Селжұқ тайпаларының крест жорығына қатынасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
КРЕСТ ЖОРЫҚТАРЫ ТҰСЫНДАҒЫ
ТАЯУ ШЫҒЫС
Орындаған: Ташеменов К. Н
Тексерген: Хибина З. Н
Сабақ түрі: ОСӨЖ №3
АҚТӨБЕ
2020
Жоспары:
1. Кіріспе.
1. 1. Негізгі крест жорықтарының орын алу себептері
2. Негізгі бөлім.
2. 1. Таяу шығыстағы крест жорықтары: себебі мен салдары
2. 2. Селжұқ тайпаларының крест жорығына қатынасы
2. 3. Иерусалим - Крест жорықшыларынң басты мақсаты
3. Қорытынды. Таяу Шығыстағы мәдениеттің Батыс Еуропада орнауы
І. VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі болды. Келесі екі жүзжылдықта Батыстағы өмірдің барлық саласына Рим папасының жоғарғы билігі орнады. Мұндай тоталитарлық (жойқын) билік христиан әлемінің дағдарысын онан сайын күшейтті. Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек алуын қаламады. Бірақ бір ортақ мақсаттың болмауы христиандардың мұсылмандар әлеміне қарсы бірігуін тежеп қалды. Батыстың бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ. Тек дінбасылары киелі жерге қажылыққа баратын діндарларды қолдарына қару алып, мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақырып жатты.
ІІ. Крест жорықтары негізнен Рим папасының әртүрлi желеуiмен Кiшi Азияға сегiз рет жасалынды. Солардың ең қасiреттiсi 1-шi Крест жорығы тарихқа өзiнiң қара таңбасын салып кеттi. Ол Кiшi Азияны христиан әлемiмен бiрiктiрмекшi болып, қарапайым жандарды жорыққа «Құдайдың қалауы осы» деп айдап салды. Бiрақ оның дегенi бола қоймады. Соғыста бейбiт халықты қырғынға ұшыратты. Крест жорықтары Еуропа тарихшыларының жүз жылдық пiкiрталасына айналғаны белгiлi. Дегенмен адамзаттың ақыл ой-парасаты жылдар өткен сайын iзгiлiкке бастайды. Осыдан екi жыл бұрын Рим папасы Крест жорықтарының адамзатқа келтiрген зардабы үшiн барша әлем алдында кешiрiм сұрағаны да жұрттың есiнде. Бүгiнгi ұрпақ адамзат тарихын бiлуге тиiс және содан сабақ алғаны ләзiм.
1095 жылы Византия императоры Алексей-1 Комнин империяға қауiп төндiрiп тұрған түрiктерге қарсы шығу үшiн Батыс Еуропаның христиандық мемлекеттерiнен көмек сұраған. Себебi 1071 жылы Манцикерт маңындағы шайқаста византиялық әскерлердiң түрiктерден тас-талқаны шығып күрей жеңiлгеннен кейiн Византия империясының жағдайы аса мәз емес едi. Содан кейiнгi болған жайттар 1-шi Крест жорығы деген атқа ие болды. Бұл жорық барысында крестшiлер бiрталай ұрыстарда жеңiске жетiп, iшiндегi ең үлкенi 1099 жылы Иерусалимдi жаулап алуы едi. Бiрақ сол бiрiншi Крест жорығы кейiндеу 200 жылдық қантөгiс соғыстың бастамасы болды.
1095 жылы наурыз айында Византия империясының басшысы Алексей-1 Комнин Пьяченцтегі шіркеу соборына эмиссарларды жіберіп, Еуропаның христиандарынан Ислам армиясына қарсы күресте оған әскери көмек көрсетулерін өтінді. Рим Папасы Урбан-2 мұны бірден қолдап, қарашада Франциядағы Клермон соборында франктік рыцарлардан мұсылмандар малайлығында жүрген Шығыс христиандарын босатып, Иерусалимді жаулап алуды сұрайды.
Рим Папасының сөздері Еуропа халқының арасында өз әсерін тигізді. Еуропа әйелдері мен еркектерінің үлкені мен кішісі де осы Крест жорығына қосылуға дайын екендіктерін білдіріп жатты. Олардың ойынша бұл Құдайдың қалауымен жасалынып жатқан шаралар деп сенді. Кейбіреулері осындай қасиетті мақсатты жүзеге асыру үшін, өз отандарындағы христиан емес ұлттарды жаппай қыра да бастады. Болашақ Крест жорықшылары Еуропада тұратын еврейлердің біразын қырып та жіберді.
Крест жорықшыларының алғашқы топтарында дұрыс басшылық та болмады. Сондықтан ұйымдастырылуы жағынан нашар еді. Дінге аса берілген тобырлардан да айырмашылықтары айтарлықтай емес. Олардың 1096 жылы жазда Венгрия территориясына баса көктеп кіріп, жолындағы елдімекендерді тонап жатқан кездерінде үш дүркін қарсы шабуылға кездесіп, сәтсіздікке ұшырады. Содан соң дін уағызында жұрт көңілінен шыға білген Петр Пустыниктің бастауымен «Шаруалар крест жорығы» деп аталынған қарапайым жандар 1096 жылы тамызда Константинопольге келді. Византия императоры бұл тәртіпсіз 18 тобырдан құтылу үшін оларды Анталияға аттандырған. Түріктер оларды қырып жібереді. Ал Петр Пустынник Константинопольге қашып келеді. Содан Петрдің крест жорықшыларын Құдай қолдайды дегені өтірікке айналады. Бұл басқаларға сабақ болды. Алексей-1 мұндай күшпен ислам армиясына қарсы төтеп бере алмасын түсінген соң 1096 жылы 15 тамызда ұйымдастырылуы жағынан әлдеқайда тиімді болған Крест жорығын бастады. Олардың құрамында Еуропаның белгілі феодалдары басқарған әскери тәртіпке келтірілген армия болды. Армия ішінде ұрыстарда өздерін көрсете білген жандар да көп еді. Ірі феодалдардан құрылған армия қару-жарақ жағынан да, әскери дайындық жағынан да, қала берді біркелкі рыцарлық киім үлгілерінен де ерекшеленіп тұрды. Олар арбалет сияқты атқыш құралдармен жабдықталған. Әртүрлі бағыттармен жүрген Крест армиясының жорықшылары Константинопольде қосылды. Крест жорығының негізгі басшыларының бірі Готфрид Бульонский болды. Ол Константинопольға 1096 жылы желтоқсанда жетті.
Еуропалықтар неге осындай қызуқандылықпен әрі аса белсенділікпен Крест жорығына қосылды? Осы сұрақ Еуропа ғалымдарын жүздеген жылдар бойына мазалап келгені анық.
Біріншіден, әрине бір жағынан бұл орта ғасырларда діни белсенділіктің халық арасында күшті болғанымен түсіндіріледі. Крест жорығына дейін Иерусалимге қажылыққа баратындардың саны сол кезде-ақ өте көп болатын. Бірақ дегенмен діни көзқарас бұл жорықтың тек бір ғана себебі еді. Сол кезде Иерусалимге қажылыққа баратындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де керек болды. Себебі өткен жүзжылдықта Анатолии мен Сирияға әбден орнығып алған түрік селжүктері қажылыққа баратын еуропалықтарды жақтырмайтын. Тағы бір себебі, католик шіркеуінің жоғарғы иерархтары үшін Крест жорығы христиандық әлемді қайта қосу болып табылады. Себебі, 1054 жылы «Ұлы бөлініс» («Великий раскол») атты христиандықтар римдік-католиктік және гректік-православтық шіркеулер болып бөлінген болатын. Рим Папасы егер Крест жорығы ойдағыдай болса, онда екі христиандық әлемнің бірігуі мүмкін деген сенімді ұстанғаны анық. Ал крест жорығы қолбасшыларының бірі Роберт Фландрский христиандық діни тұрғыдан жорыққа қосылса, кейбір қолбасшылар бұл соғыстан байлық пен атақ алуды көздеген болатын. Өйткені бұрынғы мұсылмандарға қарсы жасалған жорықтар оларға байлық та, атақ-дәреже де әкелген болатын. Солардың ішінде басқа елдер территориясын басып алуда ең белгілісі «нормандар». Нормандар - солтүстік адамдары деген сөз. Олар өз тамырын викингілерден алады. Норман Роберт Гвискар ХІ ғасырдың орта тұсында оңтүстік Италияны жаулап алып, содан соң өзінің герцогына қарайтын жер көлемін мұсылмандар мен византиялықтарға қарсы ұрыстарда ұлғайтқан. Кейін оның баласы Боэмунд Тарентский Крест жорығын басқаруда ең таңдаулылардың бірі болды. Таяу Шығысқа келген барлық крест жорықшылары «франкілер» немесе «француздар» деп аталды.
Бірінші Крест жорығында мұсылман жағынан да, христиан жағынан да ұйымдастыру шаралары нашар болды. Себебі, екі жақтың да армия қолбасшыларының әр қайсысы өзінің жеке мүддесін, мақсатын алға қоюға тырысты. Сонымен қатар, мұсылман жеке христиан жағында да тәуелсіз діни ұйымдардың өкілдері жағаласып, олар да бұл соғыста өз мақсаттарын көздеді. Сол уақыттағы өкімет пен саяси ұйымдардың әрқалай ұстанымдарын қазіргі оқырмандардың түсінуі өте қиын.
Мұсылмандар жағы 4 негізгі басшылықтан тұрды. Христиандар осыларға төтеп беруі керек болатын. Бірақ бұл төртеуі өзара ұдайы кикілжіңде жүрген. Мұсылман әлемінің дәстүрлі басшысы Халиф Бағдатта орныққан Абассид әулетінен еді. Бірақ 975 жылы олардың саяси және діни билігін Фатимидтер әулеті тартып алмақ оймен талас туғызды. Олар исламның бір бұтағы шейіттер болатын. Өз иелігін Каирден басқарып отырды. ХІ ғасыр барысында жас әрі мықты қаруланған түркі халқының армиясы (соның ішінде негізгісі селжұқтар) Орта Азиядан Таяу Шығысқа қарай аттанады. Бұлар исламның суниттер жағын ұстанған. Сол кезде селжүктер қазіргі Иран мен Ирак территориясының біраз бөлігін басып алып, үлкен империя орнатады. Бұлар өздерін абассидтердің «қорғаушысы» атанып, Сириядан фатимидтерді ығыстырып жібереді. 1071 жылы Манцикерт маңындағы шайқаста византиялықтарды талқандап, Анатолиидің үлкен бөлігін басып алған. Бірақ көп ұзамай өз ішінде бір-бірімен қас болған бірнеше топқа бөлініп кетеді. Сөйтіп, 1090 жылы алғаш крест жорықшыларына бір-бірімен жауласып жатқан мемлекеттің күші қарсы тұрады.
Анатолийдің орталық бөлігінің көбін Қылыш-Арслан басқарған Рум селжүктер сұлтандығы жайлаған еді. Анатолийдің солтүстік-шығыс жағындағы Данишмендидер өздерінің тәуелсіздігі үшін Рум сұлтандығымен күресе отырып, христиандықтармен де соғысқа дайындалып жатты. Данишмендидер түрік халқының түркмендер тобына жатады. Анатолийді жаулап алған селжүктер мен данишмендидер әулеті көшпелі тұрмыс кешкен. Олар сол жерді мекендеген христиандардың қалалары мен елдімекендеріне биліктерін жүргізді.
Крест жорықшылары қазіргі Сирия территориясына кірген бойда өз алдына жеке селжүктер мемлекеті болып саналатын Ұлы селжүктер сұлтандығы жауынгерлерімен қақтығысып қалады. Бұл жергілікті әмірлердің қолдауымен құралған әскери-техникалық жүйесі бар қуатты мемлекет еді. Алайда Сирия әмірліктерінің бір-бірінің ынтымағынан гөрі келіспеушіліктері басым түсіп жататын. Сол жағдайды Крест жорықшылары өте жақсы пайдалана білді. Олар Иерусалимге мұздай қаруланған 1250 рыцарь мен 1 жаяу әскерімен жақындаған кезде фатимидтер мен селжүктер сол қала үшін өзара таласып жатқан. Крест жорықшыларының селжүктерге қарағанда теңіз флотынан да басымдықтары болды.
Христиандар арасында да келіспеушіліктер аз болған жоқ. Византиялық армия бөлігі Крест жорықшыларына бар ықыласымен емес, жәй қолдау көрсету үшін ғана жүрді. Алексей-1 өз армиясында мықты әскери күшті көргісі келді. Бірақ шын мәнісінде көмекке келгендердің ішінде діни фанатиктер басым еді. Ол Иерусалимді жаулап алуды солардың қолына бергісі келмеді. Сол себепті оларды 1096 жылы Қылыш-Арсланға қарсы соғысқа аттандырды. Ол соғыста селжүктердің оларды талқандап тастайтынын да алдын ала жақсы білді. Жағдай Алексей-1 ойлағандай болып шықты. Кіші Азиядағы Таулы Киликтегі армиян христиан қоғамы христиан әлемі бірлігіне қосыла алмады. Өздерінің басқаларға бағынышты емес шіркеуі болды. Олардың жекелеген тәуелсіз бөліктері ғана өз мүдделері тұрғысынан крест жорықшыларына көмек көрсетті. Византия армия бөлігі Крест жорықшыларымен бірге Антиохиге дейін жеткен соң олардың ара қатынасы мүлдем бұзылды. Олардың шіркеуі 1054 жылы Рим Папасы билігінен шықты. Мұсылмандар да, христиандар да қару-жарақ, әскери дайындық жағынан да бір-бірінен қалыспады. Мұсылмандарда алысқа ататын садақтары бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz