Ахмет Байтұрсынов әдебиет әлемінде


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Қaзaқстaн Республикaсының Білім және ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

ФИО

Ахмет Байтұрсыновтың сөз өнеріне қосқан үлесі

(тaқырыбы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мaмaндығы 5В011700 - Қaзaқ тілі мен әдебиеті

Қостанай 2020

Кіріспе . . . 3-5

I тарау Ахмет Байтұрсынов әдебиет әлемінде

1. 1 А. Байтұрсыновтың шығармашылық ғұмырнамасы . . . 6-8

1. 2 Ахмет Байтұрсыновтың әфсаналары . . . 8-26

1. 3 Ахмет Байтұрсыновтың елеңбеген еңбектері . . . 26-36

II тарау Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» - қазақ әдебиеті теориясының негіздері

2. 1 Қара сөз бен дарынды сөз жүйесінің саралануы . . . 37-50

2. 2 Әдебиет танытқыштағы фольклордың салалары . . . 51-63

III. Қорытынды . . . 64-66

IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 67-70

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы тарихының өз іргетасы қаланып, Тәуелсіздік кезең тұрғысынан кеңінен зерттелуде.

Тәуелсіздік нәтижесінде еліміздің қоғамдық, рухани-мәдени өмірінде оң өзгерістер туып, тарихтың «ақтаңдақ» беттері қайта ашыла бастағаны белгілі. Әсіресе, қазақ әдебиетінің өшкені жанып, ұмытылған қайта жаңғырды. XX ғасырдың басындағы жаңа әдебиеттің, мәдениеттің іргетасын қалаушы А. Байтұрсынов сынды зиялы азаматтардың есімдері жаладан аршылып, мұралары халық игілігіне айналды.

Елбасымыз "Рухани жаңғыру" бағдарламасында: "Өткенді тану, тарихты терең пайымдап, оған әділ баға беру - үлкен парасаттылық пен жауапкершілікті талап етеді", -деп туған халқымыздың әдеби, мәдени, тарихи, рухани, ұлттық құндылықтарын бар болмыс-бітімімен қабылдау үшін оның шығу тегі мен тарихи даму сатыларын мұқият қарастыру үшін оның шығу тегі мен тарихи даму сатыларын мұқият қарастыру қажеттілігін атап өткен болатын.

Тәуелсіздік кезеңінде қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеттану ғылымының іргетасын қалаған ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, қазақ әліпбиінің реформаторы, түрколог Ахмет Байтұрсыновтың (1872-1938) шығармашылық зертханасы, әдебиеттанулық мұрасы сан алуан бағыттағы зерттеулердің нысанына айналынатыны күмән туғызбайды, себебі ғасыр саңлағының ғылыми-теориялық еңбегін бүгінгі күн талаптарына лайық әлемдік әдебиеттану ғылымының аясында жаңаша көзқарас пен заман талабына сай жан-жақты қарастырудың қажеттілігі мен маңыздылығы өте зор.

Тәуелсіздік кезең тұрғысынан алып қарастырғанда ғалымның ғылыми шығармашылық мұраларын іргелі еңбек ретінде зерттеу бүгінгі күн талабы екені анық. «Туған топырағымыздағы әдебиет теориясының басы» атанған тұлғаның шығармашылық ғұмырнамасын тереңдете зерттеуді қажет етеді.

Ғалымның сөз өнеріне қосқан жанрлық, поэтикалық, ғылыми тұрғыдан дәйектеу және онда қалыптасқан «тағылымдардың» ұлттық негізін ашу - Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеттануының даму бағытын айқындайды. Сондай-ақ, «сөз өнерінен» туған теория, тарих, сын бойынша зерделеу де уақыт талабынан туындған мәселе.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Тәуелсіздік кезеңінен бастап жүйелі қарастырылып келе жатқан тақырып болуының өзі зерттеудің ғылыми жаңалығын көрсетеді.

Туған жерді қорғау, сақтау, келер ұрпаққа аманаттау, ел бірлігі, ел ынтымағы идеясы бізге жеткен барлық әдеби мұралардың алтын арқауы осынау әдебиет үлгілерін қазіргі күнге дейін қазақ руханиятылық алтын ұстанымдарындай ұлт үшін, оның болашағы үшін қызмет етіп жатқан қайталанбас қазыналарының ретінде қабылдауымыз қажет.

Жұмыстың зерттелу деңгейі:

Жалпы «сөз өнері» мәселесін жан-жақты зерттеу ғалымдар назарында. Қазақ әдебиеттанудағы сөз өнерінің қалыптасу кезеңіндегі жалғастықты ашып көрсету үшін біз жүйелі зерттеу әдістерін басшылыққа алдық. Ұлт ұстазының мұрағаттық деректері, әдебиет әлеміндегі әфсаналары, тағылымы мол туындылары тағы да басқа толықтай жүйеленіп, зерттеу еңбектері барынша қамтылды. Атап айтқанда зерттеуші-ғалым А. Ісімақова, Т. Кәкішев, Д. Ысқақұлы, Ә. Дербісәлі, Р. Имаханбетовтардың еңбектерін зерттеуімізге өзек болды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы: Зерттеу нәтижелерін төл әдебиетіміздің тарихын жасауда, теориялық тіл байлығын дамытуда, жалпы осы салада ізденісі бар талапкерлер үшін филология факультетіндегі қазақ бөлімдері студенттері үшін курстар мен семинарлар жүргізуде пайдалануға болады.

Сөз өнері болашақта жас ұрпақты отансүйгіштікпен ерлікке тәрбиелейтін, білім мен тәлімнің қажетіне жарайтын мұра болып қалмақ.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:

Зерттеудің негізгі мақсаты - әдебиет теориясының қазақ әдебиеттануына қатысты жазылған зерттеулер мен айтылған пікірлерді саралай отырып, оның туу, даму, қалыптасу кезеңдерін анықтау, яғни ғылыми ой-дамуының тарихи жолын бүгінгі таңдағы жаңаша көзқараста зерттеу. Әдебиетші, көсемсөзші, тілтанушы, ақын-аудармашы, ағартушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың артында қалған мұраларын талдап, ғалымның сөз өнеріне қосқан үлесін бүгінгі тәуелсіздік кезеңі ғылымы тұрғысынан жаңаша пайымдау болып табылады. Қазақтың маңдайына біткен, бітім-болмысы бөлек феномен-тұлғаның қиялындағы ұшқыр армандарын іс жүзіне асырған тарихи құбылыс екенін, оны "Алаш көсемі" деп дәріптеген үзеңгілес рухани замандастарының таным-пайымы бойынша ғұламалар ғибратының өміршеңдігін таныту. Сол себепті осы жұмысты орындау барысында қаламгердің әдеби-көсемсөздік еңбектері жүйеленіп, олар мазмұнына қарай топтастырылды. Негізгі мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:

  • қазақ әдебиеттануындағы әдебиет теориясының өзіндік ерекшеліктерін айқындап, қайнар-көздерін табу, дәуірлеу мәселесін саралау;
  • «Әдебиет танытқышта» тұңғыш рет қазақ әдебиетінің теориясы, тарихы, сынына қатысты көрініс тапқан ғалымның көзқарастары мен негізгі қағидаларын анықтап, саралау;
  • қазақ әдебиеттануындағы әдебиет теориясының қалыптасуына әртүрлі дәрежеде еңбек еткен қазақ ғалымдарының сөз өнері дамуына қатысты айтқан ойлары мен жасаған тұжырымдарын салмақтау;
  • сөз өнерінің қазіргі қазақ әдебиеттануындағы тарихи орнын анықтап, мәні мен маңызын түсіндіру.

Диплом жұмысының дерек көзі: Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты еңбегі, Өмірхан Әбдиманұлының «Ахмет Байтұрсынов» атты жинағы, Алмас Әбсадықовтың «Ахмет Байтұрсыновның әдеби мұралары» атты еңбегі т. б.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: Диплом жұмысын орындау барысында шешілуге тиісті төмендегідей тұжырымдар ұсынылып отыр:

- Қазақ филологиясының әдебиеттану саласында А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты кітабы - мәнді. Атының өзі әйгілеп тұрғандай, әдебиет әлемін, көркем сөз табиғатын, сырын, мазмұнын, мәнін, өзгешеліктерін, ерекшеліктерін, жанрларын, дүниетаным мен қоғамдағы рөлін қыруар мысалдармен нақтылы, байсалды ғылыми түрде түсінуге, түсіндіруге жасалған алғашқы тәжірибе, тұңғыш зерттеу болуымен құнды.

- Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты кітабы әдебиет қисынына арналғанымен, онда қазақ фольклоры алғаш рет оқулық көлемінде зерттеліп, сипатталды.

Зерттеу әдістері: Диплом жұмысының зерттеу әдістеріне қалыптасқан бірқатар ілгерінді әдіс-тәсілдер алынды, яғни тарихи салыстармалы сипаттау, жинақтау.

Жұмыстың құрлымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Тарау

1. 1 А. Байтұрсыновтың шығармашылық ғұмырнамасы

1991 жылы елімізге қайта оралған тәуелсіздігіміз, ел егемендігі, осы арқылы туған әдебиетіміздің төріне қайта көтерілген Алаш мұрасы, Алаш қайраткерлерінің ұзақ жылдар бойы қапаста жатқан шығармаларының қайта жарық көруі қазақ руханиятының, қазақ әдебиетінің жаңаша серпіліп, жаңаша өркендеуіне оң әсергін тигізді[1, 3] .

Қазақ сөз өнерінің, тарихы бай мұрасының жан-жақты зерттелуі туралы тілге тиек еткенде біз үшін мән-маңызы жоғалмайтын, қайта уақыт өткен сайын қадірі арта түсер, қастерлі есімдерге айналатын ұлтымыздың аяулы ұлдары баршылық. Ғылым мен білімнің талаптану және ізденіске толы жолында еңбектерін басшылыққа алып, ғылыми ой-пікірлерін қолданып, ұстаздық бейнесін Темірқазықтай үлгі тұтып ұстанатын биік тұлғалар бар. Соның бірі, әрі бірегейі алаштың алыбы - Ахмет Байтұрсынов[2, 219] .

Бұл есімді білмейтіндер некен-саяқ. Қазақ ұлтының ана тіліне ғылыми жүйеде түрін салып, негізін қалаған, айдай әлемге танытқан Ахмет Байтұрсынов! Жиырмасыншы ғасыр басында ел мүддесі үшін күрескен тұлғаны замандастары «қазақ, халқының рухани көсемі», «ұлтымыздың ар-ожданы», - деп ұлықтап, есімін тура атамай, «қазақтың Ахаңы» деп дәріптеген болатын[3, 5] .

Ұлттың дауылда ығы болған, суықта шуағы болған, ыстықта көлеңкесі болған, қауіп-қатер төнгенде басын тіккен Ахмет Байтұрсынов өз заманында бір өзі бір академияның жүгін көтерді[4, 96] .

Қазақ мәдениетінің тарихында үлкен бір дәуірді алып жатқан алып тұлға, өзінің құдай берген талантын туған халқына деген сүйіспеншілікке суарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. Ол қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы.

Оның дүниеге келер тұсы патша ағзамның бұратана елдерді билеп төстеудің айла-шарғыларын емін-еркін іске жаратып жатқан кезі болатын. Қазақтың әлденеше ғасырға ұласқан хандық билік құрылымның быт-шыты шығып, "күштілерім сөз айтса, бас изеймін шыбындап" деп тұрған сәті еді. Ғалымның дүниеге келуі қалыптаса бастаған халықтық тұтастығының береке-билігінің сәні кетіп, ел-жұрты "балапан басымен, тұрымтай тұсымен" жүріп жатқан дәуір еді[5, 116] .

"Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы қырық-отыз жылы - қазақ өркениетінің ең бір қарқынды дамыған, гүлденген тұсы. Олай дейтініміз: ұлт мәдениеті, үлкен әдебиет, қазақтық ғылым, білім де - бәрі шын мәнінде осы кезде ірге көтере бастады. Қаз тұрып кетуіне, қалыптасуына Ахмет Байтұрсынов тікелей мұрындық болды. Сондықтан да осы қырық-отыз жылды қазақ өркениетінің "Байтұрсынов дәуірі", "Байтұрсынов ғасыры"[6, 45], - деп атаса да болады.

XX ғасырдың басында ұлт жұмысын арымен атқарған Ахмет Байтұрсыновтың артында қалған мол мұрасы - өз қазағына ғана емес, күллі түркі жұртына, тіпті бүкіл адамзатқа өнеге боларлық ұлы іс екенін бұл күні ұрпақтары мақтан етеді! Бүкіл қазақтық ғылымның көшбасшысы Ахмет Байтұрсыновтың әрбір ісін сараласақ: әліпби мен әліппені алсақ, Ахмет - ұлт жазуының реформаторы, ана тілді айтсақ, Ахмет - қазақ тіл білімінің атасы, әдебиет саласында, Ахмет - асыл сөздің алтын діңгегі, оқу-ағарту ісінде, Ахмет - ұлттық мектептің іргетасын қалаушы һәм халық ұстазы, тарих пен қазақ өркениетін қозғасақ, Ахмет - сол кезең өркениетінің дәуірі, болмыс пен бітімге келсек, Ахмет - ұлт мәдениетінің Хаңтәңірі, әдеп ісін айтсақ, Ахмет - халықтың ар-ожданы[7, 3] .

Бұл күні тәуелсіз мемлекет болып танылған Қазақстанның өткені, бүгіні, келешегі туралы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқан айшықтары аясында халқымыздың іргелі ел болып қалыптасуында ерең еңбек еткен тұлғалардың ардақты есімдері алтын әріптермен жазылып, Отан тарихынан өздерінің тиесілі орнын алуда. Жүз жылдықтар тоғысында тәуелсіз елінің тарапынан Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, реформатор-ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынов «Ана тілдің айбары» омырау медалі және «Ғасыр саңлағы» алқа белгісімен марапатталды. Ғалым есімі оралған 1988-ші жылдан, оның шығармалары қайта басылып, әрі тәуелсіздік кезеңнің ғалымдары танымдық алғы сөздер жазып келеді. Сондай-ақ, филолог, әдебиетші, тарихшылар, заңгерлер, журналистер, философтар, педагогтар т. б. мамандықтар бойынша оның шығармашылығы, ағартушылық, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлігіне қатысты 50-ге жуық кандидаттық, 20-дан аса докторлық диссертациялар қорғады. Әлбетте, бұл жазылған ғылыми зерттеулер біліктілігі жағынан өз салалары бойынша толық меңгерілген тақырыптар екені даусыз[3, 6] .

Осы ретте есімі естен кетпес сөз зергері Ахмет Байтұрсыновтың барлық ғұмыры осынау ұлағаттар ұстынын қалыптастыруға арналғанын, еңбегі жанып, ұлағатының бағына орай сол әлемдегі жарық жұлдыздардың біріне айналғанын атап айтуымыз шарт. Ол өзінің өзегі тың, өрімі әдемі, өрісі биік еңбектерінде сандық ұғымның сапалы жүйеге айналған інжу-маржандарын тілге тиек ете білді. Сөз өнерінің нысанасын дөп басып, дәл тануға алғашқылардың бірі болып құлаш сермеді[1, 5] .

Ахмет Байтұрсынов - XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани өмірінен айрықша орын алған тұғырлы тұлға. Бір басына сан түрлі салқар санаткерлік тоғысқан осынау ұлы азамат қазақ руханиятындағы теңдесі жоқ құбылыс десек, артық айтқандық емес. Оның кемеңгерлік болмысы мен қайраткерлік қасиетін танып-білу бірер жылдың ішінде біте қалар жеңіл іс емес. Оған тек ұзақ жылдарға созылған көшелі ізденістер нәтижесінде ғана қол жеткізуге болады.

Адам ғұмыры ғалам дамуының уақыт өлшемімен салыстырғанда тым қысқа, сәттік қана болып көрінгенімен, ол жасаған тіршілігінің мәні арқылы өз кезеңі ғана емес мәңгілікке жол тартар рухани мүмкіндіктерге ие.

Ғалым салған сара жолды бүгінгі күні сыншы-ғалымдар өресін өрбітіп, көлемін көбейтуде. Атап айтсақ Р. Сыздықова, З. Қабдолов, Ж. Ысмағұлов, Р. Нұрғали, Т. Кәкішұлы, Ө. Айтбаев, А. Ісмақова[8, 7] сынды көрнекті ғалымдар ақын мұрасын даңғыл жолға айналдырып, кеңейте түсуде.

Ахмет Байтұрсынов ілімі - әдебиеттануда төрге озды. Ғалым жинап қаттаған халық әдебиеті мен мәдениетінің мұралары - рухани қазынаға қосылды[4, 96] . Халқымыздың "рухани көсемі", "ұлт мәдениетінің Хантәңірі" атанып жүрген алып тұлғаны тереңірек таныған сайын ұлтымыздың рухы биіктеп, тарихи, ғылыми санамыз да өсе түспек. Сондықтан ғалымның әдеби-ғылыми мұрасын жан-жақты зерттеудің маңызы айрықша[9, 47] .

Осы орайда Ахмет Байтұрсыновтың әлеміне сапар шегіп, сусындап қайтар болсақ, алғашқы еңбектерінен бастап, рет-ретімен тізбектегеніміз жөн болар.

1. 2 Әдебиет әлеміндегі әфсаналары

Ұлт басылымы «Қазақтың» тұңғыш санын шығарғанда, осы газеттің бас редакторы А. Байтұрсынов: « . . . Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға, ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халқымыз оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілінен алыстап барады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан , әдебиет жұмысын қолға алып, өркендете түсуге уақытымыз жетті», - деп халықтың ұлтшылдық ұраның оятқан болатын . Осы айтқандарының үдесін бірінші болып Ахмет Байтұрсынов үлгі-өнеге, жол көрсетті. Оған айғақ - қаламынан шыққан: тәлімі мол «Қырық мысал» (1909, 1913) , маңызы мол «Маса» (1911, 1914, 1922) жинақтарымен фольклорлық мұрасы «Ер Сайын» (1923), «23жоқтау» (1926) [3, 185] .

Ғалымның шығармашылық ғұмырнамасы 1909 жылы «Қырық мысал» атты еңбегінен бастау алған болатын.

Мысал жанрын дамытушы. Әдебиеттанушы ғалымдар 1909 жылы шыққан Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» атты жинағын «қазақ мысал жанрының алтын діңгегі» деп таниды. Қазақ ақын жазушыларының мысал жанрында қалам тербеулеріне орыс мысалшысы И. Крылов шығармаларының әсері мол. Жинақ Петерборда 116 бетпен, 1913-ші жылы Орынборда 96 бет, кейін 1922-ші жылы Қазанда 96 бетпен жарық көрді.

Орыс-қазақ мектебінде дәріс алған А. Байтұрсынов орыс әдебиетімен жақсы таныс болған. Ол мысал жанрына көңіл бөліп, шағын көлемді өлеңдер арқылы маңызды ойлар айта білудің, оны астарлап сөйлетудің мүмкіншілігі зор екендігін терең түсінген. Және патша саясатының ұзын құрығынан құтылудың жолын әлеуметтік ортаға мысал-өлеңді тәржімалау арқылы насихаттауды мақсат еткен. Ақын 1922 ші жылы қайта басылым көрген туындысының мұқабасының ішкі бетіне: «Орысшадан қазақияға 1901-1904 жылдарды тәржімалаған Ахмет Байтұрсынов» деп жазады. Ақынның аудармашылық өнері жөнінде М. Әуезов: «Ойына сөзі дәл, тілге жайлы, көркем, халықтың керегіне, кемшілігіне ғана арналған өлеңдер Ахмет Байтұрсыновтікі. Ахмет өлеңдерін ақындық еркі билеп, қиял ермегі айдап шығармайды. Ойды оятуға, миды сергітуге, мұңлы, мұқтаж, терең мақсат түртіп шығарады. Біресе ызамен зекіп айтып, біресе зарланып, шермен айтып, біресе ақыл қылып, сипап айтып, не кылса, халықтың көзін ашпақ. Өлеңінде толғанған ой, толқыған шердің көп ізі бар, бірақ бұган қарап, қиялы шалқып, шарықтап кетпейді. Ылғи халықтың нәзіктенбеген сезімімен, жетілмеген ұғымымен есептесіп отырады. Ахметтің көзге түсерлік бір өнері - переводқа шеберлігі» деп, ақынның жазу тәсілінің мазмұндылық түрін айрықша атап көрсетеді.

Шындығында, ақынның мысалдары көлемі жағынан, сюжеттік дамуы барысынан басқа сөз зергерлерінің туындыларынан дараланып тұрады. Зерттеушілердің тұжырымына сүйенсек, мысал жанрындағы негізгі заңдылықтардың бірі: бұрыннан белгілі сарынның негізінде дүниеге келген мысал сол автордың шеберлігінің арқасында төл туынды болып кете беруі жиі кездесетін құбылыс. Оған дәлел - Эзоп, Федр, Лафонтен, Крылов мысалдарына арқау болған сюжеттік жүйенің барша әдебиетке ортақтығы.

А. Байтұрсынов мысалдарында халықаралық сюжеттік жүйенің мазмұны қазақ өміріне бейімделгенін, сол кездегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік сұранысына қажетті ой-толғамдармен толықтырылғандығымен дараланатыны туралы өз тұсындағы замандастары тарапынан танымдық мақалаларда жазылса, бүгінгі тәуелсіздік кезеңнің ғалымдары: Ш. Елеукенов, Ж. Ысмағұлов, С. Қирабаев, А. Ісімақова, С. Мақпыров, Ө. Әбдиманов, А. Әбсадықов т. б. зерттеулерінде ғылыми тұрғыдан талдап таратты.

Әдебиетші-ғалым Ш. Елеукенов ғылыми еңбегінде ақын Ахмет Байтұрсыновтың орыс мәдениетімен байланысын атап өтіп, оның Крыловтан аударған мысал-өлеңдеріне мынадай: «Көркем шығарма -ауқымы кең дүние. Мұндағы шындық алуан қырлы болады. Крылов заманы былай тұрсын, Байтұрсыновтың дәуренінен бері талай уақыт өтті. Сонда да олар жазған мысал дәл бүгінгідей естіледі. Әрине, бұрынғы мағынада емес, жаңғырған сапада. Сондықтан Крылов мысалдарын өзінің әсем киімдерімен, терең мағыналарымен, жеңіл де татымды тілімен жеткізе білген» деп сипаттама береді де, қазақы күйге енген бұл туындыларды «төлтума» деп қабылдау керектігін айтады[3, 186-188] .

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінде поэзия өзінің жетекшілік рөлінен айрылған жоқ. Бұған өлеңнің оқырман мен тыңдарман жүрегіне жылы ұялар қасиеті, ойдың ұшқырлығы мен жинақылығы себеп болса керек. Ел азаттығын армандаушы, білімге, "жарық күнге" үндеуші Ахмет Байтұрсынов өзінің алғашқы жүрекжарды туындыларында осынау тәсілді таңдап алуы - уақыт үніне сай болуды көздеуден туған шара. Бірақ көңіл аударар бір мәселе - Ахмет Байтұрсыновтың өзгелерден өзгерек өзіндік жол табуы. Бұл - оның тұңғыш жинағының түгелдей аудармалардан тұруы.

Мысалдап сөйлеу, ойын астарлап, бірдемеге меңзеп, тұспалдап айту - қазақтағы шешендік, ділмарлық өнердің ежелден келе жатқан кәдімгі тәсілі. Мысалдың да мысалы, түр-түрі бар. Ғалым кітабына арқау болған мысал жанры - қазақ үшін мүлдем бейтаныс әдеби жанр емес[10, 73] . Сол себепті де Ахмет Байтұрсынов ақын ретінде ең әуелі аударма арқылы танылады. Оның жұртшылыққа баспа жүзінде алдымен ұсынған еңбегі - И. А. Крыловтан аударылған «Қырық мысал» болатын.

Сол аудармаларды сөз қылғанда ойға оралатын бірінші сұрақ - Ахмет Байтұрсынов ақындық өнерін не себепті аудармадан бастады? Өзін болашақта белсенді әлеуметтік саяси қызметке, әдеби-ғылыми ізденістерге бағыштамақ ниетте жүргенде мысалға келіп жүгінуі қалай?

Бұлай дейтініміз - біздің көбіміздің көңілімізде мысал жанрына бір түрлі сезіктене қарайтын, оны шынайы көркем поэзиядан кемшіндеу көретін түйткіл тұратыны құпия емес.

Крыловты аудару арқылы ғалымның ойлаған мақсатына жете алғанын, атқан оғы нысанасына дәл тигенін біз білеміз. Оны кезінде М. Әуезов жеткізе айтқан болатын. "Қырық мысалды" ғалым "қалың қазақ жұртының алғашқы естіген, төңкеріс рухындағы сөзі" деп бағалаған.

Крыловты кезінде Абай да аударған. Байтұрсыновтағыдай көп емес, академиялық жинақта Абайға телініп жүргендері он екі мысал. Бірақ, Байтұрсынов аты атаусыз қалып, оның әдеби мұрасына тыйым салынған кезде, оқырман Крыловтың аудармашысы ретінде Абайды ғана білетін. Сондықтан болар, Абайдың кейбір басылымдарына ғалым аудармалары да кіріп кеткен кездері болған. Осының өзі-ақ тәржімашы Абай мен Ахмет жөнінде бізге көп нәрсені аңғартса керек[11, 105-106] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогика - бұқара халықтың өскелең ұрпаққа тәрбие беру
Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетте алатын орны
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны
Ұлттың ұлы ұстазы: А.Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал
Баспасөз және сын
Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы
Қазақ орыс ғалымдары – ахмет байтұрсынұлы туралы
Ахмет Байтұрсынов қоғам қайреткері
«Қазақ» газетінің шығу тарихы мен зерттелуі
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ поэзиясындағы ұлттық сипат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz