Қан тамырлар патологиясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минстрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультет

Ветеринариялық санитария кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Жүрек-қан тамырларының патологиясы.

Орындаған :Ақжолова. А. А

Тобы:ВС - 503

Тексерген: Оразалиева. С. Б

Семей 2019 жыл

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімҚан тамырлар патологиясыЛимфалық түйіндер патологиясы. Талақтың патологиясы. Жүректің кеңеюі. Жүректің гипертрофиясы. Жүрек ақаулары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қан айналу жүйесі - қанның қан тамырларымен тоқтаусыз ағу қызметін атқаратын жүйе. Қан айналу жүйесіне кіреді: қан тамырлары және жүрек.

Қан тамырлары (лат. vasa sanguinea ) - адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.

Жүрек қызметін бұзатын негізгі себептер мен механизмдер. Жүрек бұлшық етінің ең негізгі қасиеті автоматизм, қозғыштық, өткізгіштік. Олар өзгерсе патологиялық процесс туындаса, соған сәйкес нақты бір әрекет бұзылып, патологиялық әрекет орын алады.

Жүрек - адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы, қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді.

Жануар мен адамның патологиясында жүрек-қан тамыр ауруларының ішінде басты орын алатын жүрек қызметін бұзатын атеросклероз, гипертония, жүректің ишемиялық ауруы болып саналады.

Қан тамырлар патологиясы.

Қан тамырларының патологиясы. Қан тамырларының қабынуы - ангит (Angitis, Vasculitis) - инфекциялық, инвазиялық әсерлерден, уланудан және жарақаттанудан болады. Артериялардың қабынуы - артерииттер (arteriitis) - бірінші кезекті де, екінші кезекті де туындайды. Соңғысы қабыну процесінің көршілес өрмелерден ауысуынан болады. Процесс периартерит, мезоартериит, эндоартериит және панартериит сипаттарында, яғни сыртқы қабықтың, не ортаңғы қабықтың, не ішкі қабықтың, не үш қабықтың тұтас қабынулары түрлерінде байқалады.

Әдетте тамырға көршілес өрменің қабынуының жалғасы ретінде туындайтын периартериит - тамыр қабырғасының сыртқы қабығының, яғни адвентицияның қабынуы. Процесс бірте-бірте тамыр қабырғасының ортаңғы, одан әрі ішкі қабатына ауысады. Микроскоппен тамыр қабырғасының белгілі бір буынында торшалар топырлары, сыртқы және ішкі серпімді жарғақтардың бүлінгені, интимада пролиферация құбылысы және ұйыстардың пайда болғаны көзге ілігеді. Ұзаққа созылған периартерииттен тамыр қабырғасының бүлінуі кейде аневризманың туындауына әкеледі.

Мезоартериит әдетте артерия қабырғасын қоректендіретін тамырлар - vasa vasarum - арқылы туындайды. Оған көбінесе пери- және эндоартериит қосарланады. Қандағы зиянды әсерлерден өршитін, әдетте шектелген процесс түріндегі эндоартерит эндотелиоциттердің орнынан сыдырылуымен, көбеюі мен, бұл жерлерде фибриннің шөгуімен сипатталады. Кейде торшалар қабырғаның ішінде көбейіп, эндотелийлік жабындыны көтеріп, бөлектейді - қабырғаішілік артериит.

Артериялардың қабынуы серозды, іріңдеп-өліге ұшырай, өсіп-өніп (пролиферативті к), т. 6. қабыну түрлерінде байқалады.

Артериялар серозды қабынганда тамыр қабықтарын сарысу және лейкоциттар топырлары жайлап, ет талшықтары мен дәнекер өрме торшалары бүлінеді.

Артерияның іріңдеп қабынуы тамырға көршілес өрмедегі іріңді процестің (абсцесс, флегмона) жалғасы ретінде туындайды. Ірің тамыр қабырғасын түгел жайлап, ішкі қабықты зақымдап, ұйыс пайда болады.

Созылмалы артериит негізінен тамырдың ішкі қабығының қабынуы түрінде байқалады. Интиманы торшалар жайлап, кейін талшықты дәнекер өрме кеулеп, интима беті әжімденеді, онда үлкенді-кішілі ныгыз төмпешіктер пайда болады.

Түйінделген периартериит (Periarteriitis nodosa) - тамырды қоршай өскен дәнекер өрме есебінен тамыр қабырғасының түйіндене жуандауымен сипатталатын, орта және майда тамырлар жүйесін зақымдайтын қабыну процесі. Әдетте мұндай жуандау ірілеу артериялар бұтақтарының басталған жерлерінде пайда болады. Бұл сырқатқа ірі қара мал, шошқа, ит және т. б. жануарлар түрлері шалдығады. Сырқаттың этиологиясы мен дерттенуі жеткіліксіз зерттелген. Жай көзге тамыр қабырғасының жуандаған жерлері пішіні де, көлемі де әрқилы бірен-саран немесе көптеген тәспі тәріздес түйіндер түрінде көрінеді. Олардың негізін қуысы ұйыспен толған аневризма құрайды.

Кейде түйінді периартериит тек гистологиялық зерртеулермен ғана анықталады. Микроскоппен тамыр қабырғасында өліге ұшырау және қабыну процестері, мукоидты ісіну, фибриноидты ісіну, гиалиноз, склероз құбылыстары байқалады. Бұл өзгерістерге ең алдымен сыртқы және ортаңғы қабықтар ұшырайды.

Веналардың қабынуы - флебит (Phleвitis) - әртүрлі экзогендік және эндогендік патогендік факторлар әсерінен қалыптасады. Процесс өту ұзақтығына қарай жіті және созылмалы, ал сипатына қарай іріңдеп және іріңсіз қабынулар түрлерінде байқалады. Қабынуға тамырдың тек сыртқы қабығы, не ортаңғы қабығы, не ішкі қабығы ұшырауы мүмкін (пери -, мезо - және эндофлебит) . Тамырдың қабынған телімдені жуандайды, жалқаяқтанады. Микроскоппен тамыр кабырғасын сұйықтың және торшалар топырларының жайлағанына көз жеткізіледі. Кейде эндотелиоциттер немесе интиманың астында фибриннен және бірен-саран дәнекер өрме торшаларынан, лейкоциттерден тұратын түйіндер кездеседі (мезофлебит) . Вена қабырғасындағы тамырларды қан кернейді.

Инфекциялық процестердің қанға енген қоздырушылары тамырдың ішкі қабығында аялдап, қолайлы жағдай болғанда (организмнің реактивтігінің төмендеуі, қан ағысының баяулауы, ұю деңгейінің жоғарлауы), оны қабындыруы (эндофлебит) мүмкін. Одан әрі процесс венаның үш қабатында қамтуы мүмкін(панфлебит) .

Іріңді флебит (Phlebitis purulenta) тамыр қабырғасын жайлаған торшалар топырларында нейтрофильдердің, кейде эозинофильдердің басым болуымен сипатталады. Қабыну процесі ұзаққа созыла өткен жағдайда дәнекер өрмемен кеуленген вена қабырғасы қалыңдайды және нығызданады.

Тромбофлебит (Thrombophlebitis) - венаның қабынып, ұйыстың (тромбтың) пайда болуы көбінесе белгілі бір сепсистік процесті, асқыну ретінде екінші кезекті туындайды. Венаның қабынып, қабырғасының өзгеруі, қай ағуының баяулауы мен құрамының өзгеруі, ұйыстың қалыптасуына әкелетін жағдайлар. Алайда, әрдайым сүйісу тек ішкі қабықтың эидотелиоциттері зақымданған жерлерде ғана туындайды. Уақыт өте келе ұйыс ұйымдасуы мүмкін, кейде ол сорылып та кетеді. Ұйыс ыдырап, оның қанға ілескен бөлшектері оте зілді асқынуларға әкелуі мүмкін (эмболия,

инфарктілер, т. 6. ) .

Қолқаның жыртылуы. Кенеттен қан қысымының көтерілуіне, күшіне қызымет етуге, стреске байланысты туындайды. Әдетте жыртылыс колденең бағытта, негізінен қақпақшаға таяу қолқаның басталар жерінде байқалады. Бұл жерде систола кезінде қан қысымы тым көтеріңкі болады. Жыртылыстың ұзындығы 0, 5 см ден 8 - 10 см дейін жетеді. Оның ойқы-шойқы шашақты жиектерін қан кеулейді.

Артериялардыц аневризмалары - артерияның шектеулі бөлігінде тамыр қуысының кеңейіп, қабырғасының томпаюы. Дегенерацияға не қабынуға ұшырап немесе жарақаттанып, өзінің серпімділігін жойган тамыр қабыргасы шектеулі телімде қан тегеурініне шыдамай томпайып, қуыстың ұлғаюына әкеледі. Тамыр қуысының ұлғаюы біркелкі де (алмұртқа ұқсай, цилиндр тәріздене, т. 6. ), біркелкі еместе (бүйірлік, қапшықта не, т. б. ) болуы мүмкін, Аневризмалық қапшық қабырғасы тамырдың әдеттегі үш қабатынан тұруы мүмкін, сирегірек оны тек сыртқы қабық қана құрайды.

Аневризма қуысында ұйыстар пайда болады да, уақыт өте келе олар ұйымдасады. Жұқарған аневризма қабырғасы ұзаққа бармай жыртылып кетеді. Аневризманың көлемі зақымданған тамыр диаметріне қарай әрқилы болады: майдалары көкнәр дәніндей, бұршақтай, үлкендерінің көлденеңі итте 8-10 см, ал жылқыда 20-25 см, тіптен одан да үлкен боланы.

Жылқыда шажырқай артерияларындағы, қолқадағы аневризмалар әдетте олардың қабырғаларының делафондия балаусаларымен зақымдануына байланысты қалыптасады.

Веналардың жергілікті кеңеюi - флебоэктазия, немесе веналардың варикоздық кеңеюі (Phleboectasia varix) - қанның ағып кетуінің қиындауынан және дистрофиялық өзгерістерге ұшыраған вена қабырғаларының серпімділік деңгейінің төмендеуінен болады. Тамыр тұрақты кеңейіп, қабырғасы түйінге ұқсай, қапшыққа ұқсай томпаяды. Вена қабырғасының барлық қабықтары көбінесе дәнекер өрме есебінен қалыңдайды (фибросклероз) . Бұл процесс сиырдың желінінде, жатыры мен қынабында, жылқының ұмасы мен күпегінде едәуір жиі байқалады.

Лимфалық түйіндер патологиясы.

Лимфалық түйіндер патологиясы. Лимфадениттер . Лимфалық түйіндердің негізгі функцияларының бірі лимфаны зиянды элементтерден тазарту. Мүшелер қабынғанда өңірлік лимфалық түйіндер әрдайым тітіркеніп, гиперплазия ға немесе қабынуға ұшырайды. Соңғысы қарапайым қабыну, іріңдеп қабыну, қанараласа қабыну, ерекшелігі жоқ қабыну жене ерекше қабыну түрлерінде байқалады.

Қарапайым (серозды) қабынған лимфалық түйін ұлғаяды, қызарады, тілік бетінде лайсаң сұйық болады, фолликулдар анық көрінеді. Микроскоппен тамырлардың қанмен кернелгені, лимфоидтық өрменің ұлғайғаны, кеңейген синустарды серозды сұйық пен әртүрлі торшалардың, негізінен синустық макрофагтардың, жайлағаны анықталады.

Іріңді лимфаденитті стрептококтар, стафилококтар, т. б. қоздырады. Қабыну процесінің бастапқы кезінде лимфалық түйін өрмесінде қарапайым көзге сұрғылт лайсаң жұмсақ дақтар ілінеді. Кейінерек іріңді ұралар (абсцестер) пайда болады. Қабыну процесі көршілес өрмелерді де қамтуы мүмкін. Қабынған түйін тікелей тері астында болған жағдайда тері жұқарып, тесіледі де, ірің өзек арқылы сыртқа шығады.

Гистологиялық зерттеулер мен мүшеде әуелі нейтронфильдер топырларының пайда болып, кейін ол жерлердің іріңдейтініне көз жеткізіледі. Бұл іріңдіктерді қоршаған гистиоциттерден, фибробластардан тұратын белдеу уақыт өте келе дәнекер өрмелі қапшыққа айналады.

Лимфалық түйіндердің қанараласа қабынуы сирек байқалады. Топалаңнан өлген жануарларда қанараласа қабынған түйіннің түсі түгел қошқыл-қызы, тілік беті ылғалды, жылтыр болады. Микроскоппен тамырлардың қанмен кернелгені, өрмені эритроциттер топырларының жайлағаны байқалады. Эритроциттер әсіресе синустарда мол болады. Торшалық реактивтік процестер, лейкоциттердің эмиграциясы шамалы болады.

Обадан өлген шошқаның қанараласа қабынған лимфалық түіндерінің сыртқы көрінісі басқаша болады (қараңыз «Шошқа обасы») . Жануар негізгі аурудан өлімге ұшырамаған жағдайда, түйіннің қанараласа қабынуы некроз бен аяқталады.

Өсіп-өніп (продуктивтік) қабынуға ұшыраған лимфалық түйіннің көлемі ұлғаяды, түсі сұрғылт, ақшыл-сұрғылт тартады. Микроскоппен мүшеде әдетте кездеспейтін эпителиоид торшалар мен көпядролы алып торшалардың топырлары және фибробластардың көбейгені байқалады. Продуктивтік лимфаденит туберкулезге, паратуберкулезге, т. б. ауруларға тән.

Лимфадениттердің ақыры негізгі аурудың ақыры мен өту сипатына тәуелді. Лимфалық түйіндердің өз алдына қабынуы сәтті аяқталады, алайда әрдайым малдың жасына қарамай олар дәнекер өрме есебінен біршама нығызданады.

Серозды лимфадениттің бастапқы нышандары мен лимфалық түйіндер гиперплазиясының ұқсастығы бар. Гиперплазияға ұшырап, көлемі ұлғайған лимфалық түйінді тіліп қарағанда паренхима томпайып көтеріледі де, көлемденген фолликулдар бірден көңіл аударады. Гистологиялық зерттеулер мен көбею орталықтары мен синустар да лимфоциттер мен ретикулоциттер санының артқанына, ішкі қабатта плазмоциттердің мол пайда болғанына көз жеткізіледі. Қабыну процесі гиперплазиядан торшалардың бүлінуі мен, экссудативтік және пролиферативтік құбылыстармен ерекшелінеді.

Талақ патологиясы.

Талақ патологиясы. Талақтың түсіп кетіп (Prolapsus lienis) - талақ көкірек қуысына жыртылған диафрагма арқылы шарбымен, қарын мен бірге өтіп кетеді. Ит пен мысықта байқалатын құбылыс.

Талақтың орнынан жылжуы (Dystopia liens) ісіктердің, көлемі ұлғайған көршілес мүшелердің қысымынан болады. Шошқа мен итте сырқаттық процеске байланысты көлемі ұлғайған, салмағы артқан талақ кейде өзінің байламын созып, төмен жылжиды. Нәтижесінде веналар жаншылып, талақта қан іркіледі.

Талақтың семуі (Athropyia liens) - жануарлардың қартаюына, мүшенің жаншылуына, артериялардың склерозға ұшырауына, малдың жүдеуіне байланысты туындайды. Кәріліктен семген талақтың көлемі кішірейеді, қабы әжімденеді, қалыңдайды; ұлпасы азайып, солғын тартады, фолликулдары көзге әрең ілігеді, трабекулдары, керісінше, айқындалып, көңіл аударады.

Талақтың қабынуы (Splenitis) . Талақтың экссудативтік қабынуы серозды, фибринді, іріңді және қанараласа қабыну түрлерінде байқалады. Серозды қабынған талақтың көлемі ұлғаяды, қаны молаяды, консистенциясы жұмсарады. Гистологиялық зерттеумен қызыл ұлпада серозды экссудат пен лейкоциттардың молайғаны анықталады. Талақ фибринді қабынғанда ұлпада фибрин жіпшелері байқалады. Фибрин талақ қапшығының бетінде де шөгуі мүмкін. Қанараласа қабынған талақ тым көлемденеді, түсі қара-қызыл тартады, былбырайды. Мүшенің тілік бетінен өте мол, қара-қошқыл түсті қоймалжың қырылады.

Микроскоппен мүше паренхимасын эритроциттер мен лейкоциттердің мол кеулегеніне, тамырлар мен синустардың қанмен кернелгеніне, қанда лейкоциттер санының тым артқанына көз жеткізіледі. Осындай жай- күйдегі талақты «сепсистік талақ» дейді.

Жүректің кеңеюі.

Жүректің кеңеюі (дилятация) - жүрек қуыстарының әдеттегіден тыс ұлғаюы, Сырқат миогендік және тоногендік кеңею түрлерінде байқалады, жіті және созылмалы өтеді.

Миогендік кеңею жүректің белгілі бір себептен әлсіз жиырылып, қарыншалардағы қан толықтай қуылмай, олардағы қан мөлшерінің артуына байланысты туындайды. Жүрек қуысы кесе- көлденең ұлғаяды да, емзікше бұлшық еттер мен трабекулалар тегістеледі. Жүрек еті көбінесе дистрофияға немесе қабынуға ұшырайды. Миогендік кеңею жүрек қызметінің нашарлағанын айғақтайды.

Тоногендік кеңею жүрек етінің гипертрофиясы на қосарланып, систола нәтижесін арттырып, әр систола сайын жүректен шығарылатын қан мөлшерін көбейтіп, жүрек қызыметінің тапшылығын реттеуге септігін тигізеді. Жүрек кесе - көлденең де, ұзына бойына да кеңейеді, ет талшықтары жуандайды. Уақыт өте келе тоногендік кеңеюге бірте-бірте миогендік кеңею қосарланып, аяғында жүрек салдануға ұшырайды.

Жүректің жіті кеңеюі мал зорлана, күшене жұмыс еткенде (мыс. , дұрыс бапталмаған шабыс атын жарысқа қосқанда, итті аң-құсқа салғанда), өте зілді инфекциялық аурулардан, уланудан, жаздың ыстық айларында темір жолмен малды тасымалдағанда (әсіресе шошқаларды) байқалады. Анемияға ұшыраған торайлар арасында, биік таудағы (2500 м) жайылымдардағы мал арасында жиі кездеседі. Процесс эндокардитке және миокартинка, өкпенің эмфиземасы на, бүйрек ауруларына байланысты да туындайды.

Өлекседе жүрек қуыстарының кеңейіп, қанмен лық толғаны, мүше қабырғасының жұқарғаны көңіл аударады. Бауыр мен өкпеден қан мол болады, тері мен қаңқа бұлшық еттер шелісі домбығады, көкірек, және құрсақ қуыстарында, жүрек дорбасында транссудат жиналады, өт қалтасының қабырғасы домбыағады. Ұзаққа созылған процесс жүрек қақпақшаларының фиброзына, бауырдың циррозы на, өкпенің қоңыр индурациясына әкеледі.

Жүректің гипертрофиясы.

Жүректің гипертрофиясы - жуандаған ет талшықтарының есебінен жүрек қабырғасының қалыңдап, көлемінің ұлғаюы. Ұзаққа созылған шамадан тыс жүктемеге байланысты туындайтын бұл процесс физиологиялық және патологиялық сипаттарда болады. Жүректің физиологиялық (жұмыс) гипертрофиясы күшейе қызымет атқару салдарынан, мыс. , арнайы шабыс жылқыларын да ұзақ жаттықтыру нәтижесінде болады да, мүше түгел ұлғаяды. Жүректің патологиялық гипертрофиясы қан айналымының үлкен және кіші шеңберлеріндегі кедергілерге байланысты туындайды.

Сол жақ қарынша ет қабатының қалыңдауы қолқалық тесік тарылғанда (стеноз) және артериосклерозға байланысты, оң жақ қарынша ет қабатының қалыңдауы өкпенің эмфиземасына және өкпе артериясының сағасы мен митральдық тесіктер тарылғанда туындайды. Гипертрофияға ұшыраған жүректің көлемі ұлғаяды (ірі қарада жүректің әдеттегі 2-3 кг салмағы 16-22 кг дейін жетеді), ет қабаты қалыңдайды, қуысы әдеттегідей немесе аздап кеңейеді. Көбінесе мұндай жүрек уақыт өте келе дистрофияға ұшырап, қуысы кеңейеді.

Эндокардит.

Эндокардит (Endocarditis) - жүректің ішкі қабығының қабынуы.

Этиологиясы мен дерттенуі. Көбінесе белгілі бір аллергенге сезімділігі артқан (аллергия) организмнің жүрек қуысына патогендік микробтар мен олардың токсиндерінің енуіне байланысты туындайды. Әдетте ірі қара малда стафилококтардың, жылқыда стрептококтардың, шошқада тілме таяқшаларының әрекетінен болады.

Қабыну процесінің орналасуына қарай қақпаршалық (Е. valvularis), қабырғалық (E. parietalis), тарамыстарды және емізікше етті көмкерген қабықтар қабынулары (E. chordalis, E. papi laris) деп бөлінеді. Негізінен жылқының, шошқаның, иттің қос жақтаулы қақпақшасы мен қолқа қақпақшалары, ал ірі қара малдың үш жақтаулы қақпақшасы мен өкпе артериясының қақпақшасы қабынады.

Эндокардиттің анатомиялық сипатын процестің мәні болып табылатын қабықтың бүлінуі (альтерация), гистиоциттер мен фибробластардың көбеюі және ұйыстың пайда болуы құбылыстарының арақатысы анықтайды. Қақпақшаларда қан тамырлары болмайтындықтан қабыну гиперемиясыз, экссудациясыз және эмиграциясыз өтеді.

Патологиялық анатомиясы. Процесс негізінен сүйелді(Endocarditis verrucosa) және ойылымданған (E. ulcerosa) эндокардиттер түрлерінде байқалады.

Сүйелді эндокардит. Әуелі қақпақшаның қан ағысына қарсы бетінің жиегінде орналасқан сүйелге ұқсаған сұрғылт немесе сұрғылт-қызғылт домалақ пішінді, фибриннен, лейкоциттерден, тромбоциттер ден тұратын ұйыстар пайда болады. Уақыт өте келе олар дәнекер өрме элементтерімен кеуленіп, ұйымдасып, ақшыл тартады, қатаяды, қақпақшаға нық бекиді. Микроскоп қабыну процесінің қақпақша дәнекер өрмесінің фибриноидтық ісінуі мен басталатынын, оған қосарланған эндотелиоциттер бүлінуінің қақпақша бетіне ұйыстың шөгуіне әкелетінін көрсетеді.

Ойылымды эндокардит. Қақпақшалар бетінде әуелі пайда болған көмескі, сарғыш түсті өлі ошақтар, кейін сыдырылып түсіп, не іріңдеп балқып, қақпақшалардың ойылымдануына әкеледі. Микроскоппен қақпақша өрмесінің бүлініп, лейкоциттермен, микробтар шоғырларымен кеуленгеніне көз жеткізіледі.

Ойылымданған қақпақша бетіне әдетте өте көлемді, борпылдақ, жеңіл үгілетін, іріңдеп жұмсаратын ұйыс шөгеді.

Эндокардиттің ақыры қақпақшалардың зақымдану деңгейіне қарай әрқилы. Дәнекер өрме өсіп, ұйыс ұйымдасады, қақпақша склерозға ұшырайды. Көбінесе мұндай қақпақшаға кальций тұздары шөгеді. Қақпақша қатайып, қимылдауы қиындап, жүрек ақауы (порок) туындайды. Эндокардиттің екінші бір салдары, ұйыстан үзіліп түсіп, қанға араласып эмболға айналған оның бөліктері артерияларды тығындап, инфарктіге әкеледі. Іріндеткіш микробтар әрекетінен эмболдармен тығындалған жерлер абсцестерге айналуы мүмкін.

Өлексені ашып көргенде мал өлімі эндокардит қосарланған инфекциялық аурудан болды ма, жоқ жүрек ақауына байланысты жүрек қызыметінің жеткіліксіздігінен болды ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Мәселе өлексені сойып зерттеу көрінісін талдау арқылы шешіледі.

Жүрек ақаулары.

Жүрек ақаулары (Vitium cordis, пороки сердца) деп мүшенің құрылысында пайда болатын, функцияның бұзылуына әкелетін, мызғымас берік өзгерістерді айтады. Олардың туа біткен және жүре біткен түрлері бар. Туа біткен ақауларға жүрекшелер арасында шымылдықтың болмауы, сопақша тесіктің, Боталл ағу жолының бітелмеуі, т. б. жатады.

Эндокардиттер салдарынан қалыптасатын жүре біткен жүрек ақауларының сегіз қарапайым түрі бар. Қақпақшалардың жеткіліксіздігінен немесе жүрек тесіктерінің тарылуынан болатын олар қан айналымының бұзылуына әкеледі.

Бұл ақаулар бірте-бірте қалыптасады. Бастапқыда жүректің қарқынды әрекетінен мүшенің функциясы әдеттегі деңгейде сақталып, қан айналымы бұзылмай, жүрек еті бірте-бірте қалыңдайды (компенсациялау - теңгеру гипертрофиясы) . Уақыт өте келе жүрек еті дистрофияға ұшырап, жүректің қызыметі әлсіреп, жүрек қуыстары миогендік кеңейеді. Сөйтіп, жүректің теңгерілмеген ақауы қалыптасады, нәтижесінде мүшелерден қанның ағып кетуі қиындайды (цианоз), домбығулар, дене қуыстарының шеменденуі туындайды. Жүрек-тамырлар қызметінің жеткіліксіздігі көбінесе малды өлімге ұшыратады.

Миокардит.

Миокардит (Myocarditis) - жүрек етінің қабынуы. Әдетте кейбір инфекциялық және инвазиялық ауруларға (аусыл, тілме, пастереллез, токсоплазмоз, т. б. ) байланысты, сонымен қатар, уланулардың (фосформен, мышьякпен), бүйрек ауруларының асқынуы ретінде екінші кезекті туындайды.

Процесс альтернативтік (паренхималық) және интересыцийлік (паренхимааралық) миокардиттер түрлерінде байқалады.

Альтеративтік миокардит ет талшықтары бүлінулерінің басымдылығы мен, аралық дәнекер өрмедегі өзгерістердің жеңіл-желпілігімен сипатталады. Көмескіленген, болбыраған, ала-құлаланған миокардтың тілік бетіне алма-кезек орналасқан көптеген қызғылт-сұрғылт және сұрғылт-ақшыл телімдер шұбар реңк береді. Гистологиялық өзгерістер ет талшықтарының дистрофиясы (сулану, майлану), лизиске ұшырауы, кезекте не ыдырауы түрлерінде болады. Бүлінген бұл талшықтарға көбінесе кальций тұздары шөгеді. Аралық өрмеде жайыла немесе шоғырлана орналасқан лимфоциттердің, гистиоциттердің, плазмоциттердің, нейтрофильдер мен эозинофильдердің топырлары байқалады.

Интерстициилік (паренхимааралық) миокардит карталық өрмедегі экссудативтік немесе пролиферативтік өзгерістердің басымдылығы тән, ет талшықтары женіл-желпі бүлінеді. Процесс серозды қабыну, іріңдеп қабыну және пролиферативтік қабыну түрлерінде кездеседі. Жүрек еті серозды қабынганда аралық өрмені серозды сұйық пен аздаған нейтрофильдер, лим-

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүректің гипертрофиясы
Жүрек аймағы, ірі және шеткі тамырларды тексеру әдісі
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
Гипертензия
Хирургиялық кесу
Тыныс алу жүйесінің патологиясы
Жасушалар мен тіндердің патологиясы
Микроциркуляцияның патофизиологиясы
Амилоидоз (мәні, себептері, амилоидозды анықтау әдістері)
Тыныс алу жүйесінің патологиясы. Жоғарғы тыныс жолдарының негізгі аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz