Қазақ тілі - менің тілім, бабамның тілі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
ФИО
Курстық жұмыс
Ә.Нұрпейісовтің Соңғы парыз романының лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Ғылыми жетекші:
Қостанай 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
I Шығарма тілінің лексикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..6-14
1.1 Көркем шығармада фразеологизмдердің қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ..6-14
1.2 Шығармадағы мақал - мәтелдердің қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ...15-19
1.3 Кірме сөздердің шығармада қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... . 20-23
1.4 Көнерген сөздердің қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-24
1.5 Эмоционалды - экспрессивті сөздердің қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ..20-21
1.6 Дисфемизм сөздердің қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.7 Антоним, синоним, омонимдердің қолданысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..24-33
1.7.1 Антоним ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24-30
1.7.2 Синоним ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31-32
1.7.3 Омоним ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
II Шығармадағы көркемдегіш- бейнелегіш тәсілдердің қолданысы 29-47
2.1 Шығармадағы портрет, пейзаж қолданысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..29-31
2.1 Портрет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-25
2.2 Шығармадағы эпитет, теңеу, кейіптеулердің қолданылу тәсілі ... ... ...32-44
2.2.1 Эпитет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32-3 6
2.2.2 Теңеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37-48
2.2.3 Кейіптеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49-52
2.3 Шығармадағы метафора, метонимия, синекдохалардың қолданылу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43-47
2.3.1 Метафора ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48-53
2.3.2 Метонимия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54-55
2.3.3 Синекдоха ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56-57
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58 -61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 62-64
КІРІСПЕ
Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай сақталып қалған бір тіл болса,ол- қазақ тілі,-деп А.Саадин айтқандай,қазақ тілі шексіз бай,шұрайлы,тегеуріні мықты тіл.Қазақ тілі-менің тілім,бабамның тілі.Тіл-халықтың жаны.Тілі құрыса,халық та жер бетінен жоғалады.Қазақ тілім халқыммен бірге жасарып,жаңғырып келеді.
Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика немесе сөздік құрам деп атайды.Сөздердің мағынасын,оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын,шығу төркінін,қолдану қабілетін,күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін,түрлі стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді.Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да,сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді.Сөз байлығы-лексика қарастыратын негізгі және күрделі единица.Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де жатады.Бұлар замандар бойы біртіндеп туып қалыптасқан,ұзақ дамудың жемісі.
Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп,осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. Лексика, лексикология терімсөздерін қазақ тіл біліміне қатысты алғаш қолданушы Қ.Жұбанов болып табылады.Қазақ лексикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар К.Аханов, І.Кеңесбаев,Н.Сауранбаев,Ә.Болғанба ев,Т.Жанұзақов, Б.Қалиев тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне негіз болғаны анық.
Курстық жұмыс тақырыбы:Әбдіжәміл Нұрпейісовтың Соңғы парыз романының тілі.
Жұмыстың мақсаты:Әбдіжәміл Нұрпейісовтың Соңғы парыз романы тілінің лексикалық ерекшеліктерін анықтау. Оның ішінде синонимдер мен антонимдерді сөз таптарына байланысты бөліп, олардың мағыналарын ашу. Сонымен қатар кірме сөздер,табу,көнерген сөздерді және экспрессивті-эмоционалды сөздерді тауып, оларға сипаттама беру.
Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді тауып, оларды жік-жігіне ажырату. Фразеологизмдерге І. Кеңесбаевтың Фразеологиялық сөздік атты түсіндірме еңбегі бойынша талдау жасау.
Шығарма тілінің көркемдік-бейнелегіш тәсілдері арқылы метафора, синекдоха, эпитет,метонимия түрлерін ажырату және оларға кеңінен тоқталып, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Жұмыстың нысаны: Әбдіжәміл Нұрпейісовтың Соңғы парыз романы
Зерттеу жұмыстың жаңалығы:
* Шығармада теңеулер мен фразеологизмдер көптеп кездеседі.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Шығарма тілінің лексикалық ерекшеліктері
0.1 Көркем шығармада фразеологизмдердің қолданылуы
Ғ.Қалиев, Ә.Болғанбаев Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы:
Фразеология грекше Phasis-сөйлемше және logos-сөз, ілім деген сөздерінен шыққан.
І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев1962 жылы жазған Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика атты оқулығында фразеологиялық бірліктерді фразалық тіркестер деп, атап оларды: идиомдар мен фразаларға бөледі. Ал, осы жерде идиома және фраза терминдеріне түсінік беріп кетер болсақ:
Идиома-тіркес құрамындағы сөздерді бөлуге келмейтін, мағына тұтастығы тіркеспен бірге анықталатын сөздер тобы. Және де бір ғана лексикалық мағынаны білдіреді. Мысалы:Тайға таңба басқандай - анық деген мағынаны білдіріп тұр.
Фраза-тіркес құрамындағы сөздердің біреуі болса да, бастапқы лексикалық мағынасын сақтап тұратын сөз тіркесінің түрі. Мысалы:Тепсе темір үзу - мықты деген мағынада қолданылып тұр.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді топтастыруда екі пікір бар: бірі -І.Кеңесбаевтың топтастыруы, екіншісі - В.В.Виноградов пен Н.М.Шанскийдің үлгісі бойынша жасалған топтастырулар:
1. І.Кеңесбаев фразеологизмдердің мағыналық тұтастығы мен құрылымының тұтастығына қарап, фразеологизмдерді екі топқа бөледі: фразеологиялық түйдек және фразеологиялық тіркес, бұлардың алғашқысын идиома, кейінгісін фраза деп атайды.
Фразеологиялық түйдекке фразеологизмдердің құрамындағы сөздер өздерінің лексикалық мағыналарын мүлде жоғалтып, бір - бірімен өзара жымдасып, ажырамастай болып тұтасқан фразеологизмдерді жатқызады.
Фразалық тіркеске құрамындағы сөздер негізгі (лексикалық) мағынасынан түгелдей емес, жарым - жартылай ғана айырылған, бірақ құрамы берік фразеологизмдерді жатқызады.
Автордың түсіндіруінше, фразеологиялық түйдекке де, фразалық тіркеске де ортақ қасиет - тиянақтылық. Олардың компоненттерінің орын тәртібі бекем болуы шарт. Сонымен бірге фразеологиялық түйдектер мен фразеологиялық тіркестердің қолданылу үстінде бірін - бірі ауыстырып отыратынын, сол себепті кейде оларды ажыратып алудың қиындығын ескертеді.
І.Кеңесбаев қолданылуы мен семантикасында, грамматикалық құрылысында елеулі өзгешелігі бар екенін ескерте отырып, фразеологизмдерге мақал - мәтелдерді жатқызады. Сонымен бірге қос сөздер мен қосар тіркестерді тиянақты қалыптасқан сөз тізбектерінің қатарына қосып, фразеологизмдерге жатқызады. І.Кеңесбаевтың фразеологизмдерді топтастыруы 1940 жылдан 1970 жылға дейін қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді бірден - бір топтастыру ретінде пайдаланылып келді.
2. 1970 жылдан бастап орыс ғалымдары В.В. Виноградов пен Н.М. Шанскийдің үлгісі бойынша фразеологизмдердің біртұтас мағынасы мен құрастырушы сыңарлары мағыналарының арақатынасы тұрғысынан қазақ тіліндегі фразеологизмдерді төрт топқа бөлу тәжірибесі қалыптасты. Олар: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тіркес (тізбек емес), фразеологиялық сөйлемше.
Фразеологиялық тұтастық. Бұған құрамындағы сөздер бір - бірінен ажырамастай болып жымдасқан, өздерінің лексикалық мағыналарын жоғалтқан, семантикалық жағынан біртұтас фразеологизмдер жатады. Мұндай фразеологизмдердің мағынасы уәжділігінен айырылған, мағыналарының неге солай болып қалыптасқанын дәлелдеу мүмкін емес.
Мысалы: жүрек жұтқан (ешнәрседен қаймықпайтын), қой аузынан шөп алмас (момын адам), жаны күйді (ыза болды, қорланды) т.б.
Фразеологизмдердің бұл түрі жалпы тіл білімінде идиомалар деп аталады, бұлар І. Кеңесбаевтың топтастыруында фразеологиялық түйдек деп берілген.
Фразеологиялық бірлік. Бұған фразеологизмді құрастырушы сыңарларының біртұтас ауыс мағынаға ұласуынан туған, бірақ ішкі формасының айқындылығын сақтаған фразеологизмдер жатады. Бұлар да фразеологиялық тұтастықтар сияқты семантикалық жағынан ажырамайтын, құрамы тұрақты, идиомалар сияқты біртұтас тіл бірліктері болып табылады. Басқаша айтқанда, фразеологиялық бірліктердің негізінде еркін сөз тіркестері жатыр, еркін сөз тіркестерінің ауыс мағынада айтылуынан туған бейнелі мағыналардан фразеологиялық бірліктер жасалған. Фразеологиялық бірліктердің қалыптасуындағы осы ерекшелік біртұтас мағынасы сыңарларының мағыналарына жуыспайтын фразеологиялық тұтастықтардан негізгі айырмасын көрсетеді. Фразеологиялық бірліктің бейнелі мағынасы құрамындағы сыңарларына емес, тұтас тіркес қалпына тән.
Мысалы:ат ізін салмады фразеологизмінің құрамындағы ат, із, салмады сөздерінде жеке алғанда бейнелі мағына жоқ, олар бейнелі мағынаға тіркескен қалыпында ғана ие болған.
Фразеологиялық тіркес. Бұған құрамындағы ерікті мағынасындағы сөз бен байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесуінен жасалып, даяр қалпында қолданылатын фразеологизмдер жатады. Мысалы, қолаң шаш фразеологизмінің құрамындағы шаш сөзі ерікті мағыналы сөз, себебі ол басқа да бірқатар сөздермен тіркесе береді: сүмбіл шаш, сұлу шаш, бурыл шаш, қара шаш т.б. ал қолаң сөзі кез-келген сөзбен тіркесе бермейтін, осы мағынасында тек шаш сөзімен тіркесетін мағынасы байлаулы сөз.
Фразеологиялық сөйлемше. Оған құрамы мен қолданылуы тұрақты, біртұтас бейнелі мағынасы ерікті сөздердің тіркесуінен жасалатын, құрылысы сөйлемге ұқсас фразеологизмдер жатады. Бұлардың фразеологиялық сипаты сөйлеу үстінде қалыптаспай, даяр, орнықты қалпында қолданылатындағына, ал сөйлемше деп аталуы құрылымы жағынан сөйлемге ұқсастығына байланысты. Мысалы:су сепкендей басылды деген сөйлемше су сепкендей, сепкендей басылды деген екі еркін тіркестен құралған, сөйлем ретінде айтылып тұр. Бұл тұрақты тіркестік мағынада біртұтастық бар: су сепкендей басылды, лезде тынышталды дегенді білдіреді [2;190 - 195 ].
Фразеологизмдер сөйлеу және жазба тілде бағалауыштық қызметімен ерекшеленіп, өзіндік бейнелі, эмоционалды-экспрессивті жағынан айтушы мен тыңдаушы арасында жай хабарласу, ойды көркем жеткізу ғана құралы емес, түрлі сезімдік жақтарына әсер ету мүмкіндігіне ие болатын бірліктер ретінде танылады.
Фразеологизмдердің мұндай ерекше қасиетіне қазақ тіл білімінде І. Кеңесбаев назар аударған. Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімінің саласы дегенді, екіншісі- бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Ғалым І. Кеңесбаевтың Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі атты көлемді еңбегі тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркологияға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы атты бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологимдердің теориялық мәселелерін жан- жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан.
Фразеологизмдер өз алдына дербес лингвистика саласыы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар:
1) Даяр қалпында жұмсалуы белгісі,
2) Мағына тұтастығы
3) Тіркес тиянақтылығы [3; 99-104].
Ғалым Мамаева Макен Қасымбайқызының 2004 жылғы Фразеологизмді сөз тіркесі атты диссертацияның авторефератында: Фразеологизмдердің сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуы жайлы қазақ тіл білімінде біраз айтылды.Қазақ тіліндегі қос тағанды фраеологизмдердің тілдік табиғатын зерттеген пров. С. Сәтенова мұндай фразеологизмнің синтаксистік сипатына арнайы тоқталып, сөз тіркесі құрылымды ҚТФТ, сөйлем түріндегі ҚТФТ деп бөліп қарастырады. Пров .І.Кеңесбаев Фразеологизмді сырт сиқына қарап, яғни белгілі бір қосымшаларды бойына дарыту қалпына қарап, синтаксистік қызметі мен фраеологизмнің мағынасынан бойды аулақ сала талдасақ, формаль тұрғыдан еркін тіркесте болатын барлық белгілерді табуға болады,- деп айтқанымен синтаксистік жағынан қарастырмайды. Бұл айтылған пікір негізінен фразеологизмнің ішкі құрылымына қатысты түсініліп, фравеологизм жайлы зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдардығ көбі осы негізде оның ішкі байланысу тәсілін сөз етеді. Фразеологизмдердің сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуы жайлы қазақ тіл білімінде біраз айтылды.
Х . Қожахметова тұрақты тіркес сөйлемнің барлық мүшесі бола алатынын мысалдармен дәлелдесе, Н. Қошанова бұл мәселе бойынша арнайы еңбек жазып, тұрақты тіркестің сөйлем мүшесі болуы-сөйлем аясының кеңеюінің бір жолы деген тұжырымдама жасады. Ғалым атаулық және фразеологиялық тіркестердің грамматикалық байланысу жолдарында да өзгешеліктер бар екенін атап көрсетеді: Фразеологиялық тіркес құрамындағы сөздер қазіргі синтаксистік байланыс тәсілдерінің қай-қайсысы арқылы болса да байланысып, өз ішінде сөйлемнің барлық мүшесі бола алады. Ал атаулық тіркестерде ондай универсалдық, жан-жақтылық жоқ. Ғалым тұрақты тіркестің өзін екі топқа бөледі: фразеологиялық тұрақты тіркестер және атаулық тұрақты тіркестер деп бөледі[4;27-28 ]
Ержанова ЗохреҚазақ қолөнеріне байланысты фразеологизмдердің этномәдени аспектісі атты филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының авторефератында фразеологизмдерді:
тас өңдеу өнерімен байланысты қалыптасқан кәсіби фразеологизмдер
ағаш өңдеу өнерімен байланысты қалыптасқан кәсіби фразеологизмдер
зергерлік өнермен байланысты қалыптасқан фразеологизмдер
темір өңдеу (ұсталық) өнеріне байланысты туған фразеологизмдер деп топтастырып, оларға жан-жақты мысалдар келтірген.
Сонымен қатар, ғалым өз авторефератында салт-дәстүрге байланысты уәжделген фразеологизмдерге де тоқталып, фразеологизмдердің этномәдени уәжділігін көрсетеді. Мысалы, қазанның құлағын қағып қойған ат - о баста қойылған есім. Әр отбасының күнде тамақ пісіріп ішетін қазанды халық қастерлеп, жеті қазынаның бірі деп есептеген. Қазанға пісірілген ас дәмді әрі жұғымды, сондықтан да болар, қазан ұрпақ жалғасуы мен отбасы берекесінің символы болып табылады [5;17].
Ғалым Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызының 2010 Қазақ тіліндегі араб, парсылық кірме фразеологизмдер атты докторлық диссертацияның авторефератында Қазақ тіл білімінде араб, парсы тілдерінен енген кірме фразеологизмдерге арналған арнайы зерттеулер болмағанымен, кірме бірліктерді лексикалық деңгейде қарастыру түркологтер мен қазақ тілі мамандарының үнемі назарында болды. І.Кеңесбаев калька тәсілмен жасалған фразеологизмдердің зерттелмегенін айта келіп, фразеологизмді әрі синхронды, әрі диахронды тұрғыдан қарстыру міндетін қойған болатын. Сонымен бірге ғалым бірқатар фразалардағы араб, парсы сөздерін түсіндіру арқылы, рухани, мәдени байланыс нәтижесінде тілге енген кірем сөздерді, мағынасы ескіре бастаған фразалардың сыңарларын таратып талдап берудің тіл мәденитеі үшін аса қажет екенін ескерткен еді.
Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясына қатысты Қ. Жұбанов, Ғ. Мұсабаев, Ә. Қайдар, Б.Әбілқасымов, Н.Уәлиұлы, Х.Нұрмұқанов, Ә. Нұрмағамбетов, Е.Жанпейісов, Л. Рүстемов, Н. Оңдасынов, Б. Сағындықұлы, Ш.Мәжітова, С. Сәтенова, Б. Нұрдәулетова және т.б ғалымдардың еңбектерінде араб, парсылық кірмелер сөз болып, қарастырылады-деп жазады[6;12-17].
Ғалым Г.Смағұлова қазақ фразеологизмдерін мынадай стильдік қабаттарға бөлді:
1.Кітаби фразеологизмдер;
2.Бейтарап (стильаралық) фразеологизмдер;
3. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
4. Қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
5. Дөрекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер [7; 184].
Ғалым Р.Авакова фразеологизмдерді ішкі формаларының туындау көздеріне байланысты шартты түрде төмендегідей топтастырады:
:: Адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл қозғалыстарына байланысты туған фразеологизмдер;
:: Жануарлар (зооморфтық фразеологизмдер) әлемі;
:: Өсімдіктер (флора) әлемі;
:: Табиғат құбылыстары;
:: Өлшем бірлік (метеорология);
:: Сандық (нумеративтік) фразеологизмдер;
:: Түр - түстік және сындық;
:: Алғыс және қарғыс мәнді;
:: Мифтік және діни;
:: Тарихи кезеңдермен және тұлғалармен байланысты туған фразеологизмдер және т.б. [8;68].
Р.Авакованың топтастыруы бойынша Ә.Нұрпейісовтің Соңғы парыз романындағы фразеологизмдердің қолданысы:
Адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл қозғалыстарына байланысты туған фразеологизмдер:
1.Қошемет те, қолпаш та көбейіп, табаны жерге тимей бара жатты. [1;5 ]
ТАБАНЫ ЖЕРГЕ ТИМЕДІ, әлпештеген, жаяу жүріп көрмеген, бұла болып өскен деген мағынада.[ҚТФС, 485 бет]
2...ошақ бұтын күзетіп отырған қарт анасынан басқа қол ұшын беретін ешкім жоқ; [1;5 ]
ҚОЛ ҰШЫН БЕРДІ [ТИГІЗДІ] қолғабыс етті, көмек көрсетті, жәрдемдесті.[ҚТФС, 346 бет]
3.Кім де болса, сенен бұрын да талайлар бармағын шайнағанда айтқан сөзді енді сен қайталап тұрсың; [1;5 ]
БАРМАҒЫН ТІСТЕДІ (ШАЙНАДЫ ] өкінді, аса қатты қынжылды.[ҚТФС, 94 бет]
4.Бес жыл көз майын тауысқан дипломды қойынға басып алып... [1; 6 ]
КӨЗ МАЙЫН АҒЫЗДЫ (ТАУЫСТЫ ] қадалып, көп іс істеді. [ҚТФС, 258бет]
5.Бәкизат міз бағар емес. [1;6 ]
МІЗ БАҚПАДЫ (ҚАҚПАДЫ, ЕТПЕДІ ] бүлк етпеді, бедірейді де қалды, шыдап бақты.[ҚТФС, 400 бет]
6 ... кетудің де есебін таба алмай, жіпсіз байланып қалатынсың. [1;7 ]
ЖІПСІЗ БАЙЛАНДЫ (БАЙЛАНДЫ, ТҰСАДЫ, ТҰСАЛДЫ ] еріксіз ұсталды, босқа қарайлап, уақыт өткізді;[ҚТФС, 225 бет]
7.Ал мен көргенде, сен алдындағы асын жыламай ішпейтін жаман боқмұрын едің. [1;9 ]
БОҚ МҰРЫН түкке түсінбейтін, мұрнының боғын сүртпеген; [ҚТФС, 123 бет]
8.Онсыз да сіркесі су көтермей тұрғанда, мына жексұрынның бөрік асты буланып тұратын ақ шанаш басы жынына тимесі бар ма. [1;12 ]
СІРКЕСІ СУ КӨТЕРМЕДІ Ештеңені көңілі жақтырмады,ештеңеге зауқы болмады.[ҚТФС, 483бет]
9.Көз қиығын білдірмей шоферге тастап еді. [1;24 ]
КӨЗ ҚИЫҒЫН САЛДЫ көз ұшымен қарады, қарап қойды;[ҚТФС, 257 бет]
10.Сәл сыбдыр шықса да селк етіп, жылдам көз тігетін. [1;25 ]
КӨЗ ТІКТІ қадала қарады, тесіле қарады.[ҚТФС, 259бет]
11.Онсыз да іші қан жылап отырғанда мына ыржақай жігіттің күлкісі ызаға тиді. [1;26 ]
ІШІ ҚАН ЖЫЛАП өкініп, қайғырып, құсаланып.
12.Есіңе түссе де сен бірақ түсіңді бермей, үнсіз отырсың.[1;26 ]
ТҮСІН БЕРМЕДІ жылы шырай көрсетпеді.[ҚТФС, 528 бет]
13.Әсіресе,осындай кісі амал таппай дағдарып қалғанда,осы қағынған жол тауып жүзіктің көзінен өтетін бір пәлесі бар. [1;30 ]
ЖҮЗІКТІҢ КӨЗІНЕН ӨТКЕНДЕЙ 2.Еті тірі,пысық... [ҚТФС, 213бет]
14. Қайда осындай кісі жаны қысылғанда қайын ененің қытыққа тиетін әдеті. [1;30 ]
ЖАНЫ ҚЫСЫЛДЫ Қиналды,тебірене күйзелді..[ҚТФС, 183 бет]
15.Бірақ, кері сиетін қырсық мінезіне бола Көткеншек атанып кеткен-ді. [1;31 ]
КЕРІ СИЕТІН бәрін керісінше, теріс жасайтын.
16. Қарсы алдында жанған отқа кірпік қақпай шаншыла қараған көздің жанары зәр төгіп жалындай түседі. [1;31 ]
ЗӘР ТӨКТІ ашулы, айбат көрсетті, ашу шығарып ұрысты.[ҚТФС, 230 бет]
17.Бұдан келгелі онан көз қиығыңды айырмай отырғансың. [1;31 ]
КӨЗ ҚИЫҒЫН АЙЫРМАЙ көзін алмай.[ҚТФС, 257 бет
18.Тұла бойындағы бар зәрді бетіне жиып апты. [1;32 ]
БАР ЗӘРДІ БЕТІНЕ ЖИЫП бар ашу-ызасын бетіне жиып, бетіне қаһары шығып.
19.Көрдің бе, келмей жатып ана жақ деп ауызыңның суы құруын... [1;32 ]
АУЫЗЫНЫҢ СУЫ ҚҰРЫП құмарланды, ынтықты, қызықты.[ҚТФС, 69 бет]
20. ... арық қара шал әлі де ұрынарға қара таппай өз-өзінен осқырынып қояды. [1;32 ]
ҰРЫНАРҒА ҚАРА ТАППАЙ тиісерге себеп таппай.
21. Бастықтардың алдында көлгірсіп, көмейіңді буып сөйлегенде, сен де, сенің де төрт құбылаң түгенделгені белгілі. [1;33 ]
КӨМЕЙІҢДІ БУЫП бірдеңе айтқысы, дегісі келіп бірақ соны іркіп айтпай.
22. ... сен қиналғанда қол ұшын бере ме деп, Сары Иванға қарап едің...[1;35 ]
ҚОЛ ҰШЫН БЕРДІ қолғабыс етті, жәрдемдесті, көмектесті.[ҚТФС, 346 бет]
23. Балықшыларға қолды бір сілтеп, ауылға тартып тұрғанда, әлде қайтер еді. [1;35 ]
ҚОЛЫН БІР-АҚ СІЛТЕДІ мейлі қойшы, жоқ сөздерінің орнына, лажсыздан келісім, я қарсылық білдіру.[ҚТФС, 348 бет]
24. Жігерін жүн қылған дәрменсіздік ... [1;36 ]
ЖІГЕРІН ЖҮН ЕТТІ, ЖІГЕРІН ҚҰМ ЕТТІ бетін қайтарды, жігерін мұқалтты, еңсесін түсірді. [ҚТФС, 224 бет]
25. Жаны сірі немелер әзір аман де! [1;36 ]
ЖАНЫ СІРІ өте мықты, төзімді.[ҚТФС, 187 бет]
26. Шалаң мен тосаптан тазарып, қамыс қосқа сілесі құрып әзер келді.
[1;37 ]
СІЛЕСІ ҚАТТЫ (ҚҰРЫДЫ ] әбден шаршап болдырды, қажыды; дәрмен, қуаты бітті.[ҚТФС, 482 бет]
27. ... шекеңнен шыққандай шақылдақ дауысының зәрі сыныпты. [1;37 ]
ЗӘРІ СЫНДЫ (ҚАЙТТЫ ] уы тарады.[ҚТФС, 229 бет]
28.Мыналардың неге езуі жиылмай, мәз боп жатқан сары енді белгілі болды.[1;40 ]
ЕЗУ ЖИМАДЫ Күле берді,ұзақ уақыт күлкісі тыйылмады..[ҚТФС, 156 бет]
29..Әншейінде осы жұртқа бабын таптырмай, отырса опақ, тұрса сопақ, айналасымен ырылдасып болатыны қайда? [1;41 ]
ОТЫРСАМ ОПАҚ,ТҰРСАМ СОПАҚ сықақ.Кемітіп-мінеп бітті;жүріс-тұрысымды жақтырмады;қалай етсем де мін таба берді..[ҚТФС, 424 бет]
30.Сол жылы абыржы ұзаққа созылып халықтың апшысы қуырылып тұрған. [1;41 ]
АПШЫСЫН АЛДЫ[ҚУЫРДЫ,ТАРЫЛТТЫ] Берекесін кетірді;қатты састырды;жан алқымға алып тықсырды,қысты. [ҚТФС, 43 бет]
31. Жыл он екі ай ел көрмей, тентіреп теңіз асып жүрсе де, сары масаға таланып, қызыл тобық боп күн-түн су кешсе де, еңбегі бір жанбай, салы судан шықса да, бірақ сонда да сағы сынбайтын, тауы шағылмайтын, айналайын қайыс қаралар-ай! [1;43 ]
САҒЫ СЫНДЫ [ҚАЙТТЫ] ТАУЫ ҚАЙТТЫ [ШАҒЫЛДЫ] Беті қайтты,мойып қалды;көңілі қайт болды.[ҚТФС, 447 бет]
32. Арғы беттегі қамау судың балығы сені де қолды-аяққа тұрғызбай жүр. [1;47 ]
ҚОЛДЫ-АЯҚҚА ТИГІЗБЕДІ Қағып ала жөнелді,іліп ала жөнелді..[ҚТФС, 343 бет]
33. ... ол күндері бұл адам боп бетіне не ызғар, не зәр жимай, ашуланатын жерде бұл ыржалақтап күле беріпті. [1;48 ]
ЗӘР ЖАЙДЫ диал.1.Қаһар төкті,қаһарланды,қаһар шашты,ашу көрсетті.[ҚТФС, 229 бет]
34. ...сен қайбір жұрт құсап жылмаңдап жүзіктің көзінен өтіп тұр едің[1;50 ]

35. Сен енді ағыл-тегіл халық арасынан таныс біреу кездесіп қалатындай зәрең ұшты. [1;52 ]
ЗӘРЕСІ ҰШТЫ Қатты қорықты,жүрегі ұшты,үрейі қашты,көзі тас төбесіне шықты.[ҚТФС, 229 бет]
36.Көңілге алмайын десе де жаңағы түсі құрғыр ойынан шықпады. [1;54 ]
КӨҢІЛІНЕ АЛДЫ 2.Ренжіп қалды.[ҚТФС, 279 бет]
37...әлде біреу тәуекелге бел буғанда бұның не кәдеге жарарын кім білсін. [1;57 ]
ТӘУЕКЕЛГЕ БЕЛ БАЙЛАДЫ[БУДЫ] Қиындықты мойынға алып,неге де болса көнді.[ҚТФС, 499 бет]
38. ... тұла бойындағы тікенектерін тікірейтіп, зәрін жиып, зорайып келе жатқан сияқтанды. [1;57 ]
ЗӘР ЖАЙДЫ диал.1.Қаһар төкті,қаһарланды,қаһар шашты,ашу көрсетті. [ҚТФС, 229 бет]
39. Кім білсін, күйік көтергенде көзіне қан толып кетсе кеткен шығар.[1;61 ]
КӨЗІНЕ ҚАН ҚҰЙЫЛДЫ[ТОЛДЫ] Қатты ызадан көзі қарауытты;
жауықты.[ҚТФС, 262 бет]
40.Доңғалақтың астына түсер деп еді, жаны тәтті неме жеме-жемге келгенде жалт берді. [1;61 ]
ЖАНЫ ТӘТТІ Өмір сүру өте қымбат мағынасында..[ҚТФС, 184 бет]
41. Сосын жаны қысылған жұрттың бәрі сияқты сен де дүниеде өзің білетін жалыну, жалбарынуды тілің жеткенше бір құдіретке бағыштап едің-ау![1;62 ]
ЖАН[-Ы] ҚЫСЫЛДЫ Қиналды,тебірене күйзелді.[ҚТФС, 183 бет]
42.Көңілі босап ,көзіңе мөлтілдеп жас кеп қалды. [1;66 ]
КӨҢІЛІ БОСАДЫ(БҰЗЫЛДЫ ] 2.Жылағысы келді..[ҚТФС, 277 бет]
43. ... кім көрінген сілесін құртқан ба, бір кезде сұңқылдап тұратын шыққыр домбыра шофердің қолына түскенде құдды тұмау тиген кісідей мыңқ-мыңқ етті. [1;70 ]

44.Соларды көріп көкірегі құрғыр қарыс айырылып тұрғанда, кенет көзі он жасар балаға түскен еді-ау. [1;82 ]
КӨКІРЕГІ ҚАРС АЙРЫЛДЫ Уайымдады,қайғырды,қасірет шекті.[ҚТФС, 271 бет]
45.Бұл басу айтып көріп еді, бірақ ешкім құлақ аспады. [1;83 ]
ҚҰЛАҚ АСПАДЫ[ҚОЙМАДЫ] Ұқпады,елемеді,тыңдамады.[ҚТФС, 360 бет]
46. Қаның қайнап тұр. [1;87 ]
ҚАНЫ ҚАЙНАДЫ Ызаланды,қатты күйінді.[ҚТФС, 318 бет]
47. Өз басы суқаны сүймесе де,бірақ бұған қалқам, қарағым-шырағым деп... [1;87 ]
СУҚАНЫ СҮЙМЕДІ Жаны жек көрді.[ҚТФС, 441 бет]
48. - Онда абайламай, ет қызумен сайлап алып, естері енді кіріп жатыр ғой. [1;89 ]
ЕТ ҚЫЗУ Алғашқы қарқын.[ҚТФС, 171 бет]
49.Осы жұрт онан азар да безер боп ат-тонын ала қашып жатады. [1;91 ]
АТ-ТОНЫН АЛА ҚАШТЫ Азар да безер болды,басын алып қашты..[ҚТФС, 61бет]
50. Ал, сенің ана шүйке басыңмен мен тең бе едім, - деді. [1;95 ]
ШҮЙКЕ БАС кекесін.Көбіне қыз-келіншекке айтар оспақ сөз.[ҚТФС, 568 бет]
51. ...түнде кірпік ілмей тебіреніп жатқанда тапқан ақылы ғой. [1;97 ]
КІРПІК ҚАҚПАДЫ[ІЛМЕДІ] 1.Ұйықтамады,көз жұмбады.[ҚТФС, 297 бет]
52. ...көп қайғыны ұмытып арқа еті кеңіп сала беретін. [1;102 ]
АРҚАНЫ [АРҚАСЫН] КЕҢГЕ САЛДЫ АРҚА-ЕТЕГІН [ЕТЕК-ЖЕҢІН] КЕҢ [-ГЕ] САЛДЫ Асықпады,саспады,жайбарақаттыққа салынды.[ҚТФС, 47 бет]
53.. ...күтіп отырған қатын-бала бардай екі өкпесін қолына алып құстай ұшып келмеді ме. [1;108 ]
ӨКПЕСІН ҚОЛЫНА АЛЫП ЖЕТТІ [ЖҮГІРДІ] Бар пәрменінше жүгірді,асыға-үсіге жүгіріп кетті.[ҚТФС, 429 бет]
54.Бұрын бұл көк теңіздің қашағанын қуам деп таңның атысы, күннің батысы қызыл танау боп жүріп оң мен солына қарауға мұршасы болмапты. [1;109 ]
ҚЫЗЫЛ ТАНАУ БОЛДЫ 1.Барынша елерді,желікті,өрекпіп асығыс-үсігіс қимылдады.[ҚТФС, 371 бет]
55.Тісі-тісіне тимей қалшылдап барады. [1;120 ]
ТІСІ ТІСІНЕ ТИМЕДІ Қатты тоңды,қалтырап кетті.[ҚТФС, 538 бет]
56.Он жыл бірге оқығанда осы досының бала боп, сірә, тауы шағылып, ажары қайтып мұқалғанын көрген емес. [1;122 ]
ТАУЫ ҚАЙТТЫ [ШАҒЫЛДЫ] Беті қайтты,мойып қалды;көңілі қайт болды.[ҚТФС, 447 бет]
57.Жыға танымаса да, бірақ көрген бойда мына жуан қара көзіне оттай басылды. [1;125 ]
ЖЫҒА ТАНЫМАДЫ Кім екенін жете,анық білмеді.[ҚТФС, 218 бет]
58.Әзімдей әдемі болса;алғыр болса;жүрегінің түгі бар батыр болса ғой! [1;135 ]
ЖҮРЕГІНІҢ ТҮГІ БАР Ер, батыр, батыл кісі; еш нәрседен таймайтын, қаймықпай, бетіне айтатын адам.[ҚТФС, 216 бет]
59. Ал балықшы ауылдың жұрт алдында ішімдегіні біл деп жұмған аузына ашпай,төмен қарап тымырайып алатын бұйығы қыздарына,болса-болмаса да,ұқсамаушы еді; [1;143 ]
ЖҰМҒАН АУЗЫН АШПАДЫ Үндемеді,сөйлемеді,ләм-мим демеді.[ҚТФС, 210 бет]
60. Әсіресе балықшы ауылдың қыздары бетінен оты шығып,бірінің тасасына бірі тығыла берді. [1;145 ]
БЕТІНЕН ОТЫ ШЫҚТЫ Қызарды,қатты қысылды,ұялды. [ҚТФС, 118 бет]
61.Ағыңнан жарылып шыныңды айтқансың-ды. [1;149 ]
АҒЫНАН ЖАРЫЛДЫ Еш нәрсені жасырмады,ішіне еш сыр бүкпей,ашық айтты,бар сырын ақтарды.[ҚТФС, 10 бет]
62.Амал қайсы,шараң құрып,жіпсіз байланып отырсың. [1;164 ]

63. Сары Шая балпық сарыға тісі батпасын байқады. [1;186 ]
ТІСІ БАТПАДЫ Батылы бармады,күші жетпеді.[ҚТФС, 538 бет]
64. Көксерке араларыңды алшақ сап жүз десе,онсыз да сіркесі су көтермей,лай суда денесін әзер көтеріп келе жатқан аш,арық балықтар қасарысып бұрынғыдан бетер тығылыса түсті. [1;190 ]
СІРКЕСІ СУ КӨТЕРМЕДІ Ештеңені көңілі жақтырмады,ештеңеге зауқы болмады.[ҚТФС, 483 бет]
65. Ел басына келген ашаршылықта жүрек жалғар бір үзім нан үшін елін,жерін тастап босқан аш халықтай... [1;191 ]
ЖҮРЕК[ӨЗЕК] ЖАЛҒАДЫ Жеңіл-желпі ғана тамақтанды;болмашыны қорек етті,талшық қылды,нәр қылды.[ҚТФС, 217 бет]
66.Әзім мына сөздің өзіне түк қатысы жоқ сияқты міз бақпады. [1;218 ]

67. ...айбат шеккен әлдебір мақұлықтың кісі шағатын улы тіліндей мынаның да тілі зәр шашып безеңдей ме? [1;238 ]
ЗӘР ТӨКТІ[ШАШТЫ]ашулы, айбат көрсетті, ашу шығарып ұрысты.[ҚТФС, 230 бет]
68.Көре қал, ол енді бұның соңынан шырақ алып түседі. [1;242 ]
СОҢЫНА ШЫРАҚ АЛЫП ТҮСТІАңдыды,ізін аңдыды,ізін бақты.[ҚТФС, 463 бет]
69..Әрине, өркөкірек ана ұрынарға қара таппай тепсініп жүрген көк айыл қақсалды кәйтсін. [1;246 ]

70.Өзен жағалағандардың өзегі талған жоқ. [1;247 ]
ӨЗЕГІ ТАЛДЫ[ҚАРАЙДЫ,ҮЗІЛДІ] Қарны ашты,тамақ жегісі келді.[ҚТФС, 426 бет]
Жануарлар (зооморфтық фразеологизмдер ) әлемі:
1.Атты кісі ит тұмсығы батпай жарланып тұратын ну қамысты жалғыз аяқ жолмен жарып келе жатады. [1;25 ]
ИТ ТҰМСЫҒЫ БАТПАЙТЫН Адам өте алмайтын қалың орман,тоғай,шабындық немесе жайылым шөп;бітік шыққан егін.[ҚТФС, 239 бет]
2.Әйтеуір, шыбын жаны шырқырап көзіңе көрінді. [1;62 ]
ШЫБЫН ЖАН көне.Өмір,тірлік мағынасында.(Діни ұғым бойынша кісі өлгенде жан шыбын тәрізді ұшып кетеді-міс. ].[ҚТФС, 569 бет]
3.Қой аузынан шөп алмайтын сол жуас әке бір жолы... [1;178 ]
ҚОЙ АУЗЫНАН ШӨП АЛМАЙДЫ Момын;жуас адам.
Табиғат құбылыстары:
1..Ас-суын қызыл іңірден ішіп алған жолаушылар қорылға басып жатыр. [1;6 ]
ҚЫЗЫЛ ІҢІР кешке таман ымырт жабылып, қас қарая бастаған мезгіл.[ҚТФС, 372 бет]
2.Көңілсіз кісілер керек десе, бұнан да ала жаздай көрмеген қатын, баласын сұрауға да зауықсыз. [1;31 ]
АЛА ЖАЗДАЙ жаз бойы.[ҚТФС, 30 бет]
Өлшем бірлік (метеорология) :
1.Шықылықтаған күлкісіне дейін қас пен көздің арасында адамға айналған түлкі күшігінің күлкісінен аумады да,бұл төбеге ұрғандай кілт тұра жаздады; [1;146 ]
ҚАС ПЕН КӨЗДІҢ АРАСЫНДА халықтық өлшем. Лезде,тез,жылдам,көзді ашып-жұмғанша.[ҚТФС, 335бет]
Сандық (нумеративтік) фразеологизмдер:
1.Үш қайнаса сорпасықосыла ма?.. [1;77 ]
ҮШ ҚАЙНАСА СОРПАСЫ ҚОСЫЛМАЙДЫ Бірімен-бірі жуыспайды, байланыспайды, мүлде бөлек.[ҚТФС, 552 бет]
2. Болдым, толдым деген төрт құбыласы түгел кісілердің басындағы бақ пен астындағы тақтың да түбі белгілі еді ғой. [1;108 ]
ТӨРТ ҚҰБЫЛА[ҚҰБЫЛАСЫ] ТҮГЕЛДЕНДІ [САЙ,ТЕҢ] Болып-толды; қағанағы қарқ, сағанағы сарқ күйге жетті. [ҚТФС, 513 бет]
Түр - түстік және сындық:
1.Әзімнің ақылы артық еді;енді бағы артты;ол кезде бұл екеуі арасынан қыл өтпейтін дос еді; [1;129 ]
АРАСЫНАН ҚЫЛ ӨТПЕЙДІ Өте тату болу,дос көңілді болу,ауыз жаласу мағынасында айтылады.[ҚТФС, 45 бет]
Алғыс және қарғыс мәнді:
1.Ой, жағыңа жылан жұмыртқалағыр! [1;38 ]
ЖАҒЫҢА ЖЫЛАН ЖҰМЫРТҚАЛАСЫН!қарғыс.Жайсыз хабар,жаман сөз айтқан кісіге айтылады.[ҚТФС, 174 бет]
2.Айналайын, Жәдігержан, өркенің өссін! - деді Көткеншек Көшен [1;71 бет ]
ӨРКЕНІҢ ӨССІН!алғыс.Үрім-бұтақты бол деген мағынада.[ҚТФС, 569 бет]
3.Қараларыңды батырыңдар! - деп ақырып, әркімге бір тап беріпті. [1;240 бет ]
ҚАРАҢ БАТСЫН қарғыс.Жоғал,құры деген мағынада. [ҚТФС, 326 бет]
3.1 Шығармадағы мақал - мәтелдердің қолданылуы
Ә.Қайдар Халық даналығы: Қазақ мақал-мәтелдерінің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан-ақ қалыптасқан табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді. Қазақ тілінде ғасырлар бойы қалыптасып,қауым жадында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа рухани мұра болып келе жатқан мыңдаған мақал- мәтелдерді даналыққа балап және оларды халық бойындағы асыл қасиетке теңеп, Халық даналығы деп атап отырмыз.
Мақал-мәтелдердің пайда болып, қалыптасуы ішкі және сыртқы факторға байланысты болады деп тұжырым жасаған. Ішкі факторәрбір этникалық қауымның халық болып қалыптасуының ұзақ тарихи процесіне, өзіндік дүние танымына байланысты. Ал, сыртқы фактор сол этникалық қауымның бір табиғи ортада, басқа халықтар мен араласуынан, бір-біріне тигізген мәдени әсеріне байланысты деп көрсеткен. Сонымен қатар, мақал мен мәтелдің ұқсастықтарын және айырмашылықтарын көрсеткен [9;6].
Әсет БолғанбаевҚазақ тілінің лексикологиясы: Мақал-мәтелдер жайдан-жай айтылмайды, белгілі мақсатты ойды жүзеге асыру үшін, тыңдаушының жан сезіміне ерекше әсер ету үшін қолданылады. Сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында қолдану жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды.
Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пікірді түйіндеп қорытындылайды - деген.Мақал белгілі бір ұғымды тікелей білдірсе, мәтел белгілі бір ұғымды жанамалап, меңзеп, тұспалдап атайды. Мақал-мәтелдерде ұғымнан гөрі нақтылы бір ойды түйіндеп айту басым болады. Сондықтан бұлардың сыртқы құрылым құрылысы сөйлемге ұқсайды. [3; 108]
Зерттеуші - ғалым С.Ғ.Қанапина ‟Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)" атты монографиялық еңбегінде паремиология турасында: ‟тілдің осы паремиологиялық қорында ұлттың мұң - мұқтажы мен тұрмыстық жағдайлары көрініс табады. Себебі, мақал - мәтелдер халықтың рухани өмірімен, өткен тарихымен тығыз байланысты және мақал - мәтелсіз тілдегі ұлттық нақышты, дүниенің тілдік бейнесінің ұлттық ерекшелігін толық сипаттау мүмкін емес.
Бүгінгі күнде халықтың алтын тұғыры, рухани - мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің жалаң түрдегі лингвистика ғылымының зерттеу ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Оған себеп, тілдің өз бойында бүкіл тарихты, төл мәдениетті, ұлттық таным мен талғамды, мінез бен көзқарасты, сана мен салтты, дәстүр мен даналықты, сенім мен нанымды сақтап, берік тұтынуында. Басқаша айтқанда, әр тіл - өз ұлтының бойтұмары іспетті тұнып тұрған қасиетін белгілейтін таңбалық жүйе. Осымен байланысты тілдік жүйенің құрылымдық бірліктері тек дәстүрлі лингвистиканың ғана емес, этнолингвистика, социолингвистика, лингвомәдениеттану,психолингвистика , когнитивтік лингвистика т.б. ғылым салаларының зерттеу нысанына айналып отыр. Мұның өзі тіл табиғатына терең бойлап, жан - жақты қарастыру нәтижесінде тілдік жүйе құрылымының сипатын айқын тануға жол ашты. Сондықтан да тілді қарапайым таңбалық жүйе деп қарастыру ол туралы түсінікке кереғар әсер етеді және зерттеу мүмкіндіктерін шектейді. Тіл , көнеден айтылып келе жатқандай, таңбалар жүйесі ғана емес, ол осы жүйені көмкерген мәдениет. Сондықтан да қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағытына сәйкес, ол - әр халықтың ұлы мұрасы, ұлттық тарихи жетістігі. Тілдегі мақал - мәтелдер - мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын үлкен күш, мәдени ескерткіші, ұлт өмірінің айнасы. Ол мәдениеттің жалпы сипатын анықтайды, негізгі ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді. Осыған сай тіл әрбір этнос мәдениетінің өзгешелігін, екінші жағынан, тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан - ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді. Тіл, соның ішінде мақал - мәтелдер, қазіргі, келер ұрпақты үлкен бір тарихи арнаға, бүтіндікке байланыстырады" [ 10;3 ].
Зерттеуші-ғалым Ш.П.Қарсыбекова өзінің 2004 жылы қорғаған ‟Қазақ мақал - мәтелдерін этнолингвистикалық тұрғыда топтастырудың этнолингвистикалық принциптері" атты кандидаттық диссертациясында мынадай тұжырым жасайды: ‟этномәдени танымды айшықтайтын қазақ тіліндегі мақал - мәтелдер тек сан жағынан ғана емес, сапа, мазмұнына қарай да алуан түрлі. Оның басты себебі: ұлттық менталитетіміздің тілдегі ерекше бір жарқын, мәнді де маңызды өрнегі болып саналатын мақал - мәтелдер - қазақ этносына тән дүниетаным мен сананың айқын айғағы, халық даналығы мен философиялық толғанысының, эстетикалық танымы мен тағлым - тәлімінің, өркениеті мен мәдениетінің - барша болмысының қайнар бұлағы. Мақал-мәтелдер сан ғасырлар бойы екшеленіп, қырланған, мазмұны түрліше, сан алуан тақырыпты қамтуымен қатар, адам өмірінде, тұрмыс - тіршілікте, әр қилы қоғамдық жағдайларда кездесетін құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға. Халық арасына өте көп тараған және жалпы тіліміздің қаймағы ретінде ұзақ өмір сүретін құрамдық бөлшегі де - мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдер - шешендік өнермен туыстас жатқан сөз өрнегі. Мақал-мәтелдер - жалпы тұрақты тіркес саласының ең көлемді, қолдану аясы кең, мазмұны тиянақты тарауы болып есептеледі. Кезінде мақал-мәтелдерді айтушылар болған. Олар - ұлы ойшылдар, ақын - жыраулар, шешендер, дана билер, қазылар, қысқасы ақыл - парасат иесі, өз дәуірінің озық ойлы кемеңгерлері. Бұлар халықтың мүддесін ойлаған, жұртшылыққа үлгі - өсиетін айтып, ақыл - кеңесін беріп, мұңды - шерлі жүректерді жұбатып, асып - тасығанның төгілетінін, қоғамнан тосқауыл көретінін ескертіп, жастың өсетініне, жарлының байитынына, қиянаттың қияметке қалмайтынына сендірген" [11;7 ].
К.Қ.Есіркепова мен С.Ғ.Қанапина Мақал-мәтел тіліндегі концептілік құрылымдар:
Мақалдардың төрт негізгі ерекшеліктері:
oo Мақалдар объективтік дүниені көркемдік тұрғыдан жалпылай қорытады.
oo Мақалдардың негізгі атқаратын қызметі сөйлеу практикасында қолданылу ерекшелігі арқылы ашылып отырады.
oo Мақалдардың тура және ауыспалы, ишарат, бейнелі мағыналарының қатынасын қатаң еске алып, олардың біріншісінен екіншісіне ауысу процесін белгілі мәселеге халықтық көзқарастың өзгеру құбылысымен байланысты қарау керек.
oo Мақалдар дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелегенде өзіне тән логикалық заңдылықтар арқылы бейнелейді деген.
Аталған еңбекте мақал - мәтелдер жан-жақты зерттелген. Оқу құралының бірінші бөлімінде қазақ мақалдарындағы концептінің тілдік көрінісі туралы айтылса, екінші бөлімінде мақал - мәтелдердегі концептілердің стильдік сипаты туралы айтылған. Яғни, мұнда жылқы, сиыр, қой, бөрі коцептілеріне және де түр-түс, сандар атауларындағы концептілік негіздер туралы сөз болған. Ал, үшінші бөлімінде мақал - мәтелдердің антропоцентристік бағытта қарастырылуы жайында сөз қозғалған.
Оқу құралының қорытынды сөзінде мақал - мәтелдер тілдік дүние бейнесінің құрамдас бөлігі - дүниенің паремиологиялық бейнесін жасайды. Бұл бейнеде ұлттық мәдени құндылықтар, ұлт өкілінің өзін қоршаған шындық болмыс туралы танымы, жасаған пайымы, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы, берген бағасы бекиді деген [12; 105].
Ә.Нұрпейісовтің Соңғы парыз романындағы мақал-мәтелдердің қолданысы:
1. - Ақсақал,бұрау екеш бұраудың да сұрауы бар. [1;42]
Бұраудың да сұрауы бар.2.ауысп.кейде бұраудай болмашы ғана заттың
да , өмірде зор қажеті бар сәттері болады. Судың да сұрауы бар дегенгдей,бұраудың да бағаланатын сәті бар деген сөз. [Ә. Хайдар, Халық даналығы 258 бет]
2.Үмітсіз шайтан. [1;45]
Үмітсіз шайтан.Жарық дүниеге келген пенденің баршасы үмітпен туып, сол үмітпен өмір сүреді; бүгінге дейін көре алмаған тамаша қызығымды, ертең көрермін деген сеніммен жүреді; діни ұғым бойынша тек шайтан ғана мұндай ұғымнан мақұрым. Мақалдың шығуы да осыған байланысты пенде ретінде жақсы - жарқын болашақтан үмітің болмаса, үміттен мақұрым шайтан болғаның дегенді аңғартады. [Ә. Хайдар, Халық даналығы
531 бет]
3. - Солар еді ғой у ішсең-руыңмен деген. [1;97]
У ішсең,руыңмен іш.ауыс.нендей қиыншылық болмасын өзін өскен орта,жасайтын қоғамынмен,ел-жұртпен бірге көргенін абзал,онымен ащыөтұщыны бірге татқаның жөн.Өйткені,жақындардан бөлініп,өз бетінше өмір сүре алмайсың,сүргеннің өзінде де мүйізің шықпайды,көрген рахатын толық болмайды. [Ә. Хайдар, Халық даналығы 515 бет]
4.Ақырзаман боларда су тартылар, қарап тұрған жігітке қыз артылар. [1;131]
Халықтың діни наным-сенім желісінде, адамның азып-тозған уақытында, ақырзаман туады. Ақырзаман - өмірдің, жарық дүниенің соңы. Бұл мақалдың мағынасы, қырық үйден тиым алып өскен қазақ қызы, әрқашанда ұяң, инабатты келген. Ал, оның ұятты жиып қойып, ер адамға өзі барып қылымсуы, қоғамның азғындауын білдіреді. Яғни, ақырзаманның тууымен сипатталған.
5. Ас адамның - арқауы. [1;163]
Ас адамның - арқауы.Ас адамның өмір сүріп, бойына күш-қуат беруіне аса қажетті заттардың, өрмектің көлденең жібі арқауындай, ең бастысы, құнарлы да қуатты қорегі болып саналады. [Ә. Хайдар, Халық даналығы 199 бет]
6.Алыстан алты жасар бала келсе,алпыстағы шал арнайы барып сәлем береді. [1;217]
Осы мақалдың түп астары мейлі кім болсын,қонақ атаулының қазақ үшін өте сыйлы адам екендігін анық көрсетеді.Бөлтірік шешеннің кейінгі ұрпаққа өсиет боп қалған мына бір өлеңі соны меңзесе керек:
Қонақ келсе есікке,
Жүгіріп шық,кешікпе.
Қарсы алмасаң қонақты,
Кесір болар несіпке.
7.Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. [1;223]
Бас кеспек болса да,тіл кеспек жоқ.1.қазақ салт-дәстүрінде қылмыскерді жазалаудың түрі көп болса да,біреуге шындықты айтып,не жалған сөйлеп,тіл тигізген,абыройын төккен адамның басын кесіп алу болса да,тілін кесіп тастап жазалау болмаған;2.ауысп. қазақ салтында адамның өзін қалай жазаласа да,тілге айтарын айтқызбай,тиып тастау,қоймаса кесіп тастау сияқты жазалау түрі болмаған.Бұл бүгінгі жиі айтылатын сөз бостандығы кешегі қазақ даласында да сақталғандығын айқындап тұр. [Ә. Хайдар, Халық даналығы 240 бет]
8.Жақсы сөз - жарым ырыс. [1; 236 ]
Жақсы сөз - жарым ырыс. Адамға не туралы болса да жақсы - жағымды сөз айтып, оң пікірін білдіру - жартылай бақыт, зор қуаныш сыйлаумен барабар. [Ә. Хайдар, Халық даналығы 306 бет]
9.Тура биде туған жоқ. [1;242]
Тура биде туған жоқ,туғанды биде иман жоқ.ауыс.билер кешегі қазақ қауымында әділ қазылықтың символы(нышаны),ақиқат-шындықтың қорғаушысы саналды.Туыс-жақындыққа бұра тарту-тура би шешіміне жат қылық,ол туыс-жақынына бүйрегі бұрып,әділдіктен ауытқыған биді халық иманы жоқ туғанды би деп, қатал айыптап отырған.Мақал идеясы:қазылық айтатын билер(бүгінгі сот,прокурорлар) әрқашан да бұра тартары,бүйрек бұрары жоқ әділдіктің символы(нышаны,рәмізі) болып қалуы керек дегенді аңғартады. [Ә. Хайдар, Халық даналығы 503 бет]
10. Алтын,күміс тас екен,арпа,бидай ас екен. [1;247]
Алтын,күміс тас екен,арпа,бидай ас екен.ауысп. қымбат саналатын алтын да,күміс те,сайып келгенде,жеуге келмейтін асыл тас қана;ал,бағасы алтын-күмістен әлдеқайда төмен арпа мен бидай адам өмірін сақтайтын пайдалы ас-тамақ;демек,олардан бағасы жоғары,қымбат. [Ә. Хайдар, Халық даналығы 191 бет]
11. Өзен жағалағандардың өзегі талған жоқ. [1;247]
Өзен жағалағанның өзегі талмас.ауысп. өзен жағасы,әдетте,көкорай шалғын,сулы-нулы келіп,мал өсіруге де,егін егуге де қолайлы,жанға жайлы болып келетіні белгілі.Екіншіден, өзен бойы ең болмаса өлген балықтан кенде болмайды.Ашаршылыққа ұшырап,өзегі талған жұрт өзіне өлмес қоректі өзен бойынан таба білген.Мақал соны аңғартып тұр. [Ә. Хайдар, Халық даналығы 448 бет]
1.3 Кірме сөздердің шығармада қолданылуы
Кірме сөздер , яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер, әрбір тілдің лексикасында бар. Сөздік құрамына басқа тілден енбеген тіл жоқ деуге болады. Дүние жүзіндегі түрлі-түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір-бірімен қарым-қатынаста болады да, бір біріне сөз ауысады. Әрбір тілдегі басқа тілдегі сөздер санының аз я көптігі тарихи жағдайлармен байланысты.13;201
Кірме сөздер - тіл-тілдің лексикасын байытудың аса өнімді жолы. Халықтар мен олардың тілдері қарым-қатынасының айқын көрінісі; мемлекет пен мемлекет, халық пен халық арасындағы экономикалық саяси, мәдени байланыстардың нәтижесі. Осындай қарым-қатынастар арқылы бір тілден екінші тілге көптеген сөз ауысады. Бір тілдің сөздері екінші не үшінші , төртінші бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz