Қимақтардың шығу тегі
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Қимақ мемлекеті 9 ғасырдың аяғы мен 11 ғасырдың басында өмір сүрген мемлекет. Мәдениеті, шаруашылығы жағынан басқа түркі мемлекеттерімен ұқсас. Көптеген ғалымдар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі.
Курстық жұмыстың өзектілігі орта ғасырдағы Қимақтар елін, әлеуметтік-саяси жағдайын, мәдениеті мен шаруашылығын және басқа елдермен қарым-қатынасын әлемдік ғалымдардың еңбектері мен мақалаларымен таныса отырып, зерттеу. Сонымен қоса, орта ғасырлардағы қуатты дамыған мемлекеттердің арасындағы өзінің тарихта алатын орнын анықтау.
Дерекнама: Қимақтар туралы көптеген деректер кездеседі. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер 9 ғасырдың ақыры мен 10 ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи географиялық шығармаларда кездеседі. Түркістан мен түріктер, - деп жазады әл-Якуби, - бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бір-бірімен соғысып тұрады.. Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған. Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері -- оғыздардың, тоғыз-ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді деп хабарлайды. Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған. IX ғасырдың аяғы -- X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. Қаған -- түріктердің ең басты патшасы. Қаған -- хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы, -- дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 - 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды.[1]
Қимақ тайпаларының шығу тегіне қатысты бірнеше деректер тобы бар. Бірінші араб-парсы деректері, екінші түркі деректері, үшінші қытай деректері. Соның ішінде ең маңыздысы парсы деректері болып табылады. Парсы саяхатшысы Гардизидің Заин-әл-ахбар атты еңбегінде қимақтар шығу тегіне байланысты едәуір құнды мағлұматтар сақталған. Осы мәселеге байланысты өзге араб-парсы деректері мен түркі және қытай деректерін жанама дерек ретінде пайдалануға тура келеді.
Сондай-ақ, Қимақтар мемлекеті жөнінде орта ғасырлық араб-парсы деректерінде едәуір мол мағлұматтар бар. Олардың ең маңыздысы Гардизидің Заин-әл-ахбар атты еңбегінде қимақтардың шығу тегі жөніндегі аңызды жазып қалдырған. Гардизи келтірген аңыздан қимақтардың негізін татарлар елінен қоныс аударған тайпалар құрағандығын, билеуші әулет те сол жақта билік жүргізген көне әулеттің жалғасы екендігі, олар ежелгі мекенінен ішті алауыздық пен сыртқы жаугершіліктен қоныс аударғанын байқауға болады. Олардың Шат деген көсемінің болуы және Шаттың ағасының елді билеуі, осы ел билеушілерінің Түрік қағандығы билік жүйесіндегі дәрежесін де көрсетеді. Яғни, татар елі билеушілерінің атағы Шаттан жоғары болған деп жорамалдауға болады. Сонымен қатар Қимақ қағандығының құрамына жергілікті халықтың қосылғанын олардың Ертіс өзеніне және оның иесі өзен айдаһарына табыну салтынан аңғаруға болады. Осы аңызды тарихи деректермен байланыстырғанда ерекше назар аударуға тұрарлық бір жайт бар, яғни мұндағы татарлар елі, жеті татар, татарстан деген ұғымға баса назар аударған жөн. Аңызды қимақтар татарлар елінен келгендер деп баяндалады. Мәселенің байыбы мен мәні сауал тудырады. Оған жауап ретінде қимақтар мемлекетін құрған жеті тайпаның бірі татар тайпасы болғандығын айтқан жөн. Бұл татарлар тарихының ерте кезеңін тереңірек зерттеуді қажет ететінін аңғартып тұр.
Тарих ғылымында қимақтардың ежелгі қонысы жөнінде түрліше пікір бар. С.М. Ақынжанов Гардизи әңгімесін негізе ала отырып, Ертіс территориясындағы қимақтарды сырттан келген халық деп пайымдады. Зерттеуші Гардизи әңгімелері сол уақытта болған нақты оқиғаларды суреттейді дей келе қимақтардың алғашқы отаны Солтүстік-шығыс Монғолияның жері деп көрсетті. Ол мұнда тоғыз татарлардың қонысын меңзесе керек. Орхон ескерткіштерінде татарлар тоғыз татар, отыз татар деген атаулармен кездеседі. Сондықтан олар топтарға бөлініп, түрліше аумақтарға қоныстанған. Қытай деректемелерінде олардың арғы тегін Дунху деп атаған. 5-11 ғғ олар қазаргі ҚХР Ішкі Монғолия автономиясы, Хулуньбэйр аймағы мен соған іргелес жерлерде өмір сүрген. Алғашында олар бес тайпа болып, кейін көне түрік қағанаты кезінде олардың саны 30-дан асқан. Бұл көне түркі ескерткіштерінде отыз татар деп аталатын ел.[2]
Тарихнама: Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Көмековтің кеңес заманында, 1970 жылы КСРО Ғылым академиясының Ленинградтағы Шығыстану институтында тарих ғылымы бойынша қорғаған кандидаттық диссертация еңбегі тарихшы қауымды тақырыбының сонылығымен, зерттелуінің тереңдігімен елең еткізген болатын. Ол жұмыс 1972 жылы Алматыда Қазақ КСР Ғылым академиясының Наука баспасында орыс тілінде Государство кимаков ІХ-ХІ вв. по арабским источникам (ІХ-ХІ ғасырлардағы қимақ мемлекеті араб дереккөздерінде) деген атаумен кітап болып жарық көрген. [1-сурет]
Ғалымның осы іргелі зерттеу еңбегі кейін бес томдық академиялық жинақ - 1980 жылғы Қазақ ССР тарихынан бастап 2010 жылғы Қазақстан тарихының бірінші томына арнайы бөлім болып енді, энциклопедиялық анықтамаға айналды.
Кезінде кітапқа жазған алғысөзінде көрнекті тарихшы ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Бегежан Сүлейменов еңбекке мынадай баға берген екен. Бұл зерттеуде қазақ халқының арғы тектерінің біріне жатқызуға болатын қимақтар туралы орта ғасырлардағы араб тіліндегі және ІХ-ХVІ ғасырлардағы парсы тіліндегі шығармалардағы тарихи-географиялық мәліметтер дереккөздері арқылы мұқият талданған. Әсіресе, әл-Идрисидің (ХІІ ғ.) аса маңызды мәтіндері мен картографиялық материалынан суыртпақтап сыр тартады. Еңбекте қимақтардың этникалық тарихына аса мән берілген; ІХ ғасырдың ортасынан ХІ ғасырдың ортасына дейін қимақ тайпалары одағының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері сараланған. Қимақтарда мемлекет және қала мәдениетінің болуы мәселелері тұңғыш рет тұжырымдалып, тиянақталған. Қимақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылысы тың тұрғыдан пайымдалады, автор көшпелі мал шаруашылығынан бастап жер игеру шаруашылығына дейін бірнеше шаруашылық-мәдени тұрпатты атап көрсеткен.
Кітаптың бірінші тарауы бірыңғай дерек көздерін талдауға арналған. Мұнда жаңаша жыл санауға дейінгі І ғасырда өмір сүрген қытай жылнамашысы Сыма Цяньның Тарихи жазбалар деген еңбегінен бастап қимақтарға қатысты ІХ-ХVІ ғасырлардағы араб, парсы, түрік тілдеріндегі еңбектерге шолу жасалады. Ғалым дерек көздерін талдағанда онда келтірілген мәліметтердің басқа шығармалардағы мәліметтермен сәйкестігіне, ұқсастығына, не айырмашылығына назар аударады. Осы жазбаларды талдаған өзіне дейінгі зерттеушілердің ой-тұжырымдарын зерделей отырып, өз пікірлерін, ұсыныстарын айтуы зерттеудің тереңдігін аңғартса керек.
Жалпы тарихта, ғылымда қимақ-қыпшақ халықтары, олардың шыққан тегі, мекендеген жерлері сияқты мәліметтерге мән беру араб, парсы, еуропалық жылнамашыларда Мысырды қыпшақ мәмлүктер билеген кезден басталған екен. Үш ғасырдай араб жерінде билік құрған қыпшақ мәмлүктер жолындағының бәрін тасқын судай жайпаған, қырғынға ұшыратқан кресшілер жорықтарына, моңғолдар шапқыншылығына тойтарыс бере алған бірден-бір бекем күш болып, күллі араб жұрты мен Еуропаның назарын өздеріне аудартқаны тарихтан мәлім.
Алдында айтып кеткеніміздей, сол заманнан жеткен жетпістен астам жазбаға шолу жасай отырып, ғалым солардың ішінде маңызды мәліметі мол араб географы Әбу Абдаллах Мұхаммад ибн Мұхаммад әл-Идрисидің Нузхат әл-муштак фи-хтирак әл-афак (Жер-жерді шарлап шаршаған жолаушының ермегі) деген географиялық еңбегіне кеңірек тоқталады. Қимақтар туралы араб дереккөздерінің ең негізгісі осы кітап екен. ХІІ ғасырдың ортасында Сицилияда (қазіргі Италия) король ІІ Роджердің тапсырмасымен жазылған бұл еңбектің артықшылығы әл-Идриси кітапты жазу кезінде өзіне дейінгі және өзімен замандас біраз саяхатшының, жылнамашының он екі еңбегін пайдаланып, мәліметтермен байытқанын айтады. Іздену үстінде көмекшісі көп болған әл-Идриси кітапты он бес жыл жазып, 1154 жылы аяқтаған. Оның алғашқы аудармасы француз тілінде ХІХ ғасырдың қырқыншы жылдары шыққан. Б.Көмеков өз зерттеуінде Ленинградтың М.Е.Салтыков-Щедрин атындағы мемлекеттік кітапханасында сақтаулы нұсқасын пайдаланыпты.
Кітапты әл-Идриси ХІІ ғасырда жазғанымен, ондағы деректер ІХ-Х ғасырларды қамтиды. Сондықтан мұнда ол өзі сипаттап отырған елдер немесе тайпалар туралы бұрынғы еңбектерде кездеспеген тың мәліметтер берген. Мәселен, араб географтарының бәрінің жазбаларында қимақтар мен қыпшақтар үнемі ен далада көшіп-қонып жүретін, отырықшылықты білмейтін жұрт ретінде сипатталып келген. Ал әл-Идриси болса, қимақтар мен қыпшақтардың қалалары мен қоныстары туралы баяндайды және жердің картасын береді. Оның еңбегін саралау қимақтар қазіргі Қазақстанның оңтүстік-шығысын Алакөлден Ертіс бойына дейінгі кең-байтақ аумақты жайлағанын көрсетеді және Сурат әл-ард (Жер келбеті) деген атаумен қоса ұсынылған географиялық картасы оның тұжырымдарын бекіте түседі. Оның картасы араб картографтарының осыған дейінгі карталарымен салыстырғанда біраз жетілдірілген нұсқа екен.
Кітаптың келесі тарауы қимақтардың этникалық тарихына арналған. Қимақтар түрік тектес халықтарға жатқызылады. Махмұд Қашқари әйгілі Диуану лұғат-ит-түрк (Түркі сөздерінің жинағы) еңбегінде қимақ, қыпшақ, оғыз, башқұрт және басқа да туыс халықтардың тілдері ұқсастығын көрсетіп, мысалдар келтірген. Дегенмен, тарихшы ғалымдар Г.Юль, В.В. Григорьев, Л.Н.Гумилев, Ю.А.Зуев қимақтар қытай жазбаларында аталатын, Моңғолияны мекендеген ку-мо-хи халқы емес пе екен деген де болжам айтқан. Б.Көмеков Махмұд Қашқариға, басқа да көрнекті ғалымдардың талдамаларына сүйене отырып, қимақ түрік тектес халық деп тұжырады.[3]
Қимақ тайпалары одағының құрамын талдағанда ғалым ХІ ғасырда өмір сүрген парсы тарихшысы Әбу Сайд Гардизидің Зайн әл-ахбар (Хабарлардың әрін келтіру) кітабында баяндалатын көне аңызды тілге тиек етеді, қимақ одағы әуелде ими, имақ, татар, баяндүр, қыпшақ, ланиказ және аджлад деген жеті тайпадан құралыпты, бұлардың кейбірінің атауы бұрмаланып жазылса керек деп пайымдайды ғалым. Олар әуелде аз кезінде Ертіс бойын мекендепті. Осы жерге тоқтау, аялдау, қоныстану деген мағына беретін ертіс сөзі өзен атына айналған. Міне, осы тайпалар көбейе келе, қолайлы тарихи жағдайлардың арқасында ІХ ғасырдың аяғына қарай Алакөлден Ертіске дейін созылып жатқан ен даланы бауырына басқан жаңа түрік мемлекеті пайда болады, оның негізін қимақтардың он екі тайпасы құрайды. Белгісіз парсы тарихшысының Худуд әл-алам (Х ғ.) және араб әл-Идрисидің Нузхат ал-муштак (ХІІ ғ.) еңбегінде осы жайдан мәліметтер берілген. [4]
Б.Көмековтің кітабының үшінші тарауы қимақтар елінің географиясын сипаттайды. Шығыс Еуропадан, Еділ бойынан, Оңтүстік Сібірден, Орталық Азиядан, Шығыс Түркістаннан ерсілі-қарсылы жол тартқан сауда керуендері қимақ жері арқылы өткен және Ертіс бойында қақан отырған астанаға, басқа да қалаларға келіп тұрған. Бұл қимақтарда көшпелі тұрмыс, мал шаруашылығымен қатар отырықшылықтың, егіншіліктің, қала мәдениетінің де қалыптасуына ықпал етеді.
Б.Көмековтің кеңес заманында жазылған еңбегін бүгінгі заман көзқарасы тұрғысынан зерделегенде ондағы ғылыми тұжырымдардың өзектілігін, бүгінгі күні тарихи әділеттілік үшін, халықтың рухани қажеті үшін қызмет ете алатынын байқаймыз. Қажеттілікті өтеуге жарау кез келген еңбектің мақсаты, құндылығы болса керек.
Мақсаты: Қимақ мемлекетінің тарихын зерттеу.
Міндеттері:
- Қимақтардың шығу тегіне деректемелік және тарихнамалық шолу жасау.
- Қимақ мемлекетінің құрылуы мен ыдырауын баяндау.
- мәдениеті мен шаруашылығын сипаттау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
Қимақтар шығу тегі мен мемлекеттілігінің тарихы
Қимақтардың шығу тегі
Қимақ қағандығы тарихи кезеңі орта ғасырлық Қазақстан тарихынан маңызды орын алады. Қимақ тайпаларының шығу тегіне қатысты бірнеше деректер тобы бар. Бірінші араб-парсы деректері, екінші түркі деректері, үшінші қытай деректері. Соның ішінде ең маңыздысы парсы деректері болып табылады. Парсы саяхатшысы Гардизидің Заин-әл-ахбар атты еңбегінде қимақтар шығу тегіне байланысты едәуір құнды мағлұматтар сақталған. Осы мәселеге байланысты өзге араб-парсы деректері мен түркі және қытай деректерін жанама дерек ретінде пайдалануға тура келеді.
Қимақ мемлекеті иемек, ими тайпаларының ұйытқы болуымен жеті тайпаның басын біріктірген мемлекеттік құрылым болғандығын тарихи жазба деректер дәйектейді. Билеуші тайпасы иемек деп аталғын. Иемек сөзі жөнінде Махмұт Қашқари өзінің Түркі тілдерінің сөздігі еңбегінде айтып өткен. Артыш (Ертіс) - Иемек даласындағы өзен. Ол сондағы бір көлге құяды.,- деген анықтама берген. Бұдан иемек тайпаларының аты әйгілі екенін, иемек сөзі орта ғасырда этникалық атау болуымен қатар географиялық атау сипатына ие болғанын аңғарамыз. Иемектердің шығу тегі жөнінде тарихшы ғалымдар нақты бір ғылыми байламға келе алмаған, сондықтан да қазіргі отандық тарих ғылымында бұл мәселе жөнінде ортақ пікір орын алмай келеді. Мәселен, Қазақстан тарихының І-томында Иемектер тарихының ертедегі кезеңі Қытай деректері бойынша баяндалған: Қимақтар тарихының ертедегі кезеңі Қытай деректемелерінде 5 ғасырдағы Батыс Түрік қағандығы ортасында болған оқиағаларға қатысты атап өтілген янмо тайпасымен байланысты айтылған. Синологтар Батыс түріктері құрамына кіретін янмоны иемек тайпасына балайды, ол зерттеушілердің көпшілігі шамалайтындай, кимек атауының фонетикалық бір түрі болып табылады.
Дегенмен, янмоларды иемектер емес ежелгі Қарахан мемлекетінің ұйытқысы болған яғма тайпасы деп қарайтын зерттеушілер бар. Яғма- Қытай деректерінде Ян миян, Ян мо, Ян мы түрінде оқылады және әртүрлі таңбамен кездеседі. Махмұт Қашқаридің еңбегінде Яғма болып жазылған. Түрік тілінде сөйлейді, тұрмыс салты да түріктермен бірдей, 1993 жылы шыққан Шин Жиян тарихи сөздігінде. Әубаста Жоңғар ойпатының батыс солтүстігінде, Емел өзені маңындағы халықтардың бәрі солай аталған. Кейіннен Балқаш көлінің батыс оңтүстігінде Памир мен Тәңіртаудың түстігіне дейін бытырай қоныстанды. Моңғол үстіртіне дейін кеткендер де бар. Гаушан ұйғырларына сіңіп кеткендері де баршылық,- деген түсінік берілген. Бұған қарағанда Қытай деркетерінде кездесетін Янмо терминін иемектерге баламалау орынды бола қоймайды.
Екінші бір көзқарастағы ғалымдар қимақтарды се-иәнто этнонимімен байланыстырады. Шығыс түрік қағандығы құлағаннан кейін се-иәнтолар Өтукен қойнауында қағандық құрды. 647 ж Таң империясы мен ұйғыр одағы Се-иәнто қағандығын күйретіп, се-иәнтолардың тоз-тоқын шығарды. Кейбір зерттеушілердің сөзінше, се және иәнто сынды туыстас екі тайпаның бірігуінен құралған се-иәнто этносы Се-иәнто қағандығы құлаған кезде ыдыраған. Иәнто тайпасы се тайпасынан бөлініп батыстағы Ертіс бойына келіп,орныққан. Содан кейін қытай деректеріне иәнтолар янмодеген жаңа атаумен көрсетіле бастаған. Ал се тайпасы Моңғол үстіртінде қалып, қайтадан ес жиып Шығыс түрік қағандығын құрады. Орхон ескерткіштеріндетүрік-сір атауымен берілген тайпа атауы осы се тайпасының түрікше дұрыс аталуы деген пікір. Бұл тұжырымның пайда болуына белгілі ғалым С.Г. Кляшторныйдың Қытай деректерінде баяндалатын се-иәнто этнонимінің тарихы мен қалыптасу құрылымына деген түсінік, пайымдары негіз болған.
С.Г. Кляшторный, се-иәнто тайпасын түріктердің билеуші тайпасы деп тұжырым жасап ғылымға бұдан бұрын әрқайсысы жеке этноним ретінде танылған этнонимдерді негізсіз өз қалауынша бөлшектеп, әуелі се-иәнтоның се-сін түрік-сір этнонинімің сыр-мен шендестіру арқылы се мен сір екеуін бір халықтың қытайша және түрікше айтылған атауы деп алып, содан кейін оларды, яғни, се мен сірді түрік-қыпшақ этнонинімінің екінші компоненті қыпшаққа теліп, мұны сол баяғы бір халықтың ұйғырша аталуы еді деуі қисынсыз, мұнда тарихи заңдылықтың орын алғандығын түсіну қиын.
Осылай деп жаза келе зерттеуші Қойшығара Салғараұлы: Тарихта билеуші тайпа деп белгілі мемлекетті құруда жетекші рөл атқарған, сол мемлекеттің билеушілері шыққан тайпаны айтады. Осы тұрғыдан келгенде бірінші Шығыс түрік қағандығының негізін қалаушылар Пиңлиаңнан ауып келген хулар, ал екінші Шығыс түрік қағанатының шаңырағын көтерушілердің Шили-иуәнлин тайпасы екендігі белгілі. Түріктің дана билеушісі Білге қаған қағандығының негізін қалаушы ел төресі аталған Құтлық қаған осы шили-иуәнлин тайпасының билеушісі болатын-деп, өз тұжырымын білдіреді.
Дегенмен, қытайша деректе әШили-иуәнлин деп жазылған, Шығыс Түрік қағандығын құрған тайпа атауы одан кейінгі Ұйғыр қағандары қалдырған Селенгі тасында түрік-қыпшақтар- түрінде жазылған. Белгілі тарихшы ғалым Сартқожа Қаржаубай өзінің Орхон мұралары атты еңбегінде Орхон ескерткіштеріндегі бұрын түрік-сір халқы, түрік сір жері деп оқылып келген тіркестерді түрік-есір халқы, түрік есір жер, деп аударған. Бұған қарағанда сір тайпасы деген болмаған. Ол есір деген көне түрік сөзін оқу, мағынасын түсіну барысында кеткен олқылықтың қалыптасқаны байқалады.
Осынау деректер мен фактілерден, 647 жылы Таң империясы және ұйғыр одағы соққысынан Се-иәнто қағандығы құлағанда, се-иәнто этнонимі се және иәнто топтарына бөлініп кеткендігі байқалады. Иәнто тайпасы се тайпасынан бөлініп, Ертіс өзені алабына қоныс аударды. Содан олар қытай деректерінде Янмо деп көрсетіле бастаған. Иәнтолар Қимақ мемлекетінің негізін қалады. Ал се тайпасы моңғол үстіртінде қалып кейінгі Шығыс түрік қағандығын құрған, бұл тайпаның көне түрікше аталуы сір деген тұжырымның да негізі жоқ екені аңғарылады. Олай болса қимақтар шығу тегі жағынан ертедегі қандай тайпалық одақтарға жақын? Нәсілдік тегі кімдер? деген сұраққа жауапты қимақтардың өздерінің тегі жайындағы аңыздарынан іздеген абзал. Соларды зерделеу арқылы шынайылыққа қол жеткізіледі.
Сондай-ақ, Қимақтар мемлекеті жөнінде орта ғасырлық араб-парсы деректерінде едәуір мол мағлұматтар бар. Олардың ең маңыздысы Гардизидің Заин-әл-ахбар атты еңбегінде қимақтардың шығу тегі жөніндегі аңызды жазып қалдырған. Ол аңыз бойынша қимақтардың пайда болуы былайша суреттелген: Татарлар елінің билеушісі қайтыс болып екі ұл қалған: үлкен ұлы патшалықты билеген. Кішісінің есімі Шат еді. Шат ағасына қастандық жасап, онысы сәтсіз аяқталып содан өз өміріне қауіп төнгендіктен, өзімен бірге көңілдес бір күң әйелді ертіп, үлкен өзенінің жағасына, ағашы мен жабайы аң-құсы мол жерге барып, шатыр тігіп, орналасыпты. Екеуі күнде аңға бірге шығып, етті қорек етіп, бұлғын, тиын мен ақ тышқан терісінен өздеріне киім тігіпті. Біршама уақыт өткеннен кейін оларға туыстарының ішінен 7 адам келіп қосылыпты. Біріншісі-ими, екіншісі-имақ, үшіншісі-татар, төртіншісі-байандур, бесіншісі-қыпшақ, алтыншысы- ланиказ, жетіншісі-Аджалад. Бұлар өз билеушілерінің жылқысын баққан жылқышылар екен. Жылқыларының көптігінен табандары өткен жерде жайылым қалмай, содан Шаттың жайлаған жеріне келіпті. Таныс адамдарды көрген күң ертүс деп айқай салған екен. Мағынасы тоқтаңдар, аттан түс деген сөз. Осындай себептерге байланысты өзен аты Ертіс аталған екен. Күңді танып барлығы тоқтап, жайғасып шатырларын тіккен. Аңға кеткен Шат олжалы оралып, келген жолаушыларды дәмге шақырады. Жердің жайлылығы ұнап келген адамдарды қысқа дейін қалды. Қар түскеннен елге қайтып оралу мүмкін болмады да, бір жағынан жайылымның кеңдігі мен молдығына қызығып сол жерде қысты өткіземіз деп қыстап қалады. Қар еріп жер қарая бастаған уақытта, олар өз жұртына - татарлар еліне бір адамды жіберген еді. Мақсаты сол тайпа жайлы хабардар болу. Жіберілген адам бұрынғы жұртқа келгеннен кейін тұрғылықты жердің қаңырап бос қалғандығын, халықтың жоқтығын көреді. Елді жау шауып, байлығын тонап, бүкіл халықты қырып-жойып кеткеніне көзі жетеді. Қырғыннан аман қалғандары жаңағы адамды көріп, таудан түсіпті. Содан сол адам Шаттың жағдайы жайлы өз қауымдастарына әңгіме айтып қызықтырып ертіп әкетіпті. Шат еліне келгеннен кейін барлығы оны өздерінің басшысы ретінде қошеметтеп, құрмет көрсетті. Басқалары да, бұл хабарды естігеннен кейін бас аяғы 700 адамдай болып сол маңға жиналды. Ұзақ уақыт Шаттың қол астында болғаннан соң, олар саны жағынан ұлғайып, айналаға тарап, аталған жеті адамның есіміне байланысты жеті тайпа құраған. [5]
Бір күндері Шат халқымен өзен жағасында тұрған екен. Шат сен менің суда жүргенімді көрдің бе? деген таныс дауыс естіледі. Шат су бетінде қалқып жүрген шаштан басқа ешнәрсе көре алмаған еді. Мінген атын тұсап, суға түсіп шашты қолына алады. Сөйтсе ол өз жұбайы қатын болып шықты. Шат сен қалайша суға түсіп кеткенсің?, деп сұраған еді. Қатын: Мені өзен жағасында жүргенде крокодил бас салды,-деп жауап береді. Қимақтар өзенге бас иіп табынады. Өзенді - қимақтар құдайы деп құрмет көрсетеді...,- деп жазған.
Гардизи келтірген аңыздан қимақтардың негізін татарлар елінен қоныс аударған тайпалар құрағандығын, билеуші әулет те сол жақта билік жүргізген көне әулеттің жалғасы екендігі, олар ежелгі мекенінен ішті алауыздық пен сыртқы жаугершіліктен қоныс аударғанын байқауға болады. Олардың Шат деген көсемінің болуы және Шаттың ағасының елді билеуі, осы ел билеушілерінің Түрік қағандығы билік жүйесіндегі дәрежесін де көрсетеді. Яғни, татар елі билеушілерінің атағы Шаттан жоғары болған деп жорамалдауға болады. Сонымен қатар Қимақ қағандығының құрамына жергілікті халықтың қосылғанын олардың Ертіс өзеніне және оның иесі өзен айдаһарына табыну салтынан аңғаруға болады. Осы аңызды тарихи деректермен байланыстырғанда ерекше назар аударуға тұрарлық бір жайт бар, яғни мұндағы татарлар елі, жеті татар, татарстан деген ұғымға баса назар аударған жөн. Аңызды қимақтар татарлар елінен келгендер деп баяндалады. Мәселенің байыбы мен мәні сауал тудырады. Оған жауап ретінде қимақтар мемлекетін құрған жеті тайпаның бірі татар тайпасы болғандығын айтқан жөн. Бұл татарлар тарихының ерте кезеңін тереңірек зерттеуді қажет ететінін аңғартып тұр.[6]
Күлтегін, Білге қаған ескерткіштерінде тоғыз татар, отыз татар деген этнонимдер кездеседі. Бұмын қағанды жерлеу салтына елші жіберген түрік вассалдары мен көрші елдердің қатарында отыз татарлар аталады. Екінші Шығыс түрік қағандығы құрылуы барысында Түрік қағандығының қайта жаңғыруына қарсы жаулар ретінде отыз татарлар аталады. Бірақ отыз татарларға қарсы соғыс жорықтары жайында мардымды мағлұмат айтылмайды, тек оғыздардың кезекті бір көтерілісінде олардың тоғыз татарлармен бірігіп шабуылға шыққаны баяндалады. Білге қаған өз өсиетін айтқан жолдарында оң жағымдағы тархан, тоғыз оғыз, отыз татар бектері тыңдаңдар деген жолдар берілген. Бұған қарағанда отыз татарлар Білге қағанға бағынса керек.
Білге қаған, Күлтегін мәтінінде отыз татарларға қарсы соғыс қимылдары туралы көп сөз қозғалмағанына қарағанда олармен билеуші әулет бір мәмілеге келген сияқты. Тек тоғыз татар деген топтары қаған билігіне қарсы аттанған. Яғни, осы мәтінде Білге қаған оғыздарды соңынан қумай ашық майдан алаңына шақыру үшін олардың барықын бұзғанда ызаланған оғыздарға, тоғыз татарлар қосылып қаған әскерімен шайқасуға шыққандығы тулары дерек берілген. Бұдан тоғыз оғыздармен тоғыз татарлардың арасында тығыз қарым-қатынас орнағандығы байқалады.
Сондай-ақ, Білге қаған ескерткіштеріндегі арнау сөздерде тоғыз оғыздарды, отыз татарларды, түркештерді өз халқым еді деп атап көрсету арқылы өзіне жақын тарататынын байқау қиын емес. Мұның өзі олардың генеологиялық жақындығынан хабар береді. Осынау Түркі ескерткіштерінен татарлардың түркі текті ру тайпалардан ұйымдасқан тайпалық одақ, тіпті мемлекеттік құрылым болғанын байқалады. Орхон ескерткіштерінен көрінетіндей, Бұмын қаған жерлеуі кезінде олардың жылап-сықтаушы елдер қатарынан орын алуына қарағанда Бұмын қаған кезінде отыз татарлар түріктердің вассалы болып өз билеушілерінен сақтап қалған. Ал шығыс түрік қағанаты құрылу кезеңінде қағандықтың қайта түлеуіне қарсы күштерге қосылғаны үшін Шығыс Түрік қағандары оларды тікелей қарамағына алып билік жүргізгені яғни, оларды бектер арқылы басқарған. Орхон ескерткіштерінде отыз татар бектері деген жолдар кездеседі.[2]
Тарих ғылымында қимақтардың ежелгі қонысы жөнінде түрліше пікір бар. С.М. Ақынжанов Гардизи әңгімесін негізе ала отырып, Ертіс территориясындағы қимақтарды сырттан келген халық деп пайымдады. Зерттеуші Гардизи әңгімелері сол уақытта болған нақты оқиғаларды суреттейді дей келе қимақтардың алғашқы отаны Солтүстік-шығыс Монғолияның жері деп көрсетті. Ол мұнда тоғыз татарлардың қонысын меңзесе керек. Орхон ескерткіштерінде татарлар тоғыз татар, отыз татар деген атаулармен кездеседі. Сондықтан олар топтарға бөлініп, түрліше аумақтарға қоныстанған. Қытай деректемелерінде олардың арғы тегін Дунху деп атаған. 5-11 ғғ олар қазаргі ҚХР Ішкі Монғолия автономиясы, Хулуньбэйр аймағы мен соған іргелес жерлерде өмір сүрген. Алғашында олар бес тайпа болып, кейін көне түрік қағанаты кезінде олардың саны 30-дан асқан. Бұл көне түркі ескерткіштерінде отыз татар деп аталатын ел.[8]
Татарлардың түркі текті ұлыс болғандығын аңғартатын түркі аңыздары мен жазбалары бар. Мысалы, Әбілғазы ханның Түрік шежіресі еңбегінде татар адам аты және халық атауы ретінде баяндалған. Нұхтың баласы Йафестен Түрік - Түтік - Елше хан - Деббақой хан-күйік хан - Алынша хан туады. Алынша хан елді екі ұлына бөліп береді. Олар татар хан және моңғол хан әулеттері болған. Оларға қараған түрік нәсілді елді татар, моңғол халқы деп атаған. ХІ ғасырдағы түрік ғұламасы Махмұт Қашқари өзінің Түрік тілдері сөздігінде татарларды, табғаштарды, қидандарды, таңғұттарды атағы кеңінен мәлім болған жиырмадан астам түркі тайпаларының қатарында атайды. Табғаштар - дунхуларлан шыққан сяньбэй этнонимінің құрамына енетін тоба тайпасының көне түрік тіліне дұрыс аталуы. Дегенмен, осындай ежелгі түркі деректерінің ғылыми айналымға енбеуі өкінішті. Қытай деректерінің өзінен отыз татарларының арғы тегі болған сяньбэй этнонимінің тілінің түркіше сипаты айқын аңғарылады. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері 4 томының 51-бетіндегі сяньбэй сөзіне түсініктемеде Қытайдың Наньцишу кітабының Вей жабайылар баяны тарауында сяньбэйдің 13 лауазым атауы сақталған, бұл атаулардың түбір сөздері түгелдей түрік тілінде болған, тек оларға жалғаған -чин жұрнағынан кейін ғана моңғол тілінің сипаты байқалады. Мысалы, түркі бітік сөзіне -чин жұрнағын жалғап бітікчин болып құралады, ғалымдардың пікірінше егер бұл сөз түркі тілінде болса -чин жұрнағының орнына -чи жұрнағы болар еді-мыс. Алайда осы -чин жұрнағы ертеде түркі монғол тілдерінің ортақ жұрнағы болған болуы да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz