Алтын жаға


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БАТЫС ОТАРШЫЛАРЫНЫҢ АФРИКАДАҒЫ ҚҰЛ САТУ САЯСАТЫ
Дайындаған: Ташеменов К. Н
Тексерген: Хибина З. Н
Сабақ түрі: ОСӨЖ №6
Ақтөбе
2020
ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе.
1. 1. ХҮ ғасырда Африкаға еуропалық португалдықтардың келуі
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Африкадағы құл сатудың негізгі орталықтары
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
ХҮ ғасырдың екінші жартысынан бастап Батыс Африканың мұхит жағасындағы аудандарына, негізінен португалдықтар мен испандықтар ене бастады. 1434-1482 жылдары аралығында олар Бахадор мүйісінен Конго өзеніне дейінгі жағалықты аралап шықты. Португалдықтардың 1460-1469 жылдары отарлаған Көгілдір Мүйіс аралдары Батыс Африкадағы ең алғашқы құл саудасының базасына айналды.
Португалдықтардың Батыс Африкаға ағылуы әсіресе 1475 жылдан кейін күшейді. Осы жылы Лиссабондық көпес Фернан Гомиштің экспедициясы Анкобр мен Вольта өзендерінің төменгі саласында алтынға бай елді анықтаған болатын. Бұл ауданда тұратын фанти тайпасы португалдық көпестердің африка халықтары арасындағы ен бірінші құрбаны болды.
Латын Африкасының жергілікті халықтарын қырып жою арқылы жүргізілген Америка континентін жүйелі түрде отарлауға, ондағы плантациялық шаруашылықтың кең өріс алуына байланысты өте көп жұмыс күші қажет болды. Ол күштің көзі Африканың жергілікті халықтар болды. Батыс Африка бірнеше жүз жыл бойына тегін жұмысс күшінің резервуары болып, үлкен Құл саудасы рыногына айналды.
ХҮІ ғасырдың аяғына дейін Португалия Батыс Африка жағалауына орныққан ең бірінші еуроалық ел болды. Бірақ португалдықтар көпке дейін материктің ішіне терең ене алмады. Тек Сенегал мен Гамбияның арасына ғана біраз енді. Осы өзендер арқылы португалдықтар 1534 жылы Малиге, 1565 жылы - Томбуктаға жетті. Сенегал мен Гамбия арқылы португалықтар ішкі мандинг рыноктары - Кантора мен Бамбукке жетті. Бұл жердегі ірі мемлекеттерді португалдықтар басып ала алмады. Олардың басты назары Төменгі Гвинея өзенінің жағалауларына ауды. Олар бұл жағалауды төрт зонаға бөлді:
- Перечный жағалауы
- Піл сүйегі жағалауы
- Алтын жаға
- Невольничный жағасы
Оңтүстік Нигерияның жағалауы алғаш португалдықтар назарына онша іліге қойған жоқ. Күшті Йоруб мемлекеттері ішкі аудандарға жылжуға берік тосқауыл болды. Бенин мемлекеті португал тауарларының орнына Еуропа рыногтарына өте жоғары бағаланатын келімдәрі беріп отырды.
1486 жылы португал көпестері Гватода Бениннің экспорттық портына айналған сауда орнын ашты. Бірақ 1506 жыл бұл орынның манызы болмай қалды. Себебі АФрика келімдәрісінен түсетін табыс индия келімдәрісінің табысынан әлдеқайда аз болды. Сондай-ақ португалдықтар тауарлары бениндітерде өте төмен бағаланды.
Фернандо-По және Сан-Томе аралдарында бекініп алып, португалдықтар қант тростнигін өсіретін плантациялық шаруашылықпен айналысты. Оларға бұл шаруашылық үшін жұмысшы күші керек болды. Сол себепті құл саудасы кең өріс ала бастады. Ал құлдарды Нигер дельтасы мен Оңтүстік Нигерияның басқа аудандарындағы ұсақ тайпаларымен жиі соғысып отыратын Бенин көптеп сатып алды. Португалдық көпестер құлдарды қант плантацияларына жақын Алтын жағаға апарып, алтынға айырбастап отырды. Португалдық құл саудасы, әсіресе ХҮІ ғасырдың аяғында Бразилияны отарлай бастағанда кең қанат жайды.
Бұл кезде Испания мен Англияның, Францияның Америкада басып алған басқа да аудандарында плантациялық шаруашылық тез қарқынмен дами түсті. Құл еңбегіне сұраныс бірнеше есе өсті. Еуропа елдерінің арасында Африкадағы жұмысшы күшінің рыногын басып алу үшін қызу күрес басталды. Бұл күресте Португалия өте күшті Еуропа мемлекеттерімен қақтығысты. Бұл күрестің басты құрбаны, әрине, африкалықтар болды. ХҮІІ ғасырда құлдар мен Африка жерлерін басып алу үшін ешбір заңға бағынбаған қарақшылық соғыстар басталды. Тек 1530-1600 жылдар аралығында ғана португалдықтар Америкаға 900 мың африкандықтарды апарып сатты.
1610 жылы португалия монополиясы голландтар бәскелестілігіне шыдай алмай, жеңіліске ұшырай бастады. Голландтар Вест-Индия компаниясымен ұйымдастырып, Батыс Африка жағалауындағы португалдықтардың сауда бекеттерін басып ала бастады. 1642 жылға қарай Аргуин, Гори, Сан-Томе порттары голландтар қолына көшті. Олар португалдықтардың Алтын жағадағы порттарын да басып алды. 1648 жылы португалдықтар біраз уақыт тәуелсіздігін жеңіп алған Сан-Томені қайтадан өзіне қаратып алды. Бірақ Атлантикадағы құл саудадасындағы Португалияның монополиясы біржолата жойылды. Оның орнын Голландия басты. ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысынан бастап Голландия Испанияның Америкадағы отарларына негізгі құл жеткізуші делдал болды.
Голландия үстемдігі де ұзаққа созылмады. ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында отар үшін күреске Англия мен Франция кірісті. Бұл елдердің плантаторларды құлдар үшін алтын сүрайтын португалықтардың делдалдығынан құтылып, құл саудасының негізгі рыноктарын басып алуға тырысты. Англиямен, Франциямен қатар құл саудасына Еуропаның басқа елдері - Швеция, Дания, Бранденбург те кірісті. Сөйтіп, ХҮІІ ғасырдың екінші жартысы мен бүкіл ХҮІІІ ғасырдағы Еуропаның басты державаларының арасындағы қайнаған бәсекелестіктің өзекті мәселесі - құл саудасындағы үстемдік болды. Бұл күрестің аренасы Африка континенті, әсіресе Батыс және Орталық Африка аудандары болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz