Корреляциялық байланыс
Қазақстан Респуликасы ғылым және білім министрлігі (Университет атауы) университеті
(Факультет атауы) факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланыстарын статистикалық тұрғыдан оқып тану
Орындаған: *Сіздің аты-жөнініз*
Тексерген: *Оқытушы аты-жөні*
*Қалаңыз* - 2020
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Функционалдық байланыс .
2. Корреляциялық байланыс.
3. Тура және кері байланыстар.
4. Бір факторлы және көп факторлы байланыстар.
5. Аналитикалық топтау әдісі.
6. Баланстық әдіс.
7. Графикалық талдау едісі.
III. Мысалы.
IV. Қолданылған ресурстар.
Кіріспе
Қоғамда болып жатқан өзгерістер бір-бірімен өзара байланысты көптеген және әр түрлі себептердің әсер-ықпалынан пайда болады. Сол құбылыстар мен процестерге негізгінен қандай себептер ықпал ететінін айқындау және олардың арасындағы өзара байланьісты жан-жақты зерттеу өте күрделі жұмыс болып табылады. Сондықтан оған әсерін тигізетін себептерді толық түсіне білу үшін статистикалық заңдылықтарды ғылыми жүйеде қолдана білуіміз керек.
Статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестердің арасында өзара байланысты анықтамай тұрып, алдымен сол өзгеріске әсерін тигізетін факторлары мен нәтижелі белгілері арасындағы тәуелділікті анықтайды. Оның өзі құбылыстың ерекшелігіне қарай функционалдық және корреляцияльқ байланыс болып екі түрге бөлінеді.
Функционалдық байланыс
Функционалдық байланыс деп бір белгі мәнінің өзгеруіне әсерін тигізетін екінші бір белгінің сәйкес келуін, яғни бір факторлы белгінің өзгерісі салдарынан нәтижелі белгі мәнінің өзгеруін айтады. Демек, бұдан осы екі белгінің арасында толық немесе функционалдық байланыстың бар екендігін көруге болады. Мысалы, шеңбердің көлемі оның радиусының шамасьна тура пропорционалды. Оны мына формула бойынша көрсетуге болады: S = PIR[2].
Мұнда нөтижелі белгіге - шеңбердің көлемі, ал факторлы белгіге - шеңбердің радиусы альнады.
Функционалдық байланыста нәтижелі белгі мәніне бір немесе бірнеше факторлы белгі мәндері сәйкес келеді және әрқайсысыньң тигізген әсері белгілі болады. Демек, олардың арасында тура байланыс бар екендігі көрінеді. Ендеше, оны мына теңдеу арқылы көрсетейік:
y=f(x1,х2,.. .хn) немесе қысқаша былай да жазуғаболады:
y=f(xi)
Мұнда: у - нәтижелі белгі; Xi = факторлық белгі; f(xi) = осы екі белгі арасындағы функционалдық байланыс:
Функционалдық байланыста нәтижелі белгінің мәні толығымен бір немесе бірнеше факторлы белгі мәндері негізінде анықталады. Сондықтан оны толық, немесе дәлдікті көрсететін байланысдеп атайды.
Корреляциялық байланыс
Қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әр түрлі кездейсоқ факторлардың әсер етуін корреляциялық байланыс деп айтады. Олардың әрқайсысының тигізген ықпалының мәндері белгісіз, яғни нәтижелі және факторлы белгі арасындағы өзара тәуелділік дәлме-дәл көрсетілмесе де және бір шаманың өзгеруінен екінші шаманың орташа мәні өзгеретін болса да, оны корреляциялық байланысқа жатқызады.
Статистикада корреляциялық байланыс деп нәтижелі және факторлы белгілер арасында сәйкестіктің болмауын айтады. Корреляциялық байланысқа факторлы белгі мәніне нәтижелі белгінің бірнеше орташа мәні сәйкес келеді. Мысалы, еңбек өнімділігінің артуьна өндірістің негізгі қормен қарулануы, жұмысшылардың кәсіптік деңгейінің артуы және тағы басқа себептер ықпалын тигізеді. Немесе еңбек өнімділігінің артуы өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендетеді. Ал кейбір кезде керісінше болуы да мүмкін, яғни еңбек өнімділігі артқанымен, өнімнің өзіндік құны өзгермеген күйінде қалады. Себебі оған жұмсалған шикізаттың құны, үнемдеу дәрежесі, өндірісте жұмыс күшін дұрыс пайдалана және ұйымдастыра білу сияқты басқа себептер әсерін тигізеді. Мұнда қоғамдық құбылыстардың өзгеруінің тек орташа шамасы ғана есепке алынады және сандық көрсеткіштердің қатынасы арқылы тұрақты бір шаманың өскені немесе кемігені салдарынан екінші бір шаманың өзгергендігін көрсетеді. Бірақ коррелядиялық байланыста қандай факторлар оның нәтижелі белгісіне қаншалықты әсер ететіндігі белгісіз болады. Сондықтан оны толық емес, жуық шамалы және дәлдікті көрсетпейтін байланыс деп те атайды.
Корреляциялық байланысты мына теңдеу арқылы көрсетуге болады:
Уi = f(xi)+Ei
Мұнда: f(Xi) - корреляциялық байланыста белгілі болған f пен Уiарасында және ерекше алынған бір немесе бірнеше факторлық белгінің әсерінен қалыптасқан нәтижелі белгі бөлігі; Еi - жанама және кездейсоқ факторлардың әсерінен пайда болған нәтижелі белгінің бөлігі.
Корреляцияльіқ байланыс әp түрлі тығыздық дәрежесінде болуы мүмкін. Егер факторлық белгі мәндері (х) бір-біріне жақын, тығыз орналасқан нәтижелі белгінің орташа мәніне (у) сәйкес келетін болса, онда олардьң көрсеткіштері арасындағы байланыс тығыз болады. Ал нәтижелі белгінің мәні тұрақты факторлық белгі мәнінен едәуір алшақ болатьін болса, онда олардың көрсеткіштері арасындағы байланыс тығыздығы да өте төмен болады. Сонымен факторлық белгінің тұрақтылығы мен нәтижелі белгінің ауытқу көрсеткіштері бойынша олардың арасыңдағы байланыс тығыздығының дәрежесі анықталады.
Тура және кері байланыстар
Тура және кері байланыстар. Байланыстың бағытына қарай функционалды және корреляциялық байланыстар тура және кері болып бөлінеді. Тура байланыста нәтижелі белгі мәнінің бағыты себепті ықпалдар мәндерінің бағытына тура келеді. Яғни, себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуіне немесе кемуіне қарай нәтижелі белгі мәндері де өседі немесе кемиді. Мьісалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесі (разряды) неғұрлым жоғары болатьн болса, соғұрлым олардың еңбек өнімділігінің дәрежесі де жоғары болады. Демек, бұл белгілердің арасында тура байланыс бар екенін көруге болады.
Егер себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуі салдарынан нәтижелі белгі мәндері кемісе немесе керісінше, яғни себепті ықпалдар кеміген сайын нәтижелі белгі мәндері өсетін болса, онда оны кері байланыс деп атайды. Мысалы, еңбек өнімділігінің артуына байланысты өндірілген өнімнің өзіндік құны төмендейді.
Түзу және қисық сызықты байланыстар. Аналитикалық сипаттама бойынша байланыстар түзу және қисық сызықты болып екі түрге бөлінеді.
Түзу сызықты байланыста себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуіне немесе кемуіне қарай нәтижелі белгі мәндері бір қалыпты, әрі үздіксіз өседі немесе кемиді. Демек, мұнда функционалды байланыстың бар екені байқалады және оны математикалық түзу сызықты теңдеудің формуласы арқылы көрсетуге болады:
у = а0 + а1 х ,
мұнда: у - нәтижелі белгі, ол графиктің ординаты өсінде жатады; х - факторлы белгі, ол графиктің абсцисса өсінде жатады; ао жөне ai- параметрлері.
Түзу сызықты байланыстың графигі - түзу сызықпен сызылады және экономикалық талдауда сирек, тек сол көрсеткіштер арасьндағы байланысты көрсету үшін ғана жиі қолданылады.
Қисық сызықты байланыста себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуіне немесе кемуіне қарай нәтижелі белгі мәндері бірқалыпты өзгермейді және оның өзгеру бағыты керісінше болады, яғни корреляциялық байланыс көрсетіледі. Байланыстың бұл түрі математикалық қисық сызық теңдеуі арқылы парабола немесе гипербола функциялары бойынша анықталады және ол мына теңдеу арқылы өрнектеледі:
у = а0 + a1x + а2 х[2] .
Сонымен бірге қисық сызықты байланысты көрсету үшін бөлшек тендеуді де қолдануға болады, ол төмендегідей түрде көрініс береді:
У = +
Аналитикалық сипаттамада функционалдьіқ байланыстың мәні дәлдікті көрсететін болса, онда корреляциялық байланыстың мәні белгілі бір себептердің ықпалына қарай жуық шамамен анықталады.
Бір факторлы және көп факторлы байланыстар
Корреляциялық байланысты зерттеу кезінде қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізетін факторлардыңсаңдық көрсеткіштеріне қарай нәтижелі белгі көрсеткіштері де өзгереді.
Егер тек бір факторлы белгі мен нәтижелі белгі көрсеткіштері арасьндағы өзара байланыс қана қарастырылатын болса, онда оны бір факторлы (екі белгі арасындағы байланыс) немесе жұпты корреляция деп атайды. Ал екі немесе одан да көп факторлар белгісі мен нәтижелі белгі көрсет-кішінің арасындағы өзара байланыс қарастырылған болса, онда оны көп факторлы байланыс яғни көптік корреляция деп атайды. Көп факторлы байланыстың нәтижелік мәніне ондағы көрсетілген барлық факторлар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz