Сойыс малдарының қоңдылығын анықтау
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Ветеринария факультеті
Ветеринарлық-санитарлық сараптау кафедрасы
Тақырыбы: Сойыс малдарының қоңдылығын анықтау
Орындаған: Кемелжан Б.
Тексерген: Ақкөзова А.С.
Алматы 2020
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
А) Сойыс малдарына қойылатын талаптар
Б) Сойыс малдарының қоңдылығын анықтау
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мал шаруашылығы -- ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.
Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.
Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел -- Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.
Қазіргі уақытта барлық сиырдың 87,3%-ы жеке меншікте, 6,2%-ы шаруа қожалықтарында, 6,5%-ы мемлекеттік ауыл шаруашылығы мекемелерінде жинақталған. Бұл көрсеткіштер қой мен ешкі түліктері бойынша 80,2; 12,3 және 7,5%-ға, жылқы түлігі бойынша 83,8; 10,6 және 5,6%-ға, түйе түлігі бойынша 75,7; 11,3 және 13,0%-ға сәйкес келеді. Ауыл шаруашылығы мекемелерінің шаруа қожалықтарына (ӨК, АҚ, т.б.) бөлінуінің артықшылығы ретінде 2000 жылдан бастап жеке және шаруа қожалықтарында орынсыз мал шығынына жол берілмеуі нәтижесінде соңғы 3 -- 4 жылда түлік түрлері бойынша мал санының орташа өсімі 3 -- 10%-ға, ет, сүт өнімдерін өндіру 3 -- 6,5%-ға тұрақты артып келеді.
Бүгінгі таңда әр елдің ұлттық өндірістері негізінде дүниежүзілік біртұтас тауарлы ауыл шаруашылығы қалыптасып келеді. Өндірілген жалпы өнім мөлшері жөнінен Қытай, АҚШ, Жапония, Аустралия сияқты елдер жетекші орын алады. Жан басына шаққанда ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етілу дәрежесі жөнінен Батыс Еуропаның дамыған елдері мен Канада, АҚШ, Жапония және Аустралия ерекше көзге түседі. Дамушы елдерде бұл керсеткіш өте төмен, тіпті жалпы өнімді аса көп өндіретін Қытай мен Үндістанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5 -- 6 есе төмен.
Сол себепті ауыл шаруашылығының алдында әлі де оңтайлы шешімін таппаған мәселелер баршылық. Ең бастысы -- халықты сапалы, құнарлы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету; айналадағы ортаны ластанудан қорғау және табиғат байлықтарын пайдалануды, жетілдіру.
Негізгі бөлім
А) Сойыс малдарына қойылатын талаптар
Сойыс малы - союға немесе етке өткізуге тағайындалған мал. Сойыс малының кұрамы түліктің түріне, тұқымына, мал тобының құрылымына байланысты. Қойда сойыс малын әр түрлі жастағы ісек, төл алуға жарамсыз деп танылған саулық, жақсы жетілген, семіз еркек қозы (марқа) мен еркек тоқты, мүйізді ірі қара малда - бордақыланып немесе жайып семірткен еркек тайынша, өгізше, өгіз, табында ұстауға жарамсыз деп табылған сиыр, жылқыда - дөнен, басы артық тай, құнан, құнажын байтал, жарамсыз топқа шығарылған бие, ат, айғырлар құрайды.
Ет өндiрiсiнде, ең бiрiншi етке арнайы бағылған мал пайдаланылады. Сонымен қатар басқа өнiм (сүт, жүн, т.б.) үшiн бағылған малды да ет өндiрiсiне қолданады. Мал сою орындарына түсетiн малды "сойыс малы" деп атайды. Бiзде сойыс малына iрi қара, жылқы, есек, түйе, шошқа, қой, ешкi, бұғы, қоян және үй құстарының бәрiн жатқызады. Сойғаннан кейiнгi жүретiн биохимиялық өзгерiстердiң ерекшелiктерiне байланысты туғанына 14 күн толмаған төлдердi сойыс малына жатқызбайды. Малды союға дайындау (өсiру, бордақылау) ұжымшарда, арнайы фермаларда, бордақылау кешендерiнде, кооператив мекемелерiнде, құс фабрикаларында т.б. орындарда жүргiзiледi.
:: Қазақстанда және ТМД одағында ірі қараның етті тұқымдарының ең көп
тарағаны Қазақтың ақбас сиырымен Қалмақ және Әулиекөл сиырлары.
Сонымен қатар шет елдерден әкелінген етті тұқымды ірі қара да өсіріледі.
Оларға Санта-Гертура, Галовей, Герефорд ж.б. тұқымдағы және олардың
будандары. Отандық тұқымдарға Республикамыздың жер жағдайына ауа
райын бейімделінген. Олар әсіресе жайылымды пайдалануда шетелдік
тұқымдардан әлдеқайда тиімді. Ал ет шығымы жағынан да отандық тұқымдар шетелдік тұқымдардан кем емес. Оны 1988 жылы бүкілодақтық ет өндіру ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерінің Оңтүстік Оралда жүргізген тәжірибесі көрсетті. Тұқымды тексеру үшін жүргізілген тәжірибе, бір малды 18 ай өсіргенде жұмсалған шығын 2928-3235 азықтық бірлік шамасында болды. Бұл кезде Герефорд тұқымды өгізшесінің орта массасы 610,6 кг, ал Қазақтың ақбас сиырынікі - 589,4, Қалмақ тұқымынікі - 561, Шортгорн - 566, Абердин-ангус тұқымының массасы - 521 кг жетті, 8-18 ай аралығында әр тәуліктегі қосылған массасы тиісінше - 1191, 1181, 1078, 1084 және 991 болды.
Қалмақ сиыры. Қатаң ауа райына төзімді келеді. Етінің сапасы жөнінен
бұл тұқым дүниедегі ең алдыңғы қатарлы етті тұқымдардың біріне жатады.
Жайылымда жақсы семіреді. Сүбесі қалың, сан еті толық. Сиырының
тірілей массасы 440-475 кг, бұқасы 780-850 кг шамасында. Етінің шығымы
46-58%. 18 айлық өгізшелердің массасы 550 кг дейін жетеді, етінің
шығымы 62-63%. Еті майлы, хош иісті, жұмсақ, шырынды, дәмді.
:: Абердин-ангусс. Бұл дүние жүзіндегі ірі қара тұқымдарының ішіндегі ең
жақсы етті тұқым болып есептелінеді. Ол өте тез жетіледі, жұмсалған азық
құнын қосқан массасымен жақсы өтейді. Еті дәмді, шырынды. Мұның
аяқтары қысқа, басы жеңіл, мойны қысқа да жуан, арқасы кең, түсі қара,
бәрі тоқал болып келеді. 18 айлығында өгізшелерінің массасы 420-450 кг,
тайыншалары 350-380 кг, ет шығымы 54-60%. Сақа сиырының массасы
420-520 кг, өгіздері 800-850 кг.
Қой мен ешкі, Қазақстандағы ет өндірісінде қой етінің үлес массасы 50% шамасында. Қой етінің сапасы және шығымы қой тұқымына көп байланысты. Жүнді қойлардың ішкі ағзалары, терісі және сүйегі жақсы дамыған. Етінің сапасы және шығымдылығы жағынан құйрықты, етті-жүнді және елтірі қойлары айрықша орын алады. Етті-майлы (тегене құйрықты) қойлар Қазақстанда Орта Азия республикаларында және Каспий маңында өсіріледі. Бұл қойлар өте тез жетіледі, тірілей салмағы жоғары және өте жақсы жетілген құйрығымен ерекшеленеді. Бұл тұқымдарға Еділбай, Гиссар, Сараджин т.б. қойлары жатады. Қазақ қойларының ішіндегі ең ірісі болып табылатын Еділбай қойы.
Қошқарларының тірілей массасы 100-105 кг, қойы 70-75 кг. Қозыларының массасы 4-6 айлығында 40-42 кг. етінің шығымы 52-58%, құйрығының салмағы 16-18 кг.
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы. Қошқарларының тірілей массасы 90-95 кг., саулықтары 50-60 кг. Қозылары енесінен айырғанда 34-38 кг тартады. Сарыарқа қылшық жүнді құйрықты қойы екі тұқымаралық типі бар. Жаңаарқалық және Сарысу.
Страус еті. Қазіргі нарық кезеңінде страусты Қазақстанның бірнеше облыстарында өсіре бастады. Алматы облысында арнайы страус фермасы бар. Старус өте нәзік, сапасы жоғары, оны бұзау еті мен сиырдың бел омыртқа асты етімен бірдей, құрамында холестерин мен май аз болғандықтан одан неше түрлі диеталық тағамдар дайындауға болады. Страус етінің құрамында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz