Эндогенді ластану


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет

Ветеринариялық санитария кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы. Микроб әсерінен болатын тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекциялар.

Орындаған :Әділханова. Д. С

Тобы:ВС - 503

Тексерген: Омарбеков. Е. О

Семей 2017 жыл

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Микроб әсерінен болатын тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекциялар.

2. Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы.

Пайдаланылған әдебиеттер

Қорытынды

Токсикоинфекиялар

Токсикоинфекиялар - арнайы тірі қоздырғыштармен және олардың өлгенде не көбейгенде шығаратын токсиндарымен ластанған азық-түлікпен тамақтанғанда пайда болатын аурулар.

Токсикоинфекциялардың пайда болуы жыл мезгілдеріне байланысты. Бұлар, азық-түлікті жыл мезгілдерінде жасанды суықтан сақтағанда не тасығанда олардың тез бүлініп, бактериялардың көбейіп өсуіне мүмкіндік болғандықтан жаз айларында көп кездеседі.

Микробтық ішек таяқшаларының табының әсерінен аурулар жаппай топтық және жанұялық болып лап етіп таралады. Қазір ішек таяқшаларының астық токсикоинфекция тудыратын бірнеше серотиптері бар екені анықталды. Науқастық ішек таяқшаларының серотиптерінің қорымы ауру балалар мен ересектер және ауру малдар, әсіресе, олардың колибациллезбен ауырған төлдері. Толық қайнатылып піспеген не қайтадан дұрыс қайнатылмаған тамақтарды пайдаланса, осы аурулардың пайда болуы мүмкін. Осы микроорганизмдердің тұқымдары тамақ бөлімдерінің қызметкерлерінің қолдары арқылы, не жуылмаған кір ыдыстар, су, жабдықтар, насекомдар (жәндіктер) арқылы санитарлық, өндірістік және өзіндік гигиена кәсіпорындар мен тұрмыстық қағидаларды орындамаса таралады. Осы аурудың пайда болуының негізгі шартты жағдайы азық-түліктердің өте көп жаппай айтылған микробтармен ластануы.

Токсикоинфекциялардың Ешерихия коли түрінің ерекшелігі өте қысқы (4-8 сағ. ) нышансыз дәуірі, жылдам басталған жедел гастроэнтериттің айқындалуы іштің өтуімен, іш ауруының кейде түйіліп шаншуының басымдылығы. Осы құбылыстар тез өтіп, 2-3 күннен кейін сауығу басталады.

Токсикоинфекциялардың Pr. anlgaris, Pr. mirabilis бактерияларымен пайда болатын түрінің ерекшелігі өте созылғыштығы. Егер де тамақ объектілерінің жағдайы санитарлық ережелерге сай келмесе, азық-түліктердің ластануынан аурудың қайталануы да мүмкін. Бұл аурулар көбінде жылдың жылы мезгілінде болады. Бұл протеялық токсикоинфекцияның негізгі себебі, дайын тамақтармен кейбір азық-түліктердің (ет, балық, т. б. ) осы микроорганизмдермен жаппай тұқымдануында. Осы аурудың клиникалық бүлінуі ұзақ нышансыз дәуірмен (20сағатқа дейін) және өте ауыр басталуымен сипатталады.

Негізгі нышандары: бірнеше рет құсу, іштің өтуі, қатты кесілгендей түйіліп іштің ауруы . Ауыр жағдайларда «өлім» қауіпі да тууы мүмкін.

Энтерококктар не нәжістік стрептококктар сыртқы ортада ұзақ сақталады, әсіресе азық-түлікте. Энтерококктар сілікпеде, винегретте, салатта көп табылады. Энтерококктарға байланысты астан ұшыну, айрықша нышандармен өзгешеленбейді, көбінде жедел гастроэнтерит сияқты басталады. Нышансыз дәуірі 5-18 сағат, науқастанудың ұзақтылығы 2-3 тәулік.

Сыртқы ортада көп таралған Cl. per feringens шіріген заттардың ішінде өскендіктен оның кейбір штаммы науқастық болып, химиялық құрамы күрделі және қауіпті токсиндерді шығарады.

Сыртқы ортадағы Cl. feringens-тің қорымына ауру және бацилтасығыш малдар жатады. . Ауыр металдардың тұздарымен (мыс, мырыш, қорғасын) улану, осы залануға байланысты.

Клиникалық нышандары толық зерттелмеген және сипаттамалары шамалы. Нышансыз дәуірі көпке (5-22 сағат) созылады. Ауру бірнеше рет іш өтуден, лоқсудан, іштің қысылып ауырсынуынан басталады. Дене қызуы көбінде көтерілмейді, сауығу 1-3 тәуліктен кейін басталады.

B. Cerensmi көп уақытқа дейін залалсыз шіріген заттардың ішінде өсетін бактерия деп есептеген. Алпысыншы жылдардан бастап бұл бактерияның токсикоинфекциялық ауруды тудыратыны анықталды. B. Serens сыртқы ортада көп таралған, сондықтан азық-түліктер тез және көп көлемде онымен тұқымдананды, әсіресе, шұжық және аспаздық азықтар сүт және сүттен жасалған тағамдар тез тұқымданады. Бұл микробтардың таңдалуы тағамдары жоқ. Сондықтан, барлық азық-түліктерде дәмін өзгертпей тұқымданады. Бұл науқастың клиникалық нышаны жедел токсикоздың сипаттамасындай: іштің ауыруы, лоқсу, іштің тәулігіне 10-20 рет өтуі. Құсу мен дене қызуының көтерілуі сирек болады. Нышансыз дәуірі 4-16 сағат, сауығу 1-2 тәулікке созылады.

Профилактикалық шаралар токсикоинфекциялардың пайда болу себептеріне байланысты:

  1. Азық-түліктерді микробтардың шығуынан, өзіндік гигиена мен санитарлық ережелерді тамақ пен тамақтану кәсіпорындарының қызметкерлерінің толық орындалуына байланысты.
  2. Жасанды азықты азық-түлікті дайындау, сақтау, өңдеу технологиясының барлық кезеңдеріне пайдалану.
  3. Тамақты аспаздық тәсілдің барлық ережелерін орындап, ұқыпты қайнатып түсіру.
  4. Тез бүлінетін азық-түліктерді және дайын тағамдарды пайдалану уақыттарын қатал сақтау.

Токсикоздар

Токсикоздар -арнайы қоздырғыштардың (микробтан) тіршілік әрекеттерімен даму нәтижесінде азық-түлікте жиналған, бірақ тірі қоздырғыштың өзі жоқ, не өте сирек кездеседі, токсині бар асты пайдаланғанда болатын жедел және созылмалы аурулар.

Кейінгі жылдары азық-түлікті үйде бұзылмайтын етіп (консервілеу) сақтау етек жайғандықтан ботулизммен ұшыну өте көп кездеседі. Бұл өте зілді, көбінде (20 пайыз) адамның қайтыс болуымен аяқталатын науқас.

Кейінгі аурудың клиникалық суреті үштік жікпен сипатталады .

Бірінші-көздің көрінуінің бұзылуы - шала көру, қос көріну (диплопия), тұман және тор көз алдында болуы, кейде қараңғылық, аккомодацияның бұзылуы, қабықтың түсуі және көздің еріксіз жыпылықтауы (нистагм) .

Екінішісі - жұтынудың, сөйлеудің бұзылуы - қою тамақты жұта алмау, дауыстың қарлығуы (афония) - тілдің, жұтқыншақтың, тамақтың, жұмсақ таңдайдың жансыздануы (паралич) .

Үшінші - мойын мен аяқ-қолдың бұлшық еттерінің қарқынды (прогресстік) әлсізденуі - бастың бір жаққа қисаюы, қисаңдап жүру (атаксия) .

Дене қызуы бір қалыпты, не тоңазытады, кейде зәрдің де шығуы қиындайды. Іштің кебуі мен қатуы да байқалады. Науқастың есі қайтыс болғанша сақталады. Ерте диагноз қойып және арнайы емдеу ботулизмге қарсы сарысу құю - аурудың сәтті аяқталуының ең маңызды кепілі. Осылай тағамдарды жегендерге де осы сарысуды профилактика үшін құю керек. Осы азық-түліктерді дұрыс дайындамаса, не пісіріп не косервілемесе 90 процент жағдайда ботулизм пайда болады. Өндіріс орнында дайындалған консервілерден 4 процент жағдайда бұл ауру пайда болады.

Стафилакокктық токсикоздар

Стафилакоккты токсикоздардың науқасын стафилакокктардың энтеротоксин өндіруге дағдыланған түрлері тудырады. Аста ұшындыратын стафилакокктардың төрт (А, Б, С және Д) түрлері бар. Нышансыз дәуірі - 1-6 сағат. Науқастанғандарда лоқсу, тез қайталанатын құсу байқалады. Кейбір науқастардың іші өтіп, дене қызуы 38 С дейін көтеріліп, тамыр соғуы жиіленеді, балтыр еттері құрысады, кілегей жабылғылары (ерні) өзгереді. Сауығу келесі тәулікте басталады. Тамақтың азық-түліктерге жұғудың негізгі қоры - желіні қабынған (мастит) сүт беретін мал мен ана. Сау адамның 50 проценті науқастық, не науқассыз стафилакокктардың сақтаушысы (тамақ пен мұрынның кілегей қабығында, іріңдеп ауырған қолдарында, т. б. ) .

Стафилакокктық токсикоздар көбінде мынадай азық-түліктерді пайдалануға байланысты: сүт және сүт өнімдері (ірімшік жасауға дайындалған іріген сүт, ірімшік), ет және еттен жасалған тағамдар (ет салаты, шұжық), торттар, кондитерлік тағамдар, балық консервілері, т. б. Алдын-алу шараларына күнделікті азық-түлікпен айналысып жүрген жұмыскерлердің арасынан стафилакокктарды тудыратын науқастарды (қолдарында іріңдеген жарасы бар адамдар, т. б. ) анықтап, оларды жазылғанша жұмысқа жібермеу. Азық-түлікті сақтағанда, не тасығанда стафилакокктардың көбеймейтін жағдайын қарастыру, яғни оларды салқында ұстау профилактикаға жатады.

Микотоксикоздар

Микотоксикоздар ылғалдылық көп болған жағдайда дамитын, микроскоппен ғана көрінетін саңырауқұлақтармен бүлінетін дәнді астықты тағамға жаратқанда пайда болады. Физариотоксикоз «мас» нанды жегенде пайда болады. Клиникалық көрінісі жедел токсикоздардың нышандарымен сипатталады: бас ауруы, айналуы, анық қозу (орынсыз күлу, өлең айту, т. б. ), кейін кенеттен күштің құруы. Осы науқастың негізгі себебі:Fusarium саңырауқұлақтық түрі дәнді астыққа жұғып, ылғалдылық жағдайда дамуы. Уланған азықтың ақ қан түйіршіктерінің азаюы да физариотоксикоздарға жатады. Бұл науқасқа адамдар қардың астында қыстап шыққан дәнді дақылдарды тамақ үшін пайдаланғанда шалдығады. бұл өте сирек кездеседі және оның «аштық жаздың ауруы» деп те атайды. Клиникалық көрінісі қан жасайтын органдардың бөлінуінен дамыған ақ қан түйіршіктерінің азаюы.

Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен

былғануы.

Малды ет комбинаттарында, қасапханаларда және т. б мал соятын кәсіпорындарда сояды.

Микробтар ауырмаған тірі организмдер органдары мен ұлпаларында болмайды, ал ауырған организмнің денесінде сол аурудың қоздырғыштары болуы мүмкін. Жалпы организмде микробтар ас қорыту, тыныс алу органдарында және ішек -қарын жолдарында тіршілік етеді. Ол микроорганизмдерді организмнің қалыпты микрофлорасы деп атайды.

Микробтардың етке түсуі мен таралуы 2 жолмен жүреді.

Эндогенді- ішкі мал организмінің ішіндегі. Шаршағанда, жаурағанда, дене жарақаттанғанда, ыстықтағанда.

Экзогенді- ауадан, құрал-сайманнан, ыдыстан, қасапшы кісінің қолынан, судан және тағы басқалардан.

Ет микроорганизмдер үшін қолайлы орта болып табылады. Өйткені еттің құрамында олардың өсуіне қажет көміртек, азотвитамин, минералдық тұздар көздерінің барлығы дерлік бар. Сонымен қатар еттің суы мен рН-ы микробтардың өсуіне қолайлы əсер етіп, нəтижесінде ет тез бұзылуына əкеліп соқтырады. Балғын етте əдетте микробтар тек бетінде ғана кездеседі. 1 см мыңдаған, он жəне жүз мыңдаған сапрофиттер кездеседі. Көп мөлшерде əр түрлі бактериялар кокк пішінді, спора түзуші жəне спора түзбейтін таяқшалар, дрожылар саңырауқұлақ споралары түрінде болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы жайлы ақпарат
Етттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғану
Микроб әсерінен болатын тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекциялар туралы мәлімет
Микроб әсерінен болатын тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекциялар
Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы туралы мәлімет
Етттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғану туралы
Металл емес қосылыстардың түрлері
Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы
Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы. Микроб әсерінен болатын тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекциялар
Микроб әсерінен болатын тағамдық токсикоздар мен токсиконды инфекциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz