Қазақстандағы демографиялық ахуал



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Халықтың саны және ұдайы өсуі

Орындаған:
Тексерген:

Жоспары:
I.Кіріспе.
Демографиялық саясат.
II.Негізгі бөлім.
1)Шетелдердегі демографиялық ахуал.
2)Демографиялық проблемаларды шешудің елдік моделі.
3)Демографиялық дағдарыстың ықтимал салдарлары: теориялық- әдіснамалық құрылым.
А.Депопуляцияның геосаяси қатері;
Ә.Экономикалық қатер.
3.Қазақстандағы демографиялық ахуал.
III .Қорытынды.

Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу]- елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамыған және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.
Адамзат өз дамуының қазіргі кезеңінде демографиялық дағдарыс сатысында тұр, бұл қоғамның келеңсіз ахуалын көрсетеді. Осының себебі бойынша одан шығудың нақты жолдарын іздеу көптеген елдер үшін айрықша өзекті болып отыр.
Қазір әдеттен тыс жағдай қалыптасып отыр. Халық санының тым артуы қорқушылықтың еш негізі болмағанымен, бүгінде әлемдегі халық санының тым арту мәселесі алаңдаушылық туғызып отыр.
Қазіргі заманғы мемлекеттің дамуы процесінде демографиялық проблемаларды шешудегі шетел тәжірибесін зерделеу аса маңызды болып табылады. Шетел мемлекеттері жинақтаған тәжірибені пайдалану отандық реттеу институттарын жетілдіруге, тәжірибеде өз өміршеңдігін көрсеткен барынша тиімді моделдер мен жолдарды қолдануға ықпал етеді.
Шетелдерде ұлттың қартаюы және өмір ұзақтығы проблемасы айрықша өзекті болып отыр.
Өмір ұзақтығы барынша жоғары елдер рейтингінде Андорра (Франция мен Испания аралығындағы Пернейде орналасқан мемлекет, орташа өмір ұзақтағы 83,5 жылға дейін) көш бастап келеді.
Жапония, Макао (Қытайдың айрықша әкімшілік ауданы), Сан-Марино мен Сингапурда өмір ұзақтығы жоғары.
Сахараның оңтүстігіне қарай орналасқан Африка елдеріндегі адамдар ең аз өмір сүреді. ЖҚТБ ауруы, аштық пен азамат соғыстары халықтың 35 жасқа жетпей өлуіне әкелді. Свазиленде елінде адамдар тым ерте өледі, ондағы орташа өмір ұзақтығы 34,1 жылды құрайды. Замбия, Ангола, Либерия және Зимбабвадағы ахуал бұдан сәл жақсы.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазіргі кезге дейін Ресейде халық санының күрт төмендеуі байқалып отыр. РФ Мемлекеттік статистика комитеті мен демограф Е. Андреевтің болжамы бойынша халық санының азаю серпіні мынадай: 2010 ж. - 138,7 млн. адам; 2020 ж. - 131,2; 2030 ж. - 121,1; 2040 ж. - 108,3; 2050 ж. - 93,8 млн. адам.
РФ денсаулық сақтау министрінің мәлімдемесі бойынша 2011 жылға халық санының құлдырауын 143 млн. деңгейінде ұстап тұру жоспарлануда. Әр жыл сайын Ресей халқы 700 - 150 мың адамға азайып отыр. Халық санын 2011 жылы 143 млн. адам деңгейінде ұстау арқылы тұрақтандырудың негізі жоқ. Бірқатар себептер бойынша, ең бірінші Ресей халқы санының мониторингі деректері бойынша қазіргі кездегі халық саны 143 млн. адам, яғни 2011 жылы азаю саны және 3 млн. адамды құрайды. Осылайша, үміттене отырып есептегеннің өзінде 2011 жылы Ресейліктер саны 140 млн. адамды құрайды.
Бірақ, егер Ресейде жұмыс күшіне қажеттілік өсетін болса, онда жақын келешекте еңбек ресурстарын толықтырудың жалғыз, нақты көзі иммиграция ғана болмақ. Бұл жағдайда Ресей үшін әлеуметтік игіліктер Ресеймен салыстырғанда төменгі деңгейдегі бұрынғы кеңес елдері жалғыз демографиялық көз болмақ.
Дамыған Германияда да демографиялық ахуал қиын. Демография жөніндегі мамандардың айтуынша халық санының азаюы себебі бала тууды ынталандыруда емес, қоғамдағы әйелдің әлеуметтік рөлінің өзгеруінен болып отыр. Неміс әйелдерінің ұрпақ қалдыруы тым кейіндеп және сиреп барады. ГФР статистика ведомствосының деректері бойынша 35 жасқа дейінгі неміс әйелдерінің 40%-ының әлі балалары жоқ.
Немістер ұлт ретінде қартаю үстінде. Денсаулық сақтау саласындағы ілгерілеушілік және әлеуметтік ахуалдың жақсаруы арқасында өмір ұзақтығы әйелдерде 84 жасқа дейін, ерлерде 78 жасқа дейін ұлғайды. Алайда, сонымен қатар бала туу төмендеп кетті. Германиядағы бала туушылық коэффициенті 1,3 құрайды, бұл халық санын толықтыру үшін жеткіліксіз. Мұндай келеңсіз серпін кезінде болжамдар бойынша ел тұрғындарының саны қазіргі 82 млн адамнан 2050 жылға қарай 67 млн. адамға дейін азаюы мүмкін, яғни елдің әрбір үшінші тұрғынының жасы 60-тан асатын болады.
Бүгінде әрбір зейнеткер неміске әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна төлейтін тек үш жұмыс істейтін тиесілі. 20 жылдан кейін бұл қатынас екіге бір болмақ. Кельн Экономикалық зерттеулер институтының директоры Михаэль Хютердің пікірі бойынша ГФР-дегі бала туудың төмендеуі германия өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттігіне күйрете соққы беріп, уақыт өте келе экономика өсімін тоқтатады.
Саны жағынан әлемдегі халқы ең көп Қытайда да ұлттың қартаюы мен гендерлік баланстың (гендерлік асимметрия) сияқты айтылу демографиялық проблемалар бар. Мәселен, неке жасындағы еркектердің саны әйелдерден 18 млн. адамға көп. ҚХР демографиялық саясат және бала тууын жоспарлау жөніндегі мемлекеттік комитеттің деректері бойынша ауылдық аудандардағы ерлер мен әйелдер арасындағы қатынас 122,85:100 құрайды, бұл жалпы ұлттық көрсеткіштен - 119,58:100 астам. 2020 жылы 20-45 жастағы ерлердің саны әйелдерге қарағанда 30 млн. адамға астам болады деп болжануда. Қазіргі кезде орта есеппен Қытай бойынша халық тығыздығы бір шаршы километрге 140 адамды құрайды.
Мұндай жағдайда Қытай елден өз азаматтарының кетуін көтермелейтін болады, бұл көрші мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне келеңсіз әсер етуі мүмкін.
Гендерлік баланстың бұзылуы дамыған өңірлердегі ерлер әйелдер санынан астам болып отырған Үндістанда да байқалып отыр. Бұл құбылыстың себебі жыныстық белгі бойынша бала алдыру тәжірибесінің таралуында жатыр. Lancet белгілі канадалық медицина журналының деректер бойынша жыл сайын Үндістанда 500 мыңға таяу аборт жасалады. Сонымен қатар Үнді медицина қауымдастығы бұл құбылыстың шынайы ауқымы канадалық басылымда келтірілген деректерден 10 есе көп деп болжайды, яғни баланың жынысына орай жылына 5 млн. аборт жасалады деген сөз. Мысалы, ультрадыбыстық диагностикаға барынша қол жетімділік басым және ол кеңінен етек алған Нью-Дели қаласында 1000 еркекке 800 әйел келеді.
Жапонияда да ұлттың қартаюы проблемасы алаңдаушылық туғызып отыр. Болжау деректері бойынша әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқықты болатын 65 жастан астам азаматтардың саны 2025 жылы қазіргі 13%-дан 19%-ға дейін өсіп, оларға кететін шығыстар 78 триллион иеннен ($750 миллиардқа таяу) 155 триллион иенге дейін ($1,2 триллионға таяу) ұлғаймақ.
Жапония демографиясындағы келеңсіз ахуалдың басты себебі, мамандардың есебінше кеш некелесу болып табылады. Мәселен, әйелдер бүгінде тұрмысқа 28 жаста шығады, ал 1988 жылы тұрмысқа шығудың орташа жасы 26 жасты құраған болатын.
Тіптен көптеген жапондықтар отбасын құру идеясының өзіне үрке қарайды. Демографтардың болжамы бойынша халықтың бұлай азаю қарқыны кезінде жүз жылдан соң қазіргі 127 млн. жапоннан 40 млн. қалмақ.
Шығыс Еуропа елдерінде 2025 жылға қарай халықтың 20-дан 25-ке дейінгі пайызы 65 жаста және одан жоғары болмақ. Бұл туралы Бүкіләлемдік банктің өңірдегі демографиялық үрдістер туралы баяндамасында айтылады. Мәселен, болжамдар бойынша Словенияда 47 жас орташа жасты құрамақ. Сөйтіп, Словения әлемдегі ең кәрі елдің бірі болады.
Біріккен Араб әмірліктерінің (БАӘ) тұрып жатқан төрт миллион жергілікті тұрғындардың 825 мың адамы генетикалық аурулар проблемасына кезікті. Генетикалық аурулар БАӘ-де жақын туыстар арасындағы некелердің таралуынан туындап отыр, қазіргі кезде ол барлық неке санының 3,5%-ын құрайды. БАӘ-де тіптен олар мұсылман болса да, шетелдіктермен некеге тұруды мемлекет қолдамайды. Туыстық некелердің барлық келеңсіздіктеріне қарамастан жергілікті медиктер қалыптасқан жағдайды қиын деп бағалап отырған жоқ. Олардың пікірінше гендерлік аурулар пайызы салыстырмалы түрде аз, ал егер медициналық мекемелер тарапынан тиісті назар аударылатын болса мұндай аурулар санын барынша азайтуға болады.
Сингапур бала туудың төменгі деңгейіне және жас білікті мамандардың елден кетуіне байланысты демографиялық дағдарыс қарсаңында тұр.
2050 жылға қарай Еуропадағы ең кәрі ел Испания болмақ, бұл Еурокомиссияның Eurostat статистикалық қызметі жариялаған есепте айтылған. Ғасыр ортасында Испанияның әрбір үшінші тұрғыны зейнеткерлік жаста болмақ. Бала туудың және ұзақ өмір сүрудің төменгі деңгейі, испандықтардың 37,5%-ы 65 жастан жоғары болуына әкеледі. Қазір орташа өмір ұзақтығы ерлерде 81,8 жас, әйелдерде - 85,7 жасты құрайды.
Люксембург тұрғындары 27 елдің ішінде ең жас ел болмақ, 2050 жылға қарай бұл ел халқының тек 22,1%-ы 65 жастан жоғары болады.
Греция мен Португалия халқының да зейнеткерлік жастағы пайызы жоғары болады: тиісінше 32,5 және 31,9%.
Халық саны 300 млн. адамнан астам болып отырған АҚШ-та демографиялық ахуал қолайлы. АҚШ-тың халық санағы бюросының (US Census Bureau) деректері бойынша АҚШ-та әрбір 7 секундта бір нәресте дүниеге келсе, әрбір 13 секундта өлім тіркеліп, әрбір 31 секундта елге жаңа эмигрант келеді. Осылайша ғалымдардың есебінше АҚШ халқы әрбір 11 секундта бір адамға толығып отырады.
АҚШ халық саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейін әлемде үшінші орын алады және үнемі халық өсімі тіркеліп отырған батыстағы жалғыз ел болып саналады. Мәселен, 100 млн. тұрғын 1913 жылы тіркелсе, екінші 100 миллионыншы кезеңге 52 жыл, үшіншісіне 39 жыл қажет болды. Көрсеткіштер болжамы бойынша халық саны АҚШ-та 2041 жылы 400 млн. адамға жетпек.
Халықтың қартаюы мен бала туудың төмендеуімен байланысты жалпы әлемдік демографиялық үрдіс елдің даму деңгейіне қарай әртүрлі болады.

Пайда болған демографиялық проблемаларды шешу үшін мемлекеттер халық өсімін ынталандыратын белгілі бір шаралар қабылдау үстінде.
Мәселен, Ресейде арнайы ұлттық жоба қабылданып, 2010 жылдан бастап туу туралы сертификат қолданыла бастайды. Жұмыс істемейтін жас аналарға арналған жаңа жәрдемақы пайда болды. 2010 жылға қарай туу туралы сертификат құны уәде етілген 250 мың рубль емес, 307 мың рубльді құрайды. Иммиграция ынталандырылады, атап айтқанда бұрынғы КСРО азаматтары үшін өңірлерге қарай Ресей азаматтығын алу рәсімі жеңілдетіледі. РФ өңірлерінде көп балалы отбасыларды танымал етудің дербес саясаты жүргізілуде, мәселен Мәскеуде көп балалы отбасыларына арналған коттедждер салу басталмақ.
Германияда, мәселенің елеулі екенін мойындаған неміс саясатшылары демографиялық проблеманы шешуді қолға алды. 2007 жылдың басынан нәресте күтетін анаға немесе әкеге соңғы жалақысының 67%-ы, ең көбі 1800 евроға дейінгі мөлшерде жәрдемақы төлейді. Жұмыстан амалсыз кеткені үшін өтемақы ретіндегі жәрдемақыны жыл бойы алуға болады. Одан соң ол отбасындағы әрбір бара үшін 300 евроға дейін қысқартылады. Ата-аналарды материалдық ынталандырудан басқа Ангель Меркель басшылық еткен үлкен коалиция бюджеттік миллиардтарды қажетті инфрақұрылымдар: ясли, балалар бақшасы, ұзартылған күні бар мектептерды ұлғайтуға жіберуде. Германияда негізінен бала туу мен бала күту еңбек қызметі мен мансаптық өсуге қарай отбасының екі мүшесіне де қатысты болады.
Франция өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап бала тууды жоғарлатуға бағытталған белсенді демографиялық саясат жүргізіп келеді. 1975 жылға дейін аборт жасатуға тыйым салынды.
1946 жылы Францияда бірінші, екінші және әсіресе үшінші баланың тууын (пронаталистік саясат) көтермелеуге бағытталған отбасыларға ақшалай төлемдер мен салық жеңілдіктер жүйесі кеңінен тәжірибеге енгізілді. Нәтижесінде 80-ші жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдерінің ішінде Франция бала туудың ең жоғары - 1,8 - 1,9 жиынтық коэффициентіне ие болды (орташа алғанда бір әйелге келетін бала саны). Халық саны жыл сайын 0,3 - 0,4%-ға ұлғайып отырды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында, 1946 - 1974 жылдар ішінде Франция халқы 12,1 млн. адамға, оның ішінде 8,5 млн. халықтың табиғи өсімі есебінен, 1,2 млн. француздардың бұрынғы отар елдерден оралуы есебінен ұлғайды.
Францияның пронаталистік демографиялық саясатының қазіргі заманғы шаралары балалары бар отбасыларының материалдық жағдайына айтарлықтай ықпал етеді.
Балаға базалық жәрдемақы Францияда тұратын және елде өмір сүретін 20 жасқа дейінгі баланың азаматтығына қарай кемінде екі баласы бар барлық адамдарға тағайындалады. Жәрдемақы мөлшері бала санынан қарай сараланады: екі балаға айына 107 евро, үш балаға 244, төрт балаға 382, бес балаға - 519, алты балаға 656 евро төленеді. 11 жастан асқан балаларға - 30 евро және 16 жасқан асқандарға 54 евро мөлшерінде үстемақы және төленеді. Мұндай үстемақы екі баласы бар отбасылардың бірінші баласына төленбейді. Отбасының табысы бұл жәрдемақының мөлшеріне әсер етпейді.
Отбасы табысына қарай мынадай қосымша жәрдемақылар төленеді:
* отбасы табысына қарай үш жасқа дейінгі әр балаға жүктіліктің төртінші айынан бастап 154 евро мөлшерінде жәрдемақы;
* жалғызілікті ата-аналарға 502 евро және әрбір балаға айына 167 евро жәрдемақы;
* оқып жатқан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға жаңа оқу жылына 67 еуро мөлшерінде жәрдемақы;
* 3-тен 21 жасқа дейінгі үш және одан да көп балалары бар, табысы төмен отбасыларына немесе жалғызілікті ата-аналарға айына 139 евро мөлшерінде отбасы үстемақысы.
Бұдан өзге мүгедек балаларға оқуға арналған жәрдемақы (айына 107 евро), балалары бар отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы белгіленген.
Үйде болатын 6 жасқа дейінгі баланы күтуге де жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы мөлшері отбасының табысына байланысты болады. Жәрдемақының барынша көп мөлшері жылдық табысы 33658 евродан, балаларының жасы 3-тен аспайтын отбасыларына тоқсанына 1500 евроны құрайды. 3-тен 6-ға дейінгі жастаға балаларға арналған жәрдемақы тоқсанына 500 евродан аспайды. 6 жастан кіші балалар үшін бала күтуші жалдайтын отбасыларына да жәрдемақы төленеді.
Баланың ауыр науқасына орай жұмысты тоқтатуға немесе жұмыста ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдердегі демографиялық ахуал
Демографиялық проблемалар
ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Халықтың көші - қон ағымдарын талдау
Қазақстан Республикасының орнықты даму тұжырымдамасындағы демографиялық ахуал
Демографиялық саясатты доктриналық қолдау
Демографиялық саясат жайында
Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалының зерттелуі
Қазіргі таңдағы демографилық ахуал
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Пәндер