Аналитикалық реакциялар түсінігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Профессор Рузуддиновтың медико-стоматологиялық колледжі

СӨЖ

Тақырыбы:Аналитикалық реакциялар теориясы

Орындаған:Уәкілбек А. Н

Тексерген:Нурдаулет Ж.

Алматы 2020

Жоспары:

  1. Аналитикалық реакциялар түсінігі
  2. Оның қасиеттері
  3. Орындау тәсілдері
  4. Аналитикалық реакциялардың сезгіштігі
  5. Қорытынды

Аналитикалық реакция - бұл нәтижесінде аналитикалық эффект немесе аналитикалық сигнал пайда болатын реакциялар. Химиялық анализ кезінде реакциялар ерітінділерде жүргізіледі. Яғни тұз, қышқыл, негіз ерітінділерінде, бұлар электролиттерге жатады. Еру кезінде ерітінділер иондарға диссоциацияланады. Ерітінділерді бір-біріне құйғанда, иондар арасында реакция жүреді. Мысалы: күміс нитраты натрий хлоридімен әрекеттескенде күміс хлориді тұнбаға түседі.

AgNO3 +NaCl AgCl +NaNO3

Ag++ NO3- +Na++ Cl-

AgCl + Na++ NO3

Ag++ Cl- AgCl

Сонымен зерттелетін ерітіндіге басқа бір заттың ерітіндісін құйғанда, сырттай көрінетін эффектілермен жүретін (тұнба, газ, ерітіндінің түсінің өзгеруі) реакцияны сапалық немесе аналитикалық реакциялар деп атайды. Сондықтан талдау кезінде иондарды анықтау қажет. Ионды анықтау үшін қолданылатын затты реактив деп атайды.

  • Аналитикалық реакцияның қасиеттері:

Заттың еріп кетуі немесе тұнбаға түсуі, ерітіндінің түсінің өзгеруі, газ бөлінуі болып табылады. Аналитикалық реакция тез жүргізіліп, арнайы және сезімтал болуы қажет. Тек бір ионға, не қосылысқа тән сыртқы эффектімен жүретін реакцияны спецификалық (арнайы) реакция деп атайды. Аналитикалық химияда бірдей эффектімен бірнеше ион қатысында жүретін реакциялар кездеседі. Ондай реакциялар жалпы немесе ортақ деп аталады. Мысалы:

Ba2+ + CO2-3  BaCO3

Ca2+ + CO2-3  CaCO3

Sr2+ + CO2-3  SrCO3

  • Орындау тәсілдері

Аналитикалық реакциялар «құрғақ» және «ылғал» жолмен орындалады. «Құрғақ» реакциялар қосымша роль атқарады және алдын-ала жүргізілетін зерттеулерде, сонымен қатар «ылғал» реакция жүргізу мүмкін болмайтын жағдайларда жасалады. Көбіне көп «ылғал» реакциялар қолданылады. Оларды жүзеге асыру үшін алдымен затты ерітеді. Еріткіш ретінде әдетте су, кейде қышқылдар мен сілті қолданады.

Бейорганикалық заттардың сапалық анализінде негізінен тұздар, қышқылдар және сілтілер ерітінділерімен жұмыс жасайды. Бұл заттар электролиттер болып табылады, яғни олар сулы ерітінділерінде иондарға диссоциацияланады. Сондықтан реакция иондар арасында жүреді, яғни сапалық анализде элементтерді емес, иондарды ашу реакциялары жасалады.

Белгілі бір аналитикалық реакцияны орындау үшін белгілі бір жағдай жасау қажет:

1) ерітінді ортасы (рН), мысалы кейбір тұнбалар қышқыл­дарда жақсы ериді, сондықтан орта қышқыл болса, онда тұнба түзілмейді немесе кейбір тұнбалар сілтілерде жақсы ериді, яғни бұндай тұнба сілтілі ортада түзілмейді. Ал кейбіреулері қыш­қыл­дарда да, сілтілерде де ериді, оны тек бейтарап ортада ғана алуға болады. Демек, реакция толық жүруі үшін қажетті орта болуы керек.

2) ерітінді температурасы. Кейбір реакцияларды салқын ортада жүргізу керек болады немесе керісінше, ал ерігіш тұнбалар температура артқан сайын ери түседі.

3) ерітіндідегі анықталатын ионның концентрациясы жеткілікті түрде мейлінше үлкен болуы керек. Концентрация өте аз болса реакция дұрыс жүрмейді. Мысалы, тұнба ерігіш болса, тұнба түзетін ион концентрациясы тұнбаның ерігіштігінен жоғары болған жағдайда ғана тұнба түзіледі. Ал қиын еритін тұнба үшін аз ғана концентрацияның өзі жеткілікті болады.

  • Реакциялардың сезгіштігі.

Егер түзілетін зат өте нашар еритін болса, ол анықталатын ионның концентрациясы өте аз болса да тұнбаға түседі. Мұндай реакциялар сезімтал реакциялар деп аталады. Реакцияның сезімталдығының сандық сипатын ашылу минимумы мен шекті концентрациясы немесе шекті сұйылуы береді. Ашылу минимумы деп белгілі бір жағдайда берілген реагенттің әсерімен ашуға болатын анықталатын ионның ең аз мөлшерін айтады. Шекті концентрация деп мкг-мен берілген анықталатын ионның бір бірлік массасының еріткіштің ең көп мөлшерінің массасына қатынасын айтады. Шекті концентрацияға қарама-қарсы шама шекті сұйылту болып табылады. Әр түрлі ретте арнайы реакция арқылы жүргізілген зерттелетін заттың жеке бөлігінің ионын анықтауды қатыстық талдау дейді. Көпкомпонентті қосылыстың толық талдауын жүйелік жол арқылы жүргізуге болады. Талдаудың жүйелік жолы - аналитикалық реакция кезінде қажетсіз иондар анықталып, одан кейін әрбір ионды белгілі жүйемен анықтаудың орындалу ретін айтамыз. Қосылыстың құрамындағы иондар жеке топтарға бөлініп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары көрінеді. Одан кейін топтардан жеке иондардың өзіне тән реакцияларын қолданылу арқылы біртіндеп зерттелінетін иондарды анықтайды. Әр түрлі реагенттердің тек бір ғана ионмен әрекеттесу реакциясын жеке немесе дербес реакция деп атайды.

  • Қорытынды

Жалпы алғанда, аналитикалық реакциялардың химиялық ерітінділерде жүруі арқылы сол заттардың ортасын, сапасын, сандық нормасын біле аламыз. Осының нәтижесінде реакцияның жүруін іске асыра аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Патсаев Ә. Қ. Аналитикалық химия, Алматы 2012

2. Өтелбаев Б. Т. Химия 3, Шымкент, 2000

3. Матакова Р. Н., Наурызбаев М. Қ. Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2006.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналитикалық химия пәні және оның алатын орны
Қазақстандағы аналитикалық химияның дамуы
Электродтар классификациясы
Оқыту нәтижелері мен негізгі құзыреттіліктері (компетенция)
Сапалық анализ. Катиондар мен аниондардың жіктелуі
Химиялық талдау химия әдісі ретінде
Эмпатия мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау
Аналитикалық химия заттың химиялық құрамы мен құрылымын анықтау әдістері туралы ғылым
Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісін талдауда қолдану
Белгісіз затты анализдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz