Жай сөйлемді оқыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру үрдісінің өзіндік ұлттық үрдісі орнығып, жаңа мазмұндағы оқыту жүйесі қалыптасуда. Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсаты көзделіп, әрбір ғылым саласында нақты өзгерістер енгізілуде. Мұндай түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын нақтылап, оны тың арнаға, жаңа сапаға қарай дамыту қажеттілігін міндеттейді. Ұстаздар үшін тың міндеттер: оқыту әдістемелерін саралап, ғылым табыстарын сын көзбен бағалау; оқушыларды болашақта жан-жақты дамыған, рухани жетілген жеке тұлға ретінде қалыптастыру және өз іс-әрекетін, кәсіби шеберлігін жаңаша қалыптастырып, жаңаша ұйымдастыруды жолға қою. Еліміздің дамыған елдермен қатар тұра алатын терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, олармен білімі мен ғылымы, мәдениеті мен технологиясы теңесуі үшін маңызды істер атқару - ел мүддесі алдындағы парыз. Сондықтан білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту бүгінгі күні білім беретін әдіскерлердің жаңа бағытта еңбектенуі мен іскерлігін талап етеді. Әсіресе, қазақ тілін оқыту барысында шығармашылық іс-әрекет пен пәрменді ойлауды дамытып, саналы деңгейге көтеру -күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тілін оқытуда баланың танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, бала жанына, жүрегіне жылылық ұялату мақсат етіледі. Осы тұрғыдан келгенде, бірінші, жай сөйлемді оқытудың жаңа жолдарын тәжірибеге кеңінен енгізу жақсы нәтиже береді. Екінші, білімді ізгілендіру технологиясын қолдана отырып, тілдің қатысымдық қызметін ескеру оқу жүйесін жақсартады. Осы айтылғандар тақырыптың өзектілігін дәлелдей түседі және ізгілендіру технологиясының зерттеу бағытын айқындайды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысымның мақсаты - тілге қатысты ғылыми-практикалық жаңалықтарға сүйене отырып жай сөйлем синтаксисін оқыту барысында тіл дамыту жұмысын жүргізудің мазмұнын, жолдарын, әдіс-тәсілдерін белгілеу.

Алдыма қойған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қажеттілігі ескерілді:

  • Жай сөйлем синтаксисінің лингвистикалық және әдістемелік

тұрғыдан зерттелуіне көшу;

  • Оқушылардың тіліне қойылатын талаптар мен жай сөйлем

синтаксисін оқыту барысында оқушылардың тілін дамытудың жолдары мен әдістерін қарастыру;

Курстық жұмыстың нысаны: Жұмысты жазу барысында Х. Арғынов, Н. Құрманова, С. Рахметқызы, О. Байқуатова, А. Жапбаров, Ш. Әуелбаев, Р. Әміров пен Ұ. Асылов т. б. зерттеу еңбектеріндегі ғылыми тұжырымдамалары мен ой-пікірлері пайдаланылды.

Курстық жұмыстың ғылымилығы: Жаңа технология негізінде қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері анықталып, ізгілендіру технологиясы арқылы жай сөйлемді оқытудың жолдары көрсетілді. Қазақ мектебінің оқушыларына жай сөйлемді жаңа технология арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі айқындалды.

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Жоғарыда белгіленген міндеттерді шешу үшін төмендегідей әдістер қолданылады:

  • Теориялық әдіс /зерттеу тақырыбымның психологиялық,

лингвистикалық, әдістемелік негізін анықтау мақсатында қажетті ғылыми-методикалық әдебиеттерге, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға талдау жасау;

  • Педагогикалық бақылау әдісі /оқу-тәрбие процесін қадағалау, сұрақ

жауап жүргізу, сабақтарға қатысып материал жинау

  • Тәжірибе-эксперименттік әдіс/дайындау және үйрету эксперименті/.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі

1. Синтаксисті оқыту негіздері

Оқушыларға қазақ тілінің белгілі бір саласынан (курсынан) жүйелі де терең білім беру үшін, алдымен тілдің сол саласы жайында бас-аяғы жинақталған қысқаша түсінік берудің мәні зор. Себебі тіліміздің белгілі бір саласы жайында түсінік беруге арналған мұндай кіріспе сабақта, біріншіден, оқушылар оқытылайын деп отырған курстың мақсаты мен мәнін саналы ұғады; екіншіден, алдағы уақытта осы курстан өтілетін оқу материалдарын білуге олардың ықыласы мен ынтасы артады. Міне, осыны ескергендіктен де, жай сөйлем синтаксисін оқытқанда, алдымен кіріспе сабақта синтаксис туралы жалпы түсінік беруді қажет деп санаймыз.

Синтаксис туралы жалпы мәліметті оқушыларға әңгіме әдісімен де, лекция арқылы да түсіндіруге болады. Қандай әдіспен түсіндірілсе де, мұғалім синтаксистің өзіндік ерекшелігін оқушыларға саналы білдіру үшін, оны тілдің өтілген басқа салалары фонетика, лексика, морфологиямен салыстыруды ұмытпағаны жөн. Ол бөлімдердің қарастыратын мәселелерін оқушылардың есіне қысқаша түрде түсіре отырып, синтаксистің нені зерттейтінін саралап айтып берсе, оқушылар жақсы меңгереді және тілдің басқа салаларынан синтаксистің айырмашылығын жете біледі. [1, 141-142 бет] .

Синтаксис жайында жалпы түсінік төмендегі көлемде және осы жүйеде берілгені жөн:

  1. Синтаксисдеген терминнің мәні.
  2. Синтаксис грамматиканың ең негізгі саласы екені.
  3. Синтаксис қарастыратын мәселелер.
  4. Қазақ тілі синтаксисін оқытудағы мақсат.
  5. Қазақ тілі синтаксисінің мәні.
  6. Қазақ тілі синтаксисі оқулығы мен жаттығулар жинағы жөнінде қысқаша

мәлімет.

  1. Қазақ тілі синтаксисін оқытқанда қолданылатын көрнекі құралдар.

Оқушыларға синтаксис жайында берілетін жалпы мәлімет төмендегі

мазмұнда баяндалғаны жөн.

«Синтаксис» деген термин грек тілінен алынған, қазақша құру, құрастыру немесе ретке келтіру деген мағынаны білдіреді.

Тіл ғылымында синтаксис грамматиканың ең негізгі саласы болып есептелінеді. Ол - сөздердің басын қосып, тіркес жасап, бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құруды, сол арқылы адам ойын білдіру жолын үйретеді. [11, 17-19бет] .

Қазақ тілі синтаксисі іштей үш салаға бөлінеді: сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі. Сөз тіркесі синтаксисі сөздердің тіркес жасайтынын, жай сөйлем синтаксисі, негізінен, сөйлем мүшелері мен жай сөйлемнің түрлерін және оқшау сөздерді зерттейді; ал құрмалас сөйлем синтаксисі құрмалас сөйлем түрлерін қарастырады.

Синтаксис жайындағы жалпы түсінікті оқушылар қандай дәрежеде ұққанын білу үшін, оқушыларға мына сұрауларды қоюға болады:

  1. Синтаксисдеген термин қай халықтың сөзі, қазақша қандай мағынаны

білдіреді?

  1. Синтаксис дегеніміз не?
  2. Синтаксис нені зерттейді?
  3. Морфология мен лексикадан синтаксистің қандай басты

айырмашылығы бар?

  1. Синтаксисті не үшін оқимыз, оның қандай пайдасы бар?
  2. Синтаксис өз ара нешеге бөлінеді, әр саласы нені зерттейді?

Егер оқушылар жоғарыда қойылған сұрауларға дұрыс жауап қайтара алса, онда олардың синтаксис жөніндегі жалпы түсінікті саналы меңгергендігі аңғарылады.

Егер оқушылар кейбір сұрауларға жауап қайтаруға қиналса, қайта түсіндіру қажет.

Осылайша, синтаксис жайындағы жалпы түсінікті оқушыларға саналы да берік меңгерте отырып, олардың қазақ тілі синтаксисі материалдарын ықыластана оқып, терең білулеріне жағдай тудырған жөн. [1, 7-11 бет] .

Оқушының өз ойын толық жеткізуіне, тілін дамытуға сөйлемді күрделендірудің бұл жолы көмек береді. Сөйлем мүшелерін сөйлемді қолдануға жаттықтыру арқылы сөздердің сөйлемдегі орнын, сөздердің бір-бірімен байланысын, ойға қатысты сөйлем мүшелерін қолдану дағдысын қалыптастыруға болады. Бұл ретте арнайы жаттығулардың пайдасы зор. Мысалы: Оқушы келді. Жақсы оқушы келді. Жақсы оқушы жаңа мектепке қазір келді. Екі тілдегі ортақ белгілер, ортақ заңдылықтар бұл мәселелерді оқытуда бірсыпыра жеңілдік туғызады. Қазақ тіліндегі сөйлемнің түрлері қазақ тілінің ерекшелігіне негізделе отырып оқытылады, бірақ жоғарыда айтылған ортақ белгілер де ескеріліп, қажет жерінде оларға сүйену де керек. Сөйлемнің түрлерімен байланысты да орыс тілі мен қазақ тілінің арасында бір сыпыра ортақ заңдылықтар бар:

  • сөйлемнің айтылуына қарай;
  • сөйлемнің тұлғасына қарай.

Сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын әдістер:

  • сөйлем моделін қолдану;
  • сөйлем моделін түсіндіретін кестелерді қолдану;
  • оқушыны модель бойынша сөйлем құрастыруға жаттықтыру;
  • сөйлем мүшелерімен байланысты жаттығулар қолдану;
  • тірек сөздер, сөз тіркестерді пайдалану;
  • мәтіндерді пайдалану;
  • мақал-мәтел, жаңылтпаш жаттау;
  • модель бойынша диалог құрастыру. [7, 178-179 бет] .

Жай сөйлемді оқыту

Біздің зерттеуіміз жай сөйлемнің түрлерін өтпей тұрып, алдымен жай сөйлем дегеннің не екені жайында оқушыларға арнайы білім берудің, оның қандай өзіндік белгілері барын түсіндірудің пайдасы мол екенін дәлелдеді. Сол себепті жай сөйлем жайында арнайы дерек берген жоқ. Ол үшін мұғалім арнайы тақтаға немесе көрнекі құралға мына тәрізді үш сөйлемді жазып, оқушыларға талдату керек: Түсіндім. Адал болу - әр адамға тән қасиет. Совет елінде социализм толық және түпкілікті жеңді.

Сонан кейін осы сөйлемдер ойды білдіруі мен құрамына қарай қандай сөйлем екенін, әр сөйлемнің неше сөзден жасалғанын, ол сөздердің қандай сұрауларға жауап болып, сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын, сөйлемнің қай мүшесі, қай сөзбен (сөйлем мүшесімен) және қалай байланысқанын оқушылардан сұрастырады. [18, 105-109 бет] .

Осындай сұраулар қойып сөйлемдерді талдату арқылы мұғалім, біріншіден, өтілген материалды жаңа материалмен байланыстырады; екіншіден, оқушылардың білімін жаңғартады; үшіншіден, жаңа білім, яғни, жай сөйлем жайында жалпы түсінік, беруге дайындық жасайды.

Бастауыш кластардан бастап білімі жақсы оқушылар ол сұрақтарға бөгетсіз жауап бере алады.

Жоғарыдағы мысалға келтірілген сөйлемдердің неліктен жай сөйлемдер деп аталатынын оқушыларға саналы білдіру үшін, мұғалім мынадай түсінік беруі керек.

  • Мысалға келтірілгенТүсіндім. Адал болу - әр адамға тән қасиет.

Совет елінде социализм толық және түпкілікті жеңді деген үш сөйлемде ой бір нәрсенің я біреудің бір әрекеті, күйі жайында ғана айтылған, сондықтан да олар жай ойды білдіріп тұр. Сол себепті бұларды жай сөйлем дейміз. [10, 150-159 бет] .

Жай сөйлем біркелкі заттардың бір әрекетін немесе бір заттың бірыңғай, бірнеше әрекетін, күйін, жайын білдіруі ықтимал. Мәселен, Жасасын бейбітшілік, еңбек, бостандық, теңдік, туысқандық және бақыт! десек, бұл сөйлемде ой бірнеше бірыңғай заттың бір әрекеті (жасауы) жайында айтылады. Бүгін күн біресе жылынды, біресе суыды десек, ой бір нәрсенің (күннің) бірыңғай әрекеті (жылу, суу) жайында ғана айтылады. мұндай жағдайда да сөйлем жай ойды білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, сөйлемде ой бірыңғай заттың бір әрекеті немесе бір заттың бірыңғай әрекеті жайында айтылса да, ол жай ой болып есептелінеді. Жай ғана ойды білдірген сөйлемді тіл ғылымы жай сөйлем деп атайды. Сондықтан да жай сөйлемнің жай ойды білдіруін оның бірінші белгісі дейміз. Сөйлем бір я бірнеше сөзден жасалынады да, құрамындағы сөздер сөйлем мүшесі болып саналады. Сондықтан жай сөйлем бір немесе бірнеше сөйлем мүшелерінен жасалады дейміз.

Сонымен, жай сөйлемнің бір я бірнеше сөйлем мүшелерінен жасалуы - оның екінші белгісі. Алайда жай сөйлемде сөйлем мүшесі болмайтын сөздер де кездеседі. [13, 128-129 бет] .

Жай сөйлемде дара, күрделі мүше де, әр түрлі және бірыңғай сөйлем мүшелері де кездеседі. Мұны оның үшінші өзіндік белгісі деп тануға болады.

Жай сөйлем тұрлаулы мүшелердің қатысына қарай, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атаулы сөйлем болып беске, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай, жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді. Бұл - жай сөйлемнің төртінші белгісі.

Осылайша жай сөйлем жайында нақты дерек беріп алғаннан кейін, онан берік дағдысы бөлу үшін, оқушыларға мына тәрізді жұмыстарды орындату тиімді: берілген текстегі жай сөйлемдерді табу және олардың неліктен жай сөйлем делінетінін дәлелдету; жеке сөздерден жай сөйлем құрату; бір ғана немесе бірнеше сөйлем мүшелері бар жай сөйлемдерді ойдан жазғызу; жай сөйлемнің құрылысын схемамен көрсету; берілген схема бойынша жай сөйлемдер құрастыру; бірыңғай жай сөйлемдермен мазмұндама, шығарма жаздыру; тыныс белгісі қойылмай берілген текстегі жай сөйлемдердің ара жігін ажырату, тиісті тыныс белгілерін қойып жазу.

Айта кететін бір жайт мынандай: сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лепті түрлері жай сөйлемге де, құрмалас сөйлемге де тән қасиет екені, сөйлем жайында түсінік берілгенде айылды. Сол себепті оларды тек қана жай сөйлемнің түрі деп тануға да, түсіндіруге де болмайды.

Алайда жай сөйлем де мағынасы мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, лепті болып келетінін айту, түсіндіру қажет. [1, 196-198 бет] .

1. 1. Жай сөйлемді ізгілендіру технологиясы арқылы оқыту әдістемесі

Жалпы жай сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесінде грамматикалық терминдерді енгізген - А. Байтұрсынов. Ғалым синтаксис мәселесін зерттей отырып, грамматикалық құрылымды жете білуге жол салды.

Сонымен бірге Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, М. Балақаев, Р. Әміров, Ж. Әмірованың жай сөйлем синтаксисіне байланысты еңбектері жай сөйлем синтаксисінің теориялық және практикалық маңыздылығын көрсетіп берді.

М. Жұмабаев педагогикалық оқулығында ізгілендіру идеясын былайша түсіндіреді: «Адамға қалай болса да, қашан болса да пайда келтіретіндей ой һәм іс ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу - адам жаратылысының өзінде бар нәрсе. Кімде-кім өзін, туыстарын, өз елін сүйсе, әсіресе бүткіл адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз. Адамның шын мағынасымен адам болу үшін, өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт» - деген. Демек, адамдар арасындағы сүйіспеншілігі, бір-біріне деген сезімі, пейілі, ынтасы олардың жақсы, ізгі қарым-қатынасы арқылы қалыптасады. Дұрыс қарым-қатынас барысында дұрыс сөйлеу қабілеті мен мәдениеті де дамып отырады. [16, 181-182 бет] .

Ш. А. Амонашвилидің «оқу процесінің барлық саласында әр баланың жеке басына құрметпен қарау керек» деген пікірі ізгілендіре оқытуда басты нысанға алынады. Әдіскер ғалым Ж. У. Кобдикова еңбегінде ізгілендіру мұғалім мен оқушы қарым-қатынасынан көрінетінін айта келіп, «оның негізгі міндеті - әрбір тұлғаның жеке өзіндік құндылығын, оның қалыптасып дамуға деген еркіндігін шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау», - деп ізгілендіре оқыту технологиясының маңыздылығын айқындайды. Осы мәселе төңірегінде ғалым З. Т. Сейілова «Білім беруді ізгілендіру - оқушының жеке бас ерекшелігі, оның рухани дүниесі, қабілет, бейімділігі, қызығушылығы. Ол оқушылардың мұғалім мен мектептің білім мен мәдениеттен алшақтауын жоюды көздейді», - дейді. Демек, қалай болғанда да соңғы жылдары ізгілендіру технологиясы - ұстаз-педагогтардың назарын ерекше аударып отырған мәселе. [21, 27-29 бет] .

Ізгілендіре оқытудың түпкі мақсаты - білім алу барысында оқушының, яғни жеке тұлғаның ерік-жігерімен өмір сүруге бейімдейтін кез келген жағдайлардан жол таба алатын, өз пікірін ұсына және қорғай алатын гуманист азамат қалыптастыру. Ізгілікті бағыт мектептің назарын баланың тұлға ретінде дамуына, оның ашылмаған қабілеттері мен жан-дүниесіне үңіле білуге аударады. Мектептің міндеті - осы ішкі мүмкіндіктер мен қабілеттерді оятып, өміршең ету.

Адами қарым-қатынастар оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерін белгілейтін маңызды фактор болып табылады. Сондықтан жаңа технологияның негізі саналатын ізгілендіру технологиясы мектептегі оқу үрдісін жетілдірудің басты көрсеткіші болып саналады. Балаға деген ізгілік қатынас мына мәселелерден көрінеді:

  • балаға деген ұстаздық сүйіспеншілік;
  • баланың болашағына сену;
  • баланың еңбегін бағалай білу;
  • баламен ынтымақты қарым-қатынаста болу;
  • балаға қысым көрсетуден аулақ болу;
  • баланың кемшілігіне шыдамдылық көрсету;
  • балаға жан-жақты білім беру;
  • баланы ұлттық негізде тәрбиелеу. [26, 181 бет] .

Ізгілендіру технологиясының басты бағыттары төмендегідей:
- оқыту кезінде сабақтағы басты тұлға оқушыға дербес тұлға ретінде

қарау;

  • балалардың оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін,

белсенділігін дамыту;

  • оқу-тәрбие жұмысын жүргізу үшін баланың табиғи талабын,

қабілетін дер кезінде айқындау;

  • баланың рухани дүниесіне көңіл бөлу;
  • оқушының пікіріне ортақтаса білу;
  • оның өзіне тән жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін дұрыс

қабылдау.

Демек, ізгілендіру технологиясы арқылы оқыту дегеніміз - жаңа

заманға бейімделген интеллектуалды және рухани бағытта өзін-өзі жетілдіре алатын білімді, білікті тұлға дайындау.

Жай сөйлемді оқытудың лингвистикалық негізін зерттеуге арналған әдебиеттерді қарастыруда тілші-әдіскерлердің және тіл білімі мамандарының (Ғ. Мұсабеков, І. Кеңесбаев, К. Аханов, А. Әбілқаев, С. Исаев, Р. Әміров, Т. Сайрамбаевтың, т. б. ) пікірлері мен көзқарастары басты рөл атқарады.

Жай сөйлем және оның түрлерін оқытудағы басты мақсаттардың бірі баланы сауатты сөйлеуге төселдіру, өз ойын жатық жеткізу қабілетін қалыптастыру, баланың бойында ізгі қасиеттердің дамуына септігін тигізу болып табылады. [3, 19-20 бет] .

Жай сөйлем және оның түрлері - басқа да грамматикалық категориялардан елеулі айырмашылығы бар күрделі синтаксистік бірлік. Біріншіден, сөйлем барлық бірліктерден коммуникативті қызметі жағынан ажыратылады. Екіншіден, өзіне тән құрылымдық үлгісі болады, ол - бастауыш, баяндауыштық құрылым. Үшіншіден, сөйлемге предикативтілік, интонация, модальділік қасиеттер тән. Бұл проблемалар тіл фактілері негізінде осы бөлімде баяндалады.

Жай сөйлемді ізгілендіру технологиясы арқылы оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлінді. Ойлау - бала өміріндегі ерекше құбылыс. Адамның ойы сөйлем түрінде айтылғанда ғана түсінікті болады. Жай сөйлем түрлеріне берілген жаттығу жұмыстарын орындау арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды. [25, 130 бет] .

Жай сөйлем синтаксисін 8-сынып оқушыларына меңгертудің педагогикалық негізінде К. Д. Ушинский, А. Макаренко, И. Н. Баженова, Р. М. Қоянбаев, Ж. Әбиев сияқты педагог ғалымдардың пікірлері талданды. Қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисін ізгілендіру технологиясы арқылы меңгерту әдістеме ғылымындағы дидактиканың ұстанымдарын басшылыққа алу арқылы өрістейді. Осы бөлімшеде педагогиканың дидактикалық ұстанымдары арқылы 8-сынып оқушыларына жай сөйлем, оның түрлерін меңгертудің негізгі ерекшеліктері анықталды, оның тиімділігі көрсетілді.

Жай сөйлем және оның түрлерін ізгілендіру технологиясы арқылы оқытуда ерекше орын алатын ұстаным - білімді өмірмен байланыстыру ұстанымы.

Күнделікті сабақтың мектеп оқушыларының айналасындағы өмірмен

тікелей байланыста өтуі оның өмірге қызығушылығын арттырып, сабаққа деген ынтасын туғызады және шабытын оятады. 8-сынып оқушыларына жай сөйлем және оның түрлерін меңертуде ұсынылған кешенді жұмыстардың материалдары өмірмен тікелей байланысып отырды. Оқушылардың таным-қабілетін жетілдіріп, олардың айналасына ізгілік қатынасын туғызатындай, балалардың бойындағы адамгершілік, имандылық, тазалық, төзімділік сияқты құндылықтардың қалыптасуына ықпал жасай алатындай кешенді жұмыстар жүйесі ұйымдастырылды. [14, 178-179 бет] .

Баланың жан-дүниесіне ізгілік, адамгершілік қасиеттерді дарыту баланың дүниетанымын кеңейтумен; өмірде болып жатқан құбылыстарды пайымдай білумен; алған білімін өмір шындығымен байланыстыра алумен; сөздің мағынасына, астарына үңіле білумен сабақтастырыла жүргізілді.

Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесінде қазақ тілі пәнінен оқушылардың дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сөйлеу тілін дамыту мақсатында жаттығулар мен тапсырмалар берілді. Сол арқылы оқушының қабілеті анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін арттыруға мүмкіндік туды. Жай сөйлемді оқытуға байланысты ұсынылған кешенді жұмыстардың өзіндік ерекшелігі бар: бірінші, жаттығулар мен тапсырмалардың белгілі бір жағдаят сипатында ұйымдастырылуы ескеріліп отырылды; екінші, жаттығулар мен тапсырмалар өтілген тақырыптарды қайталауға негізделіп жасалды; үшінші, ұсынылған кешенді жұмыстар жүйесі оқушылардың шығармашылық біліктерін дамытуға негізделді; төртінші, кешенді жұмыстардың логикалық жүйелілігі ескерілді; бесінші, кешенді жұмыстар жүйесінің ізгілік, имандылық, адамгершілік т. б. -қасиеттерді дамыта білуі қарастырылды. [2, 7-11 бет] .

ІІ. Жай сөйлемді оқыту әдістері

2. 1. Жай сөйлемнің түрлерін оқытудағы әдіс-тәсілдер

Жай сөйлемнің түрлерін өтпей тұрып, мұғалім алдымен жай сөйлем дегеннің не екені жайында, оның өзіндік қандай белгілері бар екендігін түсіндіру үшін, тақтаға құрамындағы сөз саны әр түрлі мынадай үш сөйлемді жазып қоюы керек:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары
Сабақтас құрмалас сөйлемді оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
Құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын тиімді әдістер
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Негізгі мектеп оқушыларының жай сөйлем синтаксисін модульдік оқыту технологиясы арқылы меңгеруі
Жай сөлем синтаксисін оқыту әдістемесі
Мектеп бағдарламасында жай сөйлем синтаксисі тақырыбының берілуі
Бастауыш мектепте сөйлемді ойын әдісімен оқыту жолдары
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz