Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті Ақпараттық технологиялар факультеті
Кафедрасы Жасанды интелект және Big Data

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қоғам. Мәдениет. Өркениет

Орындаған:Момбеков Мухамеджан
Тексерген: ____________________

АиУ 18 - 10 а

Алматы 2020 ж
Қоғам. Мәдениет. Өркениет
1. Әлеуметтік философияның пәні.
2. Әлеуметтік идеялардың даму тарихы.
3. Мәдениет ұғымы. Материалдық және рухани мәдениет.
4. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар.
5. Мәдениет және өркениет.
Философия - болмыстың заңдары мен жалпы принциптері, адам мен әлем арақатынасы және таным жайындағы ілім.
Философия термині гректің phileo - сүіспеншілік и sophia - даналық деген екі сөзінен құралған, данышпандыққа құштарлық дегенді білдіреді.
Философ сөзін ендірген көне грек ойшылы Пифагор болды.
Философия адам өзін іс-әрекетшіл тіршілік иесі ретінде табиғаттан бөліп алғанда, өз әрекеттерінің мүмкіндіктері мен шекарасына талдау жасай бастағанда, мәдениет дамуының белгілі бір деңгейінде пайда болды. Бұл әлемге деген саналы-теоретикалық қатынас. Сондай-ақ философия адамның өзіне, өз танымына, әлемге рационалды-сыни қатынасты ұсынды.
Философиялық білім жүйесін мына төменгі бөлімдерге бөлуге болады:
онтология - әлем, болмыс туралы жалпылама, қозғалыс туралы және оны қозғаушы ғаламдық күш туралы, оны ұйымдасуының жалпы заңдары туралы ілім.
гносеология - таным туралы, оның негіделуі, оның мүмкіндіктері мен шекарасы жюөніндегі ілім.
әлеуметтік философия - қоғам туралы, оның негізгі сфералары, оның адам мен табиғатпен өзара байланысы туралы ілім.
антропология - адам туралы, оның табиғаты және іс-әрекетін ұйымдастыру туралы ілім.

1. Әлеуметтік философия туралы жалпы түсінік

Адамның барлық объективті мүмкіндіктері (дүниені тану, түсіну, ұғыну т.б.) және одан қисынды туындайтын шығармашылық, жасампаздық іс-әрекеттері нақты тарихи дәуірде, қолайлы жағдайларда ғана іске асырылады. Адамның басқа адамсыз күні жоқ, о бастан-ақ ол өз болмысын басқаларсыз қарастырмаған. Адамның дүниеге қарым-қатынасының мәнін ашу негізгі міндеті болып табылатын философия қоғамды жан-жақты зерттеп, оның түпкі заңдылықтарына ерекше көңіл аударып отырған. Философияның қоғамды ерекше құбылыс ретінде қарастырып, оның мәнін ашатын бөлімі - әлеуметтік философия деп аталады. Ол қоғамды біртұтас динамикалық жүйе ретінде ала отырып, оның негізгі және қозғаушы күштерін анықтап, өмір сүруі мен дамуының тетіктерін айқындайды. Әлеуметтік процестердің қисынын түсіндіреді. ХІХ ғасыр философиясында әлеуметтік философия онтологияны, гносеологияны, философиялық антропологияны, этиканы толықтырып отыратын қосалқы пән ретінде дамыған. Дүрбелеңге толы XX ғасырда әлеуметтік философияның қоғамдық маңызы аса түскенін атап айтуымыз қажет. Әлеуметтік философия дегеніміз-қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсіндіретін теория. Ол социологиямен тығыз байланысты. Егер әлеуметтік философия қоғам туралы білімдердің жоғары дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы десек, онда социология осы білімдердің орта дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы. Социология қоғамдағы жеке жүйелердің өмір сүріп, даму заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы. Әлеуметтік философия мен социология бірін-бірі толықтырады. Ғылыми білімнің тарих, археология, этнография, саясаттану сияқты салаларымен біріге отырып, қоғамның толық сипатын бере алады. Дегенмен‚ қоғамды философиялық зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, тарихты санасы бар адам жасайды. Сондықтан қоғамдық өмір әртүрлі, шым-шытырық, тіпті шатасылған, онда күтпегендік жиі болып тұрады. Ол әртүрлі көріністерге өте бай, оның көріністерінің терең қабаттарына бойлай отырып, ондағы заңдылықтарды анықтау оңай жұмыс емес. Қоғамдық болмысты тануға ең жетілген эксперименттік база көмектесе алмайды. Бұл жерде көптеген фактілерді жинақтап, талдап, түсіндіретін ақыл-ойдың ғаламат күші мен біліктілігі қажет. Әлеуметтік философияда әртүрлі ойлар мен теориялардың ақиқаттығын бірден тікелей дәлелдеу қиын, олардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін уақыт керек.

2. Әлеуметтік философияның пәні.

Әлеуметтік философия терминін айналымға қашан және кім енгізгені туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға енуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы - соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын., пәндік ерекшеліктерін, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға онша ықпалын тигізе қоймайды. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп атала бастады.
Әлеуметтік философияға ерекше анықтама берген орыс ойшылы С.Л. Франктың пайымдауына тоқталайық.
1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі -- Қоғамның рухани негіздері атты кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: " әлеуметтік философия мәселесі - бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді".
С.Л Франктың әлеуметтік философияға қатысты негізгі ойлары мынадай сұрақтарға жауап беру төңірегінде:
Қоғамдық өмір деген не?
Адам өмірінде қоғамдық өмір қандай орын алады және оның шынайы мақсаты неде?
Адам өзінің қоғамдық болмысы формасын құра отырып неге ұмтылады және неге жетуі мүмкін?
Адамның қоғамдық өмірі әлемдік, ғарыштық болмыста қандай орын алады? Қоғамдық өмір болмыстың қай саласына жатады және оның нағыз мәні неде?
Қоғамдық өмірдің жалпы өмір негізін құрайтын абсолюттік бастаулар мен құндылықтарға қатынасы қандай?
Оның айтуынша әлеуметтік философия - "қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін" зерттеумен айналысатын философиялық таным.
Ал, әлеуметтiк философияның қарастыратың мәселелер келесi:
* әлеуметтiн жалпы даму заңдарың жалпы әлем қалыптасу жүйесiнiң бөлiгi ретiнде
* қоғамдық болмыс және адамдардың рухани дүниесiнiң ерекшелiктерiн, ұжымдық сананы
* әлеуметтiк құбылыстарға адамдардың құндылық қатынастарың, олардыңадамдардың қажеттiлiктерi мен мақсаттарына сәйкестiгiн.
Сонымен, әлеуметтiк философия әлеуметтiк әлемге деген өзiндiк көзқарасын қалыптастырады, ал мұны басқа жеке ғылымдар жасамайды, өйткенi олар көпқырлы әлеуметтiк құрылымның тек жеке үзiндiлерiн зерттейдi. Бiрақ, бұдаң адамның негiзгi мәселелерiн тек әлеуметтiк философия шешедi деген пiкiр қалыптаспау керек, өйткенi жеке ғылымдардың теориялары, олардың тәсiлдерi және олар арқылы алынған эмпирикалық деректер сiз әлеуметтiк философия өз мағынасынаң айырылады.
Ендi осы келтiрiлген пiкiрлердi бiрiктiрсек, мұнда шығатыны: әлеуметтiк философия адамның қоғамдық өмiрiнiң барлық әлемдерiнiң - тарих, мәдениет, дiн, саясат, құқық, экономика т.б. әлемдерiнiң түпкi, онтологиялық негiздерiн зерттейтiн философиялық бiлiм саласы.
Әлеуметтiк философияға өзгеше анықтама берген орыс ойшылдары: Бердяев, Ильин, Флоренский, Булгаков. Франк Қоғамның рухани негiздерi атты кiтабында әлеуметтiк философияның сұрақтарың анықтайды: 1) Қоғамдық өмiр деген не? 2) Адам өмiрiнде қоғамдық өмiр қандай орн алады және оның шынайы мақсаты неде? 3) адам өзiнiң қоғамдық болмысы формасын құра отырып неге ұмтылады және неге жету мүмкiн? 4) адамның қоғамдық өмiрi әлемдiк, ғарыштық болмыста қандай орын алады? Қоғамдық өмiр болмыстың қандай саласына жатады? Оның айтуынша әлеуметтiк философия- қоғамдық болмыстың жалпы негiздерiн зерттеумен айналасатын философиялық таным. Әлеуметтiк философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығына көруге ұмтылу болып табылады.
Әлеуметтiк философияны әлеуметтiк құбылыстар мен үдерiстердi танудың теориялық-методологиялық мәселелерi, заңдылықтары, социум болмысының логикасы қызықтырады. Және ақырында, С.Л.Франктың анықтауынша, әлеуметтiк философияның зерттеу аймағы- қоғамдық өмiрдiң мәнi, оның индивидуалды адам өмiрiмен қатынасы және қоғамдық өмiрдiң құндылық қрларының жалпы өмiрдiң фундаментальды құндылықтарына қатысты.

3. Әлеуметтік философияның функциялары.

"Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады". Мұнан шығатыны: әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық "әлемдерінің" - тарих, мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика және т.б. әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық ілім саласы.
Бұдан әлеуметтік философияны әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді танудың теориялық-методологиялық мәселелері, заңдылықтары, социум болмысының логикасы қызықтыратыны туралы тұжырымдаманы қосайық. Және ақырында, С.Л.Франктың анықтауынша, әлеуметтік философияның зерттеу аймағы - қоғамдық өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен қатынасы және қоғамдық өмірдің құндылық қырларының жалпы өмірдің фундаментальды құндылықтарына қатынасы. Осылайша, "әлеуметтік философияның" көпқырлы, көпөлшемді "түпкілікті формуласын" тауып және тегі жағынан тарихи, табиғаты жағынан философиялық болып табылатын әлеуметтанумен, мәдениеттанумен салыстырғанда оның немен айналысатынын біле аламыз.
Бұл формуладан шығатыны -- әлеуметтік философия функцияларын тек философиялық жүйеде ғана емес, бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесінде де жеткілікті түрде айқын жеткізуге болатындығы. Ең алдымен, әлеуметтік философия бойынша оқулық және арнайы әдебиет авторларымен толық келісе отырып, оның дүниетанымдық қызмет атқаратынын тиянақтауға болады, өйткені ол "әлеуметтік әлемді" бейнелеп қана қоймай, оның саналы бейнесі ретінде "оны жаратады да". Әлеуметтік философия әлеуметтік әлемнің тек картинасы, бейнесі ғана емес. Ол сонымен қатар, әлеуметтік идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмірмен байланысын анықтай отырып, осы әлемді жаратады да.

Адамның барлық объективті мүмкіндіктері (дүниені тану, түсіну, ұғыну т.б.) және одан қисынды туындайтын шығармашылық, жасампаздық іс-әрекеттері нақты тарихи дәуірде, қолайлы жағдайларда ғана іске асырылады. Адамның басқа адамсыз күні жоқ, о бастан-ақ ол өз болмысын басқаларсыз қарастырмаған. Адамның дүниеге қарым-қатынасының мәнін ашу негізгі міндеті болып табылатын философия қоғамды жан-жақты зерттеп, оның түпкі заңдылықтарына ерекше көңіл аударып отырған. Философияның қоғамды ерекше құбылыс ретінде қарастырып, оның мәнін ашатын бөлімі - әлеуметтік философия деп аталады. Ол қоғамды біртұтас динамикалық жүйе ретінде ала отырып, оның негізгі және қозғаушы күштерін анықтап, өмір сүруі мен дамуының тетіктерін айқындайды. Әлеуметтік процестердің қисынын түсіндіреді. ХІХ ғасыр философиясында әлеуметтік философия онтологияны, гносеологияны, философиялық антропологияны, этиканы толықтырып отыратын қосалқы пән ретінде дамыған. Дүрбелеңге толы ХХ ғасырда әлеуметтік философияның қоғамдық маңызы аса түскенін атап айтуымыз қажет. Әлеуметтік философия дегеніміз-қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсіндіретін теория. Ол социологиямен тығыз байланысты. Егер әлеуметтік философия қоғам туралы білімдердің жоғары дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы десек, онда социология осы білімдердің орта дәрежедегі жинақталуы немесе топтастырылуы. Социология қоғамдағы жеке жүйелердің өмір сүріп, даму заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы. Әлеуметтік философия мен социология бірін-бірі толықтырады. Ғылыми білімнің тарих, археология, этнография, саясаттану сияқты салаларымен біріге отырып, қоғамның толық сипатын бере алады. Дегенмен‚ қоғамды философиялық зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, тарихты санасы бар адам жасайды. Сондықтан қоғамдық өмір әртүрлі, шым-шытырық, тіпті шатасылған, онда күтпегендік жиі болып тұрады. Ол әртүрлі көріністерге өте бай, оның көріністерінің терең қабаттарына бойлай отырып, ондағы заңдылықтарды анықтау оңай жұмыс емес. Қоғамдық болмысты тануға ең жетілген эксперименттік база көмектесе алмайды. Бұл жерде көптеген фактілерді жинақтап, талдап, түсіндіретін ақыл-ойдың ғаламат күші мен біліктілігі қажет. Әлеуметтік философияда әртүрлі ойлар мен теориялардың ақиқаттығын бірден тікелей дәлелдеу қиын, олардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін уақыт керек.
Әлеуметтік психологиялық түсініктердің негіздері ертедегі грек еліндегі ғұлама ғалымдар Платонның Республика еңбегінде, Аристотельдің Саясат және Этика еңбектерінде қаланған. Әлемнің екінші ұстазы саналған ежелгі түрік елінен шыққанӘл-ФарабибабамызөзініңҚайыр ымдықала тұрғындары деген еңбегінде былай деп жазған: Адам өзінің табиғатына сәйкес өмір сүруі, дамуы және жоғарғы дәрежеге жетуі үшін көптеген заттарды қажет етеді, оларды жалғыз өзі тауып ала алмайды, ол үшін адамдардың қауымдастығы қажет.
Жаңа заман философиясында (ХУ-ХУІІғ.ғ.) Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо, Гегельдерді атап кету қажет.
XIX ғ. орта тұсында, қоғамдық процестерге қатысты көптеген ғылымдар дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезеңде тіл білімі қарқындап дамыды. Осы кезеңде Европада капитализмнің дамуына байланысты, әр түрлі елдер арасындағы экономикалық қатынастар көбейіп, халықтар миграциясы белсенді бола түсті. Тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың, басқа халықтың психологиялық ерекшеліктерін ескеру проблемалары туындады. Бұл проблемаларды шешу жалғыз тіл білімінің қолынан келмеді.
Сонымен бірге, осы кездерде антропология, этнография, археология ғылымдарында көптеген деректер жинақталынып, оларды түсіндіруде де әлеуметтік психологияның көмегі қажет болды.
Американ антропологы Э.Тейлор алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті туралы еңбегін тәмамдады, этнограф жөне археолог Л.Морган америка үндістерінің тұрмысын зерттесе, француз ғалымы (социолог жөне этнограф) Леви-Брюль алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың ойлау ерекшеліктерін зерттеді.
Бұл кезеңдегі психология, негізінен, индивидтер психологиясы тұрғысынан қалыптасқан еді. Адамның мінез-құлқын түсіндіруде психологияны қайта қарастыру бағдарламасы енді ғана дами бастады.
Социология ғылымына келсек, оның өзі дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың орта тұсынан бастап дамыды, оның негізін қалаушы француз философ-позитивісі Огюст Кант.
Социологияда психология бағыты тез дами бастады. Сонымен екі ғылымның (психология мен социология) дамуында бір-біріне қарай қозғалыс басталды, ал ол жаңа ғылым ретіндегі проблемаларды қалыптастырумен аяқталуы қажет болды.
Көптеген алғашқы әлеуметтік - психологиялық теориялар арасынан негізгі үш бағытты бөліп алуға болады: халықтар психологиясы, көпшілік психологиясы және әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы.
Халықтар психологиясы әлеуметтік - психологиялық теориялардың алғашқы формасы ретінде XIX ғасырдың ортасында Германияда қалыптасты.
Халықтар психологиясы теориясын тікелей жасағандар философ М.Лацарус (1824-1893) және тіл маманы Т.Штейнталь (1823-1893). 1859 жылы Халықтар психологиясы жөне тіл білімі журналы жарық көрді. Халықтар психологиясы туралы кіріспе тұжырымдары деген мақаласында авторлар, негізгі идеяларын - тарихтың негізгі күші - халықтың өзін мәдениет, дін, тіл, аңыз, әдет - ғұрыпта көрсетуі- деп түйіндеді.
Халықтар психологиясы идеясын ары қарай дамытқан В.Вундт (1832-1920) көзқарастары. 1900 ж. Вундтың он томдық Халықтар психологаясы еңбегі жарық көрді. Вундтың көзқарасы бойынша, психология екі бөліктен: физиологиялық психология және халықтар психологиясынан құрылуы керек. Физиологиялық психология эксперименттік пән, бірақ эксперимент жоғарғы психологиялық процесстер - сөйлеу мен ойлауды зерттеуге жарамайды. Міне, нақ осы жерден халықтар психологиясы басталады. Оның әдістері де басқаша: тіл, аңыз, әдет-ғұрып, мәдениет өнімдерін талдау.
Ресейде халықтар психологиясы идеясы белгілі лингвист ғалым А.А.Потебня зерттеулерінде қарастырылды. Лацарус, Штейнталь, Вундт және Потебня проблеманы әртүрлі тұрғыда қарастырғанымен, түжырымдамаларының идеясы ортақ: психология жеке индивид санасы емес, халық санасында қалыптасқан құбылыстарға тап болды, сондықтан, осындай ерекше проблемалармен айналысатын, өзіне тән әдістері бар, психологияның арнаулы саласы болуы қажет.
Қазақстанда осындай көзқарастарды әрі қарай дамытқан этникалық психология мәселелерімен айналысқан, осы ғылымның негізін қалаушылардың бірі саналагын М.Мұқанов.
Әлеуметтік - психологиялық теорияның екінші формасы бұқара, көпшілік психологиясы. Бұл теорияда жеке адам мен қоғамның өзара қатынасы қарастырылады.
Үшінші, әлеуметтік - психологиялық көзқарастар жүйесіне әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы жатады. Бүл теорияны ұсынған ағылшын психологы В.Макдугалл (әлеуметтік психологияның негізін қалаушылардың бірі), оның негізгі тезисі - әлеуметтік мінез-құлықтың түпкілікті себебі адамдардағы туа біткен инстинкттер дегенге саяды. Мақдугалл жеті пар инстинкттерді және олармен қосарласа жүретін эмоцияларды бөліп көрсетті. Оның идеяларының өте танымал болғанына қарамастан әлеуметтік мінез-құлықтың бір мақсатқа (гормэ -ұмтылу, тілек) жетуге талпыну ғана (санадан тыс) деген идеясы психология ғылымыныңтарихындатеріс әсерінтигізді.
Инстинктер теориясының бұл идеясы салдарларын жеңу ғылыми әлеуметтік психологияның қалыптасуының маңызды кезеңіне айналды. Аталмыш көзқарастардың бәрінде де эксперименттік зерттеулердің жеткіліксіздігі көзге ұрады. Дегенмен де әлеуметтік психология дербес пән деген ұсыныс жасалды, енді оның эксперименттік базасын тұрғызу қажет еді.
Әлеуметтік психологияның эксперименттік кезеңіне өтпестен бұрын, алдымен оның теориялық негіздерін қарастырған Маркстің дүниетанымына тоқтала кетейік. Бүл дүниетаным XIX ғасырдың ортасында қалыптаса бастады. К.Маркстің Капитал еңбегін Дж.Болдуин жеке-даралық жөне қоғамдық сананың арақатынасында түбегейлі өзгерістер тудырған еңбектердің бірі, - деп атап көрсеткен.
Психоанализ әлеуметтік психологияда бихевиоризм сияқты кең таралмаған. Мұнда да әлеуметтік - психологиялық теория тұрғызу талпыныстары бар.
Бүл орайда неофрейдистік тұрғы, әсіресе Э.Фромм мен Дж.Салливан еңбектері аталынады. Дегенмен классикалық Фрейдизм идеяларын әлеуметтік психологияға тікелей енгізетін теориялар да бар. Ондай теорияларға мысал ретіңде топтық процестер теорияларын: Л.Байон, В.Беннис, Г.Шепард, Л.Шутц атауға болады. Бихевиористерден өзгешелігі екеулік (диада) қарым-қатынастан гөрі көбірек адамдар қатысқан топтардағы процестерді қарастыру, осы бағытта Т-топтарда (тренинг топтары), адамдардың бір-біріне әсерінің әлеуметтік - психологиялық механизмдерін пайдалану тән. Психоанализді әлеуметтік психологияда қолдану жүйелі түрде емес, кейбір жағдайларын практикаға кіріктіру негізінде жүргізіледі. Осы тұрғыдан Т. Адорноның "Авторитарлы жеке түлға" еңбегін атауға болады (фашизмді тудыратын алғышарттар туралы).
Психоанализ психологиядағы жаңа ағымның гуманистік психология (А.Маслоу, К.Роджерс) туындауына себеп болды. Негізінен тренинг тобының теориясы мен практикасына сүйене отырып, түрліше тармақталған проблематикасы жасалынуда. Қазіргі кезде гуманистік психология жетекші ағымдардың біреуіне айналып келеді.
Когнитивизм гештальтпсихология мен К.Левиннің өрістер теориясынан бастау алады.
Бұл багыттағы көптеген теориялардың (Ф.Хайдер, Т.Ньюком, Л.Фестингер Ч.Озгуд, П.Танненбаум, американ зерттеушілері Д.Креч, Р.Крачфилд, С Аш) негізі - жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын түсіндіру. Адам санасында әлемнің тұтас, байланысқан идеалды көрінісін тұрғызу (қоршаған нақты әлемдегі қарама-қайшылықтарға байланыссыз) - бұл модельдің негізгі кемшілігі. Дегенмен бұл бағытта да іргелі проблемалар зерттелінуде (Трусов, 1983).
Интеракционизм әлеуметтік бағыттағы жалғыз теория ретінде Г.Мидтің символдық интеракционизм теориясынан бастау алады.
Қазіргі кезде бүл бағыт әлеуметтік психологияда Мидтің теориясынан басқа да теорияларды қамтиды: ролдер теориясы (Т.Сарбин), референтті топтар теориясы (Г.Хаймея, Р.Мертон). Э.Гофманның әлеуметтік драматургия теориясы. Бұл теорияда "өзара әсерлесу" ұғымы негізгі болғанымен де, қоғамдық қатынастардағы, қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты индивидке әсер ететін әлеуметтік себептерді қарастыру мәселелері шешілмеген.
Осы төрт бағытгың өзіндік негіздері болғанымен де, көбінесе бір-біріне араласып отырады.
Мәдениеттің сан-салалығы, ол шешетін міндеттердің әртүрлі оның
сан-алуан компоненттері мен бөлімдерін құрайтын құрылымды күрделендіре түседі.
Мәдениетті әлеуметтік қызметтің бір түрі ретінде қарастырғанда мынадай екі ерекшелік байқалды:
- мәдениетті нормалардың, әдістердің, рәсімдердің жиынтық процесі ретінде қарастыратын субъектілік, қазметтік ерекшелік;
- мәдениетті мәдени процестің, шығармашылық қызметтің белгілі бір қорытындысы, нәтижесі ретінде қарастыратын объектілік, құндылықтық көзқарас.
Бұл жағдайда мәдениет материалдық және рухани құндылықтардың тарихи қалыптасқан жүесі ретінде көрінеді. Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: мәдени және рухани құндылықтар;
- мәдениеттің материалдық тұрпатына әдетте техниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай-ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия, білім жүйесі сияқты организмдер жатады;
- мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады.
Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді.
- ғылыми, тиімділігі жоғары, теориялық сана;
- әдеттегі, жүйесіз, қас-қағым сәттік сана, онда көңіл-күй сәттерінің, нанымның ролі орасан зор.
Мәдениет - қоғамдық-тарихи практикалардың процесінде адамзат жасаған материалдың және рухани байлықтың жиынтығы.
Мәдениет - материалдың және рухани байлықтың бөлінбес бір көрінісі, "Материалдық мәдениет" дегеніміз - қоғам дамуының белгілі бір кездеңінде қол жеткен өндіріс құралдары мен басқа да материалдық байланыстардың жиынтығы. "Рухани мәдениет" деген ұғым қоғамның ғылымда, өнерде, мемлекеттік және қоғамдық өмір мен құқықтарда қол жеткен жайларды қамтиды. Рухани мәдениет материалдық өмір жағдайының бейнесі болып табылады, оның мазмұны мен сипатын қоғамның экономикалық құрылысы белгілейді. Ұлттардың тууы мен дамуына сәйкес мәдениет ұлттық формада дамиды.
Адамзат дамуының қазіргі кезеңнің ең жоғарғы сатысы болып табылатын өркениет мәдениеті өткен заманның озық мәдениетінің табыстарын қорытады және дамытады. Бұл мәдениеттің идеялық мазмұны және негізі - дүниеге ғылыми көзқарас. Бұл мәдениет қоғам мүшелерін адамгершілік рухында тәрбиелейді.
Мәдениеттануда міндеттердің орындалуының ортақ нәтижесін қоғамдағы мәдениеттің ролі деп атайды.
Мәдениеттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:
көндіктірушілік;
құндылықты-нормативтік;
әлеуметтендіргіш;
ұйымдық реттегіш;
ізгілікті;
комуникаттивті-ақпараттық.
Көндіктірушілік міндет тетіктер, құралдар, әдістер, тәртіптер әзірлеуге
байланысты, олардың көмегімен адамның табиғат пен әлеуметтік ортаға көндігуі жеңілдейді, барынша тиімді бола түседі.
Құндылықты-нормативтік міндет нормалардың, құндылықтардың ,
дәстүр мен әдет ғұрыптың, мәдени үлгінің сапталуы мен берілуін қамсыздандырумен байланысты. Олардың көмегімен адамның, топтың, қоғамның өзін-өзі тануы іске асады. Жеке құндылыққа бейімделу, егер ізгіліктік мазмұн оны бағалау өлшемі ретінде берілсе, адамның мәдени деңгейін көрсетеді.
Әлеуметтендіргіш міндеті адамның алдына оның қоғамның толыққанды мүшесіне айналуына қажетті білім мен дағдыларды игеру мақсатын қояды. Ол қоршаған ортаға сәйкес әрекет етуге, өзінің өмір салтын дербес қалыптастыруға, әлеуметтік мәдени орта жағдайының ұдайы өзгеріп отыратын ахуалына бейімделіп қана қоймай, өз мұқтажына қарай оған әсер ете білуге тиіс.
Ұйымдық-реттеушілік міндеті қоғамның немесе оның бір бөлігінің өмір сүруінің қамсыздандырылуы мақсатында қоғамның, топтың, жіктің теңдігін ұстауға бағытталған.
Мәдениеттің ұйымдық элементтеріне бірлестіктің мына үлгілерін жатқызуға болады: биоәлеуметтік (отбасы,ру, тайпа, жыныстық одақ), әлеуметтік (тайпа, ру одақтары), әлеуметтік саяси (мемлекет, саяси және кәсіби одақтар). Ұйымдық-реттеушілік міндет сол мәдениеттің барлық субектілеріне теңдестірілген талаптарды әзірлеуге байланысты.
Бұл міндет моральдық, діни, құқықтық құндылықтар мен нормалардың көмегімен іске асады.
Ізгіліктілік міндеті: Адамдар ерте заманнан-ақ мәдениеттің басты міндетін адамзатты рухани жетілдіру деп түсінді. Мәдениет жеке адамды дамытуға, оның рухани өсуі мен еркіндік деңгейін қамсыздандыруға тиіс. Қытайда мәдениетті "жэнь" - адамгершілік түснігімен мағыналас деп қарастырады. Қазіргі уақытта оның ең дәл мәнін А. Швейцардың мына сөзімен беруге болады: "Бірде-бір адам зат ретінде жағдайға орай құрбандыққа шалынуға тиіс емес және осы этикалық заң адамның өзінен оның мәдениетінің басты принципі өмірдің кез-келген нысаны алдында имандылықты сақтауды талап етеді.
Коммуникативтік-ақпараттық міндет күрделі және сан қырлы. Кез-келген қызметтің табысы мәдениеттің гносеологиялық қуатын, аппараттық байлығын құрайтын білімнің, ақылдық, дағдының жиынтығынан тұратын барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма және өркениет
Эзотеризмнің мәдениет құндылықтарының балама жүйесін қалыптастырудағы орны
Аударма сапасының бағалау мәселелері
Ортағасырлық қазақ мәдениеті
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Мәдениеттану ғылым ретінде
Қазақ топырағындағы қалыптасқан философиялық ойлардағы адам мәселесі
Еуразиялық мәдени тип
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
Аударма түрлеріне жалпы түсінік және қалыптасу кезеңдері
Пәндер