазақ халқының бiлiм беру саласында үлкен бетбұрыстар болды. Ұлттық негiздегi төлтума оқулықтар, рухани-адамгершiлiк тәрбиесi мәселесiне арналған ғылыми еңбектер жарық көрдi. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұраларды жинақтау, оны бүгiнгi оқушылардың рухани-адамгершiлiк тәрбиесiне, салауаттылығын қалыптастыруға пайдалануда тәлімдік ой-пікірлерімен қазақ даласына із қалдырған Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, X. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ғ. Қараш және т. б. еңбектері - ұрпақ саулығы үшін қам жеген денсаулық мәселесіне арналған мұраларының орны ерекше.

Мәселен, М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» оқулығында «Сау жан сау денеде ғана болады» деген адамзат дүниесінің ескі мәтелін дұрыстай отырып, баланың денсаулығы мәселесін «Дене тәрбиесі» бөлімінде егжей-тегжейлі қарастырады. [14, 77] .

Ата-бабамыз келер ұрпағына «табиғат үйін» - орасан зор байлығын сыйлап кетті. Осы табиғатта олардың айналысатын шаруашылығы - төрт түлік малы, табиғи кенеулі асы: ішсе - сусыны, айран-сүті, қымыз-қымыраны, шұбаты; жесе - еті, қазы-қартасы, құрт-майы; мінсе - көлігі, ойын тойларда - сауығы болған.

Осы орайда, ақын Қадыр Мырза-Әлі қазақ ұлтының мінез-құлқын, адамгершілік, имандылық қасиеттерін, қазақ елінің табиғатымен байланыстыра келіп былай толғайды:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дарқандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

Қасарысқан ерлікті шыңнан алған секілді,

Көшіп-қону дегенді құмнан алған секілді.

Мыңқ етпейтін мінезді жоннан алған секілді,

Түнеруді тұнжырап тұннен алған секілді.

Күн шуақты күлкіні күннен алған секілді - дейді.

«Ата - балаға сыншы» дейді қазақ мақалы. Әке өз балаларының жеке ерекшеліктерін, қандай іске, өнерге бейімделгенін, ерте аңғарып, шамасы келгенше баласының бойындағы табиғи қабілеттерін дамытуға күш салған. Баласы ойлы, сезімтал болса, ел адамы, қадірлісі болуды көздеп және игі жақсыларға теңеген. Парасатты әке балаларына ата-бабаларының іс-әрекетінің үлгі боларлық өнерін айтып, ағайынның туыстық, жақындық қатынастарын түсіндіріп, ата-тегі туралы айтып, ұрпағының саулығы мен имандылығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып отыруды өзінің парызы санаған.

Қазақ отбасы тәрбиесінде өзінің ғасырлар бойы саяси экономикалық, әлеуметтік-тарихи ерекшеліктеріне байланысты атап айтканда, кең байтақ жерін, шаруашылық дәстүрін әр түрлі шапқыншылық, жауынгерлік және табиғаттың дүлей апатынан сақтап, қорғап қалу үшін ұрпағын бала жастан іскерлікке, ептілікке, батырлыққа, мергендікке шымырлыққа, саулыққа, салауаттылыққа тәрбиелей отырып, жаны мен тәнінің бірдей жетілуін дәстүрге айналдырған.

Қазақ ұлтының болашақ ұрпағының санасына туған халқына деген сүйіспеншілік, ұлтының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, дінін, тарихын сезіне білетін жылы жүрек, тоқтамды ақыл мен имандылық өте қажет. Бұл айтылып отырған құндылықтар тек кана дені сау жаны мен тәні таза, адал иманды, салауатты тұлға бойынан табылатын қасиеттер. Сондықтан, қазақ ұлтының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, салауатты өмір салтын қалыптастыруда, көздеген мақсатқа жету жолындағы өмір тіршілік әрекеттеріне тоқталып көрелік.

Қазақтың әдет-ғұрыптарының бірі - «Құрсақ шашу». Жас келіннің аяғы ауыр болғаны белгілі болса, оның абысын-ажындары, енелері келінді шақырып құрсақ тойын жасап, оның аман-сау, қол-аяғын бауырына алуына тілек білдіріп, шашу шашып, дастарханды түрлі дәмге толтырып, сауық жасаған. Ғұрып бойынша бойына бала біткен келіншекті «күмәнді», «аяғы ауыр» деп тұспалдап айтқан. Оның мәнісі жас келін қысылып, ұялмасын, тіл-көздің сұғынан сақтасын деген ойдан шыққан. Келіннің жерік асының табылып, жерігі қанған әйелдің құмары тарқап, ерекше сезімге бөленіп, денсаулығы жақсара бастаған. «Жерік асын жегеңдей қуанды» деген сөз осындайдан қалған. Жеріктікті басудың тек анаға емес, іштегі сәбидің де денсаулығына зор әсері бар. Мысалы, жерігі қанбаған ананың балалары әлжуаз, аурушаң, кейде кем тууы да мүмкін. Сәбидің аузынан суы шұбырып жүруі де осындайдан болады дейді халық даналығы.

Нәресте саулығына аса көрегендікпен қараған зерделі ана келінге құмсағыз шайнатқан, оның негізі нәресте ширақ болсын дегені, әсіресе рауғаштың баланың көзін көреген, құлағы сақ болуына септігі бар екенін біліп, өмір тәжірибелерінде пайдаланып отырған. Парасатты ана келінге ән тыңдатқызып, таза ауада жалаң аяқ жүргізген. Болашақ ананың сергек, тамағы құнарлы болғанын қадағалайды. Ән тыңдатқызғаны - нәресте зерделі, ақылды болмақ, жалаң аяқ жүріп - Жер-Анадан қуат алмақ, Айлы түнде келінді суға шомылдырғаны - нәресте ай жүзіндей сұлу болуын, сымбатты болуын қадалаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге ұлттық салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz