Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Аударма теориясы

Тақырыбы: Марк Твеннің The Adventure of Tom Sowyer романында фразеологизмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу мәселесі

Орындаған: Аударма мамандығы бойынша
II курс, ПДК 17 01 тобының студенті Әмірова Л.Б
Ғылыми жетекші:п.ғ.м., аға оқытушы Давлетова С.Е.

НҰР-СҰЛТАН 2019
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.Фразеология ілімінің қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктері ... ... ..5
1.2 Фразеологиялық бірліктерді аудару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..9
2. Марк Твеннің The Adventure of Tom Sowyer романында фразеологизмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2.1 М.Твеннің The Adventure of Tom Sowyer романында фразеологизмдердің және аударма тәсілдерінің қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Фразеологиялық бірліктерді аудару жолдары және сақталатын тәртіп ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар. Ол сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттері болады, бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көз бояу, жүрегінің түгі бар,т.б. Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып, жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.
Курстық жұмысымыздың мақсаты:ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің қазақ тіліне аударылу ерекшеліктерін, тәсілдері мен амалдарын анықтап талдау.Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау - қызғану; іші күю - өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды. Фразеологизмдерге идиома, фраза, мақал-мәтелдер жатады.
Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері:
1. Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады;
2. Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;
3. Мағына бірлігі сақталады;
4. Екі сөзден кем болмайды.
Қазақ фразеологиясы елінің құрьлым, құрылысы мен мағынасы жағынан
басқа тілдердегі тұрақты тіркестерден ерекшеленеді. Фразеологизмдер елінің
бейнелілік, әсерлілік, көркемдік, экпрессивті-эмоциялық, стильдік қасиеттерімен көзге түседі. Ойдың нәрін кіргізетін тұрақты тіркестерді
халқымыз кеңінен қолдана отырып, ұрпақтан-ұрпакқа жеткізген. Сөйтіп, олар
ұзақ уақыт бойы толығып, дами түседі.
Қазақ фразеологизмдері қазіргі заманға ұлттық мәдени ұғымдарды жеткізіп қана қоймай, ежелгі қазақ реликтерін де жеткізеді. Сонымен қатар, шығу тегі мен әрі этнолингвистикалық сипатына қарай фразеологизмдер өзінің семантикалық табиғатына қоса, абстрактылы және ауыспалы мағынада колданылады. Сөйтіп, тілде коммуникативтік қызметін атқарады.
Қазақ халқы өзінің тарихында талай көрші елдермен, шет жұрттармен
экономикалық әрі мәдени қарым-қатынасты басынан кешірген. Тілімізде осыған орай туған толып жатқан тіркестер бар. Олардың біреулері жазба әдебиеті, хиссалар арқылы, екіншілері- сауда-саттыққа байланысты, үшіншілері - дін тартушылардың уағызымен, тағы біреулері екі елдің күн көріс
тіршілігіндегі ортақ ой-сана, дәстүр тауқыметімен, түрліше ықпалдарға сай
туып орныққан.
Курстық жұмыстың мақсатына орай алға қойылған міндеттер:
-фразеологизмдердің теориялық негіздерін;
-фразеологизмдердің мәні,түсінігі жасалу жолдарын;
-фразеологизмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу мәселелерін зерттеу арқылы тақырыпты ашу.
Халық мәдени, т.б. байланысқа қандай мұқтаж болса, бір тіл екінші
тілден сөз ауыстыруға сондай мұқтаж. Ал бұл жұмыста мен екі тілдің тұрақты тіркестерінің ерекшеліктері мен оларды бір тілден екінші тілге аудару жолдары мен маңыздылығы жөнінде айта кетеміз.
Зерттеу жұмысымыздың нысаны.Ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді ашып көрсету үшін зерртеу жұмысының нысаны ретінде және шығарма контекстіндегі тұрақты тіркестерді ескере отырып,Марк Твеннің The Adventure of Tom Sowyerроманы алынып отыр.Шығармада фразеологизмдерді тауып,олардың қандай мағынада жұмсалғанын зерттеу.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: Марк Твеннің The Adventure of Tom Sowyerроманының құрамындағы фразеологизмдер болып табылатын сөйлемдердің анализін жасау,салыстыру,орын алмастыру,қосу сондай-ақ транкрипиция әдістері қолданылады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы.Курстық жұмыстың шетед факультеттерінде ағылшын тілін оқытып ,үйретудегі маңыздылығы орасан. Жұмыста тіл мамандарының фразеологизмдерге берген анықтамасын және ағылшын тілінде кездесетін тұрақты сөз тіркестері теория және практика жүзінде келтірген мысалдармен танысуға болады.Біз фразеологизмдерді тек қазақ тілінде ғана емес сондай ақ ағылшын тілінде де қолданылатынын көре аламыз. Жұмыс барысында фразеологизмдерді қалай аударғанын .қандай әдістермен келтіргенін білуге болады.Практикалық бөлімін зерттей келе тек фразеологизмдерді ғана емес.синонимдерді,омонимдерді,антон имдерді кездестіре аламыз.
Курстық жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысымыз кіріспе,екі тараудан,бірнеше тараушалардан,қорытынды,диаграмма және пайдаланылған әдебиеттер тізімін құрайды.
Кіріспеде курстық жұмыстың қысқаша мазмұны мен мақсат міндеттерімен тансыуға болады. Сонымен қатар зерттеу нысанын басшылыққа ала отырып,теориялық және практикалық маңызыдылығы жайлы мәлімет берілген.

1.Фразеология ілімінің қалыптасу тарихы

1.1 Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктері

Whereas the speakers of some languages take great pains to exclude foreign words from their lexicons, the English seems always to have welcomed them.
Кей халықтар өз тіліндегі кірме сөздерден арылу үшін бар күшін салса, ағылшын халқы кірме сөздерді сөздік қорына ежелден құшақ жая енгізіп келеді.
Девид Кристал (David Crystal),
әйгілі британ лингвист-ғалымы.

Фразеология-грек тілінің phrasis-сөйлемше және ұғым, білім деген сөздерінен алынған. Фразеология термині кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады.
Фразеология - құрылымы мен құрамы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі жай-күйін және тарихи қалыптасуын зерттейді. Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде XX ғасырдың 40 жылдары қалыптасты. Фразеология теориясының негізін қалаушы - швейцар ғалымы Шарль Балли (Bally, 1865 - 1974). Ол сөз тіркестерін ең алғаш ғылыми тұрғыдан жүйелеп, лингвистикаға "phraseologie" деген термин еңгізген. 1909 жылы жазған "Француз стилистикасы" деген еңбегінде Ш.Балли тілдегі тіркестерді 1. еркін тіркестер және 2. фразеологиялық бірліктер деп екіге бөлген. Ол фразеологиялық бірліктерді компоненттері өзіндік дербес мағынасынан айырылған, бәрі бірігіп тұтас бір-ақ мағына беретін тіркестер деп сипаттайды. Баллидің бұл тұжырымдары кейіннен лингвистикада фразеологиялық тұтастықтарды атап көрсетуге, фразеологизм мен сөздің ара жігін ажыратуға теориялық негіз болды.
Британ және әміркен лингвистикасында фразеология теориясын арнайы зерттеген еңбек аз. Бар еңбектердің өзінде фразеологиялық тіркес белгілерін анықтау принциптері, фразеологиялық тіркес пен сөздің ара қатынасы, фразеологизмдердің варианттылығы, фразеологияны зерттеу әдістері сияқты іргелі мәселелер қаралмайды. Бұл елдердің ғалымдары фразеологияның жеке пән ретінде орнығуы туралы да сөз қозғамады. Сондықтан да, ағылшын тілтанымында әлі күнге дейін ғылымның бұл саласына атау берімеген. "Фразеология" деген терминнің не британ және әміркен лингвистикасында жолы болмады. Бұл елдерде фразеология мәселелері семантика мен грамматикаға байланысты еңбектерде қаралады және идиомдық (фразеологиялық) сөздіктерде айтылады. Фразеология аумағына келгенде ағылшын тілді ғалымдардың көз қарастары әртүрлі. Бұл зерттеулер нысанының өте күрделі екендігіне және ағылшын тілінде ап-айқын еркін тіркестің - тұрақты тіркеске, тұрақты тіркестің еркін тіркеске айналып кете беру құбылысының жиілігін көрсетеді.
Бұл елдерде мақалдарды зерттеуге байланысты еңбектер біршама. Қазақ ғалымдарының мақалдарды фразеологияның нысанына жатқызу-жатқызбау жайындағы пікір сайысы жылдардан жылдарға ұласса, Ұлыбритания мен АҚШ-та мақалдарды дәстүрлі түрде фольклордың құрамдас бөлігіне жатқызады.
Фразеология өз алдына бөлек лингвистикалық пән ретінде еліміздегі фразеологизмдерді құрылысына, мағыналық ерекшелігіне қарай жіктеп топтастырады және жасалу жолдарын, даму заңдылықтарын зерттейді. Тұрақты сөз тіркестерінің мәселелері қазіргі таңда тіл ғылымында актуалды проблемелардың бірі есебінде зерттеліп жүр. Өйткені фразеология-тіл мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы. Сонымен қатар ол бір тілден екінші бір тілге аудару техникасын жетілдіреді, социалистік дәуірде жаңа фразеологизмдердің қалыптасуы мен баю жолын аңғартады.
Қазақ топырағында фразеологизмдердің теориялық және практикалық мәселелерін - Ә.Қайдаров, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, С.Исабеков, Г.Смағұлова, С.Сәтенова зерттеуде; стильдік ерекшелігін - М.Серғалиев, Ғ.Құсимова, Г.Боранбаева, көркем шығармада қолданылуын - Х.Қожақметова, Б.Шалабай, М.Жәнібеков; аударылуын - А.Алдашева, Ө.Айтбаев, Айтжанова зерттеп, фразеологизмдерді тақырыптық, мағыналық тұрғыдан топтастырумен - Р.Жайсақова, А.Елешова; шет тілі фразеологизмдерін топтастырумен - Р.Жайсақова, А.Елешова; шет тілі фразеологизмдерін қазақ тілі фразеологизмдерімен салғастыра талдау мәселелерімен П.Дәулетова, М.Әбдіғалиева, М.Арғынғазина айналысып жүр. Фразеология негізінен психология, философия, тарих, этнографиямен тығыз байланысты. Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда.
Лингвистикалық пәндер сөйлемді дұрыс құрып, қалай жазуды, тыныс белгілерін қоюды оқытып үйретеді. Ал тілдік тәсілдерді өткір, нақтылы, дәл және мәнерлі қолдану, жалпы тіл мәдениетін арттыру сияқты мәселелер стилистиканың үлесіне тиеді. Стилистика үшін фразеологизмдердің мәнерлеу тәсілі ретінде маңызы зор. Фразеология тұрақты тіркестердің эмоционалды-экспрессивті ерекшеліктеріне орай, олардың қолданылу аясында стильдік дәрежелену сатысын айқындап, жалпы стильдік қызметін саралайды.
Фразеологизмнің қай-қайсысы болмасын бәріде ең алғаш халықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді.
Қазіргі тілдік қорда қолданылып жүрген фразеологизмдердің біразы адам эмоциясына қатысты. Адам эмоциясына қатысты фразеологиздердің бір тобы жеке тұрып адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін болса, енді бір тобы контекс ыңғайына қарай эмоциялық реңкке ие болады. Біреудің қорыққандығын айтқымыз келсе жүрегі ұшты, зәресі ұшты, үрейі ұшты, иманы қашты, көзі шарасынан шықты, көзі алақандай болып, жүрегі тас төбесіне шықты, зәресі зәр түбіне кетті, жаны мұрнының ұшына келді, деген фразеологизмдерді, ал біреудің қатты таң қалғандығын аузын ашып, көзін жұмды, рахаттанғанын айызы қанды, қуанғанын екі езуі екі құлағына жетті, жерден жеті қоян тапқандай болды, құмартқанын аузының суы құрыды, аузынан суы ақты, аузынан сілекейі шұбырды, ұялғанын кірерге тесік таппады, бет моншағы үзілді, бетінен оты шықты, құлағының ұшына дейін қызарды, жүзі шыдамады, жер шұқыды, үрейленгенін төбе шашы тік тұрды, өкінгенін санын соғып қалды фразеологизмдері арқылы білдіреміз. Бұлардың барлығы ана тілінің шексіз байлығын, фразеологизмдердің эмоциялық реңк жасаудағы орамдылығын көрсетеді. Фразеологизмдер сөйлем ішінде қолданылғанда стильдік ерекшелікті, эмоциялық реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді.
Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін анықтау принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып, фразеологиялық тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен сипатталуына назар аударады. Компоненттер бірлігі фразеологиялық мағынаны түсіну үшін аналитикалық талдау, фразеологизмдердің семантикалық, тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің компоненттер құрылымындағы орны фразеологиялық факторлармен дәлелденуді қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, фразеологизмдердің семантикалық-синтаксистік құрылымын басқа ұқсас жағдайлардан ажырату үшін фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді. Түркі фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық, тақырыптық жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде зерттеу әдістерінің бағыт-бағдары әр түрлі. Фразеологияда елтануға негізделген лингвистика фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла бастады. Яғни, ұлт мәдениетін болмыс ұғымының аясында таныту мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы фразеологизмге этнолингвистикалық талдау жүргізеді.
Ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лексикалық ерекшеліктері:
Ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестер әр түрлі жолдармен жасалаты. Сонымен қатар "and " немесе "or" жалғаулығы арқылы байланысқан екі сөздердің қатарласып келуі. Оған мысал мына төмендегі тіркестер:
For good and all - үзілді-кесілді;
To pick and choose - талғампаз болу;
By and large - жалпылай алғанда;
By fair mean or foul - берсең-қолыңнан, бермесең-жолыңнан;
By fits and starts - оқта-текте, анда-санда;
By guess and by God - көз мөлшермен, жалпы нобаймен;
By leaps and bounds - дем арасында, күн сайын, сағат сайын;
By right or wrong - алдап-сұлдап жатыр, анау деп, мынау деп жатыр;
By trial and error - талай қателесіп жатып, шекесіне талай тиген соң;
Stuff and nonsense - жоқтан өзге, бос сөз.
Тіркеске эмфазалық (сөздің эмоциялық мәнері) екпін мынадай тәсілдердің көмелімен беріледі:
А) бір сөзді екі рет қайталау арқылы
By and by - бірте-бірте, әмтін-әстін;
On and on - ілгері, алға;
Out and out - барып тұрған, нағыз, айтары жоқ;
Through and through - бүге-шегесіне дейін, түп тұрғымен;
Turn and turn again - кезек-кезек.
Ә) аллитерация (бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып келуі) арқылы
Cool, calm, and collected - сабырлы, салмақты және салиқалы;
The part and parcel of sth - бір нәрсенің ажыратуға болмайтын құрамдас бөлігі;
Rough and ready - шала-пұла қалай болса солай тисе-терекке, тимесе-бұтаққа;
Safe and sound - дін аман бауыры бүтін, басы есен;
Spick and span - І. ине-жіптен жаңа шыққан су жаңа иыққа бір ілінбеген ІІ. айнадай жалтыраған тап-тұйнақтай мұнтаздай жалтыраған.
Б) ұйқастың көмегімен
By hook or by crook - су ішсем де, суан ішсем де қайткен күнде де;
Fair and square - қара қылды қақ жарып бетің бар, жүзің бар демей;
Wear and tear - тепкі, тауқымет, өмірдің ыстық-суығы.
В) мағынасы қарама-қарсы сөздерді тіркестіру арқылы
For love or money - қайткен күнде де;
Rain or shine - ыстыққа да, суыққа да қарамастан;
Ups and downs - жетістіктер мен жеңілістер;
The long and short of it - ұзын сөздің қысқас;
To be at sixes or sevens - әуре-сарсаңға түсу әбігер болу.
Ағылшын идеомдарының көпшілігі грамматикалық еркіндікті қалайтын ауызекі тілден шыққан. Бұл еркіндік бір сөз табынан екінші сөз табын жасап алуға мүмкіндік беріп, тілдің баюына үлкен септігін тигізді. Мысалы, сын есіммен зат есімнің - етістікке, үстеу мен демеуліктің - зат есімге, демеуліктің етістіктің қызметін атқарып, етістіктің зат есімге айналып кететін кездері үйреншікті құбылыс.
Ағылшын тіліндегі идеомдардың келесі бір ерекшелігі - эллипс (сөйлемнің бір мүшесін алып тастап ықшамдап айту).
Dressed up to the nines - жеңіл киінген;
Takes a cake - бұрын соңды болып көрмеген;
Left, right and center - жан-жақтан, тұс-тұстан;
A fish out of water - бөтен, өгей ортада тұрған адам;
Had seen better days - тозығы жеткен уақыты өткен.
Тағы бір лексикалық ерекшелігі - тұрақты тіркестердің құрамындағы архаизмдер. Мысалы, мына тіркестердегі: rank and file, to leave in the lurch, to be at one's beck and call - to chop and change - file, lurch, beck, chop деген көнерген сөздер қазір тілдің басқа еш белдеулерінде көрініс бермейді.

1.2 Фразеологиялық бірліктерді аудару маңызы

Қазіргі кезеңдегі шарықтаған мәдени қарым-қатынастарға, ғылыми- техникалық прогреске байланысты аударма проблемасы өріс алып отырғаны мәлім. Халықтар арасындағы осындай тілдік байланыстардың тәжірибесінде фразеологизмдер де сөбе-сөз, немесе калька жолымен аударылып, бір тілден екінші тілге ену үстінде.
Жалпы фразеологиялық тіркес -- құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі. Ал оны сөзбе-сөз аудару, калькалау (фр. calque - көшірме) - өзге тілдегі сөз тіркесі мен жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық негізділігін ана тіліндегі төл тәсілдер арқылы дәлме-дәл көшіріп алу. Алайда бұл термин әдебиеттану тұрғысында қолданылған жоғарыдағы лингвистикалық ұғымдарға басқа тілдің текстін аударғанда түпнұсқа өлеңнің өлшемін, ырғағын сақтау деген қосымша түсінік үстемеленеді.
Фразеологиялық сөз тіркестері біршама тұрақты лексикалық мағынаға ие, сондықтан олардың аудармасы да толық ойды аударуға негізделеді. Мысалы:
It's high time- әлдеқашан (биік уақыт емес)
Take your time- асықпа (өз уақытыңда ал емес)
Help yourself- дәм тат (өз-өзіңе көмектес емес)
Сол секілді: жалқаулану, түк бітірмеу деген мағынаны қазақ тілінде шыбық басын сындырмау десе, ал ағылшын тілінде Not to lift a finger дейді.
Қатты ойлану деген мағынаны қазақ тілінде Басты қатыру десе, ал ағылшын тілінде To ruck one's brain дейді. Сол сияқты: құрыту - Жермен жексен ету, To wipe somebody off the face of the earth; үндемеу - Тістен шығармау, To hold one's tongue. Фразеологизмдердің белгілі бір мағынасы болады, олар мағыналық жағынан біртұтас бірлік ретінде көрінеді және әрдайым туынды мағынада жұмсалып, бейнелі мән тудырады.
Мысалы, Алыстан орағыту - To beat about a bush; Біреуге тісін қайрау - To have a dawn on somebody.
Фразеологизмдердің негізгі белгілерінің бірі тіркес тиянақтылығы. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздерді әркім қолдануынша өзгерте алмайды, қалыптасқын бір белгілі жүйемен қолданылады. Әр сөздің тұрақты орын тәртібін де бұзуға болмайды. Бұл мәселенің екі тілге де қатысы бар. Мысалы, Мұрнын шиіру дегеннің орнына - қолын көкке көтеру немесе мұрнын аспанға көтеру деп айта алмаймыз. Сол сияқты ағылшын тіліндегі To turn one's nose. To turn one's lips деп те айтуға болмайды.
Фразеологизмдер әрдайым туынды мағынада жұмсалып сөзбен баламалық қатыста немесе, жанамалық байланыста тұрады. Бұған мәтелдер мысал бола алады. Мысалы:
Don't trouble until trouble troubles you - Жатқан жыланның құйрығын баспа.
Make hay while the sun shines- Темірді қызанында соқ.
Don't hallo until you are out the wood -Асатпай жатып, құлдық деме.
Аудармада бір тілдің фразеологизмінің бүкіл мазмұнын екінші тілде мүмкіндігінше дәл сол қалпында жеткізіп беру үшін қолданылатын амал-тәсілдердің ішіндегі ең тиімдісі болып саналады. Сондай-ақ фразеологиялық бірліктің ұлттық сипатын, фразеологизм құрамындағы сөздердің мағыналық "жандануын" таныту үшін, сондай-ақ образды айқын көрсету мақсатында бір тілдің фразеологизмінің әрбір сыңарын екінші тілге сөзбе-сөз аудару тәсілін салғастырмалы - салыстырмалы зерттеулерде пайдалануға болады.
Фразеологиялық бірліктер - әдеби тілдің бар саласында кеңінен көрініс табады. Тұрақты тіркестерді танып-білмей, тілдің мәнерлілігі мен әсерлілігін, қалжыңды, ал кейде, тіптен жазушының не айтпақ екенін де түсіне алмаймыз.
Аудармашы алдымен тіркестің ауыспалы мағынада ма әлде тұрақты сөз тіркес түрінде ме екенін ажырата алуы керек. Ол үшін оның тілі рецептивті фразеологизмдер қорына бай болуы керек. Тілдегі жеке сөздер тәрізді тұрақты тіркестерде де көпмағыналық пен омонимия құбылыстары ұшырасады. Бұл жағдайда мұның бірі -- ауыс мағынада, ал екіншісі - тұрақты тіркес мағынада қолданылады. Мәселен, the girl next door тіркесінде екі мағына бар:
көрші қыз;
көп қыздардың бірі.
Сондай-ақ the Prime Minister went to the country деген сөйлемнің мағынасы көп жағдайда саяси ауыс мағынада қолданылады, яғни мұнда премьер-министрдің парламентті таратып жіберіп, қайта жаңа сайлауды белгілеуді королевадапн сұрауға баруы жайлы әңгіме болып тұр. Бірақ, бұл сөйлемнің премьер-министр каланың сыртына шықты деген мағынадағы аудармасының болуы да жоққа шығарылмайды. Мұны біз мәтіннің контекстіне қарай аудара аламыз. Кей жағдайларда біз фразеологизмді ауыс мағынадан артикль арқылы ғана ажырата аламыз.
Мысалы:

Ауыс мағынадағы тіркес
Фразеологиялық бірлік
Give smb. a notіcе-біреуге
хабарламаны ұсыну
Give smb. noticе-біреуге жұмыстан
шығapy жайлы ескерту айту
Go to the sea-теңізге қарай
беттеу
Go to sea-теңізші болу
Move a house-үйді қозғау
Move house-көшу
Get a push-6ipeудeн түрткі aлy
Get push-жұмыстан шығарылу
Draw a liпе-сызык (түзу) жүргізу
Draw line-бір нәрсеге шек қою
Be given a sack-қапты aлy
Be given sасk-жұмыстан шығарылу

Осындай екі мағынаны ажырата алмаған аудармашы From Here to Eternity деген А.Шевченконың ред.басқармасымен орыс тіліне аударылған еңбектегідей қателер жіберуі мүмкін :
"What do you aim to do about the gittar, Prew?"
"You keep it. It's half yours anyway. I won't have no use for it," Prew said. The other coughed. "I ought to pay you your half. Only I'm broke right now," he added, hastily.
Prewitt grinned; this was the Red he knew again. "I'm giving you my half, Red. No strings attached."
Қазақ тіліне аударғанда ол былайша оқылады: Мен саған гитараны сыйға тартамын, бірақ оның ішектері жоқ. Аудармашы attach strings (шарт қою, талап ету) деген ФБ-ті еркін тіркес ретінде көріп, дұрыс аудармаған. Негізінде гитараға ешнәрсе болмаған, No strings attached дегенде иесі оны ақысыз, ешқандай шарт қоймай және де орнына ештеңе талап етпей-ақ беріп жатқаны жайлы сөз болып тұр- фразеологияны рецептивті жақсы білу узуальды жэне окказиональды ФБ-ді ажырату үшін де, сондай-ақ авторлық трансформацияға ұшыраған тұрақты тіркестерді кайта қалпына келтіріп, аударма кезінде оның әсерлілігін жеткізе білу үшін де қажет. Автордың өңделген аудармасында негізге фразеологизмнің ассоциативтік мағынасы алыну арқылы (кейде тіпті қабылдауға тұрарлықсыз) негізінен келесі стилистикалық тәсілдер қолданылады деуге болады:
А) Мағынасы бойынша тура мағынаға сәйкес, яғни ауыс мағынадағы фразеологизмге жаңа компоненттер кірістіру: He was born with a spoon in his mouth, which was big and curly (J. Galsworthy); Let's not put the cart too far ahead of the horse (E.S. Gardner); ... and so my hat, which has these many seasons become more firmly rooted about my ears, is lifted to Miss Harrington (J. Mankiewicz). Бұл жерде be bom with a silver spoon in one's mouth - жұлдызы жоғары (оңынан) туған, жұлдызы жанып туған, бақ жұлдызы басында туған; put the cart before the horse - бір нәрсені керісінше, қате істеу; lift (take off) one's hat to smb. - біреуге басын ию деген ФБ-тер еңделуге ұшыраған.
Ә) Фразеологизмнің контекстіне негізгі мағынасындағы тіркеске ассоциативті сәйкес сөзді кірістіріп, ФБ-тің бір компонентінің тура мағынасының аясында ойды дамыту. Мәселен: 'We are in the same boat.' 'Oh, the same boat, eh? Then let me ask you as one sailor to another...' (G. Seaton); 'I'll cross that bridge when I come to it.' 'The hell of it is that there isn't any bridge. There is only a chasm, and when you come to it, you are going to have to jump (E. S. Gardner).
Б) Фразеологизмнің бөлшектенуі және ауыспалы сөз тіркесінің кұрамында оның бір немесе бірнеше компоненттерін қолдану. Бұл жағдайда ФБ-тің сол бір (немесе бірнеше) компоненті айтушының мағынасына құрылатын бүкіл ФБ-тің ассоциативті мағынасы болып табылады. ФБ-тің толық формасы екінші кезекте болатындай, бірақ оны қайта қалпына келтірмей түсіну мүмкін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер
Aғылшын және қазақ тілдерінің лексико - семантикалық фрaзеологизмдерін салыстырмалы талдау
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕР МЕН КОММУНИКАТИВТІК ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы
Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктердің детективті жанрда қолдануы
Ағылшын және орыс тілдердің сөз тіркестерін аудару мәселесі
Фразеология
Фразеологиялық оралым және оның түрлері
Фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы
Пәндер