АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МАҚСАТ МІНДЕТТЕРІ


Жоспар
Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы түсінеді. Шет тілін үйренудегі өте маңызды және күрделі жұмыстың бірі - жазу болып саналады. Ағылшын тілін жазуға үйрену дегеніміз сол тілдің әріптік және дыбыстық жүйесін білу, оны сөйлеуге, айтуға, қолдана білу.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бастауыш сынып оқушыларына жазуды үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау және оларды тиімді қолдана білуге үйрету, көркем жазу мен жазуға үйретудің негізі мен жазуды үйретуде кездесетін қиыншылықтармен таныстыру.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі өмір талабы - оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді талап етуде. Осыған орай, жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне - халықаралық сипат алған ағылшын тілінің рөлі зор. Ағылшын тілін қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданудың ең басты алғышарты - ағылшын тілінде жазуға үйрену болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны. Бастауыш сыныпта шет тілінен оқу-жазудың маңыздылығы. Мектеп оқушылары мен олардың жазу дағдылары. Жазу кезінде кейбір әріптерді қалдырып кету, сөзге -ful, -ly, -less, т. б. жұрнақтарын жалғау кезінде және дыбысталуы бірдей, жазылуы әр түрлі сөздермен жұмыс кезінде пайда болатын қателіктермен жұмыс.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы - Бастауыш мектепте шет тілі сабағындағы жазуды оқыту мен жүргізілу мүмкіндіктерін ашып, қолданылу жолдарын білімгер өзі әдістер қолдану арқылы ұсынады. Зерттеу барысында жасалған теориялық талдаулар мен эксперимент жүзінде анықталған жұмыс нәтижелерін нақты педагогикалық іс-тәжірибеде қолдануға болады. Ағылшын тілі грамматикасын үйретудің заңдылықтары мен негізгі теориялық ұстанымдарды, жазуға үйрету жолдарымен таныстыру, практикада пайдалану жолдары, оқытуда көрсетілген мақсаттарға жету жолдары қарастырылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы - кіріспеден, негізгі бөлімнен, практика бөлімінен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1 Ағылшын тілінде жазуға үйрету үшін қойылатын талаптар
Бүгінгі күні орта мектептерде білім нәрімен сусындап жатқан оқушылардың дүниетанымын білім арқылы оң бағытта қалыптастырып дамыту - педагогикалық өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны сөзсіз. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ», - деп айтып өткен Елбасы оқушы жас ұрпақты ғұмырына білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырады. [10, 123]
Шетел тілін меңгертуде оқушылардың өмірінде сөйлеу тілімен бірге жазу тілі де маңызды орын алады. Ағылшын тілінде жазуға үйрену - оқыту материалын (грамматикалық, лексикалық) берік нығайтуға көмектеседі және сөйлеу дағдыларын дамытады. Шет тілін оқыту әдістемесінің жазбаша тілдік мазмұнын қарастырайық. Ол ең алдымен, мынадай дағдыларды білуден тұрады:
- Ағылшын алфавитінің әріптерін жаза білу;
- Дыбыстардың жазылу дағдысын білу;
- Сөздер мен сөйлемдердің орфографиялық қателіктерін түзету дағдысы;
- Түрлі жаттығуларды орындай алу дағдысы;
Ағылшын тілінде сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері көп. Грамматикадан берілетін мағлұматтарды бекітіп сауатты жазуға дағдыландыру үшін түрлі жаттығу жұмыстары, шетел тілі әліпбиін дұрыс білу, дыбыстардың айырылу түрлерін, оның фонетикасын дұрыс айта білу, орфографиясы мен қатар орфоэпиясын білу, сұрақтарға жауап беру, жұрнақтары көрсетілмей берілгенін дұрыс жазу, тірек сөздерден сөйлем құрау, түрлі диктант, мазмұндама жұмыстары жүргізіледі.
Жазуға үйрету түрлеріне жеке-жеке тоқталып өтсек, мәтін бойынша жұмыс барысында мәтінді қысқарту, ойларын жазбаша мазмұндау, шетелдегі достарына хат жазу, белгілі бір тақырыпта жазбаша баяндама, аудио, видео материалдарды тыңдағаннан кейін не түсінгенін өз сөзімен ақпарат жеткізу сияқты дағдыларын дамытуға қажетті жұмыс түрлерін атап өтуге болады.
Жаңа тақырыпты өткенде, ана тілімен салыстыра түсіндірген тиімді, оқушының ана тіліндегі біліміне сүйенген жөн. Оқушы тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жете білгенде ғана, ол тілді дұрыс әрі тез игере алады. Демек, ағылшын тілін оқыту барысында оқушыларды тілдік материалмен таныстырып қана қою жеткіліксіз, оқушыларға оның қалай қолданылатынын көрсетіп, дұрыс айтуға, жазуға, оқуға дағдыландыру керек. Мысалы, фонетикалық материалды меңгерту үшін мен жаңылтпаштар, тақпақтар жаттатқызамын. Алғашқы кезде кейбір ұқсас дыбыстардың айтылуына мән беремін. Мысалы, know - білу, now - қазір, mouth - ауыз, mouse - тышқан, т. б.
Шетел тілі сабағы нақты талаптарға сай жүргізілуі міндет. Сабақ сол пәннің білім беру технологиясы, мазмұны мен мақсатына бағытталған болуы керек. Себебі бұл талаптар мұғалімнің сабаққа дайындалу мен сабақты жүргізудегі оның тактикасы мен жалпы мақсатқа жету стратегиясын анықтайды. Н. Д. Гальскова, Г. В. Рогова, Ф. М. Рабинович сияқты атақты педагогтардың еңбектерінде шетел тілі сабағына қойылатын келесі талаптар жайлы айтылады:
Сабақтың мақсатқа бағытталғандығы: әр-бір сабақ практикалық, білімдік, тәрбиелеі, дамытушылық мақсаттарға белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жетуді қамтамасыз ету керек. Мысалы: оқушыларды жаңа лексиканы қолдануға үйрету, диалогтық мәтінді дауыстап оқуға үйрету. Белгілі бір сөйлемдерді қолдана отырып өз ойын айтуға үйрету т. с. с.
Сабақта қолданылған үлгілер мен мысалдар білімдік маңызы мен тәрбиелік қарым-қатынаста маңызды болуы керек. Оқу жағдаяттары оқушылардың берілген тапсырмаға және оны орындауға деген қызығушылығын ояту, яғни білім алу мотивациясын дамытуы тиіс.
Оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыру: көп жағдайда сабақта мұғалім белсенді болады, бұл оқушылардың сөйлеу әрекетін төмендетеді. Сол себепті сабақта оқушылардың белсенділігін арттыратын жолдар іздеу қажет.
Сабақтың мотивациялық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл мақсатта техникалық және техникалық емес құралдардың рөлі зор. Осы құралдардың көмегімен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Олар: магнитафон, диафильмдер, бейнефильмдер. Қазіргі кезде компьютермен, электронды оқыту және интерактивті тақтаны қолданудың көмегімен шетел тілі сабағын қызықты жүргізуге болады. Сол кезде тек тілдік дағдыларды ғана үйретіп қана қоймай, сонымен қатар техникалық құралдарды игере білуге үйретуге болады. Техникалық емес құралдардың да маңызы зор. Осындай жағдайда ребустар суретер, мақалалар көмек болады. Мақала мен суреттерді қолданғанда аутенттік материалды қолдану оқушыларға тілдегі ерекшеліктерді түсінуде көмек болады.
Сабақтың ғылымға бағытталғандығы. Бұнда сабақты басқа да ғылым салаларымен және пәндермен байланыстыра оқыту, ақпараттық құралдарды қолдану тиімділігі. Сабақты басқа пәндермен байланысты ра жүргізу оқушылардың терең жан-жақты білім алуына, білім деңгейін кеңейте түсуіне ықпалын тигізеді. Мұғалім оқушыларды өздігінен ақпарат іздестіруге талпындыру қажет. Мұғалім дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекеттердің ұйтқысы болу міндет. [3, 31]
Тілді меңгеруде оқушылардың сөздерді, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше әрі күрделі аспектілерін меңгермейінше ағылшын тілінде дұрыс сөйлеу мүмкін емес. Күрделілігі жоғары деңгейде жазбаша қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру - бұл шет тілінің бүгінгі маңызды талабы болып саналады.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МАҚСАТ МІНДЕТТЕРІ
2. 1 Ағылшын тілінен жазуға үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері
«Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады» - деген К. Ушинскийдің даналығында. [7, 52]
Қандай тілде болмасын оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дұрыс іске асырғанда ғана мақсатқа жетуге болады емес пе? Мысалы, мәтін оқыған кезде ашық жауап, дұрыс - бұрыс жауап таңдау сұрақтары, кім? не? сұрақтары, тақырыпшаларды параграфтармен, суреттермен байланыстыру, мәтіннен қателер табу, бос жерлерді, таблицаларды толтыру, мәтіндегі сөздер мен тіркестердің мағынасына тоқталу, мазмұны туралы пікірін білдіру, байланыс тіркестерін табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы кез-келген дәрежедегі мәтіндерді қызығушылықпен меңгеріп, еске сақтауға жағдай жасалады. Cонда ғана оқу стратегиясы жүзеге асырылады.
Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту» деп көрсетілген. Өйткені қазіргі нарық жағдайында шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін меңгеру, шетел тілінде сөйлей білу өмірдің өзекті мəселесіне айналды. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа шетел тілін оқытуда əр түрлі əдістемелік жаңа тəсілдерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр. [5, 23]
Ағылшын тілі - əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым- қатынасты атқарады. Ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту əдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты.
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын əдістерге төмендегілерді жатқызуға болады:
Ауызша əдіс - теория жəне фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын жəне жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.
Көрнекі əдіс - бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мəселеге ықыласын көтеру жəне оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.
Практикалық əдіс - практикалық іскерлік пен əдетті дамыту үшін жəне тақырып мазмұнына сəйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады.
Ойын əдісі - оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу-білік дағдыларын қалыптастырады.
Аталған əдістерді пайдалана отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мəселелер мен қағидаларды оқушыға меңгерту тиімді болып табылады
Қазіргі кезеңде пəн мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуы жатады.
«Do you know?»
What`s near the Capitol? What`s near the Houses of Parliament? What would you like to see in Washington D. C. ? What would you like to see in London?
Тілдік жаттығудың мақсаты - сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым-қатынас туғызып, алдағы сабақтың нəтижесін жоғарлата түседі. Əдетте оқып болғаннан соң түсінік айтылады жəне жаттығулар жасалады. Сөйлей алудың əдістерімен қорытындыланады. Əңгімелесу балалардың логикалық ойлауын, тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі. Оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мəтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен əңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар жүргізіледі. Сондай-ақ берілген мəтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан-жақты артып отырады. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға қатысып, мəтін бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез жəне нақты жауап беру жəне сурет бойынша əңгіме құрастыру, əр түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады.
Оқу біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде жұмысты күрделендіріп, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туады. Сондықтан ағылшын тілінде жазуды меңгеруде мəтінмен жұмыстың да маңызы зор. Мəтінді ауызша мазмұндау үшін тіл үйренушілерді жазбаша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, жоспар құруға, сондай-ақ белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, өздерінің ойларын, қызықты іс-əрекеттерін əңгімелеуге үйрету, жаңа технологиялар жəне тəсілдерді қолдана отырып, жаза білуге үйрету дағдыларын дамыту əдістері қолданылады.
Сабақта Интернеттен алынған əндермен қоса, əн туралы қызғылықты қысқаша деректер, əннің нотасын жəне фразаларды қолдануға болады. Əннің мəтінін қағазға шығарып оқушыларға таратып беру керек. Мысалы: «Twinkle, twinkle little star», «If you`re happy», «Spring is green» т. б. [2, 72]
1-Кесте. «Spring is green» əнін толықтыру : [http://lingualeo. com/]
is green, spring is
is bright. Summer is
is yellow autumn, is
is white. Winter is
2-Кесте. Ойыншықты сипатта
Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады. Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнеше болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні сипаттап беруді сұрайды. Бұл ойындар арқылы оқушының есіне сақтау дағдысы, лексикалық қоры көбейеді.
Size shape
Colour of clothes colour of ball
Ағылшын тілі пәнінің басты міндеті - білімгерлердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді.
Ағылшын тілін оқыту кезінде кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты шарттары: ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсаты, оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны жатады. Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын-оқыту мақсаты болып келеді. Бұл шарт қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси, шаруашылық және тағы да басқа байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.
Ағылшын тілі сабақтарында компьютермен жұмыс істеу де ерекше орын алады. Қазіргі таңдағы техникалық оқыту құралдары - телефон, телевизор, магнитофон, мультимедиялық кабинет арқылы оқыту тілдерді меңгерту қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағытта қол жеткізген табыстарымызды сын көзбен қарап, саралап ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізуді қажет етеді.
Белгілі ғалым Н. Д. Гальскованың айтуы бойынша, кіші сынып оқушылары шетел тілдерін меңгеруге өте бейім. Баланың имитациялық қабілеттері, табиғи қызығушылығы әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлы жағдай жасайды.
Мотивация факторлары мыналар:
- Оқу мазмұнының әртүрлілігі;
- Оқушы мен оқытушы байланысының жанды интенсивті болуы;
- Оқытушы тұлғасы;
Қазақ әдебиетінің классигі, Ұлы Абай атамыз: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана өз мақсатына жетеді. [4, 65]
Ағылшын тілі мұғалімі оқушылардың тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін тек қана оқулықты ғана емес, басқа да қосымша материалдарды газет, журналдардан, тіпті интернет көзінен де қолдануы тиіс. Оқушылар материалды толық және тез меңгеру үшін, мұғалім көп көрнекі құралдарды пайдаланып, сабақты дұрыс ұйымдастыра білуі керек.
Оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін, мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн, бірақ бұл әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
1 Әдіс-тәсілдер арқылы өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, оқушы қызығушылығын ынталандыру керек, тілді практикада қолдануға деген қажеттілігін тудыру қажет.
2 Оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту керек, оның эмоциялары, сезімдері оның болуы керек.
3 Оның тілдік шығармашылық қасиеттерін ынталандыру керек.
4 Оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз байланыстыру керек;
5 Оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істей алуына көмектесу керек;
6 Түрлі жұмыс түрлерін жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану қажет.
Тіл дамыту жолдарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін, сауаттылығын арттырудың негізгі жолы. Бұл мәселе ағылшын тілі пәніне де тікелей байланысты. Осы саладағы пәннің негізгі мақсаты мектеп оқушыларын шетел тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу. Осы жолда мұғалімнің шығармашылық белсенділігі, іскерлігі үлкен көрініс табады.
Жазуға үйретудің мақсаты - оқушылардың жазба жұмыс дағдысын игеруді көздейтін, ауызша жұмыстардың мазмұны мен нысанын түсініп жаза білу бағытында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Мұғалім сабақтың әр минутын тиімді және дұрыс пайдаланғанда ғана көздеген нәтижеге жетеді. Бұл нәтижеге жету үшін мұғалім тіл дамыту жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыра білуі керек.
Оны қандай тиімді жолдармен жүргізуге болады? Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілін оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат - естігенін жаза білуге, түсіне білуге үйрету. Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін - сурет арқылы, екіншіден - жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады .
3-Кесте. Сурет арқылы өзінің сүйікті үй жануарын сипаттау
:
Сабақ барысында көрілген фильм бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:
- Жазбаша жоспар құру, мəтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.
- Ауызша мəтіннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру.
- Бір кейіпкерді таңдап, диалог құру.
Есте сақтау дағдысын жазумен тексеру
Мысалы, бір сөйлем жазамыз. Ол сөйлем белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз тақтаға/дәптеріне жазса, онда ойлану уақыты азаяды. Егер дұрыс жауап бермесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырма оқушылардың сөйлем мағынасын түсіну, есте сақтау дағдыларын қалыптастырады. [6, 14]
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің талабы.
- Жазуға үйретуде кездесетін кейбір қиыншылықтар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz