Касталық ұғым негізі, касталық ұйымдар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
ҮНДІСТАНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ
КАСТАЛЫҚ ЖҮЙЕ
Орындаған: Ташеменов К. Н
Тексерген: Хибина З. Н
Сабақ түрі: ОСӨЖ №4
АҚТӨБЕ
2020
ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе.
1. 1Касталық жүйенің Үндістанның әлеуметтік құрылымынң негізі
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Касталық ұғым негізі, касталық ұйымдар
2. 2. Касталық жүйенің қазіргі Үндістандағы маңызы
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған деректер көзі
Ежелгі үнділік варналық құрылымнан бастау алатын жəне инуизммен дəріптелген касталық құрылым ежелден Үндістанның əлеуметтік құрылымының негізін құрды. Адамның туылған кезінен оның қай кастаға жататынын білдірген бұл ұғым өмір бойы статусын анықтаған. Варналы-касталық құрылым жалпы алғанда, өзінің қатал иерархиясына қарай Үндістанның əлеуметтік құрылым негізін көрсете алды; құрылысына қарай бірегей, ол тек əлсіз саяси əкімшіліктің нəтижелік баламасы болып қана қоймай (мүмкін қайта керісінше: оның бірегейлігі өмірлік қажеттіліктерге назар аударуын жəне мемлекеттік əкімшілігінің əлсіздігін шартқа қойған шығар, егер де төменгі саты болмаса, күшті əкімшілік құрылымының қандай қажеттілігі бар, төменгі сатының адамдары касталық ережелердегі өзін-өзі басқару немесе қауым қағидасы заңыменен өмір сүреді), бірақ та бұл əлсіздікті табысты есесімен қайтарғанымен, ол Үндістан мемлекетінің саяси тұрақтылығын реттеуге септігін тигізе алмады. Каста жəне касталық ұйымдардың өмір сүруі, əдетте тек Үндістан мемлекетімен байланыстырады, бірақ бұл түсінік тарихқа жəне этнографияға дəл келіспейді. Касталық ұғым негізі, касталық ұйымдар көптеген басқа халықтарда да кездескен. Үндістан тек касталық ұйымдардың дамуының жарқын мысалын береді, үнді қоғамындағы тұйық спецификалық мəнді иеленген. «Каста» сөзінің өзі португал тіліндегі «түр, сапа» мағынасын береді, португалдықтардың XVI ғасырда Үндістан жеріне баса көктеп кіру кезінде жəне əлеуметтік үнді қоғамымен таныса келе, еуропалық тілге еніп, үнді қоғамындағы тұйық топтарды атау үшін берілген екен. Үндістанның өзінде мұндай топтарға санскрит терминіне жататын «джати» сөзі болған. Ежелгі үнді қоғамында джатимен қатар варндар-тап ұғымы өмір сүрген, бұл ең ежелгі институт болып саналған жəне ол класс ұғымының алдында пайда болған екен, тек кейіннен класс қоғамында орныға бастаған. Уақыт өте келе, варндар (брахмандар, кшатрии, вайшьи, шудрлар) өзінің форма сы бойынша тұйықтанып, «каста» ұғымын білдірді, бұл кейіннен варн сөзін каста терминіне алмастырды [2, 152 б. ] .
XV ғасырдан бастап испан халқының қолдануымен бұл термин «расса» мағынасын білдірген екен. Англияда «каста» («cast») сөзінің қолданысын 1555 жылы бол ғанын айтып кеткен, ал Үндістанға қатысты XVII ғасырда қолданыла бастады [3, 65 б. ] .
Варнаның пайда болуы туралы мағлұматты түсіндіру өте қиын, бірақ заңды түрде тап ұғымын алғаш пайда болған қоғам жəне қоғамдағы меншік теңсіздігі ұғымынан шыққан деп байланыстырады. Əскери шен кшатрий варнасының пайда болуына алып келді, ақсүйектер - брахмандардың пайда болуына, қоғамдағы бос халық вайшьи варнасын білдірді, кейіннен шудрлардың варнасы пайда болды, олар əлеуметтік иерархияның ең төменгі орнын алды. «Ригведада» жоғарыда аталған үш каста туралы жазылған, тек кейінірек шыққан X бөлімінде (мандалда) бүкіл төрт варнаның Пуруши алғашқы адамнан пайда болуы жайлы аңыз дерек қалған. Бұл діни дерек ертеден тапқа бөліну ұғымының болғаны жайлы айтқан. «Пурушасукта» əнұранында былай делінген, брахмандар Пурушидың аузынан, кшатрии - қолынан, вайшьи - белінен, шудрлар - өкшесінен пайда болған деп жазған [4, 45 б. ] . Тəуелсіздікке дейін қандай қалпында болса, касталық құрылым қазіргі таңға дейін өзінің келбетінде. Оның мемлекеттің дамуына екі түрлі жолмен əсер ететінін байқаймыз: бір жағынан, кастеизм бір қалыпта ұстаушы фактор ретіндегі рөлді атқарады, үнді қоғамындағы класс арасындағы қарама-қайшылықтарды жұмсарту негізінде, себебі касталық қоғамда класпен емес, адамдар қай кастаға жататыны арқылы білінеді. Мемлекеттің көп бөлігі төменгі кастаға жатады, бірақ бұл теңсіздікті олар əлеуметтік ұғым ретінде қабылдап, өзін тұлға ретінде мемлекеттің саяси жəне экономикалық өмірін өзгерту үшін жоғары көтеруін сұрамайды. Үндістан парламентіндегі Бірінші жалпы сайлаулардың жəне 1952 жылғы заң жобасы негізіндегі штаттық сайлаулардың көрсетуі бойынша мемлекеттің саяси өмірінде кастаның бар екендігін көрсеткен. Үнді саяси қайраткерлерінің бірінің айтуы бойынша (Л. К. Адвани - Лок Сабха ұйымының бұрынғы лидері), олар кастаның өмір сүруі уақытша, саяси білімі жоқ сайлаушылардың кесірінен пайда болған жайт деп те түсіндірілген, демократиялық тұрғыға сенбеген халықтың надандығы арқасында жалғасын тауып жатқан жайт деп есептеген [5, 68 б. ] . Бірақ болашақта бұл еш өзгермеді. Каста ұғымы қолданыстан шықпай, тек күшейе түсті. «Кастеизм» термині бұқаралық ақпарат құралдарынан енді ғылыми əдебиеттер бетіне көшті. Үндістанның жаңа саяси лидерлері касталық құрылымдағы конструктивтік мəселені шегере отырып, өздері саясатта тəжірибе жүзінде қолданады жəне касталық құрылымнан шегіну, оны жою туралы декларацияларға қарамай, оның қоғамдық тап ретінде сақтап қалуына қызығу үдерісі байқалды [6, 63 б. ] . Каста дəстүрлік əлеуметтік институт ретінде халықтың көп дерлік бөлігінде қабылданды. Алғашқы кезден бастап каста құрылымы дайындалған механизм ретінде болды, халық көпшілігін сол механизм арқылы билеуге болады деп санады. Ол халықтың держава ретінде күшеюіне алып келер еді деген ойлар да талқыланды. Үндістанда халықтың көп дерлік бөлігі ауыл аймақтарда тұрады, ол аймақтарда
касталық құрылымды қатты ұстанады. Үн дістанның қазіргі кездегі саяси партиялары ауыл аймақтардың құрылымдық мəселесіне көңіл аударып, осы ретпен сайлау кезіндегі жарыста касталық құрылымды жою үшін жұмсалған күш емес, бөлек сайланушы тұлғаның əдістеріне көңіл бөлініп кетеді. Əрбір əлеуметтік топқа өзінің əлеуметтік нұсқауларын нығайту бірінші орында болады. Каста бұл ретте саяси əдіспен жеңіске жете алады. Өздерінің саяси өмірінде каста бір касталық ұйымдық федерацияға бірігіп, басқа да одақтармен ортақтасады. Касталық қоғамның өзіне тəн - топтық немесе касталық бірін-бірі түсінушілігі. Олардың бірін-бірі түсіну негізі қазіргі үнді саяси өмірінің шын элементі болды да, болады да, ол сайлау науқаны кезіндегі күреске əсер ететін бірден-бір фактор. Мамандардың ойлауы бойынша, мемлекеттің қай бір саласы болсын, бірақ саяси жағдайдың барлық дерлік деңгейіне кастеизм ықпалын тигізеді. Ол бір үлкен комплекстік мəселе жиынынан тұрады жəне Үндістан саяси өміріне негіз құрады. Каста жəне оған байланысты сұрақтар мемлекеттің жоспарлау назарында болады, заң қабылдау назарында əлеуметтік реформаларды қабылдау болсын. Касталық мəселе өзінің бар екенін еріксіз өзі білдіріп қояды, мемлекет функциясына тұрақсыздықты енгізеді [7, 115 б. ] .
«Кастеизм» маңызды дерлік мағынамен үндістің саяси түйсігімен ерекшелігімен тү сіндіріледі, ол олардың саяси мəдениетінің элементі болып табылады. Үнді азаматы қай партияны, ұйымды немесе қай сайланушы кандидатты болмасын, олардың бірінші мезетте қай кастаға жататындығы емес, олардың кастаға қалай көңіл аударып, қоғамда қалай өзін-өзі ұстау арқылы бағалайды. Бұл ретте қоғам ойы қатты бағаланады, ортаға салып талқыланады. Кастаның саяси модельдік жағынан оның мінезін түсіну үшін каста ұғымы кең көлемде үнді жəне батыс зерттеушілерімен зерттелген, олар кастаның саяси тұрғысын түсіну үшін бірнеше мəселенің басын ашты: олардың саны, кастаның орналасу жағдайы, саяси деңгейі, касталық жағдайы жəне əлеуметтік қоршаған орта, кастаның бірге жұмылып жұмыс істеуі, олардың басшыларының əсері осының барлық дерлігі саяси маңызын түсіндірді. Өзінше бөлек топ болып біріккен касталар дербес іс жасай алатындығы білінді. Келесі тенденция бөлінді, қауымдық немесе ауылдық деңгейде саясаттың субъектісі ретінде касталық саяси құрылымның ең төменгі каста табы екендігі көрсетілді: отбасы, көрші қауым, касталық фракция. Сайлау науқаны кезінде үлкен бөліністер ерекшеленеді. Дистрикт деңгейінде - ол «джати» жəне олардың ұйымдары, штат деңгейінде - əр түрдегі екінші реттегі қауымдастықтар - «сабхи» (ассоциация, федерация) [8, 55 б. ] . Саясат каста мен партия арасындағы тығыз қарым-қатынас жайлы өздерінің себептерін алға қояды. Касталық құрылымды толық дерлік қадағала алмау сол партиялардың əлсіздігі болып табылады. «Джан сангх» лидері, Джангиани мысалы, 60-жылдары өзінің партияларының Керала мен Майсурдағы жеңілісін үнді мəдениетіне көп көңіл аударып, маңызды мəселелердің басын ашпағандығымен түсіндірілді. Саясаткердің ойы бойынша, каста «дауыс жинау банкісі» болып есептеледі жəне бұл көптеген сайланушылардың өздерінің пайдасы үшін асыру болып табылатындығы бəріне мəлім. Сол үшін əртүрлі партиялар үлкен, əсерлі жəне ұйымдасқан қасталық ұйымдарға таласады. Касталық құрылымдар партиялармен ортақ келісімге де келген, 1951-1952 жылдары, мысалы, «Джан Сангх» партиясы Джаладхар жəне Хошиарпур, Пенджаб штатында, Мадхья-Прадеште тіркелген касталық ұйымдармен келісімдері болған. Көптеген саяси партиялар өздерінің касталық ұйымдармен байланысын ашып көрсеткісі келмейді. Каста Үндістан саясатының жалғыз тұтқасы емес. Əр деңгейдегі саясаткер тəжірибе жүзінде əртүрлі күштерге бас ұрады: олар - халықтық, аймақтақ, діни жəне де, əрине касталық. Егер каста саяси тұрғысынан мықты орныққан жағдайда ол мықты əсерге ие бола алады [5, 84 б] . Партиялардың кастамен тығыз байланысы туралы негізгі себептерді бөліп көрсетуге болады. 1957 жылы халықтық интеграция негізінде Бүкіл үнді конференциясында партиялардың өздерінің пайдасы үшін пайдалануға сөгіс жарияланды. Екіншіден, барлық касталар саяси жағынан дамымаған. Үшіншіден, Үндістанда тек сайланушылардан тұратын аймақтар аз. Саяси партиялар өздерінің пайдасына касталық ұйымдарды пайдалана отырып, бірақ оларды жанама тəсілдермен жасап отырған. Мысалы, 1990 жылы сайлау кезінде жеңіске
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz