Алдыңғы емшектерінің арақашықтығы


Ф. 7. 04 - 02
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
кафедрасы
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ
Тақырыбы: Етті бағыттағы ірі қараның конституциясы
Пәні
Мамандығы
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жоба
(бағасы)
бағасына қорғалды
«»2015ж.
Норма бақылаушы
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент - 2015 ж
Ф. 7. 05 - 04
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
кафедрасы
Бекітемін
Каф. меңгерушісі
«»2015ж.
№ТАПСЫРМАСЫпәні бойынша курстық жоба
Студенттобы
(тегі, аты-жөні)
Жоба тақырыбы
Берілген мәліметтер
Түсіндірме жазбасының мазмұны
(курстық жобаның)
Орындалу
мерзімі
Салыстырмалы көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер:
1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні
Жобаны қорғау күні
Жоба жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
(күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04 - 06
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
« » факультеті
« » кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісі
(қолы, аты - жөні)
2015ж.
Курстық жобаны қорғау
Хаттамасы №
пәні
студенттобы
Курстық жоба тақырыбы
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
1.
2.
3.
Курстық жобаны орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.
Сомалық балы
Жобаның бағасы
Курстық жоба жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні20ж.
Аннотация
Курстық жоба «Ірі қара мал шаруашылығы» пәнінен «Етті бағыттағы ірі қараның конституциясы. » тақырыбы бойынша жазылған. Бұл курстық жобада кіріспе, негізгі бөлім, әдебиетке шолу, технологиялық бөлім, қорытынды, тіршілік қауіпсіздігі және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қарастырылған. Курстық жоба көлемі 42 беттен құралған.
Нормативтік сілтемелер
ҚР СТ 1100-2002 Сүт өнімдері. Сүт. Жалпы техникалық шарттар
ҚР СТ 1324-2002 Сиыр сүті (ішетін витаминделген) . Техникалық шарттар
МЕМСТ 17626-81 Техникалық казеині. Техникалық шарттар
ҚР СТ ИСО 13302-2005 Сенсорлық талдау. Ораумен туындаған тағам өнімдері дәмінің өзгеруін бағалау әдістері.
МЕМСТ 1341-97 Өсімдіктік пергамент. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 1760-86 Пергамент астары. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 23651-79 Консервіленген сүт өнімі. Орау және таңбалау
МЕМСТ 10382-85 Сүт консервілері. Құрғақ қышқылтым сүт өнімдері. Техникалық шарттар
МЕМСТ Р 52176-2003 Май жасау және ірімшік жасау өнімдері. Терминдер мен анықтамалар
МЕМСТ 37-91 Сиыр майы. Техникалық шарттар
Анықтамалар
Элевер - дегеніміз мамандандырылған шаруашылықтар немесе фермалар, негізгі міндеті асыл тұқымды бұқаларды өсіру және оларды ұрпақ сапалары бойынша бағалау.
Конституция - ірі қара малдың дене бітімі, сыртқы пішімі, ішкі құрылысы туралы түсінік және олардың маңызы.
Бонитировка - өнімділік қасиетіне қарай бағалау.
Тұқым қуалаушылық-деп ірі қара белгілерінің келесі ұрпаққа берілу дәрежесін айтады.
Инбридинг - туыстас малдарды өзара шағылыстыру.
Бордақылау - малды сапалы ет пен майды көп алу үшін сояр алдында жемге байлап қолдан семірту.
Экстерер - малдың сыртқы дене құрылысы.
Қысқартылған сөздер мен белгілеулер
кг - килограмм
см - сантиметр
га - гектар
км - километр
л - литр
мкм - микрометр
мм - миллиметр
% - пайыз
млн - миллион
№ - нөмір
Мазмұны
бет
Кіріспе
Қазақстанда мал шаруашылығы саласын дамытудың негізгі мақсаты - еліміздің ішкі сұранысын мал шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ету және оның экспорттық әлеуетін іске асыру болып табылады. Аталған мақсатқа ағымдағы жағдай мен ішкі сұраныстың арту перспективасын ескере отырып, қолда бар асыл тұқымды мал басының сапасын арттыру есебінен қол жеткізу мүмкіндігі бар. Іске асырылатын шаралар есебінен елімізде 2015 жылы асыл тұқымды мал басының жалпы санын 2 есеге дейін арттырып, ал 2020 жылы - 4 есеге арттыру жаспарлануда. Асыл тұқымды мал басының жалпы саны 2020 жылы 2 есеге арттырылмақ. Бұл өз кезегінде, ішкі рыноктың сұранысын жоғары сапалы сиыр етімен толық қанағаттандыруға және экспорттық әлеуеттің біртіндеп артуына алып келеді. Осы ретте, Қазақстан 2013 жылы 13 мың тонна, ал 2020 жылы 83 мың тонна сиыр етін экспортқа шығаруды көздеп отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты ет өндіру базаларда прогрессивті алдыңғы технологияны қолдану жолы. Ол комплексті механикаландыру жүзеге асыру ет өнімділігін арттыру болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты ет өндіру жолдарын жақсарта беру деп білемін.
Отанымыздың азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99 пайызын, ал ірі қара еті 40-45 пайызға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда. Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдер де көбеюде.
Міндеті бұл шаруашылық мал шаруашылығының өнімді көп беретін салаларының бірі. Ірі қара еліміздің мал шаруашылығы экономикасында маңызды орын алады. Халық шаруашылығына түсетін қаржының тең жартысына жуығын ірі қара шаруашылығы береді.
Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1, 3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады.
Курстық жобаның мақсаты: ірі қара төлдерін нормаға сай азықтандырып, сүтті және етті бағыттағы ірі қара төлдерін жеделдетіп және әр түрлі қарқында өсірудің рациондарын белгілеуді қамтамасыз етеді. Сүтті және етті бағыттағы ірі қара төлдерінің азықтандыру ерекшеліктері [1; 2] .
1 Негізгі бөлім
- Әдебиетке шолуІрі қараның сырт пішіні және дене бітімі
Ірі қараның конституциясын, экстерьерін жәнеинтерьерін білудің ірі қара шаруашылығын дамыту үшін маңызы зор. Тек қана конституциясымықты, ал экстерьері мен интерьері жақсы мал ғанаөнімді мол береді. Ірі қараның конституциясы, интерьері және экстерьері оларды тұқымына, өскенортасына, шаруашылық бағытына, дұрыс жәнетолық азықтандыруына байланысты.
1. 1. 2 Сырт пішіні (экстерьері)
Экстерьер малдың сыртқы дене құрылысы. Олмалдың биологиялық ерекшеліктеріне жәнешаруашылықтағы өнімділік бағыттарына байланысты. Малдың экстерьерін зерттеу арқылы, оның денсаулығы жөнінде және қандай тұқымға жататындығын білеміз. Сүтті және етті ірі қараны сыртқы құрылысына қарап айырады. Асыл тұқымды мал өсіружұмысымен айналысқан уақытта малдың өнімділігінзерттеумен қатар, сыртқы дене құрылысын дазерттейді, әсіресе сұрыптау және жұптаумезгілдерінде малдың экстерьерін ерекше ескереді. Малдың экстерьері оның тұқымына, жынысына, жасына, бағып-күтуіне байланысты. Малдардыэкстерьері бойынша іріктегенде оның өнімділік бағытына, сүйегінің мықтылығына, дене етінің жетілуіне және дене құрылысының әрбір мүшесіне баға береді. Дене мүшелерінің кемістігін дұрыс анықтау қажет. Себебі дене мүшесінің кемістігі оның денсаулығының нашар екендігін көрсетеді. Ал денсаулығы нашар малдың өнімді аз беретіні мөлім.
Ірі қара экстерьерін жете зерттеген ғалымдарға М. И. Придорогин, Е. А. Богданов, П. Н. Кулешов, Е. Ф. Лискун, И. Ф. Иванов т. б. оқымыстылар жатады. М. И. Придорогин Ресейде шыққан (1904 ж), экстерьер жөніндегі оқулықтъщ бірінші авторы. Осы оқымыстының көп жылдық зерттеуі арқасында алғашқы рет ірі қараны кешенді бағалау көзделген. Оған: көзбен, дене мүшелерін өлшеп, суреті және графикалық анықтау тәсілдері жатады.
Әр тұқымның өзіне тән стандарты болады, бағалағанда тұқымына және өніміне қарайды, әрі әр малдың жасын тісіне қарап айыру, ал тірідей салмағын дене өлшемі арқылы анықтау т. б. тәсілдер ұсынылған.
1. 1. 3 Ірі қараның сырт пішінін бағалау тәсілдері
Ірі қара малдың сырт пішінін бағалай келіп, одан алынатын өнімді және оның асылдығын білуге болады. Малдың сырт пішінін бағалау үшін зоотехник-селекционердің тәжірибесі мол болу керек, әрі ол бағаланатын малды жақсы білуі қажет, сонымен қатар оның күтімі, азықтануы жөнінде мәліметтер болғанда ғана малдың сырт пішіні дұрыс бағаланады.
Көзбен бағалау тәсілі. Малдың дене пішінін бағалаудағы ең негізгісі болып саналады. Тәжірибелі мамандар осы төсілді пайдаланып малдың дене бітімін (конституциясын), әрі денсаулығын т. б. анықтайды, әрі малдың өнімділігін және асылдығын да анықтауға болады. Көзбен бағалау екі түрге бөлінеді: біріншісі малдың мүшелерін жеке-жеке сипаттап, оның мүшелерінің жетістігін және кемістігін анықтаса; екіншісі мүшелерін балмен бағалау, сосын жалпы қорытындысын шығарады.
Әр мүшені өлшеу. Малдың әр мүшесін өлшей бағалаудың да маңызы зор. Жалпы малдың 70 дене өлшемі бар. Соның ғылыми зерттеуінде 52 дене өлшемі, жалпы зерттеу үшін - 11, орташа дене өлшемі - 18. Бірақта дене өлшемі дұрыс болса да, малдың сырт пішіні жөнінде толық түсінік бере алмайды. Сондықтан бұл тәсілді көзбенен бағалағанда қосымша мәлімет ретінде қолданады.
Графикалық тәсіл. Бұл тәсілдердің негізі, мысалы бір дене өлшемін 100 пайыз деп есептейді де, қалған өлшемдердің айырмашылығыш соған пайызбен шаға анықтайды. Содан кейін график сызады. Ал 100 пайыз деп алған дене өлшемі түзу линия болады. Нәтижесінде екі-үш топтың дене пішінінің салыстырмалы бағалары анықталады.
Фотографиялықтөсілмен бағалау. Әсіресе, асыл тұқымды малдарды фотосуреттермен бағалаудың маңызы зор. Дене өлшемін толықтыруда фотосуреттің әсері ерекше. Әсіресе, өте жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды бағалағанда да фотосуреттің маңызы зор.
Зооинженерлер малдардың сырт пішінін бағалағанда олардың әр мүшелерінің жетістіктері мен кемшіліктеріне де көңіл бөледі.
1. 1. 4 Малдың жеке мүшелері
Басы. Малдың басының құрылысына және бітіміне қарай мал сүйегіне баға беруге болады. Көпке белгілі, жалпы бастың көлеміне, ұзындығы мен еніне және басының пропорциялық құрылысына қарай, малдың қандай конституцияға жататынын, әрі шаруашылық үшін маңызын анықтаймыз. Әр тұқымға, әр жынысты малға, әр бағытына қарай лайықты бастың құрылысы болады. Сүтті бағыттағы сиырлардың басы үлкен емес, жеңіл, ықшамды, ұзынырақ, ал ені кішкентайлау. Бұқалардың басы сөлекет. Етті бағыттағы сиырлардың басы ауырлау, ені үлкен, ұзындығы қысқалау. Маңдайы өте енді. Мүйізі жуан, басы ауыр, дөңкиген, дене бітімі сөлекет түрге жатады. Басы ұзын, мойын терісі қыртысты, сүйектері арбиған мал дене бітімі нәзік типті сүтті тұқымға жататын сиырларға тән.
Мойыны. Малдың жынысына байланысты, әрі тұқым бағытына қарай олардың мойындары да ерекше болып келеді. Сүтті тұқымға жататын сиырлардың мойыны жіңішке, терісі қыртысты, ал етті тұқымға жататын сиырлардың мойыны қысқа, жуан, әрі мойыны басына тұтас жалғасып жатады, кеуде ойымы сүтті сиырларда нашар жетілген, ал етті сиырлардікі жақсы жетілген.
Шоктығы. Сүтті бағыттағы сиырлардікі шоқтық біртегіс кейде шошақ, ені орташа. Шоқтығының шошақ кәрінуі, оның етінің нашар жетілгенін көрсетеді. Етті бағыттағы сиырлардың шоқтығы енді, біртегіс және жазық. Қосшоқтық етінің нашар жетілгенінің белгісі, ондай малдарды тұқымдыққа қалдырмайды.
Кеудесі. Кеуде қуысында өкпе, жүрек орналасқан. Олардың демалу, қан айналуы үшін маңызы зор. Өкпесі жақсы жетілген малдың кеуде қуысы өте көлемді келеді. Кеуденің көлемі оның ұзындығына, кеңдігіне жәнеендігіне байланысты. Ал қушиған, терең емес, жауырын сырты ойлы болса, ол кеуде мүшенің оте үлкен кемшілігі. Аса сүтті бағыттағы сиырлардың кеудесі кең, терең, енді әрі ұзын болады, ал етті бағыттағы сиырлардың кеудесі енді және терең. Кеуденің кеңдігін, малдың биіктігіне қарап та айтуға болады. Егерде шоқтығының биіктігінің 50% болса, ондай кеуде терең болып саналады. Ксудесі қушиған малдың шоқтығы биіктеу келеді, қабырғалары алшақ, әрі еттері нашар жетілген болады.
Арқасы. Арқа дененің бір бөлімі, алдыңғы жағында шоқтықпен, артқы жағында белмен, бүйір жақтарында кабырғалармен шсктескен. Малдың арқасы әр уақытта тегіс және енді болып келеді, әрі ол малдың сырт пішінінің құрылысына көп әсер стіп, оның дене бітімінің мықтылығын анықтайды. Арқанын мықтылығы оның омыртқа сүйектеріне, оның етінің дамуына байланысты. Арқа, малдың өте мықтылығын көрсетеді. Арқаның ойлылығы немесе бүкірлігі дене пішінінің кемістігі болып саналады.
Белі. Малдың арқасының жалғасы, әрі онымен бір тегіс және түзу. Осы түзу қалпында артқы бөксемен жалғасады. Белдіңмықтылығы, оның бел омыртқа мен етінің жетілуіне байланысты.
Бөксенің көлемі жамбас, ортан жілік және құймышақ сүйектерінің өзара байланысына қарай қалыптасады. Бөксе алды-артынан тұтас кең болуы керек. Сиырдың сүттілігі және еттілігі көбінесе бөксенің көлеміне байланысты. Барлық мал үшін мықыны кең, сауыры жалпақ, тегіс болғаны қолайлы. Қушиған немесе тым қысқа, әлде түсіңкі бөксе қай мал үшін де өте үлкен кемістік.
Іші. Малдың іші аумақты, ықшамды болғаны дұрыс, ал босаңқы және салбырап тұрса, ол оның үлкен кемістігі. Іші салбыраған малдардың белі қайқы келеді. Әсіресе бұқалардың іші ықшамды, тартыңқы болғаны жөн.
Аяктары. Табиғи жайылымда малдар жайылғанда төзімді болуы керек. Малдың аяқтары, әрі буындары жақсы жетілуі қажет. Тұяқтары мықты, ал түсі көмескі болмағаны жөн. Малдың аяқтарына тән кемшіліктерге - қайшы аяқтылық, ортақ тілерсектік және т. б. жатады.
Индекс тәсілі. Индекс - дегеніміз екі дене өлшемінің бір- біріне пайыздың байланыс қатынасын айтамыз. Мысалы, кеуде енінің кеуде тереңдігіне пайыздың қатынасын кеуделігінің индексі, кеудесінің жауырын түсынан орамның шоқтығының биіктігіне пайыздың қатынасын - салмақтың индексі т. б. сол сияқты түсінеміз. Индекс тәсілінің маңызы зор, себебі ол тек қана бір белгіні ғана анықтамай, қатарынан екі-үш белгіні анықтайды. Индекстің, әсіресе малдардың тобын бірі мен бірін салыстырғанда маңызы зор, ол үшін 10 шақты индексті қолданады. .
Малдың дұрыс өсіп жетілгенін анықтау, дене қүрылысының сыртқы сымбатын бағалау, әрі малдың дене бітімінің сипатын білу үшін дене құрылысының индексін есептейді. Әрине екі мүше өлшемі анатомиялық ерекшеліктері арқылы бірімен бірі байланысты болады.
Дене құрылысы индексін есептеу арқылы малдың типіне толық сипаттама беріледі, оның жасының өзгеруіне қарай дене қүрылысындағы өзгерістер анықталады.
Сурет 1. І- Бас: 1 - бет әлбеті, 2 - мандайы, 3 - тұмсығы,
- - мүйіз арасы, 5 - мүйіз, 6 - көзі;
ІІ- Мойны: 7 - әукесі;
ІІІ- Алдыңғы бөлімі: 8 - төстік, 9 - шоқтығы,
- - жауырыны, 11 - иығы;
ІV- Алдыңғы аяғы: 12 - шынтағы, 13 - тілерсегі, 14 - тізе буыны, 15 - алдыңғы сирақ, 16 - бакай, 17 - тұяғы, 18 - тұякща;
V- Денесінің орта бөлімі: 19 - арқасы, 20 - белі, 21 - кабырғалары,
- - іші, 23 - шабы, 24 - желіні, 25 - аш бүйір;
VІ- Артқы бөлімі: 26 - сауыр, 27 - артқы сан буыны, 28 - сербегі,
- - құйымшағы, 30 - құйрық түбі;
VІІ- Артқы аяғы: 31 - тізесі, 32 - артқы саны, 33 - сауыры,
34 - балтыры, 35 - тобығы, 36 - тобық сүйегі,
37 - артқы сирағы, 38 - өкшесі,
39 - тұяғы, 40 - тұяқша, 41 - құйрығы.
Асыл тұқымды етті ірі қаралардың дене құрылысының ұзындық индексі сүтті ірі қара тұқымдарымен салыстырғанда көбірек болса, ал дене құрылысының сирақтылық индексі керісінше сүтгі ірі қара тұқымында көбірек болады.
Малдың дене қүрылысының индексі мал жасының, бағып- күтудің жеке азықтандырудың өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.
1. 1. 5 Сиырдың желіні
Сүтті бағыттағы ірі қара шаруашылығын өндірістік жолға ауыстыруға байланысты қазіргі кезде оларды машинамен саууға бейімділігін анықтау ерекше орын алады.
Желіннің басты көрсеткіштерінің бір - түрі. Оның машина мен саууға бейімділігін анықтау үшін ғана емес, сүттілігін анықтау да негізгі белгілерінің бірі.
Сиырдың желінін бағалағанда оның түріне (формасына), көлеміне және құрамына, дамуына, емшектерінің орналасуына, әрі сүт тамырларының білінуіне қарайды. Желіннің түрі әр түрлі болып келеді, сиырдың жасы ұлғайған сайын желіннің түрі де өзгеріп тұрады.
Желінді астау, тегене, дөңгелек, шошақ (ешкі желін) деп төрт түрге бөледі. Ең тәуірі сүт бездері жақсы жетілген астау мемесе тегенеге ұқсағаны, яғни үлкен, әр бөлігі тең және кең, әрі тең орналасқан цилиндрлі емшегі бар желін.
Кесте 1-Қара ала тұкымды сиырлардың сүт өнімі және желін түрлері
дөңгелек
Шошақ(ешкі
Желінітәріздес)
Дөңгелек желіннің денеге бітіскен жерлерінің көлемі, астау немесе тегене тәріздестерге қарағанда аздау. Сондықтан олардың арасында салбыраңқы, сиырдың жүріс-тұрысына ыңғайсыз түрлері жиі кездеседі.
Желіні жүмсақ, әрі жүқа болса, онда ол сиырдың аса сүттілігін көрсетеді. Астау және тегене тәріздес сиыр желіндері сауар алдында өте көлемді, ал сауып болғаннан кейін көлемі тез тартылады, ол да оның аса сүтті екенін көрсетеді. Сүт құдықшасы сүт тамырларымен жалғасып жатады, қолмен ұстағанда оны жақсы байқауға болады. Желіннің артқы және алдыңғы бөлімдері біркелкі дамығаны жөн, ол әсіресе машинамен сауу үшін өте қолайлы, әрі сүттің желіннен және емшектен шығуына қолайлы. Ал егерде желіннің 4 бөлімі тең дамымаса, әр бөлімнен өр түрлі сүт алынады, әсіресе желіннің алдыңғы бөлімдері тез сауылып, артқыларынан өлі де болса сүт бөлініп жатады. Осы жағдай сиыр үшін өте қолайсыз, себебі алдыңғы желін бөлімдерін маститке шалдықтыруы мүмкін.
Сиыр желінінің гистологиялық құрылысына қарай оның сүттілігін білуге болады. Сүт желінінің қалыптасуына сиырдың тұқымы, жасы, сауу маусымы, буаздығы, азықтануы, бағып-күтуі көп әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz