Жылқының коңдылығы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Сойыс малдарын тасымалдауға дайындау, тасымалдау көліктеріне қойылатын талаптар

Орындаған: Бегали Елжас

Тексерген: Ақкөзова А. С.

Тобы: Вм-407

Алматы - 2020

I Кіріспе . . . 3
II Негізгі бөлім . . . 4
1 Сойыс малдарын шаруашылықтардан ет өндіріс орындарына тасмалдау . . . 4
2 Теміржолмен тасудың малға әсерін тигізуі . . . 5
3 Малдың қоңдылығын анықтау . . . . 5
3. 1 Жылқының коңдылығы . . . 6

3. 2 Шошқаның қоңдылығы . . . 6

3. 3 Ірі қара мен сиырдың қоңдылығы . . . 6

3. 4 Бұзаудың қоңдылығы . . . 7

3. 5 Қой, ешкі қоңдылығы . . . 8

3. 6. Түйе қондылығы . . . 8

III Қорытынды . . . 9
IV Пайдаланылған әдебиеттер . . . 10

Кіріспе

Көліктің барлық түрлерімен жануар, өнім жəне жануартекті шикізаттарды тасымалдау кезіндегі басты мəселе - аурулардың таралуының алдын алу жұмыстарын жүргізу, тасымалдау барысында ветеринарлық-санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау жатады. Барлық аталған міндеттер ҚР аумағына шетелден жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының өтуінен сақтайды, бұл жұмысты шекарадағы ветеринарлық бекеттің ветеринарлық инспекторлары жүзеге асырады. Бұл жағдайда ҚР көліктегі ветеринарлық қызметтің транзит жəне республика ішінде ішкі тасымалдау мен ветеринарлық-санитарлық қадағалау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады.
Ветеринарлық-санитарлық қадағалау негізіне ветеринарлық санитария ғылымын оқу барысында алынған білім жатады, себебі зертханалық жəне өндірістік зерттеулер тəжірибесінің негізі патогенді немесе шартты патогенді микроорганизмдер жануар ауруларын тудыратын жəне өнімдермен жануартекті шикізаттардың жарамсыздығына əкелетін компоненттерді жақсы білу шарт.

Ет өндірісінде етке арнайы бағылған мал пайдаланылады. Сонымен қатар басқа өнім үшін бағылған малды да ет өндірісіне қолданады. Етке арнайы өсірілген етті тұқымды малдан алынған еттің сапасы жоғары болады. Мал сою орындарына түсетін малды сойыс малы деп атайды. Бізде сойыс малына ipi қара, жылқы, түйе, шошқа, eшкi, бұғы, коян және үй құстарының бәрін жатқызады. Сойғаннан кейінгі жүретін биохимиялық өзгерістердің ерекшеліктеріне байланысты туғанына 14 күн толмаған төлдерді сойыс малына жатқызбайды. Малды союға дайындау (өcipy, бордақылау) ұжым, кеңшарлардың арнайы фермаларында, , кооператив мекемелерінде, құс фабрикаларында, т. б. орындарда жүргізіледі.

Қазіргі кездегі фермерлік, жеке шаруашылықтардың өркендеуіне байланысты келешекте ет өндірісін қамтамасыз етуде олардың улес салмағы да жоғары болманџпы. Соңғы жылдары мал басының біршама кeмуiнe қарамастан, Қазақстанда ет және де басқа мал өнімдерін өндірудің мүмкіншілігі зор.

Мал өнімдерін арттыруға мал азығының және әр түрлі аурулар үлкен зиян келтіруде. Мал өлімін азайту мал көбейтуде үлкен табыс көзі болатындығын төмендегі мысалдан көруге болады. Қазақстанда 1990 жылы 1966 мың ipi қара, 39 мың жылқы, 28866 мың қой-ешкі өлім-жітімге ұшыраса, 1991 жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 207, 41, 31266 мың бас болды.

3

Негізгі бөлім

1. Сойыс малдарын шаруашылықтардан ет өндіріс орындарына тасмалдау аса күрделі де жауапты шаруа. Тасмалдау кезінде мал қондырылған төмендетпеу, тасымалдау әсерінен болатын аурулардың алдын алу, малдың жарақаттанбауын қадағалау, тасмалдауға жұқпалы ауруы бар малды жібермеу малдәрігерінің, шаруашылық қызыметкерлерінің басты міндеті. Малды, құсты ет комбинаттарына ауру-сырқаусыз, шаршатпай жеткізу көптеген жағдайларға байланысты. Оған малдың жалпы жағдайы, малды тасмалдауға алдын-ала дайындау, тасмалдау көлігінің түрі, сапасы, малды көліккетиеу және түсіру, тасу жылдамдығы, жол жағдайы, мал дәрігерлік- санитарлық ережелерді сақтау ж. б жатады. Сойыс малдарын ет өндіру орындарына темір жолмен, автокөлікпен, кейде су жолымен жеткізеді. Республикада тасымалдаудың ең дамыған түрі автокөлікті пайдалану. Сойыс малын тасымалдау мал дәрігерінің бақылауымен жүргізіледі.

Малды автокөлікпен тасымалдау бұл өте тиімді экономикалық жағында арзандау тәсіл болып табылады, әсіресе жол қашықтығы 300 шақырым болатын шамаларда. Малды тасу үшін көбіне жүкті автокөліктерді қолданады. Оған салмағы 60-105 кг шошқаның 23-32 бас, салмағы 106-200кг 14-22 бас ірі қара мал және жылқыдан 4-5 бас сияды. Бұдан басқа, әдейі шығарылған мал таситын авкөлік бар, олар ірі қара малдың 10-15 басын жайғастыруға есептелген.

Шанағында әдейі жасалған табиғаттық сорғыш желдеткіші, 2 есік, сатылған мал жүргізгішпен жарық шамы және қи жинағыш, биіктігі 1м көлденең бөлгіш бар.

Малды тасуға химиялық заттарды, улы және өте жаман иісті заттарда тасыған машиналарды қолдануға болмайды. шанаққа малдың 1 түрін, 1 жынысты және бірдей жастағыларың артады. Мұндай жағдай болмайтын болса, онда малдарды бірімен-бірін көлденең тақтаймен бөледі. Бір шанақта сиыр мен өгізді, ересек мал мен жас малдарды артуға да болады. Жылқының да ірі қара мал сияқты таситы, дегенмен жылқының тағасын алып тастау керек. Малды теміржолмен тасымалдау малды тасу үшін жасалған вагондардың ішінде су беретін ауа, үлкен- ірі малдарды байлайтын шынжыр т. б. саймандар болады малды түсіріп - артатын вагондар бір ярусты (ірі қара мал және жерге, оларды күннің жылқы) 2 немесе 3 ярусты (ұсақ мал жарығында, артуға 2 сағат құстар) болады. Вагондарға малды артар қалғанда әкелінеді. Малдарды алдында, ондап тазалайдыы және ыстық (60 - қоршауға жайғастырып 700) сумен жуады алдырадығ 2 сағаттан кейін мал дәрігері қарайды ауру, ауруға бейімеген және арық станцияға әкелінген малдарды темір жол вагонды рұқса қарайды. Ол малға берілген құжаттармен болмаса, онда малдар артуға танысады, мал дәрігерлік куәлікте жалпы жіберілмейді. Көрсетілген мал

4

басын әкелінген малдың санымен санын салыстырады. Мал басы қабыса және ауру мал болмаса, өлген мал болмаса, барлық малды түсіретін орынға жібереді.

Малды екі білікті вагонға мынадай есеп бойынша артады: ірі- қара мал ересек 8-12, жас мал 12-14, тірілей салмағы 120кг бұзаулар 18-20, қой мен ешкі 40-50 бас. Салмағы 30-60 кг шошқа 30-40, 60-80 кг 25-30, 80-100кг -

22-25, 100-150 кг, 14-24, 150 кг жоғары 10-14 бас. Жылқылар саны 8 ден аспауы керек. Төрт білікті вагонға артылғанда, жоғары көрсетілген сандар екі есе көбейеді.

Ірі қараны вагонға екі тәсілмен жайғастырады: ұзыннан және көлденеңінен. Ұзындығынан жайғастырғанда-малды екі қатарға қойып, бастарын екі есік арасындаға апаншаға қараады. Апанша жүретін жол болып есептеледі. Көлденеңнен жайғастырғанда малдың басы ұзын қабырғаға қарап тұрады. Қай тәсілмен жайғастырылса да, малдар біртіндеп жатып дем алуын ескерген жөн. Ұзындығынан жайғастыру- малдың шайқалысын азайтып, олардың жараланбауын қамтамасыз етеді және де азықтандыру, суару, қарау жұмыстарын жеңілдетеді. Малдар жаңа жағдайға тез үйреніп жерсінеді, азықты жақсы жеп олардың қондылығын төмендеуіне әсерін тигізеді. Алайда, бұлау жайғастырғанда екі мал кем сияды. Бір вагонға әртүрлі малды артуға болмайды, сонымен қатар, бір вагонға бір қатарға бұқа мен сиырды, қошқармен аналық қойды қоюға рұқсат берілмейді. Егерде оларды бір вагонда тасу жағдайы болып қалса онда бірінен бірін тақтаймен арасын бөледі.

2. Теміржолмен тасудың малға әсерін тигізуі.

Тым тынышсызданады және стресс жағдайы пайда болады. Вагонның ішіндегі ауада әртүрлі зиянды газдардың мөлшерден тыс жоғарлап кетуі норма бойынша көмірқышқыл газы ауада 0, 25 - 0, 30 % яғни 2-3мл /л, аммиак 0, 02мг/л, көмертегі 0, 01мг/л аспауы керек. Температурасы мен ылғалдығы орташа болғаны жөн. Кейбір жағдайларда малды суықта тасығанда, қалтырау ауруы пайда болуы мүмкін, қоздырғышы флиьтрующий вирус.

Ішек - қарын ауруы, іш кебу, тышқақ, өңештен азық өтпей қалу тағы басқалары болуы мүмкін.

3. Малдың қоңдылығын анықтау. Малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы - сойыс малының сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Малдың күйін оның етінің жетілуіне және тері астына жиылған май мөлшеріне қарап анықтайды. Ол үшін малдың сыртқы пішініне, арқасының тегістілігіне, ішіне, сан, жауырын еттерінің толықтығына назар аударады және тepi астындағы май жиналған жерлерін ұстап көреді. Астына май жиналған жердегі тepici оңай қозғалады. Tepi астына май алдымен құйымшақ, соңғы қабырғаларына жиналады, сонан соң алдыңғы жағына тарайды. Аса ceміз малда май жауырын және алдыңғы қабырғалар шамасында қалыптасады. Жас малда май тері астына қарағанда еттің арасына, ал кәpi малда ішкі

5

ағзаларда және тері астына көбірек жиналады.

3. 1 Жылқының коңдылығы

Жылқының коңдылығын етінің жетілуімен қатар арқасындағы, кеудесіндегі, беліндегі және жалындағы майды ұстап көру арқылы анықтайды. Түйенің семіздігін оның өркешіне жиналған майға қарап ажыратады. Қой және ешкіде олардың жүнінің тығыздығына және ұзындығына байланысты семіздігін сыртқы пішініне қарап ажырату қиын, тepi астындағы майды арқасын сипап анықтайды. Сонымен қатар құйрықты қойлардың құйрығына жиналған майдың шамасы байқалады.

Жылқы қоңдылығы МС(20079-74, 1986 Ж. ) . Жасына байланысты жылқы үш топқа бөлінеді. Сақа жылқы - жасы үштен асқан, жас мал - жасы үш жылға дейін және құлын, жасы бірге толмаған - салмағы 120 кг-нан артық жабағы, тай. Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығы - еті жақсы дамыған, кеудесі жұмыр, арқасы белі, саны, сауыры, жауырыны жақсы толған, омыртқалардың жоталық өсінділері, қабырғалары байқалмайды, жалын, құйрық түбін май басқан.

Екінші дәрежелі қоңдылық - еті қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішіні қушықтау, омыртқалардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектердің басы аздап шығыңқы, қабырғасы байқалғанмен саусаққа білінбейді. Жалында аздаған май байқалады. Құлынның тек қана бірінші дәрежелі қоңдылығын ажыратады - еті жақсы немесе қанағаттанарлық дамыған, кеуде пішіні жұмыр немесе қушықтау, омыртқалардың жоталық өсінділері, жауырын қыры, иық белдеуі, құйымшақ, жамбас сүйектерінің басы аздап шығыңқы, ал қабырғасының байқалуы мүмкін. Жалында аздаған май болады. Сонымен қатар мемлекеттік стандарт бойынша жылқының барлық қоңдылық дәрежесінде шоқтығының шығыңқылығы есепке алынбайды, майы аздау болғанымен, еті өте жақсы дамыған болса, бірінші дәрежелі қоңдылыққа жатқызуға болатыны көрсетілген.

Жылқының тірілей салмағын анықтау үшін жауырын артынан өлшенген жуандығын жеңіл жылқы үшін - 2, 7, орта жылқы үшін - 3, 1, ауыр жылқылар үшін -3, 5 коэффициентіне көбейтеді.

3. 2 Шошқаның қоңдылығы

Шошқаның қоңдылығын оның 6, 7-кеуде омыртқаларының үстіне жиналған майдың калыңдығына қарап ажыратады.

3. 3 Ірі қара мен сиырдың қоңдылығы

Малдың қоңдылық дәрежесі мемлекеттік стандартта көрсетілген бойынша анықталады. Ipi қара (МЕМСТ 5110-87) жасына, жынысына байланысты 4 топқа бөлінеді:

1) сақа мал - жасы үштен асқан сиыр, бұқа, өгіз және салмағы 350 кг-нан кем бір рет бұзаулаған сиыр;

2) бірінші тума сиыр - жасы үшке жетпеген, салмағы 350 кг-нан артық (барлық шегерулерден кейін) бір рет бұзаулаған сиыр;

6

3) жас мал - жасы үш айдан үш жылға дейінгі тана - торпақ, өгізше, бұқа;

4) бұзау - жасы он төрт күннен үш айға дейінгі төл.

Қоңдылығына байланысты әр топтағы малдың eкi категориясын ажыратады. Сақа малдың бірінші дәрежелі қоңдылығына төменгі

көрсеткіштер бойынша жатқызады: еттің дамуы қанағаттанарлық, кеудесінің пішіні аздап сүйірленген, жауырыны онша байқалмайды, сан еті толық, омыртқа қыры, жамбас сүйегінің басы, құйымшақ басы аздап шығыңқы. Tepi астындағы май құйрықта және құйымшақ сүйектің басында байқалады. Өгіздің ұшасын аздап май басқан, жұмсақ.

Екінші дәреже - етінің дамуы аса қанағаттанарлық емес, кеуде пішіні цүшықтау, жауырыны шығыңқы, сан eтi ысылған, арқа және бел омыртқалардың жоталық өсінділері жамбас сүйектің, құйымшақтың басы шыгыңқы, тepi астына май арқада және құйымшақ басында бөлшектене жиналған. Өгіздің ұшасы тартылған май байқалмайды қатпарланған.

Бұқаның бірінші дәрежелі қоңдылығы - төмендегі көрсеткіштерден кем болмауы қажет: кеудесі жұмыр, eтi жақсы жетілген, арқасы, белі, және сауыры жалпақ емес, саны, жауырыны тартыңқы.

Бірінші тума сиырдың бірінші дәрежелі қоңдылығы - кеудесі жұмыр, еті жақсы жетілген, жауырыны, белі, сауыры және саны толық, басы байқалады, құйрық түбін май басқан. Екінші дәрежелі қоңдылықта малдың кеудесі толық толық жұмырланбаған, етінің дамуы қанағаттанарлық, омыртқарардың жоталық өсінділері, құйымшақ, жамбас сүйектердің басы шығынқы, тepi астында май байқалмайды.

Сойысқа арналған жас мал салмағына, жасына байланысты таңдаулы, бірінші, екінші және үшінші болып төрт класқа бөлінеді. Таңдаулы класқа тірідей салмағы 450 кг-нан артық, бірiншi класқа 400-500 кг-ға дейін, екінші класқа 350-350 кг, үшінші класқа 300-350 кг малды жатқызады.

Бірінша класқа жататын малдың кеудесі жұмыр, бұлшық еттері жақсы жетілген, омыртқалардың жоталық өсінділері құйымшақ, жамбас сүйектің басы аздап шығыңы, құйрық түбінде май байқалады.

Екінші класқа жататын мал аса жұмыр емес, омыртқалардың жоталық өсінділері құйымшақ, жамбас сүйектің басы шығыңқы, тepi астында жиналған май байқалмайды.

3. 4 Бұзаудың қоңдылығы

Бұзаудың қоңдылығы төмендегі көрсеткіштер бойынша ажыратылады: бірінші дәрежелі қоңдылық - тірідей салмағы 30 кг-нан кем емес, сүтпен қоректенeтін, eтi қанағаттанарлық жетіоген, омыртқаның жоталық өсінділері байқалмайды, жүні жылтыр, көзінің кілегейлі қабығы ақ, жілігі ақ немесе қызғылт реңкілі, epiнi, таңдайы ақ немесе сарғыш.

Екінші дәрежелі қоңдылық (қосымша азықтанған) етінің дамуы аса қанағаттанарлық емес, омыртқаның жоталық өсінділері байқалады, көз қабығының, еріннің, жіліктің, таңдайдың кілегей қабығы қызғылт реңді.

7

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы қондылығы
Малдың қоңдылығын анықтау
Ірі қара мал қоңдылығы
Шошқа қоңдылығы
Қой, ешкі және жылқы қондылық дәрежесі
Малдың тірілей салмағы мен қоңдылығы
Сойыс малдары
Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жайында
Малдың қоңдылығы — мал денесінде қоректік заттардың (май, ет) жиналу деңгейі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz