Солтүстік Африкадағы араб мемлекеттері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Қ. Жұбанов Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БАЯНДАМА

Солтүстік Африкадағы араб феодалдық мемлекеттері

Орындаған:Ташеменов К. Н

Тексерген: Хибина З. Н

Жұмыс түрі:ОСӨЖ №5

АҚТӨБЕ

2020

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Х-ХҮ ғғ. Солтүстік Африкадағы араб мемлекеттері

2. 2. Кейінгі ортағасырлардағы Солтүстік Африкадағы араб

мемлекеттері

ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

ҮІІІ ғ. соңында Солтүстік Африканың әскерлері арасында халиф әскерлеріне Кайруан аудандарынду тәртіпті қалпына келтіруге көмектескен Ибрахим ибн аль-Аглаб ерекшеленді, бірақ ол бұл қызметіне халифке жыл сайын төлем төлеуге міндеттеніп, осы округты және көрші облыстарды бағындыруға мұрагерлік құқықты талап етті. Харун ар-Рашид бұл талаппен келісуге мәжбүр болды және 800 ж. Ибрахимге талап еткен облыстарды бекітті. Осылайша Солтүстік Африкада астанасы Кайруанда болған тағы бір дербес араб династиясы пайда болды. Бұл провинцияның территориясы Триполиден қазіргі Алжирге дейін созылды.

ІХ ғ. 60 ж. Египет әмірі Ахмед ибн-Тулун өз билігін нығайтып, тәуелсіз мемлекет құрды. Х ғ. басынан бастап Египет Магрибте күшейген, өз бастауын Мұхаммедтің қызы - Фатимадан алған шиитік династияның тартылу объектісіне айналды. 969 ж. бірнеше ондаған жылғы күрестен кейін фатимид әскерлері Египет астанасы Фустатты, ал одан кейін барлық Египетті иеленді. Фатимид әскерлерінің бас қолбасшысы Джаухар бұнымен тоқтамай, әскерлерін бұл кезде Ихшидидтер династиясы үстемдік еткен Сирияны басып алуға аттандырды.

1037 ж. Фатимидтер бірнеше жыл бойы мұсылман иелегіне жиі шабуылдар жасап тұрған византия империясымен келісімге келді. Осы келісімді пайдаланған Фатимидтер Халебты (Алеппо) иеленді, бұл оларға византиялықтар иеленген Антиохиядан басқа барлық Сирияны бағындыруға мүмкіндік берді. ХІ ғ. басында Фатимидтер мемлекетінің құрамына Египет, қазіргі Ливия, Сирия, Палестина, Батыс Аравия, Мальта, Сицилия, Сардиния және Корсика аралдары кірді. Фатимид билеушілері Х ғ. басында халиф титулын қабылдады.

Осылайша, Шығыста екі халиф болды. Олардың әрқайсысы өз мүдделерін ғана заңды деп есептеді. Екі халиф те бірін бірі еретиктер деп жариялады. Фатимид халифы Муыыз (953-975 ж. ж. ) «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген формуладан кейін «Али Алланың досы» деген сөзді қосты, ал өз атын Алидің мұрагері ретінде бес уақыт намаз кезінде айтуды бұйырды. Фатимидтің діни беделі Хорасанға дейін танылды.

Жаңа халифаттың орталығы Египет болды. Фатимидтер билігі өндіргіш күштерінің және елде шаруашылық саланың барлық жақтарының айтарлықтай даму кезеңімен сәйкес келді.

Фатимид мемлекетінің саяси құрылысы Таяу Шығыстың басқа федалдық мемлекеттерінің құрылыснан еш ерекшеленген жоқ. Жоғарғы билік - халиф. Мемлекеттегі екінші тұлға - уәзір. Фатимидтер кезінде қаржы ведоствасы ерекше дамыды. Жеке монеталары шығарылды. Монета сарайлары Каирде, Мисрада, Александрияда, Дамаск, Аскалон, Тиннис, Тирда.

Жоғарғы сот билігін бас кадий, жергілікті жерлерде - қарапайым судьялар - жүзеге асырды. Мемлекеттік дін - шиизм деп жарияланды, бірақ империя халқының көпшілігі, әсіресе Египетте, исламның сунниттік бағытын ұстанды. ХІ ғ. ІІ жартысында фатимид халифтерінің құдытреттілігі әлсіреді. 12 жылда 35 везир ауысты. Өз қызметінде тек бір ғана болған везирлер де болды.

ХІ ғ. 60 Фатимидтер империясы өмір сүруін тоқтатты. Сирияда өзара күрестер орын алды. Йемен және Мекке қайтадан Аббасидтерге бағынды. Византиялықтар Египетке соғыс жариялады. ХІ ғ. ортасында Багдадта селжұқтардың пайда болуы Сириядағы фатимид иеліктерне қауіп төндірді.

Түрік жаулаушылығы елде қалыптасқан әлеуметтік экономикалық қатынастарға айтарлықтай өзгерістер енгізген жоқ. Тек елдегі саяси билік мамлюктер қолынан түрік билеушілерінің қолына көшті. Египет пашалық болып жарияланып жартылай тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүрді. Араб елдерінде жоғарғы билікті Стамбулдан тағайындалатын паша атқарды. Ол мемлекеттік билікті диван арқылы жүргізіп отырды. Жергілікті басқару билігін мамлюктік әмірлер мен бейлер өз қолдарында сақтады.

Адамзат тарихының қазіргі заман тарихы басталуы кезеңінде Африканың араб елдері Англияның (Египет, Судан), Францияның (Алжир, Тунис, Марокко), Испанияның (Марокконың бір бөлігі) отарлары болды. Батыс Азияның араб елдері Осман империясының құрамына қосылды. Арабтарды өз жағына тартуға ұмтылған Англия І д. ж. соғыс кезінде де соғыстан кейін тәуелсіз араб мемлекеттерін құруға уәдесін береді. Алайда өз уәделерін орындамай, 1916 ж. мамырда құпия ағылшын-француз келісіміне қол қойылып, ол бойынша Ирак (Месопотамия) және Трансиорданияда Англияның, Сирия мен Ливанда - Францияның үстемдігі орнатылады. Палестина Антанта елдерінің бірігіп басқарылуына беріледі. І д. ж. соғыс Осман империясының толықтай құлдырауына алып келеді, бірақ дербес тәуелсіз мемлекеттер тек Сауд Аравиясы мен Йеменде қалыптасады. І д. ж. соғыс яақталғаннан кейін империалистер Араб елдерінде де өз үстемдіктеріннығайту үшін Ұлттар Лигасының мандаттық жүйесін пайдаланады: Ирак, Трансиордания, Палестина Англияның иеліктеріне, Сирия және Ливан - Францияның иеліктеріне айналады. Англия Аравия түбегінің бірқатар князьдықтарына бақылауын күшейтеді. Палестина Англияның мандаттық территориясы деп жарияланғанымен палестинаның барлық мемлекеттік саясаты 1917 ж. 2 қарашадағы Палестинада “еврей халқы үшін ұлттық ошағын” құру және халықаралық сионистік қозғалысты қолдау туралы Бальфур декларациясы арқылы анықталады. Бальфур декларациясына Ақш, Франция және Италия үкіметтері қосылады. Англия Палестинаға еврей капиталының енуіне және еврейлердің иммиграциялануына кең түрде қолдау көрсетіп отырады.

Империалистік державалардың үстемдігінің орнатылуы арабтардың бостандық және тәуелсіздікке ұмтылысын тоқтата алмады. 1919 жылы наурызда Египеттің жұмысшылардың, студенттердің, феллахтардың көтерілісі басталады. Әсіресе Каирдағы желтоқсан көтерілісі өте қауіпті болды. Сирия халқының ұлт-азаттық күресі 1925-1927 ж. ж. ең шырқау шегіне жетеді. Қозғалыстың басталуына 1925 жылы шілдеде Джебель-Друз таулы облысындағы шаруалар көтерілісі себеп болады.

ІІ д. ж. соғыс жылдары да отарлар өз метрополиясының экономикалық базасы болып қала берді. Олардан армияға азық-түлік, әскери өнеркәсіп үшін шикізат және кейбір әскери материалдар алынып отырды. Таяу Шығыс (ең алдымен Иран, Ирак және Сауд Аравиясы) ағылшын армиясын мұнаймен қамтамасыз етіп отырды.

Дүниежүзілік тарихтың жаңа кезеңі қарсаңында Осман империясы Батыс Европаның алдыңғы қатарлы елдерінен қоғамдық даму деңгейі бойынша әлдеқайда артта қалды. Англия, Голландия және басқа да европалық мемлекеттерде буржуазиялық тәртіп орнаған мезгілде, Осман қоғамында феодалдық қатынастар одан әрі нығайа түсті. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. ғ. Осман империясындағы экономикалық жағдайдың маңызды бөлігі қаржылық қиыншылықтардың өсуімен байланысты болды. Ол бірқатар себептермен, оның ішінде қазынаға салық мөлшерінің аз түсуімен сипатталды. ХҮІІІ ғ. ортасында орыс дипломаттарының есептеуінше, мемлекеттік қазына жылына оған тиесілі салықтың 1/5 - бөлігін ғана алған. Мемлекеттік түсімнің қысқаруы бағалы металдардың жетіспеуіне алып келді. 1652 жылы бюджет дефициті 120 млн. акчені, 1661 жылы - 175 млн. акчені құрады. ХҮІІ ғ. аяғында үкімет шығыны түсімнен 1, 5 есе асып түсіп, ал бюджет дефициті 200 млн. акчені құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АФРИКАНЫҢ ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ
Африканың өзендері
Африка мемлекеттердің саяси - экономикалық жағдайы
Орта ғасырлардағы Африка елдері (Судан, Эфиопия, Шығыс және Тропикалық Азия)
Африканың тропикалық елдерінің экономикалық жағдайы
Аймақтық интеграция шеңберіндегі Араб Мағриб бірлестігі
Дүниежүзінің саяси картасы
Африка елдері жайлы
ҚХР - дың Африканың дамушы елдеріндегі экономикалық саясаты
Ніл өзені мен Жерорта теңізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz