Қазақ әдебиетінің құлагері



1. Кіріспе. Бала Ілияс Жансүгіров
2. Негізгі бөлім
А) Жас ақын
Ә) Ізденуші Ілияс
Б) Еңбектері
3. Қорытынды бөлім. Қазақ әдебиетінің құлагері
«Мен өзім тауда туып тасында өстім».
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме, шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшпелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.
Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Табиғатынан дарынды жаратылған зерек бала Елданалығы дариясында еркін жүзіп, уызға жарып, асыл байлықты бойына сіңіре білген.Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс біраз уақыт Қарағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп шаруа күйттеп, тіршілік қарбаласына араласып кетеді.
Жастық қиял, арман толқулары, ауыл көріністері, табиғат суреттері оның жүрегін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып, өлең шығара бастайды. Күнде көріп жүрген айт пен тойдағы өлең-жыр, айтыс, жыршылар төгілтіп айтатын қисса қанша қызық болғанмен, оның жас қиялына ерекше әсер етіп, орасан зор ықпал жасаған Абайдың шығармалары еді. Әуелде дос-жаран, құрбы-құрдасты әзілдеген қалжың, сықақ өлеңді табанда ауызша айтып тастайтын өзі де ақындар айтысына түсіп кететін албырт Ілияс Абайдың данышпан поэзиясымен танысқаннан кейін ақындық өнерге басқаша қарайды. «Оған дейінгі көрген, оқыған әдебиетімнің бәрін Абай кітабы оққа шығарғандай болды. Ойым ояна бастады. Қанбай, қайта-қайта оқ беретін болдым. Өзімде бір түрлі сергектік, сілкініс, жүрегім де жаңалық сезгендей болды» - деп жазады кейін Ілияс «Қысқаша өмірбаяным» атты еңбегінде.
Жас ақынның сұлулық мұраттарының орнығуына, көркемдік талғамының қалыптасуына, өлең мәдениетін игеруіне Абай поэзиясының ықпал жасауы – оның әдеби тағдырындағы бақыттылық, айта қаларлықтай эстетикалық құбылыс, дәстүр жалғастығын көрсететін жайт. Ел қазынасы, халық фольклоры өкілдері тәжірибелерінің сабақтары мен жазба әдебиет үлгілері ақын тәжірибесінде жаңа келісім тауып, өзіндік арна іздей бастады. Алғашқы өлеңдерден-ақ болашақ іргелі ақын Ілиястың стиль өрнегі, қаламгерлі дара тұлғасы айқындалады. Құйылған сөз тасқыны, эпикалық кеңдік, теңеу, метафора эпитет, градация, эпифора, анафора, байлығы – оның поэзиясының негізгі белгілері бола бастайды.
Лирикалық, пәлсапалық толғау, ұзақ сюжетті шығармалар қатар жазылады. Өз бетімен тірнектеп жинаған білімінің аздығын, түртінектеп оқыған кітаптарының мардымсыздығын қатты сезіне бастаған Ілияс, қайтсе де жүйелі түрде оқымақ болып 1920 жылы Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді. Артынан Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының жанындағы қысқа мерзімді курста бес-алты ай оқығаннан кейін,

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ әдебиетінің құлагері
Ілияс Жансүгіров (1894-1938 жж.)
Жоспары:
1. Кіріспе. Бала Ілияс Жансүгіров
2. Негізгі бөлім
А) Жас ақын
Ә) Ізденуші Ілияс
Б) Еңбектері
3. Қорытынды бөлім. Қазақ әдебиетінің құлагері

Мен өзім тауда туып тасында өстім.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі
Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Ескіше хат танитын, шағатай
тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды,
тарихи оқиғаларды, әңгіме, шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі
қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшпелі
Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі
көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.
Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені
Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен
жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Табиғатынан дарынды
жаратылған зерек бала Елданалығы дариясында еркін жүзіп, уызға жарып, асыл
байлықты бойына сіңіре білген.Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң
молда алдын көрген Ілияс біраз уақыт Қарағаш деген жердегі татар
үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін
тұрмыс жағдайы билеп шаруа күйттеп, тіршілік қарбаласына араласып кетеді.
Жастық қиял, арман толқулары, ауыл көріністері, табиғат суреттері оның
жүрегін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып, өлең шығара бастайды. Күнде
көріп жүрген айт пен тойдағы өлең-жыр, айтыс, жыршылар төгілтіп айтатын
қисса қанша қызық болғанмен, оның жас қиялына ерекше әсер етіп, орасан зор
ықпал жасаған Абайдың шығармалары еді. Әуелде дос-жаран, құрбы-құрдасты
әзілдеген қалжың, сықақ өлеңді табанда ауызша айтып тастайтын өзі де
ақындар айтысына түсіп кететін албырт Ілияс Абайдың данышпан поэзиясымен
танысқаннан кейін ақындық өнерге басқаша қарайды. Оған дейінгі көрген,
оқыған әдебиетімнің бәрін Абай кітабы оққа шығарғандай болды. Ойым ояна
бастады. Қанбай, қайта-қайта оқ беретін болдым. Өзімде бір түрлі сергектік,
сілкініс, жүрегім де жаңалық сезгендей болды - деп жазады кейін Ілияс
Қысқаша өмірбаяным атты еңбегінде. 
Жас ақынның сұлулық мұраттарының орнығуына, көркемдік талғамының
қалыптасуына, өлең мәдениетін игеруіне Абай поэзиясының ықпал жасауы – оның
әдеби тағдырындағы бақыттылық, айта қаларлықтай эстетикалық құбылыс, дәстүр
жалғастығын көрсететін жайт. Ел қазынасы, халық фольклоры өкілдері
тәжірибелерінің сабақтары мен жазба әдебиет үлгілері ақын тәжірибесінде
жаңа келісім тауып, өзіндік арна іздей бастады. Алғашқы өлеңдерден-ақ
болашақ іргелі ақын Ілиястың стиль өрнегі, қаламгерлі дара тұлғасы
айқындалады. Құйылған сөз тасқыны, эпикалық кеңдік, теңеу, метафора эпитет,
градация, эпифора, анафора, байлығы – оның поэзиясының негізгі белгілері
бола бастайды. 
Лирикалық, пәлсапалық толғау, ұзақ сюжетті шығармалар қатар жазылады. Өз
бетімен тірнектеп жинаған білімінің аздығын, түртінектеп оқыған
кітаптарының мардымсыздығын қатты сезіне бастаған Ілияс, қайтсе де жүйелі
түрде оқымақ болып 1920 жылы Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын
бітіреді. Артынан Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының жанындағы қысқа
мерзімді курста бес-алты ай оқығаннан кейін, денсаулығының нашарлауына
байланысты ауылына қайтады. 
Дауылды жылдардың тартысты тіршілігі жас мұғалімді өз толқынына тартады.
Қазақ ағарту институтында, Жетісу облысының Қосшы комитетінде губерниялық
оқу бөлімінде, Тілші газеті редакциясында қызмет істеу, экспедицияға
шығып фольклор үлгілерін жинау кешегі ауыл жігітін ширатып шыңдайды. Жас
азаматтың қызметтен өзге уақыты түгелдей кітап, газет-журнал оқуға, өз
көкірегіндегі сырларды қағазға түсіруге жұмсалады. Алғашқы өлеңдері
Тілші, Кедей еркі, Лениншіл жас, газеттерінде Жаңа мектеп, Әйел
теңдігі журналдарында жарияланады. 1927 жылы Беташар атты үгіт өлеңі,
1928 жылы Сағанақ деген тұңғыш кітабы шығады. 
Халықтың қалың ортасынан қайнап шыққан қажырлы талантының мол, өнімді
еңбегінің берекелі жемістеріне таң қаласың. 
1927-1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын, аударма
салаларында жиырмадан астам кітап шығарып, артынан аса бай әдеби мұра
қалдырады. Оның лирикалық шығармалары, Дала, Күй, Күйші, Құлагер
поэмалары, Жолдастар романы, Кек, Турксиб, Исатай – Махамбет
пьесалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес туындылар. Он
жылдың ішінде осынша шығарма берген қалам қайраты, талант табандылығы
ғажап.
Тиянақты білімсіз ешнәрсе өндіре алмасына әбден көзі жеткен Ілиястың
Москвадағы Коммунистік журналистика институтына түсуі лекцияларды былай
қойғанда, тарихтан, пәлсападан, әдебиеттен, ғылымның басқа да салаларынан
жан-жақты білім алу үшін өз бетімен дамылсыз іздену, талмай еңбектену
Ілиясы тез марқайтады. Орыс, Еуропа классиктерінің шығармаларын зерттей
оқу, тексере үйрену тәжірибесі ақын талантының жарқырап ашылуына мүмкіндік
береді. Қала өмірі, шаһар тіршілігінің ырғағы, зиялы ортаның мінез-әрекет
қалыбы сезімтал жүрекке орасан зор ықпал етеді.

1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров
Еңбекші қазақ газеті редакциясына қызмет істеп, қазақ баспасөзінің
қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет қайраткері
Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдары Қазақстан көркем әдебиет баспасында
поэзия бөлімін басқарады, ССРО Жазушыларының І съезінде сөз сөйлейді,
республиканың әлеуметтік өміріне белсене араласады. Жазушының М. Горькиймен
шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның
қаламгерлік жолында терең із қалдырған. Көзі тірісінде қазақ поэзиясының
өрен жүйрігі, ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесапат-кесел
репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды.
Үмітке мініп жүр көңіл.
Ілияс Жансүгіров Қысқаша өмірбаяным деген 1928 жылы жазған еңбегінде:
Хат білген соң өлең кітап оқығыш болдым. Қыз Жібек қиссаларын мен
оқығанда талай жан жылайтын. Кейін аймағымыздың, ауыл бозбаласының өлеңшісі
болдым. Жарып той бастап, таңдап әріптес алып айтысып, құтырған күндер
өтті. Түнгі тойды таңға тарқатпай, ауыл әлеуметін ауызға қаратқан күндер
өтті деп жазды. Бұл сөздерде ақын өнерінің бастау-қайнар түп төркінін
терең ұғуға мүмкіндік беретін кілт бар. Табиғатынан аса дарынды туған, бір
естіген әнді, тартылған күйді, бір жырланған дастанды қолма-қол қағып алып,
әсте ұмытпайтын көкірегі сезімді, тілі орамды, құйма құлақ, зерек Ілияс ең
алдымен халық әдебиетінің бай қазынасын бойына сіңіріп, өзі де сал, сері
болып, айт пен той, қыз ұзату мен тамашаның көл-дария қызығына батып,
келіннің бетін ашып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Жансүгіров туралы
Ілияс Жансүгіров 1894-1938
Ілияс Жансүгіров ақындығы
Ақан Сері Қорамсаұлы лирикалық ақын
Орыс және батыс классиктерінің шығармалары Ілияс аудармасында
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
Ілияс Жансүгіров шығармалары
Ілияс Жансүгіров өмірі
Ілияс Жансүгіров шығармашылығы
Қазақ поэзиясының Құлагері
Пәндер