Жамбыл облысындағы жайылымның жағдайы
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1. Шөл аймақта мал азықтық өсімдіктерді өсіру ... ... ... ... ... .
1.2 Изен өсімдігінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
2 ТАБИҒАТ- КЛИМАТ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
2.1 Тәжірибие жүргізілген жердің географиялық, табиғи климаттық жағдайы, топырағы мен өсімдігі.
2.1 Маусымдық жайылымдардың негізгі түрлері мен биологиялық өнімділігіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Жамбыл облысындағы жайылымның химиялық құрамы мен қоректілігінің динамикасына экологиялық факторлардың әсері
2.3 Тәжірибие жүргізілген жердің географиялық, табиғи климаттық жағдайы, топырағы мен өсімдігі ... ... ... ... ... ...
2.4.Зерттеу жұмысын жүргізу әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-26
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
3.1 Изеннің морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері және селекциялық үлгілерін сынау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.1. Фенологиясы. Өсімдіктердің өсуі
3.3 Изеннің азықтық өнімділігі мен химиялық құрамы
3.4 Жергілікті табиғи мал азықтық өсімдіктердің байлығын анықтау және пайдалану.
3.3 Шөл және шөлейт аймағындағы табиғи жайлымдардың шығымдылығын арттыру жолдарына ұсыныс
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3.1 Жамбыл облысындағы жайылымның жағдайы
3.2 Изенді өсіру агротехникасы мен шаруашылықтағы маңызы
3.2 Изен үлгілерінің далалық өнгіштігі және сақталуы. Фенологиялық бақылау нәтижелері.
КІРІСПЕ
Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт аймағында табиғи жайылымдардың көлемі мол бола тұрса да, олардың шығымдылығының төмендігі және жылма - жыл өзгеруі мал шаруашылығын дамытуда көп қиындықтар туғызуда. Осыған орай екпе жайылымдықтар жасау - жемшөп қорын жасаудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Елбасымыздың биылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында көтерген мәселелердiң бiрi - мал шаруашылығын өркендету. Соның iшiнде қой шаруашылығына көңiл бөлу. Сондай-ақ, жемазық өндiрiсi мен шалғайдағы жайылымдықты жақсарту. Аса маңызды болып саналатын бұл бағыт елiмiздiң агрокешенiн қарқынды дамытудың бiрден-бiр жолы, ауылдың әл-ауқатын арттырудың сенiмдi тетiгi екенi анық. Сонымен қатар жайылым көктем мен жаздың бас кезінде өте шұрайлы болып, жаздың соңына - күздің басына қарай тозып оты жұтаң тартады. Шөптер бұл кезде малға жұғымсыздау келеді. Сондықтан күзге қарай малдың табиғи жемшөпке деген қажеті канағаттандырылмайды. Тозған жайылымдарда шашақты жусан (бүрген), ақшыл жусан, есекмия сияқты малға жұғымсыз өсімдіктер көптеп өсіп, жайлымдардың шығымдылығы төмендейді.
Шығымдылығы төмендеген жайылымдардың өздігінен бұрыңғы бастапқы қалпына келуі үшін ең кемі 10-25 жыл уақыт керек екен. Осыған байланысты жайылымды тиімді пайдаланумен қатар, оларды түбегейлі жақсарту шараларын іске асырудың, яғни өсімдік жамылғысында жетіспейтін немесе сиреп бара жатқан, өнімділігі жоғары, экологиялық төзімді, қоршаған ортаның шөптік байлығын көбейтетін бағалы өсімдіктерді енгізе отырып екпе мәдени жайылымдар жасаудың маңыздылығы арта түседі. Сонымен қатар мал шаруашылығындағы дамып келе жатқан меншік түрлерінің уақыт өте шаруашылық бағытына, топырақ-климат ерекшелігіне, жер бедеріне, өсімдік қауымдастығына, басқа да әлеуметтік-экологиялық жағдайларға байланыстығы артып, мал азықтық өсімдіктердің көп түрлілігіне деген сұранысты тудыруы мүмкін. Сондықтан бағалы мал азықтық өсімдіктер түрлерін өсіру, жинау бүгінгі агро-өндірістік салада болып жатқан өзгерістерге байланысты өзекті болып табылады. [1, 2, 6]. Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі жайлымдардың табиғат - климат жағдайын сипаттау нәтижесі, ауаның тым құрғақтығы, ылғалдың аздығы, жаздың аптап ыстығы мен ыссы аңызақ желдері, көктемде немесе күзде қайталанатын аязды күндер, топырақ құрылымының нашарлығы және құнарсыздығы мұнда мал азығындық өсімдіктерді қолдан өсіріп, жерсіндіру жұмысына көптеп әсер ететін қолайсыз экологиялық орта екенін көрсетеді. Н.И.Вавиловтың жаңа ортада түрдің мүмкіншілігін анықтау үшін тікелей тәжірибе жүргізу қажет деген қағидасына байланысты Қазақстанның оңтүстік шөлінде мал-азықтық өсімдіктерді дақылдандыру мақсатында олардың тәжірибе жүзінде экологиялық-биологиялық ерекшіліктерін жете зерттеп тіршілік ауқымдылығын анықтау қажеттілігінің туындауы зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді [1]. Оңтүстік Қазақстанда малды жылдың төрт маусымында да өрістендіреді. Кейбір қыстарда ғана өрістендірмейтін күндердің саны 30-35 күнге дейін жетеді, ал мал жыл бойы жайылымнан қоректенеді. Сондықтан жайылым отының сапасы, азықтық құндылығы мен өнімділігі малдың сапасына әсер етеді. Қоректік фактор негізгі экологиялық факторлардың бірі, сондықтан табиғи азықтық қорлардың азғындауы малға азық болатын өсімдіктердің азайып немесе мүлде жоқ болып кетуіне, ал жайылымның жұтаң болуы және зиянды, улы өсімдіктердің басым болуына әкелді. Бірақ, пайдасы шамалы қоректі өсімдіктердің малдың онтогенезіне қандай әсер ететіні осы күнге дейін зерттелмей келеді. Бұл мәселеде қуаңшылық аймақтың жағдайларына бейімделген өсімдіктерді таңдап, пайдаланған жөн. Сондай өсімдіктердің ішінде изен (жатаған изен) ерекше орын алады. Изеннің біздің елімізде мал азығындық дақыл ретінде егіле бастағанына онша көп бола қойған жоқ. Біздің республикамызда изенді жерсіндіру туралы алғашқы ізденістер ХХ-ғасырдың 40-50 жылдарына тура келеді.
Топырақ - климат жағдайының әртүрлі болуына байланысты соларға бейімделген сорттары әлі жеткіліксіз. Оңтүстік Қазақстанның тау бөктері жазығындағы табиғи жайылымдар қой шаруашылығын дамытуда қолайлы өңір болып есептеледі. Бұл жерде негізінен жүндес етті биязы жүнді қой тұқымдары бағылады. Олардың ерекшелігі жергілікті жердің жағдайына жақсы бейімделген, әрі төзімді. Сонымен қатар биологиялық - шаруашылық қасиеттерін толықтай көрсету үшін жайылым өнімділігі жоғары, тұрақты әрі сапалы болу керек. Дегенмен, тау бөктеріндегі табиғи жайылымдар шығымдылығы жылдан - жылға төмендеп, бағалы өсімдіктер қатары сиреуде. Жаз кезінде көптеген шөп түрлері қурап жайылым шұрайлығы құнарсызданады. Сондықтан өсіп даму жаз кезінде жалғасатын, өнімді және бағалы мал азықтық өсімдіктерді пайдалана отырып екпе жайылымдар жасау бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне жатады. Осындай өсімдіктердің қатарына изен түрлері жатады. Алайда тау бөктері жағдайында изен түрлерін сынау және бағалы үлгілерін іріктеу бағытында жұмыстар жеткілікті жүргізілмеген. Шөл және шөлейт аймақтардың климат ерекшеліктеріне, өсімдік пен топырақ жамылғысына байланысты екпе жайылым жасауға пайдаланған түрлердің құрамы бірдей емес және негізінен жергілікті өсімдік байлығынан алынған.
Басқа экологиялық-географиялық аймақтарда көптеген өсімдік түрлерін жерсіндіру жұмыстарының қаншалықты дамығанына қарамастан шөл және шөлейт аймақтың түрлі экологиялық жағдайында өсетін мал азықтық өсімдіктерді жерсіндірудің ғылыми негіздері жете зерттелмеген.
Осыған байланысты біз Қазақстанның оңтүстік шөлді аймағында мал азықтық өсімдіктердің түрлі тіршілік нұсқаларын зерттей отырып оларды жерсіндірудің ғылыми негіздерін анықтауды мақсат етіп қойдық.
Жайылымның деградациялануы, азықтың қоректік құндылығының төмендеуі, малдың сапасы мен қоңдылығының нашарлануы маусымдық климатқа байланысты екендігі және табиғи жайылымдарының сапасы мен экологиялық факторларына тәуелділігінің әсері ғылыми тұрғыдан зерттелді.
Далалық эксперимент жұмыстарын жүргізу кезінде алынған мәліметтер мен зерттеулер нәтижесінде анықталған үлгілерді пайдаланып тау бөктері жазығының табиғи жайылымдарын жақсарту үшін изеннің жаңа сорттарын шығаруға мүмкіндік берді және үлгілердің жергілікті жерге бейімделуі бірдей еместігі мен үлгілердің түрлі сапалық және сандық көрсеткіштері әртүрлі болатындығы анықталды. Сонымен қатар экологиялық факторларының әсерін зерттеу нәтижелері Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі табиғи жайлымдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жайылым отының қоректік сапасының аймақтық мониторингінің негізін жасап анықтаудың базалық көрсеткіші ретінде пайдалануға болады.
Қазақстанның шөл және шөлейт жерлерінде мал азықтық өсімдіктерді өсіру күрделі мәселе. Өйткені олардың көлемінде мол болуы мұндағы жер бедерінің, ауа - райының, топырақ және өсімдік жамылғысының әр түрлілігіне әкеліп соғады. Мұның өзі өсімдіктің бір түрін немесе сортын барлық жерде бірдей өсіруге мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан еліміздің түрлі топырақ - климат жағдайында табиғи өсімдік қорын тиімді пайдалану, көбейту мен сақтау және оларды селекция жұмысына анықтау мәселелері ғылыми тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. Осыған байланысты біз Қазақстанның оңтүстік аймағында изеннің түрлі үлгілерін зерттей отырып,тау бөктері жазығына бейімді сорттарын шығару үшін оңды үлгілерін іріктеп алуды мақсат етіп қойдық.
1.2 Изеннің морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері
Изен - алабұта тұқымдасына жатады. Қазақстанда изеннің бұл туысқа жататын 8 түрі өседі, оның жетеуі бір жылдықта, жатаған изен көп жылдық.
Ғылыми деректердің көрсеткеніндей изен Россияның европалық бөлігінде (Ставрополь өлкесінде, Волгоград, Саратов облыстарында, Дағыстанда, Қалмақстанда ж..б.), Кавказда, Батыс және Шығыс Сібірде, Орта Азияда, Батыс Орта және Оңтүстік Европада, Кіші Азияда, Иранда, Ауғаныстанда, Гималайда, Монғолияда, Тибетте және Қытайда кездеседі ( П.П. Бегучев,1970 ж).
Бұл өсімдік Қазақстанның шаршыйт шөл және шөлейт жерлерінде, қуаңшылық, далалық аймақтарында, тау бөктерлерінде, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстанның Мойынқұм алқабында, Сырдария өзенінің төменгі сағасында шаршыйт жерлерде, Қаратау және Тянь - Шань бөктерлерінде өседі.
У. Пратов ( 1971) изеннің табиғатта таралған барлық үлгілерін талдап, олардың морфологиялық анотомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере келіп, оны жасылдау және сұр деп екі тармаққа бөлді.
Жасылдау тармағы негізінен адырларда және тау бөктерлерінде өседі, изеннің сұр тармағы ол тараған аймақтың барлығында, яғни түрлі экологиялық жағдайда өседі. Олардың морфологиялық ерекшеліктерін топтап, Қалың түпті және бос жалбырлы ( У. Пратов,1971) деп екі шағын түрге бөлуге болады.
Сыртқы жағдайларға байланысты изеннің морфологиясы өзгергіш келетіндігін негізге ала отырып З. Ш. Шамсутдинов оны 3 экологиялық топқа ( саздақ, құмдақ,тастақ) жатқызады.
Морфологиялық ерекшеліктері. Тянь - шаньның саздақ экологиялық тобына жататын саздақ изені - изеннің жасылдау тармағына кіреді. Бұл күзге қарай сарғыш қызыл реңге енетін жасыл сары түсті, шоқ түбінің биіктігі 90 - 100 сантиметрге дейін жететін өсімдік. Бұтақтары түзу өседі, сабақтарын сирек түк басқан, күзге қарай қатқыл келеді. Жапырақтары жіңішкелеу ұзынша ( 0,8 - 2,5 см) түгі аз, жұмсақтау, жасыл түсті. Гүл шоғыры - шашақгүл. Гүлдеген шашақтарында екі - үштен қанатшалы жемістері өседі. Олар түксіз, сусымалдығы жақсы. Мың дәннің салмағы 1,2 - 1,8г.
Оңтүстік Қазақстанның құмдық экологиялық тобына жататын үлгі изеннің сұр тармағының боз жалбырлы шағын түріне кіреді. Осы үлгі популяциясынан бірнеше қайталап жаппай сұрыптау нәтижесінде '' Задария '' сорты (авторлары: С. Әбдіраимов, В.В. Сафонов, Ә. Сейіткәрімов) шығарылады. [36]
Сорт ашық сары түсті, түп шоғы түзу, қалың, биіктігі 80 - 90 сантиметрге дейін барды. Бұтақтарын қалың боз түк басқан, жаз ортасына дейін олар нәзік, жасыл болып тұрады да, содан кейін ақшыл сары, ақшыл қызыл түске енеді,аздап қатаяды. Жапырақтары майдалау, ланцетті, боз түк басқан.
Гүл шоғыры - шашқгүл немесе масақгүл. Жемістері түкті келеді. Сусымалдығы нашар. Мың дәннің салмағы 0,8 - 1,4 г.
Ферғананың тастақты экологиялық тобына жататын үлгі изеннің сұр тармағының қалың түкті түршесіне кіреді. Изеннің бұл түрі қоңыр сұр дағы бар жасыл түсті. Сабақтары жуан, қалың түк басқан тік өседі. Шоғының биіктігі 100 метрге дейін жетеді. Ұрық байлаған кезде жайылып тұрады. Жапырақтары ірі,түкті, ланцетті,ұзындығы 2 - 3 см ( 1 - сурет).
Гүл шоғыры - шашақгүл. Жемістері түкті, сусымалды, мың дәннің салмағы - 1,4-1,9 г.
Биологиялық ерекшеліктері. Изеннің биологиялық ерекшеліктерін және сыртқы жағдайларға қоятын талаптарын білу жолымен оны жақсы өсіруге және агротехникалық шараларды ғылыми негізде реттеп, дұрыс шешуге болады. Изен ұрығы ұрықтап ішінде орналасып, бес желекпен көмкеріліп жабылған. Ұрықтың өзін өте жұқа жамылғы жауып тұрады. Ол тамыршадан, жасыл түсті тұқым жарнағының қалтасынан, қос жарнақтан және жарнақ арасында орналасқан бүршіктерден тұрады, дәні тез өнуге барынша бейім.
Изен ұрығына биологиялық жағынан жетіліп, пісу қасиеті тән. Себебі, изеннің гүлдеуі және дән байлауы әр өсімдіктің бойында ғана емес, бір сабақтың бойында да бір мезгілде өтпейді. Сондықтан да тұқым жинау кезінде дәннің пісуі әртүрлі дәрежеде болады. Осыған орай терілген дәннің өнгіштігі 2-3 айдан соң 60-80 процентке дейін жетеді, ал 7-9 айдан кейін өнгіштігі күрт төмендейді немесе мүлдем өнбейді.
1 - сурет - Изен үлгілерінің көшетжайы
Изен тұқымы ерте көктемде 4-5 С0 жылылықта өне бастайды. Зерттеулер көрсеткендей, тұқымның жақсы көктеп шығуы үшін топырақ ылғалдылығы құмда 7-9 процент, сазды жерде 11-15%, сондай-ақ жер бетіне жақын ауаның ылғалдылығы 70-80 % болуы керек.
Тұқым өніп келе жатқанда бірінші болып жер бетінде ұзындығы 6-8 миллиметр, колденеңі 2-3 миллиметр келетін екі жарнағы көрінеді. Олардың тіршілік ететін уақыты шамамен 20-40 күнге дейін созылады. Жарнақтар алғашқы жапырақтар пайда болғанша тамырларды қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Өскіндердің бастапқы даму кезеңінде тамыр жүйесі тез дамыса, керісінше сабақтардың өсуі өте баяу.(Кесте-1)
2014 жылы ауа райы изен өсімдігінің жетілуіне қолайлы болды. Өскіннің бастапқы өсуі кезінде тамыр жүйесі тез жетілді. Сондықтан тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне ара қатынасы 3,6 тең болып шықты. Мамырдың соңғы он күндігінен бастап өсімдіктің жер бетіндегі мүшелері, яғни сабақтары тез жетіле бастайды. Шілде айында тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне ара қатынасы 1,7 - ге дейін төмендеді.(кесте-1)
Кесте 1- Құмдақ изеннің сабағы мен тамырларының жетілуі
нықталған мезгілі
Сабағының биіктігі,см
Тамырының ұзындығы,см
Тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне ара қатынасы
2014
2015
2014
2015
2014
2015
7,04
2,0
1,7
8,1
7,2
4,0
4,2
24,04
3,1
2,3
11,8
8,4
3,8
3,6
25,05
9,8
3,9
37,0
37,0
3,7
4,1
16,06
21,0
9,9
76,0
52,3
3,6
5,2
27,07
52,7
-
91,1
-
1,7
-
2015 жылы жауын - шашын аз болды, оның үстіне мамырдың екінші онкүндігінде күн қатты ыси бастады. Осыған байланысты өсімдіктің жер бетіндегі сабақтарының жетілуі күрт нашарлады. Сондықтан тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне ара - қатынасы бұл жылы жоғары күйінде қалды. Екі жылғы бақылау өскіндердің бастапқы жетілу кезінде тамыр жүйесінің тез өсетінін көрсетті. Л. Паузнер ( 1965), З. Шамсутдинов ( 1975) бұл ерекшелікті өсімдіктің құрғақ аймақтың қатал жағдайына бейімделгендігі деп дәлелдейді. Ылғалды жылдарда бірінші жылғы өсімдіктер жетілудің барлық кезеңдерінен өтіп, тұқым байлайды.
Гүлдеу кезеңінде бірінші болып мамыр айының басында құмдақ изені содан 15-20 күн кейін саздақ және тастақ изені гүлдейді. Құмдақ изені жемісінің пісуі қыркүйектің аяғы - қазан айының екінші онкүндігінде байқалады. Өсіп - өну ұзақтығы құмдақ изенінікі 185 - 204 күн, ал саздақ және тастақ изенінікі 214-225 күн.
Изен өсімдігі құрғақшылыққа және суыққа төзімді келеді. Топырақтың құрғақтығына, ауа ылғалының тапшылығына төзімділігін көрсететін маңызды физиологиялық ерекшеліктері оның клеткасында жоғары дәрежеге жететін осмостық қысым болуында. әсіресе, шілде - тамыз айларында бұл көрсеткіш 23-49 атмосфералық қысымға тең. Сонымен қатар изеннің булануға кететін ылғалды үнемдеп жұмсайтын қасиетін және өсімдіктегі фотосинтез процесінің едәуір интенсивті жүретінін атап өту керек.
Дегенмен, изеннің экологиялық топтарының құрғақшылыққа, суыққа төзімділігі әр түрлі. Мысалы, көктем айларындағы үсікке құмдақ изені шыдамсыз. Ал жаздың аптап ыстығы саздақ изеннінің жетілуіне көп жағдайда кері әсер етеді. Себебі бұл изенің сабағында және жапырақтарында түктер аз, леп саңылауы көп.
З.Ш.Шамсудиновтың мәліметтері бойынша қалың түкті изен (құмдақ) жапырағының 1 шаршы миллиметрінде 30-50 түк болса, аз түкті изеннің (саздақ) жапырақтарында 10-17 ақ түк болады. Леп саңылау санына келсек, керісінше қалың түкті изеннің жапырағының үстінгі бетінде 70-100, астыңғы бетінде 60-70 саңылау, ал аз түкті изеннің жапырағының үстінгі бетінде 120-170, астыңғы бетінде 70-100 саңылау болады. Түктерінің аз, леп саңылауларының көп болуы саздақ изеннің ылғалды көп буландыруына әкеліп соғады. Ылғалды үнемдеу мақсатында бұл изен жаздың аптап ыстығы басталысымен жапырақтарын түсіре бастайды. [1,8,16].
Изеннің құрғақшылыққа төзімді болуына тамыр жүйесіде себебін тигізеді. Оңтүстік Қазақсанның құмшауыт топырағында қүмдақ изеннің тамыры тіршілігінің алғашқы жылында 110-138 сантиметр, саздақ және тастақ изенінікі 168-178 сантиметр тереңдікке дейін енеді. Қосалқы тамырлары құмдақ изенінікі 60 сантиметрге, саздақ изенінікі 98 сантиметрге, тастақ изенінікі 103 сантиметрге дейін жайылып тарайды. Тамыр жүйесінің жетілуі оның тіршілігінің соңғы жылдарында да тоқтамайды. Кәрі изен тамыры 3-4 метрге дейін бойлайды.
Изеннің биологиялық ерекшеліктерінің бірі - жаз бойы өсуінде. Өсімдік маусым шілде айларында қарқынды өседі. Кей жылдары құмдақ изеннің жас өсімдіктерінің биіктігі 41 -71 сантиметрге дейін, саздақ изені мен тастақ изенікі 50-89 сантиметрге дейін барады.
Өсімдіктің жылдық циклі біткен соң қыс айларында сабақтың көп бөлігі өліп қалады, тек сабақтың түп жағынан ұзындығы 12-20 см болатын бөлігі ғана тірі қалады. Келесі жылғы сабақтар осы бөлігінде орналасқан бүршіктерден тарайды. Өсімдіктің тіршілік циклы 20-22 жылға созылады. Сол жылдардың 10-15 жылында қанағаттандырарлық өнім бере алады.

Қазақстанның шөлі мен шөлейтті жерлерінің көлемі 157 млн. гектардан асады, оның ішінде жайылымдық алқаптар шөлде 73,7 миллион, шөлейтте 21,8, тау етегіндегі жазықтық жерлерде 16,3 миллион гектарды құрайды.
Оңтүстік - Шығыс Сырдария аумағы ені 220 километр, ұзындығы 520 километрге жуық жерді алып жатыр. Географиялық жағынан бұл аумаққа Қызылқұмның оңтүстік - шығыс бөлігі, Сырдария өзенінің орта ағысындағы аңғар, Қаратау мен Батыс Тянь Шань бөктеріндегі жазықтар қосылады. Жер бедері Қызылқұмда аласа жалдар мен құм жондарынан тұрса, Сырдария маңы аңғары некен саяқ белестері бар, ертеректегі жылғалардың шағын арналары қалған жазық жерден тұрады. Ол тауға қарай бірте - бірте көтеріліп ойлы - қырлы жазықтарға ұласады.
3- тарау. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Төрт түлік қоректі жайылымды жерден алады. Сондықтан дана халқымыз жайылымдықты мал анасы деп атаған. Ал, жайылым жауын-шашынға тікелей тәуелді. Ауа райының өзгерістерге ұшырап ,қуаңшылықтардың жиі қайталануы малға да, адамға да, елеулі қиындықтар туғызып келеді.
Еліміздегі жайылымдық жерлердің жағдайы, агроғарыштық түсірілімдердің айқындауынша 103 миллион гектар алқаптың 63 миллионы шөлейтті аймақта жатқандықтан әбден құнарынан айырылғандығы анықталған. Негізінен, бұл жайылымдықтар ауыспалы түрде пайдаланылмағандықтан тозған сансыз тұяқтың шиыр ізіне айналып кейбір жерлері мүлдем жарамсыз болып қалған.
Жамбыл обылысының жалпы жер аумағы 14426,4 мың гектарды құрайды. Мұның 10489,3 мың гектары яғни 72,7% ауыл шаруашылығының еншісінде. Ал, 9924,5 мың гектар алқап 68,8 % жайылымдық болып саналады. Қолдағы түліктің түрлері осы даңғайыр далада жайылып бір бөлігінен қыстық жем- шөп қры дайындалады.
Өтпелі кезеңде (1990-1991) малда, жерде, техникада жекешелендірудің әсерінен бөліске кеткен. Бөліске түсіп кеткен аумақтағы жерлер бүгінде көпшілігінің түте - түтесі шығып, шөп шықпайтын айтақырға айналған. Жайылымның мұндай халге жетуі, біріншіден, қыста қардың аз түсіп, көктемде жауынның болмауынан, екіншіден, жыл мезгілдеріне қарай жайылымдылықтардың уақытылы ауыстырылып отырылмауынан, суландыру мәселесін мүлдем ұмыт қалдырғандықтан белең алып отыр. Қоныс өзгертіліп отырылмаған жағдайда даланың оты отардың таптаурынына ұшырап, сосын тамыры қиылып жарамсыз болып қалған.
2015 жылы мал азығын дайындау барысында көп ауыртпалық болды, яғни көктемде алты ай жазда жаңбыр тамбағандықтан шабындық жерлер қылтанақсыз қалды. Оруға қолайсыз тұстар жанкештіліктің арқасында орақтан өткізілді. Қыраулы қыста жем-шөп тапшылығы сезілді. Жуалы ауданындағы бірқатар мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарында шөп тапшылығының, жоқшылығының салдарынан мал шығынына жол беріледі. Соның салдарынан жайылымдықтардың жағдайы жадағайланып, жағымсыз жайыттар көрініс табуда. Шынтуайтында келгенде жайылымға жанашырлық орнықпай жасаң жер, шиенді аймақ қалыптастыру мүмкін емес. Түгін тартсаң майы шығатын, шөбі шүйгін, құйқалы өріс жасау үшін аймақтағы жайылымдықтарды ішінара болсада суландыруға назар аудару керек. Сонымен қатар көп жылдық екпелі шөптерді де жерсіндірудің маңызы зор.
Кеңестік кезінде Талас ауданында изен егу жұмысы қолға алынып, мемлекеттен бөлінген қыруар қаржыға аталмыш шөптің тұқымы сатып алынып, ен даланың шаруашылыққа тиесілі едәуір басым бөлігі сыммен қоршалып, тақтаға бөлінгенді. Бұл іс алғашқыда оң нәтижесін бергенде болатын, кейінен бақылау босаңсып, салғырттық жайлаған соң аяқсыз қалды.
Изен егу тәжірбиесін алғашқылардың бірі болып қалыптастырған Оңтүстік Қазақстан обылысындағы Задария асыл тұқымды қой зауыты болатын. Табиғаттың шөлді, шөлейтті өңірлерінде өсетін төл өсімдігі құнарлығымен, малға жұғымдылымен, өзгермелі ауа райына төзімділігімен ерекшеленген.
Атап өтерлігі: изен тұқымы қарашаның желтоқсанға ұласар шағына дейін себіліп, қар астында қалуы міндетті. Осылай болғанда ғана себілген тұқымның тегіс өнуіне негіз қаланады.
Елімізде агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге 3 триллон тенге қаражат бөлінді. Осынау зор қаражаттың ауыл шаруашылығын оның ішінде жайылымдық мәселесіне де қатысы бар. Қыруар қаржы бірінші кезекте жұмысты жүргізетін, жұмысқа жегілетін ауыл адамдарына жасалып отырылған қомқорлық, жеңілдік. Бөлінген ақша өз мақсатына жұмсалса, аграрлық салада жаңарудың, жаңғырудың болары сөзсіз.
Бүгінгі таңда мұның неше алуан жолдары іздестірілу үстінде. Соның бірі жайылымдықтардың жаңартуға, жақ артуға көмегі тиетін изен егуді жандандыру қажет.
Табиғи өсімдіктердің тұқымын жерге сіңіру тәжірибесі Талас, Мойынқұм, Сарысу, Жамбыл, Байзақ аудандарында қалыптасқан. Әлікүнге дейін аталған аудандарда сексеуіл тұқымын егу жұмысы жалғасын табуда. Қиындық изеннің тұқымын табу мәселесінен туындауы мүмкін.
Жедел жүйелеуді қажет ететін келесі бір іс - жайылымдықтарды суландыру.
- Республика шеңберіндегі жайылымдар, негізінен жер асты суларымен ылғалдандырылады. Осы күнге дейін суды тереңінен жоғары көтеруге шегенді және түтікті құдықтарға тасталған моторлар күші пайдалануда. Құдыққа да күтім керек. Кәсіпкерлер келелі түйесін, қора-қора қойын, табынды сиырларын арнайы техникалардың күшімен қазылған құдықтардан суаруда. Қолданыстағы құдықтар сырттан ішке түсетін заттардың әсерінен былғанып жатады. Соған орай, ұдайы аршып, тазартып отырмаса, суы иістеніп кетеді. Шаруа баққан жандардың көпшілігінің иеліктеріндегі су көздерін уақытылы тазалап отыруға жағдайлары келе бермейді. Қолмен тазалауға әлдері келмейді. Қуатты техникаларды сатып алуға қалталары көтермейді. Соны ескеріп, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құдық тазалаудың жекелеген адамдарға тиімді әрі оңай жолын ұсынып отыр. Бұл әдіс бірқатар шаруашылықтарда сыннан өтті. Қазіргі кезде жайылымдықтардағы құдықтардан су шығаратын ЭЦВ типтес салмалы сорғылар көбінесе сумен бірге құмды да соратындықтан тез арада саптан шығады. Қиыршық құмдар сорғы қалақшаларын, электрмоторларының айналмалы тетіктерін қажап, жарамсыз етеді. Институт қызметкерлерінің ізденісті жұмыстарының нәтижесінде су сорғы жүйесіне сеператор мәнзелдес гидроциклон қою тәсілі ойлап табылды. Гидрациклонның артықшылығы - құрылымы оңай, пайдалануына икемді, сонымен қатар салманы ауыстыруды қажет етпейді. Оған қоса диаметрі 0,05мм- ден ірі қиыршық құмның бәрін ұстай алады. Тағы бір ерекшелігі - құдық сүзгісі арқылы кіретін құмдарды төменде орналасқан тұндырғыда шөктірмей, жұмыс барысында жер бетіне бөлек шығарып отыратындығы.
Обылыста ХХ-ғасырдың 90-шы жылдары 4491 су көзді болса, 2011 жылға соның 2792-сі аман-есен жеткен, қалғандары ескерусіздіктен ескіріп, көміліп қалған, көздері бітелген, олар аршуды, тазалауды қажет етеді.
Жамбыл обылысының 2011-2020жыл аралығында мал басын жайылымдықтарға сүйене отырып көбейту жөніндегі бағдарламасында жайылымдықты суландыру мәселелері де қарастырылған. Қарастырылған мәселелерге байланысты керекті құжаттар мен қаражат құрамы айқындалып әзірлену үстінде.. Қалай дегенмен да жайылымдыққа барып тірелетін түйіндер шешілмейінше мал басын арттыруда, малдан алынатын өнім сапасын да жақсарту мүмкін емес. Өйткені малдың анасы - жайылым.

Изен - шаруашылық маңыздылығымен шаруа қауымға жақсы танылған өсімдік. Кәзірше қуаң аймақ жағдайында бұған тең келер дақыл жоқ десекте болады. Себебі жаз күз айларында мал сүйсініп жейтін көк балаусамен қамтамасыз ететін бірден - бір өсімдік.
Изен шанақтану кезеңінен бастап нәрлілігі жоғары тұрақты азық қорын түзейді. Гүлдеу кезінде құмдақ изеннің бір түбінің көктей салмағы 116-128 граммға, саздақ изені мен тастақ изенінікі 107-315 грамға тең болды.
Изен аса құнарлы мал азығы. Әсіресе жапырақтарымен дәні өте құнды. Құмдақ изеннің жапырағында 16,9 % , дәнінде 19,8 % протеин бар, бұл көрсеткіштер саздақ изеннінде 18,7 және 21,3 процент болса, тастақ изенінде 16,5 және 23,3 процент. Сондықтан дән байлаған изенді өрісте жайылған қойдың қоңы екі - үш аптада - ақ көтеріліп, күйі жақсы болады.
Изенді тек жайылым үшін ғана емес, шалғандық мақсатқа да пайдалануға болады. Жемшөп қорының тапшылығы әр кез қол байлау болғандықтан, бұл мәселе күні бүгінде күн тәртібінен түскен жоқ. Өйткені, біріншіден,шөл және шөлейт аймақтарда шалғындықтың аз болуы, екіншіден суармалы жерлерде шөп дайындап, оны отарларға жеткізу көп қиындық келтіріп,артық шығынға әкеліп соғуда. Себебі, Қыстаулардың көбі суармалы жерлерден әр түрлі жырақта орналасқан. Сондықтан, жемшөптің сақтық қорын жасаудың бір жолы- қысқы жайылымда немесе соларға жақын жерлерде шабындық үшін изен егу жүріп жатуда. Бұл мақсатқа тастақ изеннін пайдаланған жақсы.
Изеннің тағы бір қолайлы шаруашылықтық маңызы - оның тұқымын өсіру жеңіл. Сондай - ақ оның тұқымыда мол түседі. Мәселен тұқым өнімі бұрынғы шаруашылықтарда (''Задария'' "Қожатоғай" "Бірлік" шаруашылықтары) гектарына 1,5 -2 центнерге жетеді. Кезінде Оңтүстік Қазақстан облысында 600-700 тоннаға дейін изен тұқымы дайындалып, республика көлеміндегі шаруашылықтарға ғана емес, басқа елдерге де жіберіліп отырылды.
Қорыта айтқанда, изен өсімдігі қуаң аймақтағы жайылым шаруашылығының негізгі мал азығындық дақылының біріне айналуы тиіс.
Агротехникасы. Егістік шөп шығымдылығы екініші жылдың өзінде гектарына 9.4-11,3 центнерден құрады. Келтірілген мәліметтерге қарағанда изеннің өсуіне топырақ жағдайынан гөрі ауа райының әсері басымдау болатыны байқалады. Мысалы, "Красная Звезда" шаруашылығында изен екпе егістігі үшін бөлінген жердің топырақ жағдайы өте нашар болды. Соған қарамастан, жауын-шашынды болған 2014 жылы бірінші жылғы изеннің бойы 45,7 сантиметрге жетті.
Сонымен әрбір қой өсіруші фермер немесе шаруа қожалығы өздеріне бекітілген жайылымның экологиялык жағдайын жан-жақты білуі, соған қарап изеннің қажетті түрін дұрыс таңдай алуы керек. Нақты айтканда, құм алқаптарын және жусанды раң жайылымдарының топырағы жеңіл учаскелерін құмдак изенімен ('"Задария" сорты) жақсартқан тиімді. Тастак, изені жайылымдардың барлық түрін жақсартуға ұсынылса, саздақ. изенін тау бөктерлеріндегі сары топырақты, сазды шөлдердің ранды жайылымдарын жаксарту үшін пайдаланған дүрыс.
Топырақ өңдеу. Екпе изеннен мол және тұракты өнім алуға бағытталған агротехникалык шаралар жүйесіне оның экологиялық түрлерін таңдаумен қатар, топырақты мезгілінде және сапалы әзірлеудің маңызы зор.
Өскіндердің ары қарай дұрыс жетілуі, ыстыққа төзімділігі топырақты өндеуге көп байланысты. Себебі, бірінші жылғы изен тамырларының тез және терең бойлауына топырақтағы ылғал мөлшері көп әсер етеді. Жетілуінің бастапқы кезеңінде жай жетілетін өскіндер арамшөптің көптігінен қатты сирейді. Осы жағдай оның нашар жетілуіне әкеліп соғады.
Сонымен шөл және шөлейт аймақтарда топырақ өңдеудегі негізгі мақсат - ылғал жинап, оны сақтау, арам шөптерді жою, топырақтың жыртылған қабатын ұсақтап, оның бетін тегістеу және айдалған жерді жел эрозиясына ұшыратпау.
Ылғал жинаудың бірден-бір жолы топырақты терең өндеу. Бұл үшін құмды және шаршық жерлер культивациямен 14-16 см терендікте қопсытылса, механикалык құрамы жеңілдеу ашық сұр топырақтарды 18-22 см терендікте қайырмалы соқамен жырту ұсынылады. Ауыр топырақты учаскелер 20-24 см терендікте жыртылады.
Зерттеулер мынаны көрсетті: сәуір айының бас кезінде терен жыртылған топырақтың 0-20 см кабатында өңделмегсн жерге қарағанда 7-16 мм ылғал артық жиналды, ал шілде айында 20-80 см тереңдіктегі ылғал қоры 6,8-39,3 мм артық болды.
Топырақ өңдеудің қолайлы мерзімі қыркүйек-қазан айлары. Тұқымның біркелкі жатуы үшін буылтық катокпен тегістеледі. Бұл агротәсілдср жеңіл топырақтарда бір мезгілде жүргізіледі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz