Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті Ақпараттық технологиялар факультеті
Кафедрасы Жасанды интелект және Big Data
Реферат
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Орындаған:____________________
Тексерген: ____________________
АиУ 18 - 10 а
Алматы 2020 ж
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
Жер құқығы -- құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын жасау және оны белгілі деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында заңдылықты нығайту. Қазақстандағы барлық жерге байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының "Жер туралы" (2001) Заңымен реттеледі.
Жер - табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Жер - тұтастай алғандағы адамзат үшін қажетті және басты материалдық ресурс болып табылады. Аталған бұл термин көп қырлы болып табылады және бірнеше мағынада қолданылады: 1. Жер кең мағынада алғанда Жер шары ретінде түсініледі. 2. Жер адамның өмір сүретін ортасы және табиғи байлықтардан, жер бедерінен, ландшафттардан құралатын Жер шарының қабаты ретінде. 3. Жер жер құқығының реттеу пәні ретінде. Бұл тұста біз жер деген түсініктің астарынан табиғи ресурстарды, ауыл және орман шаруашылық өндірістерінің басты өндіріс құралы, құрылыстар, құрылымдар және басқа да объектілер салу үшін қажет болып табылатын кеңістіктің базис деген мағыналарды көре аламыз. Құқық саласы ретінде жер құқығы дегеніміз - жерді пайдалану мен қорғаумен, жерді жеке меншікке және жер пайдалану құқығына берумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы. Ғылым саласы ретінде жер құқығы дегеніміз - көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың, ойпікірлерінің және әртүрлі ғылыми көзқарастардың жиынтығы болып табылады. Оқу пәні ретінде жер құқығы - дәрістік және тәжірибелік сабақтардың жиынтығы, яғни, жер құқығы ғылымының негізгі ережелерінің белгіленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Жер кодексінің 12-бап 7-тармағына сәйкес, жер дегеніміз - Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез-келген еңбек процессінің аумақтық негізі. Осы анықтамаға сәйкес, жердің күнделікті өмірде атқаратын қызметі мен ролін анықтап алуға болады: 1. Жердің саяси-құқықтық қызметі. Яғни, мемлекетіміздің егемендігі белгіленген шекара шегіндегі, Қазақстан халқының тұрғылықты тұрақты мекені; 2. Жердің экологиялық қызметі. Яғни, жер қоршаған ортаның құрамдас және ажырамас бөлігі, табиғи ресурс; 3. Жердің экономикалық қызметі. Яғни, жер жылжымайтын мүлік ретінде танылып, азаматтық айналымның объектісі ретінде елдің байлығы байлығы. Жердің әлеуметтік қызметі. Жер адамдардың өмір сүру негізі және еңбек процесінің аумақтық негізі болып табылады. 2 Жер құқығының пәні. Жер құқық қатынастары: түсінігі, обьектісі, субьектісі және түрлері Жер құқық қатынастары дегеніміз - жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субьектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Жер қоры Қазақстан аумағының барлық жерлерінің жиынтығы. Қазіргі жер қоры жеті санатқа бөлінеді: 1. ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер; 2. елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері; 3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер; 4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5. орман қорының жері; 6. су қорының жері; 7. босалқы жері; Жер учаскесі дегеніміз - белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген тұйық шекара ішіндегі бөлінген жер бөлігі (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бап 21-тармағы). Жер учаскесінің мынадай белгілері бар: Біріншіден, түрақты белгілі бір аумақта орналасқан жердің бір бөлігі; Екіншіден, тұйықталған шекарасының болуы; Үшіншіден, заңда белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетіндігі; Төртіншіден, жер учаскесіне құқықтарды растайтын арнайы құжаттарының болуы. Мысалы, жер учаскесіне жеке меншіктің мемлекеттік актісі т.б. Жер құқық қатынастарының субьектілері дегеніміз - жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекет. Мысалы: мемлекеттік органдар, жердің меншік иелері, жер пайдаланушылар, қазақстандық тұлғалар, шетелдік тұлғалар, халықаралық ұйымдар және т.б. Жер құқық қатынастарының мазмұны дегеніміз - жер құқық қатынастарына қатысушылардың заңдармен белгіленген немесе реттелген құқықтары мен міндеттері. Жер құқығының әдістері дегеніміз - жер қатынастарын реттейтін, яғни, жер құқық қатынастары субъектілеріне әсер ету амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Жер құқығының әдістері екі түрге бөлінеді: императивті және диспозитивті. Жер құқығының императивті әдістері - билік пен бағыныштылыққа негізделген, міндетті қатысушысы мемлекет немесе мемлекет мүддесін білдіретін билік органдары болады. Императивті әдістер жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында, мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асырудың тәртібін анықтауда, жер учаскесінің шекті мөлшерін анықтауда, жер учаскесін тек нысаналы мақсатта пайдалану шектеулерін белгілегенде, т.б. жағдайларда қолданылады. Жер құқығының диспозитивті әдістері - жер құқық қатынастары қатысушыларының теңдігіне, шарт еркіндігіне негізделген. Бұл әдістер жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру саласында және жерде дербес шаруашылық жүргізуде қолданылады. Яғни, жер құқық қатынастары қатысушыларына жер учаскесіне қатысты өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Жер құқығының жүйесі дегеніміз - өзара тығыз байланысты жер құқық институттарының жиынтығы. Өзге құқық салалары сияқты жер құқығының жүйесі келесі бөлімдерден тұрады: жалпы бөлім, ерекше бөлім және арнайы бөлім. Жалпы бөлімде жалпы ережелер, яғни жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, қағидалары, қайнар көздері қарастырылған. Сонымен бірге, жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жер қатынастарын мемлекеттік реттеу және жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері көрініс тапқан. Жер құқығының ерекше бөлімінде жер қорының жекелеген санаттарының құқықтық режимі мен оларды қорғау жағдайлары қарастырылған. Атап айтсақ, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық режимі, елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жерінің құқықтық режимі, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердің құқықтық режимі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің құқықтық режимі, орман қорының жері, су қорының жері, босалқы жерлердің құқықтық режимі. Арнайы бөлім шетелдердің жер заңдарын зерттейді. Шетел мемлекеттерінің, Қазақстан жерін пайдалану мәселелерін, халықаралық шарттармен реттелетін жерді жалдау қатынастарын және жерді халықаралық қорғау және жер қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін зерттейді. Жер құқығының қағидалары Жер құқығының қағидалары дегеніміз - жер құқық қатынастарын реттеуде басшылыққа алынатын негізгі заңды түрде бекітілген бастамалар жиынтығы. Жер кодексінің 4-бабында жер қатынастарын құқықтық реттеудің қағидалары аталған: 1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi; 2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау; 3) жердi қорғау және ұтымды пайдалану; 4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 5) жердi нысаналы пайдалану; 6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы; 7) жердiң жай-күйi және оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 8) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау; 9) жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою; 10) жердi ақылы пайдалану принциптерiне негiзделедi. 1. Жер құқығының қайнар көздерiнiң түсінігі және белгілері Жер құқығының қайнар көздері дегенміз - жер құқығы қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық келісім шарттардың жиынтығы болып табылады. Белгілері: Жер қатынастары саласындағы мемлекеттің саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған; Жер қатынастарын реттеуге бағытталған; Бірнеше рет қолданылады; Жер құқық қатынастары субъектілерімен орындалуға міндетті болып табылады. ЖК 1-бабына сай Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; 3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихимәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жерi; 6) су қорының жерi; 7) босалқы жер. 2. Осы баптың 1-тармағында аталған жер белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылады. Жердiң құқықтық режимi оның қай санатқа тиесiлiлiгiне және жердi (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негiзделiп айқындалады. 3. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленедi: 1) орманды дала; 2) дала; 3) қуаң дала; 4) шөлейттi; 5) шөлдi; 6) тау етегi-шөлдi-далалық; 7) субтропикалық шөлдi; 8) субтропикалық-тау етегi-шөлдi; 9) орта азиялық таулы; 10) оңтүстiк-сiбiр таулы аймақтар. Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері жерге меншік құқығы кез-келген өзге мүлікке меншік құқығы сияқты шексіз емес. Жерге меншік құқығы деген ұғымды екі түрлі, объективтік және субъективтік мағынада қарастыруға болады. Объективтік мағынада: Бұл ұғым жерге меншік құқығын жүзеге асырумен туындайтын қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Бұл нормалар Қазақстан Республикасының көптеген заңнамаларында орын тапқан. Мәселен, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Азаматттық кодексі т.б. Субъективтік мағынада: Бұл ұғым тұлғаның өзіне тиесілі жер учаскесін заңда көрсетілген тәртіп пен шарттарды иелену, пайдалану және билік ету құқығын білдіреді. Жерге меншік құқығының мазмұнын иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды. Жер учаскесін иелену құқығы дегеніміз - заңда қарастырылған шекте меншік иесінің іс жүзінде жер учаскесін иемдену құқығы. Мысалы: жер учаскесін қоршап алуы, жер учаскесіне меншік құқығын куәландыратын құжаттарды дайындауы т.б. Жер учаскесін пайдалану құқығы дегеніміз - жер меншік иесінің өзінің шаруашылық және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жер учаскесінің пайдалы қасиеттерін алуды жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Мысалы: жер учаскесіне дәнді-дақылдар егіп, өнімге меншік құқығын жүзеге асыруы, жер учаскесінде тұрғын үй құрылысын жүргізуі, мемлекеттік салық органдарының жер учаскесіне салық жинап алуы т.б. Жер учаскесіне билік ету құқығы дегеніміз - меншік иесінің заңда рұқсат берілген шекте өзіне тиесілі жер учаскесінің заңды тағдырын шешу құқығы. Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес, жер заңда көзделген шектер мен тәртіпте жеке меншікте болуы мүмкін. Жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің бірдей қорғалуы Жер кодексінде де бекітілген. Демек, жерге меншік құқығы екі түрлі нысанда болады. Олар: Жерге мемлекеттік меншік және жерге жеке меншік. Жерге мемлекеттік меншік құқығы - мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағындағы өзіне тиесілі жер учаскелерін заңда көрсетілген талаптар мен шарттар негізінде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып танылады. Мемлекеттік меншік құқығының объектілері болып жеке меншікке берілмеген жерлердің барлығы табылады. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс қажеттерiне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады. Жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - яғни меншік иелері. Республикалық меншіктегі жерлерге билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Ал жергілікті меншіктегі жерлерге билікті жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жерге жеке меншік құқығы - жеке тұлғаның немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның өзіне тиесілі жер учаскесін заңда көрсетілген шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып танылады. Қазақстанда жерге жеке меншік құқығы шектеулі нысанда жүзеге асырылады: 1. Қазақстанның азаматтарына 23 бабына сай бірнеше жағдайда ғана беріледі. Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер келесi жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн: Шаруа \фермер\ қожалығын жүргiзу үшiн; Өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн; Орман өсiру үшiн; Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн; Саяжай құрылысы үшiн; Үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi және олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi; 2. Қазақстанның заңды тұлғаларына үш жағдайда беріледі. Ауыл шаруашылық тауарлы өндiрiсiн жүргiзу үшiн берiлуi мүмкiн Орман өсiру үшiн; Үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi және олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi. 3. Шетелдік тұлғаларға бір ғана жағдайда. Үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi және олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi жиырма бес жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығымен ғана иелене алады.. Жерге жеке меншік құқығының объектілері болып Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген тәртіпке сәйкес елді мекендер, ауыл шаруашылық мақсатындағы, орман және су қорларының жерлері табылады. Жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі - азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер жер заңдарында өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады. Қазақстан Республикасының Жер кодексі заңды күшіне енгенге дейін шетел азаматтары, шетел заңды тұлғалары және азаматтығы жоқ адамдар жерге жеке меншік иесі болып табылмайтын. Қазіргі кезде жер заңнамасын саралау нәтижесінде аталған тұлғалардың жеке меншік құқығында үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\ олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi және олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi бола алатыны анықталды. Жер пайдалану құқығы дегеніміз - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі немесе өтеусіз негізде мерзімсіз немесе белгілі бір мезгіл ішінде иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының мынандай түрлері бар: 1. Тұрақты жер пайдалану құқығы; 2. Уақытша жер пайдалану құқығы; 3. Өтеулі жер пайдалану құқығы; 4. Өтеусіз жер пайдалану құқығы; 5. Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы; 6. Иеліктен шығарылмайтын жер пайдалану құқығы. Тұрақты жер пайдалану деп жерді алдын ала мерзімін белгілемей отырып пайдалану болып табылады. Тұрақты пайдалануға тек мемлекеттік тұлғаларға ғана беріледі. Бұл Жер кодексінің 34-бабында көрсетілген. Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға: 1) кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғаларға; 2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға беріледі. Сонымен қатар, тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды. Уақытша жер пайдалану құқығы алдын ала мерзімін белгілей отырып пайдалану. Уақытша жер пайдалану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz