Қатайғыш гипсті байламдар
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Таңғыш материалдарды қолдану түрлері.
2.Таңғыштардың жіктелуі және оларды салудың техникасы.
3.Иммобилизерлеуші байламдар
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Десмургия - (гр. desmos - байлам, ergon - іс) байламдардың салуын, байлам материалдарының формаларын және оның қасиетін зерттейтін ғылым. Таңғыш түсінігінде жараны қорғау және қоршаған орта әсерінен тері бетінде дамитын патологиялық өзгерістерден сақтау мақсатында жүргізілетін әрекеттер жиынтығы жатады. Бірақ таңғыш түсінігінің мағынасы кең. Осыған гемостазды қалыптастыру, беткей веналардағы қан айналуды тоқтату мақсатында тамырларды басу әдісі, сонымен қатар, ауру малды тасымалдау үшін иммобилизацияны қамтамасыз ететін орау әдісі және дұрыс емес қалыпты аластауға мүмкіндік беретін, ораудың ұзаққа созылатын емдеу әдістері жатады. Таңу терминінің негізінде емдік таңғышты салу және алмастыру үрдісі жатады.
Таңғыштарды бекіту әдісіне және бекітуге арналған заттардың түріне қарай:
1.ені әртүрлі қарапайым дәкелік орағыштар (дәке);
2.тоқыма түтікті орағыштар;
3.көлемі мен диаметрі әртүрлі торлы дәкелік орағыштар;
4.эластикалық;
5.орамал тәрізді;
6.мақта;
7. клеенка, целлофан
Десмургия - таңғыштар жайлы ілім (грек. Desmos - байланыс, ergon - іс), таңғыштарды салудың әдістерін, таңғыш материалдарды қолдану мен оның қасиеттері жайлы түсінік береді. Таңғыш деп малдың жарақаты немесе белгілі бір дене бөлігіне,қайтадан зақымдалудан,инфекциядан қорғау мен қан ағуды тоқтату мақсатында таңғыш материалдарды қолдануды айтады.
Таңғыш материалдардың келесідей түрлері ажыратылады:
Дәке (tela) - әлсіз бұралған жіптерден тұратын мақта-маталы сирек кездеме. Тығыздығы бойынша: сирек ілмекті және орта ілмекті дәке деп ажыратылады.Біріншісі 1 см-де 12х12 жіптен,екіншісі 1 см-де 15х15 жіптен тұрады. Сирек ілмекті дәке сұйықтықты жақсы,ал орта ілмекті - баяу сіңіреді. Мақта (gossypium) - мақта дәндерінен дайындалады. Өңдеу әдісіне қарай мақтаны майсызданған(гигроскопиялық) және майсызданбаған деп бөледі. Егер гигроскопиялық мақтаны домалақтап,суға жіберсе, ол суды тез сіңіреді және тез төмен түседі,ал майсызданбаған - бетінде қалқып жүреді. Гигроскопиялық мақтаны қанды,экссудатты жақсы сіңіретін мақта ретінде мақта-дәкелі тампон ретінде қолданады.Майсызданбаған мақта жылытқыш компресс үшін қолданылады. Мақтаны жарақаттың өзіне салуға болмайды,себебі жарақатпен жанасу кезінде жабысып,кеуіп қалатын талшықтар қалып қояды,олар жараның бетін ластайды. Лигнин (Lignum) - ақ түсті,ұсақ тесікті қатпарлы қағаз.Дәкелі-лигнинді жастықшалар түрінде,мақтаның орнына қолданады.Целлофан - қайнатудан,автоклавтаудан жақсы өтетін мөлдір,жіңішке,мықты жапырақтар ,компресстер,құралдар үстелін қаптау үшін қолданылады.
Таңғыш материалдарды қолдану түрлері. Хирургияда таңғыш материалдар ретінде мыналарды қолданады: дәке, мақта, лигнин, синтетикалық қабыршақ, резиналық, маталық, кенепті дәкелер, брезент, шұға, фланель. Оларды әртүрлі формада қолданады:
1.Компресс - дәкенің немесе басқа да материалдың қабатталған төртбұрышты бөлігі. Дәкенің шеті ішіне қарай оралады;
2.Салфетка (майлық) - үлкен көлемді компресс;
3.Орамал - дәкенің үлкен көлемді шаршылы формадағы бөлігі;
4.Үш бұрышты орамал - бұрыштан бұрышқа қабатталған орамал. Бұдан негізгі екі соңын және биіктігін таңып біледі;
5.Лонгет - мәрлінің немес басқа да материалдың тікбұрышты бөлігі;
6.Праща (сақпан) - әрқайсысының ұштары 2 немесе 3 бөлікке бөлінген лангет.
7.Турунда - ұзындығына байланысты үшке немесе төртке қабатталған, дәкенің ұзын жолағы. Жолақтың шетін ішіне қарай орайды;
8.Тампон - дәкеден жасалған кішігірім орамалға оралған ақ мақтаның (майы кетірілген) бөлігі. Дәкенің шеті міндетті түрде ішіне қарай оралады.
9.Шар тәрізді дәке, дәке-мақталық және мақталық - жарадағы қандарды жою үшін тиісті материалдардан кішігірім тампондарды қолданады.
10.Мақта және дәкеден жасалған жастықша - мәрлі қабатының ішіне оралған және тігін машинасында айқыш-ұйқыш тігілген, ылғал тартқыш, мақтаның пластинасы.
11.Дәке - ұзындығы бойынша 5-8 м және ені бойынша 5-20 см мәрлі,мата,кенеп,фланельдерден немесе басқа да материалдардан білікшеге малынған таспа.
12.Дәке-мақталық орама - майы кетірілмеген мақта және дәкеден дайындайды және гипстік таңғыштың астына астар ретінде қолданады. Оның ұзындығы 3-4 м, ені 10-15 см аспау керек.
13.Бинт - әр түрлі материалдан,әсіресе дәкеден жасалатын білікшемен(валик) шиыршықтанған лента.Әдетте стандартты бинттердің ені 10 см,ал ұзындығы 7 м болады.
Таңғыштардың жіктелуі және оларды салудың техникасы.
Байламдардың салу орнына байланысты келесі түрлері бар:
1.Алғашқы көмекке арналған байлам - жараға дәкелі салфетка қойып дәкелі байламмен бекітеді. Жарақаттарды қайта зақымданудан және екінші рет инфекция жұқтырудан қорғау үшін қолданады;
2.Өткізбейтін байлам (окклюзионды) - көкірек немесе құрсақ қуысында өткізгіш жарақат алғанда қолданылады. кеуде немесе құрсақ бөлігінде пайда болатын жарақаттың үстіне, ауаның, микрофлораның және т.б.заттардың түспеуі мақсатында салынады. Ол үшін таңғыштың бірінші қабатын эмульсиямен сіңіріп, жараның бетін жабады,сүлгінің үстінен гигроскопиялық мақтаның бір қабаты жабылып,бұның бәрі желімдік таңғышпен бекітіледі;
Таңу тәртібі
1)дәкемен солдан оңға қарай орау керек;
2)дәке орағышын жарақаттанбаған жерден бастап, жараға салу керек;
3)таңу кезінде дәке орағышын бірқалыпты, қыртықсыз тарту керек және таңғыштың келесі қатары алдыңғысын жартысын немесе 23 бөлігін жабу керек;
4)таңғыштың бірінші және соңғы қатары бекітуші болғандықтан, дененің немесе аяқтардың жіңішке жерінен оралуы керек;
1)аяқтардың конус тәрізді бөліктеріне таңғышты салу барысында, дәке орағышын бүгіп, салып отыру керек;
2)дәке орағышының ұштарын жараның үстіне немесе дененің бүгілетін бөліктеріне байлап салуға болады. Дайын таңғыш өзіне тиісті міндетін атқару керек (бекіту, иммобилизация, қансырауды тоқтату және т.б.)
Жұмсақ байламдар. Дәкелік байламдар. Дәкенің басын оң қолға, ал келесі басын сол қолға ұстайды. Дәкенің келесі қабаты денеде оралған дәкеге айналған болу керек. Таңғышты циркулярлық турлардан солдан оңға бастап, дененің дистальді бөлігінен проксимальды бөлігіне жүргізеді. Дәкенің басын денедегі дәке оралған бөлігіне домалату керек. Бірінші турдан кейін бастапқы бинттің бұрышын екінші турмен бүгеді және қысады. Бинт тығыз, ұзына бойы және көлденең қыртыстарсыз денеге тірелген, дененің дәкемен оралған бөлігінің барлық бойында бір қалыпты қысым көрсету керек. Дәкенің бастапқы және соңғы бөліктерін, зақымдануға қарсы бөлігіне орналастырады. Дәкенің соңғы бөлігін қауіпсіз түйреуішпен немесе тоқыма баумен байлайды. Дәкелік таңғыштардың әртүрлі көрсеткіштерін бөліп қарастырады: Циркулярлық байлам. Әрбір тур жүргізгенде алдыңғы айналымдарды келесі дәкелік тур толық жабады. Бинттің ені 2-3 рет жарақаттың көлемінен асып түскен жағдайда қолданады. Сонымен қатар циркулярлық таңғыштармен, барлық бинт таңғышын бастайды және аяқтайды. Шиыршықты байлам. Циркулярлық таңғыштардың 2-3 турларымен басталады. Содан кейін әрбір тур келесісінің үштен екі бөлігін жабады. Міндетті түрде шетінен ортасына қарай дәкелейді (дене бөлігінің дистальдік бөлігінен проксимальды бөлігіне дейін жүргізеді). Оны екінші және үшінші циркулярлық турлармен аяқтайды. Шиыршықты бүгумен жасалатын байлам (масақ сияқты). Дененің конус тәрізді бөлігінің үстіне қояды. (білек аумағы, сирақ) Бекітуден кейін дәкенің бастапқысын циркулярлық таңғышпен дәкені тік жоғары жүргізеді де (проксимальді) содан кейін, оның төменгі шетін саусақпен қысып, дененің дәкемен оралған бөлігіне дәкенің ішкі бет жағы дәкенің қаратылатындай етіп басын аударып салады. Бұндай жағдайдағы бинтті толық турда жасайды. Содан қайтадан, дәл сол жерде бірінші реттегідей дәкенің басын аударып салады және дәке қайтадан денеге келесі бетімен тіреледі. Сонымен дәкенің әрбір турларының жағдайларын өзгерте отырып дененің барлық зақымдалған бөлігін дәкелейді. Циркулярлық таңғыштың 2-3 турларымен дәкені таңуды аяқтайды. Мұндай таңу шиыршықтыдан гөрі берік болып келеді. Крест тәрізді немесе сегіздіктәрізді байлам. Аяқ-бақайлардың буындарының үстiне қояды. Дәкенің басы буындардың дистальдік бөлігіне таңылады. Содан кейін дәке, жоғары және проксимальді бөліктерге қиғаш жүргізіледі, екі-үш циркулярлық турлар жүргізіледі, осыдан кейін дәкелік таңғыш төменгі және дистальді бөліктерге жасалынады және қайтадан бір-екі тур іске асырылады. Осылай дәйекті түрде буындардың барлық аумағын жабады. Сұлама байлам. Бұл таңғыш тек ғана астарлық материалдарды (мақта) мықтап ұстау үшін қолданылады. Оны циркулярлық айналымдардан бастайды, содан кейін әрбір турда дәкенің ені сәйкес келуі үшін басы мен соңын жоғары тік таңады. Таңуды циркулярлық турмен аяқтайды. Байлағыш материалды қолдану формасы мен салу әдістеріне қарай таңғыштарды: үшкіл орамал, сақпанша тәрізді,бинттік, желімді, арнайы жануар денесінің әр түрлі бөлігіне арналған,шиналық, гипстік деп ажыратады. Үшкіл орамал тәрізді - малдың барлық жеріне салуға ұсынылған, мойын, шоқтық, арқа және т.б.жарақаттар кезінде, сонымен қатар тұяққа да салынады.Сақпанша тәрізді - мүшені жақсы көрсетіп тұратын тығыз,бірақ серпімді материалдан(бөз,кенеп) жасалады. Буындарға жиі салынады. Бинттік таңғыштар - былайша бөлінеді: циркулярлық таңғыштар - бинттік таңғыштардың ең қарапайым түрлерінің бірі. Салыну техникасы мынадай: байланатын мүшеде бинттің шетін қисық бағытта ұшынан ұстайды, ал оң қолмен барлық жері жабылатындай етіп, бинтті ашады. Осылайша, циркулярлы таңғыштың ені бинт енінен аспайды. Шектлеген аймақтарда қолданады, олармен бинттік таңғыштардың басқа түрлерін бастап,аяқтайды. Спираль тәрізді таңғыштар - бинттің төменнен жоғары қарай спиральды оралуымен сипатталады, сол кезде әрбір байлам алдыңғысын бинт еніне 13 немесе (12) қатынасында жауып тұрады. Бинттеуді циркулярлы таңғыштың екі немесе үш ораумен бастап,аяқтайды. Әдетте аяқтарды таңғанда қолданады.
Бүгілулері бар спираль тәрізді таңғыш - әдеттегі спираль тәрізді таңғыш дұрыс ұстамаған жағдайда қолданылады. Сонымен қатар, қисық бағытта байланатын бинт жүрісі болуы үшін циркулярлы таңғышты пайдаланады. Сол қолдың бас бармағымен бинттің төменгі бөлігін бекітеді,ал оң қолмен бинтті басқа жаққа қарай бұрып,ішкі жағы сыртында,ал сыртқы жағы ішінде қалатындай етіп салады. Бұл әдісті бинтті әрбір айналдырған кезде қолданады.
-сырғымалы таңғыш - бинттің жүрісі бұранда тәрізді төменнен жоғары қарай жүреді және әрбір келесі жүріс алдыңғысынан бинт ені бойынша қалып отырады. Астарлы материалды бекіту үшін қолданады.
-сегіздік тәрізді таңғыш - бинтті таңғыштың бұл түрі сегіз санына ұқсас. Спиральды таңғыш тұрмайтын тұсамыс немесе білек буынына салынады.Циркулярлы түрден бастап,бинтті солдан оңға қарай қиғаш бойымен жоғары апарады. Буыннан жоғары жерде бірнеше циркулярлы жүрісті салады және ол алдыңғы жүріспен(төменне жоғары қарай) қиылысатындай етіп,бинтті қиғашынан жоғарыдан төмен қарай бағыттайды. -мүйізге салынатын таңғыш - бинттеуді бірнеше циркулярлы жүріспен сау мүйізден бастайды,одан бинтті зақымдалған мүйізге апарады және басталатын жеріне циркулярлы таңғыштың бірнеше жүрісін салады.Бұдан кейін мүйіздің басталатын жерінен оның ең жоғарғы жағына дейін бүктелуі бар спираль тәрізді бинттеуге көшеді. Кейін спираль тәрізді жүрісті қарама-қарсы бағытта жүргізеді.Байлауды сау мүйізде аяқтайды.
- тұяққа салынатын таңғыш - табандағы ойыққа мақта-дәке тампонын салады. Тұсамысқа циркулярлы таңғыштың екі-үш орамын салады, және де бинттің 20- 25см ұзындығы бос қалады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz