Міржақып Дулатұлының "Қазақ қоғамындағы рөлі"



Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім

I) Мәңгілік Міржақып
II) М. Дулатұлының «Оян қазақ».тағы азаттық мәселесі
III)«Бақытсыз жамал» романындағы «Әйел теңсіздігі»
IV) М. Дулатұлының «Абай» шығармашылығын зерттеуі

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ публицистика саласында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Халел Досмұхамедұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы және т.б. белгілі публицист қаламгерлермен үзеңгілес келген Міржақып Дулатұлының еткен еңбектері қазақ қоғамындағы рөліне арналады. Ғылыми жұмыста қаламгер Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ»-тағы азаттық мәселесі мен «Бақытсыз Жамал» романындағы «Әйел теңсіздігі» мәселесі талданып, сонымен қатар «Абай» шығармаларын зерттеуі» ашық анық айқындай түседі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ ғасыр басындағы қазақтың ұлы тұлғасы қайраткер-қаламгеріміздің әдеби, рухани, байлығының мұрасына қазақ қоғамындағы рөліне тарихи сабақтастық биігінен қарап бағалау, болашаққа ғылыми бағдар жасау болып табылады.
ХХ ғасыр басындағы қазақ еліне қажырлы қайраттылығымен өз өрнегін сала білген Міржақып Дулатұлының қазақ қоғамындағы рөлі қаншалықты екенін ертеңгі ел болашағынан үміт күттіретін жастардың білуі міндет.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Міржақып Дулатұлының қазақ қоғамындағы рөлін тақырыптық ерекшелігі мен көркемділік құндылық шеберлігін анықтау, оған тарихи бойлау зерттеудің мақсаты болып табылады. Жоғарыда аталған мақсатты айқындау үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- Міржақыптың бастауына негіз болған қоғамдық-саяси дүниетанымы мен азаматтық көзқарасына көркемдік құндылық тұрғысына баға беру;
- М.Дулатұлының қазақ қоғамындағы рөліне кезеңдік сараптамалар жасап, құндылықтарын айқындау;
- қаламгердің шығармаларының жанрлық сипаттарын көрсету;
- М.Дулатұлының әдеби шығармаларының жанрлық, тақырыптық ерекшеліктерін ашып, түрлерін айқындау;
- ақынның «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағындағы азаттық мәселесін тақырыптық тұрғыдан саралау;
- «Бақытсыз Жамал» романының «Әйел теңсіздігі» мәселесін айқындап, сюжеттік-композициялық ерекшеліктеріне, образ жасау, кейіпкер характерін ашу т.б. көркемдік тәсілдерді қолданудағы жазушы шеберлігіне талдау жасау;
Зерттеудің дерек көздері. Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері ретінде Гүлнар Міржақыпқызы Дулатованың «Шындық шырағы» естелік кітабы мен алаш арыстарының шығармашылығына қатысты және ХХ ғасырдағы қазақ халқының тарихы қамтылған түрлі материалдар назарға алынды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар қорындағы, Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының Орталық кітапханасындағы сирек кездесетін басылымдардағы, М.Әуезов атындағы әдеби және өнер институтының қолжазбалар қорындағы, Қазақстан Мемлекеттік Орталық мұрағатындағы, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы мұражайындағы деректер кеңінен пайдаланылды.
1. Перечень приоритетны направлений фундаментальных исследований на 2000-2010 годы и программ фундамектальных исследований с основными заданиями и показателями на 2000-2010 годы: Государственный заказ в области общественных и гуманитарных наук. (Приложение к приказу МО и Н РК). №250. «Учительская газета». 05.04.2000 г.
2. Назарбаев Н. Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Интеллегенцияның өнегелік және саяси таңдауы. //Отан тарихы: Ғылыми журнал. – «Қазақстан 2030».- №1. – Б. 5-15.
3. Қирабаев С. Алашорда және «ұлтшылдық» әдебиет. //Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы: «Ғылым», 2001, – Б. 26.
4. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. – Алматы: «Атамұра», 1993. – Б. 128.
5. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: «Атамұра», 1989. – Б. 156.
6. Сыздықова Р. Міржақып Дулатов сөздігі //Қазақ әдебиеті. 1993. 23 тамыз (№35).
7. Кәкішев Т. 20 жылдардағы әдеби сын. // 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. 1-ші кітап. – Алматы: «Ғылым», 1997. – Б.117-146.
8. Дулатов М. Ұрпаққа хат (немесе абақты қабырғасынан жеткен аманат). 1929. қаңтар. Сот құжаттарының 98-99 беттері. - 2 том. //Дала дидары. -1991. - 2-8 мамыр;
9. Кенжебаев Б. Мірдің оғындай еді. //Лениншіл жас - 1989. - 25 август.
10. Дулатова Г. Ардақтап өтем әкемді. //Жұлдыз. - 1990. - №6. – Б. 132.
11. Большая советская энциклопедия. – Москва. 1931. Том 1. С.590.
12. Арғын. Біздің мақсатымыз. //Серке.1907.-6 июнь. (№84).
13. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: «Жазушы», 1991. – Б. 129.
14. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы: «Санат», 1996. –Б.203.
15. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: «Жазушы», 1989. – Б. 320.
16. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі (Құраст: З.Ахметов, Т.Шаңбаев). Алматы: «Ана тілі», 1996.- 240 бет.
17. Мадияр. Қазақ съезі. // «Қазақ» газеті. -1917. №226. -22 апрель.
18. М.Д.Қазақ ауылында ашылған «Уақ қарыз серіктігі». «Қазақ». -1914. №47.-23 январь.
19.Дулатұлы М. Шығармалары. 1-т. – Алматы: Ғылым, 1996. – 280 б.
20.Қирабаев С., Мырзағалиев Қ. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық / Қирабаев С., Мырзағалиев Қ. – Алматы: «Мектеп», 2001. – 272 бет.
21. Бисенғали З.Қ. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы: Зерттеу. – Алматы: Өлке, 1997. – 268 б.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жолдасов Аян Темірбекұлы

Міржақып Дулатұлының Қазақ қоғамындағы рөлі

Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім

I) Мәңгілік Міржақып
II) М. Дулатұлының Оян қазақ-тағы азаттық мәселесі
III)Бақытсыз жамал романындағы Әйел теңсіздігі
IV) М. Дулатұлының Абай шығармашылығын зерттеуі

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысы ХХ ғасыр басындағы қазақ
әдебиеті мен қазақ публицистика саласында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан
Бөкейханұлы, Халел Досмұхамедұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы және т.б. белгілі
публицист қаламгерлермен үзеңгілес келген Міржақып Дулатұлының еткен
еңбектері қазақ қоғамындағы рөліне арналады. Ғылыми жұмыста қаламгер
Міржақып Дулатұлының Оян, қазақ-тағы азаттық мәселесі мен Бақытсыз
Жамал романындағы Әйел теңсіздігі мәселесі талданып, сонымен қатар
Абай шығармаларын зерттеуі ашық анық айқындай түседі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ ғасыр басындағы қазақтың ұлы
тұлғасы қайраткер-қаламгеріміздің әдеби, рухани, байлығының мұрасына қазақ
қоғамындағы рөліне тарихи сабақтастық биігінен қарап бағалау, болашаққа
ғылыми бағдар жасау болып табылады.
ХХ ғасыр басындағы қазақ еліне қажырлы қайраттылығымен өз өрнегін сала
білген Міржақып Дулатұлының қазақ қоғамындағы рөлі қаншалықты екенін
ертеңгі ел болашағынан үміт күттіретін жастардың білуі міндет.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Міржақып Дулатұлының қазақ
қоғамындағы рөлін тақырыптық ерекшелігі мен көркемділік құндылық шеберлігін
анықтау, оған тарихи бойлау зерттеудің мақсаты болып табылады. Жоғарыда
аталған мақсатты айқындау үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді шешу
көзделді:
- Міржақыптың бастауына негіз болған қоғамдық-саяси дүниетанымы
мен азаматтық көзқарасына көркемдік құндылық тұрғысына баға
беру;
- М.Дулатұлының қазақ қоғамындағы рөліне кезеңдік сараптамалар
жасап, құндылықтарын айқындау;
- қаламгердің шығармаларының жанрлық сипаттарын көрсету;
- М.Дулатұлының әдеби шығармаларының жанрлық, тақырыптық
ерекшеліктерін ашып, түрлерін айқындау;
- ақынның Оян, қазақ! өлеңдер жинағындағы азаттық мәселесін
тақырыптық тұрғыдан саралау;
- Бақытсыз Жамал романының Әйел теңсіздігі мәселесін
айқындап, сюжеттік-композициялық ерекшеліктеріне, образ жасау,
кейіпкер характерін ашу т.б. көркемдік тәсілдерді қолданудағы
жазушы шеберлігіне талдау жасау;
Зерттеудің дерек көздері. Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі дерек
көздері ретінде Гүлнар Міржақыпқызы Дулатованың Шындық шырағы естелік
кітабы мен алаш арыстарының шығармашылығына қатысты және ХХ ғасырдағы қазақ
халқының тарихы қамтылған түрлі материалдар назарға алынды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қолжазбалар мен сирек
кездесетін кітаптар қорындағы, Қазақстан Республикасының Ғылым
Академиясының Орталық кітапханасындағы сирек кездесетін басылымдардағы,
М.Әуезов атындағы әдеби және өнер институтының қолжазбалар қорындағы,
Қазақстан Мемлекеттік Орталық мұрағатындағы, Әуезов үйі ғылыми-мәдени
орталығы мұражайындағы деректер кеңінен пайдаланылды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімі Міржақып Дулатұлының өмірі мен
шығармашылық қызметі деп аталады.
Міржақып Дулатұлы 1885 жылы қараша айының 25 күні Торғай уезінің
Қызбел төскейі Сарықопа болысының үшінші ауылында дүниеге келген.
Міржақыптың әкесі Дулат айналасына танымал атақты шебер ұста болған. Оның
қолымен жасалған ат әбзелдері, саптама етіктері, әйелдердің жұмсақ мәсілері
бүкіл Сарыарқаға әйгілі екен. Міржақыптың анасы Дәмеш қарапайым жұмсақ
мінезді, алайда той-думандарда жан тебірентер әсем дауысы атақты әншілерді
таң қалдыратын. Қазақ әдебиетін зерттеуші ғалым Тұрсынбек Кәкішев:
Міржақып Дулатұлы Ахмет Байтұрсыновтың поэзиядағы азаттыққа шақырған рухын
жалғастырушы ғана болған жоқ, Оян, қазақ! деп өз ұранын тастады [7], -
деп ой түйеді.
Міржақып 12 жасында тұл жетім қалады. 1897 жылы Міржақыптың үлкен
ағасы жаңадан қалыптасып қеле жатқан қазақ буржуазиясының жарқын
өкілдерінің бірі Асқар Дулатұлы (1865-1938) оны Торғайдағы орыс-қазақ
училищесіне оқуға орналастырады. 1990 жылғы ақталған құжатта сауатсыз деп
көрсетілгенмен Міржақыптың қызы Гүлнар апайдың айтуынша, Асқар ағасы ел
ішінде беделді, ақыл-ойы жетік, адал жанды, турашыл, өте парасатты адам
ретінде танылған. Міржақып бес жыл ішінде қазақ тілінің грамматикасын, орыс
тілі мен әдебиетін, араб каллиграфиясын, тарих, жағрафия, мұсылмандардың
дін ілімін, физиканы, арифметиканы оқып, дене шынықтырумен айналысады.
Міржақып Асқар ағасының кітапханасында Түркістан уалаятының газеті,
Дала уалаятының газеті атты мерзімді басылымдармен, әлем жазушыларының
шығармаларымен танысады. Кейіннен өз бетінше білімін жетілдіре жүріп,
классикалық философияны, орыс және әлем әдебиетін меңгереді. Міржақып
Дулатұлы шығармашылығындағы идеялық бағдарының қалыптасуына өмір жолында
үзеңгілес жолдас болған Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлының әсері мол
болған. Ол 1904 жылы Омбы қаласында жасырын ұйымға қатысады. 1905 жылғы
революция кезеңінде олар Қарқаралы ереуілшілерінің арасында болған.
Міржақып Дулатұлы қазақ елінің ұлттық санасын ояту жолындағы күрескер
идеясы үшін тұтқындалып, Соловецк лагерінде 1935 жылы 5 қазан күні аурудан
қайтыс болады. Міржақып Дулатұлы ісі 1988 жылы Қазақстан Жоғарғы соты
алқасында қайта қаралып, 1988 жылы 4 қарашада толығымен ақталды. Ал 1992
жылғы 16 қыркүйекте ақынның сүйегі Карелиядан алынып, туған жері Торғай
топырағына қайта жерленді.
Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылық қызметі ХХ ғасыр басындағы
қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы мен әдеби мұрасын қалдырған ұлы тұлға.
Қазақ елінің ұлттық санасын ояту жолында публицистикалық жанрдың
қалыптасуына өнегелі өз өрнегін сала білген Міржақып Дулатұлы қоғам
қайраткері, кемел ойлы көсемсөздің шебері.

Ғылыми жұмыстың екінші бөлімі М. Дулатұлының Оян қазақ-тағы азаттық
мәселесі деп аталады. Міржақыптың Оян қазақ! жинағының қазақ халқының
азаттық жолындағы күресінің ұраны болғаны ақиқат. Осы жинақтағы ақынның
бірі жеті бөлімнен тұратын (небәрі 53 шумақ), енді бірі жиырма жеті
бөлімнен тұратын (140 шумақ) Таршылық халіміз хақында аз мінәжат,
Насихат ғұмұмия атты ұзақ өлеңдерін әдебиет зерттеушілері автордың
негізгі ақындық кредосы, азаматтық платформасы баяндалған монологтар деп
бағалайды.
Содан кейін М.Дулатов бұл жинаққа енген шығармаларды тақырыбы мен
мазмұнына қарай үш топқа бөлген. Олар: 1. Қазақ халқының өткен тарихынан
елестер; 2. Қазақ қауымының ғасыр басындағы әлеуметтік хал-ахуалы; 3. Елдің
болашақ тағдырына байланысты көтерілген адамгершілік, оқу-ағарту
мәселелері. Сол замандағы қазақ халқын құрсап алған төрт қасірет түгел
көз алдыңызға келіп, тұмшаланған сананы серпілтіп жібергендей күй
кештіреді. Елі осындай күйде жатқанда, ақын жүрегі қалай тебіренбей тұра
алсын?! Елін өлеңмен оятуға ұмтылған ақын негізгі түйінді мәселелерді нақты
айқындап, назар салар тұсты дәл осылай меңзейді. Осы төрт шумақтан
М.Дулатұлының зар-мұңы, елі мен жерінің бақытын көксеген ойшылдығын, келер
ұрпақтың қамын жеген кемелдігін көре аламыз. Болашаққа деген нық сеніммен
жігерленген оның шығармашылығы қазақ халқының бостандығы мен теңдігі
жолындағы күресімен тығыз байланысты. Оның тағдыры – патша өкіметінің қуғын-
сүргіні мен сталиндік репрессияның зардабын басынан өткізіп, әділет пен
шындық жолында құрбан болған қазақ зиялыларына тән тағдыр екені баршаға
мәлім.
Кеше ғана жұртына Оян, қазақ! деп ұран салған ақынның нәзік жаны,
ішкі сезімін жеткізе білетін шеберлік қыры жарқ етіп бір көрінгендей,
жарқылдаған отты сөздердің жалт-жұлт ойнаған ішкі сырларды шертіп кететін
кездері Міржақып поэзиясында аз кездеспейді. Ендеше, Міржақып – ұлтына
еңбек етудің үлесін танытқан, ұлт азаттығына бар саналы ғұмырын арнаған,
осы бағытта талай тағдыр талқысына түсіп, соның бәрін туған елі үшін
мойымай көтерген, халқын оянуға шақырған азамат ақын деуге әбден лайық.
Міржақып бір ғасыр бұрын Оян, Қазақ!,- деді. Біз ояндық па осы деген
сұраққа тоқталсақ?!
Біз әлі қалғып отырмыз. Оянған жоқпыз. Неге?! Себебі, мемлекет
басында отырған кейбір қазақтарымыз ана тілін әлі білмейді. Менсінбейді.
Неге олар өз тілінде сөйлемейді?! Бұл - бір. Екіншіден, мемлекет
мекемелерінің аты қазақша, заты орысша. Кейде өз ұлттық мүддемізді умытып
басқа мемлекеттердің экономикасын, саясатын қолдап кетуге бармыз. Бұл нені
көрсетеді?! Бұл патша заманынан бізге сіңген құлдықтың белгісі. Бұл әлі де
кешегі өткен Абылайдың, Кенесарының, Махамбеттің, Абайдың, Міржақыптың рухы
үзіліп қалғандығы. Міржақыптың Оян, қазақ идеясы - қазақтың нағыз ұлттық
идеясы. Бізге әлі мыңдаған жылдарға азық болары хақ. Біздің оянғанымыз - өз
тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді нығайтып, ана тілімізді әлем тілдермен
тең дәрежеге көтеріп, қазіргі алпауыт елдермен экономикамыз бен рухани
әлеуетіміз бір сатыда тұрған кезде ғана ояндық деп айта аламын.
Ғылыми жұмыстың үшінші бөлімі Бақытсыз жамал романындағы Әйел
теңсіздігі мәселесі деп аталады. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде
өркен жайып, халықтың тағдырын, елде болып жатқан әділетсіздікті, әйел
құқығын жерге таптауды арқау еткен М.Дулатұлы 1910 жылы Қазан қаласында
Каримовтар баспасынан көлемді әрі әйгілі Бақытсыз Жамал романын жарыққа
шығарды. М.Дулатұлы осы Бақытсыз Жамал романында Жамалдың тағдырын жалаң
алмай, бүкіл қазақ халқының өмірінінің сан қырлы әлеуметтік мәселелермен
сабақтастырып, өз тұсындағы реалистік өмір шындығын, әйел теңсіздігі, яғни
қазақ қыздарының бақытсыздыққа ұшырамауы үшін теңдікке, бостандыққа
ұмтылуы, сол замандағы салт-дәстүрдің қаталдығының әсерінен еріксіз малға
сатылған қыздың аянышты бейнесі, көз жасы, өмірде кәрі, құтырған шалдарға
күйеуге тиіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлт зиялылары
Міржақыптың Қазақ Алашбайұғлы бүркеншік есімі
Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
Міржақып Дулатовтың қазақ журналистикасындағы орны мен публицистикалық еңбектері
Көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктер (М.Дулатов шығармашылығы бойынша)
М.Дулатұлының алаш партиясы мен кеңес өкіметі кезеңдеріндегі көзқарастары
М.Дулатұлының шығармаларындағы сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Міржақып дулатов- зерделі сөз зергері
М. Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы
Пәндер